Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ
ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРЫ . . . 4
1. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын
территорияларына сипаттама . . . 4
1. 2 Ерекше қорғалатын территорияларының классификациясы . . . 11
1. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының территориясын
географиялық аудандастыру . . . 14
2 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТЕРРИТОРИЯЛАРЫНДА
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ . . . 21
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . . 21
2. 2 Ерекше қорғалатын территорияларындағы
табиғи-тарихи туристік нысандар . . . 35
2. 3 Ерекше қорғалатын территориялары
бойынша экологиялық маршруттар . . . 40
3 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТЕРРИТОРИЯЛАРЫНДА
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 47
3. 1 Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары . . . 47
3. 2 Туризмді дамыту мақсатында қолданылатын шаралар . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 56
ҚОСЫМША . . . 58
КІРІСПЕ
Адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттері Қазақстанның табиғи ландшафтарының келбетін өзгертті. Әсіресе, дала және орманды дала аймақтарының ландшафтары қатты өзгеріске ұшыраған. Тірі табиғат та үлкен өгерістерде: өсімдіктердің сиректенуі, жануарлар ареалдарының қысқаруы, тіпті, кейбір түрлерінің жойылуына әкелді. Ормандар, сексеуілдер, тоғайлар аудынының қысқаруы байқалуда.
Ғасырлар бойы жиналған жер асты сулары кетуде. Арал маңындағы экологиялық апат Арал теңізінің құрғауына әкелді. Мұндай жағдай Балқаш көлінде де сипатталады.
Қазақстан территориясындағы апатты масштабта антропогенді зиянды процестерге ие болды. Қазақстан территориясында адамның шаруашылық іс-әрекеттердің ең болмаса жанама әсерін алмаған аудандар өте аз.
Осындай жағадайларда сақталған табиғи ортаның қалыпты ландшафтарының қорғалуын қажет етеді. Осындай табиғат ландшафтарының болашақ дамуын болжау, табиғаттағы тепе-теңдікті қорғау мен оны қалпына келтіру аса маңызды мәселе. Берілген мәселелерге байланысты ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының табиғаттың адамның шаруашылық іс-әрекеттері қол жетпеген эталоны ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан жері алуан түрлі табиғат ландшафттарына бай ел. Мұнда, Еуропадағыдай альпілік далалар, Африканың әнші құмдары, Оңтүстік Американың терең шатқалдары, Солтүстік Американың жабайы далалары бар. Еліміздің солтүстік батысын Каспий маңы ойпаты, солтүстік және солтүстік шығыс аудандарын жазықтар, батыс жағын меридиан бағыты бойынша орналасқан Торғай үстірті, бүкіл орталық жағын Сарыарқа ал оңтүстігін ғажайып таулар алып жатыр. Еліміздің экологиялық туризмнің дамуына біздің табиғат ландшафттары, ерекше қорғалатын территориялар үлкен орын алады.
Жаппай экологизациялау мәселесі қазіргі қоғамның барлық жақтарын қамтыды. Экологиялық аспектілер көптеген ғылымдармен қарастырылады: биологиядағы- классикалық экология, медицинада - адам экологиясы, техникалық ғылымдарда - инженерлі экология, т. б. Экологизациялау мәселесі туризмді де қамтыды [1] .
Экологиялық туризм дағдыларды қалыптастыру үшін табиғат қорғау пәндерді оқу қажет: биосфера мен география жүйелері, қоршаған ортаны қорғау теориясы, геожүйе анализі мен қоршаған ортаны қорғау негіздері. Экотуризм табиғатты адамзатпен, тарихты болашақпен байланастыратын көпірдің негізін қалайды. Бірақ көптеген зерттеушілер экотуризмнің амбициозды мақсаттар мен мүмкіндіктерін күмән келтіреді. Қазіргі таңда өзін-өзі экотуристік фирма ретінде жариялайтын мекемелерге келесі сұрақ қойылған: «олар экологиялық жауапкершілікті қандай деңгейде мойынға алады?». Ондаған фирмалар экотуризмде мамандандырылып, олардың біреуі ғана эко деген атау нормаларына жауап бере алатын кездер де кездеседі. Сол себептен тек қана экскурсанттарға емес, сондай-ақ туризм саласында қызмет ететін мекемелер мен секторларында экологиялық білім беруді қамтамасыз ету керек [1] .
Жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасы бойынша ерекше қорғалатын территориялар жағдайы көрсетілді. Оңтүстік Қазақстан облысы аудандастырылды. Екінші тарауында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи нысандарына жан-жақты сипаттама берілді, экологиялық маршруттар жасалды. Үшінші тарауында облыс бойынша ерекше қорғалатын территорияларындағы туризмнің негізгі мәселелері қарастырылып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Берілген жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысының осындай ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту үшін мүмкін жолдар қарастырылуы жұмыс өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын территорияларында туризмді дамыту мақсатында ең тиімді және осы қоршаған табиғи ортаға зиянды әсер етпейтін жолдар табу.
Жұмыс міндеттері: ерекше қорғалатын табиғат территорияларын классификациялау; қазіргі таңда бар инфрақұрылымды талдау; туризмді дамыту үшін еңбек күші бола алатын халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, табиғат территорияларының даму жағдайына анализ жасау; табиғат территорияларында туризмді дамыту үшін ең альтернативті жолдар табу.
Ғылыми әдістемелік маңызы : Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи нысандарының, жануарлар мен өсімдіктерінің есебі берілді.
Тәжірибелік маңызы : Оңтүстік Қазақстан облысы алты ауданға аудастырылып, аудандар бойынша экологиялық маршруттар құрастырылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи территориялары мен табиғат нысандары.
Қорғалатын ұстаным
- оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары;
- ерекше қорғалатын территорияларында туризмнің даму жағдайы;
- ерекше қорғалатын территорияларында туризмді дамыту жолдары;
- туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары;
- туризмді дамыту мақсатында қолданылатын шаралаh[2] .
Курстық жұмыс 60 беттен тұрады. Жұмыста 4 сурет пен 8 кесте, 1 қосымша пайдаланылды.
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРЫ
- Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын
территорияларына сипаттама
Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері.
Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай өсімдік пен жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген. Ауданы 85574 га.
Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер - Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары.
Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барабар Жабағылы қорығы да ұлт мақтанышы болып табылады.
Қорықта негізгі үш аудан бар: бірінші аудан қорықтың өзі. Бұл территория ерекше қорғалатын территория және турстік шаруашылықты жүргізуге тыйым салынған. Бірақ, туристік қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында екінші аудан құрылған. Мұнда он арнайы экотуристік маршрут жасалған. Үшінші аудан буферлі аймақ болып табылады. Мұнда аңшылық жүргізуге, химиялық және өндіріс кешендерін салуға тыйым салынған.
Қорық қорғауға мен экологиялық білім беру және туризмге қатысты шаралар мен сұрақтар үшін жауапты арнайы бөлім Жабағылы кен шарында орналасқан [3] .
Сайрам-Угам Ұлттық саябағы табиғи саябақ болып табылады. Угам жоталары Батыс Тянь-Шань тауларының жалғасы болып табылады. Аймақта Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген жануарлар баршылық. Олардың қатарында бүркіт Мензбир сорманы, ақ тырнақты аю, тау ешкісі, барс бар.
Угам ұлттық сабағында өсімдіктердің 1250 түрі, оның 47 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енген, өседі. Угам қыратының Қазақстандағы бөлігі бұл уникалды табиғи ескерткіштері мен орта ғасырлық тарихи ескерткіштерінің үйлесімділік территориясы. Угам ауданында мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштердің үлкен көлемі жиналған. Мысалы, Қасқасу кен шарында ежелгі сақ қорғандары орналасқан. Бұл ескерткіштерімен көптеген аңыздар мен болған нақты тарихи оқиғалар байланысты. Мысалы, Шілтер, Жылаған Ата, Айтас, Бүркіт, Сусінген көлі, т. б. 2005 жылдан бастап аймақта экотуризм белсенді түрде дами бастайды. Аймақ бойынша қазіргі таңда 16 экотуристік маршрут ұсынылады.
Лепсі территориясы Жоңғар Алатауы жоталарының солтүстік беткейлерінде орналасқан. Бүкіл территориясын тау ормандары алады. Бұл аймақта өзендер мен бұлақтар көздері көп. Аймақ халқысы табиғи балды өндірумен айналысады.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы 2004 ж. құрылды. Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Қаратау жотасы Тянь-Шаньның солтүстік батыс доғасы болып табылады. Әкімшілік жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы территориясына жатқызылады. Мойынқұм, Қызылқұм шөлдерімен, Бетпақ даламен көршілес орналасқан. Қорық ауданы шамамен 34 300 га. Солтүстік және Солтүстік шығысында Созақ ауданымен, батысында шекарасы Созақ ауданымен Балдыр және Тентек өзендерінің қосылар жері мен Қарағаштау арқылы өтеді. Оңтүстігінде Қарағаштаудан Талдыбұлақ, Хантағы өзендері арқылы өтіп, Созақ ауданының шекарасы және шығысында Созақ бойына созылған.
Қорық міндеттері: флора мен фаунаның экожүйесін, олардың генетика ресурстарын және Қаратау жотасының табиғат ерекшеліктерін сақтау, ғылыми зерттеулер мен мониторинг үшін адам тимеген табиғи орта элементтерін қорғау, гид басшылығымен келген туристер үшін оқу және ақпарат бағдарламасымен қамтамасыз ету (табиғи ортаны сақтау және қорғау функцияларын орындау мақсатында), қоғамнан шектеуді қамтамсыз ету.
Қорықтың орталығы Кентау қаласында орналасқан. (Түркістаннан 40 шақырым жерде орналасқан) . Орталық қорықтан 17 шақырымдай орналасқан. Негізінен мұнда архар мекен етеді. Бірақ саны өте аз, қазіргі таңда 55 бас қана сақталған. Қорықтың солтүстігінде Қаратауда ғана кездесетін эндемик болып табылатын Қаратау архары немесе негри монтана кездеседі. Мұнда өсімдіктің 85 эндемик түрі кездеседі. Қаратаудың мақтанышы және көркі Грейг қызғалдағы, кизильник және шлемник аллохруза [4] .
Қорықты құру мәселесесі өткен ғасырдың 80 жылдары көтерілген еді. Қорықты құрудың алғашқы жоспары жобалау институты «Қазгипроград» ұсынды. Бірақ іс-жүзінде асырылмады. 2001 ж. Қаратау жотасы биоәртүрлілік бойынша Орта Азия трансшекаралық ГЭФ жобасының жоспарланатын территориялар қатарына кірді. 2002 ж осы ұйым қолдауымен Қаратаудың қазіргі жағдайы жөнінде толық кешенді ғылыми бағалау берілді. Зерттеулер нәтижесінде осы өлкенің құндылықтары нақтыланып, қорық құру қажеттілігі туындады. Қорық территориялар құрамына Түркістан әкімшілігіне қарайтын жер учаскелері кірді. Қорықты ҚР ауыл шаруашылық минастрлігінің орман және аңшылық шаруашылық комитеті басқаруында.
Дегенмен, экологиялық мәселелер де бірінші кезекте тұр. сол мәселелерге тоқталып өтсек.
Сырдария маңындағы шөл аймағында ауылшаруашылығы дамыған. Көп жерлерді қалалар, қалалық және селолық елді мекендер алып жатыр. Сырдария аңғарында суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы басым. Суды пайдалануды реттеу мақсатымен Сырдария өзенінде Шардара бөгені және гидроэлектростанциясы салынды. Ірі Шымкент өнеркәсіп ауданы қала маңы зонасының қоршаған ортасына теріс әсер етеді.
Экологиялық табиғи факторлар:
а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - Сырдария өзенін ластаушыларды тасып, таратуы, оларды провинциядан шығаруы;
ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - елеулі эрозиялық тілімденуі, ыза сулары деңгейінің жер бетіне жақындығы, қайта сорлануы, топырақтың батпақтану процестері, Сырдария өзенімен ластаушылардың трансшекаралық тасылуы, механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жел эрозиясының орын алуы, суффозиялық процестер, тау бөктері жазықтарындағы лессті саздақтардағы ирригациялық эрозия.
Экологиялық деструкция деңгейі - шиеленіскен. Экологиялық шиеленісу көзі - Шымкент өнеркәсіп ауданы. Экологиялық орнықсыздануы атмосфералық ауа мен Сырдарияның техногендік ластануы, суармалы жерлер ирригациясы процесінде топырақтың қайта сорлануы, шөлдену процесінің белсенділігіне байланысты.
Экологиялық шиеленісу аймақтары:
1) Шардара бөгені. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында су ресурстарын пайдалануды реттеу мақсатында салынды. Ұзындығы 65 км, ені 30 км, көлемі 5, 2 текше км. СЛИ-3, су 4-класты, ластанған (1999 ж) . Бөген Өзбекстан аумағынан ластаушыларды трансшекаралық тасылу-молдау процесі нәтижесінде қашыртқылы-кәрізді суларын жинақтайды (көлемі 10-12 текше км/жыл дейін) . Ластаушылар қатарында сульфаттар, нитраттар, фенолдар бар.
2) . Сырдария өзені. Арнадағы суы ластанудың 4 класымен сипатталады (ластанған) . Құрамында сульфаттар (3, 8 ШРШ), нитриттер (1, 5 ШРШ), сынап (5 ШРШ), фенолдар (4 ШРШ), (2000 ж) көп.
3) . Арыс өзені. Оңтүстік Қазақстанның ең лас өзендерінің бірі. Өнеркәсіптік, тұрмыстық ауылшаруашылық ақаба суларымен ластанған. Суы 3-класты, орташа ластанған (1999 ж. ) : сульфаттар, нитриттер, фенолдар, мыс (1-4 ШРШ) . Шымкент қаласынан өтетін Бадам өзені ең қатты ластанғаны.
4) Шымкент урбоөнеркәсіптік ауданы. Мұнай химиясы, химиялық, цемент өнеркәсібі және түсті металлургия ірі өндіріс орындары бар Шымкент қаласын қамтиды. Негізгі ластау көздері: мұнай өңдеу зауыты (ШНОС), қорғасын, цемент, шина зауыттары. Экологиялық шиеленісу деңгейі - қауіпті. Ауа шаңмен (2 ШРШ), көміртегі тотығымен және азот қос тотығымен (1, 3 ШРШ), формальдегидпен (3, 7 ШРШ) ластанған. Бадам өзенінің ластануы: СЛИ - 2, 6, суы 4-класты, ластанған. Топырақ ауыр металдармен - қорғасын, мыс, молибденмен және мұнай өнімдерімен ластанған.
5) Ленгер қоңыр көмір алабы. Экологиялық орнықсыздану деңгейі - шиеленіскен. Шахталар, карьерлер, аршыма тау жыныстары үйінділері-көмір өндіру өнеркәсібі қызметінің техногендік салдары, ауа алабының шаңмен ластануы, топырақ, Бадам өзенінің ластануы.
Қорықтық нысандар:
а) қазіргі бар - Арыс өзені аңғарында және Қаратау жотасы бөктеріндегі жазықта жабайы өсетін дермене жусанды қорғауға арналған Ақдария, Дария сырты, Темір табиғи ботаникалық қорықшалар тобы;
ә) ұсынылатын - Сырдария ландшафттық қорықшасы. Сырдария, Арыс және Бөген өзендері аралығында орналасады. Жабайы өсетін дермене жусанды және жайылымдық тоғайларды қорғау.
Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:
- сүтқоректілер - қарақұйрық, шұбар күзен;
- құстар - қарабай, қалбағай, түркістан ақ ләйлік, сұнқылдақ аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүнгүір, ақбас үйрек, жылан-жегіш қыран, ителгі, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қоңыр кептер;
- балықтар - сырдария тасбекіресі, пілмай (арал бекіресі), арал қаязы;
- өсімдіктер - дермене жусан туысы.
Солтүстік Қызылқұм шөл (мал шаруашылығы) провинциясы ландшафттарында солтүстік шөлден оңтүстік шөлдерге өтпелі сипаттары білінеді. Негізгі өсімдіктері бұталы-сексеуілді, эфемерлі сұр жусанды, сұр жусанды-сортаңды, ақ сексеуілді-эфемерлі рангты кешендері.
Табиғи ресурстары мен экономикасы.
Жыл бойы қолданылатын жайылымдар базасындағы мал шаруашылығы, кейбір жерлерде суармалы егіншілік ошақтары.
Экологиялық табиғи факторлар:
а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - Қызылқұмның жетуі қиын бөліктерінде судың жоқтығынан мал жайылмауы;
ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - мал жаю процесінде құмдардың жел эрозиясына бейімділігі, шөптің өте сиректігі, сумен нашар қамтамасыз етілуі, шөлдену процесінің белсенділігі.
Экологиялық шиеленісу деңгейі - қанағаттанарлық. Эко-логиялық орнықсыздануының негізгі көріністері: малды шектен тыс жаю салдарынан шөлдену. Бекітілген құмдардың бұзылып, борпылдаққа айналуы.
Сырдария мен Жаңадария аралығында Қазақстандағы ең ірі сексеуіл массиві жатыр. Қара және ақ сексеуіл «ормандары» шаруашылық мақсатта сексеуіл дайындаудың ретсіздігінен өте сиреген.
Қорықтық нысандар:
а) қазіргі бар - жоқ;
ә) ұсынылатын - Қызылқұм қорығы. Сырдарияның Қуаңдария, Жаңадария және Дариялық құрғақ тармақтары жатқан көне аллювилі жазықты, сексеуілді қырқалы құмдарды, тақырлы және сорлы жазықтарды қамтиды. Сексеуілдіктерді қорғау.
Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:
- сүтқоректілер - тоғай бұғысы, қарақұйрық, қызылқұм арқары, шұбар күзен, шағыл мысығы, сабаншы, гептнер ергежейлі қосаяғы;
- құстар - жыланжегіш қыран, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қоңыр кептер;
- бауырымен жорғалаушылар - кесел;
- өсімдіктер - лемман қызғалдақ туысы [5] .
Экологиялық ақуалдың қасіреті аналарымызды анимеяға ұшыратып, ол өз кезегінде кемтар балалардың жарық дүниеге көптеп келуіне, тұрғындар арасында жүрек-талма, қан қысымы, бауыр, асқазан және рак ауруларының шамадан тыс көбеюіне әкелуде. Оңтүстік Қазақстан облысы да экологиялық қасіретке ұшыраған аймаққа айналып барады. Жерімізге жақын орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы онсыз да аса ауыр экологиялық жағдайды одан сайын тұралатып жатыр. Кеңес үкіметі кезінде облыс жерлерінде сыналған атом жарылыстарының зардаптары да орасан. Орман-тоғайлары жойылып, топырақ құнары кеміп, өзен көлдер мен жер асты сулары тартылып, сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктер түрлері жойылып барады. 1973 жылы Құмқойнауындағы «Кетпенқалдыда» жасалған ядролық жарылыстың зардабы әлі жойылған жоқ. Ал, егер бұл кезекті, халық пен санаспаған науқандық шара іс жүзінде жүзеге асқан .
Оңтүстік өңірінде радиоактивті уран өндірісін көбеюде. Қазіргі кезде уран өндіріліп жатқан көршілес Шиелі өңірінің халқы да адам айтқысыз зардап шегуде. Бұл өңірде, уранның әсерінен мутацияға ұшыраған жануарлар мен сәбилер көбейіп, медицинаның шамасы келмейтін ауру түрлері пайда болған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша ашылмақ «Шымкент-Сайрам-Қазығұрт-Ордабасы-Отырар-Арыстанбаб-Түркістан-Сауран-Созақ-Бәйдібек-Ордабасы-Шымкент» бағытындағы халықаралық туризмді өркендету жолындағы тапсырмасыны орындауға уран өндірістерінің тым көбеюі зиянын тигізеді. Сонымен бірге ішкі сырын ішке бүгіп жатқан Орта ғасыр маржандары аталған ескі Көксарай, Сүткент, Мұңлық-Зарлық, Жауқар т. б сол сияқты үш жүзден астам облыс аумағындағы қалалар бағытында, келешекте дамуға тиісті туризм индустриясының дамуынада кері әсерін туғызары сөзсіз. Облыс аумағындағы Отырар аймағында орналасқан «Табақбұлақ» уран өндіру кеніші жергілікті тұрғындар өміріне қоршаған ортаға аса қауіп төндіретін барлық жұмыстарын ескере отырып барлық қауіпсіздік шараларын іске асырып, сақтандыру, консервациялық шараларды жүзеге асыру керек.
Отырар ауданына қарасты Табақбұлақ жерінен Заречная уран руднигін ашып, өндірілген өнімді елді мекендер арқылы автокөліктермен теміржолға одан әрі экспртқа шығармақшы. Уранды өндіру үшін жер астына айдалатын қазіргі күнге дейін Ресейде өндірлетін күкірт қышқылдары пайдаланылып келді. Осы күкірт қышқылының қанша тоннасы дайын өніммен кетеді. Жер астында қаншасы қалады, қалай залалсыздандырылады? Руднигтегі жер асты сулары қандай жағдайда қанша адам кәсіби аурулармен ауырады, қаншама жылдар шикізат тасыған жолдардағы радиациалық ақуал қандай деген сан сұрақтар туындайды. Уран өндірісі өсіп өркендеуіміз экономикамыздың дамуы үшін керек - ақ. Созақ жерінде жұмыс істейтін жалпы анықталған қоры 1, 5 млн тоннаны құрайтын кеніштер бар. Қазіргі кезде экологиялық сыйымдылық Оңтүстік Қазақстан жерінде бүкіл Республика жерінің көлемі бойынша шегіне жетіп тұр. Облыс орталығы Шымкент қаласы қазіргі еліміздегі ауасы ең лас қаланың біріне айналып отыр. Бір ғана «Южполиметалл» АҚ-ның қалаға тигізіп жатқан залалының өзінен жан түршігеді. Ауаны ластайтын мөлшерден баяғыда асып кеткен түтін негізінен осындағы балқыту, агломерация, қара қорғасын мен сурик металын рафинаттау цехтарынан есепсіз мөлшерден шығып жатыр.
Әлгі цехтардан шыққан түтіннің зияндылығы балқыту цехында мөлшерден 3, 6 есе, агломерация цехында 4, 3 есе, рафинаттау цехында 3, 7 есе сурик цехында 2, 6 есе, шаң мен газдан тазартатын цехта 3, 7 есе асып кеткен. Осының салдарынан зауытқа жақын жатқан елді мекен тұрғындары қолқаны қабар улы түтінге қақалуда. Бұл зауыт өзендерімізді де ластап, суын мүлдем іске жарамсыз етіп жатыр. Соның бірі - Бадам өзені. ТЭЦ-2-нің пайдаланған суы қосылған соң су құрамындағы темірдің құрамы 1, 62 есе, қалайы 3 есе артып кеткен. Мұндай су тіпті егін суаруға да жарамайды. Шымкенттің ауасын төзімсіз жағдайға жеткізе ластап отырғандар қатарына «Южполиметалл» АҚ-ы, «Шымкент цемент» зауыты, Канадалық «Петро Казахстан Ойл Продактс» компанияларын жатқызуға болады.
Ал «Южполиметалға» келсек мұндағы құрал жабдық 70 жыл ішінде әпбен істен шығып тозған. Қазіргі заман талабына мүлдем жауап бермейтіндіктен зауыт басшылары зиянды мүлдем азайту үшін агреваттан шығатын технологиялық газдарды азайтатын УРФМ - 2 фильтріне жаңа сүзгілер орната бастады. Қорғасын зауытынан шыққан улы түтін Қазығұрт, Құрсай, Сәуле ауылдарының тұрғындарына да аса зиянды екені нақты фактілермен анықталған. Бұл кәсіпорынның аумағындағы ауада қорғасынның мөлшері гигиеналық шамадан 43 есе, күкірт диоксиді 62 есе, биоорганикалық шаң 32 есе артық екен. Дегенмен «Южполиметалл» АҚ 2008 жылы жылына 80 мың тонна қорғасын өндіруді межелеп отыр.
Қаланы лас ауамен тұмшалап отырған аса зиянды кәсіпорынның бірі - «Шымкент цемент» оның іргесінде тұратын халықтың қаншалықты зардап шегіп отырғанын көзбен мөлшерлеудің өзі қорқынышты.
Осындай адам төзгісіз ахуалды түзету мақсатында Республикамызда 2015 жылға дейін кешенді жоспар түзілді. Ол 2004 жылғы 22 сәуірінде қабылданған «Шымкент қаласының бас жоспары туралы ҚР үкіметінің номері 446 қаулысы» шықты. Мұнда құрылыстарды экологиялық талаптарға сәйкес жүргізу негізделген. Атап айтқанда:
... жалғасы-халықтың денсаулығына белгілі қауіп тудыратын экологиялық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz