Дүниежүзінің саяси картасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Қазіргі саяси картаға тарихи.географиялық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары ... ... ... ... ... ..15

2 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ КАРТАДА XX.XXІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР

2.1. Судан Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Судан Республикасында 2011жылы өткен референдумнан кейін оның оңтүстік бөлігінің жеке мемлекет болып жариялануы ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3. Косово Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4. Черногория Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.5. Оңтүстік Осетия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.6. Абхазия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.7. Сербия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.8. Палестина мемлекеті, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.9. Дүниежүзінің саяси картасындағы қазіргі түйінді мәселелер ... ... ... ... ...55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Тақырыптың өзектілігі. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті.
Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 егемен мемлекеттер мен саяси статусы толық анықталмаған елді-мекендер мен иеліктер жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің аумағы, халықының саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Дүниежүзінің саяси картасында әрбір егемен мемлекеттің әлемдегі саяси және географиялық орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен жер аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Дүниежүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған тарихи және саяси-географиялық маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югославияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді.
1. География мирового хозяйства. -М.: Мысль,1987.
2. Б.Н. Зимин. География мирового хозйства. Под. ред.- М.,1992.
3. Исаев Е.И., Кондаков А.А., Ларичкин В.А. Минеральные ресурсы мира. М.:МГУ, 1990.
4. Багдасова С.Б., Чавушьян А.Н. Сырьевые ресурсы Азии, Австралии и Океании М.:1987.
5. Экономическая география зарубежных стран. Под ред. С.И. Дедовских., М.С. Ризина. -М. , Высшая школа, 1982.
6. Социально-экономическая география зарубежного мира. Под ред. В.В. Вольского. - М., Крон-Пресс, 1998.
7. Максаковский В.П. Экономическая и социальная география мира. Методическое пособие. Книга для учителей. -М.: Просвещение, 2004.
8. Алисов Н.В., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира (общий обзор): Учебник. -М.: Гардарика, 2000.
9. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Экономическая и социальная география мира. -М.: Просвещение, 2002.
10. Максаковский В.П. Географическая картина мира. Книга 1.- М.: Дрофа, 2004.
11. Родионова И.А. и др. Экономическая, социальная и политическая география: мир, регионы, страны. Учебно-справочное пособие. -М.: Экон-Информ, 2008.-492б.: илл. 16б.
12. Географический энциклопедический словарь: Понятие и термины-М.,Современная энциклопедия,1988.
13. Географический справочник ЦРУ Новейшая информация о всех странах и территориях Екатеринбург, 2005.
14. Экономическая география зарубежных стран. Под ред. В.П. Максаковского. М. , Просвещение. 1981.
15. Антонова И.Ф. Канада. Экономические районы, ч.2. -М.: МГУ.1974.
16. Витвер Н.А. Экономика стран Латинской Америки. Т.1,2. -М.: 1974.
17.http://www.aseansec.org-сайт Ассоциации стран Юго-Восточной Азии.
18.http://www.cia.gov/cia/publications/factbook-страноведческий сайт ЦРУ США.
19.http://www.europa.eu.int-официальный сайт Европейского союза. Атлас мира. -М., 1995.
20. К.А. Искакова., Утекешева Р.К. Практические занятия по курсу География мирового хозяйства -Алматы,1998. – 98 с. Отраслевые карты мира
21. www.egemen.kz (Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Сенбі, 1 қазан, 2011)
22. www.egemen.kz ( Қазақстан-Палестина: Дипломатиялық қатынастарға – 20 жыл, Сәрсенбі, 4 сәуір, 2012. Болат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан Республикасының Палестинадағы елшісі).
23. http://www.inform.kz
24. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, VІІІ том.
25. Очерки истории Южной Осетии, т.1, Цхинвали, 1969.
26. Абаев В.Д. Экономическое развитие Южной Осетии в период капитализма (1864-1921 г.), ч.2, Тб., 1956.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ..11
1.3. Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер
аумақтары ... ... ... ... ... ..15

2 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ КАРТАДА XX-XXІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТЕР

2.1. Судан Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Судан Республикасында 2011жылы өткен референдумнан кейін оның
оңтүстік бөлігінің жеке мемлекет болып
жариялануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23
2.3. Косово Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4. Черногория Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.5. Оңтүстік Осетия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.6. Абхазия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.7. Сербия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.8. Палестина мемлекеті, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.9. Дүниежүзінің саяси картасындағы қазіргі түйінді
мәселелер ... ... ... ... ...55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ,
картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті
бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну
үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа
да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың
қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың
пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда,
әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде
жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті
дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың
дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін
өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті.
Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына
мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 егемен мемлекеттер
мен саяси статусы толық анықталмаған елді-мекендер мен иеліктер жатады.
Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық
деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие
болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің
аумағы, халықының саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай
айырмашылық жасайды.
Дүниежүзінің саяси картасында әрбір егемен мемлекеттің әлемдегі саяси
және географиялық орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар
саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары
мен жер аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс
табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді
географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Дүниежүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына Екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған тарихи және саяси-
географиялық маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық
жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына
байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып
алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында
Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның
көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай
– ақ Италияның, Югославияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары
өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО),
ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия,
Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада
пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы
жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын
табуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - дүниежүзінің саяси картасының
қалыптасуының кезеңдеріне, олардың саяси және тарихи мәселелерге байланысты
өзгеріп тұруының мазмұнын зерттеп, саяси және экономикалық-географиялық
тұрғыдан ашып корсету.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- саяси картаның мазмұнын ашу;
- дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
- қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу жасау;
- қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтарын қарастыру;
- дүниежүзілік саяси картада XX-XXІ ғасырлар тоғысында пайда болған
мемлекеттерді қарастыру;
Судан, Косово, Черногория, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Сербия
Республикалары мен Палестинаның гографиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық сипаттамасын жеке-жеке қарастыру болып табылады.

1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу
бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің географиялық
қартасының (топографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі,
топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік
және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл
шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен
жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың
түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің
ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет
графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б.қосалқы
анықтауларды көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді
түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті
мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары
тақырыптық деп аталады. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін
белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты
баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір
жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді (Сурет 1).
Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз,
көмекші жабдықтар мен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды.
Картаның аса маңызды элементтерінің бірі-оның түсіндірме бөлігі болып
табылады(Сурет 2). Карта масштабында кескінделуіне сәйкес келетін
обьектілер аумақтық және сызықты шартты белгілер арқылы беріледі. Аудандық
белгілермен орман, шалғын, батпақ, көл т.б. ал сызықты белгілермен өзен,
жол, шекара, құбыр сияқты обьектілер белгіленеді. Тақырыптық карталардың
негізгі екі түрі бар: а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физикалық-
географиялық карталар; ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-
экономикалық-географиялық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік,
тарихи) карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік,
навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы
географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, топырақ,
экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің өзіне
тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекше бір тобы –
техникалық карталар тобын құрайды. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға,
жобалауға т.б. арналған карталар жатады. Географиялық карта көбіне аумақтық
белгілері (жер аумағын қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүниежүзінің,
мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің,
мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.

Сурет1 - Жалпы географиялық карталардың құрамдық негіздері

ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР

Математикалық негіз
Картографиялық кескіндеулер

Проекция
Масштаб
Геодезиялық негіз
Жер бедері
Гидрография
Климаттық
Өсімдік және топырақ
Елді мекендер
Қатынас жолдары мен байланыс
құралдары
Саяси-әкімшілік бөліну
Экономика мен мәдениет
элементтері

Сурет 2 - Тақырыптық карталардың мазмұндық негіздері мен шартты белгілері

Тақырыптық карталар

Картографиялық негіз Түсіндірме шартты белгілер

Геогрфиялық Тақырыптық мазмұн
негіз

Гидрография
Шекаралар
Елді мекендер
Қатынас жолдар
Кестелер
Тақырыптық мазмұн
элементтері

Шартты Мәтіндік
белгілер түсіндірмелер

Дүниежүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік
құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық
өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси
мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының
өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы
заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын
саласы зерттейді.
Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада,
әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі,
астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүниежүзі елдерінің
мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына,
мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік
шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық
қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр[1.5 ,б].
Саяси картаның негізгі мазмұнын тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы,
саяси мәртебесінің ауысуы, мемлекеттің суверинитетін жоғалту, кейбір
мемлекеттерде кездесетін аумақтық және өзде де өзгерістер болуы,
астаналардың немесе мемлекеттердің атауларының өзгеруі құрайды.
Саяси картада сандық және сапалық өзгерістер болады. Сандық өзгерістер
мемлекетке жаңадан ашылған жерлерді қосу, аумақтық алулар немесе соғыстан
кейінгі жоғалулар, мемлекеттердің бірігуі және ыдырауы жатады.
Сандық өзгерістерге елдің саяси суверенитетті алуы, басқарудың және
мемлекеттік құрылымның жаңа нысандарын енгізу, мемлекетаралық
бірлестіктердің және саяси одақтардың және өзгелердің құралуы жатады.
Халықаралық саясатта әлемдік дамудың негізгі бағыттары әрдайым басты
назарда болатыны белгілі. Егер зер сала қарасақ дүниежүзінің саяси
картасының құрылысы өте күрделі. Ондағы алып жатқан мемлекеттердің
әрқайсысының өзіндік орны бар. Мемлекеттердің көпшілігі бір – бірімен
шекаралас жатыр. Саяси шекараның сипаты іс жүзінде мемлекеттік шекара бола
бермейді. Ол халықаралық келісім бойынша, уақытша жасалатын шарт, яғни
демократиялық шекара. Соңғы кездері территориялық шекаралық мәселелер
дүниежүзінің көптеген аудандарында күрделі, әсіресе, мемлекетаралық және
ұлтаралық шиеленістің етек алуына әкеп соқтыруда.
Дүниежүзінің саяси картасына жиі болып отырған өзгерістер көпке аян,
олардың ең бастысы: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси
статусындағы өзгерістер, мемлекеттердің бір – бірімен қосылуы, бір елдің
екінші елдің құрамына кіруі, мемлекеттің астанасының өзгеруі, мемлекеттік
басқару формасының өзгеруі, т.б. Осы аталған элементтердің барлығы
халықаралық саясаттағы өзгерістердің негізі болып саналады.
Әлемдегі ең бір ықпалды бірлестік Еуропалық Одақ деп аталады.
Еуропаның 27 мемлекеті кіретін мемлекетаралық және ұлтаралық бірлестігінің
саяси органы Еуро парламент деп аталады. Оған төте сайлаумен 5 жылға 518
депутат сайланады. Бұл Еуропа елдерінің саяси интеграцияға ұмтылуының
маңызды қадамы болды. Ең алғашқы төте сайлау 1970 жылы, ал соңғысы 2010
жылы өтті. Еуропарламентке сайланған депутаттар ұлттық белгілері бойынша
емес, партиялық көзқарастары бойынша топтар құрып, өз партияларының
бағдарламасын қорғайды, іске асыруға тырысады. Еуропарламентке Еуропаның
экономикалық, валюталық және саяси интеграцияның жаңа әрі сапалы кезеңіне
өту, біртұтас ішкі рынок құруға ұмтылу сияқты сан алуан мәселелер
ұсынылады.
Еуропарламентке депутаттар сайлау тұрақты өлшеммен жүреді.
Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция сияқты ірі мемлекеттердің әрқайсысы
81 орынға ие болса, Испания – 60, Нидерланды – 25, Бельгия, Греция,
Португалия – 24-тен, Дания – 16, Ирландия – 15 Люксембург – 6 депутаттан
сайлайды. 1989 жылы Еуропарламентке сайлау өткеннен кейін, оның құрамында 9
фракциялық топ пайда болды: социалистер – 182  мандат, христиан –
демократтар – 107, консерваторлар – 48, либералдар – 44, коммунистер – 42,
тәуелсіздер – 37, экологтар – 23, голлистер – 19, оңшылдар – 16 мандатқа ие
болысты. 1984 жылғы сайлаумен салыстырғанда христиан-демокранттардың,
коммунистердің, экологтардың саны артып, сайлаушылар мен олардың 
жақтаушылары көбейген. Керісінше, социалистер мен консерваторлардың саны
азайған.
Өмірдің өзіндей, Еуропарламенттің, өз ішіндегі қайшылықтары да жетіп
жатыр. Қазір онда мынандай екі бағыт байқалады: бірінші интеграцияны одан
әрі дамытуға байланысты консервативтік бағыт. Оның мәні қазіргі ұлттық
рыноктарды біріктіруге ұлтаралық және одан тысқары интеграциялық мәселеге
байланысты институттардың араласуын кеміту, сөйтіп оны еркін бәсекеге
негіздеп құру. Бұл – ірі де күшті корпорацияларға жол ашу. Екіншісі –
жұмысшылардың, шаруалардың, қызметкерлердің еркін кәсіпшілдікке байланысты,
мамандардың әлеуметтік жағдайын қорғауға байланысты арнаулы шаралар жасау.
Бұл бағыт біртұтас экономикалық кеңістік құратын мемлекеттердің мақсатты
экологиялық саясат жүргізуін ұсынады.
1900 жылы жер шарында 55 егемен мемлекет болды. Сонымен бірге әлемде
өте ірі Британ орталық және көлемі жағынан кішілеу – Франция империясы
болды. Отары бар елдерге Жапония, АҚШ, Нидерланд, Бельгия, Португалия,
Италия, Испания жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылық
жүйенің күйреуі және ұлт – азаттық қозғалыстың өсуі дүниежүзінің саяси
картасына ірі өзгерістер енгізді. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында
әлемде 71 егеменді мемлекет, 1947 жылы – 81, 1959 жылы – 92, ал 1990 жылдың
басында олардың саны 171- ге жетті. Бірақ 1990 жылдың мамыр айында екі араб
мемлекеті – Иемен Араб Республикасы және Иемен Демократиялық Республикасы
ұлттық негізге байланысты Иемен Республикасы деген атпен бірікті (жер
көлемі 532 мың шаршы км., халқы 13 миллион). 1990 жылдың қазан айында екі
Германия бірікті.
Пайда болған ГФР-дың астанасы Берлин болды. Сонымен 1991 жылы егеменді
мемелкеттердің саны 168-ге дейін қысқарды. 1991 жылдың қыркүйегінде
өздерінің тәуелсіздігін Литва, Латвия, Эстония жариялады. Жаңадан тағы 2
тәуелсіз республика құрылды – Микронезия Федерациясы және мұхиттық
аралдардағы Маршалл Аралдары Республикасы. Бұрын олар АҚШ – тың
қамқорлығында болатын. Сонымен қазіргі кездегі егеменді елдердің саны 194-
ке жетті. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің саны - 193. Оған Украина, Беларусь
және Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазіргі кезде 1960-1970 жылдармен
салыстырғанда отарлардың бостандық алуы біршама нашарлады. 1990 жылдың
наурызында бұрынғы Біріккен Араб Республикасының отары болып келген Намибия
тәуелсіздік алды. Бұл ел БҰҰ-ның мәліметі бойынша ең ірі отарлардың бірі
болып есептелетін. Батыс Сахара 13 жылға созылған соғысты тоқтатып,
Мароккомен келісімге келді. Сянган (Гонконг) және Аомынь (Макао) тағдыры да
шешілді.
Қазіргі кезде халықаралық мәселелер проблемалары жөніндегі мамандар
мен саясаттанушылар жер шары бойынша территориялық шекаралар және басқа да
талас – тартыс тудырып отырған 300 ыстық нүкте бар екенін, оның ішінде
100-ден астамының жағдайы өте күрделі екендігін айтады. Олардың
кейбіреулері бір – біріне жақын, ал енді біреулері өте қашықта орналасқан.
Мысалы, Ұлыбритания мен Аргентинаның арасындағы Фолкленд (Мальвин) аралдары
жөніндегі шиеленіс. Австралиялық ғалымдар М.Данго және В.Экхардтың
зерттеулері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1990 жылды қоса
есептегенде жер бетінде екі және одан да көп мемлекеттер қатысқан 450-ге
жуық әртүрлі масштабтағы соғыстар болыпты, орта есеппен жылына 10 соғыстан
келеді. Мұның жартысы территория және шекараға байланысты болған. Мысалы, 8
жылға созылған 1980-1988 жылдар арасында Иран – Ирак арасындағы қантөгіс
соғыс бар болғаны 508 шаршы км., Штатт-Эль-Араб өзені арасындағы Тигр мен
Евфратқа құятын жерге  байланысты болды. Осы жерге Ирак мұнайды
экспорттайтын Фао портын салған. Бірақ жер Иранға қарайтын. Осындай
мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 3 формасы қалыптасып отыр:
республикалық, монархиялық, және достастық (Сурет 3).
Дүниежүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының 
төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін – прогрессивтік және демократиялық
формасына жатқызады. Бұл форманы XІX ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі
қалап алды, ал XX ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік
республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан,
Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Африканың 52 мемлекетінің –
48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және
мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет,
Эфиопия, Иран көшті.
Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін
саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген
айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария мен Джибутиді, Франция мен Иранды,
Аргентина мен Гаитиді салыстырып анықтауға болады.
Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада
монархиялық басқарудағы ел жоқ, Мұхиттық аралдарда(Океанияда) – 2, Африкада
– 3, Азияда – 13, Еуропада – 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы
таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6
селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика,
формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар
Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған
көптеген монархиялар – корольдік, бірнеше князьдіктер және сұлтандықтар
бар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар.
Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге
сайлайды. Біріккен Араб Әмірлігінде әмірлердің кеңесінде мемлекет басшысы –
президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия,
бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен
жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда,
ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік – Шығыс Азияда – Бруней, Оңтүстік Азияда
– Бутан,  Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Оңтүстік-
Батыс Азияда – Бахрейн және Кувейт.
Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы – достастық. Оған – Канада,
Аустралия жатады. Достастыққа басшылықты алғашқыда Ұлыбритания жүргізген
болатын. Достастыққа мүше елдердің саны 50, олар барлығына ортақ
поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған
премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Достастықьың бәріне бірдей
ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық
ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Достастықьың мүшелері
қалаған уақытта  бірлестіктен  ешқандай кіріссіз шыға алады.  Осы
мүмкіндіктер  Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Достастыққа кіретін
барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте.
Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды.
Достастыққа мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы,
Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері
монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б.
Достастықтағы елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның
корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады.
Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның Құдайым королеваны сақтасын деген
әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің
ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі
дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы
салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару
формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару
формасы деуге болады.
Халықаралық тұрғыды 2011жылға дейін басқарудың 4-формасы тек бір ғана
елде – Ливияда болды. Ол 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік
басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде бұқара
халықтың басқаруындағы мемлекет дегенді білдіреді. Елдің толық аты –
Социалистік Халықтық Ливия Араб Джамахириясы деп аталды. Іс жүзінде бұл
мемлекетті бүкілхалықтық лидер (көшбасшы) Муаммар Каддафи басқарған
болатын. Оны халық арасынан шыққан оппозициялық күштер 2011жылы елді
басқарудан тайдырып, өлтірді. Содан бері басқарудың бұл түрі тоқталды.
Саяси құрылымның маңызды элементі – мемлекеттің әкімшілік – аумақтық
құрылым. Ол тікелей саяси құрлым және үкіметтің режиміне, халықтың ұлттық-
этникалық, кейбір жағдайда сонымен бірге конфессионалдық құрамын елдің
қалыптасуының тарихи-географиялық ерекшеліктерін көрсетеді. Әкімшілік –
аумақтық, әсіресе, елдің саяси - әкімшілік құрылысы, оның саяси – әкімшілік
тұрғыдан бөлінуі елдің ішкі өмірінде маңызды орын алады. Этникалық және
мемлекеттік шекаралары сәйкес келе бермейтін елдер Азия және Африкада бар.

Сурет 3 - Дүниежүзінің саяси картасынындағы егемен мемлекеттер мен елді-
мекендеріндегі қабылданған елді басқарудың түрлері

Дүниежүзінің саяси картасының объектілері

Тәуелсіз мемлекеттер Тәуелді аумақтар
иеліпротекМандатШалғаАссоц
монархиялар Республикалар ктерторатттық йдағыиация
ар аумақтдепарлық
ар таменқұқық
ттер тағы
мен мемле
аумақкетте
тар р
теок президпарла
абсалюттік раттконстиенттікментт
ық туциял ік
ық




Мемлекеттік басқарудың түрлері
федерациялық унитарлы

1.2.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Дүниежүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде.
Оған әр түрлі факторлар ықпал етеді.
Дүниежүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-
әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған,
мыңдаған жыл тарихы бар үрдіс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүниежүзінің саяси картасының
қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі
заңдылықтарына сүйене отырып, дүниежүзі саяси картасының қалыптасуын
төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі
заманғы (Сурет 4). Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер
айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық қоғамның соңы мен
құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік
құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия,
Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе
күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты.
Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш
қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы
феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік
құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді.
Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті
ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының
көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер
сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман
империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің
пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық
қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа
Дүние материктеріне жол салып, дүниежүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты.
Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз
түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе
дүниежүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер
арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша жүрді.
Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің
бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл
көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүниежүзінің саяси картасы
түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол
ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу
үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп
соқтырды.
Сурет 4 - Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

1.3.Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу

Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің
басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол
бүгінге дейін созылуда.
XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55
болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге
жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол
жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында
осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, т.б. бар.
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт
казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең
Ресей, Австро-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және
социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады (Сурет
5). Сонымен бірге осы кезең аймактық қақтығыстар мен дүниежүзілік
соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым —
Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.
XX ғасыр 1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге
жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси
бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі,
оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал
келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл Африка жылы болып
есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз
егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де
қарқынды түрде дамыды[3 ,97 б].
Осы заманғы саяси картаның алғашкы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы
межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде
отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар
нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз
мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың
мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен — Солтүстік және
Оңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет —
Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман — Батыс және
Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия
Федеративтік Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991
жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді
мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.
Балтық маңы елдері — Литва, Латвия және Эстония 1991 жылдың қыркүйек
айында өз тәуелсіздіктерін алды. Сол 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан
кейін, оның орнында егемен, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар:
Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия
республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын (ТМД) құрды.
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси
науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына
әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың
орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния
және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана
алғашқы — Югославия Одағына бірікті, кейіннен федеративтік құрылымдағы
аталмыш республикалар атауымен қайта жаңғарды. Бірақ осы екі республика
арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси даудамайлар
әлі де өршіп тұр.
Сол сияқты Босния және Герцеговинадағы үш қауымдастықтың бір-бірімен
қарама-қайшылықтары (серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты
саяси кереғарлықтар (хорват мұсылман және серб топтары арасындағы) осы
уақытқа дейін толық шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия
үкіметі іштей өзінің қарсылығын өлі білдіруде. Оның басты себебі — елдің
Македония деп аталуына келіспеушілігі. Жалпы, Македонияның Югославия
құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері
тағы бар. Осы екі мемлекеттің Македонияның БҰҰ-ға мүше болып кіруінде дауыс
беруде қалыс калуына байланысты Югославия құрамында болған басқа
республикаларға қарағанда оның БҰҰ-ға мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді.
1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялык Республикасы өзінің
бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия
және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси
картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз. Біртұтас Кеңес
Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы
республикаларының егемендік алуы, социалистік жүйенің ыдырауы мен басқа да
тәуелсіз мемлекеттердің (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және
бүгінгі таңдағы дүние жүзі картасындағы кептеген саяси өзгерістерді осы
соңғы кезеңге жатқызамыз.
Қазіргі кезде дүниежүзінің саяси картасында 194-ден астам егемен
тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 193
мемлекет мүше. Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына,
оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы
КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсімі 1992 жылдың
көктемінде жүзеге асты.

Сурет 5 - Қазіргі саяси картаның қалыптасу кезеңдері.

1.4.Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары

Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүниежүзінде 40-дан астам
отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген
елдер Палестина мемлекетінің өміршеңдігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны
қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994 ж.) әлі егемен елге
толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді
аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер,
бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы
мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар теңізден арғы департаменттер немесе
аумақтар, еркін қауымдастықтағы мемлекеттер, т.б. болып табылады. Мұндай
жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл
елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын
мемлекеттер (Сурет 6).
Отарларды жою үрдісі әлі де жүріп жатыр, бірақ өткендегімен
салыстырғанда — баяу. БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік — Намибия
1990 жылғы наурызда (халқы 1,9 млн) өз саяси дербестігін алды. 1976 жылдың
ақпанында Испания иелігінде болған Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін
жариялады. Бірақ Батыс Сахарада 15 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін
(ұлт-азаттық. "Полисарио" майданы, Марокко жөне Мавритания арасындағы
кақтығыс), 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде
тоқтатылып, келіссөз жүргізілді. Кейіннен Мавритания үкіметі өзінің оған
деген аумақтық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ-ның
ұйымдастыруымен референдум (тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция)
өткізілмекші. 1996 жылдан бастап "Полисарио" майданы мен Марокко арасында
тікелей келіссөздер ендігі жерде БҮҮ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта
жанданды. Бірақ өлі де толық бір мөмілеге келген жоқ, екі арада жөне бүл
мәселеде Марокканың көршілес елдермен (Алжир, Ливия) арасындағы
келіспеушіліктер бар.
Ал Сянган (Гонконг) мен Аомыньның (Макао) тағдыры өткен ғасырдың
соңында анықталды. Бір мемлекет — екі түрлі жүйе ұстанымы негізінде ҚХР-
дың құрамына енді. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған ұстаным
негізінде біртұтас мемлекет болып емір сүруді ұсынуда.
Жалпы отарларға келетін болсак, олардың көбісін метрополия бірінші
кезекте әскери-стратегиялык мақсатта пайдаланылуда, сол сияқты отарлар
олардың баска да саяси-әлеуметтік және көліктік-экономикалық қызығушылық-
тарын туғызуда. Сондықтан отаршыл-метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз
қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті де Испания мен Ұлыбритания
арасындағы Гибралтардың мөртебесі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты . АҚШ-
тың көптеген әскери-әуе және әскери-теңіз базалары оның отар аралдарында
және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос
архипелагының аралдарында (олардың ішінде Диего-Гарсия да бар) орналасқан.
Сонымен қатар осы Гибралтар бұғазындағы Испанияға қарасты Перехилъ (арабша
аты—Ләйла)аралдары үшін Испания мен Марокко арасындағы талас та,
мароккондық аумақта орналасқан испандық -Сеута және Мелилья (бұларды 1640
жылы Испания жаулап алған) қалалары төңірегіндегі дау-дамай да өршіп тұр[4
85 б].

Сурет 6 – Тәуелді елдердің топтамалық түрлері

Франция өзінен шамамен 17000 км ара қашықтықта орналасқан Полинезияны
1958 жылдан өзінің теңізден арғы жер аумағы деп жариялап, онда (Муруроа
аралы) мұхит кеңістігінде әлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан
өткізуін тоқтатпай отыр (жұртшылыққа осыдан он шақты жыл бұрын мұндағы
полигонында Францияның бірнеше дүркін ядролық жарылыстар жасағаны белгілі).
Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары — француз Гвианасы
теңіздің арғы жағындағы департамент болып саналады.
2 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ КАРТАДА XX-XXІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ПАЙДА
БОЛҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР

2.1.Судан Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық жағдайының сипаттамасы.

Судан — Африкадағы мемлекет. Елордасы — Хартум қаласы. Судан
Республикасы – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер
аумағы жағынан (2,5 млн. км²) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында (Сурет 7).
Халқының саны — 30,89 млн ( 2010ж санақ бойынша, Оңтүстік Суданды
қоспағанда). Жылдық өсім —2,15 %. Орташа өмір сүру ұзақтығы - ерлерде – 51
жас, әйелдерде - 53,5 жас. Қала халқы — 43 %. Сауаттылық —ерлерде - 71 %,
әйелдерде - 50 % (2003ж көрсеткіш бойынша).
Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар,
динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. халықтар құрайды. Ресми тілі – араб
тілі. Тұрғындарының 70%-ы мұсылмандар, 10%-ы христиандар, өзгелері
жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Астанасы – Хартум қаласы (2,9
млн.).

Сурет 7- Судан Республикасының географиялық орны мен шекарасы

Әкімшілік аумақтық түрғыдан 25 провинцияға бөлінеді, Хартум қаласы жеке
әкімшілік бірлік болып саналады. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1
қаңтар (1956). Ақша бірлігі – Судан динары. БҰҰ-ның (1956), Африка Одағы
(1963), Араб мемлекеттері лигасы (1956), Ислам конференциясы ұйымы, т.б.
халықаралық ұйымдардың мүшесі. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы
органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея), атқарушы билік –
Министрлер Кеңесі.

Әкімшілік бөлінісі. Судан 15 штатқа бөлінеді (араб. вилаят)
1. Ақ Ніл 9. Солтүстік Дарфур
2. Гедареф 10. Солтүстік Кордофон
3. Көгілдір Ніл 11. Сеннар
4. Батыс Дарфур 12. Хартум
5. Кассала 13. Эль-Гезира
6. Қызыл теңіз 14. Оңтүстік Дарфур
7. Ніл 15. Оңтүстік Кордофон
8. Солтүстік
Судан тілі бірнеше лингвистикалық бөліктерден, құрамалардан тұрады.
Бұлардың ішінде көбірек тарағаны мунд семьясына жататын тіл. Атлантикадан
Қара Вольтке, Сахарадан Гвиней қолтығына дейінгі жерлерді мекендеген
халықтар мунд тілінде сөйлейді. Олардың ірісі – манде-тан және манде-фу.
Батыс Суданның тілі көбірек зерттелген. Бұл тілде 12 млн адам сөйлейді:
аншанти, эве, йоруба, дагомей, ибо, купе және т.б. Әсіресе, Гвиней
қолтығының жағалауындағы халықтардың тілі, соның ішінде эве тілі көбірек
зерттелген.
Батыс, Орталық, Судан, Нілдің жоғары ағысын, Конго өзенінің бассейнін
түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар
жатады. Негроид нәсілінің алғашқы пайда болған жері Батыс Судан мен Батыс
тропикалық Африка жерлері болуға тиіс. Негізгі белгілері: түстері қара
қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың,
тістері аппақ, бойлары 165-185 (орт. 182см.) см. Айрықша өкілдері Нигерия
мен Конго өзендер бойларын мекендейді. Судан тілі 3 диалекттіге және әр
диалект өзара – говорларға бөлінеді.
Жер бедері негізінен үстіртті (300 – 1000 м). Орталық бөлігі тегіс
жазықты болып, батыс бағытындағы Кордофан және Дарфур таулы үстірттеріне
қарай біртіндеп биіктейді. Елдің шығыс бөлігін – Эфиопия, ал оңтүстік жағын
Орталық Африка таулы қыратының сілемдері алып жатыр. Ең биік жері – Киньети
шыңы (3187 м). Пайдалы қазбалары – темір, мыс, хром кентастары, алтын,
мәрмәр, т.б. Елдің солтүстік бөлігі тропиктік белдеуде, ал орталық және
оңтүстік бөлігі – субэкваторлық белдеулерде орналасқан. Солтүстігін-Сахара
және Нубия тропиктік шөлдері, ал экваторлық муссонды климаттың
оңтүстіктігін – саванна табиғат зонасы алып жатыр. Ауаның орташа
температурасы 15 – 35ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 100 мм-ге
жуық, оңтүстік бөлігінде 1400 мм-ден асады. Жер аумағын оңтүстіктен
солтүстікке қарай Ніл өзені кесіп өтеді. Оның басты салалары – Атбара,
Собат, Бахр-әл-Жебел, Ақ Ніл және Көк Ніл өзендері. Сұр топырақты
солтүстігіндегі шөлді және шөлейтті өңірлерінде өсімдік жамылғысы аз,
негізінен қара жусан, сораң, эфемерлер мен астық тұқымдас өсімдіктер және
тікенекті бұталар өседі. Оңтүстікке қарай қызғылт қоңыр және қызыл
ферралиттік топырақты саванналарда – баобаб ағашы, пальма, акация, қараған,
сүттіген, т.б. өсімдіктер кездеседі. Шығыс және оңтүстігіндегі таулы
үстірттер мен өзен аңғарларын тропиктік ормандар алып жатыр. Бөкен, маймыл,
жираф, арыстан, қабылан, піл, шибөрі, қолтырауын, т.б. аң-құстар мен
бауырымен жорғалаушылар түрлері кездеседі. Оларды қорғау мақсатында Диндер,
Саутерн, Нимулс, Эрковит ұлттық бақтар мен қорықтар ұйымдастырылған.
Судан жерін адамдар ежелгі тас дәуірінен бастап мекендеген. Көне Мысыр
деректерінде б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтағы бұл аймақ Куш елі, кейіннен (10 ғ-
дан бері) Нубия деп аталған. Ол тұста қазіргі Судан жерінің едәуір бөлігін
ежелгі мысырлықтармен туыстас семит-хамит және кушит тайпалары мекендеген.
Б.з.б. 2-мыңжылдықта оларға оңтүстіктен келген негроидтер қосылды. Б.з.б.
XVІ – XІІ ғ-ларда Судан жерін Мысыр өзіне қаратып, ірі қалалар, бекіністер
салды. Б.з.б. VІІІ ғ. шамасында жеке патшалық қалыптасып, орталығы -
Напатада болды. Б.з.б. VІ ғ-дың 2-жартысында астана Мероэге көшті. Мұнда
Африкадағы тұңғыш әліпби жазуы пайда болды (Мероэ тілі). Б.з.б. ІV ғасырдың
басында Суданың едәуір бөлігін Аксум патшалығы басып алды. VІ ғ-да Суданға
христиан діні тарап, VІІ ғасырда бірнеше христиан мемлекеттері құрылды. 639
– 642 жылы Египетті жаулап алған арабтар Судан жеріне қоныстана бастады.
Осыған байланысты Суданға ислам діні мен араб мәдениеті, жазуы, тілі
тарады. XІV – XVІ ғасырларда мұнда бірнеше мұсылман мемлекеттері құрылды.
XVІ ғасырда Суданың солтүстік аудандары Осман сұлтандығына қарады. 1820 –
1822 жылы Судан жерінің көбін Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. XІX
ғасырдың 2-жартысында Суданда ағылшын ықпалы күшейді. 1899 ж. Судан
Ұлыбритания мен Египеттің бірігіп басқаратын аймағы деп жарияланды
(кондоминиум), сөйтіп, Ағылшын-Египет Суданы деген атты иеленді. Іс жүзінде
Судан ағылшын отарына айналып, негізінен мақта өндіруге бейімделді. І-
дүниежүзілік соғыстан кейін елде бірнеше саяси-қоғамдық ұйымдар құрылып,
ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде Судан
Ұлыбританияның Африкадағы аса маңызды әскери базаларының бірі болды. 1953
ж. 12-ақпанда Англия мен Египет келісімге келіп, Судандағы кондоминиум
тәртібі жойылды. 1955 ж. желтоқсанда Судан парламенті 1956 ж. 1 қаңтардан
елді тәуелсіз мемлекет деп жариялау туралы шешім қабылдады. 1958 ж. 17
қарашада елде әскери төңкеріс болып, демократиялық күштер қуғынға ұшырады.
1964 ж. басталған халық қозғалысы нәтижесінде билік басындағылар жиі ауысып
тұрды, халық тұрмысы күрт нашарлады. 1986 ж. Суданда Азамат соғысы
басталып, 1987 – 88 ж. халық ашаршылыққа ұшырады. 1989 ж. 30 маусымда
кезекті әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген саяси топтар 1998 жылдың
жазында жаңа конституция қабылдап, саяси партияларға жол ашты. 2002 ж.
орталық үкімет шешімімен оңтүстік аймаққа ішкі автономия берілді. Азамат
соғысы тек 2005 ж. көктемде аяқталды. Өз ішіндегі тартыстар нәтижесінде 4
млн-ға жуық судандық босқындар шетелдерде жүр.
Судан – экономиаксы аз дамыған аграрлы ел. Халқының 80%-ға жуығы ауыл
шаруашылығымен айналысады. Негізгі саласы- мақта шаруашылығы. Ең негізгі
мақта өсіретін аудан- Аль- Джазира, мұнда шаруалар-крестьяндар мемлекеттен
жалға алған жерлерде өздерінің шаруашылығын жүргізеді. Шаруашылықтың тағы
бір жетекші саласы – егіншілік. Қант құрағы, құрма пальмасы, маис, т.б.
өсіріледі. Негізгі азық-түліктік дақылдары – сорго, тары, бидай.Мал
шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі сипатта дамыған. Негізінен ірі
қара, түйе, қой мен ешкі (елде 70 млн-нан аса мал басы бар) өсіріледі.
Елде көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылымының
отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі
төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы,
3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен
және қызмет көрсетумен шектелуі.
80-жылдары Суданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап,
терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық
өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы
алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Суданны
бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент жартысынан астамын
қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Судан сондай-ақ Батыс елдеріне
борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті"
деп атай бастады.
Суданның экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың
көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің
бірі болды. Африка елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура)
деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл
елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық
немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.
Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи,
әлеуметтік құбылыс. Ол Судан еліне отарлау кезеңінде-ақ таңылған болатын.
Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған
елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуниежүзілік
сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы экономика
құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті.
Мұнай өндіру мен ірі шетелдік инвестициялардың арқасында 2008жылы Судан
экономикасы өсті (2006-2007 жылмен салыстырғанда ЖІӨ - 10%). Судан мұнайды
экспорттауды 1999 жылдың аяғынан бастаған.
Мемлекетте өнеркәсіп нашар дамыған, негізгі маманданған сала – шикізат
өңдеу, т.б құрылыс материалдар, тұтынатын тауарлар өндіреді. Өнеркәсіп
өнімінің үлесі ЖІӨ-нің 7%-н ғана құрайды, ал жалпы өнеркәсіп салаларында
еңбекке жарамды адамдардың 5%-ы ғана жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің
негізгі бөлігі мемлекет қарамағында.
Елде мұнай өнімдері, цемент, сабын, аяқ-киім, мата т.б өндіріледі.
Пайдалы қазбалар қоры аз, соның ішінде алтын, марганец, және хром кендері
негізгі болып табылады. Елдің оңтүстігіндегі соғыстан кейінгі зерттеулер
нәтижесінде табылған мұнай қорлары әлі де барланбаған. Судан экономикасының
жағдайы мұнай өндірісі мен экспортына негізделеді.
Көлік кешені нашар дамыған.Темір жол ұзындығы шамамен 6 мың км-ді, ал
асфальт төселген жолдар 15 мың км-ді құрайды. Судан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Дүниежүзілік саяси картасы
География
Қазіргі дүние елдерінің көп түрлілігі
Географиялық карта
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Географиялық атлас картасы
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Пәндер