Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Халқына Жолдауында: «Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет»-деді. [1]

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтердің сапасын арттыруды білдіреді.

Ұлттық банкке Президентіміз «екінші деңгейлі банктердегі жұмыс жасамайтын несиелер үлесінің деңгейін 2015 жылдың 1 қаңтарына 15%-ға, 2016 жылдың 1 қаңтарына 16%-ға дейін төмендетуді тапсырғандығы белгілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» Жолдауында да қаржылық мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар берілді. Соның ішінде қаражат елдің экономикасы мен халықтың әл-қуатын арттыруға ғана жұмсалуы керектігі айтылды. Бүгінде бұрындары қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі болып табылатындықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Себебі, ол кәсіпорындарға, ұйымдарға және кәсіпкерлік фирмаларға тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін несие бере отырып, ел экономикасыныңда дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бизнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді.

Сапалы несие портфелін қалыптастыру банк үшін ең негізгі мақсат болып табылады, ал банктің қарыз операцияларын басқару қызметі жетістіктерге жеткізеді.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған несиелердің жалпы көлемімен сипатталады. Несиелендіру барысында несие портфелінің сапасы банктің мамандырылуында құрылмайды. Несие портфелінің сапасының өсуі - қарыз операцияларын басқаруда жүзеге асырылады. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие саясаты мен несие портфелін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Қарыз операцияларын басқарудың жетіспеушіліктері несие портфелінің төменгі дәрежесіне әкеледі. Ол үшін несиенің қайтарымдылығына, мерзімділігіне, төлемділігіне көп көңіл бөлу керек. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін, тәуекел түрлерін, оны шешу жолдарын анықтау қажет.

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфелі және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель сапасын арттыру жолдарын айқындау болып табылады. Осы мақсат негізінде келесідей міндеттер туындайды:

  • банктің несиелік портфелінің сапасын тиімді басқару және бағалаудың теориялық негіздерін жүйелеу;
  • отандық банк секторының экономикалық тиімділігін «Cбербанк» АҚ ЕБ ағымдағы қаржылық жағдайын талдау негізінде бағалау;
  • «Cбербанк» АҚ ЕБ несиелік тәуекелді бағалау және оны төмендету жолдарын талдау жасау;
  • Қазақстандық банктердің проблемалық несиелермен жұмысын қарастыру;
  • отандық коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын бағалауды жетілдіру жолдарын айқындау.

Диплом жұмысының теориялық негізін қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік портфеліне қатысты мәселелерді дамыту және несиенің рөлі мен экономикалық мәнін анықтайтын еңбектері пайдаланылды. Оның ішіндегі экономикалық мақалалар: Мақыш С. Б. «Коммерциялық банктің несие портфелінің сапасын бағалаудың жиынтық әдістері», Ғ. А. Пазилов «Банктік несиелердің экономиканы дамытудағы рөлі және он жетілдіру жолдары», М. Авсейко «Несиелік портфелді бағалауды жетілдіру жолдары». Сонымен қатар Сейітқасымов Г. С., Хамитов Н. Н., Лаврушин О. И. оқу құралдарын пайдаландым. Статистикалық және ақпараттық база ретінде “ҚР-ғы банктер жəне банктiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңы, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар құру туралы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетінің Басқармасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысы «Сбербанк» Банкінің жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары мен жарғысы пайдаланылды. Диплом жұмысының объектісі екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс мазмұны 67 беттен тұрады және 16 кестені, 4 суретті қамтиды.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ПОРТФЕЛІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктің несие портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау әдістері

Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Шетел әдебиеттерінде несиелік портфель деп, басқарудың мақсатымен байланысты критерийлермен жіктелген ссудалардың құрылысы мен сапасы түсіндіріледі. Яғни, шетел экономистері несиелік портфель түсінігіне несиелік менеджменттің элементтерін қолдануды да кіргізеді. [4 ]

Еліміздің экономикалық әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі қағида негізінде жіктелінген несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Ал Отандық және шетелдік тәжірибедегі қағидалардың бірі - несиелік тәуекел деңгейі болып табылады. Осы қағида бойынша несиелік портфель сапасы анықталады. Банк қызметкерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.

Еліміздің, яғни Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.

Осыдан келіп, несиелік портфель түсінігі - бұл белгілі қағидалар бойынша жіктелінген және берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы. Сонымен қатар несиелік портфель - бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы болып табылады. Осы орайда банк тарапынан ұсынылған несиелерді жіктесек.

Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. [5]

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу .

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. [6]

Коммерциялық банктердің несиелік қызметіндегі несиелік портфельдің талдау мен бағасы банктердің тұрақтылығын және табыстылығын анықтауда маңызды компонент болып табылады. Несиелік портфельдің проблемалары нашар менеджментпен байланысты. Несиелік портфельді талдауда банктің рентабельділігін, несиелік портфельдің құрамын несиелік нарықтың тартымды салымдарына салу арқылы өсіру.

Несиелік портфель - бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы. Ал осы несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін, банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін белгілейтін - несиелік саясат. Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуі тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфельді басқару;
  • несиелеуге бақылау жасау;
  • құзыретті бөлу принциптері;
  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Несиелік механизмі - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі. [9]

Ресей экономистерінің зерттеу еңбектерінде несиелік портфельдің сапасына келесідей анықтама береді: несиелік портфелдің бір жыл ішіндегі жіктелуі, жіктелген несиелер топтарының динамикасы, несиелердің әрбір тобының несиелік активтерінің қалдығына қатынасы, мерзімі өткен және проблемалық несиелердің несиелік қарыздардың қалдығына қатынасы мен әрбір берілген несиелердің тәуекел дәрежесіне тікелей байланысты.

Несиелік әрекеттердің басқарылуын қамтамасыз ететін басты бағыты ретінде банктер алдында несиелік портфель тәуекелін бағалау мен реттеу сұрағы тұрады, ал несиелік портфелді басқарудың басты мақсаты - арнайы бір тәуекел деңгейінде де жоғары табыстылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Банктің несиелік портфель тәуекелін бағалау әдістемесі сапалы, сондай-ақ жалпы сандық қарастыруларға тән әрекет етеді. Несиелік портфелдің сапалы бағалануы кезінде нақты несиелеудің байланысы мен несиелік тәуекел концентрациясын да есепке алған жөн. Несиелік тәуекел портфелін сандық бағалау тәуекел (дәрежесін) деңгейін анықтауды қажет етеді. Несиелік тәуекелдің дәрежесі қарыз алушылардың несиелік қабілеттілігі мен несиелік операциялардың сандық түрде бағалануын білдіреді. Несиелік портфель тәуекелін сапалы және сандық бағалау аналитикалық, статистикалық және коэффициенттік әдістерді қолдана отырып бір мезгілде жүргізіледі. Аналитикалық әдіс банктің мүмкін болу шығындарын болжап бағалайды және ол Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау комитетінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. [10]

Банктің несиелік портфелін бағалауға жатады: қарыз алушылар бойынша несиелік қарыздың құрылымын, несиелерді берген уақытын, несиелендіру мақсаттарын толық зерттеу. Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Несиелік портфельдің тәуекелін сапалы бағалауы банктердің өздерінің операцияларын диверсификациялаумен және қаржылық нарықтағы несиелік сегментінде тәуекелі концентрациялаумен байланысты өте актуалды болды. Осының барлығы несиелер тәуекелділігінің деңгейін, барген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздардың көлемін және ұзақтылығын талдауға назарын күшейтті. Несие портфелінің сапасын бағалауда кеңінен қолданатын әдістерге номерлік және балдық әдістер жатады. Номерлік әдісте несиелік портфельді бағалау үшін несиелердің жалпы көлеміндегі мерзімі өткен несиелердің үлесі, мерзімінің бұзылуымен өтелген несиелердің үлесі сияқты көрсеткіштер пайдаланады. Ал, балдық әдісте несиенің мерзімі, қамтамасыз етілуі, мақсаттылығы, қаржылық ахуал балдары бойыншы клиенттің несие қабілеттілігі анықталады. Оның қалай есептелетінін төмендегі кестеден көруге болады (1-кесте) .

Кесте 1. Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу

№:
Критерийлер: Критерийлер
Баллдар: Баллдар
:
№: 1
Критерийлер: 2 3
Баллдар:
№: 1.
Критерийлер: Қаржылық ахуал
Баллдар:
№: 1)
Критерийлер: Тұрақты
Баллдар: 0
:
№: 2)
Критерийлер: Қанағаттанарлық
Баллдар: +1
:
№: 3)
Критерийлер: Қанағаттанғысыз
Баллдар: +2
:
№: 4)
Критерийлер: Тұрақсыз
Баллдар: +3
:
№: 5)
Критерийлер: өте қиын
Баллдар: +4
:
№: 2.
Критерийлер: Жіктелетін актив бойынша кез келген төлемдерді өтеу мерзімінің кешігуі
Баллдар:
№: 1-кестенің жалғасы
Критерийлер:
№: 1
Критерийлер: 2
Баллдар: 3
:
№: 1)
Критерийлер: несие бойынша
Баллдар: салымдар (депозиттер) және шартты міндеттемелер
: дебиторлық берешек бойынша
-1
№: Кешіктірілген несиелер
Критерийлер:
№: 2)
Критерийлер: 15-30 күн
Баллдар: 7 күнге дейін
: 14 күнге дейін
+1. 5
№: 3)
Критерийлер: 31-60 күн
Баллдар: 7 күннен 15 күнге дейін
: 14 күннен 30 күнге дейін
+2. 5
№: 4)
Критерийлер: 61-90 күн
Баллдар: 15 күннен 30 күнге дейін
: 30 күннен 60 күнге дейін
+3. 5
№: 5)
Критерийлер: 90 күннен астам
Баллдар: 30 күннен астам
: 60 күннен астам
+4. 5
№: 3.
Критерийлер: Қамтамасыз ету сапасы
Баллдар:
№: 1)
Критерийлер: Сенімді
Баллдар: -3
:
№: 2)
Критерийлер: Жақсы
Баллдар: -2
:
№: 3)
Критерийлер: Қанағаттанарлық
Баллдар: 0
:
№: 4)
Критерийлер: Қанағаттанғысыз
Баллдар: +1
:
№: 5)
Критерийлер: қамтамасыз етілмеген
Баллдар: +2
:
№: 4.
Критерийлер: Активті мақсатсыз пайдалану үлесі, пайызбен
Баллдар:
№: 1)
Критерийлер: 25 пайызға дейін
Баллдар: 0
:
№: 2)
Критерийлер: 25 пайыздан астам
Баллдар: 1
:
№: 3)
Критерийлер: 50 пайыздан астам
Баллдар: 2
:
№: 4)
Критерийлер: 75 пайыздан астам
Баллдар: 3
:
№: 5)
Критерийлер: 100 пайыз
Баллдар: 4
:
№: 5.
Критерийлер: Заемшыда (борышкерде) рейтингтің болуы
Баллдар:
№: 1)
Критерийлер: «А» және жоғары
Баллдар: -3
:
№: 2)
Критерийлер: Қазақстан Республикасының рейтингінен жоғары - «А»-ға дейін
Баллдар: -2
:
№: 3)
Критерийлер: Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейінде
Баллдар: -1
:
№: 4)
Критерийлер: Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және рейтингісі жоқ
Баллдар: 0
:
№: Алынған көзі: Активтерді, шартміндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесі [10]
Критерийлер:

Бұл кестенің банктің несие портфелін жіктеудегі маңызы зор. Кредиттерді жіктегенде осы кестенің 1-5-тармақтарында көзделген барлық критерийлер, дебиторлық берешекті жіктегенде осы кестенің 1, 2 және 5 -тармақтарында көзделген барлық критерийлер қолданылады. Осы кестенің 1-тармағында көзделген, дебиторлық берешекке қатысты критерий бір дебиторға есептелген берешек банктің меншікті капиталының 5 пайызынан астамын құраған жағдайда қолданылса, шартты міндеттемелерді жіктегенде осы кестенің 1, 2 және 5 -тармақтарында көзделген критерийлер қолданылады.

Банктің несиелік портфель тәуекелін бағалау әдістемесі ҚҚА-ның қаулысына сай әр несие операциясында қарыз берушінің қаржылық жағдайын есепке ала отырып, несиелік қарыздарды қайтаруды қамтамасыз етудегі тәуекел деңгейін бағалайды, содан кейін ғана ссудаларды үш түрлі сапа категориясына сай жіктеу жүргізіледі [11] :

  • I санат категориясы (стандартты несиелер) ;
  • II санат категориясы (күмәнді) ;
  • III санат категориясы (үмітсіз) ;

Статистикалық талдау әдісі көмегімен несиелік тәуекелді бағалау, несиелік портфелді құрайтын ұқсас тәуекелдер әсері оның сапасына ықпалын тигізеді. Мұндай тұжырым несиелік әрекеттің тікелей тәуекелге байланысты екендігін көрсетеді. Статистикалық әдістің маңызы төмендегідей :

- несиелік тәуекелдің статистикалық талдауы несиелік портфелді құраушы келісімдерге тәуелді;

- несиелік портфель бойынша таралған несиелік тәуекел шарасының сипаттамасы;

- несиелік тәуекелдің пайда болу деңгейінің көлемі мен жиілігін орнату.

Статистикалық әдістің несиелік портфелдің тәуекелін бағалау мен есептеудің басты құралыжалпы теориядан белгілі: дисперсия, вариация, стандарттық ауытқу, асимметрия және вариация коэффициенті болып табылады.

Несиелік тәуекелдің іске асу ықтималдылығы ықтималдылықты бөлумен сипатталады. Осындай басты статистикалық ықтималдылық болып стандартты ауытқу және вариация коэффициенті. Мынадай статистикалық мөлшері қолданылады: оң және теріс семевариация, оң және теріс семеквадраттық ауытқу, сондай-ақ ассиметриялық коэффициентті несиелік портфелді құраушы несиелік тәуекеліне есеп жасау. Олар банкке шығындардың пайда болу мүмкіндігін статистикаға сүйене отырып анықтауға мүмкінді береді. Несиелік операциялардың жалпы шығын көлемін қарыз алушылардың жалпы шығын шығу мүмкіншіліктері мен жалпы несиелік міндеттемелеріне көбейтіп бағалауға болады. Жүргізілген несиелік операциялар кезіндегі шығындарға соңғы үш жылғы банк қызметі кезіндегі тұтынушылардың несие қайтару міндеттемесін орындамау, несие қайтару қабілеттілігіндегі ұқсас көрсеткіштермен сипаттайды.

Несиелік портфель тәуекелін статистикалық әдіспен бағалау қарыз алушылардың бір уақыт кезеңіндегі қаржылық жағдайымен байланысты статистикалық мәліметтерді талдаумен іске асады. Мұндай зерттеу банктік шығындардың пайда болу фактілерін салыстыруға, алдын ала бағалауға болжау мүмкіндігін береді. Несиелік портфель тәуекелін статистикалық әдіспен бағалау қарыз алушылардың бір уақыт кезеңіндегі қаржылық жағдайымен байланысты статистикалық мәліметтерді талдаумен іске асады. Мұндай зерттеу банктік шығындардың пайда болу фактілерін салыстыруға, алдын ала бағалауға болжау мүмкіндігін береді.

Несиелік портфель тәуекелін бағалаудың тағы бір әдісі - коэффициенттік. Бұл әдістің мәні несиелік портфелдің құрамына енетін несиелік тәуекелді бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың есептік мәні бағаның нормативтік критерияларымен салыстырылып, соның нәтижесінде жалпы несиелік тәуекелдің сапалы және сандық деңгейі анықталады. Коэффициенттік әдісті қолдану кезінде жалпы несиелік портфель тәуекелін бағалауды нормативті мағынадағы көрсетіштермен салыстыруда қиыншылық туындайды. Кейбір көрсеткіштер нормативті критерияларға сай келеді де, кейбіреулері сай болмай шығады. Бүл жағдайда, тәуекел деңгейін анықтаушы сандық көрсеткіштерді табу қажет.

Несиелік портфель тәуекелінің мағынасын келесі шамалар арқылы анықтауға болады, несиелік тәуекелдің сапалы сипаты бола отырып, оның құрылымын көрсететін басқарушы шешім шығару кезіндегі белгісіздік деңгейін көрсетеді. Банктің несиелік портфель тәуекелінің деңгейін отандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып келесі формулалармен сипаттауға болады. [13] (1) -формула несиелік портфель құрылымын көрсетеді:

К р = К 1 + К 2 2 = К 1 + К 21 + К 22 + К 23 + К 24 2 Кр = \frac{К1 + К2}{2} = \frac{К1 + К21 + К22 + К23 + К24}{2} К р = К 1 + К 2 2 = К 1 + К 21 + К 22 + К 23 + К 24 2 Кр = \frac{К1 + К2}{2} = \frac{К1 + К21 + К22 + К23 + К24}{2} (1)

'

Онда: К1 - несиелік портфель тәуекелінің шым-шытырық болуы; К2 - берілген несиелер бойынша стандартты емес несиелік берешектерінің ара салмағы; К21 - несиелік портфель көлеміндегі (1-3 санаттағы) күмәнді несиелердің ара салмағы; К22 - несиелік портфель көлеміндегі 4 - санатты күмәнді несиелердің ара салмағы; К23 - несиелік портфель көлеміндегі 5 - санатты күмәнді несиелердің ара салмағы; К24 - несиелік портфелдегі үмітсіз несиелердің ара салмағы. Бұл көрсеткіш банктің несиелік портфелінің құраушы і - контрагенттер тобының келісіміне сай несиелік тәуекелден стандартты ауытқуға негізделген. Бұл тәуекел деңгейін әртүрлі уақыт кезеңінде бағалау диверсификация (концентрация) тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.

Банктің несиелік портфелін басқару сапасын сипаттайтын көрсеткіш болып, берілген несиелердің К 2 - несиелік берешектерінің жалпы мөлшері табылады. Бұл коэффициент К 21 , К22, К23, К24 көрсеткіштерін қосындылау жолымен жүзеге асады және оны есептеу несиелік берешектің үлесінің өзгеру жағдайларын білу үшін қажет. Банктің несиелік портфель сапасын сипаттаушы алғашқы көрсеткіштердің бірі - несиелік портфелдегі күмәнді (1-3 санатты) несиелердің ара салмағы екендігін анықтайды - (2) формула:

Күмәнді 1 санат + Күмәнді 2 санат + Күмәнді 3 санат

К21= х 100 (2)

Банктің несиелік портфелдің көлемі

Келтірілген коэффициенттердің төмендеуі банкке тиесілі күрделі несиелері бар контрагенттердің қаржылық жағдайының тиімділігіне бақылау қажеттілігін арттыруға хабар береді. Банктің несиелік портфеліндегі уақыты өткен берешектер үлесін есептеудің келесі қадамы болып 4 санатты күмәнді несиелердің белгілі мөлшерін анықтау табылады - (3) формула:

Күмәнді 4 санат

К22 = х 100 (3)

Банктің несиелік портфелінің көлемі

Банкке кейбір қиындықтары бар клиенттермен және олармен несиелік шарт жасау көлеміне бақылау жасау маңызды. Осы мақсатта несиелік портфелдегі осы несиелердің белгілі мөлшерін анықтау қажет - (4) формула:

Күмәнді 5 санат

К 23 = х100 (4)

Банктің несиелік портфелінің көлемі

Бұл көрсеткіштің мағынасы банктік несиелік тәуекелдің 5 %-дан аспауында. Банктің несиелік портфелінің сапасына үмітсіз несиелердің белгілі мөлшері маңызды ықпал етеді, себебі мұндай операциялар тәуекелі жалпы берешек соммасына тең - (5) формула.

Үмітсіз несиелер

К 24 = х 100 (5)

Банктің несиелік портфелінің көлемі

К 24 - мәні нөлдік белгіге ұмтылуы керек, ал бұл көрсеткіштер жоғары мәні банктің өтемпаздығына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Жүргізілген кешенді сараптама нәтижесінде банктің несиелік тәуекелінің деңгейі келесі түрде сипаттауға болады:

  • мүмкін тәуекел деңгейі - 0 - 20%;
  • мүмкін тәуекел деңгейі - 21% жоғары;

Несиелік тәуекелдің мүмкін деңгейіндегі несиелік портфелінің банкте болуы мүмкін тәуекел жағдайында да табыстылықты қамтамасыз ететін несиелік портфелді түсіну қажет. Отандық зерттеушілердің талдауынша бойынша Коммерциялық банктік несиелік тәуекелін есептеу келесідей түрде көрінеді - (6) формула [14] :

К 3 p * (R 1 +R 2 +…+R n ) *Е:К сал (6)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Банктік қызметтің мәні
Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz