Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы



Кіріспе бөлім:
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы

Негізгі бөлім:
1. Жұлын
2. Лимбиялық жүйе

Қорытынды бөлім:
Үлкен ми сыңарлары қыртысының архитектоникасы
Орталық нерв (жүйке) жүйесінің афференттік және эфференттік жолдар арқылы бүкіл денемен және қол-аяқпен байланысатын бөлігі. Жұлында афференттік нейрондар я тікелей, я аралық нейрон арқылы эфференттік нейрондармен байланысады. Адамның жұлынында 13 млн-дай нейрон бар. Оның 3 пайызы мотонейрондар (қозғалыс нейрондары), 97 пайызы қондырма (аралық) нейрондар. Функциональдық тұрғыдан жұлын нейрондарын негізгі 4 топқа бөлуге болады.
1. Мотонейрондар – жұлынның алдыңғы мүйіздерінде орналасады. Олардың аксондары алдыңғы түбірді құрайды;
2. Интернейрондар – артқы мүйіздерде орналасады. Ақпаратты жұлын түйіндерінен (ганглилерден) алады. Олар ауырсындыру, температуралық, тактильдік, вибрациялық, проприорецептивтік тітіркендірулерге жауап береді (қабылдайды).
3. Симпатикалық, парасимпатикалық нейрондар – негізінен бүйір мүйіздерде орналасады. Бұлардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбір құрамында шығады.
4. Ассоциативті нейрондар – жұлынның өзіндегі ішкі байланыстарды (сегментішілік, сегментаралық) орнатады.
Жұлында толып жатқан өткізгіш жолдардың болуына байланысты негізгі 2 функциясы бар: 1. Рефлекторлық. 2. Өткізгіштік. Жұлын рефлекстерін жұлын бақасында алуға болады (сүрту, бүгілу, жазылу, т.б.).
Бұл рефлекстердің бір ерекшелігі олардың стереотиптігінде яғни нақты қайталанатындығында. Жұлынның қызметін жоғарыдағыдай 2-ге бөлу шартты түрде алынған нәрсе. Ми мен жұлынның байланысы бұзылған жағдайда жұлынның өткізгіштік функциясы орталық нерв жүйесінін рефлекторлық функциясының бір бөлігі ғана болып қалады.
1. Төленбек «Адам және жануарлар физиологиясы».
2. Дүйсенбин «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы».
3. Рақышев «Адам анатомиясы».

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім:
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы

Негізгі бөлім:
1. Жұлын
2. Лимбиялық жүйе

Қорытынды бөлім:
Үлкен ми сыңарлары қыртысының архитектоникасы
кіріспе
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы
ОНЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий
көпірі), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипотоламуд),
алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриаполлидарлық жүйесі және ми
сыңарларының қыртысы) жатады (1-сурет).

1-сурет. Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлімдері (сызбанұсқа)

1. Жұлын
Орталық нерв (жүйке) жүйесінің афференттік және эфференттік жолдар
арқылы бүкіл денемен және қол-аяқпен байланысатын бөлігі. Жұлында
афференттік нейрондар я тікелей, я аралық нейрон арқылы эфференттік
нейрондармен байланысады. Адамның жұлынында 13 млн-дай нейрон бар. Оның 3
пайызы мотонейрондар (қозғалыс нейрондары), 97 пайызы қондырма (аралық)
нейрондар. Функциональдық тұрғыдан жұлын нейрондарын негізгі 4 топқа бөлуге
болады.
1. Мотонейрондар – жұлынның алдыңғы мүйіздерінде орналасады. Олардың
аксондары алдыңғы түбірді құрайды;
2. Интернейрондар – артқы мүйіздерде орналасады. Ақпаратты жұлын
түйіндерінен (ганглилерден) алады. Олар ауырсындыру, температуралық,
тактильдік, вибрациялық, проприорецептивтік тітіркендірулерге жауап береді
(қабылдайды).
3. Симпатикалық, парасимпатикалық нейрондар – негізінен бүйір
мүйіздерде орналасады. Бұлардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбір құрамында
шығады.
4. Ассоциативті нейрондар – жұлынның өзіндегі ішкі байланыстарды
(сегментішілік, сегментаралық) орнатады.
Жұлында толып жатқан өткізгіш жолдардың болуына байланысты негізгі 2
функциясы бар: 1. Рефлекторлық. 2. Өткізгіштік. Жұлын рефлекстерін жұлын
бақасында алуға болады (сүрту, бүгілу, жазылу, т.б.).
Бұл рефлекстердің бір ерекшелігі олардың стереотиптігінде яғни нақты
қайталанатындығында. Жұлынның қызметін жоғарыдағыдай 2-ге бөлу шартты түрде
алынған нәрсе. Ми мен жұлынның байланысы бұзылған жағдайда жұлынның
өткізгіштік функциясы орталық нерв жүйесінін рефлекторлық функциясының бір
бөлігі ғана болып қалады.
XIX ғасырдың басында Белл мен Мажанди импульстер миға жұлынның артқы
түбірлері арқылы түсетінін, ал одан алдыңғы түбірлер арқылы шығатындығын
тапты. Алдыңғы түбірлердің құрамына көбінесе қозғағыш нейрондардың
аксондары кіреді (қаңқа бұлшықеттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері
жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізіне жатады. Алдыңғы мүйіздің төменгі
бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және жыныс мүшелеріне
баратын майда клеткалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел
омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына клеткалары сұр заттың орталық
бөлімінің сыртқы шетінде жататын эфференттік аксондарда кіреді. Артқы
түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып, омыртқааралық
түйін деп аталатын біраз жуандаған афференттік нейрондардың талшықтары
кіреді.
Түбірлердің функциясын кесу арқылы байқауға болады (Мюллер тәжірибесі).
Егер жұлын бақасының жұлынын VIII-Х – сегменттер тұсынан ашып, оның бір
жағынан артқы түбірлерді, 2-жағынан алдыңғы түбірлерді кесіп, артқы
аяқтарын кезек тітіркендірсе, түрліше жауап алады. Артқы түбірлері
сақталған аяқты тітіркендіргенде сол аяқтан басқа аяқтар қозғалады. Ал
алдыңғы түбірлері сақталған аяқты тітікендіргенде ешқандай жауап алынбайды.
Омыртқалардың эмбриональдіқ дамуының ерте кезеңінде сегментарлық айқын
көрінеді. Дененің әрбір сегменті (метамері), оған кіретін бұлшықет, тері
және ішкі мүшелерін қоса, жұлынның сәйкес сегментімен жабдықталады. Бірақ
дамудың одан арғы барысында мұндай сегментарлық біртіндеп бұзыла береді.
Жұлынның бір сегментінің өзі бір-бірінен алшақ жатқан бұлшықеттерді де
жабдықтай алады. Мәселен, диафрагма III, IV, V мойын сегменттерімегі
жабдықталады және осы сегменттер мойын мен иық ауданындағы бұлшықет пен
теріні де жабдықтайды.
Жұлынның көлденең кесіндісінен оның көпшілік бөлігін ақ зат жиынтығы
алып жатқаны көрінеді. Оны өткізгіш жалдар деп атайды. Импульсті миға қарай
өткізетіндерін жоғары кететін, ал импульсті кері бағытта алып жүретіндеріін
төмеи кететін жолдар деп атайды (2-сурет және 3-сурет).
Жоғары кететін жолдар: (2-сурет) 1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах
шоғыры кетеді. Олар арқылы терідегі, бұлшықеттегі, сіңірдегі рейепторлардан
импульстер өтеді. Бұлар жұлын түйіндеріндегі нейрондардың өсінділері болып
табылады.

1-сурет. Жұлынның ақ затындағы жоғары қарай бағытталған жолдардың
локализациясы:
1 – жіңішке шоғыр (Голлдікі); 2 – сына тәрізді шоғыр (Бурдахтікі); 3 –
дорсолатеральдық шоғыр; 4 – флексигтің дорсальдык жұлын-мишық шоғыры; 5 –
вентральдық жұлын-мишық шоғыры (Говерстікі); 6 – дорсальдық жұлын-
таламикалық шоғыр.
Талшықтардың кейбіреулері кысқа, сол жұлынның өзіндегі сегменттерде
аяқталады, ал кейбіреулері ұзын-сопақша миға дейін жетеді. Сопақша мидан 2
- нейрон басталып, көру төмпешіктеріне келгенде 3-нейрон басталады, оның
талшығы ми қыртысына жетеді. 2. Артқы мишық жолы (Флексиг шоғыры). Ол
жұлынның артқы мүйізінің негізінде жатқан клеткалардан басталады. Оның өзі
қозуды жұлын түйінінде жатқан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы
(Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексиг пен Говерстің шоғырына
импульстер бұлшықет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың
дорзальдық мүйізінен көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлын-таламикалық
жолдар. Бұл арқылы температура, ауру, тактильдік тітіркендіргіштердің
импульстары өтеді.
Төмен кететін жолдарға (3-сурет):
а) пирамидалық; б) рубро-жулын (Монаков шоғыры); в) вестибулярлық
шоғыр, т.б. жатады. (Суреттен қара).

3-сурет. Жұлынның төмен қарай бағытталған жолдарының локализациясы
1 – латеральдық қыртыс – жұлын жолы (пирамидалық жол); 2 – рубро-жұлын
(Монаков) жолы; 3 – дорсальдық вестибуло-жұлын жолы; 4 – оливо-жұлын
(Гельвег) жолы; 5 – ретикуло-жұлын жолы; 6 – вентральдық вестибуло-жұлын
жолы; 7 – текто-жұлын жолы; (төрт төбешік рефлекстерін іске асырады); 8 –
вентральдық қыртыс-жұлын (пирамидалық) жол.

Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғалыс аудандарынан шығып, ми
аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді.
Сопқша мидың төменгі бөлімінде пирамидалық жолдың көпшілік талшықтары
қиылысып, қарама-қарсы жаққа өтеді де, жұлынныц ақ затынан бүйір
бағандарында бүйір немесе қиылысқан нпирамидалық жолды құрады. Қалғандары
алдыңғы немесе тура пирамидалық жол құрып, жұлынның ақ затының алдыңғы
бағынанда орналады. Соңғылар жолдың ақында ғана жұлынның қарама-қарсы
жағына өтеді. Пирамидалық жол талшықтарының бір бөлегі қиылыспайды. Ол өз
жағындағы қозғағыш нейрондарға келіп бітеді. Қол бұлшықеттерінің қозғағыш
нерв клеткалары қиылыспаған талшықтарыды өте аз алады, олардың көпшілігі
аяқтың нейрондарына келеді, ал дененің басқа бөлімдерінің нейрондарына
келетін киылысқан және қиылыспаған талшықтар саны шамалас болады. Бір жарты
шар кыртысының қозғалыс ауданын бұзғап кезде, ең алдымен күштірек қолдың
қимылы, одан кейін аяқтыкі және азырақ дене қимылының бұзылу себебі де
мүмкін, осы жоғарыда айтқан пирамидалық жол талшықтарының түрліше
таралуынан болар деп те болжамдайды. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен
салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың
қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады – бұл, шамасы, қолдың ерекше
күрделі қимыл қызметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық
жол арқылы қозу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін
жоғалтады. Ал – жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы
аз-ақ бұзылады. Маймылда қозғалу алғашқыда бұзылғанмен, қейіи жарым-
жартылай қайта қалпына келеді.

4-сурет. Ми нервтерінің ядролары қоса көрсетілген сопақша ми мен ми
көпірі (Варолий көпірі) сызба нұсқасы
1 – көз қозғағыш нерв ядросы; 2 – блок нервінің ядросы; 3 – үш тарам
нервтің ортаңғы мидағы ядросы; 4 – үш тарам нервтің қозғағыш ядросы; 5 – үш
тарам негізгі ядросы; 6 - әкетуші нерв ядросы; 7-8 - вестибулярлық ядролар;
9 – кохлеарлық ядро; 10 – бет нервінің ядросы; 11 – тіл-жұтқыншақ және
кезеген нервтердің парасимпатикалық ядросы; 12 – олива; 13 – тіласты
нервінің ядросы; 15 – кезеген нервтің қозғағыш ядросы; 16 – қосымша нерв
ядросы; 17 – жіңішке шоғыр (Голл) ядросы мен сына тәрізді шоғыр (Бурдах)
ядросы.
Рубро-жұлын жолдары ортаңғы мидың қызыл ядроларынан басталады. Варолий
көпірінде олар бір-бірімен түйісіп, 2-жаққа өтеді (бұлшықет тонусын
реттеуге қатысады). Сопақша мидағы Дейторс ядросынан ветибулярлық шоғыр
кетеді. Оның талдағыштары түйіспей, сопақша ми және жұлын арқылы өтеді
(теңдік сақтауға қатысады), (4-сурет).
Егер бақаның жұлынын кесіп, мидан ажыратса, алғашқы кезде жұлын
рефлестері жоғалады. Олар тек біраздан соң ғана қалпына келеді. Мұндай
функцияның біраз уақыт байқалмай, басылып қалуын шок деп атайды. Басқа
шоттардан өзгеше жұлынды мидан бөлген уақыттағы жағдайды жұлын шогы деп
атайды. Шок кезінде бұлшықет босайды, қан тамырлары кеңейеді, жұлын
рефлекстері алынбайды, т.б. Шоктың ұзақтығы мен дәрежесі ми дамуының
сатыларымен байланысты. Егер басқа да шок бірнеше минуттан соң бітсе, ал
адамдарда, маймылдарда ол бірнеше сағат, күндерге созылады.

2. Лимбиялық жүйе
Лимбиялық жүйе (Limbus – латын, әдіп) үлкен ми сыңарларының
медлобазалық бөлігінде орналасқан нервтік жүйенің құрлымдары мен бағанын
көмкеріп (әріптеп орналасып) жатады. Әдебиеттерде бұл құрылымдарды әрқалай
атайды. Мәселен, линбика, висцеральдық ми, интероцивтік анализатор және
т.б. Бірақ барлық атауларға ортақ нәрсе – бәрі де лимбиялық жүйенің орталық
буындарына миндаль (бадам) тәрізді комплексті, гиппохампты және белдеуше
иекті кіргізеді.
Лимбиялық жүйе құрылымдарындағы байланыстардың функционалдық екі
тізбегін ажыратуға болады: бірі үлкен – Пейпец шеңбері: гиппокомп –
қосқыш (свод) – қалқа (перегородка) – мамилярлық денелер – таламустық
алдыңғы ядролары – белдеуше ирек – қыртыстың самай облысы – гиппокамп; ал
екіншісі - кіші (амигдаларлық комплекс – ақырғы жолақтар – гипоталамус).
Түрлі әдебиеттердегі әртүрлі пікірлерді жинақтап айтқан лимбиялық жүйе
құрамына кіретін құрылымдар организм әрекетінің аса күрделі формаларын
(қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау процестерін, ұйқыны және
ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді, т.б.) реттеуге қатысады да,
тұтас соматовегетативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Әрине, бұл күрделі қызметте жүйедегі барлық буындардың функциональдық рөлі
ылғи да, барлық процестерде де бірдей болмайтыны түсінікті. Мәселен,
К.Прибрам мен Л.Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады: 1.
Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр,
миндалинанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
Синапстың құрылымы және жіктелуі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы, негізгі мақсаттары
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Пәндер