Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист


Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Халықаралық журналистика кафедрасы
Рысқұлова Айгүл Қанатқызы
Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист
Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін қорғалатын баклавриаттық
Бітіру жұмысы
050504 - журналистика
Ғылыми жетекшісі - оқытушы Шаймаран Мұрат
Ресми сарапшысы - Есенгүл Кәпқызы
Халықаралық журналистика кафедрасының 2008 жылғы . . . мәжілісінде талқыланып, қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі . . . с. ғ. д., проф. Ибраева Ғ. Ж
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2008 жылғы . . .
Комиссия хатшысы . . . Сұлтанбаева Г.
Алматы, 2008 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 2-5
I тарау
Қасым- Жомарт Тоқаев: елші
1. 1 Тәуелсіздікті тұғырландырған тұлға . . . 6- 13
1. 2 Қаламгерліктің алғашқы адымы . . . 17-22
II тарау
Қасым -Жомарт Тоқаев: публицист
2. 1 Қоғамдық- саяси публицистика шебері . . . 23-37
2. 2 «Терең талдау, тағлымды түйін» . . . 38-48
Қорытынды . . . 49-51
Сілтемелер . . . 54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52-53
Кіріспе
Қандай да болсын егемен мемлекеттің бұлжымас және ажырағысыз нышаны осы мемлекеттің өз сыртқы саяси бағыты және соның негізінде құрылатын дербес дипломатиялық қызметі болып табылады. Сонымен қатар дипломатия ұғымын халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тереңдету, халықаралық қақтығыстарды болдырмау, реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен де байланыстырылады. Яғңи мұндай мақсаттарға қол жеткізу тікелей сөз өнерімен байланысты екені анық. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарылған сөз . . . » /1/. Ауызша түрінде де, жазбаша түрінде де сөз мемлекетаралық қарым-қатынаста, дипломатиялық қызметте айрықша орынға ие. Ежелгі грек философы Демосфеннің мына бір пікірі бұған толық дәлел: «Елшілердің жаяу әскері де, әскери кемелері де, қаруы да жоқ оларда тек сөз ғана бар». Осыдан көретініміз дипломатия жемісі тікелей сөз құдіреттілігіне байланысты екенін аңғаруымыз қиын емес. Дипломатиядағы сөздің құдіреті, әсіресе, келіссөздер жүргізу үстінде байқалады әрі маңыздылығы арта түседі. Келіссөз барысында елші дәл сәтінде сөйлемесе, барлық мүмкіндіктен айырылып қалуы мүмкін. Кейде бір ғана сөз бүкіл келісім тағдырын шешетін сәттер аз кездеспейді. Сөз дұрыс айтылмай, орнымен қолданылмаған жағдайда қаншалықты қиянат әкелетіні дипломатия тарихынан белгілі. Оның нәтижесінен халықаралық дау-дамай туғызып та жатады. Мысал ретінде 1870 жылғы Франция мен Германия арсындағы соғыстың себебін атауға болады. «Напалеон Берлиндегі француз елшісі арқылы Пруссияның испан тағынан бас тартуы тиіс екендігін ескертеді. Вильгелм I француздардың бұл өтінішін орындайды. Берлиннің бұлайша оңай беріле салуы Напалеонды онша қанағаттандыра қоймайды. Енді Пруссиядағы француз елшісіне мынандай тапсырма береді: «Вильгелм I- қайтадан барып, оның мәдениетсіз екенін айт, ешуақытта испан тағына жоламайтынына уәде беруін талап ет», - дейді. Мұндай ауыр сөзді күтпеген Вильгелм I қатты ашуланып қалады әрі өтінішін енді қанағаттандыра алмайтынын айтады. Міне, осылайша елшінің тәжірибесіздігінен бір ауыз сөзден арада от тұтанады» /2/. Жалпы, елшінің мойнына ел тағдыры мен тіршілігі жүктелген. Егер ол марғау, самарқау болса, онда екі елдің байланысы соған сәйкес дамиды. Мемлекет арасын жақындастыруда дипломаттарымыздың тек сөзді шешен құрастыра біліуі ғана жеткіліксіз. Сонымен қатар оның бойында білімі, ізденгіштігі, тапқырлығы, байсалдылығы, алғырлығы, адамгершілігі көп рөл атқарады. Халқымыздың келбеті елші жүріс- тұрысынан танылады. Сыртқы саясатымыздың сәтті болуы дипломатиямыздың деңгейіне тәуелді. Яғни елші мойнына арттағы елдің тағдыры жүктелгенін ескергеніміз абзал.
Бітіру жұмысының тақырып өзектілігі - Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардығы дипломатиямызды дамытуға, сыртқы саясатымызды тұғырландыруға ат салысқан отандық елшілеріміз баршылық. Алайда сол дипломаттарымыз тек елдің басқа халықтармен жақсы қарым-қатынас орнатып қана қоймай, сол қатынастар туралы қоғамдық маңызы зор ойларын қағазға түсіріп публицистикада да өздерінің алатын орындары бар екенгін біреуіміз білсек, біреуіміз біле бермейміз. Сондай тұлғаларымыздың бірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік алған жылдардағы басқа мемлекеттермен жоғарғы деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ат салысуымен бірге осы сара жолды орнатудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп отырды. Мемлекетіміздің тағдырына байланысты маңызды ойларын сараптап, қоғамдық қызығушылық туғызар ойларын қағаз бетіне түсіруге тырысты. Ол саяси аренада дипломат ретінде мойындалғанмен де, шығармашылығының публицистік қыры беймәлім күйде. Яғни, оның публицистикасы ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Сондықтан бұл тақырып өзекті деп айтуға тұрарлық.
Жұмыстың мақсаты. Өмірі мен шығармашылығына талдау жасай отырып публицистік қызметін анықтау. Әр жылдарда шыққан жарияланымдарына журналистік тұрғыдан ғылыми теориялық зерттеу жүргізу.
Зерттеу жұмысының міндеті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың туындыларын публицистиканың өзіне тән белгілеріне қарай топтастыру. Публицистикасының ерекше тұстарын анықтау.
Жұмыс жаңалығы. Дипломаттың шығармашылық ерекшеліктерімен қатар публицистикасының қырын айқындап алуымыз үшін тұңғыш рет ғылыми айналымға түсіп отыр. Дипломатия мен көсемсөздің туыстастығын айқындап, әрі екі саланы біріктіре қарастырып отырмыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана жарыққа шығады, басқаларға білінеді. Тілдің адам баласын прогресске жеткізген ұлы да бірегей туынды екендігі дәлелденген. Осы себептерден де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та тиімді, шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған. Ата-бабасынын берік қалыптасқан билер институты бар қазақ халқы ел басқаруда болсын, жұрт алдына шығып сөз айтарда болсын тілдің шұрайлылығына, тазалығына, сөз шеберлігіне, сол арқылы көпшілік санасына ықпал етуге ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар. Халқымыздың баяғыдан бері қарай келе жатқан осы жақсы дәстүрі біздің заманымызда ұмытылмағаны былай тұрсын, қайта ғылыми негізде дамытылып жүр. Бұл - қуанарлық іс. Әр жанрдың өзіндік нормасы, өзіндік сөз саптауы болады. Бірінде тілдік нормаға сыйымсыз болған құбылыс екіншісінде қолмен қойғандай болып шығатыны тағы бар. Бұл жағдай тілдік норма дегеніміз - бір жақты түсінуді көтермейтін қыры да, сыры да көп әр жақты құбылыс екендігін байқатса керек. Публицистика өзгешелігін анықтап алуымыз үшін А. Байтұрсынов, Т. Амандосов, Т. Қожакеев, Ә. Ыдырысов, Е. Прохоров, М. Гус, В. Даль еңбектері әрі дипломатияның қыр- сырын түсінуіміз үшін С. Абдулпаттаев, М. Есеналиев, С. Тұрсынов, Ж. Артықбаев, В. Бережков, А. Ковалев еңбектері теориялық, методологиялық бағыт- бағдар ретінде пайдалануымен қатар, қозғап отырған тақырыбымыздың мәнін ашуға жәрдемін тигізді.
Жұмыстың құрылымы. Екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда көрнекті елшіміздің өмірі мен дипломатиялық қызметі туралы айтылады. Ал екінші тарауда өмір жолы мен қызметі сараланған соң, дипломаттың публицистикасына мән берілген. Яғни оның мәмілегерлік саясатындағы өзі куә болған оқиғалар туралы қоғамдық маңызы бар ой- толғамдарын аса шеберлікпен қағаз бетіне түсіре білгендігі анықталды.
Зерттеу жұмыстың ғылыми әдістемелік негізі. Жұмыста салыстырмалы- типологиялық талдау, сипаттау, саралау, сараптау әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының қажеттілігі. Мемлекеттің халықаралық ортамен өзара іс- қимылының негізігі тетігі оның дипломатиялық қызметі болып табылады. Зерттеу барысында мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардағы сыртқы саясатының берік орнығуындағы дипломатиялық қызметтің орны ерекше. Осы мәмілегерлік қызметтің даму тарихын әрі оның қыр- сырын оқырман қауымға аса байыптылықпен түсіндіре білген публицистің еңбегі зерттеліп отырғандықтан халықаралық мәселелермен айналысып жүрген және дипломатиямызға аса қызығушылық танытатын студенттер мен магистранттарға көмекші құрал ретінде пайдалануларына мүмкіндік беруімен қажетті.
Жұмыстың нысаны. Қасым- Жомарт Тоқаевтың публицистикалық қырын ашуымыз үшін зерттеу жұмысымыздың обьектісі ретінде оның өмір жолы мен дипломатиялық қызметін әрі публицистикасын алдық. Яғни осы арқылы оның шығармашылық ерекшеліктері мен жетістіктері, маңызды қоғамдық мәні бар пікірлері айқындала түспек.
Өзінің мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халықаралық қатынастардың шынайы субьектісі болады. Осы кезеңнен бастап еліміздің сыртқы саясат саласындағы нақты жетісітіктері басталды. Рас, біздің мемлекетіміздің дипломатия мен сөз өнерінің байланыстылығы түк жоқ жерден пайда болған жоқ. Ресейге қосылғанға дейін Қазақстанның өз мемлекеттілігі, сөз өнерінің байлығы әрі сыртқы саяси дипломатиялық қызметінің үлкен тарихы болды. Қазақ хандықтары құрылғаннан бастап, қазақ халқы дипломатиялық өнердің терең дәстүрлерін қалыптастырып ондағы сөз құдіреттілігін аса бағалай білген. Сонымен қатар тамаша үлгілерін мұраға қалдырған. «Ресей мемлекетімен, Қытаймен, Жоңғар хандығымен, басқа көрші мемлекеттермен және халықтармен тұрақты тығыз байланыстарда қазақтардың халықаралық қатынастарының бай практикасы қалыптасты. Белгілі бір аумақтар үшін дау- дамайлар, титықтатқан соғыстар жүргізіу және жанжалдарды бейбіт шешу амалдарын іздестіру, одақтастық бірлестіктер құру және сауда байланыстарын өрістету қажеттігідипломатия мен келіссөздер өнерінің дамуына ықпалдасты» /3/. Сыртқы саяси және дипломатиялық саладағы Тәуке ханның, Абылай ханның және басқалардың елеулі табыстары тарихқа мәлім. Өз мемлекетін нығайта отырып, Абылай хан Қытаймен, Ресеймен және басқа елдермен күрделі де қарама- қайшылықты қатынастар жағдайында икемді, тереңінен ойластырылған сыртқы саясат, шебер дипломатиялық қызмет жүргізді. Абылай ханның сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін тағлым аларлық көптеген жарқын үлгіге ие. Осы сыртқы саясат келіссөз сәттілігімен үндес. Қазақтар қашанда сөзге ерекше, тіпті тылсым мағына берді. Арғы тегі атақты болмағанымен, иландырарлық ғұлама сөз таба білетіндігімен, өзінің руластарын жалынды сөзімен жігерлендіре білетіндігімен немесе жасанған жауды өзінің бір ғана сөзімен тоқтата алатындығымен әйгілі адамдарды халық әр уақытта сыйлап ардақ тұтты. Яғни еліміздің сыртқы саясатына шешен адамдарымыз белсене араласып отырған. «Қазақ шешендері Әлібекұлы Төле, Келдібекұлы Қазыбек, Датұлы Сырым, Қорлыбайұлы Досбол, тағы басқалар қауым ішіндегі дау- жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік- мәмігерлік қызметтерімен белгілі болған адамдар» /4/. Ал шешендік өнеріне қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар: «Шешендік дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар», - /5/ деген анықтама берген екен. Қазақ халқының Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау секілді үздік қайраткерлері мен халықтық дипломатия өкілдерінің әрекеттері туралы халық жадында талай аңыздар сақталған. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкіл халықтық күресті ұйымдастырушылардың бірі Қазыбек би жоңғарлардың билеушісі Ғалдан Серенмен келіссөздерге бірнеше мәрте қатысты. Аңызда Қазыбек би өзінің «Қаз дауысты» деген мәшһүр атағын қазақ елшісінің шешендік өнеріне тәнті болған Ғалдан Серенің өзінен алған делінеді. Қазыбек бидің жас Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатып алу жөніндегі бастауы еліміздің классикалық үлгісі деп санау әбден орынды. «Атадан ұл туса- құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса- күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз-еріткелі келгенбіз, қазақ- қалмақ баласынтеліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең- шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан- алысқалы келгенбіз. Сен сәйгүлік тұлпар болсаң, мен ақиық сұңқармын, тұтқыр сары желіммін- жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең- жөніңді айт, бермесең- тұрысатын жеріңді айт». Қазыбек бидің қаһарлы жауға қарата айтылған осы сөздері шешендік өнер мен дипломатиялық сөздің асқақ үлгісі ретінді халық жадында мәңгілік қалды. Тарихымыздағы дипломатиялық келіссөздердің тамаша үлгілері, үздік дипломаттардың тапқырлықпен айтқан сөздері халық арасында жоғары бағаланып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болады. Ал осы мирас қылып қалдырған мәмілегерлік үлгілерін қазіргі кезде жадында ұстап, халқымыздың мүддесін қорғап, көсемдігімен еліміздің марқабатына бөленіп жүрген дипломаттарымыз баршылық. Яғни Қазақстан мемлекетінің мәмілегерлік тәжірибесінің негізі тарихымыздың қойнауындағы дипломатиямызда жатыр деп айтуымызға толық негіз бар.
I ТАРАУ. Қасым- Жомарт Тоқаев: елші
1. 1 Тәуелсіздікті тұғырландырған тұлға
Мемлектіміздің мәмілегерлік саясатты іске асыруда елшілеріміздің атқарып жатқан еңбектері елеулі. Екі елдің арасында мызғымас достық орнату үшін елшінің бойында көрегендік, байыптылық, адамгершілік қасиеттерінің болғаны артықшылық етпейді. Алдымен дипломатия ұғымына тоқталайық. Дипломатия (франц. Diplomatie) - белгілі бір мемлекеттің сыртқы саясат саласындағы мақсаттары мен міндеттерін орындауға, құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған сол мемлекет пен мемлекет басшыларының және арнаулы сыртқы істер ұйымдарының халықаралық қатынастағы саяси әрекеті деген мағынаны береді. Яғни дипломатия- мемлекеттің сыртқа саясатын жүргізіу тәсілі, ол әскери емес тәжірибелік іс- шаралардың жиынтығы, белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер. Шет елдегі мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі, мемлекеттің сыртқы саяси мәселелерін және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы делегациялар, сонымен қатар мемлекттің шетелдегі азаматтарының және мекемелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі. Мәмілегерлік ұғымын халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тереңдету, халықаралық қақтығыстарды болдырмау, реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен де байланыстырады. Ең кең тараған дипломатиялық тәсілдер мыналар: жоғарғы деңгейдегі ресми келіссөздер, дипломатиялық конгресстер, конференциялар, кеңестер, кездесулер, дипломатиялық хат алысу, халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысу, дипломатиялық құжаттарды бекіту. Қорыта келгенде мәмілегерлік дегеніміз, ол:
- мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы
- тәжірибелік іс- шаралар тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы
- мемлекет және үкімет басшыларының ресми қызметі
- мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, мемлекеттің, оның шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі, халықаралық жанжалдарды болдырмау немесе реттеу, халықаралық ынтымақтастықты өрістету және терңдету мақсатындағы қызметтер жиынтығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz