Халықаралық сауда жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ. . 3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ . . . 7-22

1. 1 Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері . . . 7

1. 2 Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының

ерекшеліктері . . . 9

1. 3 Сыртқы сауданының көп тарапты реттелуі . . . 15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ . . . 23-37

2. 1 Экспорттық саясаттағы сыртқы сауданың ролі . . . 26

2. 2 Қазақстан Республикасының таяу шетелмен сыртқы саудалық қатынасы . . . 28

2. 3 Қазақстан Республикасының алыс шетелмен сыртқы саудалық қатынасы . . . 29

2. 4 Қазақстан Республикасының экспортына сыртқы сауданың

әсері . . . 36

3. Қазақстанның ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУДІҢ құқықтық негіздері . . . 38-63

3. 1 Мемлекеттердің ЕурАзЭҚ мүшелерінің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі . . . 38

3. 2 Қазақстан Республикасының ДСҰ кіруінің негізгі этаптары . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

Елдер мен халықтар арасындағы сауданың дамуы мен ролінің жоғарылауы, теориялық түсіндірілуі мен болу себебінің негізделуі халықаралық айырбастаудың пайда болуынан едәуір кейін қалыптаса бастады. Бұған ішкі феодалдық бытыраңқылықты жеңу, елдер арасында жеткілікті тұрақты сауда байланысының қалыптасуы жол салды.

Халықаралық сауда теориясы оның пайда болуының себептері мен шарттарын түсіндіреді. Сыртқы сауданы елдегі алтын мен бағалы бұйымдар қорын жоғарылату мәселесінен шығаратын, ұсақ пайдакүнемшілердің ертеректегі бағыттарынан өзге, барлық негізгі концепциялар елдер арасындағы сауда себептерін экономикалық ерекшеліктер мен еңбектің халықаралық бөлінуінің тиімділіктерінен көреді. А. Смит пен Д. Рикардо, еңбек пен өндіріс шығындарының айырмашылықтарымен байланысты елдердің абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары туралы ережені негіздеді және тұжырымдады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі сатысында сыртқы сауда нақты және ұдайы өндірістік процестің, халықтың қажетсінуін қанағаттандырудың және әртүрлі шаруашылық қызметінің ең елеулі факторы болады. “Аль ПАРИ” журналының талдама мәліметтері бойынша, 2002 ж. тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы 10, 6 трлн. долл. межесінен асты, ал оның жыл сайынғы өсу қарқыны, өндірістің өсуінен едәуір оза отырып (2-2, 5 %), 6-8 % артты. Тауарлар мен қызмет көрсетудің сыртқы саудалық айырбасталуы, қазіргі кезде дүниежүзілік елдердің қосынды ЖІӨ қатынасы бойынша 1/3 жоғары 27 трлн. долл. аса /31, c. 18/.

Осылай, әрбір алтыншы тауар немесе көрсетілетін қызмет тұтынушыға дүниежүзілік сауда арқылы жетеді. Қазіргі кезде сыртқы саудасыз, онсызда айқын, шағын елдер халықтарының әртүрлі күнделікті қажетсінулерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар импорттық тұтынушы тауарлардың үлесі халықпен сатылып алынатын барлық көлемнің орташа есеппен 12 20 % жететін орта және үлкен елдердіңде (АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және т. б. ) күнделікті қажетсінуін қанағаттандыру мүмкін емес.

Одан өзге, қазіргі халықаралық сауданың басқада жаңа ерекшеліктері бар: қызметтерді айырбастау жоғарылауда, және олардың үлесі қазіргі кезде дүниежүзілік экспорттың үш бөлігін дерлік құрайды (1, 5 трлн долл. жуық), және оның негізгі бөлігі жаңа түрлерге келеді инжинирингке, консалтингке, лизингке, ақпараттыққа және басқаларына. Халықаралық айырбастаудың тауарлық құрылымында дайын өнімнің үлесі күрт жоғарылады 2/3 жуық, оның ішінде кооперациялық сипатты жеткізілімдер (торабтар, бөлшектер, агрегаттар) жартысынан көбі. Бұл халықаралық өндірістік және ғылыми техникалық мамандандырылудың маңызының артқанын көрсетеді. Сондықтанда, халықаралық рыноктың ұдайы кеңеюінің тұрақты алғы шартын құрайтын, халықаралық кооперациялық айырбастаудың басым бөлігі келетін, Ұлт аралық корпорация (ҰАҚ) шеңберіндегі ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастағы) фирманың ішкі ынтымақтастығының принципті басқаша ролі кездейсоқтық емес. Сонымен бірге, бұл дүниежүзілік шаруашылық қатынасының интеграциялық типінің дамуының нақты факторы. Осының барлығы халықаралық сауданың географиялық, «елдік» құрылымында ілгерілеуді алдын ала анықтайды: онда ауырлық орталығы экономикалық дамыған елдер мен елдердің топтары арасындағы өзара қатынастарға ауысады (дүниежүзілік тауар айналымының 60 70%) .

Қазіргі ХЭҚ сандық және сапалық сипаттамалары, халықаралық сауданың артықшылығын алдын ала анықтай отырып, ұлттық экономиканың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің күшейгенін, сыртқы экономикалық өсу маңызының жоғарылауын көрсетеді, бұл осы процестегі Қазақстанның халықаралық саудасы мен алатын орынының дамуын талдауға арналған осы жұмыстың тақырыбының көкейтестілігімен шартталады.

Берілген тақырыптың көкейтестілігі ғаламдану жағдайында, Қазақстан Республикасында ашық типті нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында, елдің еңбектің халықаралық бөлінуіне белсенді тартылуын болжаумен қорытындыланады. Халықаралық саудадағы негізгі шешімдер, орнықтырылатын ережелер, қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген мемлекеттерімен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) шеңберінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы ДСҰ кіру туралы ресми тапсырысты 1996 жылы берді және осы уақыттан бері келіссөз процесін жүргізуде. Дегенмен, осы кезге дейін халық шаруашылығындағы пайда мен ысырап балансы туралы мәселе ашық қалуда, әсіресе Дүниежүзілік Сауда Ұйымына елдің қатысуының бірінші жылдары. Осындай есептеулердегі сандық және сапалық бағалаудың болмауының салдарынан жалпы пікірталаста, пікірлердің полярлығын тудыратын, сезімдік аргументтер басымдық танытады. Одан өзге, алынатын тиімділікті бағаламайынша ДСҰ мүшелігіне дайындалу үшін қажетті нақты шараларды жоспарлауда қиын.

Бұл жұмыстың зерттеу объектісі болып біздің республикамыздың сыртқы саудасы және Қазақстанның ДСҰ кіруінің көкейтесті мәселелерінің контексіндегі дүниежүзілік сауда табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты біздің республикамыздың Сыртқы сауда ұйымына кіру мәселесін зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты зерттеу келесідей бағыттарда жүргізіледі:

  • ҚР сыртқы сауда қатынастарына сипаттама беру,
  • ҚР ның ДСҰ кіруінің негізгі этаптарын көрсету,
  • Біздің республикамыздың сыртқы сауда қатынастарын зерттеу,
  • Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы мүдделері мен қызметтерін зерттеу,
  • Қазақстанның ДСҰ кіруінің теріс және оң жақтарын көрсету,
  • Отандық және ұлттық өндірушілердің мүддесін қорғау,
  • Қазақстандық тауарлардың дүниежүзілік рынокка шығуына және олардың бәсекелестік қабілеттіктерін күшейтуге мүмкіндік алу.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс елдің сыртқы саудасына баға беруге көмектеседі, ДСҰ кіру кезіндегі Қазақстанның маңыздылығын тереңірек түсіндіреді, сонымен қатар сыртқы сауда айналымының мәселелері бойынша әртүрлі жақтардың пікірлерін және Қазақстанның ДСҰ кіру проблемаларын зерттейді. Қазақстанның ДСҰ кірудегі үйлесімді (оптималды) стратегиясының негізгі жолы мен таңдалуын анықтауға көмектеседі.

Тақырыптың зерттеліну дәрежесі . Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасуына, дамуына, экономиканы реформалау процестеріне, әлемдік қоғамдық саясаттық ойлар қорына енген, халықаралық ғылымның көптеген зерттеулері арналған. Сондықтан, бірінші кезекте, зерттеудің негізгі көзі болған Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерін атауымыз керек/1, с. 4/ Зерттелетін тақырыпты дұрыс түсінуде Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдаухаты үлкен маңызды орын алады.

Сонымен қатар, сыртқы саудаға өзінің «Тәуелсіздік жалауы астында: Қазақстанның сыртқы саясаты туралы очерктер», «Ғаламдандыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» кітаптарында К. К. Тоқаев үлкен көңіл аударды. Бұл жерде автор Қазақстанның ДСҰ кіру процесіндегі негізгі проблемаларын, мақсаты мен міндеттерін толығымен қарастырып, сипаттама береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспе, үш тарау, бірнеше тараушалар, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі сияқты бөлімдерден тұрады.


1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

  1. Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері

Сыртқы сауда статистикасының көрсетуі бойынша, соңғы онжылдықтарда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқындылығынан артатын, дүниежүзілік сыртқы сауда айналымының тұрақты және бірқалыпты жоғарылауы байқалады, бұл барлық елдердің еңбекті халықаралық бөлу жүйесіне күштірек тартылуын жеткілікті куәлендіреді. Дүниежүзілік экспорт екі еседенде жоғары артты, 1980 жылғы 2 трлн долл. дан 2000 жылғы 5, 5 трлн. долл. дейін жоғарылады. Бұл экспорт көлемінің 80 шы жылдары 70 % - тен аса, ал 90 шы жылдардың бірінші жартысында 33 % ке артқанын білдіреді. Импорттың көрсеткіштері де осы сандарға жақын (1 кесте) /15, c. 8/

Бағдарланған бағалаулар бойынша дүниежүзілік тауар айналымы 2001 жылы 11, 9 трлн. долл. жетті.

Халықаралық саудадағы өлшеулерді талдау, оның ішінде қазіргі этаптағы, екі аспектіні қарастыруды болжайды: біріншіден, оның (экспорт пен импорттың) өсу қарқындылығын жалпы және өндірістің өсуін салыстырмалы; екіншіден, құрылымдағы ілгерілеу: тауарлық (тауарлар мен қызметтердің негізгі топтарының қатынастары) және географиялық (региондардың, елдер тобының және жеке елдердің үлесі) .

Біріншіге қатысты келесідей тұжырымдар жасауға болады: дүниежүзілік тауар айналымының өсуінің тұрақты озық қарқындылығы, дүниежүзілік рыноктар сыйымдылығының артуымен байланысты, халықаралық сауданың жаңа сапалы белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Дайын өнеркәсіптік бұйымдардың, оның ішінде машиналар мен жабдықтар саудасының кеңеюінің жеткілікті жоғары қарқынды озықтығы сипатты бола бастады, ал байланыс құралдары, электрон- және электрондық техника, компьютер және т. б. өнімдерімен сауда жүргізудің өсу қарқындылығы оданда жоғары. Ұлт аралық корпорация (ҰАК) шеңберінде, өндірістік кооперация ретінде жеткізілетін агрегаттардың жиынтықтағыштарын, торабтарын айырбастау оданда зор кеңейді. Динамиканың тағыда бір феномені қызметтердің халықаралық саудасының жеделдетіліп өсуі.

Осының бәрі дүниежүзілік сыртқы сауда айырбасының тауарлық, географиялық құрылымдарының радикалдық ілгерілеуіне әсер етпей қалған жоқ. Бұл кезде, өркендеген, өркендеуші және бұрынғы социалистік елдердің негізгі топтарының үлесі соңғы 15 20 жыл ішінде, тәжірибе жүзінде, өзгеріссіз сақталуда. Бірінші жағдайда бұл шама 70 76%, екінші жағдайда бұл шама 20 24% шегінде және соңғы топ үшін бұл көрсеткіш 6 8% аспайды.

1 кесте.

Дүниежүзілік сауданың жалпы қорытындысы (1994-2002жж. )

:
1994: 1994
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
2002: 2002
:

Тауар айналымы (млрд долл. )

Экспорт (млрд долл. )

Импорт (млрд долл. )

Өзгеріс, %, алдыңғы жылға қатысты

Экспорт

Солтүстік Америка (АҚШ және Канада)

Еуроодақ

Өтпелі экономикалы елдер

Жапония

Латын Америкасы

ОША елдері (Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Гонконг)

Импорт

Солтүстік Америка

Еуроодақ

Өтпелі экономикалы елдер

Жапония

Латын Америкасы

ОША елдері

1994:

7656

3809

3847

9, 5

8, 0

14, 5

3, 5

12, 0

14, 5

5, 5

4, 0

3, 5

-0, 5

11, 0

3, 5

1999:

10116

5033

5083

8, 0

6, 0

11, 5

12, 5

3, 0

15, 5

5, 5

2, 5

12, 0

2, 5

10, 5

4, 0

2000:

10359

5100

5259

2001:

11309

5574

5735

2002:

11812

5824

6018

Көздер: БИКИ; Dresdner Bank Statistical Survey, November, 2003.

Дүниежүзілік сыртқы сауданың тауарлық айналымында, дүниежүзілік сауданың 70 % - нен асатын, дайын бұйымдар үлесінің өсу тенденциясы сөзсіз байқалады. Қалған үлес ауыл шаруашылық экспорты мен кен өндіру салалары арасында жуық шамамен теңдей бөлінеді. Салыстыру үшін айтуға болады, осы жүзжылдықтың ортасында шикізаттық тауарлар үлесіне экспорттың үштен екі бөлігі келетін, үштен бір бөлігі дайын өнімдерге.

Қазіргі кезде қызмет көрсету халықаралық сауда айырбастаудың ширегін дерлік құрайды.

  1. Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының ерекшеліктері

Мемлекеттердің қазіргі сауда саясаты екі тенденцияның (беталыстың) өркендеуі және тайталасымен ерекшеленеді: қолдампаздық және ырықтандыру. Бұл бағыттардың әрқайсысы регионалдық және дүниежүзілік сауданың белгілі бір кезеңдерінде басымдылық көрсетеді. Егер 50 60-шы жылдары ырықтандыру тенденциясы басым болса, ал 70 80-ші жылдары «жаңа» қолдампаздық толқыны өтті.

Елуінші және алпысыншы жылдардың ырықтандыруға беталысы кедендік баждың шамасын төмендету, валюталық және сандық шектеулерді қолдануды қысқарту пішінін қабылдады. Егер 50-ші жылдардың ортасында кедендік баждың орташа шамасы еуропалық елдер мен АҚШ-та 30-40% құраса, 70-ші жылдары ол 7-10% төмендеді, ал қазіргі кезде 3-5% шегінде ауытқиды.

Дегенмен кедендік қорғану деңгейінің төмендеуі реттеудің толық жойылатынын көрсетпейді. Қазіргі жүйе, қолдампаздық қорғанудың жаңа құралдарын қолданудың кеңеюімен байланысты, барынша икемді сипатты алуда. Қолдампаздық айрықшылықты регионалдық сипатқа ие болуда, жаңа интеграциялық топтасуларды құру және ескілерін кеңейту пішінін қабылдайды. Мысалы, 60-қа тарта Африканың, Кариб бассейнінің және Тынық мұхиттың дамушы елдерінің, 70-ші жылдары Ломейлік келісім базасында ЕО қорытындылаған, ассоциация туралы келісімі өркендеуші елдердің бір топтасуының басқа қалғандарына қарсы салық салудың жеңілдікті режимін белгіледі.

Африканың, Азияның, Латын Америкасының дамушы елдерінің жаңа экономикалық топтастыруды құру белсендірілуде.

Жоғарыда көрсетілген тенденцияның нәтижесі болып, ең үлкен қолайлы жағдай жасау режимі жүйесінде жүзеге асырылған, сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушыларының теңдік принципі біртіндеп «жуылуы» жүреді. Жаңа топтасулар ішінде айырбастаудың ырықтандыруы жүреді. Яғни, регионалдық сыртқы сауда айырбасының ішіне ерекше айрықшалықты жағдайлар енгізіледі. Үшінші елдерге қатысты кемсітушілік режимінің күшеюі пайда болады /35, c. 28/.

Ғалами деңгейде қолдампаздық реттеудің жаңа ережелері ендіріледі. Мысалы, шетелдік тауарлар импортынан зардап шеккен, ұлттық өнеркәсіпке едәуір нұқсан келтірген жағдайда кедендік бажды жоғарылатуға мүмкіндік беретін «шешімді түсініктерді» қолдану белсендіріледі. Кедендік баждың орынын тарифтік емес қолдампаздық шаралары алады және бірінші кезекте қызыметі сайлаулы сипатта болатын сандық шектеулер, стандарттар, техникалық шарттар, экологиялық қауіпсіздік нормалары және т. б.

Осының бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады, тең әрекеттесетін тенденция қолдампаздық тосқауылдарының үлкен икемділігі кезіндегі дүниежүзілік сауданың ырықтануында байқалады. Қолдампаздықтың жаңа пішіндері, осы пішіндерді әзірлеу және оны өмірге енгізу тәжірибесінде бақылау қызметіне жауапты, халықаралық ұйымдардың әрекеттерінің белсенді болуын талап етеді.

Импорт саласында сыртқы сауда саясатындағы қолдампаздық пен бір уақытта ырықтанудың болуы экспортты мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларының модификациясымен толықтырылады. Экспорттық тікелей несиелендірудің дәстүрлі пішінінің орынына, өнімнің жеке түрлеріне сайлаулы әсер ететін, икемдірек және соншалықты байқалмайтын пішіндер өтеді.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бірталай шығындар талап ететін ғылыми сыйымдылықты тауарларға қатысты экспортқа мемлекеттік көмек әншейінде жанама сипатты болады және әзірлемелерді қаржыландырумен, қолданылатын жабдықтар үшін амортизациялық аударым пайызының жоғарылауымен қорытындыланады. Осындай әдістерді, 80-ші жылдары ЭЕМ жаңа буынын жасай отырып, АҚШ пен Жапония үкіметтері қолданды.

Құны жоғары материал сыйымдылықты тауарларды жеткізу жағдайында, көбінесе тікелей мемлекеттік қаржыландыру қолданылады. Мұндай әдістер 70-ші және 80-ші жылдары кемелер мен мұнай бұрғылау платформаларын жеткізу кезінде АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қолданылды, бұл кездегі демеу қаржының шамасы тауар құнының 10-нан 40 % дейін үлесінде ауытқыды /29, c. 124/.

Ақырында, дамыған елдерде экспортты тікелей демеу қаржыландырудың жүйесі белсенді қолданылады. Ол негізінен Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін ауыл шаруашылық тауарларына таратылады. Тікелей экспорттық несиелендіру мен қаржыландыру құралдары дүниежүзілік қоғамдастықпен жағымсыз бағаланады, бұл бәрінен бұрын, олардың еркін бәсекелестік принципін бұзуларымен байланысты.

Халықаралық нормалар экспорттық қаржыландыру мен экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру сияқты құралдарға қатынасы бойынша ықтиярлы. Несиелендіру жағдайында халықаралық келісімдер несиелендірудің ұйғарынды пайыздық мөлшерлемесінің максимал шамасын тіркейді. Экспорттық сақтандыру, ең алдымен, құны бойынша маңызды тауарлардың жеткізіліміне қатысты және дамыған елдердің экспортының барлық көлемінің 12-20% қамтиды. Экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру тәжірибесінің біртіндеп кеңеюі байқалады. Жаңа ережелер алынатын пайданы, саясаттық, әскерижәнеде басқа тәуекелдерден сақтандыруды қоса есептегендегі мәміленің 10 % дейін сақтандыруды ұйғарады. Сақтандыру мерзімі ұзарады, сақтандыруды өтеу шарты жеңілденеді және т. б.

Экспортты қолдаудың тағы бір пішіні, ол ұлттық тауарларды жарнамалаумен, дербес фирмаларды қолдаумен және т. б. айналысатын шет елдегі мемлекеттік өкілдіктерге көмектесу болып табылады. Мысалы, Ұлыбритания сексенінші жылдары жыл сайын 300 400 шетелдік көрмелер ұйымдастырды, оның үлкен бөлігі мемлекет есебінен жабылып отырды. Осыған ұқсас көмекті өзінің экспортерларына Жапонияның, Францияның, Германияның және басқада дамыған елдердің елшіліктері көрсетуде.

Жалпы, экспортты мемлекеттік қолдау саясатының дамуындағы жаңа беталыс жеке салалар мен тауарлар тобын, тікелей экспорттық қаражаттандыру мен демеуқаржыландырудың дәстүрлі сұлбасынан бас тартқан кезде, жанама қолдаудың қарусыз көзге байқалмайтын шараларына көп бағдарлануымен қорытындыланады.

Тағыда айта кетуге болады, көптеген жағдайларда, халықаралық сауданы ырықтандырудың жалпы бағыты, кейбір елдерде, жеке тауарларға қатынасы бойынша қолдампаздық сипаттамасының шараларымен ұштастырылады. Осыған байланысты халықаралық сауданың көпқырлы реттелуіне тоқталу қажет, ең алдымен Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (тсжбк) мен оны қабылдаушы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) желісі бойынша.

Экономикадағы бұл жағдай экономикалық және саясаттық процестерде мүдделі беталыстардың пайда болуымен шарттастырылады. Экономиканың проблемалары үлкен дәрежеде, басқарушы ақсүйектерге қарсы наразылықтың құралы болады. Әртүрлі саясаттық топтасулар жағынан Үкімет атына қазіргі экономикалық саясаттың негізгі идеологиялық концепциясын ауыстыру туралы талаптар тартылады. Нағыз агрессивтік түрде оппозициялық көңілкүйлер Үкіметтің қызметтен кетуін талап ету сияқты көрсетіледі.

Президенттің келесі саяси маневрі республика Парламентінің «белсенді қатысуымен» және «бастамасымен» өтеді. Депутаттардың әрекеттеріне қарағанда, Н. Балғымбаевтың командасын халық шаруашылығын басқарудан шеттетуге қатынасы бойынша Парламент пен Президенттің қарсы тұру көрінісі кезекті рет ынтагерлікпен өзгертіледі.

Бұл "айқаста" Президент депутаттардың шабуылынан Үкіметті қорғауға талпыныс жасайды. Дегенмен, жұртшылық пен парламентарлар жағынан күшейіп келе жатқан талаптардың себебіне байланысты, ол қызметтен шеттету туралы Жарлыққа қол қояды, тәрізі, істік және саясаттық белсенділіктің дәстүрлі құлдырау кезінде, яғни жақын жаз айларында.

Президенттің көрсетілген шешімінің жоғары ықтималдығын едәуір белсенділікпен, оппозициялық және оппозициялық емес саяси күштер күтуде. Олар үшін жұртшылық пікірін жеңіп алудың негізгі құралы болып өздерінің экономикалық саясаткерлерінің, экономикалық дағдарыстан шығатын және халықтың жағдайын жақсартатын, бағдарламаларын көрсету табылады. Бұл бағдарламалардың мак-сималды жалпы шолуы мен салыстырылуы және Үкіметтің экономикалық саясаты негізгі макроэкономикалық бағыттар бойынша және олардың әрекеттегі саясаттан түпкілікті айрықшалануы бойынша бірінші өзара салыстырмалы ұқсастығын алдын-ала анықтайды.

Елдегі барынша қиын жағдайды есепке ала отырып, Үкіметтің ауысуы мен Премьер Министрдің қазіргі құрамның ішінен тағайындалмаған жағдайында, монетарлық және фискалдық саясаттардың жұмсаруын күтуге болады, өйткені барлық дерлік альтернативті бағдарламалық шаралар салықтық салмақты төмендетуді, әлеуметтік және инвестициялық мақсаттарға жұмсалатын шығынды жоғарылатуды, экономиканың монетизациялану деңгейінің өсуіне жағдай жасауды және т. б. болжайды.

Сонымен, мемлекеттегі экономикалық саясаттық жағдайды талдай отырып және атқарушы өкіметке қатынасы бойынша қоғамдағы негативті көңілкүйлердің шиеленісуін ескерсе, сонымен қатар оның дағдарыс кезіндегі тиімсіз әрекетін ескерсе Үкіметтің қызметтен кету мүмкіндігі жоғарылайды.

Көктемнің аяғы Қазақстанның саяси өмірінде бірқатар қызықты уақиғалармен есте қалды. Осы кезеңде толық қорғанысқа кеткен Үкіметті, бірігіп сынауға алған Президент пен Парламент белсенділік танытты.

Парламентті түсінуге болады: одан қазір орындалуы мүмкін емес нәрсені талап етеді бюджеттің кезекті секвестрін заңдандыру. Парламенттік сайлау алдында, оның үстіне атқарушы құрылымға онша барғысы келмегенде, олардың әлеуметтік қажеттікке жұмсалатын шығынды қысқартуды қолдауы, соңғы кездері тартымды бола бастаған, Парламенттегі орынға сайланбауымен теңдей. Осының салдарынан Үкіметтің жақында қызметтен шеттелуі туралы өсек сөздер шықты. Бұл тақырып өткен айда басты көңіл аудартқан мәселе болды. Дегенмен бәрінде ретпен қарастырайық.

Мамыр айының басында Президент Вице Премьер О. Жандосовқа және Энергети-ка, индустрия және сауда министрі М. Аблязовқа сөгіс жариялады. Кейбір газеттер бұл уақиғаны демократияның көрсеткіші ретінде көрсетуге тырысты, бірақ, жан жағынан алып қарағанда, Президент қаржы саласының жұмысы соншалықты нашар деп санап, көпшілік алдында жазалауды қажет деп тапты. Оның қауіптенуі мамыр айының екінші декадасында расталды, бұл кезде доллардың теңгеге шаққандағы қатынасы әртүрлі айырбастау пункттерінде бірнеше ондаған пункттерге артты.

Оның себебі экспортерларға валюталық түсімді міндетті түрде сатуды биліктің тиым салғанынан ғана емес, кәсіпкерлердің Үкімет жүргізіп отырған саясатқа сенімсіздігіненде болатын. Олардың реакцияларын адекватты емес деп айта алмайсыз. Жұртшылық бұл уақиғаны байсалды қабылдады: мүмкін долларыныңда, теңгесініңде болмауынан, немесе қаржылық дауылдарға үйренгендігінен.

Қоғамды зейнеткерлер мен мүгедектерге әртүрлі қызмет көрсету түрлерін тоқтатып тастағаны толғандырды: қалалық көлікте тегін жүру мен коммуналдық қызметтер. Әйтседе, қаржылық шым шытырық пен жеңілдікті алып тастау бір шынжырдың бөліктері қазіргі кезде тек Қазақстанның басынан өтіп отырмаған, жүйелі дағдарыстың тереңдеуі.

Елдегі жалпы күрделі жағдайды Қырғызстаннан Қазақстанға берілетін судың айналасындағы мәселе қыздыра түсті, суға төлеу үшін ақша жинай бастаған көрші республикаға жақын орналасқан аудандардың тұрғындары тез арада талқылай бастады. Осыдан соң Үкіметтің қызметтен шеттетілуі туралы әңгімелер тек күшейе түсті. Оны жоққа шығару немесе мақұлдау тек Президенттің қолында болды.

Н. Назарбаев Н. Балғымбаевтың командасын қызметтен шеттету мезгілсіз деп есептеді. Ол Премьер мен оның шенеуніктерін қатаң сынға алды, олардың алдына он мәселені қойып, оның ішіндегі өте жеделдерінің орындалуына бір ай мерзім берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саудадағы тендердің рөлі және оның Қазақстандағы тәжірибесі
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Экономикалық Одақ жайлы
ТМД тарихы
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Қазақстанның Польшамен байланысы
XVIII - XX ғ. басындағы Орыс метрологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz