Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 тарау . Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі

1. 1. Қазіргі әлемдік экономикадағы ақпараттық саланың жағдайы мен даму тенденциясы

1. 2. Ақпараттық қызмет саласында маркетингтің қалыптасуы мен оның ерекшелігі

2 тарау . Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қызмет пен ондағы маркетингтің қалыптасу алғышарттарына талдау

2. 1. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қызмет саласының қазіргі даму жағдайын талдау

2. 2. ҚР ақпараттық қызмет көрсететін кәсіпорындарындағы маркетингтік іс әрекеті

3 тарау . Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технология саласындағы кәсіпорындардың маркетингтің даму болашағы және оның ықпалын күшейту мүмкіндіктері

3. 1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет көрсететін кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру

3. 2. Ақпараттық қызмет рыногында маркетингті қоданудың шетелдік тәжірибесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Соңғы кезде еліміздің ақпараттық қызмет саласының нарығы қарқынды дамып келеді. Бұл осы саладағы маркетингті қолдануды қажет етеді. Маркетингті қолдану компанияларға бәсекелік артықшылық, табыстың өсуі, компанияның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Сондықтан бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі мен маңызы ерекше деп айтсақ болады. Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саладағы маркетингті теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты терең талдап, зерттеуге арналған.

Маркетинг саласы еліміздің экономикасындағы жылдам қарқынмен дамуда және оның бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда ақпараттық саланың экономикамыздың дамуна әсері зор. Орта дәулетті қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық аясындағы қызметтеріне жоғары телекоммуникациялық технология кең көлемде ене бастады деп айтуға әлі ерте. Қалай болғанда да бұл үрдіс жарқын көрініс таба қоймағанымен, үміт отының белгілері қазірдің өзінде біліне бастады. Бұған ұтқыр байланыс, интернет және бекітілген телефония сияқты телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінің өсу қарқыны куә бола алады. Осы үрдістердің барлығында да маркетинг өз қызметтерін белсенді түрде ұсынады. Ендеше осы үрдістердің жетік дамуына маркетингтің оң ықпал етуін қадағалау қажет.

Жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының ақпараттық технология саласындағы компанияларда маркетингті дамыту үшін теория-әдістемелік және практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

- қазіргі әлемдік экономикадағы ақпараттық саланың жағдайы

- ақпараттық қызмет саласында маркетингтің қалыптасуы мен оның ерекшелігі

- Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қызмет саласының қазіргі даму жағдайы мен ондағы маркетингтің қалыптасуы

- ҚР ақпараттық қызмет көрсететін кәсіпорындарындағы маркетингтік іс әрекетке талдау

- Қазақстандық ақпараттық қызмет рыногындағы маркетингтік құралдарды қолдануды жетілдіру

- Бәсекелестікке қабілеттілікті тездету мақсатында ұсынылған тиімді жоба құру.

Жұмысымың объектісі - Қазақстан Республикасындағы ақпарыттық қызмет саласындағы компанияларда маркетингті қолдану.

Жұмысы белгілі бір деңгейде алдына қойған мақсатты орындау үшін теориялық тұрғыдан да, талдау тұрғысынан да жан-жақты жүйеленген.

1 бөлімде ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен даму деңгейі, әлемдік экономикадағы ақпараттық саланың жағдайы, ерекшелігі кеңірек қарастырылады.

2 бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қызмет пен ондағы маркетингтің қалыптасу алғышарттары, қазіргі даму жағдайы, ақпараттық технология көрсететін кәсіпорындарындағы маркетингтік іс-әрекеттер талданады және ұсынған өз жобамды қарастырдым.

3 бөлімде Шет ел тәжірибесінде Қазақстанның ақпараттық технология нарығындағы маркетинг мүмкіндіктерін талқыланып, қалыптастыру және дамыту жолдары қарастырылады.

Қазіргі заманда әлемде толыққанды ақпараттсыз орнықты дамуға жету мүмкін емес. Сондықтан да әлемнің барлық мемлекттері өздерінің ұлттық өрістерін дамытуға мүмкіндік жасайды. Әсіресе, телекоммуникациялық қызмет түрінде. Себебі, телекоммуникациялық қызметтер өз кезегінде белгілі бір ақпараттың қызмет етуіне ғана емес, сондай- ақ ұлттық тауарларға, ақпараттық өрістің мемлекет ішінде және оның сыртындағы жұмысының маңызды элементтерінің бірі ретінде, имидж жасайды. Әлемнің барлық мемлекеттері бір уақытта әртүрлі формада бұл өрісті бақылап отыр. Мемлекеттің телекоммуникациялық қызмет көрсетуінің дамытылуы алдыңғы қатарлы халықаралық ақпараттық технологияларды енгізуге жол бере отырып, елде ақпараттық кеңістікті толық жетілдіруде маңызды рөл атқарады.

1. АҚПАРАТТЫҚ САЛАДАҒЫ МАРКЕТТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БҮГІНГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ

1. 1. Қазіргі әлемдік экономикадағы ақпараттық саланың жағдайы мен даму тенденциясы

Ақпаратты игере білген адам, әлемді де бағындыра алады. Бұл XIX ғ. Ротшильдтің өзімен келтірілген жетістік формуласы, XXI ғ. ақпарат құндылығы әрдайым жоғарылайтындықтан қазіргі таңда үлкен мағынаға ие. Бірінші кезекте бұл телекоммуникация секторы болатын, ақпараттық трафик және қызмет көрсетуді ұйымдастыруға ұтымды мүмкіндік беретін тиімді құрал- жабдықтарға деген сұраныс бір мезгілде көтеріледі.

Халықаралық экономикалық байланыстар жүйесі мен әлемдік шаруашылық үшін осындай экономика секторының өспелі маңыздылығы әлемдік мемлекеттер басшылығы аударатын назарда да көрсетіледі.

Қазіргі кезде ақпарттық технология жылдам қарқында дамып келе жатқанәлемдегі нарық. Осы нарықтың маңыздылығы ұлттық деңгейдегі экономикада рөлі ұлғаюда: ақпараттық технология дамыған елдердің ЖІӨ-гі 50%-ын құрайды және бұл көрсеткіш жыдан жылға ұлғаюда. Ақпарттық технология тарату мен жаңа әлемде ресурстармен алмасу мүмкіндіктерін береді. Ол - ақапарт. Сонымен қатар, халықаралық еңбек бөлінісі, экономикалық ресурс, бір жағынан интеграциялық процестерді күшейту және жеке мемлекеттердің мамандануын жоғарлату. Ақпараттық технлогияның дамуы өз үлесін әлемдік қаржы нарығына аса маңызын тигізді. 1955 жылдары күнделікті келісімдердің көлемі барлық орталық банктердің резерв көлемдрімен салысытырғанда қызметі тез орындалды. Қазіргі кезде қаржылық институттар арасында транзакция мөлшері үнемі артуда. Осындай жоғары деңгейге жетудің негізі ақпараттық технологияның үлесіне тиесілі екенін айтуға болады [1, 9б] .

Әлемде инновациялық процестің дамуы оның тендецниясының өсуінен басталады, яғни оның орталық бастамасы - ақпараттық технология. Ол өз кезегінде әлемдік нарықтың заңына сәйкес дамиды. Ақпараттық технология мағынасында қолданбалы техника мен байланыс жүйесін қоғамдық өмірдің қажеттілігіне байланысты құрастыру, жіберу, сақтау, қайта жасау деп түсіну керек. Ақпараттық технология өзіне негзгі жаңашыл ақпараттық бизнесті қосады: компьтерлер, терминалдар, компьютерлік құрылғылар, оптикалық аппаратура, микрофильмдер, лазерлік дискілер, т. б.

Соңғы он жылдарда әлемдік нарықтағы экономикалық дамуда ақпараттық технологияның орны бірінші орында. Әлемдік нарықтағы ақпараттық технология түсінігінде халықаралық ақпараттық өніммен айырбас деп түсінуге болады. Әлемдік нарықта жоғары технологияның суюъектілері болып мемлекетер, компаниялар, жоғары оқу орындары, арнайы фондтар мен физикалық тұлғалар [2, 12б]

Құрылымның аса маңызды элементтерінің бірі болмағанымен, байланыс, ақпараттық техника және технология маңыздырақ болып табылатын әлемдік шаруашылық дамудың ақпараттық сатысына енді. Бізде Қазақстанда Ақпараттық Технология саласын жиі телекоммуникация саласымен біріктіріп, бір сөзбен «байланыс» деп атайды. Ал Жапон, Сингапур, Индия, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінде бұл сөзді екі бөліп қарастырады. Дегенмен, көптеген әдебиеттерде жеке авторлар осы сөздерді біріктіріп, бір сөзбен Ақпараттық Технология (ІТ) деп атауды ұсынады [2, 43б. ] .

Телекоммуникация - ұлттықпен бірге әлемдік деңгейдің бәрінде тез дамып келе жатқан ақпараттық ортаның құрама бөлігі болып табылады. Телекоммуникация саласы қазіргі әлемдік экономиканың құрама бөлігі болып отыр. Дегенмен оның рөлі елеулі түрде экономиканың басқа секторларының ықпалынан, адамзаттың мәдени дамуының жалпы қарқынынан ерекшеленеді.

«Ақпарат әлеуметтің дамуы мен құрылуында аса маңызды мағынаға ие. Ақпараттық - байланыстық технологияны пайдалану экономика үшін оңтайлы нәтижелер беруге қабілетті. Ол қор, тауар мен қызметтердің мобильділігін өлшеусіз көтереді, кәсіпкерлік қызметке, сауданың дамуына, еңбек етуге жағдай жасайды, әртүрлі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді нәтижелі әрі шығармашылық шешуге мүмкіндік береді, адамдардың өз потенциялдарын кеңінен қолдануға рұқсат етеді»[2, 58б. ] .

Белгілі бір (ақпараттың) қызметтер көрсеткішіне байланысты көптеген экономист ғалымдар телекоммуникация индустриасын әлемдік экономиканың жеке саласы ретінде қарастырады.

Телекоммуникациялар («Қашықтық байланыстар») - хабарламаларды жіберу үшін техникалық құралдарды беру мен хабарламаны жіберу түріндегі қызмет болып табылатын өнім, қоғамдық өндірістегі саланы көрсететін аса маңызды құрылғыш байланыс [3, 134б. ] .

«Коммуникативтік қызметтер» жеке топтарға енетіндігі секілді, атап айтқанда А. Маслоу атты американ психологымен ұсынылған.

Телекоммуникация саласы ақпаратты жіберуді іске асыратын және тұтынушыларға телекоммуникация қызметін шынайыландыратын телекоммуникация желілері мен қызметінің жиынтығынан тұрады.

Телекоммуникация желісі - телефондық, телеграфтық, факсимильді жіберулердің бір немесе бірнеше түрлерін және құжаттық хабарламалар, телевизиялық, дыбыстық және басқа да радио-сымдық хабарлау түрлері жіберуді қамтамасыз ететін технологиялық жүйе[3, 142б] .

Телекоммуникация қызметінің нарығы глобалды масштабтағы іске асыру жүйесінің аса маңызды элементі, әлемдік нарықтағы аса ірі сегмент болып табылады. Әлемдік сауда ұйымының бағамы бойынша айналымы жөнінен ол тек қаржылық нарыққа ғана жол береді.

Ақпараттық технологияның жаңа даму тенденциясын жоғары технологияның негізгі инструменті ретінде жеке қарастырады.

Соған байланысты, мамандар оның нарықта бүгінгі даму тенденциясын атап көрсетті (сурет 1) [4] . Олар ақпараттық технологияның қажеттілігі мен дұрыс бағытталған орнын анықтайды.

Сурет 1. Ақпараттық технологияның тенденциясы

Ақпараттық технологияның даму тенденциясы келесі мағынаны анықтайды: 1. Ақпараттық өнімнің өсу рөлі. Ақпараттық өнімнің әр түрдегі ақпарат ретінде адам білімінің негізі. Сондықтан, алынатын ақпараттың құрамы, дәлдігі мен жаңалығы интелектуалды жұмысшылар үшін маңызды. Ақпараттық өнімнің ақпараттық бөлімі адамдардың жан-жақтылығын дамытып, ресурстарды тиімді түрде пайдалануға бет бұрады. Мысалы, «Рейтер-2000» жүйесі соңғы фондардың құралғылары, келісмшарт құру, «Рейтер» ақпараттық агененствосының хаттамасынан басқа, графикалық суреттемелердің өзгерістерін көрсетеді. Жаңа «Рейтер-3000» стандартты қызметтерден өзге талдау мен көп жылдан бері жасалған жұмыстардың жаһанды база құрамын көрсетеді. Оған сәйкес, үнемі ақпараттық өнімнің өсіп отыруы маңызды болып келеді.

2. Бұл физикалық және логикалық элементтер жүйесінің байланысын анықтайды. Ең негізгі фактор ретінде байланыс - жаңа стандартты программалық және аппаратық құрылғылар, базалық мағлұматтар мен жүйенің пайда болуы. Жаңа технология әлемдік нарықта негізгі қозғалмалы күш болып табылады.

3. Тағы бір ақпараттық технологияның тенденциясы ретінде әлемдік нарықта ақпараттық бизнестің жаһандануы болып табылады. Теория жүзінде әр бір тұлға немесе фирма ақпаратты тұтынушы. Сондықтан, негізгі өндірушілер арасында өте жоғары бәсекелестік туындайды. Атап айтқанда дәстүрлі күшті өндірушілерге, Индия, Сингапур, АҚШ, Жапония, Оңт. Корея, Ұлыбритания, кейінгі кезде Тайвань. Бүгінгі күні ақпараттық бизнес пен экономика саласында үш ірі орталық құрылды - АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа. Бәсекелестіктің ең негізгі себептері - ақпараттық технологияның негізгі түрлеріне сұраныс.

4. Жаһандану конвергенциямен тікелей байланысты. Бұрынғы өнім мен қызметт саласын анықтау оңай болды. Дегенмен, жоғарыда аталған «ақпараттық тенденциялар» дәстүрлі түсінікті өзгертеді. Мысалы, брокерлік операциялардың кодировкасы, банктік аппараттар мен энергобақылау жүйесі. Нақты өнімдер мен қызметтер түрлері бір қызметті орындай отырып, өз кезегінде байланысты. Конвергенция көпмөлшерлі процесс.
Жұмысшыларға мамандандырылаған жоғары біліктілікті талап еткендіктен, қазірге кезде әлемде бірыңғайлы еңбек нарығын қалыптастыру процессі болуда. Онсыз ақпараттық технология мен жалпы инновациялық нарығының процессі дамымайды [4, 19 б]

Телекоммуникациялық байланыс (телекоммуникациялар) - бұл белгілер, сигналдар, жазбаша мәтіндер, сурет және дыбыстар, сондай-ақ хабарламалардың кез келген түрін радио, оптикалық және басқа да электрлік жүйелерге сым арқылы берілуі мен қабылдануы [2, 152б. ] .

Телебайланысқа телефон, бейнетелефон, телеграф, факсимильді байланыс, мәліметтер жіберу, радиохабарлама, теледидар, электронды пошта жатады. Әсіресе, дәл осы байланыс түрін қазіргі уақытта барынша телекоммуникациямен ұқсастырады. Бүкіләлемдік сауда ұйымының түсіндіруіне сәйкес «телекоммуникациялар» сигналдарды кез келген тәсілмен жіберу немесе қабылдау» дегенді білдіреді[2, 157б. ] .

Әлемдік шаруашылық телекоммуникациялар, ақпараттық техника және технологиялар барынша ерекшеленетін ақпараттық даму стадиясына кірді. Телекоммуникациялар - жылдам дамитын ақпараттық шеңбердің барлық деңгейдегі, соның ішінде ұлттық және ғаламдық деңгейдегі құрамдас бөлігі. Саланың мақсаттық бағыты ақпараттың барлық түрлерінің бөлінуі мен жіберілуі және телекоммуникациялық қызмет нарығында пайда табу. Бұл жағдайда нарық тұтынушылардың өзара толықтырғыш және өзара байланысты жүйесінің қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті телекоммуникациялық жүйелердің құндылығын жасау тізбегін қалыптастыруда белгілі бір орын алу мақсатымен бәсекелестік не болмаса серіктестік негізінде құрылған өзара байлансты ұйымдардың жиынтығы ретінде қарастырылуы тиіс.

Белгіленген сатылардың ішіндегі біріншісінде ( XIX-ғ. 20 жылдары -XX ғ. 50-ші жылдары. ) келесі электрондық бизнестің пайда болуы үшін ғаламдық телекоммуникациялық жүйенің құрылуына негіз болатын алғышарттар қалыптасады. Қызметтегі коммуникация құралдарының ішінен бұл жылдарда байланыстың аналогтық түрлері басым орын алады, коммуникацияның сандық құралдарын өңдеуді ұстап тұратын есептеуіш техника құралдары іс жүзінде болмады.

Екінші кезеңде ( XX ғасырдың 60-80жыдары) ғарыштық байланыс және сандық ақпараттық телекоммуникацияның, есептеуіш техниканың белсенді дамытылуы жағдайында электрондық кәсіпкерліктің тууына қажетті жағдай ретінде ғаламдық ақпараттық технологиялық инфрақұрылым ды жасау жүріп жатты.

XX-ғасырдың 90-жылдарынан қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтитын үшінші кезеңде қоғамның кең түрде компьютерленуі жүрді, сымсыз ұялы байланыс және талшықты-оптикалық қою желі пайда болады, қазіргі таңда баршаға мәлім кең көлемді тараған ғаламдық ақпараттық Интернет желісі мен сонымен байланысты қызмет шеңбері қарқынды қалыптасты, сондай-ақ заманауи жағдайда электрондық нарық қызметінің теоретикалық аспектілері жасалынды.

Телекоммуникациялық секторды дамытудың периодизациясының жасалуымен байланысты сұрауларға қатысты біз еңбектердің негізінде басқарушы телекоммуникациялық ортаның сипатына тәуелді түрде кезеңдерге бөлдік (1-кесте ) [7] .

1 кесте - Басым орынға ие телекоммуникациялық инфрақұрылым генезисінің кезеңдерге бөлінуі

Кезең
Басым орын алатын коммуникациялық инфрақұрылым типі
Жыл
Коммуникация құралдары
Бизнес көшбасшылары
Кезең: Бірінші
Басым орын алатын коммуникациялық инфрақұрылым типі: Аналогты (сандық емес) телекоммуни-кациялық
Жыл: XIX-ғ. 20 жыл-дары - XX ғ. 50-жылдары.
Коммуникация құралдары: Телефон, телеграфрадио, теледидар
Бизнес көшбасшылары: AT&T, Bell Telephone, BBC
Кезең: Екінші
Басым орын алатын коммуникациялық инфрақұрылым типі: Ақпараттық-телеком-мникациялық
Жыл: XX-ғ. 60-80 жылдары.
Коммуникация құралдары: Компьютер, телексфакс, байланыс спутниктері
Бизнес көшбасшылары: IBM, Western, UnionTelegraph Company
Кезең: Үшінші
Басым орын алатын коммуникациялық инфрақұрылым типі: Ақпараттық-телеком-муникациялық, ком-пьютерлік-медиатор-лық
Жыл: XX-ғ. 90 жыл-дарынан бастап
Коммуникация құралдары: Ғаламтор, элек-трондық пошта, мобильдік байла-ныс
Бизнес көшбасшылары: America-On-Line, Microsoft, Cisco, Yahoo
Кезең: Төртінші
Басым орын алатын коммуникациялық инфрақұрылым типі: Мультисервисті қол-жетімділік, сымсыз байланыс технология-сының интеграциясы, байланыс қызметі мен желілер конверген-циясы
Жыл: XXI ғ. басы
Коммуникация құралдары: Кеңтарамды сым-сыз байланыс қол-жетімділігінің технологиялары (Wi-Fi және WiMax), NGN желілері, 3 G желілері мен технологиялары
Бизнес көшбасшылары: Nortel, Cisco

Ғаламтор, мобильді байланыс және фиксирленген телефонияның жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын қамтитын байланыс қызметі мен желілердің XX ғасыр басындағы конвергенциясы телекоммуникацияның желісі мен жүйелеріне тигізген әсері соншалықты телекоммуникация қызметінің нарығы қалыптасуына қажетті жағдайлар мен назарды талап етпей қоймайды.

Дж. Форрестер, ағайынды Дон және Ден Медоуздар 60-жылдардың аяғында өздерінің ғаламдық динамикалық жүйелілік модельдерін өңдеп жатты, XXI ғасыр апокалипсисін болжады, сол кезде де АТТ есептеу және ақпарат беру құралы ретінде қаралды, әлемнің бөлшегі ретінде емес. [8, 64б. ] Әлем бөлшегі ретінде энергетикалық және ресурстық технологиялар ғана танылды, қанша дегенмен бұл технологиялардың сипаттамасы ғаламдық дамудың моделіне, әрі оптимистік және пессимистік сценарийіне қойылған болатын.

Қазіргі уақытта кез келген мемлекеттің ақпараттандырылуы оның экономикалық дамуы негізгі факторы болып, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен компьютерлік жабдықтарға негізделген жаңа сапалы әлеуметтік-өндірістік қатынастарға өту құралы болып табылады. Телекоммуникацияның дамытылуы мен жаңа сапаға көтерілуі мемлекеттің өнер- кәсібінің жылдам дамуына, отандық кәсіпорындар қызметінің ішкі және сыртқы нарықта сәтті жүруі үшін жағдай жасауға көмектесті, сондай- ақ шетелдік инвистицияны тартуға ықпал етті. Халықтың үлкен бөлігіне заманауи телекоммуникацияның қызметтерін пайдалану мүмкіндігінің жасалуы экономикалық және әлеуметтік жағынан дамыған қоғам белгілерінің және өмір сүру деңгейінің көтерілуі маңызды белгілерінің бірі.

Телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар секторын дамыту бағыттарының әртүрлілігі қаншама ғылыми-техникалық жетістіктер мен олардың бизнесте тиімді қолданылуы мен кірістірілуі мүмкіндігінің молдығымен анықталады. Соңғы жылдарда мамандар экономиканы дамытудың чилилік және көп назар аударуда. Дегенмен, көріп тұрғанымыздай, Президентіміз Назарбаев тарапынан «Қазақстан- 2030» жылдарда көрсетілген сәтті экономикалық дамытудың моделіне, назар аударсақ мақсатқа сәйкес келер еді. [9, 151б. ] . Осындай елдердің қатарына Сингапур, Тайланд, Малайзия, Индонезия және т. б. жатады. Малайзия, Сауд Арабиясы, Жаңа Зеландия, Индия секілді дамушы мемлекеттер телекоммуникациялық және ақпараттық сектор салаларын дамытуға қажетті назарды өз уақытысында аударып, экономиканың дамуында мақсатты бұрылыс жасады.

Қазақстанның Сауд Арабиясынікі сияқты мықты өсу көзі бар. Бұл даму локомативі- экономиканың мұнайлы секторы, одан түсетін кірістер ақпараттың технологияның да, телекоммуникациялық технологияның да секторын дамытуға мүмкіндік береді.

Халқының үлкен бөлігі сауатсыз (48% -ға жуығы), кедей саналатын (ЖІӨ деңгейі әр адамға 500 доллар) дамушы мемлекет Үндістанның ақпараттық- телекоммуникациялық индустриясының құруының бірегей тәжірибесіне ерекше назар аударып, үйренуге тұрарлық. Басынан-ақ капитал салуға шектеулі ғана мүмкіндігі бар және қиын инвистициялық климатқа ие бұл мемлекет. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды дамыту шеңберінде мақсатты мемлекеттік саясат жүргізді және жүргізіп те келеді. Осы саясатының арқасында, сондай-ақ үнді кәсіпкерлерінің қайырымды, жайлы қызметтерінің және қолайлы алғышарттарының арқасында Үндістан салыстырмалы түрде өте аз уақытта өзінің мықты Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар өнеркәсібін, соның ішінде программалық жабдықтау өндірісінің экспорттық саласын өз иелігіне сүйене отырып құра алады [10, 92б. ] .

ЖӨІ құрамында телекоммуникациялық саладан келетін кіріс үлесі үнемі өсу үстінде, сондай- ақ осымен шұғылданатын жұмысшылардың саны да.

Айтылып жатқан тенденцияларда XXI ғасыр басы ақпараттық қоғам заманы сияқты қарастырылады. Бұл ақпаратты дәуір өзінің дұрыс дамуы үшін ғаламдық телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруды талап етеді, бұл инфрақұрылымдардың даму темптері жалпы экономиканы дамыту темптеріне қарағанда озушы болуы керек.

Дамыған және дамушы елдерде экономиканың өсудің 1%- ын қамтамасыз ету үшін телекоммуникация саласында 3%- дық өсіміне қол жеткізуі көрінеді.

Заманауи нарықтық шаруашылықты дамытудың негізгі көзі болып ғылыми техникалық прогресс табады. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында жаңа технологиялар пайда болды, құрылымдық қозғалыстар болып жатады, экономикалық тиімділігі көтеріледі[11, 73б. ] . Ғылыми-техникалық прогресс соңғы 10 жылдағы ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар және мәліметтер жіберу технологияларының желілері сондай-ақ программалық жабдықтау аясында болған өзгерістерді жасап шығарды.

Телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар компаниялар мен адамдар арасындағы қарым- қатынас жолдарын, зерттеушілік қызмет әдістерін, сату-сатып алуды және бос уақытты өткізуді елеулі түрде өзгертті. Әлемдік экономика үшін телекоммуникациялық сектордың өсуінің маңыздылығы мынаны растайды - сектордың жағдайы мен конъюктурасы тек қана көршілес салалардың емес, сондай- ақ жалпы әлемдік экономиканың да дамуына шешуші ықпал тигізе бастайды.

Мемлекеттің телекоммуникациялық саласының дамытылуы тек экономикалық өсудің шешуші факторы ғана емес, сонымен бірге дамудың және XXI ғасырда өмір сүрудің қажетті жағдайы болып табылады.

1. 2 Ақпараттық қызмет саласында маркетингтің қалыптасуы мен оның ерекшелігі

Ақпараттық технология мен программен қамтамасыз ету аясындағы маркетинг өткізуді дұрыс ынталандырған жағдайда тұтынушылар қажетті уақытта және керекті жерде қызметтермен қамтамасыз етуді бағыттаған. Яғни, клиенттердің қажеттілігін анықтауға және қанағаттандыруға бейімделген қызметтерді жасау, жылжыту және өткізу сатылары жатады.

Қызмет саласындағы маркетинг және дәстүрлі маркетингтің ортақ принциптері келесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агро маркетинг
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қонақжайлылық тарихы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Инновациялық маркетингтің басқару
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz