Жасөспірімдердің ой еңбегімен физикалық жүктемеге бейімделу ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Жасөспірімдердің ой еңбегімен физикалық жүктемеге бейімделу ерекшеліктері.
(Мамандық: Биология 6N0113)
Орындаушы : Дүйсембаева Әсел Жүнісқызы "" 2010 ж.
Ғылыми жетекшілер: б. ғ. к., профессор Торманов Нұртай Торманұлы
"" 2010 ж.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: б. ғ. д., профессор Төлеуханов Султан Төлеуханұлы
"" 2010 ж.
Алматы
2010ж
ТҰЖЫРЫМ
Есеп: Магистрлік жұмыс көлемі - 61 бет. Кесте саны - 11; сурет саны -9 ; Қолданылған әдебиеттер саны - 55;
Негізгі сөздер: Ағза, ой еңбегі, оқу жүктемесі, физиологиялық норма, жасөспірімдер, жас ерекшелік физиологиясы, фактор, физикалық көрсеткіш, физиологиялық көрсеткіш, антропометрлік көрсеткіш, динамометрлік көрсеткіш, денсаулық, өсу, даму, эмоция, салауатты өмір.
Зерттеу объектісі: Зерттеу жұмысы 12 жастан 16 жасқа дейінгі мектеп оқушылары.
Мақсаты: Жасөспірімдердің ой еңбегімен, бейімделу ерекшеліктерін зерттеу арқылы оқушылардың мектеп қабырғасындағы режимге бейімделуі және оқу үлгерім деңгейінің арасында қандай байланыс болатындығына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талап ұсыныстар жасау.
Міндеттер:
1. Жасөспірімдердің оның ішінде балалардың ой еңбегі әрине әртүрлі, физикалық жүктемелерге бейімделе отырып, білім мен тәлім алудағы көрсеткіштері жоғары, сапалы мәселелерін зерттеу.
2. Ғылыми-зерттеу жұмысымдағы әдістерді қолдану
3. Зерттелетін материалдардың нәтижелерін талдау.
Қолданылған әдіс: Антропометрия, динамометрия, вариациялық статистика әдістері.
Жаналығы: Зерттеуге ұсынылып отырған тақырыптың жаналығы еліміздегі орта мектеп деңгейіндегі білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың талабына сай базалық білім берудің сапасын жақсарту. Әрине жалпы орта мектептерде білім беру сапасын арттыру көп факторлы үрдіс болғанмен де, ең бастысы мектеп қабырғасындағы биоәлеуметтік жағдаймен қатар, оқушының денсаулық күйі, оның күнделікті оқу жүйесіндегі жүктемесі және мұғалімнің рөлі болып табылады.
Ғылыми тәжірибелік зерттеу барысында мынадай әдістер қолданылды:
Антропометрия, динамометрия, вариациялық статистика әдістері.
Зерттеу нәтижелері:
Диссертациялық жұмысты жүргізу барысында №140 гимназия мектебі мен Алғабас орта мектебінің 12-13 жастағы жасөспірімдерінің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі физикалық, физиологиялық салыстырмалы көрсеткіштерінің оқу үлгеріміне әсерін анықтадық. Берілген нәтижелер бойынша қорытынды шығардық.
Енгізу туралы нәтижелері: баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны - 4. Оның ішінде мақала - 2, тезис - 2, Конференцияның жұмысына қатысу - 1.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7
1. 3 Мектеп оқушыларының денсаулығына әсер
етуші факторлар 16
1. 4 Оқу жүктемесінің әсерінен қан айналу жүйесі мен тыныс
алу көрсеткіштерінің өзгеруі 25 2. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 34
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ МЕН ТАЛДАУЫ 36
3. 1. Алматы қаласы №140 гимназия мектебінінің 12-13 жасар жасөспірімдердің физикалық және физиологиялық көрсеткіштері 36
3. 2. Алғабас орта мектебінің 12-13 жастағы жасөспірімдердің
жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі физикалық, физиологиялық
көрсеткіштері 44
3. 3 №140 гимназия мектебі мен Алғабас орта мектебінің 12-13 жастағы жасөспірімдерінің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі физикалық, физиологиялық салыстырмалы көрсеткіштері 48
3. 4. Алғабас орта мектебі мен М. Мақатаев атындағы №140 гимназия мектебіндегі 12 жастағы оқушылардың қалыпты жағдайдағы физикалық және физиологиялық көрсеткіштерінің оқу үлгеріміне әсері 55
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
ТДС - тиісті дене салмағы
СҚҚ - систолалық қан қысымы
ДҚҚ - диастолалық қан қысымы
ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ӨҚТС - өкпенің қажетті тіршілік сыйымдылығы
ТИ - тіршілік индексі
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде балалар мен жас өспірімдердің өсіп дамуы тоқтаусыз жүріп жатқанымен, олардың қарқыны өсу кезеңдерінде әртүрлі болып келеді. Мектеп қабырғасында баланың оқу процесіне толық бейімделуінің басты нысандары оқудағы белсенділігі, оқу үлгерімінің деңгейі, еңбек ету қабілеттілігінің қолайлы күйі, ағзаларының функционалды көрсеткіштерінің тұрақтылығы т. б. Алдымызға қойылған мәселелердің бірі, оқушыларды мектеп талабына, ережесіне бейімделуіне жан-жақты жағдай жасап, оларға әсер етуші факторларын тұрақты, үздіксіз қадағалап, бақылап, организмдерінің өсу, даму көрсеткіштерін зерттеу болып табылады /1/. Ол үшін мынадай мәселелерге басты назарды аудару керек:
Мектепте оқушының білім алуы үшін нерв жүйесінің, эндокриндік жүйе және вегетативтік функцияларының жас ерекшеліктері және жеке даму барысында әртүрлілігі. Себебі, балалардың организмдерінің даму барысындағы толық жетілмеуі, кейбір өсіп даму көрсеткіштерінің артта қалуы, оның білім алу үрдісіне кері әсерін тигізеді; Сондай-ақ оқушының өсіп, даму қарқыны жасына сәйке келмей қалып қалған болса, онда балалардың оқу жылында оқуға деген үлгерімі төмен болады.
Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне басты назарды аудару педагогикалық ұстанымдардың рөлі болып табылады. Жас баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы, оның өміріндегі физиологиялық және әлеуметтік жағынан ең басты жауапкершілік кезеңінің басталуы деп айтуға болады. Оның өмірінде күнделікті мектепке дейінгі тіршілік бейнесі өзгеріп, жаңа сапаға ауысуы байқалады. Әрбір бала жаңа жағдайда тіршілік етуге бейімделуіне мәжбүр болады (мектеп режимі, мұғалімнің талабы, оқу-тәрбие жұмыстарының кестесіне байланысты жүктемелер, жаңа ұжым, достар мен құрбылар т. б) . Күнделікті өміріндегі осындай «күрт» өзгеріске ұшыраған жағдайда жас баланың ағзасына психо-физиологиялық ауыр жүктеме түсуін ғалым-педагог мамандардың айтуы бойынша «қалыпты күй» деп атайды.
Тақырыптың өзектілігі : Жас өсіп келе жатқан балалар ағзасының бейімделу реакциясының болуы, баланың өсуі мен дамуы үшін ең маңызды белгілерінің бірі. Ол барлық реттеуші жүйелердің бәріне тән қасиет. Бейімделу реакциясының негізі тұқым қуалаушылық қасиеттен бастап, баланың барлық жеке даму барысында тіршілік бойы қалыптасатын процесс. Сондықтан да жасөспірімдердің оның ішінде мектеп жасындағы балалардың ой еңбегі әрине әр түрлі, физикалық жүктемелерге бейімделе отырып, білім мен тәлім-тәрбие алудағы көрсеткіштері жоғары, сапалы болу мәселелерін зерттеу жас кезеңдер физиологиясының ең өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жасөспірімдердің ой еңбегімен, бейімделу ерекшеліктерін зерттеу арқылы оқушылардың мектеп қабырғасындағы режимге бейімделуі және оқу үлгерім деңгейінің арасында қандай байланыс болатындығына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талап ұсыныстар жасау. Мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау, оның ағзаларының қалыпты деңгейіндегі қызметі, әсіресе нерв жүйесінің шамадан тыс күйзеліске ұшырамау және шаршамауы мектеп қабырғасында білім мен тәрбие беруге байланысты. Әсіресе оқу -тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқу үрдісінің нормативтерін сақтау басты шарт болып табылады.
Міндеттер:
1. Жасөспірімдердің оның ішінде балалардың ой еңбегі әрине әртүрлі, физикалық жүктемелерге бейімделе отырып, білім мен тәлім алудағы көрсеткіштері жоғары, сапалы мәселелерін зерттеу.
2. Ғылыми-зерттеу жұмысымдағы әдістерді қолдану
3. Зерттелетін материалдардың нәтижелерін талдау.
Жаналығы : Зерттеуге ұсынылып отырған тақырыптың жаналығы еліміздегі орта мектеп деңгейіндегі білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың талабына сай базалық білім берудің сапасын жақсарту. Әрине жалпы орта мектептерде білім беру сапасын арттыру көп факторлы үрдіс болғанмен де, ең бастысы мектеп қабырғасындағы биоәлеуметтік жағдаймен қатар, оқушының денсаулық күйі, оның күнделікті оқу жүйесіндегі жүктемесі және мұғалімнің рөлі болып табылады.
Публикациялар:
2-мақала:
1) Дүйсембаева Ә. Ж. Жасөспірімдердің ой еңбегі жүктемесіне бейімделу ерекшелігі // Биология және салауаттылық негізі -2009. -№6 (42) . 11-14б.
2) Дүйсембаева Ә. Ж. Жасөспірімдердің антропометрлік қан қысымына физикалық жүктеменің әсері // Биология және салауаттылық негізі-2010. -№2(44) . 10-12 б.
2-тезис:
1) Дүйсембаева Ә. Ж. Жасөспірімдердің ой еңбегі жүктемесіне бейімделу ерекшелігі // Материалы ІІІ-го Межд. конгресса студентов и молодых ученых «Мир науки». -Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2009. 26-27б.
2) Дүйсембаева Ә. Ж. Жасөспірімдердің антропометрлік қан қысымына физикалық жүктеменің әсері // Тезисы І Межд. конф. студентов и молодых ученых «Мир Науки»-Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2010. 21-22 б.
Жұмыстың қысқаша қорытындысы: Гимназия мектебі мен Алғабас орта мектебіндегі 12 жастағы қызбалалардың оқу үлгерімдерін өзара салыстырған кезде №140 гимназия мектебіндегі қызбалалардың оқу үлгерімдері жоғары бола тұра, олардың физикалық және физиологиялық көрсеткіштері Алғабас орта мектебіне қарағанда төмен екендігі анықталды. №140 гимназия мектебіндегі 12-13 жастағы қызбалалар мен ұлбалалардың физикалық және физиологиялық көрсеткіштері өзара жынысына байланысты қызбалалардың физикалық және физиологиялық көрсеткіштері ұлбалаларға қарағанда төмен көрсеткіштерге ие болды. Алғабас орта мектебіндегі 12-13 жастағы қызбалалар мен ұлбалалардың физикалық және физиологиялық көрсеткіштері өзара жынысына байланысты қызбалалардың физикалық және физиологиялық көрсеткіштері ұлбалаларға қарағанда төмен көрсеткіштерге ие болды.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Жасөспірімдерге ой еңбегінің әсері
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл - ой өрістерінің молаюын айтады. Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады : өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бүл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтар бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелді;
6) өсу мен дамудың акселерациясы;
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяулланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес : бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бойы көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді.
Бала организмнің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың даму дамуын төмендетеді. Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті 16-17 жаста жетіледі. Осыған байланысты оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне мөлшерлеген жөн /2, 3/.
Бала организмнің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. Ал 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді.
Мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау, оның ағзаларының қалыпты деңгейдегі қызметі, әсіресе нерв жүйесінің шамадан тыс күйзеліске ұшырамау және шаршамауы мектеп қабырғасында білім мен тәрбие беруге байланысты. Әсіресе, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқу үрдісінің нормативтерін сақтау басты шарт болып табылады. Оқушылардың шаршау, қажуының алдың алу шараларының бірі, балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттілігінің басты ұстанымы ағзалардың физиологиялық қызметтік өзгерістерін ұдайы бақылау мен еңбек, демалыс, тамақтану режимінің жеке мектеп сыныптарының санитарлы - гигиеналық талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді бақылау.
Дене еңбегінің күнделікті режимі мен тәртібі сияқты ой еңбегінің де өз гигиенасы бар. Еңбек етуге қолайлы жұмыс орны, оған түсетін жарық, жылу, ауаның дымқылдығы, столда отыру тәртібі, - міне мұның барлығы адамның ой еңбегіне қабілеттілігін сақтап, оның жоғары еңбек өнімділігіне жетуіне мүмкіндік береді.
Жақсы да жарық бөлме, ондағы өз орнымен қойылған мебельдер, үйде өсетін өсімдіктер, табиғи немесе электр жарығының мол болуы, қолайлы жұмыс столы - ой еңбегімен айналысушы адамның ерекше көтеріңкі көңіл - күймен қызмет жасауына зор септігін тигізеді, мол әсер етеді. Ең негізгісі - жұмыс орнында таза ауа үнемі жеткілікті болуы керек. Тар бөлмеде бірнеше адам жұмыс істейтін болса, бөлменің ауасы бұзылып, көмір қышқыл газы молаяды, бөлме қапырық болып, дымқылдық арта түседі. Ал бұлардың бәрі адамның орталық нерв жүйесіне әсер етеді, сөйтіп оның ой еңбегіне қабілетін төмендетеді. Ой еңбегі тыныштықты талап етеді. Көпке созылған айқай - шу, тарсыл - дүрсіл жағымсыз дауыстар адамның есту нервтерін сезгіш, қабылдағыш анализаторларды, сондай - ақ жалпы орталық нерв жүйесін шаршатады. Жоғары еңбек өнімділігін, ой еңбегі қабілеттілікті бір қалыпты арттыру үшін тек жұмыс режимі мен оны ұйымдастыруды ғана емес, еңбек пен оның арасындағы үзіліс, демалыстардың белгілі мерзімде алмасу ережесін де сақтап отыру керек. Әсіресе, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін дене еңбегімен, физкультурамен айналысудың мәні зор. Өйткені ой еңбегімен ұзақ айналысқанда мидың кейбір бөлімдерінде ғана қозу шамадан тыс артып, оның басқа бөлімдерінде тежелу процестері ұзаққа созылады. Ол әрине, денсаулыққа зиян, әсіресе ой еңбегінің күрт нашарлауына әкеп соқтырады. Ендеше ондай жағдайға ұрынбас үшін ой еңбегімен айналысатын адамдар дене еңбегінен, физкультурамен, спортпен достасқаны жөн. Сонда қатты қозып тұрған нерв жүйесінің дем алуына жағдай жасалады. Дене еңбегімен айналысқан адамның жұмысқа қабілеттілігі қайта жанданып, әрі қарай жалғаса береді /4, 5/.
Демалыс пассивті, енжар емес, жедел, күрделі қозғалыстарға бай, белсенді болуы керек, адам өзін соған үйретуі қажет. Сонда ғана оның ой еңбегі жемісті, нәтижелі болады. Біздің мақсатымыз күнделікті ой еңбегіне қабілеттілікті арттыруға себепші болу ғана емес, оны дұрыс ұйымдастырудың жолдарынан да мағлұмат беру.
Жұмыс кезінде ой еңбегімен айналысатын адамдар ешбір қимыл - қозғалыссыз отырады. Ұзақ уақыт қозғалыссыз, тартылыста тұрған мойын мен арқа еттері әлсірейді. Соның салдарынан адам денесінің пішіні бұзылып, бұлшық еттері нашарлауынан олардағы қан тамырларының қабырғалары және қан айналысы бұзылады, және денедегі зат алмасуы өзгереді.
Столда ұзақ отырып жұмыс істеген адам жай, бір қалыпты дем алады. Ал мұның өзі организмдегі қан айналысын нашарлатады. Өкпедегі ауаның алмасуы қиындап, қанның қызыл түйіршіктерінің оттегімен қанығуы азаяды. Осыдан барып клеткалар, ми нерв жүйелері оттегі жетіспеуден тұншыға бастайды, олардың жұмыс істеу қабілеттері нашарлайды, тіпті мүлдем жұмыс істемей қалуы да мүмкін.
Адам организмнің ең негізгі бір ерекшелігі - оның ( жүрек, өкпе, нерв жүйелері, т. б) бірқалыпты ырғақпен жұмыс атқаратындығы. Ал олай болса организмнің өзі атқаратын күрделілік адамнан жұмыста бір қалыпты, ырғақты түрде жұмыс істеуді талап етеді. Керісінше, күнделікті жұмыс ырғағының бұзылуы аталған органдарының шаршауына, олардың да жұмыс ырғағының бұзылуына әкеліп соқтырады.
Сондықтан да әрбір таңды, жаңа күнді міндетті түрде таңертеңгілік гимнастикамен бастау керек. Гимнастика адам организіміне : ішкі органдарға, нерв жүйесіне, қысқасы тұтастай адамның өзіне пайдалы әсерін тигізеді.
1. 2. Жас кезеңдер және оның ерекшеліктері
Адамның жас кезеңдері - адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі болып табылады. Белгілі бір жас кезеңінде адам организмінің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып, 1965 жылы адам организмін зерттейтін әртүрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, дәрігерлер, педагогтар, психологтар, философтар, генетиктер, гигиенистер т. б. ) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
- Жаңа туған кезең (алғашқы 10 күн өмірі) ;
- Емшектегі, бөбектік шақ (10 күннен 1 жасқа дейін) ;
- Алғашқы балалық шақ (1-3 жас) ;
- Бірінші балалық шақ (4-7 жас) ;
- Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас) ;
- Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас) ;
- Кәмелеттік немесе жігіттік/ бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас) ;
- Кәмелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35,
ерлер 22-35 жас) ;
- Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы ( әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас) ;
- Егде жас ( әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас) ;
- Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас) ;
- Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай) .
Осы аталған топтарға жеке-жеке сипаттама бере кетейік: жаңа туған кезең - туған күннен 4 аптаға дейін, перзент қырқынан шыққанша, созылады. Бұл кезеңде организм сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді. Шараналық (плаценталық) қан айналымы өзгеріп, өкпе арқылы тыныс алу қалыптасады /6, 7/.
Осы алғашқы 1 аптаға жуық неонаталдық мерзімін өтпелі тез бейімделу кезеңі деп те атайды. Кәмелге келу немесе ересектік кезеңде адамның өсуі тоқтайды, организмнің құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс әрекеті белсенді және тиянақты болады. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысында жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттері күрделі өзгерістерге душар болады, климакс кезеңіне сәйкес кейбір аурулардың алғашқы белгілері білінеді. Егде жас кезеңінде- организм тез қартаяды. Оның өтеміс қабілеті азайып, бейімделіс әрекеті төмендейді. Сондықтан олар осы жас кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады. Кәрілік жас кезеңінде Организм тозып, инволюция - кері кету байқалады, негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді. Тиянақты бейімделіс қоры сарқылып төтенше жағдайларда өлім қаупі туады. Ұзақ өмір сүрушілер 90 жастан асқан кісілер. Олардың организмі тұралайды, оның көптеген құрылымдары мен жүйелерінің қызметі әлсірейді, тірек- қимыл әрекеті үйлесімсіз болады, қол-аяғы қалтырайды, зат алмасу қарқыны төмендейді, жүйке қажиды, тежелу құбылысы дендейді, ұйқы нашарлайды, талдағыштар жүйесі кемішін келеді. Алайда бұлардың ішінде ширақ қарттар да кездеседі. Қартаю (инволюция) - деп жасқа байланысты организмді тоздырып, «кәрілік ауруларды» көбейтетін, адамның тіршілік қабілетін төмендетіп, өмірінің ақырғы кезеңі өлімді жақындататын биологиялық өзгерістер жиынтығын айтады. Қартаю тектік бағдарлама негізінде жасқа байланысты өзгеретін физиологиялық үрдістер. Ол организмнің сыртқы және ішкі себептерден зақымданып, жасқа сәйкес ұлғая түсетін бүлінген күйі. Қартаюдың әртүрлі мерзімділік, жылдамдық, бағыттылық және әркелкілік ерекшеліктері болады. Қартаю туралы жүзден астам теория бар, оларды молекулалық (генетикалық, зат алмасуы мен жинақталуы), жасушалық, организмдік және қауымдалыстық деп жіктейді.
Кәрілік - бұл жеке дамудың біртіндеп, міндетті түрде келетін, адам өмірінің соңғы кезеңі. Оның басталатын мерзімін дәл анықтау қиын. Қартаю мен кәрілік арасында себеп және салдар іспетті қатынас бар. Қартаюдың биологиялық, психологиялық, әлеуметтік белгілері болады. Қартаю екпініне қарай қалыпты, ерте (прогерия) және баяу (ретардация) өтетін болып бөлінеді /6/. Адамның куәліктік және биологиялық жасын бөледі. Куәліктік жас -туылған күннен бері өткен мерзіммен есептеледі. Биологиялық жас- уақытқа байланысты тіршіліктік мүмкіндіктердің, өміршеңдік пен болашақ өмірдің өзгеретін өлшемі. Бұл организмнің, оның құрылымдарының, жүйелерінің даму сатысын көрсетеді.
Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету және оқыту жағдайларын ескеріп педагог мамандар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:
- Жаңа туған сәби ( 1 ай) ;
- Емшектегі сәби ( 1 айдан 1 жасқа дейін) ;
- Балбөбектер тобы ( 1-4 жас) ;
- Мектеп жасындағылар:
... жалғасыа) Бастауыш сыныптағы оқушылар ( 7-11 жас) ;
б) Ортаңғы сыныптағы оқушылар ( 11-14) ;
в) Жоғарғы сыныптағы оқушылар ( 14-18) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz