Сленгтер туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері.

§ 1. Сленг - лингвистикалық құбылыс . . . 4

§ 2. Сленгтің жіктелуінің түрлері . . . 8

ІІ. Тарау. Сленг сөздерінің жасалу жолдары.

§ 1. Сленг сөздерінің морфологиялық жолмен жасалуы . . . 12

§ 1. 1. Аффикстік сөзжасам . . . 12

§ 1. 2. Контаминациялық сөзжасам . . . 33

§ 1. 3. Қысқарған сөздер арқылы жасалған . . . 35

§ 1. 4. Редупликациялық сөзжасам . . . 36

§1. 5. Спунеризмдік сөзжасам . . . 38

§ 2. Сленг сөздік қорды байытатын тиімді жол.

§ 2. 1. Сленгтік метафора . . . 41

§ 2. 2. Сленгтік метонимия . . . 46

§ 2. 3. Сленгтік симили . . . 47

§ 2. 4. Сленгтік эвфемизм . . . 48

§ 2. 5. Сленгтердің классификациясы . . . 50

Қорытынды . . . 54

Әдебиеттердің тізімі . . . 56

Сөздік . . .

Кіріспе.

Тақырыптың көкейкестілігі мен ғылыми жаңалығы .

Ағылшын сленегтері ауыз-екі сөйлеу тілі лексикасының төрттен үш бөлігін қамтиды. Ол эмоциялық баға берушілік сипатта болады және болмысы жағынан стандартсыз лексиканың қатарына кіреді.

Сленг әдеби сөздердің жаңартылған синонимдерінен құралған, стандарттан тысқары лексикаға жататын сөз қоры болып табылады. Сленгті меңгеру ағылшын мәдениетін жаңа қырынан көрсетуге өзінің септігін тигізеді. Өйткені сленг лингво-мәдени сипатқа ие тілдік бірлік болып саналады.

Жұмыстың басты мақсаттары мен нысаналары:

Ағылшын сленгтерінің лексикалық және фразеологиялық тіркестерінің ерекшелектерін зерттей отырып, олардың тілде алатын үлкен орны, мәдени маңыздылығы бар тілдік бірлік болып табылатынын дәлелдеу. Алға қойылған мақсат төмендегі міндеттерден тұрады:

1. Ағылшын тіліндегі сленгтердің дәрежесін;

2. Жасалу жолдарын:

3. Тілдік сөздік қорын лексика-семантикалық жағынан байытудағы үлесін;

4. Түрлі қоғамдарда қолдану аясын анықтау.

Зерттеуде төмендегі тұжырымдамалар ұсынылады:

1. Сленг ағылшын тілінің ажырамас үлкен бөлігі болып, тілдің қозғалыстағы лексика-семантикалық жүйесі ретінде тез өзгеріп тұрады. Сленгте лингвистикалық полигон секілді тілдегі жаңа элементтер тексеруден өтіп әдеби тілдің қатарына еніп кетуі мүмкін. Бұл тұрғыдан сленгтің алға ұмтылушылығы болашақта тілдің даму мүмкіншілігін көрсетеді.

2. Қалыптасқан ойға қарамастан сленг ағылшын тілінде тек қана бір күндік сөздерде емес, сонымен қатар ұзақ өмір сүретін лексикалық тіркестерді де жасайды. Сленг төменгі топтарда ғана емес, қоғамның барлық салаларында, пресса мен көркем әдебиеттерде де белсенді түрде қолданылады. Сленг ағылшын тілінің басқа варианттарына да әсерін тигізеді.

3. Сленгте сөзжасамдық тәсілдердің басым көпшілігі стандартты тілге де стандарттан тысқары тілде де бірдей, алайда сөзжасамдық элементтердің тек сленгке ғана тән түрлері де кездеседі. Дегенмен, сленгте пайда болған жаңалық стандартты ағылшын тілінің деңгейіне жетуі мүмкін.

4. Табиғи ұлттық тіл стандартты және стандарттан тысқары деңгейде өзінің құрамы мен гомогенді де, гетерогенді де бола алмайды. Бұл сленгтің вариантивтілігінен байқалады. Сленгтердің жергілікті уақытша болуы тек өзіне ғана тән ерекшелік болып табылады. Сленгтің нұсқаларының көптігі қарым-қатынас жасағанда кедергі туғызбайды.

Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы:

Сленг өте күрделі тілдік құбылыс болғандықтан әлі толық зерттелмеген объекті болып табылады. Бұл жұмыста сленг тілге де, тіл мәдениетіне де, социолингвистикаға да қатысы бар ғылымның бірнеше саласының басын бір жерге тоғыстыратын кең ауқымды біртұтас ғылыми объекті ретінде зерттеледі.

Жұмыстың теориялық маңызы:

Бұл жұмысты лексикология, стилистика сабақтарында сонымен қатар практикалық ағылшын тілі сабақтарында қолданылуы

Жұмыстың практикалық маңызы:

Ағылшын жастарының тілін жақсылап түсіну үшін тұңғыш «Ағылшын-Қазақ сленгтері» сөздіктің жасалуы болып табылады.

Зерттеуге керек құрал ретінде көптеген сөздіктер, оның ішінде сленг сөздіктері, ағылшын түсіндірме сөздіктері, бірнеше ағылшын көркем әдеби кітаптары, газет-журналдар алынды.

Жұмыстың мазмұны:

Жұмыс екі тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Жұмыста 40 шақты әдебиеттер тізімі көрсетіледі, оның 22-і теориялық мәліметтерді қамтитын әдебиеттер де, қалған 18-і ағылшын көркем әдебиеттерінен және газет-журналдардан келтірілген мысалдардан тұрады.

Кіріспе де зерттелетін жұмыстың объектісі, өзектілігі, ғылыми жаңалығы, мақсаттары мен нысаналары анықталады.

Бірінші бөлімде сленгтің болмысы жайында лингвистердің көзқарасы, оның АҚШ-тағы деңгейі, өмір сүргіштігі, ол жайында лингвистердің ұсынған түрлі классификациялары қарастырылады.

Екінші бөлімде сленгтердің морфологиялық жасалу жолдары, сөздік қорды лексика-семантикалық жағынан байытудағы үлесі қолданыс аясы қарастырылады.

§1. Сленг- лингвистикалық құбылыс

Кез-келген тілдің лексикасы екіге бөлінеді: әдеби және әдеби емес. Біздің қарастыратын сленг әдеби емес лексиканың құрамына енеді. Сленг көптеген жылдар бойы талқыға салынып жүрген мәселелердің бірі болып табылады. Оның болмысы жайлы түрлі анықтамалар беріліп, ғылыми және ғылыми емес пікірлер айтылуда дейді әйгілі ғылшын лингвистерінің бірі Эрик Петридж [Patridge E., 17] . Біз оның пікірін қолдай отырып мынадай анықтамаларға тоқталғымыз келіп отыр:

1. Қоғамның төменгі сатысындағы адамдар қолданатын арнайы көбіне құпия болып келетін сөз қоры.

2. Стандартты тілге сай келмейтін көбіне эмоционалды - экспрессивті болуы бар, жанама мағына қосатын сөздер. Бұл сөздердің бірден қолдау тауып әйгілі болатын немесе қолданыстан мүлдем түсіп қалатын кездері де болады. [W. T. N. I. D. 195] .

Ал жаңа Оксфорд ағылшын сөздігінде сленгті төмендегідей айқындайды:

  1. Белгілі бір төменгі әлеуметтік топтың тілі.

1. Стандартты тіл яғни әдеби тілден төмен мүлдем жаңа сөздерге жасалған немесе жаңа, сескендіретін әсер беру үшін қолданыстағы сөздердің басқаша тіркесі. [O. E. D., 856] .

Біз бұл сөздіктерде берілген анықтамалардан сленгті жаргоннан ара жігін ажыратпай екеуін бір етіп қарастырып отырғанын байқаймыз. Ағылшын тілінің оқушысы өзінің мақаласында біршама тіл білімі адамдарының сленг туралы түрлі көзқарастарын айтып өткен. Солардың бірі журналист Амбрес Берг сленг туралы келесі пікірін ұсынады: «сленг әдеби тілдің қалдықтарын жинайтын сөйлеу тілі». Оливер Венди Холмс өз кезегінде «сленгті қолдану ақылдың кемуінің бірінші белгілері Карл Сэндбург болса»; [А. В., 191] . «сленг пальтосын шешіп, қолына асып алып жұмысқа кете беретін тіл» дейді. [D. C., 182] .

Ағылшын жазушысы Честертон «сленг ол метафора, ал әр метафора - ол поэзия» дейді. [O. U. P., 199] . Гальперинннің «Stylistics» деген кітабында Притиокс пен Киттеридждің төмендегідей сипаттамасын атап өткен: «Сленг әдеби тілге кіруге талмай ұмтылып, алайда ешқандай нәтижесіз қалатын «көшінің тілі» дейді». [G., K. 205] . Бұл кітапта ауыз екі сөйлеу тілін жақсы меңгерген Эрик Петриджтың да пікірі тыс қалмаған. «Сленг» - дейді ол -әдеби емес көбіне ауыз екі сөйлеу тіліне тән, оның негізі жазба деректерде емес, сөйлеу тілінде жатыр. Егер сленгті қағазға түсірер болсақ, оны неологизм ретінде қарастырамыз. Егер де ол неологизм ретінде қабылданбаса, мағынасыз сөздер ретінде қалып қояды. Тек өте сирек кезде сленг өз қалпын сақтап қалады. Эрик Щтридж сленгке тек қана анықтама беріп қоймай, оның не үшін қолданылатындығы жайында психологиялық тұрғыдан бірнеше себептер берген:

1. Көңілін көтеру үшін.

2. Ақыл, ой-санаға жаттығу ретінде.

3. Ойын қысқа да нұсқа жеткізу үшін.

4. Басқаларға ұқсамау үшін.

5. Қолданыстағы сөздермен қайталанбас үшін.

6. Тілді байыту үшін.

7. Аса мәнерлікті, әсіреушілікті азайту үшін.

8. Достық, жылылық атмосферасын туғызу үшін.

9. Белгілі бір топтың тілін табу үшін, солармен бірдей деңгейде екенін көрсету үшін.

10. Басқалар түсінбес үшін (оқушылар, студенттер, ғашықтар) тағы басқа. 11. Эвфемизм ретінде, өлім немесе тағы басқа ыңғайсыз жағдайды жеңілдетіп айту үшін.

12. Ыңғайсыз, қиын ситуацияны күлкіге айналдыру үшін.

13. Үнемі жаңашылдықта болу үшін.

14. «Сленг тілінде» сөйлейтін қоғамнан қалмас үшін.

15. Ештеңені жүрегіне жақын қабылдамас үшін.

16. Өзін жалықтырып алмас үшін (әдеби сөздермен), және тағы басқа. [Р. Е. 36 6]

Ағылшын сленгі АҚШ-та жалпыхалықтық сипатқа ие, оны халықтың барлығы дерлік өздерінің күнделікті өмірінде, ауыз-екі сөйлеу тілінде қолданылады. [Patridge, 286 б] .

Сленг - әр американдықтың лексикасына кішкентай кезінен бастап, өмір бойына әсер ететін лингвистикалық фактор болып табылады. Осыған байланысты Г. Бредли 1911 жылы мынаны ескерген: «АҚШ-та сленг әлдеқайда көбірек қолданылады және оның сөздігі ағылшын тілінде сөйлейтін басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көбірек қолданылады» [Bradley, 209 б] . Эрик Патридж өз кезегінде мынаны атап өткен.

«Американдық білімді азаматтарының сөзі ағылшындардың сөзінен, сленгке деген қонақжайлы қарым-қатынасымен ерекшеленеді». [Patridge, 95б] .

Сленгтердің барлық қоғамда кеңінен таралуына, одан шығып ауыз-екі сөйлеу тілінде көптеп кездесуінде: қазіргі американ әдебиеті, кино, театр, БАҚ-ры: радио, теледидар, газет-журналдар өзінің үлкен үлесін қосып отыр.

Қазіргі кезде АҚШ-тың көптеген баспаханаларында сленгке байланысты кең ауқымды, қызықты мақалалар басылуда. Солардың қатарында Солтүстік Америкадан шығатын «American Speech» «журналы болып табылады».

«Comments on Etymology» баспасының авторы және редакторы Джералд Хокен сленгке өзінің көп уақытын, күшін, назарын аударған. Бұндай ауқымды жұмыстың нәтижесі ретінде Миссури штатының Ролла университетінде баспаның отыз томы шықты, бұл баспада басқа авторлық да мақалалары қарастырылған.

Сол сияқты Г. Меккен 1919 жылдағы өзінің бірінші баспасында сленгті қарастыруға кітабының он бетін бөлген, төртінші баспасында 1936 жылы елу төрт бет және 1948 жылы қосымша тағы жүз елу бет бөлген.

Американ сленгтеріне лингвистердің тарапынан да американдардың өзінің тарапынан да мұндай үлкен қызығушылық бұрын-соңды қазіргідей болмаған. Бұған 1960 және 1975 жылдарда шыққан «американ сленгтерінің сөздіктері» және осы сияқты тағы басқа сөздіктер түрткі болуы мүмкін. 1961 жылы Вепстер-3 сөздігінің редакциясы ұзаққа созылған талқыдан кейін, сленг сөздерімен сөз тіркестеріне сөздіктен орын бөлуге шешім қабылдады. Сол уақытта бұндай жаңалық АҚШ-ты таң қалдырып, газет-журналдардың бетіне редакцияның шешімін қолдайтын, қолдамайтын туралы түрлі пікірлер жазылды. Алайда бертін келе редакцияның шешімі дұрыс деп табылып, көптеген басқа сөздіктер, оның ішінде сленгтің өзіне арналған сөздіктер де шыға бастады. Сленг сөздіктеріне Д. Ж. Лайтер төмендегідей анықтаманы береді: «Сленг сөздіктері әдеби сөздердің жаңартылған синонимдерінің тұратын, стандарттқа сай емес лексикада жататын сөз қорынан құралған». [Lighter, 190 6] .

Американ сленгтеріне деген мұндай бетбұрыс сленгтерінің Американың тілінің, мәдениетінің маңызды бір бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі.

§ 2. Сленгтердің жіктелуінің түрлері.

Сленгті қарастырған лингвистерді барлығы дерлік оны үш кезеңге, үш түрге бөледі. Біз бұл бөлімде сленгтердің үш кезеңіне де жеке тоқталып өтеміз.

1. Аз өмір сүріп, қолданыстан шығып қалған сленгтер. Мысалы: «cake eater» - «қыздарға қызығушылығын білдіретін жас жігіттерді айтамыз», «do» «зат есім» мағынасындағы сленг болған, «fraud» - «өтірік», ал етістік ретінде «титр» «алдау» дегенді білдірген. Аз өмір сүретін сленгтер жайында С. Эйбл былай дейді: «сленг сәннің лингвистикалық баламасы болып табылады, олар сәннің әсерінен өзгеріп тұрады да, тілде ұзақ өмір сүрмейді». [ЕЫе, С 27 б] .

2. Көпшіліктен қолдау тауып, ұзақ уақыт қолдануының арқасында, өзінің деңгейін көтеріп, стандартты тілге кірген сленг сөздері. Сленгтің бұл түріне де өте көп мысалдар келтіруге болады: «hairdo» - «прическа», «walkie - talkie» - «рация», «streneous» - «ұялшақ», «jeep» - «джип», «О. К» - «жарайды», «crony» - «жақын дос», «VIP» - «өте маңызды адам» тағы басқа.

3. Ұзақ уақыт бойы өзінің қалпын жоғалтпаған, қолданыстан шығып қалмаған сленгтер, мысалы: «lousy» - «жағымсыз» сөзі 250 жылдан астам уақыт бойы мағынасын өзгертпей қолдануда, 500 жылдан астам уақыт бойы мақтаншақ адамды «blow» - деп атайды, мұндай мысалдарға сонымен қоса Tommy Rot «бос сөз», «foss pot» «қанына арақ сіңіп кеткен адамды», «weed» «жүрегі жоқ», «snuffit» «өлу» деген сленгтерді айтуға болады. Сленгтің бұл түріне де біршама пікірлер айтылған: В. А. Хомяков «сленгтерде тұрақты болып, 100 жылдар бойы өмір сүре алады». [В. А. Хомяков]

«Сленгтің тезаурусы» деген мақаланың автор лары: «Сленгтердің бәрі тұрақсыз емес, ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз жететін сленгтерде баршылық».

Сленгтердің осындай кезеңдерге бөлінуіне Юрий Волошин өзінің сленг туралы докторлық диссертациясында былай тұжырымдайды: тіл әсіресе оның лексика-семантикалық жүйесі, үнемі қозғалыста болады: жаңа сөздер пайда болады, ескілері қолданыстан түсіп қалады, баршаға таныс сөздердің жаңа мағыналары табылып жатады және тағы басқалар. Тіл үнемі коммуникативті қозғалыста өмір сүреді, осылайша ол өзінің ең басты қарым-қатынастың құралы болу міндетін атқарады. Бұл стандартты және стандарттан тысқары тілге де тән құбылыс болып табылады. [Ю. Волошин] .

Сленг ауыз-екі сөйлеу тілінде ең үлкен орын, күнделікті өмірдегі қолданыста кең етек жайып отырған тілдік бірлік болып табылады. Сленгтердің болмысын толық зерттеген лингвистер оның стилистикалық ерекшелігіне, құрылымына, қолданыс аясына қарай түрлі топтарға бөледі.

Э. Патридж сленг сөздері мен тіркестерін үлкен төрт бөлікке бөліп топтастырады.

1. Ұры-қарылардың сленгтері.

2. Уақытша әйгілі болып, кейін қолданыстан шығып қалатын сленгтер.

3. Ескіріп ұмыт бола жаздаған алайда қолданысқа қайта шығуға ұмтылатын сленгтер. Бұл сленгтердің біразы стандартты тілдің құрамына кіреді де, біразы сленг күйінде ескіріп қолданыстан шығып қалатын сленгтер.

4. Ұзақ уақыт бойы өзінің сленгтік күйін өзгертпей келе жатқан, тұрақты сленгтер. [Р. Е., 79]

Орыс лингвисті И. Н. Гальперин болса сленг сөздерінің стилистикалық қабаттарына, құрылымына байланысты өзінің мүлдем басқа топтастыруын ұсынады:

1. Ұры қарылардың сленгі (кент не жаргон) Мысалы: «dirt» money -»ацша»; «dotty» mad- «ecyac», «barker» gun - қару т. б.

2. Сленг ретінде де сөйлеу тілі ретінде де қарастырылатын сленгтер. Мысалы: «chink» «money» -»ақша»; «fishy» «suspicious» - «күдікті»; «governor» «father» - «әке» деген сөздер, кей сөздіктерде сленг деп те, сөйлеу тілінің сөздері, яғни қарапайым сөздер деп те қарастырылады.

3. Ауыспалы мағынадағы сленг деп қарастырылып, арнайы сленг сөздіктерінде тіркелетін сөздер. Мысалы: «scrooge» (mean person) «сараң»; «shark»(swindler) «ұры»; «blackout» (a clergyman) «шіркеу» уағыздаушысы тағы басқа.

4. Конверсия арқылы пайда болатын сленг сөздері. Мысалы: «agent» сөзінен «to agent» етістігі сленг сөздіктерінен табылады. Сол сияқты «to alter», «ancient» (зат есім ретінде) сленг болып саналады.

5. Қысқарған сленг болып саналатын сөздер. Мысалы: «rep» (reputation), «cig» (cigarette), «ad» (advertisement), «sis» (sister) «ma» (mama) тағы басқа.

6. Синтактикалық не морфологиялық заңдылықтарына бағынбай жасалатын тіркестер. Мысалы: How come, I says (How comes it, I say), немесе екі болымсыздықтың қатар келуі: / don't know nothing [Galperin I. R., 79]

Орыс лингвистерінің біразы сленгті жаргонмен бір етіп қарастырса, келесі біреулер оны орыс тілінде мүлдем жоққа шығарады. Сол лингвистердің бірі Грачев өзінің төмендегідей классификациясын ұсынады:

1. Арго.

2. Жаргон (немесе сленг) .

3. Кәсіби сөздер.

Грачев жаргон мен сленгтің өзін төмендегі бөліктерге бөледі:

1. Компьютер сленгтері.

2. Жастар сленгі.

3. Түрлі салаларда қолданылатын сленг.

4. Күнделікті өмірде айтылатын сленг сөздер. [Грачев. М. А., 47 б] Американ лингвистері Ирвинк, Хорибаи, Уэнторс болса сленг сөздерін түрлі қоғамдарда қолданылуына қарай топтастырады.

1. Жұмысшылардың қолданылатын сленг сөздері.

2. Афро - Американдықтардың сленгтері.

3. Жас өспірімдер сленгі.

4. Түрлі салаларда қолданылатын сленгтер.

5. Компьютер сленгтері.

6. Жастар, студенттер қолданылатын сленгтер.

Жоғарыда көрсетіп өткен сленгтердің топтастырылулары байқағанымыздай бір-бірінен жан-жақты ерекшеленеді. Жалпы сленгтің өзін анықтау қиын болғандықтан, оны топтастыру одан да үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген сленгтердің топтастырылыуы бір-бірімен байланыссыз әр түрлі бағыттан көрінеді. [I. Lewis 56 б]

II. Tapay.

Сленг сөздерінің жасалу жолдары.

§ 1. Сленг сөздерінің морфологиялық жасалу жолдары.

Сленгтің жасалуы туралы көптеген лингвистер өзінше әртүрлі талдаулар жасаған. Мысалы Ю. Волошин «Общий Американский сленг; состав, деривация, функция» атты диссертациялық жұмысында сленгтің аффикстер арқылы жасалатынын терең қарастырған. Беляева болса «Нестандартная лексика английского языка» атты кітабында сленгтің жасалатын бірнеше яғни суффикстер арқылы, контаминация, аббревиация, редупликация және тағы басқа жолдарын қарастырған. Сол сияқты Мэри Уорфелл, Тони Корн, Дэвид Кристал, Джоносон Лайтер және т. б лингвистер, сленг сөздіктерінің авторлары сленг сөздерінің түрлі жасалу жолдарын өз еңбектерінде қарастырып өткен.

Біз бұл бөлімде жоғарыда айтылып өткен лингвистердің жұмыстарына сүйеніп, оларға біршама толықтырулар жасадық. Сленг сөздерінің төмендегі жолмен жасалатынын көрсетіп, олардың әр қайсысына мысалдар келтіріп, жеке тоқталуды жөн көрдік. Сонымен қатар сленгпен жұмыс жасай отырып лексикологияда стандартты тілдегі сөздердің жасалатын тиімді не тиімсіз жолдарының барлығы дерлік сленг сөздерінің жасалуында да кездесетінің байқадық. Сонымен, сленг сөздері мынадай жолдармен жасалады:

1. Аффикстер арқылы;

2. Күрделі сөздер арқылы;

3. Контаминация;

4. Қысқарған сөздер;

5. Редупликация;

6. Спунеризмдер;

§1. 1. Аффикстік сөзжасам.

Сленг сөздерінің басым көпшілігі аффикстер арқылы жасалады, ал аффикстердің өзі ішінара бірнеше бөліктерге бөлінетін бізге лексикология пәнінен белгілі. Ендеше біз сленгтердің де сол бөліктері бойынша жасалатынын айта кеткенді жөн деп санаймыз.

Мысалы:

Аффикстер

Суффикстер Префикстер Инфикстер

а) еr, іе суффикстері

ә) басқа тілден енген суффикстер .

Сленг сөздері көбіне еr, іе, -у, -еу суффикстері арқылы жасалады. Еr суффиксі әдетте әдеби тілде адамның мамандығын білдіретін сөз тудырушы жұрнақ болса, сленг ретінде де бұл суффикс адамның мамандығын, айналысатын ісін, сапасын білдіріп, тек жанды зат емес, сонымен қатар жансыз заттың да артынан жалғанатын суффикс болып табылады. еr суффиксі көбіне зат есімге, етістікке, сын есімге немесе үстеуге жалғанып, оларды зат есімге айналдырады да сөздің тура не ауыспалы мағынасында келеді. еr суффиксімен тіркескен көптеген сленг сөздерін мысал ретінде көрсетуге болады. Мысалы: «life» - «зат есім», «өмір» деген мағынаны береді, енді оған «еr» суффиксі жалғанса «өмір бойы түрмеге қамалған қылмыскер» немесе «бір жерде пенсияға шыққанша жұмыс істейтін адам» деген мағынаға ауысады. Сол сияқты «kiss» - етістік, «сүю», «еr» жалғанса «бет» деген «зат есім» ретіндегі сленг сөзі, «good» - «сын есім», «жақсы» мағынасында, ал «gooder» - «сыйлы адам», «high-rise» - тікелей аударсық «high» - «жоғары», «rise» - «көтерілу», «ег» - жалғанса яғни «high-riser» көп қабатты ғимарат». Сол сияқты «old-time» - «old» - «ескі», «time» -»уақыт», ал «old-timer» «қартайған кісі, ардагер»; «junk» - «мусор», «junker» -»наркоман»; «five» - «бес», «fiver» - «бес доллар»; «weep» - «жылау», «weeper» - «сентиментальді яғни үлкен әсер қалдыратын, жылататын фильм»; «buck-passer» - «жауапкершіліктен қашатын, сөзінде тұрмайтын адам»; «super-duper» - «керемет», «putter-offer» - «кейінге қалдыра беретін адам», «hooper-dooper» - «өте күлдіргі», «еr» - суффиксі қысқарған сөздерден кейінде келеді. Мысалы: «humdinger» - деген сөзден «hummer» - «жақсы жігіт» немесе «жақсы зат» деген мағынаны береді. Сонымен қатар бұл суффикс сөзді ұзартып айту үшін де қолданылады. Мысалы: «down» орнына», «downer» - «ұйықтататын дәрі», және «gas» - дегеннің орнына «gasser» - «мақтаншақ, әңгімесі көп адам» тағы басқа.

Енді жоғарыда көрсеткен сленг сөздердің біразына мысалдар келтірсек.

«The lifers came next, eager to rest their bones, lunch buckets dangling from their weery hands». [Newseek]

«Келесі болып демалуға, қолдарынан түскі тамақтары бар сөмкелері түсейін деп тұрған тұрақты жұмысшылар келді».

«I saw this old - timer here yesterday. What he's doing here?» [A. S, 162]

«Мен кеше бұл ардагерді көрдім. Ол бұл жерде жай жүр ме екен?» [A. S, 162]

«After living in a suburban environment in Scarsdale Max had great difficulty adjusting to living in a high-riser». [A. S, 101]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар қолданатын сленгтер
Сленг ұғымының анықтамасы
Саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының берілуі
Ағылшын тілі, жастар
Instagram әлеуметтік желісінің мәтіндеріндегі тілдік құралдардың лингвистикалық ерекшеліктері
Сөйлеу әдебі ағыл
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз
Коммуникативті үрдістің құрылымдық-функционалдық талдамы
Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz