Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік талдауы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.Тарау. Кәсіпкерлікті зерттеудегі теоретикалық .
әдістемелік негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...6

11. Кәсіпкерліктің тарихи түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Кәсіпкерлік топтың әлеуметтік бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3. Кәсіпкерлік теориясының даму тарихы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ.Тарау. Кәсіпкерлік іс.әрекетті социологиялық талдау ... ... ... ... ... ... ... .20

2.1. Кәсіпкердің әлеуметтік бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Кәсіпкерлердің кәсіби мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Кәсіпкерлік мінез құлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.4. Кәсіпкерлік қызметінің әлеуметтік.
экологиялық ынтасы ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ІІІ.Тарау. Қазақстан Республикасыңдағы кәсіпкерлікті қолдау
саясатын әлеуметтік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: оның құрылуы
және дамуы. ... ... ... ... ... ... .. ...44
3.2. Қазақстандық кәсіпкерліктің алдында тұрған
Кедергілер және оны жеңу жолдары. ... ... ... ... ... ... ... .46
3.3. Кәсіпкерлікті қолдаудағы әлеуметтік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 49

Қолданылған сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

Қолданылған әдебиеттер тізімі.. ... ... ... ... ... ... ...51
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекет құруға кірісті. Елде нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеукемттік-экономикалық реформалар жүргізілуде. Соның нәтижесінде елімізде жаңа экономикалық құрылым қалыптасып саяси жүйе мен қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынға одақтық республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі, өндірістің құлдырауы, экономиканың шикізаттық бағыттылығы халықтың әл-ауқатыынң, материалдық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев: “Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеп соқты. Бұл ретте мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы – орташа таптың шоғыры аз”, - деп атап көрсеткен болатын Қазақстан халқына Жолдауында.
Объективті қиыншылықтар - жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құлдырауына байланысты. Сондықтан, кәсіпкерліктің дамуына керекті қаражат ресурстары тапшы болып отыр. Субъективті қиыншылықтар - бізің қоғамымыздағы табыс көру мен баю мәселелеріне байланысты іс-әрекеттер әлі де дұрыс бағытта, толық мөлшерде қолданылмай отыр. Коммерциялық табыс және жетістікке жету парадигмасы халық санасында негізделген жоқ. Көп адамдардың ойлау бағыты, саналары әлі Кеңес үкіметі кезіндегі заман талаптарымен сәйкес. Олар үшін тез арада, басқа, нарықтық экономика кезеңіне сай келегін, рационалды ойлау түріне көшу көптеген қиыншылықтарды туғызуда. Қоғамда кәсіпкердің тұлғасының беделі толық мөлшерде жоғары емес. Қазіргі .заман жағдайы ой, сана-сезімнің, жұмысқа деген көзқарастың, әлеуметтік бағдардың түпкілікті қайта құрылыуын талап етеді. Мемлекетте кәсіпкерлік бостандығына, заң билігіне, бизнес мәдениетіне негізделген салт-дәстүр, ережелер, бағдарлар орнату керек. Әр ұлт өз кәсіпкерлерінің еңбек жемістерін мақтан тұтады. Сонымен бірге, әр ұлт бір кәсіпкерлік идеяны өмірге әкелуінде өзінің еншісі бар екенімен де мақтанады. Ал, кәсіпкерлік форма ретінде, тек материалдық және рухани потенциалдың жоғарылауына ғана себеп бола қоймай, ол ұлттың бірігуіне, оның ұлттық рухы мен абыройын көтеруге себеп болады.
Өкінішке орай, Қазақстандағы кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуы өту кезеңіндегі қиын, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар үстінде қалыптасты. Қоғамның мемлекеттік емес секторы күні бүгін де көптеген объективті және субъективті мінездемелі қиыншылықтарға душар болып отыр. Бұл жайт, әрине, қоғамның динамикалық дамуына, оның өркендеуіне, көркеюіне өз кедергілерін әкеледі.

Кәсіпкерліктің дамуының алғашқы жылдарьшдағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, қазіргі таңда бұл әлеуметтік құбылыс қоғам өмірінде, айтарлықтай, тұрақтандырылып жатыр.
Біздің мемлекетімізде «жаңашылдық» қызметін атқаратын кәсткерліктің өсу сатысын қалыптастыруда біршама сәтті қадамдар жасалуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ақиқатты кілті - «жаңа кезеңдегі» жағдайға орай, келешегі бар бағыт, ол - кәсіпкерлік секторына жақындау болып табылады,
Кәсіпкерлік мәселесі қазіргі әлеуметгік-экономикалық даму кезінде ерекше актуалды.
Пайдаланылған сілтемелер:

1. ВеберМ. «Протестанскаяэтика и дух капитализма».
Избр.произв.:Прогресс, 1990 г. стр 61-272.
2. Зомбарт. В. Избранные сочинения. М/. Наука, 1994г. стр 6-168.
3. Легофф.Дж. «Средневековая западная цивилиазация». М.:Прогресс-
Академия, 1992 г стр 200-237.
4. Таргов А. «Торговец в XVI веке». М.: Наука, 1991г. стр 217-220.
5. Шумпетер. Й, «Теории экономического развития». М.: Прогресс 1982 г,
стр 170-194.
6. «Предпринимательство в конце XX века». М/. 1994 г. стр 20-57.
7. Неbеrt R, lіnк АN. Тһе Еntrерrеnut; Маіnseam Views and Radical Critigues. N.X. Pralger, 1988.
8. Сей Ж.Б. "Трактат политичесокой экономии ". Н.Солдатенков 1896г.
стр.60-62.
9. Маршалл А. "Принципы экономической науки". ТЛ. М.: Протресс-
Университет 1993г. стр. 208-213.
10. Найт Ф. "Понятие риска неопределенности" / Тһеsis. 1994 г. В№5 стр.
26-34.
11. Коуз Р. "Фирма, рынок и право". М.Дело. 1993 г. стр 36-40.
12. ГрищенкоЖ.М. ЛапшаИ.Н. Новикова Л.Г. «Социальный портрет
предпринимателя». // Социс. № 10 1992 г.
13. "Предпринимательство в кризисном обществе". // Социс. №7 1999г,
14. Бусыгин А.В. "Предгфинимательство" М. 1999 г. стр. 20-217.
15. Черных А.М "Социальная сфера предпринимателя" //Социс. №5 1990г.
16. Модель И.М., Модель Б.С. "Профессиональная культура
предпринимателя" // Социс. №10 1997 г.
17. Ажекбаров К.А. Колобова С.В. "Малое предпринимательство в
государствах-участниках СНР" // Право и Экономика В странах Европы и
Азии. №1-2. 1997г.
18. Верховин В.И. Логинов С.Б. "Феномен предпринимательского
поведении" // Социс. №8 1995г,
19. Зайдфудин П.Х. Газизуллин Н.Ф. "Социалъно-экологическая
мотивация предпринимательской деятельности". // Социс. №9. 1992 г.
20. Дущацкий Л.Е. "Ъзаймодействие предпринимателей с условиями и
среды". // Социс. №1. 1998 г.
21. Кантарбаева А.К. Мустафин А.Т. "Теория предпринимательство и
эволюционная экономика". // Вопросы экономики. №11. 1997 г.







Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

1. Бабаева Л.В. "Частные и государственные предприятия: мнвния
директоров". // Социс. №8 1995г.
2. Байдельдинова Л.А. «Экономическая социология» Уч.пос.
Экономика 1997г.
3. Весоловский В. «Классы, слои и власть». М: Прогресс 1991г.
4. Гришаев В.С., Немировский В.Е. «Социальный портрет молодого
предпринимателя». // Социс. №5 1999г.
5. Дворецкая Г.В. Махнарылов В.П. «Социология труда», Уч.пос. —К:
1990г.
6. Дикарева АА. Мирская М.И. «Социология труда». Учлос. для
студентов вузов. Обучение по специальности «Экономика и
социология труда». М.1989г.
7. Дущацкий Л.Е. «Взаимодействие предпринимателей с условиями
среды», // Социс. №1 1998г.
8. Дущацкий Л.Е. «Ценвостно-мотивационные доминанты российских
предпринимателей». //Социс. №7 1999г.
9. Естафьев Н.В. Николаев М.В. «Малые предприятия, организация,
функционирование, эффективность». // Экономические науки- №11
199Іг.
10. Зайченко А.С. «Мелкие првдприниматели США». 1990г.
11. «Концегщия формировании нового социоэкономического поведения граждан Республики Казахстан», Алматы.Казахстан. 1995г.
12. Кантарбаева А.К., Мустафин А.Т. «Динамика малых фирм и теория
предпринимательство Шумпетера». // Известия Министерства Науки-
Академии Наук РК5 сврия общественных наук- №5- 1997г.
13. Мустафин А.Т. «Принципы самоорганизации в экономической
эволюции». -Казахстан Даму Институты. 1997г.
14. «Предпринимательство: социальный портрет». М,1994г. Выпуск
VII
15. Радаев В.В. «Экономическая социология», Курс лекций. Уч.пос. МАспект Пресс; 1998г.
16. Радаев В.В. «Этаическое предпринимательство: мировой опыт и
Россия». //Полис №5 1993г.
17. Соколова Г.Н. «Экономическая социология». Курс лекции.уч.пос.
для вузов. М, 1998г.
18. Стьютвилл Дж. «Новая волна предпршшмателъства». // США:
экономика, политика, идеология, №6. 1988г,

19. Савкин В.И. «Предпринимательская среда в оценке
предпринимателей». // Социс. №7 1999г.
20. Токвиль А. «Демократия в Америке». М: Прогресс 1992г.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

философия және саясаттану факультеті
әлеуметтану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік талдауы”

Орындаған
4 курс студенті ___________________________________ _

Ғылыми жетекші____________________________ _______

Нормативті
тексеруші ___________________________________ ______
Қорғауға жіберілді

Кафедра жетекшісі
ә.ғ.д., профессор ___________________________________ __

Алматы 200

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І-Тарау. Кәсіпкерлікті зерттеудегі теоретикалық -
әдістемелік негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...6

11. Кәсіпкерліктің тарихи түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Кәсіпкерлік топтың әлеуметтік бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 11
1.3. Кәсіпкерлік теориясының даму тарихы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ-Тарау. Кәсіпкерлік іс-әрекетті социологиялық талдау ... ... ... ... ... ... ... .20

2.1. Кәсіпкердің әлеуметтік бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Кәсіпкерлердің кәсіби мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Кәсіпкерлік мінез құлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.4. Кәсіпкерлік қызметінің әлеуметтік-
экологиялық ынтасы ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасыңдағы кәсіпкерлікті қолдау
саясатын әлеуметтік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: оның құрылуы
және дамуы. ... ... ... ... ... ... .. ...44
3.2. Қазақстандық кәсіпкерліктің алдында тұрған
Кедергілер және оны жеңу жолдары. ... ... ... ... ... ... ... .46
3.3. Кәсіпкерлікті қолдаудағы әлеуметтік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 49

Қолданылған сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..50

Қолданылған әдебиеттер тізімі.. ... ... ... ... ... ... ...51

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекет құруға кірісті. Елде нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеукемттік-экономикалық реформалар жүргізілуде. Соның нәтижесінде елімізде жаңа экономикалық құрылым қалыптасып саяси жүйе мен қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынға одақтық республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі, өндірістің құлдырауы, экономиканың шикізаттық бағыттылығы халықтың әл-ауқатыынң, материалдық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев: “Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеп соқты. Бұл ретте мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы – орташа таптың шоғыры аз”, - деп атап көрсеткен болатын Қазақстан халқына Жолдауында.
Объективті қиыншылықтар - жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құлдырауына байланысты. Сондықтан, кәсіпкерліктің дамуына керекті қаражат ресурстары тапшы болып отыр. Субъективті қиыншылықтар - бізің қоғамымыздағы табыс көру мен баю мәселелеріне байланысты іс-әрекеттер әлі де дұрыс бағытта, толық мөлшерде қолданылмай отыр. Коммерциялық табыс және жетістікке жету парадигмасы халық санасында негізделген жоқ. Көп адамдардың ойлау бағыты, саналары әлі Кеңес үкіметі кезіндегі заман талаптарымен сәйкес. Олар үшін тез арада, басқа, нарықтық экономика кезеңіне сай келегін, рационалды ойлау түріне көшу көптеген қиыншылықтарды туғызуда. Қоғамда кәсіпкердің тұлғасының беделі толық мөлшерде жоғары емес. Қазіргі .заман жағдайы ой, сана-сезімнің, жұмысқа деген көзқарастың, әлеуметтік бағдардың түпкілікті қайта құрылыуын талап етеді. Мемлекетте кәсіпкерлік бостандығына, заң билігіне, бизнес мәдениетіне негізделген салт-дәстүр, ережелер, бағдарлар орнату керек. Әр ұлт өз кәсіпкерлерінің еңбек жемістерін мақтан тұтады. Сонымен бірге, әр ұлт бір кәсіпкерлік идеяны өмірге әкелуінде өзінің еншісі бар екенімен де мақтанады. Ал, кәсіпкерлік форма ретінде, тек материалдық және рухани потенциалдың жоғарылауына ғана себеп бола қоймай, ол ұлттың бірігуіне, оның ұлттық рухы мен абыройын көтеруге себеп болады.
Өкінішке орай, Қазақстандағы кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуы өту кезеңіндегі қиын, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар үстінде қалыптасты. Қоғамның мемлекеттік емес секторы күні бүгін де көптеген объективті және субъективті мінездемелі қиыншылықтарға душар болып отыр. Бұл жайт, әрине, қоғамның динамикалық дамуына, оның өркендеуіне, көркеюіне өз кедергілерін әкеледі.

Кәсіпкерліктің дамуының алғашқы жылдарьшдағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, қазіргі таңда бұл әлеуметтік құбылыс қоғам өмірінде, айтарлықтай, тұрақтандырылып жатыр.
Біздің мемлекетімізде жаңашылдық қызметін атқаратын кәсткерліктің өсу сатысын қалыптастыруда біршама сәтті қадамдар жасалуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ақиқатты кілті - жаңа кезеңдегі жағдайға орай, келешегі бар бағыт, ол - кәсіпкерлік секторына жақындау болып табылады,
Кәсіпкерлік мәселесі қазіргі әлеуметгік-экономикалық даму кезінде ерекше актуалды.
Бұл тақырыпты зерттеуді экономистер бастаған болса да, кейінірек, бұлардың қолдарынан жазылған талдауларды психологтар мен социологтар қағып алып, амалдау әрекетінің қимыл нүктесіне айналдырған. Социологтар экономикалық жағынан емес, жаңа зерттеу қалпын ұқсастырып тек өз саласындағы қызықтыратын мәселелермен айналысуда. Мысалы:
кәсіпкерлік топтың әлеуметтік құрамы, оның шұғыл бұру жолдары
мен жеке тұлғалық қарым-қатынасы, орны мен рольдері;
- кәсіпкерлік мәдениетгің элементтері, шаруашылықты жүргізу
әдістерімен мәнді қарым-қатынас жасау этикасы;
- өз айналасындағы қоғамдық көзқарас бойынша, белгілі мәніне
орай, кәсіпкерлік қызметінің орын алуы;
- кәсіпкерлердің басқа кәсіпкерлік топтармен өзін ұқсастыру әдісі; Социологтар кәсіпкерлікті абстрактылы көзқарас жиынтығы деп қарамай, керісінше, нақтылы тарихи мәдениетті таптік құраушы деп түсінеді Олардың бұл мәселелерді талқылауда социологиялық әдіс аспектісіне тоқтайтын болсақ, олар тұлғаны қоғамдық қатынастар жүйесінде негізгі орынға қойған. Егер, мысальц экономистер жеке адамды өндірісте тек материалдық құндылық, пайда табудың құралы ретінде қарастырса, психологтар бұл жоспарда тұлғаның тек өзіндік, топтық ара қатынастан тыс, -психикалық жақтарын талдауға алады. Ал, социологтар кәсіпкерді өзінің қоршаған ортасымен өзара қарым-қатынас процессінде, оның қоғамдық стратификация қабатында алатын орнын, ролін есепке ала отырып зерттейді.
Бітіру жұмыстың:
Объектісі - кәсіпкерлік әлеуметтік құбылыс ретінде.
Пәні - кәсіпкерлердің әлеуметтік бейнесі.
Мақсаты - кәсіпкерлік түсінігін толығымен ашып көрсету және әлеуметтік топ мүшесі ретінде, кәсіпкер тұлғасына социологиялық талдау жасау.
Міндеттері:
- ерте заманнан бастап, күні бүгінге дейін кәсіпкерліктің түрлерін
сипаттау;
- осы мәселені зерттеудегі басты теоретикалық және әдістемелік
негіздерді қарастыру;
- кәсіпкерлік тобының әлеуметтік бағытын және идеологиясын
тұжырымдау;
- кәсіпкердің әлеуметтік бейнесін, оның мінез-құлық ерекшеліктерін,
кәсіби мәдениетін талдау;
- Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын, оның
алдында тұрған кедвргілерін көрсету және оны жеңу жолдарын табу
жөнінде кеңестер беру;
- Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлікті қолдаудағы әлеуметгік
саясатпен қысқаша таныстыру.
Жалпы жұмыс III тараудан тұрады. Әр тарау үш-төрт бөлімді қамтыды. Бірінші тарауға қысқаша тодтайтын болсақ, онда негізгі үш мәселе қарастырылады. Біріншіден, кәсіпкерліктің, әлеметтік құбылыс ретінде, даму тарихы мен өркендеуі. Екіншіден, кәсіпкерлік мәселесінің ғылыми
тұрғыда қарастырылу деңгейі. Үшіншіден, оның әлеуметгік бағыты және әлеуметтік топ ретінде қоғамда орын алуы.
Екінші тарау көлемі жағынан кеңірек және бұл тарауда бітіру жұмыстың өзекті мәселелері талданады. Олар- кәсіпкерлердің әлеуметтік сипаттамасы, ауыртпалық жасайтын фактілер, оларға көмек етушілер, олардың кәсіби мәдениеті, әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктері және экологиялық мәселелер,
Үшінші тарау толығымен Қазақстан республикасы деректеріне сүйенеді. Бұнда біздің мемлекетіміздегі кәсіпкерліктің өріс алуы, оған бастап жатқан қолдаулар мен аяқтан шалып отырған кедергілер тамыр-таныстың әсері, оны өсіруге көмегі мен өшіруге залалы, кәсіпкерлікті шыңдаудың жолдары, мемлекет тарапынан көмек, салық әсері т.б. сол сияқты мәселелер қарастырылады Жұмыстың соңында, кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі әлеуметтік саясаттың негізгі сәттері тұжырымдалады. Бұл жұмыста көңіл бөлінген мәселелер – кәсіпкерлік ортаны жаңаша құру, фирмаларды өсіру, білімді тәжірибелі мамандармен қамтамасыз ету, кәсіпкерлер тобын орта топ ретінде анықтау туралы ғылыми дәлелдер.

І-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕР.

1.1. Кәсіпкерліктің тарихи түрлері.

Кәсіпкерліктің тарихы және әлеуметтік түбіріне неміс тарихшылары мен социологтары, солардың ішінде әсіресе М. Вебер мен В. Зомбарт көп көңіл бөлген. Олар кәсіпкерлік рухының пайда болуы капиталистердің рухын құрайтынын көрсеткен. Бұл жерде рухтың түсінігі философиялық немесе психологиялық мәнінде емес, керісінше, әлеуметтік-экономикалық негізінен туған. Шаруашылық рухы - ол, "шаруашьшықты басқаруға бағытталған жанқұмарлығы мен міндеттің қосындысы" - деп тұжырымдады В.Зомбарт өзінің "Буржуа" деген кітабында.
Кәсіпкерлік рухының маңызды ерекшелігі оның тарихы белгілілігінде. Айталық, протестанттардың пальвинистік болжамы кәсіпкерлік рухты капиталистік жаңа кезеңде экономикалық материализм мен шын құдайшылыққа үйлестіріп біріктіре алғандығы. Мұнда жеке даралану ерекше майдаланып көрінген. Адамзатгың ешқандай делдалдық көмексіз, өз күшімен тікелей құдайды сезіне отырып, өзін ауыртпашылықтан құтқару жолын іздеуі, оның таба білуі, мұның өзін тіршілік өмірінде жасай отырып, осындай сенім күшінің нәтижесінде шаруашылық жетістіктеріне жете алуы. Сөйтіп, адам ысырапқа, тайшылдыққа ұшырамай, тек байлықты молайтуға тиіс. Байлық дегеніміз - тек материалдық жеткілікті ғана емес, сонымен бірге, ол адамзатқа жоғары деңгейдегі сергек сезім мен қуаныш, көңілділік әкелетін нәрсе. Бұл қуаныш, байлық ақырында адамды құдайдың қатарына жеткендей сезіндіреді. Сөйтіп, діни этика шаруашылық этиканың пайда болуына мүмкіндік тудырады. Енді, басты мақсат баю құмарлығымен шектелмей, оның сол байлығынан басқаларға несие беруге құнықтырады.*
Сөйтіп, байлықтың қалыптасуына және оның өсуіне барынша күш салынады. В. Зомбарт, адамдар капитализмге дейін адамдық қалыпта болған, табиғатқа араласып, жақындасып, топтасып, бірігіп күн көрген. Ал, капитализмді тудырған адамдар кәсіпкерлік рухты мещандық рухпен қабаттап иемденуді өз бойына жиған. "Кәсіпкерлік рух-ол, ақша құмарлық, көптеген жамандықты тудыратын, күтпеген кездейсоқтыққа ұрындыратын рух, ал мещандық рух - шаруашылықты өркендетуге ықпал ететін, ойшылдықты тудыратын рух".*
Зомбарттың түсіндіруінше, кәсіпкерлік жоғары сапалы, үш жақты болуы керек:
- Жеңе білу (рухтың бостандықта өз іс-әрекетін жоспарлай алуы,
еркіндік және күш жия алу, табандылық пен тұрақтылық);
- Ұйымдастыра білу (адамдарды дұрыс бағалау, оларға жұмыс істете
алу, олардың іс-әрекетін үйлестіру).

*1.Вебер М. “Протестантская этика и дух капитализма” М.Вебер. изб.пр.:Прогресс, І990 с.61-272.
*2. .В.Зомбарт. Избранные сочинения. с-19.

- Сата алу (адамдарды күштемей сендіре білу қабілеті, оларды өз
өнімдеріне қызықтыра білу, сендіру).
Мещанға басқа талғам керек:
- Шаруақорлық, оған қатысты рационалды түрде іс жүргізе білу,
пайдалы экономия мен ұқыптылық.
- Іскерлік, адамгершілік, коммерцияда салауатты, сенімді келісім
шартқа беріктік және қатаң түрде есеп жүргізу.
Міне осы қасиеттерімен мещандық рух пен кәсіпкерлік рух бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ екеуі қосылып капиталистік рухты құрайды.
В. Зомбарттың көзқарасы бойышпа, талмуданың діні дүниежүзіндегі
ерекше дін - ол ешуақытта кедейлікті мұрат етпеген, керісінше сауда-
саттық еркіндігін мақсат еткен. Европада еврейлік кәсіпкерліктің өсуі
мұндағы бұл ұлт өкілдерінің көп жылдар бойы қуғындалуынан туды.
Олар беделді мамандықтардан қол үзіп, әлеуметтік және шаруашылық Дискриминацияға ұшырады. Мұның соңы жабық-жасырын шаруашылықтардың құралуына ықпал етіп, олар пайызға қаржы бергеннен банктік іс пайда болды.*
Сонымен, М.Вебер бойьшша, жаңа капиталистік рух кәсіпкерлік және бюрократтық ұйымдар өскен сайын қалыптасады. В.Зомбарт пікірінше, кәсіпкерлік және мещандық рух бір-бірімен сабақтасады, екеуі бір бірін толықтырады. “Кәсіпкер”, “Мещанин”, “Бюрократ”- үш тарихи идеалды түрлер болып капиталистік рухты құрайды.*
Ақшаны өле көксеу - Зомбарттың мещандарының жан-жакты кәсібіне айналады. Оның іс-әрекетінің националды негіз - экономикалық есеп және үнемдеу, еңбек пен қаржы жинау, қауіпсіздік пен жеке активтерінің тұрақты өсуіне бағытгалған. Басты мақсат - әулеттің мақсатын қанағаттандыру. Бұл бизнесті дамытуға мәжбүр етті. Әулет құндылықтары, идеалдары бизнеске де көшеді.*
Мещанға жақын өндіріс ұйымдастырушылар - ұүсақ буржуа, қалалық лавочниктер, ауылдық фермерлер.
Бұдан басқа рух иесі - фирманың пайда табуын көздеген бюрократтар- өз пайдасы үшін бір-біріне тәуелді ету баспалдағын ұйымдастыру негізін қалап, сол арқылы, сатылап жоғарылау жолын іске асырған бюрократ корпорацияға қызмет етуі, оның жұмыс орнына толығымен берілуі барлық мақсаттан үстем тұрады.
Бюрократтың іс-жоспары әріптестер мүддесі үшін қатал тәртіп орнатып, басқа бос сөзаралықты мүлдем жоғалтып, өзінің күні бұрын шешкен іс әрекеттерінің іске асуын қадағалаған. Шаруашылық саласында өзіне тиісті қызмет атқарып отырған.
Кәсіпкердің құралу ерекшелігі мещандық пен бюрократтан өзгеше, көп мөлшерде жаңашылдыққа бағытталған. Кәсіпкердің мақсаты тұрақты пайда табу мен қатар, мол кіріс әкелетін жобаларды өткізуді іске асыру Бұл кәсіпкерлер
___________________________________ _________________________
*3. Вебер М. "Протестанская этика и дух капитализма". Избр. Произв. М.;
Прогресс. 1990. с.61 -140.
*4.3омбарт В. Избр. сочинения. М:Наука, 1994. с.6-168.
*5. Зомбарт В. избранные сочинения .IV,VII.
әсіресе мещандық-бюрократтық сипаттан гөрі, өзінің атақ даңқы әйгілеуін, өз
өндірісін жеңіске жеткізуін көздейді.
Кәсіпкердің іс-әрекеті әсіресе жаңалыққа жақын, жаңа хабарларды естіп, оны іске асыруға үмтылып, өз пікірімен үштастыра алуында.
Кәсіпкер ысырапқа жол бермей, кіріс-шығыс калькуляциясын дәл есептей отырып, арзанын қымбатқа өткізуге тырысады. Бұл жерде немқұрайдылық пен белгілі ережелерге бағындыру деген азайып, керісінше, шығармашылық әдіс молая түседі. Тәуекелге немқұрайдылықпен қарайды, оған бара бермейді. Еңбектерін мараппатаудан гөрі, өндірісінің-өнімі өтуінің қорытындысын күтеді. Кәсіпкерлер корпорациясымен әулетке көңіл бөлгеннен гөрі, өзінің идеясын іске асыруды мақсаттайды.
Кәсіпкерлер шын мәнінде іскерлік моральге жайбарақаттылықпен қарайды.
Экономистер үшін кәсіпкерлік жан-жақты бейнелі іс. Тарихшылардың дәлелдеуінде орта ғасырлық кәсіпкерлік қазіргілерден тым өзгеше, әсіресе шаруашылық ісін жүргізуі мекеме мінездемесінен мүлде басқаша. Орта ғасыр кәсіпкерлері колоридті түрдің галереясын жинақтап, салмақтап көрсете алған. Бұл, арпалысқан сатушы- жауласқан көпестің қысымымен алысқан іспетті. Бұл аристократтармен теңізде жүзген жанкештілер сияқты, пираттарға ұқсас бейнелі алғашқы жаңалық ашқандай Уолтер Рейли және Френсис Дрейк мырзалар батырлығына ұқсас, миссионерлермен ізденгіштердің кездейсоқ байлығы. Орта ғасырлық архитектор, тек қана жобамен ғана, барлық жұмыстармен айналысқан. Адасқан сатушылармен шеберлер, тапқыштар мен алаяқтар, бірінші биржалық саудагерлер грюндерлік аурумен ХҮІІғ. Қызыққан. Р.Кантильон, кәсіпшілік теориясының
басшысы, кәсіпшілікке қаңғырып жүрген адамдарды және қылмыскерлерді жатқызған.*
Осыларды, қазіргі заманнан қарағанда, “таза” кәсіпкерлер деп атауға болмайды.
Орта ғасыр кезіндегі кәсіпкерлер басты экономиканың жағалауында ғана болған. Көпшілік тұрғындардың тұтыну дәрежесі базардың көмегінсіз қанағаттандырылған, шамалы ғана көпестер жоғары класты ортаға ылайық, заттарды тауып жеткізуге машықтанған.
Хал-жағдайын жасап алған соң, бұлардың көбісі шаруашылықтарының орнын ғана қалдырып кете берген,* салып отырған.
Қазіргі кәсіпкерліктің келбеті жаңа кезеңдегі пайда болған экономикалық субъектіге орай құрыла бастады. Бұл жерде де ескі байлықты құмартқандар мекемелермен бірігіп, капиталдарын қосып, жан-жақты шаруашылықтар стратегиясын құрып, көп байлық алудың жеңісті түріне ынталанды.
Тек мемлекет қана кең келемде қор бөліп, кәсіпкерлікті тұрақтандыруға күш салып отырған. Қазіргі кәсіпкерліктің келбеті жаңа кезеңдегі пайда болған

___________________________________ ____________________________________ ___________

*6.Легофф. Дж. Средневековая западная цивилизация. М.: Прогресс-Академия, 1992. С. 236-237
*7. Т.Таргов " Торговец в XVI веке." М.: Наука, 1991 .с. 217-220.
экономикалық субъектіге орай құрыла бастады. Бұл жерде де ескі байлықты құмартқандар мекемелермен бірігіп, капиталдарын қосып, жан-жақты шаруашылықтар стратегиясын құрып, көп байлық алудың жеңісті түріне ынталанды.
Қазіргі кәсіпкерліктің келбеті жаңа кезеңдегі пайда болған экономикалық субъектіге орай құрыла бастады. Бұл жерде де ескі байлықты құмартқандар мекемелермен бірігіп, капиталдарын қосып, жан-жақты шаруашылықтар стратегиясын құрып, көп байлық алудың жеңісті түріне ынталанды.
Қорыта айтқанда, ерікті иемденушілер ұсақ фирмалар құру жағында болды. Бұның мақсаты бірін-бірі құрту тауқыметіне ұшырау, шаруашылық шешімдерін кең көлемде жасай алмау. Қордың жоқтығынан жаңашылдықты жасай алмау сияқты кедергілер болып тұрады. Ортағасырдағы саудагер кез келген әлемде мәңгі жолаушы, саяхатшы.*
Жаңа кезең оған өркендеген коммуникациялық жүйені алып келген, тұрақты өмірге көшуге барлық жұмыстарды "үйден" немесе конторадан жүргізуте ықпал етеді. Тұрақтылықтан өз абыройын көтеруге ойланады. Қаңғып жүрген саудагер мәңгі қозғалыста жүреді, бүгін ол мында, ертең онда, жергілікті шарттармен "қысылмайды". Алаяқты кәсіпкершіліктің түрлері әлі де сақталған, олар "өтірік капиталға" және қаражаттық манипуляцияға көшіп тұрады. (Осындай кәсіпкершіліктердің фигуралары Ф.Каупервуд Т.Драйзерда немесе Саккара Э.Золада кезігеді).
Кәсіпкерлік типі тұрақты болып қалмайды. В.Зомбарт бойынша ертедегі капиталистік кәсіпкер өзіне керекті тыныш өмір сүру үшін өзін жұмыспен қамтамасыз ету, бәсекенің басты қысымына төзу, коммерциалық жарнамаға тыйым салу жолдарын жасаған. Тек қана қазіргі кәсіпкершілік ісі өмірді толық “жұтады”, айналымдары, капиталды өсіруге негізгі қор жасайды.*
Шаруашылық және әлеуметтік жеңістерді жеңіп алу үшін кәсіпкерліктің әлеуметтік негізінде салмақты қозғалыстар болып жатады.
Ерте буржуазиялық қоғамда жаңа мекемелерді құрастырушылар осы мекемелерді жеке меншікке айналдырған және жиі өз қолдарымен жұмыс істеген.
Ол өз орнында алтын ғасыр болды, кәсіпкерліктердің қабаттарында әр бір статустары позициялар біріккен: пайда дәрежесі мен жекеменшік болуы, социалды абырой мен кәсіпті квалификация, саясат әсері мен ұйымдастыру -шаруашылық тәртіптері еді.
Бірақ осы алтын ғасыр өткен заманда қалды. Капиталды акционерлеудің көбеюі, Ост-Индская Компаниядан басталған, сонан кейін ХІХғ. Ортасында қоғамда жауапкершілігі шектеулі кәсіпорындар пайда болды, сынуға негізін дайындайды (XX ғ. басында өркендеген батыс мемлекеттерде болған). Әулетті фирмалар корпорацияларға орын береді, олардың меншіктері жүз мың салушылар арасында кетеді. Ірі және ұсақ бизнес арасы қашық болып тұрады. Сонымен бірге жас буржуазды кәсіпкердің фигурасы сынады.

*8.Зомбарт В. Избранные сочинения. С.118-131,137.
*9. Вебер М. "Протестантская этика и дух капитализма" М: Прогресс, 1990, с.88.

Қорыта келгенде кәсіпкер жағынан ұсақ фирманың негізін салушы болып қалсада, ол екінші жағынан тәуелсіз жекеменшікке немқұрайдылық позициясын ұстап тұрады.
Алдағы үш ірі күштің қысымына ұшыраған - мемлекет, ірі капиталист және ұйымдасқан жалдамалы еңбек, бұлар қысу тобы ұсақ иемденушіліктен консервативті саясатты бағынышқа көшіп отырған.
Егерде оларға осы соғыста үш фронт жандыру радикализмі-революционды түрін алғанда, олардың мақсаты тек қана әлеуметтік өзгерістерде болды, және де статустарын сақтап қалу еді.
Ал, басқа жағынан, біз ірі өндірісті ұйымдастырушыларды байқаймыз. Ірі капитал иелері нақтылы мәселені ұйымдастырудан босайды. Көпшілігі шаруашылық шешімдерін менеджерлерге тапсырса, ал олар корпоративтік мүддені көздеу жолымен болады. Менеджердің өз басындағы міндеті бюрократтық қоғаммен жуылады, пайданы алу үшін қаражатты көрсеткіш және мансапты көтеру алдарында қалып тұрады.
Әлеуметтік негіздің өзгеруімен қатар кәсіпкерлікте, кәсіпкерлік функциясының мүшеленуі де болып тұрады.
Бір түрдің орнына бірнеше түрлері пайда болады:
- финансист (капиталды беруші);
- техникалық және маркетингтік жаңалықтарды ойлап табу (жаңа білім
беруші);
- заңгерлік немесе экономист білгір (эксперт) сарапшының заңды түрде
мекеме құруды ұйымдастыруды ұсынады (ұйымдастыру үлгісін
беруші);
- менеджер, жаңа мекеменің ішкі және сыртқы құрылымдық
қатынастарын реттеуші (басқару технологиясын жасаушы).
Әрине, кейбір функцияларды біріктіруге болады. Айталық, механик-жаңашыл Г.Форд бір кезде автомобильдік империясының негізін өсіре алды. Бірақ, уақыт өткен сайын мұндай қосалқы жұмыстар тіпті кішігірім мекемелердегі ұйымдастырушьшардың өзіне де ауыр тиді, және де жаңашылдар - бастаушылар мен үздіктер мұндайда мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін.
Қорыта келгенде кәсіпкерлік өте күрделі ұғымдар қатарына жатады. Ол экономиканы да, психологияны да, тарихты да, және социологияны да қамтиды.

1.2.Кәсіпкерлік топтың әлеуметтік бағыты.

Типтік кәсіпкердің шаруашылық және статустық бағытын қалай сипаттауға болады? Олар, белгілі тұрақсыздығымен өзгешеленеді. Экономикалық жағынан - бұл келешек жақсылықты күтуде ұзақ мезгіл өткізіп, болжаған пайдамен болып жатқан кірістің арасында үлкен айырмашылық болатынын ұғады Ал, психологаялық жағынан - бұл сыртқы факторлардың салмағына бағынышты болады және соңғы құлдырауға мүмкіндік бермеуді іске асыра алмайды.
Кейбір пікірлерде ХХ-ғасырдың 70-ші жылдарының басында АҚШ-да кәсіпкерліктің "толқыны" алғашқы екі жылда 75-80% дейін, әсіресе жаңа құрылған шағын кәсіпкерлер құлдырауға ұшырап отырғанын анықтаған. Мұның 70% сауда-саттық саласында, және қызмет көрсету мен құрылыс саласында қатты күйреуге мәжбүр болған., Ал, жоғары технологиялық-венчурлік бизнесте күйреу мөлшері біршама азайған. Бірақ, бұл салада кәсіпкерлік айтарлықтай пайда келтіре алмаған.
Шын мәнінде, жетістіктерде, көптеген қайшылықтарды тойтара алмаған. Кәсіпкерлер, ылғи да қысымға ұшырап отырған. Әсіресе, дәстүрлі және жаңа институттардың көре алмаушылық қысымы жасырын қалмаған. Дәстүрлі қоғамның кезқарасы шын мәнінде кәсіпкерлікті еш уақытта игілікті іс деп есептемеген. Керісінше, кәсіпкерлер әлеуметтік сатының төменгі баспалдағына жақын орналасқан деген.
Жаңа индустриалды қоғамда жағдай өзгеше. Бірақ мұнда да бәрі бірдей тегіс емес. Бизнес - орта кәсіп болғандыісган, көбінесе әр қилы сылтаумен жоғары дәрежеге жетіп, биіктен көрінуге тырысқан.
Тіпті Англиядағы жаңа дәуір - Европада индустриализацияны көбіне күшті етіп көрсетуді және тіпті әлсіз болса да дамып келе жатқан кәсіпкерлік рухты дәстүрлі институттан үйренуді көздегенімен, әлеуметтік билікте бағыт ала алмады.
Ақсүйектердің консерватизмдік арманынан тұрақты және сылбыр пайдаланып отырған мұра меншіктері біртіндеп өз бағытын жояды да көбіне мещандықты туғызып, кәсіпкерлік типке ұқсайды. Мұнымен қатар, Англиядағы ақсүйектер ақыры кәсіпкерлік істі мойындап оны қабылдаған, сөйтіп, жаңа пайда болған салт-дәстүр, атақты әулеттен шыққан кіші балаларының коммерциялық орта құруына итермелеп әсер еткен. Ал, бұл іс Францияда көп уақыт пайдасыз делініп артга қалған, ол мырзалар тұрмақ тіпті төменгі қабаттағылардың да көз алдында қолға алынбай қалған. Революциялық және соғыстық соққының кезінде де буржуйлар саясаттағы көріксіз бетәлпетіне қарамай жалпы кәсіпкерлікке қарсы болды.
Мұнда статустық бағыт нарықтық жетістіктен гөрі маңызды болса, ал "қырқылған купондар" тұтынушыларға жоғары жұмыс болды. Әулетті бизнестегі өз бағыттарын сақтап қалуға тырысқандар, бәсекелестікті құруға қарсы заңдылыққа байланысты, қауіпсіздік пен мемлекеттік тамыр таныстыққа ұмтылып оқта-текте шектеусіз алаяқтықтың ұшқындарына ұшырасып отырған.
Ақсүйектің ықпалы Германияда нақтылы пайда болып күшті феодалдық орынның корпоративтік құрылымына ұштасуын толықтырды. Ал, революцияға дейінгі Ресейде кәсіпкерлердің басым көпшілігінің жағдайы, ықтиярсыз көндіруге мәжбүр болып жатқаны көпшілікке белгілі еді. Шын мәнінде, кәсіпкерлік рухтың көрінісі жаңа "феодализацияның'' күшімен кез келген жерде, жекелей, түншықтырылып жатты.
АҚШ-ты айрықша деп санауға болады - бұл қоғам, толық кәсіпкерлік рухқа сіңіп кеткен. Бірақ, маргиналдар басқынашылық жасаған кезде бұл мемлекетгі таныдық.
Бірінші кезекте Ескі әлем елдері кездейсоқтықтар мен алаяқтықты тастап, нақтылы тәуір сыбаға алуды көздейді. Әлі игерілмеген кеңістік көлемі Жаңа әлемнің фронттарлық рухын марапаттайды,- бұл жарқыраған жаңалықтың пайда болуын "фронтир" - жетістіктің шегі деді.
Жер бетіндегі жетістіктің шегі оның ұқсас "эмигранттарының ағысы"- Европада Атлант жағалауында, ал жағалаудан ары Батысқа толассыз өз бетімен бағыт алып, символикалық маңызға ие болды. Өсуі мен құлдырауы заңды деп қаралып, жолы болмағандар Ескі өмірдегідей қатаң жазаға тартылмаған. Жұмысшылардың, меңгерушілердің миграцияға әуесқойлық, мобилдіктері динамикалық өркендеудің факторы болып қалды.
Бірақ, ірі корпорациялар уақытша "ескі" орта кластың көлеңкесін итеріп тастаған жоқ және американдық құндылық пен кәсіпкерлік рухқа шақыру берді. Барлық қатынастарда кәсіпшілер маргинал болып қалды.
Жаңашылдыққа қарсылық болмай қалған емес. Кез келген қоғам салт-дәстүріне орай азды-көпті жүйелі мөлшерде тұрақты құрылады.*
Рутиндік тәртіпке қарсыласа алған ғана кәсіпкер бола алады. Егер, бұлай еткенде де адам осы қоғамның бағасын бөлісе алса ғана, соның өзінде де ол өзін барынша жақсы сезіне алмайды, себебі, шаруашылық практикасында бағдар мен өлшемнің арасындағы баға айырмашылығы туады. Осы себепті де кәсіпкер орнына Й. Шумпетер айтқандай, "ылғи да ұшып-қонғандар" немесе “бөтендер” сөйлеген, тіпті бұлар үстемдік құрған әдет-ғұрыпқа немесе өздері туралы ешбір дерек болмаса да, Шумпетерлік топтағы кәсіпкерлік - өз басын ойлайтындар, тек қана өздері үшін өз идеалдарымен өз ішкі сезімдерін сезінуді ғана міндет тұтқан.
Кәсіпкерлер жергілікті біріккен қоғамдар қатарында, жайғана нұрлы өмірге де аздап жанаса алған. Бұларға үнемі жетіспейтіні - мещандықтың сенімділігімен респектабелділік қарапайымдылығы бұл бюрократтың білімділігі мен өкілеттігіне тең.
Кәсіпкерліктің жетістігі - цехтың қосалқы бауырлары үшін жаңа конкурент болса, керісінше кері кеткендердің үлесіне сенімсіздік пен көре алмаушылық тигізген.

___________________________________ _________________________
*10. Шумпетер Й. Теория экономического развития" М: Прогресс, 1982. с. 170-194.

Қасықпен жинаған абырой кредиттік контораның есігін ашады, бірақ адамға қандай іспен, қандай әдістермен, тұтынуға болатынын көрсетеді, яғни ол көрші және басшы алдында өзінің реномесін түсірмеу үшін. Адамға, жалпы келіскен ережелерді сақтамаса, оған жұмыс істеу жеңіл болады. Осы кездейсоқ жағдай, ешқашан "тіл алу жетістігіне апармайды".
Өз кезегінде кәсіпкерлік тікелей әлеуметтік мобилды каналдарын ашып оны "статусқа қол созғандар" - ға және мүліктері мен дәрежелерін мұрагерлікке қалдырып келе жатқан дәстүрлі мансапқұмарлық жолда қиындық көруші мемлекеттіктермен және әскерліктерге пайдаландырылған.
Алайда, жетістіктер кәсіпкерлерге күтпеген күйзелістер әкелуі мүмкін. Басқалармен салыстырғанда, айталық - материалдық жоспары жоғарылаған “үйлесім” көбірек субъектілерге қарағанда оның әлеуметтік қатынасы жиі-жиі төмендеуге мәжбүр болған.
Еріксіз кәсіпкерлік. Сонымен адамдардың көпшілігі "туа біткен" кәсіпкер бола бермейді. Олардың көпшілігі кәсіпкер болып кетуге еріксіз мәжбүр болады. Оларға жиі-жиі жұмысымен қоса орын ауыстыруға тура келеді, тіпті көп жылдық жиналған бағалы іскерлігіне қарамастан мамандығын да өзгертеді. Еріксіз кәсіпкерлердің көпшілігінің стимулы теріс қасиеттерге итермеленеді. Себебі бұрынғы жұмысына қанағаттанбағандығы емес, керісінше ол ісінің келешегі мен одан мүлде айрылып қалу қаупі туады. Американдықтардың бақылауымен белгіленген жағдайда, кәсіпкерлер, өнім өндіру немесе қызмет көрсетуге шешім қабылдап төрт есеге дейін кемістікке ұшыраған басқа іспен айналысқандарға қарағанда тіпті олардың мұндай жоспарлы пікірі болмаған еді. Жаңа фирма құрушылардың 23 теріс стимул оятуға себеп болды деп - бұрынғы жұмысына орай шығарылу фрустрацияға ұшырайды. Бұл әсіресе, жоғары технологиялық венчурлы фирмаға лайықты, теріс стимулдық мамандардың 80%-нен көбінің кетуіне әсер етеді. Р. Брогауз бойынша, кәсіпкерлер бұрынғы жұмыстарымен қанағаттанбаған, кәсіпкерліктер-жеткіліксіздерге қарағанда.
Кәсіпкерлердің жаппай кетуіне басты себеп - 70-80жылдар ХХғ. Батыс елдеріндегі нарық қыспағының әсері болды.
Бұл жоғары білімді мамандарда өз технологиясын, өз фирмасын ашуға итермеледі, ал білімі шамалы жұмысшылар кішігірім сауда орындарын ашып және тұрмыс жұмыстарына қызмет етумен шұғылданды. Бұған мәжбүр еткен жәй көбіне жұмыссыздық қаупі еді. Д. Сторидің бақылауынан мысалы: жаңа кіші фирма құрушылардың төрт белігі жұмыссыздардан құралған. Сондықтан да бүгінгі кәсіпкерлерге өмірдің жақсылығынан жаңалық жолдар іздеп жүрмегендігін байқаймыз. Осыған байланысты тұрақты экономикалық өсу кезінде жаңа құрылған кәсіпорын үшін көпшіліктен тіпті мемлекеттік дәрежеде сырттай қолдау табуы керек, әйтпесе, құлдырап - құрып кетуі мүмкін.
Экономикалық көтерілу уақытында ұйымдастырғыш орны тұрақты толып қалу жағдайлары көтеріледі әрине, энтузиастар әрқашанда табылады. Бірақ, экономика көтерілгенде субъектілердің негізгі тобы тәуекелге бармай, кәсіпкерлік әсері төмендейді.
Экономикалық құлдырау және дағдарысы - басқа сұрақ. Ірі қоғамдар технологияның және структураны жаңарту алдында тұрады. Осымен бірге қордың бір бөлімі арзандалады, олар кішкене және орта бизнесті мекемелерге қолайлы болады. Осындай жағдайда “табиғи” кәсіпкерліктер бюрократтардың жартысын қысып алады.
Осының бәрі эмпиритикалық зерттеумен бекітіледі (Дж. Беннок, М. Бинкс, А. Дженингс), көрсететін, экономикалық құлдырау кезеңінде жаңа кішкене фирмалар саны кебейеді, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрайды. Осындай тенденция 30-шы және 70-ші жылдарға сипатталады және осы аралықтағы үлкен шайқалу кішкене мекемелер бөлігін екі есеге азайтты. Есептеулер бойынша (С. Прейс, П, Джонсон, А. Дорнелл), кішкене бизнестің белігі өндіріс көлемінде тұрақты экономиканың өсуіне теріс байланысты және жұмыссыздық дәрежесімен сәйкес келеді. Осы бойынша жұмыссыздық "керек болған соң" кәсіпшіліктердің негізгі орнын алады деп тура көрсетпейді, себебі көпшілігі "отырғанмен ауызға май түсуін" күтпейді.
Осыған ұқсас шығарылған қорытындылар батыс мемлекеттерде -жұмыссыздық дәрежесімен жағымды байланыс, экономиканың өсуіне ұнамсыз байланыс, статистикалық мәліметтер, әлеуметтік сұраулар негізінде жасалған.
Сонымен тұрақты экономиканың өсуі үшін жаңа құрылған мекемелер сырттан көмек күтуде. 70-жылдар структуралық дағдарыс, жұмыс нарқында бірнеше проблемаларды туғызды. Соғыстан кейін "Бэби-бум" тиімдісін көрсетіп, иммигранттар саны көбейгені жұмыс қолдарын көбейтті.
Кәсіпкерлік-саналы пікір. Ал, егер кәсіпкерлік құлдыраудың көбігінен пайда болса, онда не үшін кәсіпкерге биіктік туғызу қажет? Себебі, озат - басшылығы бар батыс елдері, көптеген бәсекелер, ұлттық экономика салалары құлдыраушыларға көмек етуге ұмтылып отырады. Сонымен қатар деиндустриализацияға және структуралық дағдарыстарға да кездесіп отырады. Бұл экономикалық құлдырау ауыртпалықтары мемлекеттік реттеумен шаруашылықтардағы құлдырауды бүкіл корпоративті бюрократтық жолмен шешуді қажет етті. Электроника мен машина жасау құрылысындағы және тоқыма өндірісі мен қара металлургия өндірісі араларында болатын бәсекелестікті көтеру талабы, іскер ортамен басқарушылар үшін қамқорлық іске айналды, - бұл кәсіпкерлік рухты жандандыруға қажет екендігін кең көлемде айыра білуге мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлікті ұлғайту саясаттық қоймалжыңды нақтылы жасырып, мифологияны саналы түрде мипаздағандай болды. Бұл топтасқандар арасындағы күрестің “орта класстың” өкіліне (саясатшылар, айтпақшы кәсіпкерлерден гөрі тезірек мещандар үнін қолдау үшін күрескен) қолдаған және демогогиямен қатар ірі бизнестердің мақсатын қорғау үшін күрескен.
Саясаттық үлгінің қалқасында терең идеологиялық қозғалыс жасырынып жатады. Ескі аграрлық мифші қайта құруды, фронтьерлерді, азат фермердің, жұмыскер йоменнің бейнелерін жаңарту және либералдық, индивидуалдық құндылықтарын өздеріне қалдыру - бұл батыстық рационализаторлардың негізі, корпоративтік бетінде, соның ішінде - шығыстық, азиаттық - корпоративке бөтен. "Жетістікке ұмтылу" үгіті "Фаустовтік" рухтың ностальгиясын білдіреді. Бұл "шаршаған ұлттар" үшін дәрі. Кәсіпкерлік рухтың салтанат құруы саналы пікірдің схемасын құрастыруды жасырмауы керек, себеп жекешелендіру процессінің формалды мөлшерінен алысқа шығып кетпеуі маңызды.
Кәсіпкерлік идеология жалпы барлық керекті маңыздармен ие болды. Оның ішінде рационалды схемалар индивидуалды іске, қоғамның өркендеуіне, фирманың тәртібіне және ұлттық капиталдың айналымына кіреді. Кәсіпкерлік құндылықтың жабық жүйесін келтіреді, олар тәуелсіздік, өзін өткізу, өз жетістігіне бағыттану.
Кәсіпкерлік рухының идеологиясы әрбір адамның шаруашылықтық инициативаға құқығын жарнамалайды, материалды тұрақты болуына мақсатты.
Барлық мобилизациялық схемалар секілді, кеткен немесе біреуден алынған кәсіпкерлік бізге структуралық мифологиялық болып келеді. Бірақ бұл миф, әрекет істеп шаруашылық ортаны да өмірге енгізіп жатыр.
Қорытынды. Кәсіпкерліктің социологиялық затына қорытынды пікір жасайтын болсақ, бұл. тақырыпта талдауды экономистер бастаған. Кейінірек бұлардың қолынан жазылған талдауларды, психологтар мен социологтар қағып алып, амалдау әрекетінің қимыл нүктесіне айналдырған, экономикалық жағынан емес басқа қиын ұйқастар үшін социологтар экономикалық функциямен қатар басқа аймақты да тексеруге құмартты.
- кәсіпкерлік мәдениеттің элементтері, шаруашылықты жүргізу
әдістерімен мәнді қарым-қатынас жасау этикасы;
- кәсіпкерлік топтың әлеуметтік құрамы, оның шұғыл бұру жолдары
мен жекешілік қатынасуының орны мен құрылымы;
- шаруашылық істің басты нормативті - бағасы;
- өз айналасындағы қоғамдық көзқарастан құрылатын белгілі мәніне
орай кәсіпкерлердің орындай алуы;
- әртүрлі кәсіпкерлік топтың өздігімен ұқсастыру әдісі;
Социологтар бүгіндері, кәсіпкерлікті көбінесе түсінбей, басқару
теориясымен шатыстырады (менеджмент). Бірақ, бірден байқалатыны, іздегенде, бизнес жоспарын жасауды да оқытпайды, мекемелердің бәсеке факторларын да анықтаумен айналыспайды. Социологгар, кәсіпкерлікті абстракты көзқарастың жиынтығы деп қарамайды, керісінше нақтылы тарихи мәдениетті типті құраушы деп түсіндіреді. Соңғысы социологтар үшін шаруашылық дәуірі мен әр түрлі қоғамдастықтың спецификацияның айырмасы дей келіп, Ресейде немесе Қытайда, Германияда тіпті англияда болса да әйтеуір бір кеңістікте өздерінің ерекше шаруашылық рухын дамытады.

І.З.Кәсіпкерлік теориясының даму тарихы.
Шет елдерде де, біздің мемлекетте де жалпыға бірдей кәсіпкерлік теориясы әлі қаланған емес, бірақ, бұл теорияның құрылуы қоғамға керек екені байқалады. Кәсіпкерлікті қолдануда ғылыми түсіну маңызындағы даму процессін кәсіпкерлік қызмет даму теориясының “3 толқыны" деп мінездеме беруге болады.
XVIII- ғасырда пайда болған “бірінші толқынында” кәсіпкердің тәуекел етуіне назар аударылған болатын. Шотланд ұлтынан шыққан Франциялық экономист (ғалым) Р. Контильон XVIII- ғасырда алғаш рет тәуекел туралы жағдайды кәсіпкерліктің негізгі функционалды мінездемесі ретінде ұсынды. Р. Контильонның көзқарасы бойынша, “Кәсіпкер дегеніміз - алдын ала болжай алатын және жауапкершілікті мойындайтын, болашаққа бағытталған, табыс табуға сенген, және жоғалтуға дайын әрбір индивид”* Бұл ағымның ізбасарларына XIX-ғасырдың неміс классикалық мектебінің өкілдері Й. Тюненді, Г. Мангольдты, сонымен қатар, экономист (ғалым) Ф. Найтты жатқызуға болады.
Кәсіпкерлікті ғылыми түсінудің "екінші толқыны" жаңашылдық - оның негізгі ерекше белгісі екендігімен байланысты. Бұл бағыттың негізін қалаушы дүниежүзілік ойдың көрнекті өкілдерінің бірі Й. Шумпетер болып есептеледі (1883-1950). Өзінің жаңашылдық жұмыстарында Й.Шумпетер кәсіпкерді әлеуметтік, экономикалық даму механизмінің орталықты элементі ретінде қарастырған. Оның пікірінше, әлеуметтік-экономикалық даму тамырында салдарлы жаңалық енгізу болатын “жаңа комбинацияны” қолдануға талпынарлықтай кәсіпкерліктің ерекше қызметі жатыр.
"Егер факторлар санының орнына біз функцияның формасын ауыстыратын болсақ, онда- жаңалық аламыз" - деп жазған.* Бұл жағдайда кәсіпкер "басқалар істегенді емес" және "басқалар сияқты істеу еместікке" бой бұрады.
Й. Шумпетер кәсіпкердің іс - әрекетінде үш мақсатты дәлелдерді бөліп көрсетеді:
- билік, ықпал ету, үстемділікті қажет ету;
- өз -өзімен және қарсыласымен сайыста жеңу, жетістікке ұмтылу;
жеңістікке ықтиярлық. (Бұны кейін американдық психолог Д.Макпленанд “жетістікке келу қажеттілігі” деп айқындаған );
3. есті өз еркімен жүргізу беретін шығармашылық қуаныш.
Кәсіпкерлік функция даму теориясының бірінші және екінші
толқыны да кәсіпкерлік ролінің монофункционалдығына негізделген болатын, ал ол өз жайында кәсіпкерлік мәселелерін ұғынуда шектен тыс біржақтылыққа әкелді. Й. Шумпетердің теориялық ізденісінің нәтижесінде,

*11. "Пред-во в конце ХХ-века" М.1994. с.20-100.
*12. “Предпринимательство в конце ХХ-века”. М. 1992.с.29.
сонымен бірге, неоавстриялық мектептің Л. Мизес және Ф. Хайек сияқты көрнекті, ұлағатты өкілдерінің ізденулерінің нәтижесінде кәсіпкердің полифункционалды моделі пайда болды. Бұл "үшінші толқынның" ерекшелігі.
Л. Мизес пен Ф. Хайекітің көзқарастары бойынша, "кәсіпкердің ісі тек жаңа технологиялық әдістермен эксперименттеу ғана емес, сонымен қатар адамдардың қазіргі кездегі қанағат ететін заттарын ең арзан қүнмен жасай алатын әдістерді, көптеген басқа әдістердің арасынан таңдап алу".*
"Үшінші толқында" назар кәсіпкердің мінез-құлқына, оның қоғамдық және экономикалық өзгерістерге ілтипат (реакция) ету қабілетіне, шешім таңдау мен қабылдауда дербестігіне, бақару қабылеттілігі мен алғырлығына аударылады.
Сонымен бірге, қоғамдық жүйеде кәсіпкердің реттеуші бастамалық роліне назар аударылады. Л: Мизес пен Ф. Хайек ойларын ары қарай дамытқан американдық экономист И. Кирцнер. Оның пікірінше кәсіпкер "тепе-теңдікті орнататын күш".* Оның негізгі ролі тепе-теңдік жағдайын туғызатын нарықтар қозғалысын қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік функция теориясы дамуының қазіргі кезеңін "төртшші толқынға" жатқызуға болады. Бұнда кәсіпкердің іс-әрекетін талдауда басты назар басқару аспектісіне аударылады. Сондықтан, кәсіпкерлік мәселелерін талдау пән аралық деңгейде өтеді.
Қазіргі жағдайда, теориялық зерттеулерде басты назар тек жеке, тәуелсіз іс - жүргізуге емес, фирма ішіндегі кәсіпкерлік және интрапренерлікке аударылады. Интрапренерліктің пайда болуы көптеген күрделі өндірістік құрылымдардың өндірісті кәсіпкерлік ұйымдастыру формасына ауысу факторына байланысты.
Кәсіпкерлік шығармашылық бостандықтың міндетті түрде болуын ұйғаратындықтан, бүтін өндірістік құрылым бөлімшелері іс-әрекет бостандығына құқықты болады. Ал ол өз алдына интракапиталдың болуын жобалайды. Интракапитал дегеніміз - фирмаішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды жүзеге асыру үшін керек капитал.
Кәсіпкерлік дегеніміз - дербес бастау, жауапкершілік және жаңашылдық кәсіпкерлік идеяға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. Ол біздің түсінуіміз бойынша, табыс көруге бағытталған әрекеттердің мақсатқа сәйкестігі.
Алғашында кәсіпкерлік мәселесі саяси экономия пәнінде экономикалық өсуінің қайнар көзі мен табыс табиғатын түсіндіру проблемалары ретінде қойылды (кәсіпкерлік термин ұғымын ХVІІІ-ғ. Р. Кантильон енгізген).*
Сол кезден бастап кәсіпкерлік функциясына бірнеше принципиалды әр түрлі амал-тәсілдер қалыптасты.
Бірінші баян етілу, саяси экономияның Ф. Кенэ, А. Слий сияқты өкілдерінің еңбектерінде үстемдік етеді. Олар кәсіпкер бейнесінде капитал иесін көреді.
___________________________________ ________________________________
*13. "Предпринимательство в конце ХХ-века" М 1992. с.34.
* 14. "Предпринимательство в конце ХХ-века" М. 1992., с. 35-45.
*15. НеЬеrt R. Link AN The Entreprenut; Маіnsteam Views and Radical Critigues. N.X. Pralger, 1988
Ал, Ж. Тюрго, неміс тарихшылары В. Рошер, Б. Гидельбрандтың ойларынша, кәсіпкер тек өз капиталын басқарып қана қоймай, жеке өндірістік еңбек пен жекешелік қызметтерін сиыстырады.
Уақыт өткен сайын кәсіпкерді калиталистпен ұқсастыру сиректеледі. Екінші баян етілуде, кәсіпкер жекеменшік құқықгарға ие болмаса да, жай өндіріс ұйымдастырушысы ретінде қарастырылады. Бұл көзқарас иелері Ж.Б. Сэй және Дж.С. Милль.* Жекеменшік иесі мен кәсіпкер арасындағы функционалдық империяны КМаркс өткізген. Кәсіпкерді менеджер ретінде анықтау А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер, Ф. Ризер сияқты неоклассиктер жұмыстарында берік бекітілген. Сол кезден бастап жекеменшікке ие болуға қатысты бейтараптылық (нейтралдық) кәсіпкерлік жөнінде көптеген теориялардың кәдімгі элементі болып табылады. Й.Шумпетер — классикалық, ал А. Коул, П.Дряпер - қазіргі замандық теориялар.
Кәсіпкерлік функцияның мазмұнына келетін болсақ, неоклаосиктер үшін ол, - өндірістің нарықтық өзгеріс жағдайына бейімделу, туған сұранысты қанағаттандыру және бар ресурстарды одан да тиімді пайдаланумен қорытындылары ұйым "Өндірістің төртінші факторы" болып хабарландарылады,* ал кәсіпкерлік өзінше реттелетін баға механизімінің элементі болып қызмет атқарады
Кәсіпкерлік функцияның үшінші баян етілуі, оны экономикалық даму процессінде тәуекел ауыртпалығы мен анықталмағандығымен байланыстырады. (Р. Кантильон, ДЖ. Гюнен, Д. Трэси, Г. Манголът, т.б.).
Бұл элемент Ф. Найттың концепциясында орталық орын алады. Оның көзқарасы бойынша, “Саналған, есептелген тәуекел салмағын және есептелмеген анықталмағандықты мойнына алатын сонымен қатар, көпшілікке жалақыны кепілдейтін адамдар олардың, осы көпшіліктің іс-әрекетін басқаруға және табыстың сәйкес бөлігін өзіне алуына құқығы бар”*
Төртінші баяндалуды кәсіпкерлік функция институционалдық экономикалық теория шегінде алды ( П. Хоуз, О.Уилямсон). Бұл жағдайда, кәсіпкер трансакциялық шығынды үнемдеу мақсатын көздеп еркін нарықтың келісімдік қатынасы мен фирма ұйымы арасында таңдау жүргізетін субъект болады. Кәсіпкерлік, бір жағынан, бағалық механизмі мен мемлекеттік механизмінен ерекше, екінші жағынан, олардың екеуіне де альтернатива болатын, өзгеше реттеуші механизм болады.*
Егер, Маршаллдың кәсіпкер-менеджері барлық керекті ақпаратқа толық иегер болса, онда жаңа Австриялық мектеп өкілдері А.Мизес пен Ф. Хайектің көзқарастары бойынша, кәсіпкер осы бағдарламаның толық емес жағдайында әрекет етеді, Ол бұл әрекетімен тек нарық теңгерушісі емес, белсенді түрде көркейтуші, құрушы болып табылады. Сонымен, бесінші баян етілуде
___________________________________ ____________________________________ ___
*16.Сэй Ж.Б. “Трактат пол. эк-ии”. Н. Солдатенков 1896. с. 60-62
*17,Маршалл А. “Принципы эк. Науки”. Т.1 М: Прогресс - Университет 1993. с.208-213.
*18. Найт Ф, "Понятие риска и неопр-ти” Тhеsis. B №5 с.26-34.
*19. Коуз Р, “Фирма, рынок и право" М. Дело. 1993. с. 36-40.
(Г.Шмоллер, Ф. Тоссик, Й. Шумпетер, П. Драпер т.б.) кәсіпкер жаңа нарықтық мүмкіндік жасаушы Соңғы бағыттың өзегі Шумпетердің концепциясы болып саналады. Бұл концепция социологтар мен экономистер арасында әйгілі. Экономикалық дамудың қайнар көздерін түсіндіруде Шумпетер өзін неоклассиктерге қарсы қояды. Онда капитал айналымы процессінде кәсіпкерлік функцияның ерекше қажет екенін көрсетеді. Кәсіпкерлік функция шарушылық-ұйымдастырушылық жаңашылдықты немесе "өндіріс факторының жаңа комбинацияларын" құрайды;
Й.Шумпетер тәуекел мәселесіне аса көп көңіл бөлмейді Оның пікірінше, кәсіпкер ерекше мамандық немесе класс құрамайды. Кәсіпкерлер кезең бойынша, әртүрлі субъектінің атқаратын функциясы. Әрбір шаруашылық салада бұл кейде көрінеді, кейде өшеді. Сонымен қатар, кәсіпкердің "жаңа комбинация" шығаруы міндетті түрде емес. Ол оны жиі басқа шаруашылық тәжрибесінен алып іс жүзінде қолданады.
Й. Шумпетер бойынша, кәсіпкерлік дегеніміз - табыс көру мақсатымен ұйымдастырылған жаңашылдық жасау. Кәсіпкерлік келесі үш элементті талап етеді:
1. Ұйымдастырушылық әрекет
2. өзгерістерді ынталандыру
3. Қаражат пен түсім, табыстьщ мақсаты мен критериі ретінде.
Осылардан басқа кәсіпкерлік әрекеттің түрлі өзгешеліктерін
көрсететін жиырма шақты элементтер бар. Солай кәсіпкерлік меншікті капиталға байланысты немесе байланысты емес, еңбектік белсенді немесе белсенді емес т.б. болады. Кәсіпкерлік акциялар әкімшілік жоғары деңгейде және бейресми лидерлермен төменде ойландыра алады. Ал кәсіпкерлер ретінде арнайы оқытылған мамандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру түрлері
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
Көкше-нан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық- экономикалық көрсеткіштерін талдау
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер