Н. Макиавеллидің саяси және тарихи көзқарастары



КІРІСПЕ
1 Н. МАКИАВЕЛЛИДІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 ХҮ . ХҮІ ғғ. Италияның ішкі және сыртқы жағдайы
1.2 Н. Макиавеллидің өмірі және Италиядағы «Қайта өрлеу» дәуірі
2 НИККОЛО МАКИАВЕЛЛИДІҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Италиядағы мемлекеттердің дамуы және Н. Макиавеллидің мемлекет туралы теориясы
2.2 Билеушінің тұлғасы және оның негізгі қасиеттері
2.3 Н. Макиавелли және «макиавеллизм»
3 Н. МАКИАВЕЛЛИДІҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
3.1 Қайта өрлеу дәуірінің Макиавеллидің тарихи көзқарасының дамуына әсері
3. 2 Н. Макиавелли «Флоренция тарихы» жөнінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІ3ІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Никколо Макиавеллидің (1469-1527) тарихи және саяси көзқарас тұрғысындағы идеялары қазіргі таңдағы маңыздылығымен айқындалады. Біздің қазіргі ұстанымымыз еуразиялық бағытта болуда. Батыс пен Шығысты жалғастырушы аралық ретінде Қазақстан жалпы әлем тарихында маңызды орын алады. Қазақстан БҰҰ-ға және басқа да ұйымдарға мүше болған соң, тәуелсіз Қазақстан өзінің әлемдік тарихын халықаралық және мемлекетаралық байланысы жаһандану үрдісінде зерттеуді қажет етеді. Біздің өмірімізге енетін жаһандану жағымды-жағымсыз болуы, мәдени мүмкіндіктер мен тарихи дәстүрлер, логика мен конструктивті негізге көне бермейтін ұлттық дүниепайымдаулар мен дүниетанымдар сияқты факторлары санасуды қажет етеді [1, 12-22 б.].
Айталық, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2008 ақпан айында халыққа жолдауында еліміздің жағдайын жақсарту мақсатында жан-жақты саяси-экономикалық және әлеуметтік саланы көтеру тұрғысында бірқатар істерді жүзеге асыру шараларын көрсетті. Сонымен қатар республикамыз елу елдің қатарына кіру мақсатында «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарлама дайындау қажеттігіне басты назар аударды [2, 2 б.]. Аталмыш бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асыру үшін, алдымен дәл осы Еуропа тарихын, соның ішінде ХҮІ ғасырдың тарихи туындыларын жетік меңгеру мақсатында кешенді зерттеулер жүргізуіміз қажет.
Қайта өрлеу дәуірі Еуропа елдерінің мәдени және идеялық өмірінде аса зор прогрестік рөл атқарды. Әлемдік дәрежеде мәңгі құнын жоймайтын мәдениеттің озық үлгілері осы кезеңде жасалды. Дүние жүзі тарихында көрнекті рөл атқарған Қайта өрлеу дәуірінің ұлы тұлғаларының бірі Н. Макиавеллидің тарих ғылымына қосқан үлесі дерек көз ретінде қарастырылған. Негізгі мақсатымыз ХҮІ ғасырда өмір сүріп, артынан өшпес із қалдырған Н. Макиавеллидің қолжазба туындыларын жан-жақты зерттеп, өзімізге тиімді жақтарын мемлекетіміздің саяси ахуалы мен көп қырлы әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуда, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас қазақстандықтарды патриоттық, адамгершілік, ұлттық идеологияда тәрбиелеуде үлгі ретінде қарастыруға болады.
Макиавелли тұлғасы көп уақыт бойы ашылмай келген. Оны біреулер діндарлықтың үлгісі десе, екіншілері Отанына деген ұлы махаббаттың символы есебінде қарады. Макиавелли кезеңі тарихшылар үшін қиыншылықтар мен қайшылықтарға толы. "Патша" [Il Principe] атты еңбегінің бірінші бетінде халықты бірлік пен еркіндікке шақырса, екінші бетінде халықты алдау мен тирандыққа жету жолдарының амал-тәсілдерін пайымдайды. Оның еңбегіндегі дәл осы екі жақтылық көптеген оқырмандардың көкейіне күмән келтірді. Республикада көп жылдар бойы қызмет етіп, ақырында, Медичилер билігіне қандай да жолмен болса да қызметке кіруге тырысқан тұлғадан күмәндануға болмайды. Жалпы адамзат табиғаты мен тарихы қайшылықтарға толы. Сондықтан Н. Макиавеллидің туындылары объективті тұрғыда бағалануы тиіс.
1 Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 369 б.
2 Назарбаев Н. Президент жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2008 ж. 7 ақпан.
3 Антология мировой политической мысли. – М., 1997, -Т. I. – 830 с.
4 Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 269 б.
5 Макиавелли Н. Рассуждения на первую декаду Тита Ливия. Го-сударь // пер., вступ. ст. М.А. Юсима. – М., 2002. – 544 с.
6 Filter Е. Geschichte des europäischen Staatensystems von 1492 bis 1559. – München, 1919. – 290 S.
7 Michelet J. Histoire de France ou sistème siécle, v.7. La Renaissance, 1856. – 611р.
8 Буркхардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения / Пер с нем. С. Бриллианта. - Т. І-ІІ. – СПб., 1906.– 511c.
9 Kellenbenz H. Der Italienische Grosskaufmann und die Renaissanse. Vier-teljahrschrift für Sozial – und Wirtschaftsgeschichte. Bd. 45, H.2, 1958. – S. 11-98.
10 Фр. де Санктис. История итальянской литературы. Пер. с нем.- Т.1 – М., 1963. – 492с
11 Ясперс К. Смысл и назначение истории. Пер. с нем. – М., 1994. – 527с.
12 Visconti А. Storia di Milano. – 1952. – 277 p.
13 Эудженио Гарен. Проблемы Итальянского Возрождения. Избранные работы/Пер с итальянского. – М.: Прогресс, 1986. – 377 с.
14 Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм ХҮ-ХҮІІІ вв. - Т. 1-3. – М.: Прогресс, 1992.– 415с.
15 Дживелегов А.К. Макиавелли Н. Сочинения. Т. I. – М., 1983. – 432с.
16 Веселовский А.Н. Вилла Альберти. Новые материалы для характеристики литературного и общественного перелома в итальянской жизни XIV-XV столетий. Собр. соч., Т. III. – Спб., 1908. – 611с.
17 Корелин М.С. Очерки итальянского Возрождения. – М., 1896. – 202с.
18 Алексеев А.С. Макиавелли как политический мыслитель. – М., 1880. – 129с.
19 Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. – Л., 1976. – 312с.
20 Рутенбург В.И. Жизнь и творчество Макиавелли// Макьявелли Ник-коло. История Флоренции. Пер. Н.Я. Рыковой. Изд. 2-е. – М., 1987. – С. 352-390.
21 Рутенбург В.И. Очерки из истории раннего капитализма в Италии. Флорентийские компании XIY в. – М.-Л., 1951. – 211с.
22 Хлодовский P.O. Н. Макиавелли, секретаре флорентийской республи-ки, гуманисте, историке, авторе комедий, а также поэте трагическом// Макиавелли Н. Избранное. – М., 1999. – С. 5-79.
23 Брагина Л.М. Проблема власти в творчестве Франческо Гвиччардини //Культура Возрождения и власть. – М., 1999. – С. 55-67.
24 Де Санктис Ф. История итальянской литературы // Макиавелли Н. Государь. – М., 2003. – 624 с.
25 Мокульский С.С. Итальянская литература Возрождения и просвещения. – М., 1966. – 101с.
26 Андреев М.Л., Хлодовский Р.И. Итальянская литература зрелого и позднего Возрождения. – М., 1988. – 415 с.
27 Баткин Л.М. Европейский человек наедине с собой. – М., 2000. –
820с.
28 Виллари П.Н. Макиавелли и его время. – М., 1914. – 515 с.
29 Гуковский М.А. Итальянское Возрождение. – Л., 1990. – 619 с.
30 Степанов И.А. Ассимиляция идей Макиавелли и проявление макиа-веллизма в политологии США // Политические отношения: прогнозирование и планирование. – М., 1979. – С. 188-198.
31 Темнов Е.И. Макиавелли // Из истории политической и правовой мысли. – М., 1969. – С. 51-56.
32 Титаренко А.И. Мораль и политика // Очерки современных
представлений о соотношении морали и политики буржуазной социологии. – М., 1969. – С. 49-71.
33 Краснова И.А. Идея гражданского единства и власть во
Флоренции // Культура Возрождения и власть. – М., 1999. – С. 17.
34 Косминский Е.А. Историография средних веков.– М.: МГУ, 1963. – 429 с.
35 Баткин Л.М. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. – М., 1974. – 524 с.
36 Жумагулов К.Т. Об историко-политических взглядах И.Г. Гердера // Вестник КазГУ, серия историческая. Вып. 14. – Алматы, КазГУ, 1999 – С. 75-78
37 Мырзабекова Р.С. Еуропаның кейінгі орта ғасырлар тарихы. – А., «Қазақ университеті», 2007. – 150 б.
38 Мақашева Қ.Н. Халықаралық қатынастар тарихы (жаңа кезең). Оқулық. – Алматы, 2006. – 285 б.
39 Айдос Т.М. Солтүстікантлантикалық Одақ және Польша // Қазақстан және Еуразия континентінің елдері (тарих және даму перспективасы). Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары, Алматы 24-25 мамыр 2002ж. – Алматы, 2002. – 188-189 бб.
40 Тастанбеков М. Фрэнсис Бэконның тарихи көзқарастары. Т.ғ.к. кандидат. дисс. автореф. – Алматы, 2003. – 25 б.
41 Machiavelli N. Istorie Florentine / A cura di F. Gaéta. Milano, 1962 . (L. ІҮ, ІХ-ХІ) История Флоренции //Под ред. И.Я. Рыкова. – Л., 1973. – 440 с.
42 Жумагулов К.Т. Гуннский союз племен в Центральной Азии и Великое переселение народов на Евразийском континенте // Евразия на стыке веков: Материалы международного симпозиума. – Астана, 2002. – С. 190 – 202.
43 Макиавелли Н. Князь. Под ред. Дживелегова А. – М., 1934. – 650 с.
44 Макиавелли Н. Государь. – Москва-Харьков, 2003. – 656с.
45 Макиавелли Н. О военном искусстве /Пер. Г. Дельбрук. – М., 1939. – 224 с.
46 Переписка Мороне. Архив ЛОИИ (Ленинградское отделение института истории) западноевропейская секция, Ф. Л., 29/51, см. прил., док. 12.
47 Данте А. Малые произведения. – сост. Н.И. Голенищев - Кутузов. – М., 1968. – 651с.
48 Кампанелла Т. Город Солнца. Пер., и коммент. Ф.А. Петровского. Вступ. ст. В.П. Волгина. – М., 1954. – 288с.
49 Гвиччардини Ф. Сочинения. Пер. и прим. М.С. Фельдштейна. Вступ. ст., ред. А.К. Дживилегова. – М., 1934. – 547с.
50 Мор Т. Утопия. Пер. с лат. Ю.М. Каган. – М.: Наука, 1978. – 415с.
51 Роттердамский Э. Похвала глупости. Пер. с лат. П. Губера. – М., 1983. – 239с.
52 Гегель. Г. Политические произведения. Памятники философской мысли. – М., 1978. – 152 с.
53 Руссо Ж.-Ж. Трактаты. – М., 1969. – С. 115.
54 Болингброк Г. Письма об изучении и пользе истории / Пер. С.М. Берков-ской, А.Т. Парфенова, А.С. Розенцвига. Общ. ред. М.А. Барга. – М., Наука, 1978. – С. 359
55 Монтескье Ш. Избр. произведения. – М., 1955. – 227 с.
56 Брагина Л.М. Проблема власти в творчестве Франческо Гвиччардини //Культура Возрождения и власть.– М., 1999.– С. 55-67.
57 Спиноза Б. Избранные произведения, т. II. – М., 1957. – 313 с.
58 Petrarca Francesco. Opera. - V. 1-2. – Basilea, 1581. – 1933. – 219 p.
59 Леонардо да Винчи. Избранные произведения, т.1-2. – М.-Л., 1935. – 313с.
60 Garin E. L’ Eta’ nuova. Ricerche di storia della cultura dal ХІІ al ХҮІ secolo. –Napoli, 1969. – 252р.
61 Боккаччо Джованни. Декамерон. – М., 1989. – 750с.
62 Chapponi G. Storia della Repubblica di Firenze. Vol. I. – P. 479.
63 Жумагулов К.Т. Вопросы периодизации всемирной истории на современном этапе // Вестник КазГУ. Серия историческая. - Вып. № 4 (19), Алматы, КазГУ, 2000. – С. 3-8.
64 Канделоро Дж. История современной Италии. т. I. Пер. с итальян. – M., 1958. – с. 235.
65 Рутенбург В. И. О прогрессивности капиталистических отношений в Италии XIV - XV вв. // Средние века. - Вып. 6. – М., 1955. – с. 387- 410
66 Becker М. Problemadella finanza pubblica Fiorentina della seconda meta del Tresento e dei primi del Quattrocento. - Archivio Storico Italiano, disp, IV, 1965. –466 p.
67 Ролова А.Д. Экономическое положение трудящихся масс Флорен-ции во второй половине XVI в. и в начале XVII в. – Рига, ЛГУ им. П. Стучки, 1974. – 70с.
68 Воронова Т.П. Социально-экономические отношения и классовая борь-ба в Лионе в первой половине XVII в. // Средние века. - Вып. VI, 1955, с.255-257.
69 История Италии. Под ред. С.Д. Сказкина. - Т. I. – М., 1970. – 574с.
70 Горфункель А.Х. Гуманизм и натурфилософия итльянского Возрождения. – М., 1977. – 423с.
71 Рутенбург В.И. Италия и Европа накануне нового времени.– Л., 1974. – 323с.
72 Storia di Milano, ed. Treccani, t. VIII. Milano, 1967; с Cippola, I Movimenti economici generale (1350 - 1500). – 348 p.
73 Ролова А.Д. Роль патриархальных монархий в период политической республики во Флоренции. (1527 - 1530). – М., 1989. – 411с.
74 Брагина Л. М. Общинное землевладение в северо-восточной Италии XIII - XIV вв. // Средние века. - Вып. XII. – М, 1958. – С. 87-98.
75 Серени Э. Развитие капитализма в итальянской деревне. – М, 1951.– 184с.
76 Сказкин С. Д. Исторические условия восстания Дольчино. - "Доклады советской делегации на X Международном конгрессе историков в Риме". – М., АН СССР, 1955. – 59с.
77 Verri P. Storia di Milano. – Firenze, 1851. – 211р.
78 Gilbert F. Bernardo Rucellai e gli Orti Oricelari. Studio sull'origine del pensiero politico moderno. In: Niccolo Machiavelli e la vita culturale del suo tempo. 2 ed. – Bologna, 1969. –29 p.
79 Balbo С. Sommario dellad'Italia dalle origini rino a nostre tempi. – Firenze, 1859. – 512р.
80 Sarazo G. Papa Alessandro VI e la discesa di Carlo VIII re di Francia in Ital-ia, in: II tempe di Alessandro VI pfpf e di fra G. Savonarola. – Milano, 1960. – 272р.
81 Catalano F. La crisi italiana alia rine del secolo XV. Belfagor, 1956, n. 4. 420 sgg. 2. Ibid., p. 423-424.
82 Silva P. Intarno all' industria e al commersio della Bana in Pisa. – Storia dell economia italiana, a cura di CM. Cipdea. Torino, 1959, p. 123-162. E. Fiami, San Gimidnano. – Firenze, 1961. – p. 170-192.
83 L'invasioni Francesi, le guerre d'ltalia (V.C. Sa briggio. Le politiche malattie della republica di Genova e logo medicine. – Amberga, 1676. –951 p.
84 Орта ғасырлар тарихы. С.Д. Сказкина. Ауд. Б. Исабеков. – Алматы, «Мек-теп», 1979. – 376 б.
85 Italiska Renesance. – Praha, 1965. – 192р.
86 Макиавелли Н. «Патша». Кіріспе мақаласын жазған С.Ф. Ударцев. – Алма-ты, 2003. – 235 б.
87 Макиавелли Н. Мандагора. Пер. с итал. – М. -Л., 1958. – 40 c.
88 Макиавелли Н. Избранные сочинения //Сост. Хлодовский Р., ком-мент. Андреева М., вступ. Ст. Долгова К. М. – М., 1982. – 503с.
89 Дживелегов А.К. Начало итальянского Возрождения. 2-е изд. – М., 1924. – 291с.
90 Кечекьян С.Ф. Политические взгляды Макиавелли // История полити-ческих учений. Под ред. С.Ф. Кекечьян и Г.И. Федькина. – М., 1955. – С. 163-168.
91 Gilbert F. Machiavelli and Guicciardini. Politics and History in
Sixteenth-Century Florence. 2 ed. – New Jersy, 1966. – p. 156-171.
92 Ударцев С.Ф. Макиавелли (Из истории политической и правовой мысли) // Фемида. – Алматы, 1996. № 11. – С. 40-45.
93 История политических и правовых учений //Средние века и возрождение. –М, 1986. – 311 с.
94 СataIanо F. Medioevo e Rinascimento. Stato e sosieta nei secoli, vol. I. L'eta medioevale. – Messina - Firenze, 1967. – p. 614 - 615.
95 Горфункель А.Х. Философия эпохи Bозрождения. – М., 1980. – 191 с.
96 Брагина Л.М. Гуманизм и церковно-реформационная идеология во Флоренции в конце XY в. // Культура эпохи Возрождения и Реформация. – Л., 1981. – С. 50-51.
97 Де Санктис Ф. Макиавелли // Макиавелли Н. Государь. – М., 2003. – 554 с.
98 Ревякина Н.В. Проблемы человека в итальянском гуманизме
2- пол. XIY-XY вв. – М., 1977. – 289 с.
99 Чанышев А.А. История политических учений. Классическая западная традиция (античность-первая четверть XIX в.). – М., 2001. – С. 207-225.
100 Sapori A. Leizoni di Storia economica. Problema discussioni. – Milano, 1960. – 229р.
101 Джумадуллаева А.Н. Н. Макиавеллидің мемлекет туралы теориясы // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы, 2008. № 3 (50). – 132-136 бб.
102 Мамут Л. Новая наука о политике. Н. Макиавелли // История политических и правовых учений / Под ред. В.С. Нерсесянц. – М., 1995. – С. 164-170.
103 Storia di Milano. T.X. L'eta della riforma cattolica (1559-1630). – Milano, 1957. – 190 p.
104 Краснова И. А. Флорентийские пополаны XY В. И католическое правоверие //Возрождение: общественная мысль, философия, наука. – Иваново, 1988. – С. 111-136
105 Сказкин С.Д. Проблемы абсолютизма в Западной Европе // Сказкин С.Д. Избранные труды по истории. – М., «Наука», 1973. – С. 341-356.
106 Зорькин В.Д. Политико-правовое учение Макиавелли // История полити-ческих и правовых учений / Под ред. В.С. Нерсесянц. – М., 1983. – С. 139-147.
107 Политическая мысль средневековья и эпохи Возрождения. – М., 1993. – 132 с.
108 Лейст О.Э. Учение Н. Макиавелли о государстве и политике // История политических и правовых учений / Под ред. О.Э. Лейста. – М., 1997. – С. 129-139.
109 Джумадуллаева А.Н. Макиавелли және Гвиччардини // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы, 2008. № 2 (2). – 146-149 бб.
110 Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. Изд. 2-е, доп. – СПб., – С. 7-26.
111 Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Никколо Макиавелли. – М., 1977. – 292 с.
112 Gramsci A. II Risogimento. Opere, v. 4. Torino, Einaudi, 1954. – 181 р.
113 N. Badaloni. Natura e societa in Machiavelli. Studi storici, 1969, № 4 (pp. 676 - 708).
114 Вайнштейн 0.Л. История советской медиевистики. 1917-1966. – М., 1968. – 423 с.
115 Гуревич А.Я., Харитонович Д.Э. История средних веков. – М., Интерпракс, 1995. – 334 с.
116 Маццини Дж. Эстетика и критика. – М., 1976. – С. 372 - 375.
117 Сказкин С.Д. К вопросу о методологии истории Возрождения
и гуммманизма // Сказкин С.Д. Избранные труды по истории. – М., «Наука», 1973. – С. 357-377.
118 Графский В.П. Никколо Макиавелли // Политические учения: история и современность. – М., 1976. – С. 230-261.
119 Бортник Н.А. Арнольд Брешианский- борец против католической церкви. – М., 1956. – 92 с.
120 Жиль К. Никколо Макиавелли. – М.: Молодая гвардия, 2005. – 130с.
121 Юсим М.А. Макиавелли: карьера чиновника и судьба мыслителя // Новая и новейшая история. – 2006. № 5. – С. 226-229
122 Гуковский М.А. Итальянское Возрождение. - Т. 1. – Л., 1947. – 618с.
123 Юсим М.А. Этика Макиавелли. – М., 1990. –133с.
124 Эльфонд И.Я. Макиавелли, макиавеллизм и антимакиавеллизм во Франции второй половины ХVI в. – М., 2006. – 200с.
125 Долгов К. Н. Гуманизм, возрождение и политическая философия Никколо акиавелли. – М.: Логос, 2002. – 180с.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 160 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Никколо Макиавеллидің (1469-1527)
тарихи және саяси көзқарас тұрғысындағы идеялары қазіргі таңдағы
маңыздылығымен айқындалады. Біздің қазіргі ұстанымымыз еуразиялық бағытта
болуда. Батыс пен Шығысты жалғастырушы аралық ретінде Қазақстан жалпы әлем
тарихында маңызды орын алады. Қазақстан БҰҰ-ға және басқа да ұйымдарға мүше
болған соң, тәуелсіз Қазақстан өзінің әлемдік тарихын халықаралық және
мемлекетаралық байланысы жаһандану үрдісінде зерттеуді қажет етеді. Біздің
өмірімізге енетін жаһандану жағымды-жағымсыз болуы, мәдени мүмкіндіктер мен
тарихи дәстүрлер, логика мен конструктивті негізге көне бермейтін ұлттық
дүниепайымдаулар мен дүниетанымдар сияқты факторлары санасуды қажет етеді
[1, 12-22 б.].
Айталық, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2008 ақпан айында халыққа
жолдауында еліміздің жағдайын жақсарту мақсатында жан-жақты саяси-
экономикалық және әлеуметтік саланы көтеру тұрғысында бірқатар істерді
жүзеге асыру шараларын көрсетті. Сонымен қатар республикамыз елу елдің
қатарына кіру мақсатында Еуропаға жол атты арнайы бағдарлама дайындау
қажеттігіне басты назар аударды [2, 2 б.]. Аталмыш бағдарламаны іс
жүзінде жүзеге асыру үшін, алдымен дәл осы Еуропа тарихын, соның ішінде ХҮІ
ғасырдың тарихи туындыларын жетік меңгеру мақсатында кешенді зерттеулер
жүргізуіміз қажет.
Қайта өрлеу дәуірі Еуропа елдерінің мәдени және идеялық өмірінде аса
зор прогрестік рөл атқарды. Әлемдік дәрежеде мәңгі құнын жоймайтын
мәдениеттің озық үлгілері осы кезеңде жасалды. Дүние жүзі тарихында
көрнекті рөл атқарған Қайта өрлеу дәуірінің ұлы тұлғаларының бірі Н.
Макиавеллидің тарих ғылымына қосқан үлесі дерек көз ретінде қарастырылған.
Негізгі мақсатымыз ХҮІ ғасырда өмір сүріп, артынан өшпес із қалдырған Н.
Макиавеллидің қолжазба туындыларын жан-жақты зерттеп, өзімізге тиімді
жақтарын мемлекетіміздің саяси ахуалы мен көп қырлы әлеуметтік-экономикалық
жағдайын дамытуда, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас қазақстандықтарды
патриоттық, адамгершілік, ұлттық идеологияда тәрбиелеуде үлгі ретінде
қарастыруға болады.
Макиавелли тұлғасы көп уақыт бойы ашылмай келген. Оны біреулер
діндарлықтың үлгісі десе, екіншілері Отанына деген ұлы махаббаттың символы
есебінде қарады. Макиавелли кезеңі тарихшылар үшін қиыншылықтар мен
қайшылықтарға толы. "Патша" [Il Principe] атты еңбегінің бірінші бетінде
халықты бірлік пен еркіндікке шақырса, екінші бетінде халықты алдау мен
тирандыққа жету жолдарының амал-тәсілдерін пайымдайды. Оның еңбегіндегі дәл
осы екі жақтылық көптеген оқырмандардың көкейіне күмән келтірді.
Республикада көп жылдар бойы қызмет етіп, ақырында, Медичилер билігіне
қандай да жолмен болса да қызметке кіруге тырысқан тұлғадан күмәндануға
болмайды. Жалпы адамзат табиғаты мен тарихы қайшылықтарға толы. Сондықтан
Н. Макиавеллидің туындылары объективті тұрғыда бағалануы тиіс.
Макиавеллиге Италияда бірлік пен Отанының тәуелсіздігін алу туралы
ойларын дәлелдеу жеткілікті көрінген еді. "Патша" және т.б. еңбектерінде
адамның адалдықты және әділетсіздікті, республикашылдығы мен екіжүзділігі
туралы мәселелер қарастырады. Ілімнің ғылыми негізділігі мен деректік
дәлдігін, ғылыми жаңалығын қарау маңызды мәселеге айналды., Макиавелли
сияқты өз қоғамына соншалықты берілген және өз шығармаларында көрініс
тапқан ойшыл үшін орта ғасырлық кезеңді зерттеу үлкен қажеттіліктен
туындайды.
Қоғамдық дамудың қазіргі XXI ғ. кезеңінде тарихи үрдістің әлеуметтік-
экономикалық және саяси зандылықтарының қоғамдық идеяларды зерттеу
қажеттігі одан әрі артып келеді. Макиавеллидің жаңа еуропалық ғылымдағы
саясаты туралы ойлары, мемлекеттілігі өзінен кейінгілерге арқау болды.
Қайта өрлеу дәуірінің тарихи негізі теориялық саясаттылығы гуманистердің
шығармаларын бағалауға мүмкіндік береді [3,10 б.]. Саяси ойлардың
проблемасын гуманистер қозғады. Бұл мәселе христиандық универсализм және
қалалық регионализмнің күресі туралы ортағасырлық идеялардан жаңа әлемдік,
жаңа мемлекеттік табиғи-тарихи қалыптасуы туралы және еркіндіктің тек
ренессанстық индивидке ғана емес, мемлекетке де берілуі талап етіледі.
Мемлекет құрылысы — ұлттың өзіндік санасымен үлкен, көп жыл бойы күрделі
қалыптасуы, ал тәуелсіздік әлемдік тарихындағы субъект ретіндегі құқы бар
халық болмысының түрі [4, 128б.]. Сонымен қатар ХІҮ—ХҮ ғғ. мемлекет формасы
мәселесі гуманистердің саяси дауларына әкелді. Олардың талаптары нақты
тарихи жағдаймен туындады: республикалық еркіндіктің жаншылуы және
олигархиялық, автократиялық тәртіптің орнауы, Флоренция республикасының
папалық тәжірибеге сүйенген солтүстік Италиядағы мемлекеттердің
қақтығыстарының зандылықтарымен шексіз монархия туралы тұжырымдары пайда
болды. "Идеалды" мемлекет құру мәселесін талдау барысында ежелгі Грекияда
дамыған ойшылдардың саяси философиясын гуманистер тобы субъективті түрдегі
мемлекет түрлерін теоретикалық көптүрлілігі туралы ілімін объективті негіз
етіп алған. Қайта өркендеу дәуірі үшін Римді абстрактілі идеалдан логикалық
жүйесіне көшуде өз мемлекеті туралы "алтын ғасыр" орнатуды қалыптастыруға
тырысуы, Флоренция синьориялары үшін екі модель де тәжірибеден өткен аралас
билікті идеалды деп санайтын ойлары, Макиавеллидің саясатты жеке ғылымға
айналдыруына жол ашты.
Қазіргі уақыттағы модернизация екі мақсатты қарастырады: азаматтық
қоғам және мемлекет тәуелсізідігінің жалпы ұлттық институттарын дамыту.
Құқықтық мәдениет болмаған жерде азаматтар жеке тұлғаға бағыныштылықта
болады. Макиавелли жеке тұлғаны жан-жақты сипаттап берді: Тұлға арыстандай
батыл және түлкідей қу болуы қажет. Ал ол мақсатын іске асыруда барлық
жолдарды қолдануға болады,- деген пікірі кейін "макиавеллизм" деген
түсінік қалыптастырды. [5,10 б.].
Ендігі жерде Қайта өрлеу терминіне тоқталатын болсақ. Қайта өрлеу
ұғымы генетикалық жағынан этикалық ұғым - жаңару (renovatio renascensa).
Қайта өрлеу немесе Қайта өркендеу терминінің шығу тегіне тоқталатын болсақ
,алғаш итальян тіліндегі Rіnascimento термині, французша renaissance
деп аталып, ХҮІ ғ. латын тілінен renovatio - жаңару дегеннен шығып
rinascenza, rinascita - қайта өркендеу дегенді білдірген.
Саналы қоғам құру мақсатында және Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік
ерекшелігі: ғылым, білімнің дамуына байланысты ағартушылыққа
көп көңіл бөлінуде.
Қайта өрлеу дәуірі термині бірінші рет ХҮІ ғасырдың орта кезіндегі
итальян суретшісі және өнер зерттеушісі Уазаридің еңбектерінде кездесіп,
кейіннен ғылыми әдебиетте берік орын алды. Қайта өрлеу дәуірінің
философиясы идеяларын сол дәуірдің экономикалық және саяси әлеуметтік
жағдайларына, феодализмнің дағдарысы мен капитализмнің туа бастауына
байланысты түсіндіріледі.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің прогресшіл, гуманистік мән-мазмұны
көне заман драматургиясының театр архитектурасымен драма
теориясының зор ықпалымен өзінің жарқын көрінісін тапты. Бірқатар елдердің
топ драматургиясы қалыптасты. Сахна өнерінде алып тұлғалардың жан дүниесіне
ден қою басым болды. Актер өнері өз дәуіріндегі ұлы драматургтардың
этикалық түсінігіне сәйкес кең құлашты эпикалық қуатымен ерекшеленеді. Жаңа
театр эстетикасы орындаушылар алдында драматургтың түрлі ойына терең бойлай
отырып, көп қырлы, аса күрделі сипаттар жасау талабын қойды. Театр өнері
реализм шынайы өмір қайшылығын бейнелеу, халық өнерінің дәстүрін дамыту
трагедиялық пен шендестіру секілді мәселелермен сипатталды. Қайта өрлеу
дәуірінде театр кәсібилікке бет бұрып, драматургиямен актерлік өнер
теориясы жасалды: алғашқы театр ғимараттары тұрғызылды. Әсіресе театр өнері
Италия, Испания және Англияда өрледі.
Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының қоғамның рухани дамуына көп көңіл
бөлгендігін көреміз. Ғылым, білімді дамыту арқылы елді білімділік,
саналылыққа шақырып, әділ, бейбіт, тұрақты қоғам құруға тырысқандығын
білеміз. Әсіресе, ағартушылық жұмыстардың маңызы зор болған.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі өте
зор: ғылым, білім, өнердің дамуы оның кең мағынада басқа да елдерге таралуы
осының нәтижесінде қалыптасқан рухани мұралар бүгінгі таңда баға жетпес
мұра болып саналады. Тақырыпты қарастыру барысында Қайта өрлеу дәуірінің
жан-жақты дамығанына қарамастан ортақ тарихи жағдай орнының ерекше
екендігін көреміз. Әдебиетте, суретте, өлеңде, мүсінде, театрда тек
қоғамдық өмірге негізделіп, көптеген қырларын ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде, жаһандану және халықаралық интеграция уақытында
Макиавеллидің идеялары саясат үшін ғана өзекті емес, іскерлік үшін де
пайдалы екені дәлелденуде. Тарихтан белгілі Макиавеллише басқару қазіргі
корпорацияларға қолайлы, әсіресе мәдениеті төмен және ішкі нормалары
қалыптаспаған жерде бұл өте тиімді болатындай.
Американдық және ресейлік кеңесшілер Макиавелли бойынша бизнес
немесе Макиавелли бойынша менеджмент деп мастер-класс өткізулері тегін
емес. Мысалы, Корнель университетінің профессоры Артур Ковер (Arthur
J.Kover) осындай пәнді жүргізе отырып, өзінің қағидаларын жасаған.
Макиавеллидің республикалық сенімдері Флоренция тарихында айқын
көрінді. Бұл еңбек оны тарихшы ретінде үлкен даңққа бөледі. Орта ғасырдағы
Флоренцияға талдау жасай отырып, Макиавелли өзінің алдында жазылған
еңбектерге, әсіресе, Леонардо Бруноға және көптеген құжаттық материалдарға
сүйенді. Макиавелли алғаш рет қоғамдағы күрестің рөлін көрсетеді және
биліктегі жеке топтардың мүдделерінің қақтығысын ғана емес, сонымен қатар
қала халқының талаптарын да көрсетеді. Әлеуметтік қайшылықтар мен
мүдделерді тарихи дамудың маңызды факторы ретінде алған.
Макиавеллидің тарихи үрдіске көзқарасы мерзімдік (цикличность)
идеясы бойынша байқалады, яғни мемлекет түрінің ауысу заңдылығы.
Макиавеллидің ойынша абстрактылы теориялық пайымдаулар емес, тарихтың
шынайы тәжірибесі нақты ережелерді, осы түрлердің ауысу принциптерін
көрсетеді. Монархияны олигархия ауыстырады, олигархияның орнына республика
келді. Көп халық басынан кешірген мемлекет эволюциясының циклы осындай.
Мұның негізінде қоғамдағы қайшылықтар мен мүдделердің күресі, кіші және
үлкен топтар арасындағы қақтығыс. Макиавелли алғаш рет тарихи үрдістің
диалектикасына назар аударды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Адамзат тарихына, соның ішінде
жалпы тарих ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихшы, саяси және
мемлекет қайраткері Н. Макиавеллидің жазба деректері, Қазақстан
тарихнамасының жалпы тарих саласында алғаш рет қолға алынып отыр. Дегенмен,
зерттеу тақырыбын ашуға, қойылып отырған проблеманы шешуге көмектесетін Н.
Макиавеллидің деректері туралы айтылған немесе Италия тарихына қатысты,
соның ішінде Қайта өрлеу дәуірі тарихына арналған еңбектер бар.
Диссертациялық зерттеу жұмысының зерттелу деңгейін ашу үшін ең
алдымен, үлкен үш топқа бөліп қарсатыруды жөн көрдік:
1. Шетел тарихнамасы - оның ішінде Германия, Италия, Англия т.б
елдердегі ғалымдардың зерттеу еңбектері деп қарастырдық.
2. Ресей тарихнамасы – Кеңестік заманға дейінгі және Кеңестік
заманнан кейінгі деп екі топқа бөлуді жөн санадық.
3. Қазақстан ғалымдарының орта ғасырлардың аяқ шендері және жаңа
дәуір заманы туралы жазған еңбектері.
Қайта өрлеу дәуірі Батыс және Орталық Еуропадағы орта
ғасырдан жаңа заманға өтер дәуірдегі кезең. Оның уақыт мөлшері шамамен ХІҮ-
ХҮІІ ғғ. қамтиды. Оның ерекшелігі мәдениеті мен антифеодалдық
қатынастардың қалыптасуы, гуманистік идеялар мен өнер, ғылым
дамуының дүние жүзінде өзіндік өрнегі болды. Жаңа көзқарастардың қалыптасу
кезеңіне әсер еткен әртүрлі әлеуметтік қалалық топ пен католик шіркеуінің
адамзат пен оның ойларының қалыптасуына ықпалы. Түрлі догмалар мен
утопиялардың арасынан жарып шыққан Макиавеллидің жаңа идеясы мемлекеттен
шіркеуді бөлуі болып табылады. Адамзат қоғамына деген жаңа көзқарас
мемлекет пен құқықтың қалыптасуы жоғарыдағы құдайларға сенуді ысырып
тастады және ұлттық мемлекеттердің қалыптасуына ықпал етті. Шіркеуге қарсы
шығушылардың көпшілігі реформациялық идеяларын ұсынып жазаға тартылды. ХҮ
ғасырдан басталған жаңа идея гуманистік тарихнама қалыптасуы тарихи
оқиғалардың себептерін аша білгісі келеді. Макиавеллиді өзінің үстел
кітабына айналдырғандар Сталин, Муссолини, Шарль де Голь және басқалар да
болған. Мемлекет қызметкерін Макиавелли әлеуметтік саты бойынша тұлғалық
сипатын беруі оның "Патшасының" жұмбағы ашылмағандығын көрсетеді. Ол таза
саясаттың мәнін ашып берген тұлға болғандықтан еуропалық ғалымдардың
негізгі зерттеу объектісіне айналған.
Жоғарыда келтіргендей диссертациялық жұмыстың зерттелу мәселесін
шетел тарихнамасынан бастар болсақ, ең алдымен, неміс зерттеушілерінің
ішінен Е. Filter. Geschichte des europäischen Staatensystems von 1492 bis
1559 (1492 жылдан 1559 жылға дейінгі еуропалық мемлекеттік жүйенің тарихы)
атты еңбегі Мюнхенде 1919 жылы жарық көрген [6, 151 б.]. Аталмыш ғалымның
зерттеу еңбегінде ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың орта шеніне дейінгі
оқиғалар қарастырылған.
Сонымен қатар ХІХ ғасырдың тарихшысы Ж. Мишле өз еңбегінде Қайта
өрлеу кезеңін күңгірт орта ғасырдағы ұлы төңкеріс деп атаған [7, 15 б.].
Дәл осы идеяны қолдаушы ХІХ ғасырдың тарихи-мәдени бағыттың өкілі
швейцариялық тарихшы Якоб Буркхардт болды. Я. Буркхард Қайта өрлеу кезеңін
орта ғасырлардан жеке бөліп қарастырады. Яғни ол Қайта өрлеуді орта
ғасырлар кезеңіне жатқызбаған [8, 18 б.]. Я. Буркхардттың идеяларымен неміс
ғалымы Г. Келленбенцтің ойларын салыстыруға болады [9, 22 б.].
ХІХ ғ. зерттеушілердің ішінде Франческо Де Санктис өзінің орнын
алады. Италия әдебиетіне арналған шығармаларында ол Макиавеллидің
идеаларына жалпы баға берген [10, 441-449бб, 486-491 бб.]. Ал неміс ғалымы
К. Ясперс өз кезегінде: уақыт белдеуі б.з.д. 500 ж. қамтиды, осы кезде
рухани үрдіс қалыптасып, адам тарихында үлкен төңкеріс болады, нәтижесінде
б.з.д, шамамен 800-200 жж. қамтыған уақытта қазіргі заманғы адамның
қалыптасуына ықпал етеді, ал оның негізі антика дәуірінде жатыр, - деп
атап өтеді [11, 511б.].
"Макиавеллидің саясаты туралы жазбаларда" Антонио Грамши
"Макиавелли халықты басқару үшін билеуші қандай болу керектігін
көрсетті",—деп жазады. Грамшидің айтуынша Макиавелли - революционер, ол
өзінің "Макиавеллидің саясаты туралы жазбаларында" Грамши саяси идеяларын
схоластикалық тарктат ретінде интеллектуалдық және моральдық белгілері бар
деп атап өтеді. "Патша" ол үшін қатты сынға алынған, онда діни сипаттағы
шіркеуге қарсы шығушылық ойлары айтылған. Халық деп Макиавели, мемлекеттегі
барлық азаматтарды санайды [20, 379-380 бб.].
Италия зерттеушілеріне тоқталатын болсақ, A. Visconti. Storia di
Milano [12, 15 б.]. Одан кейін Эудженио Гарэннің үш томдық История
итальянской философии (Storia della filosofia italiana) атты еңбегі 1966
жылы жарық көрген. Автордың (Cronache di filosofia italiana) Хроника
итальянской философии атты еңбегінің орысша аудармасы 1965 жылы басылып
шыққан. Э. Гарэннің жоғарыда аталған еңбектері жинақталып, Проблемы
итальянского Возрождения 1986 жылы шыққан еңбегінде топтастырылған [13,
377 б.].
Ағылшын зерттеушілерінің де Италиядағы Қайта өрлеу заманы мен
Макиавеллидің еңбектерін зерттеуге өз үлестерін қосты. Айталық біз
диссертациялық жұмысымызда ХҮ-ХҮІІІ ғғ. аралығындағы тарихты зертеуші Ф.
Бродельдің Материальнная цивилизация, экономика и капитализм ХҮ-ХҮІІІ вв.
еңбегін басшылыққа алдық [14, Т. 1-3.]. Сонымен қатар бірқатар ізденістер
жасаған зерттеу еңбектерін атап өтуге болады. Мысалы А. Дживелегов [15] .
ХІХ ғасырдың екінші жартысының Ресей зерттеушісі А.Н. Веселовский
[16, 120-129б.] мен М.С. Корелиннің [17, 2-3 бб.] Италиядағы Қайта өрлеу
тарихына қосқан үлесін айта кетуіміз қажет. А.Н. Веселовский мен М.С.
Корелиннің концепциялары жоғарыда келтірген Якоб Буркхардтың идеяларын
қолдап, Қайта өркендеу кезеңін жеке мәдени дәуір деп бөліп қарастырады.
Қайта өрлеу дәуірін зерттеушілер бар, бірақ біз Н. Макиавеллидің
тікелей өзіне, оның тарихи және саяси көзқарастарына қатысты шығармаларын
зерттелушілердің бұл кезеңді айналып өтпейтінін ескере отырып айтқанды жөн
көрдік. 1880 жылы Макиавеллиді алғашқы орыс зерттеушісі А.С.Алексеев
"Макиавелли біріңғай билікке жету жолдарын және республиканың құлауымен
мемлекетті құтқарудың қажеттілігіне қатысты, сонымен қатар мемлекетті
нығайту үшін оның идеяларын құрал ретінде пайдаланып, ал папаны Италияның
бытыраңқылыққа ұшыратқаны жайында кінәлады [18,109-110 бб.]. Сондықтан
болашақтағы Италияның бірігуі үшін Ф.Гвиччардини, Д. Джанотти және П.
Парута ұсынған конфедерация шынайы нұсқа болар еді деп В.И. Рутенбург
Титаны Возрождения атты еңбегінде жазып кетеді [19, 110 б.]. В.И.
Рутенбург Ресей зерттеушілернің ішіндегі Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі мен
оның өкілдеріне зерттеулер жүргізген ХХ ғасырдың азаматы. Сонымен қатар
Флоренция тарихын алғаш орыс тіліне аударып баспадан шығарған [20].
Автордың Италия тарихына қатысты Очерки из истории раннего капитализма в
Италии атты еңбегі де жарық көрген [21].
Р.О. Хлодовский Макиавелли тұжырымдарына жалпы тоқталып, Макиавелли
мен Гвиччардини идеяларын салыстырады [22, 5 - 79 бб.]. Л.М. Брагина
саяси мәселелерді қарастырса [23, 55-67 бб.], Ф. Де Санктис италяндық
әдебиеттің жалпы дамуын талдаған [24, 554 б.]. Келесі С.С.Мокульский
[25, 101б.] мен М.Л. Андреев [26, 19 б.] Қайта өрлеу дәуірінің
гуманизмін зерттесе, ал А. Гаспри "Италия әдебиетінің тарихында"
Флоренцияның тұлғасына баға береді. Л.М. Баткиннің зерттеуі сол кезеңнің
тұлғаларын жалпы сипаттайды [27, 807 б. ]. Пасквале Виллари өз еңбегінде
Макиавелли мен досының шығармасына арқау болған Медичилер билігінің
көлеңкелі тұстарын байқады [28, 351 б.]. М.А. Гуковский кешенді түрде
Қайта өрлеу заманын зерттей келе Флоренциядағы Медичилер билігінің күшейу
себептерін суреттейді [29, 392-430 бб.].
Автор Италияның тарихын ХІІІ-ХІV ғғ. бастап, Өркендеу дәуірінің алғаш
шарттарын жан-жақты сипаттайды [30, 13-243 бб.]. Буржуазиялық әлеуметтік
идеялардың даму эволюциясына байланысты Макиавелли теориясының
методологиялық аспектісіне сұраныс көбейді. Олардың ойынша, саясаттағы
заманға сай эмпирикалық теоретикалық ойлардың дамуы Макиавелли ілімінен
дамыды. 50-жылдардың аяғына да АҚШ-та "саяси реализм" деп аталатын ағым
қалыптасқан, оның өкілдері [30, 198 б] өздерін "макиавеллистер" деп атады.
Осы ағымды ресейлік ғалымдар да қолдап, өз ойларын жалпылама білдірген
[31,51-56 бб; 32, 49-71бб.].
ХХ ғасырдың соңғы кезіндегі зерттеушілерді атайтын болсақ,
И.А.Краснова өзінің жеке монографиясын Флоренцияның іскер адамдарына
арнайды [33, 17—27 бб.]. Е.А. Косминский болса кейбір тарихнамалық
мәселелерді көтерген [34, 55-75 бб.]. Ал келесі тарихшы Л.М. Баткин
Италиядағы Қайта өрлеудің адамның жеке басының мәселелеріне қандай тиімді
жақтары болатынын қарастырған [35, 108 б.]. Жоғарыда аталған авторлар
көбінше кеңес дәуірінде өз еңбектерін жазып шығарған, сондықтан да бұл
жерде, әрине таптық, сол кезеңнің идеологиялық принциптері басым
болғандығын айтқанымыз жөн.
Қазақстандық тарихшылардың қосқан үлесіне тоқталатын болсақ, Отандық
медиевистика саласында Н.Макиавеллидің еңбектеріне арналған тікелей
зерттеулер жоқ. Дегенмен, білім саласы, соның ішнде жалпы тарихқа үлес
қосып, зерттеу еңбектерін арнап жүрген профессор Қ.Т. Жұмағұловты атап
кетуге болады [36, 78-80 бб.]. Оның зерттеулерінде Макиавелли заманы да
сипатталған. Сонымен қатар, біз қарастырып отырған кезеңдер шеңберінде
зерттеулер жүргізген Р.С. Мырзабекованың Еуропаның кейінгі орта ғасырлар
тарихы және капитализм генезисінің мәселелері атты оқу құралында да Еуропа
елдерінде жалпы капитализм генезисінің мәселелері қарастырылған [37, 136
б.]. Бұл кезеңнің тарихының мәселелерін К.Н. Мақашева, Т.М. Айдос,
М.Тастанбеков сияқты т.б. зерттеушілер қарастырды [38-40]
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мақсаты Қайта өрлеу заманында қалыптасқан Макиавеллидің саяси және
тарихи көзқарастарын, оның ерте буржуазиялық идеясын қалыптастырудағы
феодалдық мемлекеттік теориясы мен тәжірибесін анықтау, антифеодалдық
көзқарастарға жауап берген тұжырымдарын зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін алға мына міндеттер қойылды:
- Макиавеллидің ойларының қалыптасуының алғы шарттарына,
оның ішінде XV-XVI ғғ. Италияның ішкі және сыртқы жағдайы;
- Макиавеллидің өмірі және Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі;
- Италиядағы мемлекеттердің дамуы және Макиавеллидің мемлекет
туралы теориясы;
- Макиавеллише билеушінің тұлғасы және оның негізгі қасиеттері;
- Макиавелли және макиавеллизм;
- Қайта өрлеу дәуірінің Макиавеллидің тарихи көзқарастарының қа-
лыптасуына әсері;
- Макиавелли Флоренция тарихы жөнінде.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Тарих ғылымы кезеңдеуден
басталады, басты нәрсе Батыс Еуропадағы орта ғасырлардағы кезеңдеуге сәйкес
үшінші кезеңді қамтитын уақытта ерте капиталистік қатынастар мен рухани
өмір, ерте буржуазиялық революцияның абсолюттік монархия қалыптасқан кезеңі
[63,19 б]. Макиавеллидің шығармалары қайта өрлеу дәуіріне жатқандықтан XIҮ
— ХҮІ ғғ. қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізін Макиавеллидің мол мұрасынан,
оның саяси және тарихи көзқарастарын "Патша" Il Principe (1513 ж.), "Тит
Ливийдің алғашқы он күндігі туралы пікірлер" (1513-1516 жж.), "Флоренция
тарихы" (1520-1525 жж.) шығармаларынан көруге болады. Тақырыпты ашу
барысында қолданылған деректер Н. Макиавеллидің өз шығармалары.
Диссертацияның деректік негізіне тоқталмастан бұрын, Н. Макиавеллидің,
яғни аты-жөнінің жазылуы тұрғысында айтып кеткеніміз дұрыс. Айталық, бұл
аты-жөні зерттеу еңбектерінде әр түрлі жазылып жүрді. Айталық, латындық
нұсқасы – Мальклавеллус, Маклавеллус, итальянша Макьявельи, Макьявелли.
Кей жағдайда ұлы флоренциялық әулеттің тұлғасы ретінде оны Макья немес
Макиа деп те атаған. Ресей тарихнамасында Никколо Макиавелли (Niccolo
Machiavelli) деп жазылып келген.
"Флоренция тарихы" [Istorie Florentine] атты деректік еңбегінде
Италия жайлы жалпы түсініктеме берілген. Деректің құрылысы күрделі сегіз
бөлімнен (кітаптан) тұрады. Бірінші бөлімде Рим империясы құлағаннан
кейіннен бастап 1434 ж. дейінгі Италиядағы барлық оқиғалар қысқаша
қамтылған. Екінші бөлімі Флоренцияның бастапқы тарихынан басталып, герцог
Афинскийдің қуылуынан кейінгі Рим папасымен болған соғыстарға дейінгі
уақыт аралығын қамтиды. Үшіншісі 1414 жылы – король Владислав
Неаполитанскийдің өлімімен аяқталған. Төртінші бөлімде 1434 жылдан бастап
ХҮІ ғасырға яғни Н.Макиавеллидің заманына дейінгі Флоренцияда болған
оқиғалардың жиынтығын пайымдап шыққан. Н. Макиавеллидің История Флоренции
еңбегінің І тарауы тікелей Италия жеріне Аттила бастаған ғұн тайпалық
бірлестігі жайында кеңінен тоқталып жазып кеткен. Сондықтан аталмыш
деректің тек Италия тарихы үшін маңызды болып ғана қоймай, сонымен қатар
Қазақстан тарихының ерте орта ғасырлар кезеңіне қатысты. Орасан зор Еуразия
құрлығындағы орталық кең байтақ алқапты сайын дала мен құмды шөлдер белдеуі
алып жатты. Міне, тап сол кеңістікте көшпелі ұлы мемлекеттер пайда болды.
Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жатқан аймақтардың аумағында дүниеге
келген алуан түрлі мәдениеттер әлемнің көптеген халықтарының дамуына
айқындаушы ықпалын тигізді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империялар
қатарына ғұн (хунну) тайпалық бірлестіктерін атап өтуге болады.
Еуразиядағы, Еуропадағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына қуатты серпін
берген түркі тайпа ұйымдары – ғұндар, Шығыс пен Батыс тарихында өте маңызды
орын алады. Барлық Еуропа, Еуразия континентін іс жүзінде қамтыған және
оның саяси, этникалық мәдени өмірін түбегейлі өзгерткен қоныс аудару
процестерінің шыңы дәл ІV - VІІ ғасырларға келеді [42, 202 б.].
Никколо Макиавеллидің келесі маңызды деректерінің бірі Князь [43,
10 б.]. Аталмыш дерек бірнеше рет басылымнан орыс тілінде бірнеше
авторлардың аударуымен шыққан болатын. Айталық келесі бір басылымы
Государь деп аталып, 2003 жылы шыққан [44, 656 б.]. Жоғарыда айтып
өткенде Князь болмаса Государь деп орыс тіліне аударылған деректің
саясаткерлер мен тарихшылар үшін маңызы зор. Себебі Патша мемлекеттік
қызметтегі адамдардың, іс жүзінде, басшылыққа нені алу қажет деген мәселеге
арналды. Ол Италияның түбіне жетіп отырған ең басты бақытсыздық – оның
саяси бытыраңқылығында, ал оның негізгі себебі – Рим папасының шамадан тыс
өкімет ісіне араласуы деп тұжырымдады. Макиавелли өз шығармасында Италияны
біріктіретін диктатордың қасиеттерін саралап көрсетуге тырысты. Бұл
мақсатқа жету үшін барлық айла-амалды – халықты алдап-арбау, зұлымдық,
антты аяққа басу, адамды қырып-жою, опасыздық біткеннің бәрін қолдануға
болады деп тапты. Өз кезінде билеп-төстеген ең жақсы патша, деп үйретті
Макиавелли өз бойында арыстан мен түлкінің қасиеттерін қатар жинақтауға,
өтірік пен екі жүзділіктің ұлы өнерін меңгеруге, дұшпандарын у мен
семсердің көмегімен құртуға, бас иіп бағынғысы келмегендерді аяусыз жазалау
керек деген сияқты да ойларын ашық айтқан. Оның бұл көзқарастары феодалдық
және буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды.
Н. Макиавеллидің іс жүзіндегі саяси енжарлығы мен әдеби
белсенділігі 1513 және 1520 жылдар аралығындағы шығармаларынан көре аламыз:
айталық жоғарыда айтып кеткен "Патша" (1513 ж.), Рассуждения о первой
декаде Тита Ливия (Тит Ливийдің бірінші онкүндігіне арналған
пайымдаулары) (1516 ж.), "Біздің тіл туралы диалог, немесе пікір" (1516
ж.), "Алтын есек" (1516 - 1517 жж.), "Мандрагора" (1518 ж.), "Әскер өнері
туралы" трактат (1520 ж.), "Флоренцияда герцог Лоренцо өлімінен кейінгі
істерді тәртіпке келтіру әдістері туралы пікірлер" (1520 ж.), "Лукка қаласы
туралы баяндамалар" және "Каструччо Кастракини" (1520 ж.) атты еңбектерін
жазып қалдырған.
Макиавелли "Тит Ливийдің бірінші он күндігіне арналған
пайымдауларын [5, 544 б.]. аяқтамай жатып, "Патша" (1513 ж.) еңбегін
жазуға кіріскенін білеміз. Сондықтан да болар осы аса көрнекті екі
шығарманың бір-бірімен тығыз байланысы айқын аңғарылады. Алайда, егер,
"Пайымдауларда" Макиавеллидің саяси-құқықтық теориясы неғұрлым жүйелі түрде
көрінсе, ал "Патшада" ой желісі, ең алдымен, мемлекет басшысынын рөліне
және мүмкіндік шегінде оның саяси даму барысына ықпалына, тарихқа
шоғырландырылады. "Пайымдаулар"секілді "Патша" авторы қайтыс болғаннан
кейін 1532 жылы Флоренция мен Римде жарияланған.
Келесі бір дерек "О военном искусстве (Соғыс өнері)" [45, 224 б.].
Макиавеллиді мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын, сонымен қатар алғашқы
жаңа заманның әскери туындыларын абыроймен сипаттай білген жазушы деп атап
кетуге болады.
Диссертациялық жұмыстың тағы бір деректер тобын Никколо
Макиавеллидің жазған хаттары құрайды. Мысалы, кардинал Джованни Моронеге
жазған хаттары, Моронеге 1575 марттың 28 күні жазған хаты, одан кейін 1575
майдың 13-дегі хаттары, келесі 1550 жылы 30 июльде, тағы да сол жылғы 1500
жылы 27 августа хаттарын келтіруге болады, келесі бір хаттары 1514 жылы 10
шілде де, одан кейінгі 1575 жылы майдың 5 күнгі хаттарды атап өтуге болады.
Сонымен қатар архивтік құжаттарды жоққа шығаруға болмайды [46].
Зерттеу жұмысының деректік қорының келесі бір тобын Макиавеллидің
замандастарының еңбектерін қоса айтқанымыз дұрыс. Мәселені көтері, ашып
жазғанда Дантенің, Кампанелланың, Гвиччардинидің, Т. Мордың,
Э.Роттердамскийдің шығармаларын да қолдандық [47-51]. Гегель Италияны
күшпен біріктіру туралы Макиавеллидің қарсы жобасын қолдады. Ол "Италиядағы
жағдайдың шындығын білу үшін "Патшаны" тарихи оқиғалар өрісінде қку керек",
- дейді. Макиавеллидің біріккен мемлекет құру туралы ойларын жоғары
бағалады [52, 152б.], Макиавелли тиранға сатиралық сипат берген,
корольдерге кеңес берген сияқты халыққа сабақ береді."Патша"— бұл
республикашылардың кітабы, - деп жазды Жан-Жак Руссо [53, 115б.],
Г.Болингброктың [54, 213-214 б.], Ш. Монтескье Макиавеллиді ұлы адам деп
атап көрсетеді [55, 227б.]. Сонымен қатар Н. Макиавеллидің қаламдас досы
Франческо Гвиччардинидің еңбектерін айтып өтуге болады [49, 284 б.; 56, 55-
67бб.].
Феодалдық шіркеуге қарсы прогресшіл көзқарастағылар Макиавеллидің
ойларын жоғары бағалады. Айталық Б. Спиноза Макиавеллиді еркіндік үшін
күрескен дей келе ...ақылды, еркін халықтың бір тұлғаның жақсы өмір
сүруіне қарап отырмай, өздері үшін күресе білуге шақырады деп, өз ойын
білдірген [57,313 б.]. Деректер ретінде біз Франческо Петрарканың [58, 3p],
Леонардо да Винчидің шығармаларын пайдаландық [59, 313б.]. Дерек ретінде
Бокаччоның "Декамеронын" қарастырдық [61, 313 б.]. 1613 жылы Гаспар Шоппе
Макиавеллидің атын атамай-ақ, оның моральдық және
этикалық көзқарастарын саясаттан айырып айтып бергенін атап өтеді [62,313
б.]. Ол кезде Макиявелли туралы қандай да бір мәліметтер таратуға тыйым
салынған. Макиявеллидің идеялары Италия елінің шекарасынан шығып,
Швейцария, Германия, Франция, Нидерланды және Швецияға тарайды. Осылайша
Макиявелидің идеялары кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде үлкен рөл атқарады.
Сондықтан иезуиттер Макиявеллиге қарсы өз пікірлерін білдіре бастады.
Клериктік топ антимакиавеллизм деген атқа ие болды. Олар Макиявеллиді
француз монархиясын қолдауға себепкер болды деп айыптады. Антимакиявеллизм
тарихы көптеген ғасырды құрайды. Олардың көбісі Макиявеллидің
шығармасындағы қаныпезерлік пен екіжүзділікті атап өткені үшін айыптайды.
Сондықтан Макиявелли мен макиявеллизм арасында теңдік белгісін қоюға
болмайды.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізін қалыптас-тыруда
тарих ғылымы саласындағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет
қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы,
тарихы туралы жазған еңбектері қолданыс тапты. Тари-хи оқиғалар мен
құбылыстарды диалектикалық материалистік тұрғы-дан қарастыруда тарихи
қағидалар мен объективті көзқарастар пайда-ланылды. Іргелі еңбектер мен
зерттеулерді, деректерді ғылыми тұрғы-да сараптауда нақты–тарихи-
салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау, жинақтау және қорыту әдістері
қолданылды. Мұның өзі алынған мәлі-меттердің толықтығы мен шынайылық
деңгейін анықтауға көмектесе-ді. Зерттеуіміздің методологиялық негізін
объективтілік, тарихилық, жүйелік сияқты ғылыми танымның маңызды
принциптері құрайды.
Қазақстанның жалпы тарих ғылымдарының дерек көздері ретінде
қарастырылып отырған ХҮІ ғасыр қайраткерінің шығармалары, өздерінің түр
жағынан жеке адамдық дерек көздеріне жатқызуға болады. Сондықтан
Н.Макиявеллидің естеліктеріне талдау жасаудың теориялық методологиялық
проблемалары жеке адамдық дерек көзі ретінде туындайды.
Жеке адамдық дерек көздері мен құжаттары тарихшыға нақты тарихи
тұлғаны оның индивидуальдық ерекшеліктерімен, оны қоршаған ортасының және
оны дүниеге әкелген дәуірінің белгілерімен қоса зерттеуге мүмкіндік береді.
Олар тарихшыға тұлғаның дүниетанымын, мәдени деңгейін көруге болатын,
тарихтың кейбір сәттерін тұлғаның субъективті қабылдауы арқылы баяндау
ерекшеліктерін байқауға болатын фактілер алуға көмектеседі. Аталмыш дерек
зерттеушілер алдында сол уақыт адамдарының санасында бейнеленген күйінде
көрінеді, мұндай дерек көздері болмаған жағдайда тарихшылыр өткеннің тірі
суретін көре алмас еді.
Тарихтағы адамға деген, өткеннің тарихи-мәдени өлшеміне деген көңіл
аударудың артуы, тарихи зерттеулер үшін мұндай дерек көздерінің маңызын
арттыра түспек. Макиавеллидің жазбалары тарихты адамдардың қалай
түсінгендігін, қалай ойланғандығын, тарихи оқиғаларды қалай
қабылдағандығын, олардың өздерімен нақты не болғандығын зерттеудің басты
материалдарына айналады. Жеке адамдық дерек көздері зерттеушіге басқа дерек
көздерінде кездеспейтін, қанша қазсаң да таусылмайтын мол деректер мен сол
уақыт белгісі туралы мол ақпараттар бере алады.
Осындай, жеке адамдық дерек көздері түрлерінің үлкен бір бөлігін,
өзіндік ерекшеліктері бар естеліктер құрайды. Зерттеу жүмысы жалпы тарих
ғылымының ерекшеліктерінен шыға отырып, Н. Макиавеллидің шығармалары
тарихтың дерек көздері ретінде пайда болуын сынау, яғни пайда болуының
объективтілігін, тарихи жағдайын, алғышарттарын, себептерін, әлеуметтік
табиғатын, сақталу формалары мен ерекшеліктерін көрсету, деректерді
сыныптау, олардағы мәліметтерді сыннан өткізу арқылы тарихи құбылыстардың
деректерде бейнелену дәрежесін, ақпараттардың шынайылық деңгейі мен
толықтығын анықтау сияқты теориялық-методологиялық қағидаларға, ғылыми
зерттеудің объективтілік, партиялық, тарихилық сияқты жалпы ғылыми
принциптеріне, арнайы және нақты ғылыми таным заңдылықтары мен методтарына
негізделген.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста алғаш рет
Отандық тарихнаманың жалпы тарих саласында Н.Макиавеллидің тарихи және
саяси көзқарастарына тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды.
Нақтылай айтқанда, зерттеу жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтар
бар:
- Макиавеллидің көзқарастарының қалыптасуына сол кездегі
Италияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының әсері, басты рөл
атқарғаны анықталып талданды;
- Италиядағы Қайта өрлеу тек Батыс өркениетіне ғана әсер етіп
қоймай, сонымен қатар жалпы адамзат тарихында өшпес із қалдырғаны
сарапталды;
- Кейінгі орта ғасырдың өкілі Н. Макиявеллидің мемлекет
тұрғысындағы теориялары тарих ғылымына қосқан зор үлесі ретінде басшылыққа
алынды;
- Н. Макиявеллидің сомдап кеткен билеушінің тұлғасы қазіргі күннің
өзінде өзектілігін жоймай, қолданыс табуының себептері айқындалды;
- Қазақстан тарихнамасында алғаш рет Қайта өрлеу дәуірінің
көрнекті өкілі Никколо Макиявеллидің Флоренция тарихы тек Батыс
тарихының дерек көзі емес, сонымен қатар Отандық тарихымыздың Ерте орта
ғасырлар кезеңіндегі ғұндарға қатысты құнды мәліметтері ретінде өз шешімін
тапты;
- Н. Макиявеллидің тарихи көзқарастары жалпы тарих ғылымына қосқан
үлесі ретінде қарастырылады;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Никколо Макиавеллидің әлем
тарихына сонымен қатар әлемдік өркениетке қосқан үлестеріне терең ғылыми
негізде талдаулар жасау нәтижесінде төмендегі тұжырымдар қорғауға ұсынылды:
- Никколо Макиавелли артынан өшпес із қалдырған еңбектерін жазуға
өзі өмір сүрген заманы мен антикалық авторлардың жазба деректері арқау
болып, оның ұсынған идеялары талданды;
- ХІҮ-ХҮІ ғғ. Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінің алғы шарттары,
барысы мен нәтижелері тұжырымдалды;
- Н.Я. Макиявеллидің мемлекеттік тұрғысындағы теориялары мен
ұлттық иделарының келешекке берері мол мұра ретінде сарапталды;
- Макиавелли дәуірі өтіп кетсе де, ол негізін қалаған саясат пен
мораль, мақсатқа жету және оның құралдары, билік пен лидерлік, басқарушы
мен бағынушылар, революция мен тоқырау, еркіндік пен тәуелділік, демократия
мен реакция мәселелерінің қазіргі кезеңдегі өзектілігі дәлелденді.
- Н. Макиавеллидің басты деректерінің бірі Флоренция тарихының
маңыздылығына тұжырымдар жасалынды;
- Қайта өрлеу дәуірінің өкілі Н.Макиявеллидің тарихи көзқарастары
жан-жақты талқыланды.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті
өкілі Никколо Макиавеллидің жазып қалдырған еңбектері алынған.
Зерттеу жұмысының пәні – диссертация мазмұны Қайта өрлеу дәуірінің
ойшылы Н. Макиавеллидің еңбектері бойынша тарихи көзқарастары және оның
жалпы тарих ғылымында алатын орны.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Диссертациялық зерттеу
жұмысында жасалған тың тұжырымдар мен қорытындылар жалпы тарих пен
Қазақстан тарихына мол үлес қосатын еңбек деп білеміз. Макиавелли дәуірі
өтіп кетсе де, ол негізін қалаған саясат пен мораль, мақсатқа жету мен оның
құралдары, билік пен лидерлік, басқарушы мен бағынушылар, революция мен
тоқырау, еркіндік пен тәуелділік, демократия мен реакция мәселелері
бұрынғыдай өзекті болып қала бермек. Қазіргі кездегі қалыптасқан саяси
ойлар Макиавеллидің теорияларын шешуге тырысады. Ал Макиявелли идеясының
жаңалығы Еуропада басқару жүйесін ауыстыру болатын. Диссертациядағы
теориялық пікірлер мен ой тұжымдарының осы бағыттағы бұдан кейінгі зерттеу
жұмыстарына арқау бола алатындығы зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызын
көрсетеді. Сондықтан зерттеу жұмысының мазмұнын Қайта өрлеу дәуірінің өкілі
Н. Макиавеллидің тарихына қызығушылар, колледждер мен жоғары оқу
орындарында Орта ғасырлар тарихы, Жаңа заман тарихы, Деректану және
тарихнама саласы бойынша дәрістер оқу, арнаулы курстар мен семинар
сабақтарын жүргізуде қолдануға болады. Сонымен қатар қазіргі кезде жоғары
оқу орындарында оқытылатын Менеджмент теориясы сияқты пәндерді жүргізуде
Макиавеллидің көзқарастары мен пікірлері пайдалы.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
тұжырымдамалары үш халықаралық ғылыми конференцияларда талқыланды. Зерттеу
жұмысының мазмұны Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне
енген журналдарда да жарияланған. Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы
Ұлттық университетінің дүние жүзі тарихы кафедрасында орындалып, қорғауға
ұсынылды. Диссертацияның материалдары Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ – да жалпы
және арнайы курстарды оқуда қолданыс табуда.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен
сілтемелерден тұрады.

1 Н. МАКИАВЕЛЛИДІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. ХҮ - ХҮІ ғғ. Италияның ішкі және сыртқы жағдайы
ХҮІ ғ. Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі адамзат тарихына өшпес
мұраларды сыйлап, тарихта көптеген туындылардың тууына ықпал тигізген.
Нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінде тарихи процесте жаңа формацияның
қалыптасуына әсер етті.
Ерте капиталистік қатынастар Италияда, ең алдымен, ХІҮ ғ. пайда
болды, мемлекет құрылысын және егемендігі, оның аймақтық монархиясы мен
республикалық нысаны жалпы еуропалық капитализмде саяси құрылыстың ерте
кезеңі басталды. Қоғамдағы синьорилер жаңа күшпен таптық күрес халық
бұқарасы мен жаңа және ескі дворяндық халық қозғалысын қолдады. Бұл
халықаралық қақтығыста Испания мен Францияның араласуынан папалық биліктен
империяның туындаған жағдайы болатын. Жаңа кезеңнің қарсаңындағы Италия
қайта өрлеудің соңғы сатысына жақындап, басқа еуропалық елдердің
мәдениетіне ықпал етті. Әлеуметтік талдау мен адам және қоғамның көрінісі
идеалды, өнер мен көзқарастардың реалистік әдісімен сипатталды.
Батыс тарихнамасында ХҮІ ғ. Италия экономикасының дамуы
Канделороның сипаттамасы бойынша ХІҮ ғ. дейін интенсивті және прогрессивті
дамыды [64, 23 р]. Алайда, осы жаңа кезең өндірістің қайта шоғырлануына
және ұйымдасқан түріне қарамай ХІҮ ғ. прогрессивті дамуын жалғастырды [65].
Бұл кездегі жаңа идеялардың өкілдері - Федерико Шабо, Фернан Бродель, Карло
Мария Чипполалар өз үлестерін қосып жатты. ХҮ ғ. Флоренцияда өкіметтің
шығыны мен кірісінен үлкен корпорациялар құрылды, ол қайта өрлеу
мемлекеттерінде қалыптасты [66, 466 б.].
ХҮ ғ. Италия сыртқы тауар өндірісін негізінен шұға, жібек, мақта-
мата, шыны керамика, қағаз, көркем қолөнер өнімдері және әшекей заттары
құрады. Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінде ерекше маңызға ие болған
флоренциялық шұға болатын. Сыртқы рынокта, сондай-ақ, Ағылшын шұға өндірісі
ХІҮ ғ. ортасында сапасы жағынан флоренциялықтан кем болмады. А.Д.
Ролованың мәлідімдеуінше өндіріс деңгейі тұрақты болғанмен, оған кері әсер
еткен факторлар: 1) жоғарғы сапалы ағылшын өнімінің дамуы және оның
халықаралық нарыққа шығарылуы; 2) Испания мен Франция өнімінің экспортқа
шығара бастауы; 3) тұтыну құралының өзгеруі - бұрынғы шұғаға қарағанда,
жібек шикізатының тиімді болуы; 4) өте қымбат флоренциялық шұға тұтынушының
сұранысын кемітті. Төменгі сапалы шұға кең тарай бастады [67, 19-20 бб.].
Өндірістер қала мен аймақтарда салалық сипатта болған. Жаңа жер
иеленушілердің феодалдануы қандай болса, буржуазиялануы да сондай дәрежеде
қалыптасты. Өндіріс ұйымдары техникалық жағынан жақсарып, шығынды азайтты
және сапаны көтерді. Жылжымайтын мүлік көпестердің түрлі кіріс көздерінің
біріне айналды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің жаңа легі қалыптасты.
Өнеркәсіпте жаңа механизм іске қосылды. Италия елі ерте мануфактуралы
мемлекетке айналды [20, 139-146 сс.]. Цех ісіне көпестік корпорациялар
кедергі келтірді.
Цехтар мемлекетке бағына бастады, ал мемлекеттік мануфактуралар
цехқа бағынудан бас тартты. Халықаралық саудаға ағылшын және голланд
кемелерінің келуі бес есе өсті. Шаруашылық өмірдің орталығы Милан қаласына
қатысты бола бастайды. Генуяда, Венеция мен Флоренцияның тәжірибесінде
қайталанбаған жаңа жағдайға бейімделе бастады. Батыс Еуропа экономикасына
Шығыс елдері де әсер етті. Италиядан түрлі маталар т.б. тауарлар Мәскеуге
де шығарылды. Италиядағы Лион қаласы жалпы қаржы орталығы болады [68, 255-
257 бб.]. Италияның ауыл шаруашылық жағдайы да мәз емес еді. Бұқара халық
иеліктері жеке меншікке көшіп, ел ішінде қысқа мерзімді арендалар тарады.
Мемлекет ірі салықтарды шектеді, ал Фриуль, Тоскан және Пьемонт феодалдық
иеліктерінде үстемдік сақталып қалды. Папалық аймақ пен Неаполитан
корольдығында феодализм терең тамыр жайды. Бұл жердегі шаруалар мұралық
тәуелділікке байланып қалды да, ауыл шаруашылығының тоқырауы 1459 - 1461
жж. соғыстармен сипатталды.
Италия қалалары Батыс Еуропадағы мәдени және шаруашылығы дамыған ерте
экономикалық дамумен, көп қырлы мәдени ғұмыр антикалық дәстүрдің негізгі
көзі еді. Қайта өрлеу дәуірінің күшті ағымына біртіндеп өте бастады. Крест
жорықтары қалалардың шаурашылық байланыстарының кеңеюіне ықпал етті.
Техникада алғаш өндіріс мануфактурасы пайда болып, ерте капитализм
қалыптасты. Коммунаның саяси құрылысы қолөнердің дамуына күшті әсер етіп,
капиталисік қанау мен жалдамалы жұмысшыларды талап етті. Басқа еуропалық
елдерге қарағанда қалалар корольден тыс билік жүргізіп, коммуна құрған.
Италияда қоғамның әлеуметтік тобы қалыптасты. Герцогтықты иеленуші шендері
бар епископтар, испан шенеуніктері, жоғары тұрған феодалдық иерархия, испан
вице-королі мен герцогтары, понтифик папа басқарған курия, халықаралық діни
және дипломатиялық арбитр рөлін атқарды. Көпестер мен банкирлер отбасылары
дворяндық атақ алып Сицилия, Неаполь, Милан корольдіктері феодалдық
аристократияны құрады [69, 427-429 бб.]. Флоренцияда буржуазия бөлігі жер
иеленушілер және өсімқорлық кіріс көзімен айналысып, буржуазия патрициандық
ақсүйекке айналды. Ірі саяси қайраткерлер және ірі саудагерлер жиналған
белсенділер нобильдерді құрады [70, 9-12бб.]. (Нобилдер-буржуазиялық
топтар, партиялар). Нобилдер халық қозғалысы кезінде монархиялық
олигархияларға бірікті. Қарапайым халық бірікпеген топтардан құралды:
қолөнершілер, плебс. Беделділерге-цехтардың консулдары, көпестер, судья мен
адвокаттар, дәрігерлер жатты [71, 4-18бб.]. Орта тап көптеген
қолөнершілер-ден, шеберханларды иеленушілерден, түрлі цех мүшелерінен, шұға
өндірушілерден және металл өңдеушілер корпорациялардан құралды [72, 5б.].
Италия қоғамындағы плебс (әлеуметтік тап) ұсақ және төменгі
сословиедерден тұрғандықтан халық көтерілісіне алып келді.
Пополандар жоғарғы нобилендер топтарына жатты. Бірақ саяси құқықтарын
заңдастыруға тырысты, онымен бірге біршама қолөнершілер үкіметтен өз орнын
алуға тырысты [73, 10 б.].
Флоренцияда чомпилер үкімет мәселесін шешуге қатысуға құқылы болды.
Қалалардың феодалдарды жеңуі экономиканың өсуіне, ерте капитализмнің
дамуына ықпал етті. Рим коммуналары папа билігін әлсіретуге тырысты.
Орталық және оңтүстік Италиядағы транзиттік сауданың дамуы алдыңғы
қатарлы сауда-банктік компаниялардың енуіне ықпал етті. Өндірістің өз
жерінде шығуы феодалдық қатынастарды шиеленістірді. Савойя герцогтығында
жерге тәуелділік сақталды: барщина, талья, менморта және формареж т.б.
Шаруашылық қысқарып, жер арендаға берілуімен тауар-ақша қатынастарын
дамытты, рентаның ерте түріне алып келді. Село қауымдары қала билігіне
өтті. Республикада басыбайлықты жоюға тырысты. Соған байланысты "Жұмақ
кітабында" біршама заңдар жинағы жасалды, италиан тарихшысы Эмилио
Серенидің айтуынша: "бұл жұмақ тек қана еркіндік берді, ал меншік иелеріне
ешқандай пайда әкелген жоқ". Шаруалар еркіндік алған соң дәстүрлі жерден
айырылды. Арендатор жерге құқығын өтеу жағдайында музариядан жиі өтеді.
Музария Италиядағы XIII - ХІҮ ғғ. жартылай капиталистік аренда-жер иеленуші
шаруашылық жүргізіп капиталының артығын жұмысқа қажетті, құрал-сайманға
жұмсауының нәтижесінде Еуропадағы Дольчино бастаған алғашқы шаруалар
қозғалысы басталып, ол Италияның солтүстік аймағын қамтыды [75, 42 с.].
Шаруалар наразылығы сондай-ақ еретикалық ілімдердің таралуынан да көрінді,
олар өздерін апостолдың бауырымыз деп атады. Шаруалар көтерілісі жекелеген
барщина және монморт салықтарын алып тастап, тек қана герцог Савойскийге
ғана жоғарғы салық төлеуге қол жеткізді. Ал пополандар цехтар шекарасынан
шығып кеткен үлкен шеберханалар ұйымдастырды. Қаладағы бұл өзгерістер ерте
орта ғасырлардағы варварлардың басып кірген кезеңді еске түсірді [76, 2с.].
ХІҮ ғ. мануфактуралық шеберханалар Сиена, Лукка, Милан, Болонья тоқыма
өнеркәсібінде және Венеция мен Генуяда кеме жасау ісі пайда болды [65, 387-
390 бб.]. ХҮ ғ. Флоренцияда 270 шұға өнеркәсібі жұмыс істеді. Жібек өндіру
шұғаға қарағанда жылдам дамыды [78, 7-9 рр.]. Жұмысшылар арзан жұмысқа
жалдануға мәжбүр болды. Егер жүн сол күні тазартылып бітпесе, одан айып
ретінде ақшасы қысқартылды. Кәсіпкер жалдамалы жұмысшыны ешқандай
ескертусіз жұмыстан шығара алатын еді. ХІҮ ғ. Италиядағы жалдамалы
жұмысшылардың көтеріліске шығуы кейінгі қала-мемлекеттердің барлық
істеріне араласуына мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті.
Италияның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер еткен факторлардың
арасында - Шығыс Жерорта теңізіндегі түрік жорықтары, халықаралық сауда
орталығының Атлантикаға ауысуы - 1494-1559 жж. Италия соғыстарының жаулап
алушылықтары, 65 жылдың ішінде түбекті тоздырып, оның солтүстік және
орталық бөліктерін сол кездегі Еуропадағы ең ірі саяси күштерді соғыс
ошағына айналдырды. Бұл соғыстар елдің қалыпты әлеуметтік-экономикалық
дамуын үзіп қана қойған жоқ, оны құлдыратып жіберді. Бүкіл орта ғасырлар
бойы француз және испан феодалдық топтарының жаулап алуларына оңтүстіктегі
Анжуй мен Арагон династияларының жағдайлары қарсы тұрды. Тіпті Арагон
жаулаушылығы Неаполитан корольдығын Испан мемлекетінен ала алмады. 1459 ж.
бастап Арагондық династия өзінің ұлттық ресми тәуелсіздігін сақтап қалды.
ХҮ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италия ойшылы-Николо Макиавелли
Қайта өрлеу және реформция дәуірінің тарихи ойлары
Никола Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмi
Саяси - құқықтық ілімдер тарихы
«Макиавилли»
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Психологияның дамуы
Макиавелидің саяси философиясы
Құқықтық билік
Пәндер