Қолма-қолсыз есеп айырысу жайлы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ . . . 5

1. 1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы және оның экономикалық мәні . . . 5

1. 2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері . . . 11

1. 3 Банкаралық корреспонденттік қатынастар. Корреспонденттік

шоттарды ашу тәртіптері . . . 23

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ . . . 29

2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қызметінің сипаттамасы . . . 29

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қаржылық жағдайы

мен қолма - қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау . . . 40

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қолма - қолсыз

есеп айырысудың электронды нысандарының қызметі . . . 47

3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 55

3. 1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру . . . 55

3. 2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді

банктік қадағалау жүргізу . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

ҚОСЫМША . . . 72

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс қолма-қолсыз есеп айырысу саясатын еңгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан, микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. /1/

2006 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, қолма-қолсыз есеп айырысу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады. / 2 /

Қаржы қозғалысының ұдайы өндіріс үрдісі мен оның өндіріс, таратылым, айырбастау шарпары іспеттес құрылымдық бөліктерінің негізі ақшалық қатынастар саласының нақты даму мүмкіндіктерін айқындап, оларды басқаруды дамытады.

Нарықтық экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді. Ақша айналымына тән жүйелік суреттеу мүмкіндігіндегі тұтастық пен тұйықтық жеке қаржылық ағымдардың азық-түліктің түрлі даму кезеңдеріндегі материалды-заттық қорларының негізін қалайтын қатынастарды ескеруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-шаралар атқарады. [2, 4 - бөлім]

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарын жүзеге асырады және оны іс-жүзіне асуын қадағалайды.

Жеке секторлар бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері мен азық-түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды, негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады.

Мемлекеттік қаржы жүйесі таратылушы және қайта құрылушы қаржылық қатынастарды суреттейтін ақша қозғалысы ағымдарын бақылайды. Сонымен қатар қаржы жүйесінің қаражаттары халық шаруашылығының төлем қабілетті кейбір бөлімдерінің қажеттіліктерін қалыптастыруына да қатысады.

Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.

Қаржы айналымы жүйесінде тұтынушы сектор ерекше орын алады. Дайын өнімді пайдалану кезеңінің қаржыландыра отырып, халықтың ақша айыналымы барлық қаражаттың қозғалысын аяқтайды деуге болады. Халықтың ақша айналымының негізгі элементі - отбасының ақша айналымы. Отбасы ақша айналымының дәл осы кезеңінде жалпы экономикалық және қаржы саясатының әлеуметтік бағыты көрінеді. Осы орайда отбасы бюджетін талдау мен оның көпжақтылығы тұтыну секторында ақша айналымын зерттеуге негіз бола алады.

Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысу барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының өсуі - қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.

Зерттеудің міндеттері:

  • қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
  • банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын

зерттеу;

  • қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы

проблемаларды зерттеу; .

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.

Зерттеу пәні - қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-қолсыз есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және экономиканың негізгі құралдар болып табылады.

Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: «Коммерциялық банктер және олардың ақшаларының айналыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2006 жылғы халыққа Жолдауы, Халевинская А. М., Лаврушина О. И., Коробова Г. Г., Тавасиева А. М. оқу құралдары, Деньги и кредит, Банки Казахстана журналдары.

  1. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Бұл тарауда қаржы айналымын қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қолсыз айналымдардың айырмашылығын анықтап алу. Қаржы айналымын түрлерін қарастырып толық түсінік, есеп айырысудың ең тиімді түріне талдау.

  1. Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы және оның

экономикалық мәні

Өнімдер жиынтығының өндірісі барысында туындайтын көптеген жағдайларға байланысты қаржы айналымы екі түрге бөлінеді:

  1. өнімдерді өндіру және ақшаға айналдыру үрдісін көрсететін айналым, яғни тауар есептерімен байланысты айналымдар;
  1. тауарлық емес есептермен айнлысатын айналымдар.

Қаражат қызметі мен есеп айырысу тәсілдерінің ерекшеліктеріне байланысты қолма-қолсыз ақша айналымдары пайда болады.

Қаржы айналымының негізгі бөлігін қолма-қолсыз айналым құрайды. Өнеркәсіптер мен ұйымдардың, несиелік мекемелер мен қаржылық ұйымдардың есеп айырысулары қолма-қолсыз қолма-қолсыз іске асады, яғни клиенттердің банктардағы несие құжаттары мен өзара талаптарын көрсететін қағаздар арқылы келісе береді.

Қолма-қол есеп айналым дегеніміз - қолма-қол ақшамен төлем жасау жиынтығы.

Егер қолма-қолсыз айналымда ақша төлемақы қызметінде қолданылса, қолма-қолсыз айналымда ақша төлемақы мен келісім құралы ретінде пайдаланады.

Келісім ретінде қолма-қолсыз ақша біріншіден, халықтың бөлшектік саудамен айналысатын өнеркәсіптермен есеп айырысуында пайдаланады. Тауар базарлар мен жеке адамдардан қолма-қолсыз ақшаға сатылып алынады. Өндіріс орындары, ұйымдар мен мекемелер төлемақының сомасы заң бойынша рұқсат етілген шектен шығып кетпеген жағдайларда қолма-қолсыз ақшаға қажетті тауар сатып алады.

Қолма-қолсыз ақша көбінесе жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеуде қоданылады. Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақша зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақы төлеуде; банкілердің халыққа тұрғын үй құрылысына және шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелер беруде; сақтандыру өтемін төлеуде, т. б. пайдаланады.

Қаржы айналымын қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қолсыз айналымдардың айырмашылығын анықтап алу қажет. Қолма-қолсыз айналымда ақша тек төлемақы ретінде қолданылады, сәйкесінше, қолма-қолсыз ақша мен ақша тек төлем құралы ретінде пайдаланатын бөлігі қолма-қол айналымның негізгі элементі болып табылады. Олай болса, төлемдік айналым қаржы айналымының бір бөлігі ғана болып шығады, ал қолма-қолсыз айналым - тек төлемдік айналымның бір бөлігі.

Жоғарыда келтірілген дәйектерді ескере отырып, төмендегідей қорытынды жасауны болады: ақша айналымы - ұдайы өсіп отыратын халық сұраныстарын қанағаттандыру үрдісі мен төлемдік және келісім қызметінде жүретін қолма-қолсыз ақша қозғалысының жиынтығы.

Қаржы айналымын ұйымдастыру қаржылық шығындармен салыстырғанда табыс көздерінің үнемі дамуына келіп тіреледі. Бұндай мақсатқа шаруашылық ұйымдар мен халық арасындағы есеп айырысуды жеделдету арқылы қаржы айналым үрдісін тездету көмегімен жетуге болады. Есеп айырысу арқылы қаражат өндірістік қорларға ауысады, табысты ақшалай түрде тіркейді. Осылайша есеп айырысу қаражат айналымының маңызды бөлшегі болып табылады, ал оның уақытында аяқталуы өндіріс үрдісін қалыптастыруға шарт болады.

Нарық пен нарықтық қатынастар жағдайларындағы манызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер қатары айналым, төлем және қорлар ретінде қызмет ететін ақша айналымын белгілейтін ақша қаражатының қалыптасуын зерттеуді талап етеді.

Қаржы айналымын екі түрде қарастырсақ толық түсінік ала аламыз: біріншіден, экономикалық айналымға қатысушылардың табыс пен шығын арасындағы тепе-теңдік байланыстары, екіншіден, банк жүйесі арқылы жүретін ақша қозғалысы. Сәйкесінше, бұл қаржылық табыстар мен шығындар көрсеткіштерінің, төлем қабілетті сұраным мен оны қанағаттандыратын экономиканың жеке секторларының (қаржы өндірісі, өндірістік емес сала, мемлекеттік бюджет, тұтынушы сектор), сонымен қатар банк жүйесі арқылы жүретін акта қозғалысының қалыптасуынан көрінеді.

Ақша қаражаты банк есеп-шоттарында сақталады, ал банктар есеп айырысу операцияларын іске асырады, сонымен қатар төлеушілерге немесе қаражат алушыларға несие беріп отырады. Алайда, қаржы айналымы толығымен банк басқармасының нысаны болып табылмайды. Қаржы айналымы қызметінің басты саласы шаруашылық ұйымдары ақша айналымының қалыптасуы мен таратылуы шеңберінде етеді. Сонымен қатар банк жүйесі жеке қаражат иелері арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынастар, эмиссиялық және несиелік қатынастар өзіндік қатынастар саласын, дәлірек айтқанда еліміздің экономикалық шекарасы шеңберіндегі банктік несиелеу мен ақша айналымы заңдарына сәйкес қаражат көздерінің құрылуы мен пайдалану саласын айқындайды. Бұл банктік несиелеу саласын, есеп айырысу, ақшалық және несие механизм негізіндегі ақша қаражатының қажетті мөлшері айналымының қалыптасу саласын басқарады.

Шаруашылықтың қызмет ету саласы тауар ағымдарының біртіндеп ақшаға айналуын, немесе керісінше ақшаның тауарға айналуын, сонымен қатар, әрбір уақытта бір жағынан тауар бір жағынан ақша ағымы айналымдарының қалыптасуын бақылайды.

Ақша ағымы қолма-қолсыз ақша қаражатын анықтайды. Сатылған тауар, көрсетілген кызмет пен орындалған жұмыс үшін қолма- қол ақша алатын ұйымдар мен өперкәсіптер қаражатты банктардың есеп-шоттарына тапсыруға міндетті. Өз кезегіне, өнеркәсіптер мен ұйымдар банк мекемесінен еңбекақы, жәрдемақы, сапарақы мен т. б. шаруашылық қажеттіліктерді өтеуге колма-қол ақша алады. Бұл операциялар банктың кассалық бөлімінде іске асады. Банктағы барлық қолма-қол ақша жиынтығы банктың операциялық кассасы деп аталады. Оның кұрамына кіріс-шығыс кассалары, операциялық күн аяқталғаннан кейін қолма-қолсыз ақша қабылдауға арналған кешкі кассалар, каржылық табысты санайтын кассалар кіреді. Операциялық кассалар саны банктың көлемі мен қызметіне байланысты.

Қолма-қолсыз ақша қаражаты чектар, вексельдар, карточкалар арқылы іске асады, операциялар клиенттердің банктардағы жеке есеп-шоттары арқылы жүзеге асырылады.

Шаруашылық қатынастар - банк қызметінің міндетті шарты. Олар банк қызметінің тоқтаусыз үрдісін қамтамасыз етеді. Шаруашылық қатынастар бір жақта қызмет көрсету саласы, екінші жақта клиентер тұрған жағдайда келісімдік қатынастар арқылы тіркеледі.

Есеп айырысу қатынастары дегеніміз - бір жақ келісімдік міндеттерін орындаған кезде, екінші жақ белгіленген мерзімде тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасын төлеуге міндетті.

Ақшаны қабыддау мен тарату немесе қолма-қолсыз қолма-қолсыз қаражатты ерекше формалы кұжаттар арқылы банк шотына тіркейді. Солардың арасында қолма-қолсыз ақшалы жарна, чек, төлем тапсырысы, есеп айырысу чектері, талаптар жиынтығы, аккредитивтар кеңінен пайдаланады.

Несие - пайыз төлей отырып ақшаны немесе тауарларды қарызға беру; экономикалық құн категориясы, ақша-тауар қатынастарының ажыратылмас элементі.

Несиенің пайда болуы және дамуы капиталдың шыр айналуымен және айналуымен байланысты. Негізгі және айналым капиталының қозғалыс процесі барысында ресурстардың босатылуы орын алады.

Несие саясаты несие меңгерудің барлық процесінің негізін жасайды. Несие саясаты займ беру, рәсімдеу және оларды басқаруға жауапты банк қызметкерлері негізге алуға тиіс объективті стандарттар мен өлшемдерді анықтайды. Несие саясаты директолар кеңесінің, заңгерлердің және стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың іс-әрекетінің негізін бекітіп, сыртқы және ішкі аудиторларға банктегі несие меңгеру сапасы мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Несие саясаты дұрыс құрылып жоғарыдан нақты түрде өткізілгенде және банктің барлық деңгейлерінде жақсы ұғынылғанда банк басшыларына несие саласындағы дұрыс стандарттарды сақтауға, керексіз тәуекелдерден қашық болуға және істі дамыту мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға көмектеседі.

Банк жұмысын бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар банктің қонымды несие саясаты несие тәуекелдігін дұрыс басқарудың негізі болып табылады деп есептейді. Ауыспалы кезеңдегі дамушы елдерде несие саясатын көп жағдайда қаржы билеушілері анықтайды да банктер несие саясатында айқын критерияларды ұстанбайды және оларды өздері құруға да тырыспайды. Мемлекет қаржы нарығынан кете бастағанда банктерге дамудың ішкі саясатын белсенді түрде өздері жасау қажеттілігі туындайды.

Несие берудегі коммерциялық банктердің айырықша ролі банктік операциялардың негізі болып табылады. Банкирдің жұмысы салым салушылардың ақшаларын кімге сеніп тапсыруға болатынын шешу. Банктердің бұл функциясы капитал құрылымындағы ливеражды өсіретін өте маңызды және мейілінше сезімтал процесс болып табылады.

Банк қандай несиелерді бере алатындығын, ал қандай несиелерді бере алмайтындығын, несиелердің әр түрінен қанша несие беретіндігін, несиелерді кімдерге беретіндігін және бұл несиелер қандай жағдайда берілуі мүмкін екендігін анықтап алуға тиіс. Оп-оңай және тез уақытта ауыр жағдайға душар болып қалу мүмкін бизнестің банктерден басқа салаларын табу қиын. Тәуекелге мән бермеуге болмайды.

Осы маңызды шешімдер несиелер, депозиттердің, өз капиталының және міндеттерінің оптималды арақатынастарын сақтауды несие саясатының мақсаты қылуды талап етеді. Сауатты несие саясаты несие сапасының өсуін қамтамасыз етеді. Несие саясатының мақсаттары заңдық бақылаудың жекелеген элементтерін, тәуекелдің саналы дәрежесі, несиелік портфельдің балансын және мезгіл міндеттерінің құрылымын енгізу керек.

Директорлар кеңесі несие саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Жұмыс несие берудің негізгі ережелерді және осындай несиені беру рәсімдерін бекітетін кеңес мақұлдаған құжаттан басталады.

Банктің алдында экономиканың қүрделі және үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу қажеттігі туындағанда және бұрын қойылмаған немесе қойылсада жете мән берілмеген мәселе пайда болғанда несие саясатын құрудың маңыздылығы арта түседі. Саясаттың құрастыруы директорлар кеңесі жағынан не банктің несие комитетінің жағынан банк жұмысының нәтижелілігі және табыс тұсынан тәуекелдің орындылығын бағалауды керек етеді.

Коммерциялық банктер өз мамандануға сәйкес несие саясатының жалпы негіздерін құрастырады (әлемдік тәжірибесінде - несие саясатының меморандумы), оның негізгі мақсатын жасайды және несиелендірудің негізгі бағыттарын анықтайды.

Несиелік операциялар өңдірістің ыдырауы, экономиканың тұрақсыздығы жағадайында едәуір өсетін тәуекелмен байланысты. Бұның ішінде табыс мәселеге қарамастан тәуекелді операциялардың бөлігі неғұрлым аз банктің сапалы несиелік портфелінің қалыптасудың қажетін анықтайды. Тәуекел дәрежесі несиелік ресурстардың бағасы мен банктің әкімшілік шығындарын есептеумен несие бойынша табыстың жалпы нормасына сәйкес болу керек. Несие саясатын анықтау барысында несие стратегиясы бәсеке жағдайында қажет клиенттерінің және ұсынатын қызметінің диверсификациясына бағытталу керек.

Несиелендіру тәжірибесін жетілдіру банк үшін оптималдық несиелендіру ұйымдастыруды керек етеді.

Осы мақсатпен өз аппаратында жоғары дәрежелі маманды банк жұмыскерлері бар банктер несие алушының несие қабілетін талдау, әдістерді және несиелендіру ережелерінің оптималдық варианттарын іздеуге назар аударады. Несиелендіруді ұйымдастыру несиені шартсыз қайтаруды, оларды мақсатты қолдануды, өнімдерді шығару мөлшерінің өсуі, перспективті нәтижелі салаларға инвестицияландыруға бағытталған несие салымдарды қамтамасыз ету керек.

Жалпы талаптар мен шарттар нақты несие жобаларын таңдайтын және несие келісім шарттарын жасайтын тәжірибелі қызметкерлердің ынталы жұмысына мүмкіндік беру керек. Мұндай жағдайда несиенің шекті мөлшерін әр алуан категориялары қызметкерлер қабылдайтын шешімдерімен анықтауға болады.

Банктің несие саясаты мемлекеттік экономикалық және ақша-қаржылық саясатының ережелері, берілген аудандағы шаруашылық жағдайының негізінде қалыптасады.

Қазіргі банк тәжірибесінде банктің несие саясатын анықтайтын келесі факторларын бөлуге болады:

- Капиталдың болуы;

- Әртүрлі несиелердің тәуекелділігінің және табыстылығының дәрежесі;

- Депозиттердің тұрақтылығы;

- Ел экономикасының жалпы жағдайы;

- Қаржы және ақша-несиелік саясатының әсері;

- Банк қызметкерлерінің қабілеті мен тәжірибесі;

- Банк қызмет жасайтын ауданда несие қажеті.

Банктің капиталы салушылардың мүлігін қорғайды. Капитал мен депозиттердің арасындағы қатынас банк қабылдай алатын тәуекелдің дәрежесін анықтайды. Салыстырмалы үлкен капиталы бар банктер ұзақ және тәуекел несиелерді бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Есеп айырысу операцияларды және олардың жіктелуі
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Ақша қаражаттар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Ақша қаражаттары есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz