Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

  1. БАНКТІҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық аспектілері . . . 7

  1. Банктің қаржы ресурстарын басқару структурасы . . . 16

1. 3 Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және тиімді пайдалануды жетілдіру негіздері . . . 29

2. «АТФБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2. 1 «АТФБанк» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаты . . . 37

2. 2 «АТФБанк» Акционерлік Қоғамның қаржылық ресурстарын талдау . . . 43

2. 3 «АТФБанк» Акционерлік Қоғамның қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау . . . 53

3. БАНКТІҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Қаржыны тиімді және ұқыпты жұмсай отырып, мол табысқа және жетістікке жету негізгі мақсат болып отыр.

Банктің қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қарым-қатынаста болу, төлеу қабітеттілігі мен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігіне қаржы ресурстарын жатқызамыз. Банктің қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, банктің қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында банктің өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі нарықтық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан менің дипломдық жұмысымның тақырыбы қазіргі күні өзекті мәсеслердің бірі болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен маңызы банктің қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржы ресурстарын бөлу және тиімді пайдалану механизмін талдау болып отыр.

Бұл мақсатқа жетуге келесідей міндеттер қойылады:

  • банктің даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
  • банктің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
  • банктің қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау, құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
  • банктің төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
  • банктің даму перспективасы мен стратегиясына баға беру;

Зерттеу объектісі - «АТФБанк» акционерлік қоғамының іс тәжірибесінде қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану тиімділігін экономикалық бағалауы көрсетіліп отыр. Дипломдық жұмысты орындау барысында «АТФБанк» АҚ- ның жылдық баланстары, табыстар мен шығындар есебі, өзге де қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылады.

Зерттеу пәні банктің қаржы ресурстарын талдау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Банктің қаржы ресурстарын қалыптастырудың теориялық аспектілері негізделді.
  • Макро және микро деңгейдегі қаржылық ресурстардың негізгі түрлері анықталып, нақтыланды.
  • Қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және тиімді пайдаланудың структурасы мен тәсілдері негізделді.

Дипломдық жұмыстың ақпарат көзі. Мен осы диплом жұмысымды жазу барысында материалдарды көптеген әдебиеттер, газет-журналдардан сонымен қатар интернет желісінен, «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының бухгалтерлік есебінен алдым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, экономикалық маңызы көрсетіліп негізделген мақсаттары мен міндеттері, структурасы қарастырылған.

Жұмыстың бірінші бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық аспектілері, екінші бөлімінде қаржы ресурстарын басқару структурасы, үшініші бөлімінде қаржы ресурстарын бөлу және оны тиімді пайдалануды жетілдіру негіздері ескерілді. Банктің өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу үшін міндетті шарттары мен оның қажеттіліктері тілге тиек етіледі және халықаралық есеп беру стандарттары, оларды енгізуге байланысты өзгерістер жайлы сөз қозғалады. Себебі қазіргі кезде мемлекетіміз халықаралық стандартқа сай болу үшін жаңа есеп беру структурасыне көшті. Бұл тараудың әрі қарай практикалық бөлімде талдаулар жүргізу үшін маңызы зор.

Жұмыстың екінші тарауы үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде «АТФБанк» акционерлік қоғамының экономикалық сипаты, қаржылық ресурстарын талдау, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау туралы мәліметтер берілген.

Үшінші тарау бір бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде банктің қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жетуге келесі міндеттер қойылады:

  • банктің даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
  • банктің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
  • банктің қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау, құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
  • банктің төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
  • банктің даму перспективасы мен стратегиясына баға беру;

Нақты осы жұмыстың басты мақсаты - зерттелетін банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны ұйымдастыруды талдау, қаржыны бөліп және оны тиімді пайдалану механизмін зерттеу болып отыр.

1. БАНКТІҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық аспектілері.

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар - бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдары мен ақшалай қорлары. Қаржылық ресурстар ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Тап қаржылық ресурстар қаржылық категорияны баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржылық ресурстар өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері: таза табыс, қосылған құн салығы, акциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы мен қаржылық ресурстар - бара-бар ұғымдар емес. Қаржылық ресурстар өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржылық қатынастар дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің 60%- ға жуығын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтырға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде қаржылық ресурстар неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржалық ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты.

Қаржылық ресурстардың құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттік функцияларына сәйкес жұмсалады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі структурасы салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;

Екіншіден бюджеттен тыс қражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы жоспарлары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржылық ресурстардың жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайда бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен қаржыландырудың дара жоспарлары арасында шашырап кеткен.

Қаржы ресурстары мен капитал компания қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл компания айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.

Қаржылық ресурстардың көздері қоғамдық өнім құнының келесідей элементтерінен тұрады:

  • амортизациалық аударымдар «С»;
  • мемелекеттік салықтар «V»;
  • таза пайда «m»;

Амортизалық аударымдар, айналым қаражаттары, табиғи орта мен минералдық-шикізат базасын толықтыруға аударылатын аударымдар, компания өнімінің өзіндік құнында материалдық шығындардың құрамына кіретін төлемдер құрылады.

Мемлекеттік салықтар, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар (салықтар), қарыдар мен лотереялар бойынша түсімдер сияқты қаржылық ресурстардың көззі болып табылады.

Таза табысты (пайданы), жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар мен түсімдерді (кеден баждары, кедендік рәсімдер үшін төлемақы) кіріктіреді.

Қаржылық ресурстардың бір бөлігі қоғамдық өнімнің бірнеше элементтерінің құрамында кешенді түрде қалыптасады. Мәселен, шаруашылық органдар деңгейінде өнім, жұмыстар немесе қызметтер өндіруге және оларды өткізуге жұмсалатын шығындарға тура келетін салықтар, алымдар және арнаулы қорларға аударылатын аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері - роялти, бонустар, көлік құралдары салығы, мемлекеттік баж, ластандыратын заттардың шығарылуы мен тасталынуы және қалдықтарды орналастыру мен төлемдер және басқалар түрінде ресурстар қалыптасады. Сонымен осы қаржылық ресурстарды кесте түрінде көрсететін болсақ:

Кесте 1

Қаржылық ресурстардың құрамы

Жалпы қоғамдық өнім: Жалпы қоғамдық өнім
Жалпы қоғамдық өнім: С
V
M
Жалпы қоғамдық өнім: Материалдық шығындар
Қажетті өнім
Қосымша өнім
Жалпы қоғамдық өнім: Өзіндік құн (шығындар)
Жалпы қоғамдық өнім: Аморти-зациялық аударым-дар
Айналым қара-жаттары
Матери-алдық шығын-дар құрамын-дағы төлемдер
Ұлттық табыс
Жалпы қоғамдық өнім: Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)
Таза табыс (пайда)
Жалпы қоғамдық өнім: Халықтан алынатын салықтар
Жанама салықтар
Жалпы қоғамдық өнім: Қарыздар
Жанама салықтар (Қосылған құн салығы, акциздер, басқалары)
Жалпы қоғамдық өнім: Ерікті жарналар
Жалпы қоғамдық өнім: Табиғат ресурстары үшін төлемдер
Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер
Жалпы қоғамдық өнім: Баждар, лицензиялар үшін төлемдер, тіркеу алымдары
Жалпы қоғамдық өнім: Табиғатты қорғау қорларына төленетін төлемдер
Жалпы қоғамдық өнім: Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер
Жалпы қоғамдық өнім: Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (инвестициялар, қарыздар, трансферттер, гранттар)

Қайнар көзі: С. Құлпыбаев, В. Д Мельников «Қаржы негіздері»

Мемлекеттік қаржылық ресурстардың көзі сонымен бірге мемлекеттік кредит, инвестициялар арқылы тартылған қаражаттар болып табылады.

Қаржы ресурстардың көздері макродеңгейде, яғни мемлекет деңгейінде және микродеңгейде, яғни шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродеңгейдгі қаржылық ресурстардың көздері:

  • Ішкі жалпы өнім;
  • Ұлттық байлық
  • Тартылған (қарыз) ресурстары және басқалары.

Микродеңгейдегі қаржылық ресурстардың көздері:

меншікті қаржылық ресурстардың көздері: өнім өткізуден түскенн табыс (компания ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді) ;

Субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзег активтер) ;

Шаруашылқ жүргізуші субъектінің меншікті қаражаттарына теңестірілген қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады) : тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы - жұмыскерлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қармағыда болады) ;

Тартылған қаражаттар (бұл банктің қаржы рыногында - бағалы қағаздар, несие капиталдар және т. б рыногында қалыптастыратын қаражаттары) ; акциялар мен облигацияларды сату; қарыз- қаражаттар;

Қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден бюджеттен) алынатын қаражаттар; сақтық өтемдерді (сақтандыру- қаражаттарды қайта бөлу әдісі) .

Макродеңгейдегі қаржылық ресурстардың негізгі түрлері болып мыналар табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдардың кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

Микродеңгейдегі қаржылық ресурстардың түрлеріне мыналар жатады: пайда (шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы) ; амортизацияқ аударымдар; кредиттер; сақтық өтемдер; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім- ақша; орнықты пассивтер; құрылыстар ішкі ресірстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздары сатудан алынған табыстар; жоғары құрылымдардан аударылған қаржылық ресурстар; бюджет субсдиялары және басқалар.

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді

Орталықтандырылған қаржылық ресурстар бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасада және өндірісті кеңейтуге, компания жұмыскерлерінің әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады. [1]

Мұндай қағида банктің қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары банктің капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында банктің қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, компания соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Қазіргі нарықтық жағдайда қызмет етіп тұрған компаниядарда қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы мүмкін емес. Қаржылық есептемеде қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

Қазіргі нарық жағдайында кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл банктің қаржылық жұмысын қиындатады.

Қазіргі нарықта банктің капиталы ақшалай түрде ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа табыстар әкелуі тиіс. Банктің кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы компанияға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

Қаржыландырудың екі түрі бар. Олар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мұндай бөлу банктің қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арасындағы қатаң байланыспен негізделген.

Компанияны құру кезінде оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, банктің ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал банктің инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді. [1]

Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде қалыптасады. Оның мөлшері компанияны тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету, қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т. б. ) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.

Жарғылық капитал қаражаттардың қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.

Банктің меншікті капиталының құрылымын келесі кестеден байқауға болады:

Кесте 2

Банктің меншікті капиталының құрылымы.

Қайнар көзі: «Қаржы, ақша айналысы және несие» Смағұлова Р. О., Мәдіханова Қ. Ә., Тұсаева Ә. Қ., Сатыпалдиева Ж. Ш. Алматы:экономика 2008

Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады.

Өткізуден түскен түсім өнім өндірісіне шығындалған қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар қорының қалыптасудың негізгі көзі болып табылады, оның өз уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының үздіксіздігін, компания қызметі процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өткізуден түскен түсімнің уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға әкеледі.

Түсімді қолдану бөлу процестерінің алғашқы кезеңін көрсетеді. Өткізуден түскен түсім банктің шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек материалдарына, сонымен қатар компанияға көрсетілген қызметтерге материалды шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен түсім кейінгі бөлу негізгі құралдар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіру көзі ретінде амортизациялық аударымдар қалыптасуымен байланысты. Өткізуден түскен түсімнің қалған бөлімі - жалпы табыс немесе еңбекақыны төлеуге және банктің табысын қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерге бағытталған қайта құрылған құн.

Өткізуден түскен түсім қаражаттардың айналымдылығының аяқталуын білдіреді. Өткізуден түскен түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары және айналыстары айналым қаражаттар көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке алынған қаражаттар айналымының нәтижесі - шығыстарды өтеу және қаржыландырудың меншікті көздерін құру: амортизациялық аударымдар және табыс.

Табыс және амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаражаттар айналымының нәтижесі болып табылады және банктің меншікті қаржылық ресурстарына жатады.

Амортизациялық аударымдардың тағайындалуы - негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз ету. Экономикалық мәні бойынша амортизация - бұл негізгі құралдар және материалды емес активтер (сонымен қатар құны аз және тез тозатын заттың) құнының олардың өндірілетін өнімдерге және тозу мөлшеріне байланысты біртіндеп көшіру процесі. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудың мақсатты көзі.

Экономикалық категория ретінде табыс - бұл қосымша еңбекпен қалыптастырылған таза табыс. Табыс кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа, табыс арқылы оны бөлу және пайдалану процесінде материалды қызығушылық қағидасы, сонымен қатар материалды жауапкершілік қағидасы орындалады. Компания қолында қалатын табыс - бұл оның қажеттіліктерін қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттарын жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға болады. Жинақтау және тұтыну табысты бөлу пропорциясы банктің даму перспективасын анықтайды.

Табыс экономикалық мазмұны бойынша түрлі қажеттіліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлгенде мемлекет түрінде жалпы қоғам мүдделері, банктің кәсіпкерлік мүдделері және оның жеке қызметкерлерінің мүдделері қиылысады. Амортизациялық аударымдарға қарағанда табыс компания қолында толығымен қалмайды, салық түріндегі оның маңызды бөлігі бюджетке түседі, ал ол компания мен мемлекет арасында таза табысты бөлу бойынша қаржылық қатынастар сферасын анықтайды.

Бұл табыстың бөлігінен кейін қалдық бөлу - банктің артықшылығы.

Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен табыс бөлігі банктің ақшалай ресурстарын құрайды. Олар банктің өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтердің - бағалы қағаздарды сатып алу, басқа компаниялардың жарғылық капиталына салымдар ретінде қолданылады. Жинаққа пайдаланылатын табыстың басқа бөлігі банктің әлеуметтік дамуына бағытталады. Табыстың бір бөлігі тұтынуға пайдаланылады, оның нәтижесінде компания мен тұлғалардың арасында қаржылық қатынастар туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің меншікті капиталын басқару
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz