Президенттік басқару жүйесі


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 139 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ ТАРИХЫНДА БАҒАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ . . .
3: 9
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Президенттік басқару туралы саяси және құқықтық ойлардың пайда болуы мен дамуы . . .
3: 9
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Президенттік басқарудың отандық заң ғылымында бағалануы . . .
3: 18
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 2
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . .
3: 25
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары . . .
3: 25
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері
3: 30
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Президент саяси тұрақтылық пен мемлекеттік тұтастық кепілі . . .
3: 35
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 3
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БИЛІК БӨЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РОЛІ . . .
3: 56
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстанда билік бөлу жүйесінің дамуы . . .
3: 56
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Президент және заң шығару билігі . . .
3: 70
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Президент және атқарушы орган . . .
3: 81
: 3. 4
КІРІСПЕ . . .: Президент және сот билігі . . .
3: 93
: 3. 5
КІРІСПЕ . . .: Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . .
3: 105
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 111
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 114

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеуде Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі, Президенттік басқару туралы саяси және құқықтық ойлардың пайда болуы мен дамуы, Президенттік басқарудың отандық заң ғылымында бағалануы, Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы, Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары, Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, Президент саяси тұрақтылық пен мемлекеттік тұтастық кепілі, Президенттің билік бөлу жүйесіндегі орны мен ролі, Қазақстанда билік бөлу жүйесінің дамуы, Президент жән заң шығару билігі, Президент және атқарушы орган, Президент және сот билігі, Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінде Президенттің атқаратын ролі ерекше болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің мәртебесі бойынша ең жоғарғы лауазымды тұлға екендігі белгілі. Президент институтын сондықтан да, толыққанды зерделеп, айқындау, отандық ғылымда әлі де болса, өзінің жүйелі тұтастай бағасын ала қойған жоқ.

Елімізде Президент институтының қалыптасуы мен дамуын, оның әр кезеңін тарихи өлшем тұрғысынан айқындап, терең тану керек. Сонда ғана, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шарасын тиімді атқара аламыз.

Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесі аз жылдардың ішінде үлкен даму кезеңдерін қалыптасу уақытын бастан өткерді. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл аз уақыттың көрінісіндей. Ал, шын мәніне, терең үңілетін болсақ, қатпарлы қалтарыстардың шешімін таппаған мәселелердің көптеп кездесетінін көреміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында, елімізде жүргізілетін “әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт” [1, 9 б. ], - деп мемлекеттік органдардың басты мақсатын нақты айқындап көрсеткен болатын. Қазақстанда жүзеге асатын мемлекеттік құқықтық реформалар барысында осы бағытты ұстануымыз қажет. Сонда ғана, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар өзінің жемісті нәтижесін береді. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың жүйесін жетілдіру туралы заңнаманың бағыты былай айқындалған: “Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың тежемемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы келісе қызмет істеуі принциптеріне негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру бағытының заңнамада дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету керек” [2, 10 б. ] .

“Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға” [3, 17 б. ], - деп Конституцияда белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасының Президентіне үлкен міндет жүктелетіндігі, халық алдында жауап беретін басты тұлға екендігін көрсететін бап болып табылады.

Мемлекеттік билік жүйесінің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету, ұлттық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ету. Қазақстан Республикасы Президентінің басты міндеттерінің бірін құрайды.

Республика Президентінің алдына қойылған мұндай үлкен міндеттерді тиімді жүзеге асыру Президенттік билік жүйесінің әрқашанда дамып, жетіліп отыруын талап етеді.

Қазіргі кезеңде президенттік басқару жүйесінің конституциялық құқықтық негіздері айқындалғанмен, оның мемлекет теориясындағы және Қазақстанның саяси құқықтық тарихындағы орны мен атқарған тарихи міндеттері әлі де болса, шынайы бағасын ала қойған жоқ.

Соңғы кезеңде елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық құқықтық рефомалар, Президенттік басқару жүйесін әлі де болса, жетілдіре түсудің қажет екендігін көрсетті. Президенттік басқару жүйесін дамыту үшін оның тарихи өткен жолын, даму кезеңдерін тарихи-құқықтық тұрғыда саралап, бағалауымыз қажет. Сонда ғана, Президенттік басқару жүйесін өзіндік болмысы бар, мемлекеттік тетік деңгейіне көтере аламыз.

Айтылған жағдайлардың барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы отандық заң ғылымында, оның ішінде конституциялық құқық өкілдері тарапынан егемендігімізді жариялап, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жүйелі түрде зерттеле бастады.

Осы кезең аралығында Президенттік басқару жүйесінің әр түрлі қырлары белгілі ғалымдар М. Т. Баймахановтың, С. З. Зимановтың, В. А. Кимнің, Ғ. С. Сапарғалиевтің, С. Н. Сәбікеновтың, С. С. Сартаевтың және т. б. тарапынан кеңінен сөз етіліп үлкен талқылауға түскен болатын.

Қазақстан жағдайындағы Президент институтын жүйелі түрде зерттеген еңбектер де баршылық. Олардың қатарына: В. А. Малиновскийдің “Глава государства суверенного Казахстана” (1998 г. ) атты ғылыми еңбегін жатқызамыз. Бұл еңбекте Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы, оның билік бөлу жүйесіндегі орны, Президенттің қызметтері мен мәртебесі конституциялық-құқықтық негізде талданады. Еңбекте автор негізінен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси бейнесіне көп көңіл бөлген.

Президент институтын зерттеудегі отандық тағы бір ерекше еңбектердің қатарына Б. А. Майлыбаевтың “Становление и эволюция института Президента Республики Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы (опыт политико-правового исследования) ” (2001 г. ) атты монографиясын жатқызамыз. Бұл жұмыста автор, Президент институтының мемлекеттік құқықтық ой тарихындағы орнын, оның генезисі мен қалыптасуын, ХХ ғасырдағы Президенттік жүйенің дамуын, жаңа кезеңдегі халықаралық тәжірибедегі Президент институтының орнын айқындауға ұмтылады. Президенттік басқару жүйесінің ТМД елдеріндегі қалыптасу ерекшеліктері, Президент институтының Қазақстандық моделін, оның билік бөлу жүйесіндегі орнын зерделеп көрсетеді. Негізінен бұл еңбекте Президенттік басқару жүйесінің конституциялық құқықтық негіздері айқындалып, талданған.

Президент институтын атқару билік жүйесін зерттеуші М. М. Ахметов және елбасының билік жүйесіндегі орнын айқындауға арналған арнайы зерттеуінде Н. С. Ибраевта ерекше атап өткен.

Президент институтының зерттелуінде заңгер ғалымдармен қатар, саясаттанушылар да, ерекше еңбек сіңіруде. Сондай еңбектердің қатарына Ж. Х. Жүнісованың “Республика Казахстан: Президент. Институты демократии” (1996 г. ) атты еңбегінің де өзіндік орны бар. Негізінен бұл еңбекте, Президент институтының өтпелі кезеңдегі бейнесі сомдалып, басқа да саяси институттар: Парламент, сот билігі, қалыптасуы туралы авторлық тұжырымдар жасалады.

Жоғарыдағы Президент институтына байланысты ізденістердің барлығы негізінен конституциялық - құқықтық аяда жүргізіліп, басты көңілді қазіргі кезеңдегі Президенттің мәртебесіне бөлген болатын. Сондықтан да, бұл еңбектерде негізінен Президент институтының қалыптасуы мен дамуының алғышарттары терең қарастырылмай, жалпы сипатта беріліп өтті.

Біздің жұмыста негізінен Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуын тарихи құқықтық алғышарттарын ашу, оның отандық заң ғылымында бағалануын айқындау. Президент институтының дамуына теориялық-тарихи құқықтық тұрғыда баға беру болып табылады.

Зерттеу жұмысының объектісі. Диссертациялық жұмыстың негізгі объектісін мемлекеттік билік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, билік тармақтарының өзара ықпалдаса қызмет жасауы құрайды.

Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы, оның жүзеге асуы және мемлекеттік билік жүйесіндегі алатын орны диссертациялық жұмыстың нақты пәні болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының басты мақсаты - Қазақстан Республикасында Президенттік биліктің қалыптасуы мен дамуының тұтастай болмысын жасау және оның бет-бейнесін айқындау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігін айқындау;
  • Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттарын ашып көрсету;
  • Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін айқындау;
  • Билік бөлу жүйесіндегі Қазақстан Президентінің атқаратын ролін көрсету;
  • Қазіргі кезеңде Қазақстанда Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар жасау;

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Іздену жұмысын әзірлеу барысында диссертант Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуының зерделеген барлық ғылыми еңбектерді ой сүзгісінен өткізіп, толық пайдалануға ұмтылды.

Зерттеу жұмысында қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық т. б. әдістер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысты жазу барысында отандық ғалымдар - М. Т. Баймахановтың, С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, Ғ. С. Сапарғалиевтің, С. Н. Сәбікеновтың, О. К. Қопабаевтың, З. Ж. Кенжалиевтың В. А. Кимнің, С. Өзбекұлының, А. С. Ибраеваның, Л. Т. Назарқұлованың және т. б. ғылыми жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, шет ел мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілері құрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі, Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары, Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, билік бөлу жүйесіндегі Қазақстан Президентінің атқаратын ролі, қазіргі кезеңде Қазақстанда Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары кешенді тұрғыда зерттеліп отыр.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары. Диссертациялық жұмыста қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдарға мыналар жатады:

  • Президенттік басқару жүйесі туралы көзқарастар, ой - пікірлер, саяси-құқықтық ой тарихында маңызды орын алатын, адамзат дамуының тарихында озық ойлы ойшылдарды толғандырған үлкен мәселе болып табылады. Президенттік жүйені бағалау классикалық тұрғыда оны түсіну американдық саяси-құқықтық ой өкілдерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Европалық саяси-құқықтық ой да, осы негіздерде қалыптасып одан әрі дамыды.
  • Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесі саяси-экономикалық қажеттіліктен туындаған еліміздің өмір сүру менталитетіне орайластырыла, орныққан, тарихи-құқықтық қажеттіліктер негізінде қалыптасқан, елімізді тұтастандыруға бағытталған, институттың бірі болып табылады.

Қазақстанда Президенттік басқару жүйесі бірнеше даму кезеңнен өткен, саяси-құқықтық құрылымдық жүйе болып табылады. Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуын бұл институттың қазіргі шындығын негізге ала отыра, шартты түрде мынандай кезеңдерге бөліп көрсетуге болады: 1990-1993 жылдар аралығындағы Президенттік билік жүйесінің Қазақстанда енуі мен орнығуы; 1993-1995 жылдар аралығында Президенттік билік жүйесінің дамуы; 1995-2007 жылдар аралығындағы күшті Президенттік билік жүйесінің үйлесімді қызметі.

  • Қазақстан Республикасының Президенті, билік бөлу қағидасына сәйкес, билік тармақтарының заң шығару, атқару және сот органдарының үйлесімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етуші лауазымды тұлға. Сонымен қатар, Президентке билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын және мемлекеттік биліктің тұтастығын қамтамасыз ету жүктелген.
  • Президенттік басқару жүйесі динамикалық дамып отыратын саяси-құқықтық белді институттың бірі болғандықтан оны жетілдіріп, дамытып отыру қажет. Сондықтан да, қазіргі кезеңде Президентті, билік тармақтарының балансын сақтаушы тетік ретінде құқықтық тұрғыда дамытқан орынды. Президенттің көптеген өкілеттігін Парламентке кезең-кезеңдерімен беруді одан әрі жүзеге асыра беруіміз қажет.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Ізденуші диссертациялық жұмыста қол жеткізген ғылыми нәтижелерді Қазақстан Республикасында Президенттік билік жүйесін жетілдіру бағытында, оның тарихи-құқықтық негіздерін айқындауда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижелері елімізде жүргізіліп, жалғасын тауып жатқан құқықтық реформаларды одан әрі дамытуда пайдалы болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың нәтижелерін, сонымен қатар, Қазақстандағы жоғарғы заң оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, салыстырмалы құқықтану, конституциялық құқық және т. б. пәндерден дәрістер жүргізуде семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

Жұмыстың сыннан өтуі. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында әзірленді.

Зерттеу нәтижелері ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің тізімінде бекітілген ғылыми мақалаларында көрініс тапқан.

Жұмыстың негізгі ғылыми нәтижелері мен байлам-түйіндері бірнеше конференцияларда баяндалған. Олардың қатарына мыналар жатады: Актуальные проблемы формирования национальной правовой системы и условий устойчивости развития государственности РК: Международная научно-теоретическая конференция (Алматы, 2004 г. ) ; Парламентаризм в Казахстане: история, современность, перспективы развития: международная научно-теоретическая конференция (Алматы, 2007 г. ) ; Основные задачи, стоящие перед Казахстаном в свете Послания Президента Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года: Научно-практическая конференция (Алматы, 2007 г. ) .

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, он бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ ТАРИХЫНДА БАҒАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

  1. Президенттік басқару туралы саяси және құқықтық ойлардың пайда болуы мен дамуы

Президенттік басқару жүйесі туралы саяси-құқықтық ойлар АҚШ-та тәуелсіздік үшін күрес кезеңдерінде өмірге келіп, қалыптасты. Бұл кезеңдегі Президенттік басқару туралы көзқарастар қазіргі кезеңдегі біздің түсінігіміздегі, оның классикалық ұғымын өмірге әкелген болатын. Президенттік жүйе американдық саяси-құқықтық ойда негізінен тәуелсіз жаңа мемлекеттің нысанын іздеудің нәтижесі ретінде туындады. Президенттік басқару жүйесінің теориялық негіздеріне американдық ойшылдардың ішінде Т. Джеферсон, А. Гамильтон, Т. Пейн, Дж. Медисон және т. б. ерекше ат салысқан болатын. Президентті сайлау туралы өзінің ойын Дж. Медисон былай білдіреді: “Президентті тікелей сайлауды саяси құрылымдар ретінде тікелей штаттар жүзеге асырады. Олар беретін дауыс күрделі арақатынаста болады да, бұл олардың ішінен дербес және бір-бірімен тең қоғамдастықтар ретінде, ішінара біртұтас қоғамдастықтың маңызы әрқилы мүшелері ретінде қарастырылатындығынан шығады. Ерекше ескертілген жағдайларда сайлауды заң шығарушы биліктің өкілдерінен тұратын тармағы өткізеді, бірақ бұл актінің өзінде олар толып жатқан дербес те өзара тең саяси құрылымдар атынан штаттар делегациялары ретінде қимылдайды. Демек, бұл жағынан алып қарағанда үкімет, тегінде, федералдық белгілері қанша болса, сонша ұлттық та белгілері бар аралас сипатта болады” [4, 267 б. ] . Президенттік басқару жүйесі американдық ұлттарды біріктірудің негізі ретінде қалыптасты деп санаймыз. Американдық жүйеде Президент институтының орнығуының ерекшеліктерін осы мәселемен тікелей айналысқан ғалымдардың бірі, Б. А. Майлыбаев төмендегідей дұрыс атап өтеді: “Во-первых, термин “Президент” происходит от латинского “praesident” и означает “сидящий впереди”. Президентами называли председательствующих на различных собраниях в античную эпоху, на опыт которой любили ссылаться “отцы-основатели”. Известно, что в античную эпоху существовала даже такая должность, как Президент Сената.

Во-вторых, еще до Конституционного конвента номинальный глава американского государства-председатель конгресса конфедерации американских штатов назывался “Президентом конгресса”.

В-третьих, на Филадельфийском Конституционном конвенте Дж. Вашингтон также именовался “Президентом”. Кстати, все без исключения делегаты конвента видели в личности Дж. Вашингтона будущего главу государства и время заседаний использовали обращение “Президент”.

В-четвертых, Президентом именовались губернаторы (главы исполнительной власти) некоторых колоний” [5, с. 24] .

Жалпы Президенттік билік жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттемес бұрын біз, мемлекеттік басқару нысанының қалыптасуы мен дамуы ерекшеліктеріне тоқталып өтуіміз керек.

Мемлекет теориясында басқару формасы мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, олардың құрылу тәртібі және олардың арасындағы биліктің бөлінуі ретінде қарастырылады. Басқару формасы: мемлекеттің жоғары органдары және оның құрылымы қандай екенін білуге; әртүрлі мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастың құрылымын білуге; мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарымен халықтың арасындағы қарым-қатынастың қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған белгілерге сәйкес мемлекеттің формалары әртүрлі болып бөлінеді. Антикалық философ Платон басқарудың, мемлекеттің әртүрлі формаларын айта келіп, оларда үш ізгілік болуы шарт деп есептеді, - даналық, ерлік - өжеттік және қанағатшылдық [6, с. 84] . Аристотель мемлекеттің түрін, формасын саяси жүйе ретінде алып қарады, оны жоғарғы билікпен теңдестірді және басқару формасына келгенде ортақ пайдалылық, игілік және мүдде сияқты категорияларды пайдаланды [7, с. 68] . Белгілі орыс ғалымы - заңгері Н. Коркунов басқарудың формасын сандық өлшеммен критеримен топ топқа бөлді. Басты көрсеткіш - биліктің басында тұрған адамдар саны болды. Егер “мемлекеттік биліктің жоғарғы өнімі бір адамның қолында болса, ол - монархия; егер көп адамның қолында болса, ол - аристократия; егер барлығының қолында болса-демократия”, - болады деп атап көрсетті. Алайда, мемлекеттік - биліктік қатынастардың дамуы және күрделенуі басқару формасын талдаудың басқа да өлшемдерін жасауда. Кейінгі дәуірде француз ойшылы Монтескье демократияның негізінде - ізгілік, аристократияның негізінде - қанағатшылдық, монархияның негізінде - ар-ождан, деспотияның негізінде -үрей жатыр [8, с. 112] деп атап көрсетті.

Қазіргі отандық және шет елдердегі заң ғылымында басқару формасын классификацияланғанда шешуші өлшем, критерий заңгерлік сипатта болуда, яғни, мемлекеттік органдардың және билік басындағы лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері, заңнамалық жағдайы т. б. Осы өлшемге сәйкес басқару формалары монархиялық және республикалық болып бөлінеді. Басқарудың әртүрлі формалары жағдайындағы мемлекет басшысының құқықтық мәртебесіне талдау жасамас бұрын, осы институттың пайда болуы тарихи аспектісінде қарастырайық. Тарихи әдебиеттерден белгілі болғанындай мемлекет басшысының билігі тайпа көсемдері билігінен өсіп шықты. Мемлекеттің пайда болуының ерте кезеңінде мемлекеттік құрылыс әскери - демократиялық сипатын сақтады. Бұдан кейін патша немесе тайпа көсемі барлық билікті өз қолына алып, монополиясын орнатты. Уақыттың өтуімен бұл лауазым мұрагерлік сипатқа ие болды. Осылайша, монарх институты қалыптасып, ол мемлекет басшылығының алғашқы заңды формасы болды. Қазіргі мемлекет теориясында монархиялық аса маңызды заңнамалық белгілері - мұрагерлігі, мерзімсіздігі және мемлекет басшысы билігінің жауапсыздығы аталып көрсетіледі. Ғалым Н. Коркунов монархияның осы соңғы белгісіне назар аударып республика президенті мен монарх билігінің айырмашылығы осында, - деп нықтайды [8, с. 257] . Президент қашанда халық алдында жауапты. Ф. Кистековскийдің пікірі де осы пікірге жақын, АҚШ президентінің билігі ағылшын королевасының билігінен жоғары; алайда президент “конгресстің алдында жауапты, сондықтан монарх емес”, керісінше ағылшын королевасы ештеңеге жауап бермейді, сондықтан өз билігінің қаншалықты шектелгеніне қарамастан монарх болып қала береді [9, с. 298] . Біздің ойымызша, монарх жауапсыздығы ұғымына, оның халықтың алдында есеп бермейтіндігін жатқызу қажет. Қазіргі әлемде конституциялық монархия жағдайында формальді түрде корольдің жауапсыздығы заң жүзінде сақталған. Бұдан монарх құқықтық статусының екі ерекшелігі туындайды, нақтылағанда оған ешкімнің тиісе алмайтындығы және оны мерзімінен бұрын ешкімнің ауыстыра алмайтындығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттік республиканың ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы
Билік бөліну принциптері
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Мемлекеттің басқару нысаны және Қазақстан республикасының басқару нысанының өзіндік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz