Компьютердің құрылысы туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Компьютердің құрылысы
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. (2. 11-сурет) . Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажырытып- қосқыштар арқылы байланыстыратын сымдармен өзара жалғастырылады.
Компьютердің негізгі құрылғыларының блок- схемасы(212-суретте)
корсетілген. Блок-схемадан көріп отырғандай, дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары
оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем т. б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер
2. 11-сурет. Қазіргі дербес компьютердің негізгі құрылғылары
арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы т. с. с жалғасады.
Контроллер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру
Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады) .
Жүйелік блок
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың ішкі құрылысын білу үшін, оның артқы қақпағын ашу керек,
2. 13-сурет. Жүйелік блоктардың түрлері
жүйелік блоктың әр түрлі типтері үшін конструкциясында айырмашылықтар бар. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында:компьютерді қоcу өшіру батырмасы, дискжетек, компакт - дискіден оқитын СД-РОМ орналасқан. Кейбір жүйелік блоктың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады. Жүйелік блоктардың түрлері: үстелге қоятын (көлденең орналасқан), еденге қоятын немесе мұнара тәрізді(тік орналасқан) етіп шығарылады (2. 13-сурет) .
2. 14-сурет. Жүйелік блоктың ішкі көрінісі. 2. 15-сурет. Жүйелік блоктың артқы тақтасы
Мұнараға ұқсас жүйелік блоктың өз кезегіне бірнеш түрі болады, олар: мини-оны үстелдің шетіне, миди-оны жеке үстел үстіне орналастырады, мұнара-оны еденге қояды.
Жүйелік блоктың ішінде аналық(жүйелік) плата(тақша), процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, СД-РОМ, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар (2. 14-cурет) .
Компьютердің артқы тақтасында негізгі (монитордың, пернетақтаның, тышқанның порттарын) және қосымша құрылғыларды(принтердің, модемнің, сканердің, микрофонның порттарын) қосатын порттар және кірістік құрылғылар орналасқан (2. 15-сурет) .
Процессор
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол - коапьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды(операцияларды) орындайды. Бұл құрылғы берілген командаларды түсініп, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатысуымен орындалады.
2. 16-сурет. Ptntium
процессорының түрі
Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор(Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Компьютерлердің негізгі сипаттамасының бірі - оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетін жиілікке байланысты. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.
Жедел жад
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады(ОЖҚ) . Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғыни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады(өшеді) . Жедел жадта қазіргі кезде орындалып жатқан барлық программалар болады.
Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ) - компьютердің ішкі жады, оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ - дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.
Жедел(оперативті) жадтайтын құрылғы(ЖЖҚ) - ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ - дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.
Жедел жадтың негізгі сипаттамасы - оның сиымдылығы мен жылдам әрекеттілігі. Процессор мен ЖЖҚ - ЗЕМ ның негізгі құрылғылары. Компьютер жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі - ақ жеткілікті. Бірақ компьютер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар - мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.
Енгізу - шығару құрылғылары . Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсіне алатын түрде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына : пернетақта, ташқан, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, сканер (басылған немесе қолмен жазылған мәтінді беттен қабылдайтын құрылғы) жатады.
Шығару құрылғысына : принтер(баспа құрылғысы), дисплей (зкран) мен графиксалғыш жатады.
Монитор
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынш дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.
Дисплей - компьютердің «тілі».
Дисплей электронды сәулелік түтікшеден, қоректендіру
2. 17-сурет. Монитор
блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады.
2. 18-сурет. ЭСК(ЭЛТ) дисплейінің түрі
Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлерVGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке), SX6A(1280х1024), UX6A (1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Қазіргі дисплейлердің басты бөлігі электронды - сәулелік түтікше (ЭСТ) болып табылады.
ЭСТ- іші люминоформен қапталған, тік төртбұрышты экраны бар, енсіз шыны цилиндр (2. 18сурет) . ЭСТ ішіндегі арнайы конструкция электрондық зеңбірек экранда кескін шығу үшін, электрондар ағынын шығарып, оны өте жоғары жылдамдыққа дейін үдетеді.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
1. Көз тез шаршайды.
2. Дисплей жұмысы кезінде электрмагниттік және ультракүлгін сәулелері шығарылады.
Сәулелену деңгейін азайту үшін, қазіргі компьютерлерге қорғайтын экрандар немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған шыны пластиналары.
Пернетақта(клавиатура)
Пернетақта компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернлерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101немесе 105 перне болады (2. 19-сурт) . Кейіннен қосылған 3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет.
Пернелер бірнешеблокқа бөлінеді:
1. Символдық пернелнр
2. Функционал пернелер
3. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері.
4. Цифрлық
2. 19-сурет. ДК пернетақтасы
1. <Enter> немесе енгізу пернесі. Бұл - ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.
(2. 20-сурет) . Арнайы пернелер
2. Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады
3. <Shift> пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге пайдаланылады.
4. <Caps Lock> пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі.
5. <Delete> пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді (символ дисплейден және машина жадынан өшіріледі) .
Тышқан
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған.
Тышқанның бірнеше түрі болады: үш батырмалы (2. 21-сурет), екі батырмалы(2. 22-сурет) және оптикалық. Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
2. 21-сурет. Үш батырмалы тышқан 2. 22-сурет. Екі батырмалы тышқан
Тышқан қорабының ішінде резеңкемкен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан (2. 23-сурет) . Шар қораптың сыртына азғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады.
2. 23 - сурет. Тышқанның ішкі құрылысы
Джойстик
Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор (2. 24-сурет) . Джойстик қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады.
2. 24-сурет. Джойстиктің түрлері
Тұтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.
Баспа құрылғылары
Принтер- ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Притерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі түсті шығаруға болады. Принтердің бірнеше түрі:матрицалық сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты(LED) принтерлер бар.
Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және канструкциясы бойынша ең қарапайым матрициялық(инелі) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетіне із қалдырады.
СЫРТҚЫ ЖАД
Егер компьютердің тек жедел жады ғана болса, онда бірде-бір компютер ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат көлемі өте аз болады, оған қоса, компьютерді өшіргенде, ондағы ақпарат толығымен жоғалады. Сондықтан компьютердің өшірілген кезде де жазылған ақпаратты сақтайтын басқа жады болуы керек. Сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес комьпютерлерде негізгі ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпартты тұрақты түрде сақтауға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz