Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау



КІРІСПЕ
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Басылымның түсініктемесі
1. 2 Басу әдісін таңдау
1.2.1 Басу процесі
1.2.2 Қағазды басылымға дайындау
1.2.3 Машинаны басуға дайындау
1.2.4 Басылымға бояуды таңдау
1.2.5 Офсеттік оттискіде болатын ахаулар
1.3 Басылымды дайындаудың техникалық сұлбасы
1.4 Қажетті жабдықты таңдау
1.4.1 Басуға дейінгі процесс
1.4.2 Басу процесі
1.4.3 Басудан кейінгі процесс
1.5 Қажетті материалдарды таңдау
1.5.1 Қағаздар мен қатырмалар жөнінде жалпы мәліметтер.
1.5.2 Бояу
1.5.3 Желім
1.5.4 Фольга
1.5.5 Сандық пластина
1.5.6 Түптеу материалдары
1.5.7 Кітап блоктарын бекітуге арналған материалдар
1.6 Қажетті материалдар шығынын есептеу
1.6.1 Қағаз шығынын есептеу.
1.6.2 Қажетті бояуды есептеу
1.6.3 Форманы есептеу
1.6.4 Желімді есептеу
1.6.5 Каптал
2 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
2.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
2.1 Жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі
Бүгінгі таңда – жаңа полиграфиялық кешендер, технологиялар, жоғары сапалы материалдар және қызмет көрсетулер жақсы сұраныста. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы баспа істерін және баспа қызметінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бір жағынан тапсырыс берушінің тапсырыс сапасына және оның орындалу уақытына, қоятын талаптары жоғарылауда, сонымен қатар баспа өнімінің жалпы атау саны өсуде. Екінші жағынан, технологияның жаңа заманға сай келуі, әр түрлі жеткізушіден алынған технологиялар жаңа полиграфиялық мүмкіндікті береді.
Полиграфия саласының дамуы, оның күштілігі өндірістегі өнеркәсіптің, мәдениеттің және білімнің деңгейін көтереді. Полиграфиялық өндіріссіз мәдениеттің және білімнің, жақсы жарнамалар мен өндірілетін тауарлардың сапа деңгейі төмендейді, ал кейбір өнеркәсіптік салаларда полиграфиясыз өндіріс те болмайды. Мәдениеттің дамуы басу тәуелсіздігі, сонымен қатар полиграфияда өнеркәсіп секторы кітап, газет, оқулықтар, периодтық және ғылыми әдебиеттердің басылымымен байланысты.
Полиграфияда өндірістік процесті жобалау маңызды роль атқарады, себебі өндірістік процестің жобалануына қарай таралымның шығарылуы, жабдық пен жұмысшылардың бос болмауы, басылымды дайындау еңбек сиымдылығы, көмекші материалдар шығынына байланысты болады. Сондықтан өнім сапасы жоғары, көп сұранысқа ие болуы үшін, біріншіден шығарылатын өнім қажетті болуы тиіс. Мен жобалаған полиграфиялық өндірісте шығарылатын өнімдер: энциклопедиялар, әдеби кітаптар, жоғары көркемді фотоальбомдар. Бұл басылымдар әр оқырманға жан-жақты ақпарат бере алады. Сонымен қатар адамның білімін жоғарылатуға қажетті оқулықтар болып келеді.
1. Воробьев Д. В. Технология послепечатных процессов. Учебник. – М.: МГУП, 2000, 394 с.
2. Гранская Л. Г., Купцова О. Б. Справочник технолога-полиграфиста. Брошюровочно-переплетные процессы. – М.: Книга, 1985, 296 с.
3. Единые нормы времени и выработки на процессы полиграфического производства. Для важнейших предприятий. – М.: Книжная палата, 1988, 456 с.
4. Левин Ю. С., Матвеев П. А., Маудрих К. Д. Производственные процессы в полиграфии: проектирование и расчет. – Москва-Лейпциг: Книга, 1985, 320 с.
5. Митрофанов В. П. и др. Печатное оборудование. – М.: МГУП, 1999. 444 с.
6. Нормы отходов бумаги на технологические нужды производства. – М.: Книжная палата, 1989, 66 с.
7. Нормы расхода материалов на полиграфических предприятиях. – М.: Книжная палата, 1987, 296 с.
8. Орел Н. И. и др. Справочник технолога-полиграфиста. Печатные краски. – М.: Книга 1988, 224 с.
9. Положение о техническом обслуживании и ремонте оборудования полиграфических предприятий. – М.: Книжная палата, 1990, 272 с.
10. Раскин А. Н. и др. Технология печатных процессов. – М.: Книга, 1989, 432. с.
11. Технологические инструкции по брошюровочно-переплетным процессам. – М.: Книга, 1982, 440 с.
12. Технологические инструкции по процессам офсетной печати. – М.: Книга, 1982, 472 с.
13. Чижевский И. М. и др. Охрана труда в полиграфии. – М.: Книга, 1988, 320 с.
14. Шахкельдян Б. Н., Загаринская Л. А. Полиграфические материалы. – М.: Книга, 1988, 328 с.
15. Штоляков В. И., Федосеев А. Ф. Офсетные печатные машины. Учебное пособие. – М.: МГУП, 1999, 216 с.
16. ШтоляковВ. И. Печатные системы фирмы Heidelberg. Офсетные печатные машины. Учебное пособие. – М.: МГУП, 1999. 216 с.
17. Отраслевой стандарт на основные параметры полиграфического оформления книжно-журнальной продукции ОСТ 29.62-86
18. Киппхан Г. Энциклопедия печатных средств информации. – М.: МГУП, 2005
19. Полиграфиялық жәрмеңкелерден жарнамалық материалдар

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жобада жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын
баспахана жобаланған. Баспахананың шығаратын өнімі барлық технологиялық
көрсеткіштерге сай және полиграфиялық қызмет көрсете алады.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады: технологиялық
бөлім, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, экономикалық
бөлім, графикалық бөлім.
Технологиялық бөлімде, басуға дейінгі, басу, кітапшалау –
түптеу процестері толығымен қарастырылған. Жұмыс орны ғимарат өлшемі
көрсетілген. Жабдықтар қазіргі заманға сай, жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы
машиналармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар дипломдық жобада қажетті жабдықтар саны, негізгі
материалдар шығыны, жұмысшылар саны және т.б қажетті көрсеткіштер
келтірілген.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жұмысшылардың
қауіпсіздігі қарастырылады. Жарықтандырғыш шығындардың және
желдеткіштердің есептері бар.
Экономикалық бөлімде жобаланған типографияның технологиялық
тиімділігі көрсетілген. Графикалық бөлімде сызба түрінде берілген:
баспахана ғимаратының жоспары, баспахана орналасқан бас жоспар, жүк ағыны,
экономикалық көрсеткіштер.

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе разработан проект полиграфического предприятия по
выпуску книжной прдукции.
В дипломной работе рассматривается технология изготовления печатных
форм, печатания тиража, а также отделка печатной продукции в брошюровочно-
переплетном цехе. Большое внимание уделено к печати тиража и к отделке ее в
брошюровочно-переплетном цехе. В проекте рассмотрены основные цеха:
допечатный, печатный, брошюровочно-переплетный, а также вспомогательные
цеха.
В разделе охраны труда рассмотрены проблемы и представлены решение
этих проблем.
Экономическая часть проекта выполнена в соответствии с настоящими
ценами, в которой рассмотрены основной производственный фонд,
производительность труда рабочего, себестоимость продукции, рентабельность
предприятия и срок окупаемости и предприятия.

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда – жаңа полиграфиялық кешендер, технологиялар, жоғары
сапалы материалдар және қызмет көрсетулер жақсы сұраныста. Соңғы
жылдары ақпараттық технологияның дамуы баспа істерін және баспа
қызметінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бір жағынан тапсырыс
берушінің тапсырыс сапасына және оның орындалу уақытына, қоятын
талаптары жоғарылауда, сонымен қатар баспа өнімінің жалпы атау саны
өсуде. Екінші жағынан, технологияның жаңа заманға сай келуі, әр
түрлі жеткізушіден алынған технологиялар жаңа полиграфиялық
мүмкіндікті береді.
Полиграфия саласының дамуы, оның күштілігі өндірістегі
өнеркәсіптің, мәдениеттің және білімнің деңгейін көтереді.
Полиграфиялық өндіріссіз мәдениеттің және білімнің, жақсы жарнамалар
мен өндірілетін тауарлардың сапа деңгейі төмендейді, ал кейбір
өнеркәсіптік салаларда полиграфиясыз өндіріс те болмайды. Мәдениеттің
дамуы басу тәуелсіздігі, сонымен қатар полиграфияда өнеркәсіп
секторы кітап, газет, оқулықтар, периодтық және ғылыми әдебиеттердің
басылымымен байланысты.
Полиграфияда өндірістік процесті жобалау маңызды роль атқарады,
себебі өндірістік процестің жобалануына қарай таралымның шығарылуы,
жабдық пен жұмысшылардың бос болмауы, басылымды дайындау еңбек
сиымдылығы, көмекші материалдар шығынына байланысты болады.
Сондықтан өнім сапасы жоғары, көп сұранысқа ие болуы үшін,
біріншіден шығарылатын өнім қажетті болуы тиіс. Мен жобалаған
полиграфиялық өндірісте шығарылатын өнімдер: энциклопедиялар, әдеби
кітаптар, жоғары көркемді фотоальбомдар. Бұл басылымдар әр
оқырманға жан-жақты ақпарат бере алады. Сонымен қатар адамның
білімін жоғарылатуға қажетті оқулықтар болып келеді.
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Басылымның түсініктемесі

1 – кесте. Басылымның техникалық сипаттамасы
Басылым түрі Энцикло- Фотоальбом Кітап І Кітап ІІ
педия
Атау саны 8 25 7 50
Форматы мен 70х10016 60х1008 70х10016 70х9016
долясы
Физикалық баспа 43 30 31,5 36,27
табақ
Таралымы мың 20 35 12 9
дана
Мерзімділігі мерзімсіз мерзімсіз мерзімсіз мерзімсіз
Бояулығы 4+4 4+4 4+4 4+4
Басу әдісі офсетті офсетті офсетті офсетті
Қағаз түрі офсет жылтыр офсет офсет
Қағаз салмағы 70 90 80 60
Бекіту түрі жіппен жіппен жіппен жіппен
Кесуге дейінгі 175х250 250х300 175х 175х225
формат
Кескеннен 174,5х240 245х290 205х260 174,5х215
кейінгі формат
Бүгілім саны, 3 бүгілім, 2 бүгілім 3 бүгілім 3 бүгілім
түрі
Қағаз қалыңдығы 87 мкм 100мкм 120мкм 80 мкм
Штрих, растрлы 50% растр, 80 % растр, 30 % растр, 30 растр
бейне % 50% штрих 20 % штрих 70 % штрих 70 штрих
көлемі
Сыртқы №7 түптеу №7 түптеу түрі,№7 түптеу түрі №7 түптеу
безендіру түрі, фольгамен түрі,
фольгамен тиснение фольгамен
тиснение тиснение
Қосымша Ляссе, Иллюстрациялы Ляссе,
элементтер суперқап форзац, суперқапиллюстрациялы
форзац

1. 2 Басу әдісін таңдау

Басу әдісін таңдау кезінде өнімнің түріне көңіл аудару өнімді
дайындау мінездемесін элементтерінің бояулығына, тиражға, өнімді шығару
уақытына, талаптарға сай сапасын естен шығармау керек.
Басу әдісінің бірнеше түрі бар. Басылым және ашық элементтердің орналасуына
байланысты басу формасында үш негізгі басу әдісі көрінеді:
-Шығыңқы басу әдісі;
- Ойыңқы басу әдісі;
- Офсеттік басу әдісі;
Жазық басылымның жанама әдісінде резеңке маталы пластина орналасқан аралық
офсеттік цилиндр арқылы басылым қалыптан бояу қағазға беріледі.
Бұл басылым офсеттік басылымға жатады. Жазық офсеттік басылым әдісінде
мәтін мен бейненің басу материалына берілуі басу формасын пайдаланғанмен
болады, ол басу формасында басу элементтер мен ашық элементтер бір
тегістікте орналасқан. Ол құрамында майы бар бояуды , әлсіз қышқылдарды
сіңіреді және спирт сіңіру қасиеті бар, олар басу формасына басу бояуын
жағар алдында алады.
Офсеттік басу әдісі перспективалы және тез күшейетін әдіс болып
табылады. Ол түрлі бор бояулы және көпбояулы басу өнімдерін шығару үшін
пайдаланады.
Офсеттік басу әдісінің мынадай қасиеттері бар: иллюстрациялы және
көпбояулы өнімді шығаруда жоғары экономикалық тиімділігі. Кез келген
сорттағы қағазды пайдалана алады. Жоғары сапалы басу формаларын дайындауда
өндірістік циклінің азаюы, оның жоғары тираж тұрақтылығы және төмен
өзіндікқұны бар. Түпнұсқаны жоғары дәлдікпен шығарады. Үлкен жылдамдықта
басу мүмкіндігі бар, бір прогонда төрт бояу , екі жақты басу мүмкіндігі,
мәтінді жақсы шығару, түрлі-түсті жартытонды иллюстрацияларды жоғары санада
шығарады, өндірістік процестегі стандарттау және автоматизациялау деңгейі
жоғары сатыда, қалдықтар аз.
Офсеттік басу әдісі бейненің сызықты элементтері жоғары дәлдікте
берілуін қамтамасыз етеді. Аз тираждың болғаны форма дайындау уақытына және
бір тираждан екінші тиражға өту уақытына көңіл қоюға мәжбүр етеді.
Басу формасы дайындау бағасы, басқа басу әдістеріне қарағанда төмендеу,
жұмыс жылдамдығы да жоғарырақ, басу машинасын жұмысқа дайындауға кететін
уақыты аз, қатырмада басу мүмкіндігі бар. Осының барлығы басылымның
өзіндік құнын төмендетеді.
Кітап-журнал өнімі басылымның бейнелеу сапасына жоғары талаптармен
сипатталады, және сондықтан шығыңқы және флексографиялық басылымды
қолдануға болмайды. Одан бөлек кіші және орташа тиражбен шығарылады,
дайындауға аз уақыт кетіруді талап етеді, сондықтан түсберілу сапасының
артықшылықтарына қарамастан ойыңқы басылымды қолдану қажеті жоқ.
Офсеттік басу әдісі өндіріс үшін барлық керекті қасиеттерге ие,
сондықтан полиграфиялық өнімнің осы сигментінде қолданылады.
Қазіргі кезде офсеттік басылыммен полиграфиялық өнімдердің алуан түрі
басылады: кітап, журнал, газет, таңдамалы өнімде әр түрлі жарнамалық
материалдар. Бұл әдіс негізінен бірнеше объективті себептерге байланысты
қарқынды дамып келеді.
Олар: 1. Басылымды көркемділік, безендірудің әртүрлі мүмкіндіктері
(әр түрлі материалдарды қолдану, бейне элементтерінің түрлі түстілігі және
өлшемдердің әр түрлі болуы және т.б.) ;
2. Бір прогон кезінде көп бояулы жоғары көркемді басылымның екі
жағынан басылуы. Әр түрлі массадағы қағазды пайдаланып, рулондық және
парақтық машиналарда үлкен форматты өнімді дайындаудың жеңілдігі.
Өнімділігі жоғары және технологиялық тиімді басу жабдықтарының бояуы,
сапаның жоғарылығы және негізгі техникалық материалдардың жаңа түрлерінің
пайда болуы. Өндіріске ыңғайлы және тиімді басу формасын өндірудің
варианттарының пайда болуы.

1.2.1 Басу процесі

Басылым- басылатын материалға , қағазға, бояу қабаты немесе әртүрлі
бояулар қабатын жағу арқылы түпнұсқадағы бейнені алу процесі.
Басылым процестері басылым бояуының басылым формасына басылатын материалға
көшуі және осымен байланысты дайындау операциялары және басу процесімен
байланысты процестер комплексі.
Басу − түпнұсқадағы бейнені басылым бояу қабаты арқылы немесе
бірнеше бояу қабаты арқылы полиграфиялық құралдар көмегімен басылатын
материалда алу. Басу процесі кезінде қағазда оттискісі бірдей көп өнім
алу. Алдын ала таңба алу шығыңқы офсеттік ойыңқы басылым әдісіне арнайы
жасалған, алдын ала таңба алу станогында бір немесе көп бояулы оттискілерді
алу. Алдын ала алынған оттискілер фотоформаның басылым формасын басылым
бояу арқылы басылым оттискісін және тираж басылғанда қолданады. Қағаз бен
формалық пластинаны тексеру үшін қолданады. Бояулардың жағылу кезеңі тираж
басылғандағыдай болуы керек. Алдын ала таңба алу әдісін қолдану құралды
және уақытты үнемдеу үшін өте тиімді жылдам түс алу процесіне ауыстырылды.

1.2.2 Қағазды басылымға дайындау

Қағазды дайындау дегеніміз − басылыс үшін белгіленген пішімде
қажетті беттер мөлшерін кесу. Кесуді дәл пішімде төрт жағы бойынша
ғана жүргізу қажет барлық бұрыштарда тік бұрыштылықты және өлшемнің
сай келуін қадағалау керек. Мүмкін болған сай келмеушіліктер ережеге
сай тек бергішке стапельге жинау кезінде ғана шығып, бергіш пен
қабылдағыштың соғылатын механизімінің әрекетін қиындатады және приводка
дәлдігіне әсер етуі мүмкін
Бергішке стапельдеуді распушкалауды ауамен үрлеуді, шеттерін
теңестірумен стапельге жинастыруды қолмен істейтін аздаған партиялар мен
біртіндеп жүргізеді және накладты үстелге қояды . Жақсылап распушкалау
тегіс, әсіресе борланған қағазда жүргізіледі, өйткені беттердің шеттері
көбіне өшпейтін қағаз кескіш пышақ нәтижесінде жабысып қалады басылыс
процесіндегі әрекеті бергіштерге қағаздың жақсылап жиналуына байланысты
болады. Қағаз бұрыштары жоғары немесе төмен шығып айналатын тегіс емес
болса, онда оларды ақырын иіп немесе ағаш сыналарын қою керек .
Басылысқа дайын немесе басылған қағаз стопасын полға жинауға болмайды,
оларды ағаш поддондарда жинаған жөн. Стопаның асты мен үстінен
макулатураның жеке қабатын қояды және оларды керексіз климаттық
факторлардан қорғау үшін стопаны қаптайтын қағазбен немесе полиэтиленді
пленкамен жабады. Сонымен қатар беттердің төменгі жағындағы бояуды былғап
немесе жағып алмас үшін жаңадан басылған таралыммен артық
әрекеттесуін болдырмауға тырысу керек.

1.2.3 Машинаны басуға дайындау

Машинаға баспалық пішінді қондыру алдында кішкентай болса да
кірлерді, бояулар мен консервирлейтін зат қалдықтарын тазарту керек.
Баспалық пішіннің төменгі бөлігі таза және құрғақ болу керек , олай
болмаған жағдайда басылыс процесінде баспалық пішіннің қозғалысы
болады, ал ол қысылатын ілмектердің қашықталуын тудырады. Баспалық
пішінді ыңғайлы етіп қондыру мақсатымен оның алдыңғы және артқы
шетін, мысалы үстел шетінен аз ғана ию керек. Ию қатты өткір
болмау керек, ал егер оны дұрыс емес орында жасаса, онда ол
тартылмайды да, пішіндік цилиндрдің бетінен көтерілген күйде
қалады. Ылғалдандыратын және бояғыш қалақтарымен үйкелісуден
сенсибилизация туындап, басылыс кезінде ластану басталады.
Баспалық пішіннің шетін ілмектерге іледі немесе қыспақ
пленкаға қысады. Машинаның ақырын айналуымен баспалық пішін
цилиндрді ұстайды осындайда оның бетінің бүлінуін ескерту қажет.
Оны пішіндік цилиндр жиегінде тегістегіш таяқпен жөндеген дұрыс.
Тақтайшада қысу кезінде машина наттискісін қосу керек. Оның артқы
тақтайшасын бекіткеннен кейін баспалық пішінді тартады. Бірінші
оттискті дайындау алдында машинаның негізгі топтарын дайындау
жүргізіледі, яғни ылғалдандыратын қондырғыны сіңдіру, бояйтын
аппаратқа бояу ендіру, алдын-ала реттелген бергішке стапель
жапсырылады. Сынақ таңбаны дайындау алдында машина ақырын
айналғанда мақта-қағазды матадан жасалған тампонмен баспалық пішіннің
кескінімен қорғаныш бояу қабатын пішінді өңдеуге арналған
ерітіндімен жуады да, содан кейін оны құрғағанша сүртеді. Егер
қорғаныш бояу қабаты кеппесе немесе қара бояумен басылса қиын емес
пішінді жууды жүргізудің қажеті жоқ. Таза суда суланған губкамен
баспалық пішіннің барлық бетін сүртеді, содан соң губканы
айналдырып, процесті қайталайды. Осылайша консервиленетін заттың
қабаты еріп кетеді.
Басылым процесі әр кезде басушы жағынан көп көңіл бөлінуін
талап етеді. Әсіресе басында машинаның функциялар қатарын қадағалап,
басылыс процесі сонымен қатар ең бастысы баспа сапасы өте аз
уақытта керекті деңгейде тұрақталуына қажетті жұмыстарды іске
асыру керек.
Бергіштегі стопа үстіне разгон үшін 100-300 макулатура табағы қосылады.
Пластинаны жуу мен ылғалдандырудан кейін машина іске қосылып, бергіш пен
баспа бөліктері де қосылады. Бояу мен ылғалдандыру ерітіндісін берілісінің
қосылуы тексеріледі. Бергіштердің әрекеті, қаңылтырының подсосын және оның
стопадан сенімді бөлінуін табақтардың тасымалдануын,
алдыңғы таяныштармен соқтығысуы табақтың шеткі таянышпен сол сияқты ара
қашықтығы, оның әрекеті, баспалық цилиндрге берілісі қадағаланады, сонымен
қатар тәжірибелі маман жүріп қажетті ылғалдандыруды бағалай алатын және
ластану мен реңдеудің алғашқы іздерін анықтай алатын баспалық пішінге
ерекше көңіл бөліну керек.

1.2.4 Басылымға бояуды таңдау

Бояуды таңдау мен бояғыш қорапты реттеу баспалық пішін сипатына сай
болу керек. Реттестіруді дуктор бетіндегі беретін қалақ қалдырған іздер
бойынша ойша бағаланды. Түзетуді пішіндік және офсетті цилиндрлер
арасындағы распаркада бағдарлау үшін өрнектелген шкаламен сәйкес
нөмірленген бояғыш қораптың реттегіш бұрмалары көмегімен жүргізеді. Шамамен
10-15 минуттан кейін басылған қағаз бетін шығарып алып баспа сапасын
тексереді. Басылымның сыртқы түрінен бастап, бояудың берілісін түзетуді
тақтайшаның барлық беті бойынша біркелкі боялуына ғана емес сонымен қатар,
оның жалпы боялуының оптималды дәрежесіне жеткенше қайталап жүргізеді.
Басылым процесінің табыстылығы бояу мен су арасындағы тепе-теңдікке жету
мен оны ұстап тұруға байланысты.
Пішінді артық ылғалдандыру блеклое, анық емес баспалық пішінге
құйылады, осы кезде бояу берілісінің көбеюі нәтижені жақсартпайды. Осыдан
кейін баспайтын орындардың ластануы, баспалық пішіндердің реңдеу бояйтын
аппараттың қалақтарындағы бояудың біртіндеп эмульгирование болады. Осыдан
кейін жұмысты қайтадан бастау үшін бояйтын аппаратты жуу және оған жаңа
бояуды жағу керек. Сондықтан басылымды су мен бояудың аз мөлшерін алып,
келтірілген қатынасты қолданған кезде оптималды боялуын алу үшін бояу
берілісін біртіндеп көбейтетін принципті қолданған дұрыс. Бояудың
түзелгендігін сынақты оттискпен салыстырумен немесе сай келетін
салыстырмалы тестаны қолданумен, мысалы, ЧСН 880621 анықталған қатысты
айқын әдісімен субъективті бағалайды. Үлкен таралымды басу кезінде
ылғалдандыратын ерітінді мен бояу таңдауының белгіленген деңгейінің
тұрақтылығына сенуге болмайды, өйткені ұзақ басылыс кезінде алғашқы шарттар
біртіндеп өзгереді.
Қалақтарды қыздырғанда бояу консистенциясы өзгереді, сонымен қатар оның
шектелу қабілеттілігі азаяды. Бояу мен ылғалдандыратын ерітіндіге түсетін
қағаз шаңы да басу шарттарына әсерін тигізеді. Бүркейтін ылғалдандыру
қалақтарының беті баспалық пішіннен алынған бояу бөлшектерімен біртіндеп
сіңеді. Басылым кезінде берілген факторларды реттеп және қазіргі кездегі
тәсілдерімен жоғалту қажет.
Бергішке толтыру кезіндегі үзілісте баспалық пішін мен офсетті
декельді жуу жүргізіледі, қажет болған жағдайда ылғалдандыру қалақтарын
тазалау жүргізіледі. Басылымды жалғастыра отырып, сапалы басылымды алу
шарттары тұрақты болғанша макулатурадан бастайды.
Приводка дәлдігіне қойылатын талаптармен ерекшеленетін жұмыстарды
басу кезінде соғатын қондырғы әрекетін бірінші және екінші таңбаларды
жабуының бағалануымен бірнеше таңбаларды қайта дайындау арқылы тексеру
қажет.
Келесі бояулармен басу кезінде офсетті декельді жиі-жиі жуу қажет,
өйткені алдыңғы басылым онша кеппеген болса, онда қағаздағы бояу декельде
із қалдырады.
Екі жақты басылым кезінде немесе жаңа басылымның аударылатын беттің
айналатын жағының сыртқы бейнесін қадағалау керек. Натискінің әсерінен бояу
баспалық цилиндр бетіне шашырайды, ал ол айналатын басылым кескінінің екеу
болуына немесе бұлғануына әкеледі.
Борлы қағазда беттерін немесе сырт сипаты басу ерекше
қадағалаушылықты талап етеді. Беттің айналатын жағында жаңа баспаның жағылу
қауіптілігі болғандықтан бояуды ең жоғарғы деңгейде қадағалауға тырысу
керек. Сондықтан қабылдау үстеліндегі қаңылтырдың үйкелісін болдырмау үшін
соққыштарды өшіріп тастау керек.

1.2.5 Офсеттік оттискіде болатын ахаулар

Бәріне тоқтау мүмкін емес, тек соның ішінде ең негізгісі оттискінің
толқынды болуы қағаздың шеткі жағына бетінің тегіс болмауы. Бейнедегі
сызықтар, оттискіде басылмай қалған шаш тәрізді ақ сызықтар, олар бейненің
көлеңкесінде және плашкада жақсы байқалады. Қайта басылуда бейненің немесе
бір басылым элементінің бірінің үстіне бірі басылуы. Қалыпты жағдайда
негізгі басылым элементіне қарағанда бірінің үстіне бірі басылу қарқындығы
аз болады. Бұл ахау бейненің түстік сипатын өзгертеді, сол себептен
шығарған бейненің сапасын көзге көрінуіне әсер етеді.
Майлы оттиск- оттискідегі бейненің контрасты қара және өте қаныққан
болуы бұл ахау басылым формасына басылым бояуының шамадан тыс көп
берілуіне байланысты. Оттискінің кірлеуі- оттискіде, сонымен қатар оның
басылмаған жерлерінде бояу таңбасы май, желім ерітінділер және т.б.
заттардың болуы. Бұл ахау өнімді эстетика жағынан төмендетіп, ахаулық
есептеуге жатады.
Марашка- оттискіге көзге көрінетін басылым элементтерінен қалған
бірақ фотоформада жоқ ақ нүктелер, бояу іздері. Көп жағдайда марашкалар
басылым формасына немесе офсеттік резеңке маталы пластинаға бөтен ұсақ
бөліктердің түсуінен пайда болады. Олар қосымша басылым элементтерін
қалыптастырады немесе олардың беткі жағын жояды.
Муар- көзге көрінетін қайталанып отыратын, бір немесе одан да көп
жазық структулардың жабысуынан оттискіде пайда болатын нүкте, полоса
немесе сызықтар. Яғни басылым бояуларын нашар приводкасынан пайда болатын
және басылым формаларын бір-біріне қарағанда сәйкес келмеуі.
Бояулардың сәйкес келмеуі- әртүрлі басылым бояуларымен бейне
басылғанда оттискіде сызықтық немесе бұрыштық сәйкес келмеу. Бояулардың
сәйкес келмеуі басылым формаларының приводка немесе приладкасының
орындалуының нашарлығының немесе фотоформаның деформациясына офсеттік
басылымның деформациясына. Монтажға кеткен ахаулар , басылым процесі
кезінде ылғалдылығы өзгеруінен пайда болатын қағаздың деформациясы және
т.б. себептерге байланысты.
Бояудың үгітілуі- жеңіл үйкеліс әсерінен оттискіде кепкеннен кейін
бояу қабілеттілігінің бөлінуі үгітілуі немесе шайылуы әртүрлі себептерге
байланысты: қағаздың сыну қасиеттерінің жоғарылығына, сұйық және тез
кебетін басылым бояудың көптігіне, ылғалдағыш ерітіндінің жоғарғы
қышқылдығына немесе оның шамадан тыс көп берілуіне байланысты.

1.3 Басылымды дайындаудың техникалық сұлбасы

Тапсырыс қабылдау

Компьютерде теру

Ақпаратты өңдеу

CtP технологиясында
пластина шығару
( Agfa Galileo VS)

Басу цехы басу машиналары
Rapida – 105, 104

Таңбаны кесу (Maxima MS 115-2 )

Бүктемелеу (SPF – 20 A)

Жинақтау (VAC - 100)

Блокты комплектеу

Блокты престеу (BBP – t Book Press)

Блокты тігу (F-140 )

Блоктың корешогын желімдеу ( RL - 310 )

Блокты кептіру (TF)

Кітап блогын қысу (NH)

Кітапты реттеуші (BS – 60 )

Ляссе бекіту (LEN)

Түптеу қабын жасау Кептіру (HF)
аппараты

Окантовка желімдеу(BF - 6000)
Тиснение
Форзац желімдеу(VAM)
Қосымша элементтер

Бекіту

Блокпен түптеу қабын бекіту

Корешокты дөңгелету (NF – 2)

Кітаптарды престеу

Тексеру
Суперқап даярлау

Суперқапты кигізу

Қораптау

Дайын өнім

2 – кесте. Басу өндірісінің жүктемесін есептеу
Басылым түрі энциклопедия фотоальбом кітап І кітап ІІ
Атау саны 8 25 7 50
Форматы мен долясы70х10016 60х1008 70х10016 60х8416
Физикалық баспа 43 30 31,5 36,27
табақ
Таралымы, мың 20 35 12 9
Бояулығы 4+4 4+4 4+4 4+4
Жылдық Л 68800 26250 2646 16322
VHbT
Жылдық шартты 89440 28875 3440 14690
таңба К1,3
Жылдық бояу саны 275200 105000 10584 65288
Жылдық шартты бояу357760 115500 13760 58760
саны
Атау санға Л 860 1050 378 326
Барлық атау Л6880 26250 2646 16300
Машинаның орташа 11250 11250 11250 11250
жылдамдығы лч
Бір атауды басуға 76,4 93,3 33,6 29
кететін уақыт,
сағ
Барлық атаудағы 611,5 2333,3 235,2 1448,8
басуға кететін
уақыт
Жылдық басу форма1376 3000 882 7254
саны КVbH
Бір атаудың 172 140 126 146
приладкаға кететін
саны
Бір форманың 0,15 0,15 0,15 0,15
при-ладкасына
кететін уақыт, сағ
Бір атауға 26 21 19 22
при-ладкасына
кететін уақыт
Барлық атаудың
приладкасына 206,4 450 132,3 1088,1
кететін уақыт
Бір атауды 102,4 114,3 88,3 51
дайындауға
кететін басу,
приладка,
приводкаға
кететін уақыт
Барлық атауды 819 2783,3 367,5 2537
басуға және
приладкаға кететін
уақыт

Жалпы 2 басу машинасы ( Rapida-104)
6507: (1900 х 2) ≈ 1,7 ≈ 2 машина

Бір пышақты кесу машинасы − 2 машина

2 бүктеу машинасы

1 жинақтау машинасы

4 жіппен тігу машинасы

1 “Зиглох” ағынды желісі

1 қораптау аппараты

1.4 Қажетті жабдықты таңдау

1.4.1 Басуға дейінгі процесс
Computer to- Plate жүйесі
“Computer to- Plate ” Agfa Calileo VS офсеттік басу формасын
тікелей сәулелендіру жүйесі орташа және үлкен форматтағы офсеттік
өндіріске арналған. Ішкі барбан пластинаны вакуумдық қысу
принципімен құралған, яғни экспозиция кезінде қозғалмайды, ал
лазерлі оптикалық блок соған қатысты қозғалады. Бұл жоғары
дәлдіктегі сәулелену ме тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Экспонирлеу
жүйесі ретінде қолданылатын үлкен экспонирлеу энергиясы бар
көрінетін спектрдегі күлгін лазер аппараттардың жоғары өнімділігін
қамтамасыздандырады. Пластинаны жүктемелеу сары жарықтануда орындалады,
яғни CtP жүйесін кез-келген ыңғайлы жерге орналастыруға мүмкіндік
береді.
Бұл жүйе полиграфиялық өнімді кез келген спектрде қолдануға мүмкіндік
береді. Модель VS Calileo , жылдамдығы 37500 обмин. Сағатына 22
формаға дейін шығарады, мүмкіндігі 2400 dpi (1030 х 800 мм).
Барлық жүйенің шағымдалынып құрылуы автоматизацияның кез келген
деңгейін таңдауға мүмкіндік береді. Толығымен автоматтандырылған
CtP Calileo комплексі өзіне форманы сәулелендіру, интегрирленген
айқындау процессоры on- line және форманы автоматтыбасқару Plate
Manager модульдерін қосады. Мұндай конфигурация жоғары өнімділік және
қолдану ыңғайлылығын береді. Толығымен автоматтандырылған CtP
Calileo комплексі бір мезгілде 3 форманы өңдейді.
1. қағаздық төсеніш алынады да, форма қажетті пачкадан алынады.
2. келесі форма ішкі барабанға салынады, тегістеледі, вакуумдық
жүйе арқылы барабан қабырғаларына қысылады да сәулеленеді.
3. Үшінші форма айқындау процессорында өңделеді де және өңделіп
болғаннан кейін дайын форма қабылдау лотогына беріледі.
VS Calileo –артықшылығы күлгінді экспонирлеуде – жоғары жылдамдық, соған
байланысты үлкен өнімділік , алынатын пластинаның сапасы және Agfa
құрылғысының жұмыс істеу сенімділігі. Сонымен қатар осы жүйедегі CTP
Calileo cызғышын пластинасы AGFA Lithostor Ultrav және Work flow AGFA
Apogee толық тапсырмалы ағынды басқару жүйесін қолдану өте үлкен нәтиже
береді.
Computer to- Plate жүйесінің негізгі ерекшелігі.
1. Операциялардың санын азайтады мысалыға пленканы шығару,
-СТР ағынды өнім болып келеді , яғни басылымға пласстинаны дайындау қадамын
азайтады.
2.Экспонирлеу, айқындау кезіндегі ( сырылу, нүктелердің п.-б. ,
сәйкес келмеуі) қолайыз жағдайлардың болуын қамтамасыз етеді.
−Өнімділіктің жылдамдылығы .
−Орындалуының – сапслығы және таңбаның дәлдігі .
Сонымен , СТР –бұл тек қана басу формасын дайындау процессінде ғана
емес, іс-қимылды, шығынды азайту , сапаны жоғарылату пайдасын көрсетеді.

3 – кесте. CtP жүйесінің техникалық сипаттамасы
Agfa Galileo VS Көрсеткіштер
Сәулелендіру жүйесі Ішкі барабан
Сәулелендіру түрі Күлгін лазер 400 нм
Пластинаның форматы макс 1130 х 820 мм
мин. 450 х 368 мм
Пластинаның қалыңдығы 0,15 – 0,30 мм
Рұқсат ету мүмкіндігі 1200, 1800, 2400 dpi
Линиатура 200 lpi ға дейін
2400 мүмкіндігіндегі өнімділігі 2232 пластина сағатына

1.4.2 Басу процесі

Парақтық машиналарда басу әдістері.
Басу әдістерінде басылатын материал басу аппаратына парақтық күйде
беріледі. Сонымен қатар басу машинасының ішінде қағаз басу аппаратына рулон
түрінде берілетін де машиналар кездеседі. Бұл жағдайда рулон алдын-ала
берілген форматқа кесіліп бірден басу аппаратына өтеді. Парақтық басу
әдісінде қағаз машинаға парақ күйінде беріледі. KBA Rapida – 104
машинасының табағы 720 х 1040 мм форматы, өнімділігі жоғары табақты
офсеттік машина.
Бүкіл машина блокты – модульді принциппен жасалған, яғни өңделіп
жатқан өнімнің құрылымын өзгертуге болады. Машинаны қозғалмалы
қармауыштар, екі жақты басу құрылғысы, лактау аппараты, форманы
перфоратормен Тарту, қабылдағышты созу, кептіру жүйесі құрылғыларын
қосып, сөндіруге, өлшемдерін өзгертуге болады. Бұл машинада қалыңдығы
1,2 мм, тығыздығы 800 гм қатырманы басуға болады. Мұнда табақ
басу цилиндрінен тасымалдағыш барабанға, басу процесі толық
тоқтағанда ғана беріледі.

4 – кесте. Rapida – 104 машинасының техникалық сипаттамасы
Rapida - 104 Лицевой
с оборота
Қағаз форматы макс. мм
Мин. Мм 720х1040
Басу форматы 360х520
440х520
Еденнен стопа биіктігі, мм 710х1020
700х1020
Бояғыш валиктер биіктігі
самонаклад
Өлшемі ш х в приемка
1300
1300
15 штук

3720 х 2160

1.4.3 Басудан кейінгі процесс

Қағаз кесетін машина
Қағаз кесетін Maxima машинасы қағаз және картон 17ден 700гм
қалыңдықтағы өнімді және сонымен қатар басқа да парақты материал (кожа,
резина, фольга, пластмасса) 1150м ұзындықтағы өнімдерді кесуге
арналған.
Maxima машинасының конструкциялық ерекшеліктері мен жетістіктері.
- Столдағы шет жақты сызғыштар және қыстырғыштар кесудің дәлдігін
қамтамасыз етеді.
- Пышақтың жоғарғы жағында жарықтық механикалық сигнализация
блакировкасы орналасқан.
- Электрожабдық изоляцияланған шкафта орналасқан.

5 – кесте. Қағаз кесетін машинаның техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштер MS-115-2
Кесу ұзындығы, мм 1150
Стопа биіктігі, мм 130
Жұмыс жылдамдығы циклмин 50
Режим түрі гидравликалық
Затлдың орналасуы электромеханикалық
Қуаттылығы кВт
Электроқозғалғыштың 4,0
Затл пышағының жетегі 0,550,18
Ауалық жастық 0,35
Өлшемі, мм 2780 х 2830 х 1535
Салмағы, кг 3200

Ескерту: қосымша қағазды қопсыту жабдығын орналастыруға болады.

Бүктемелеу модуль SPF-20A

Жоғары өнімді бүктеу-брошюралы модуль 350 х 500 мм парақты
өңдейді.
Бұл модуль кіші, орташа және үлкен тиражды басылымға арналған.
4 негізгі операцияны орындайды.
- сымды скобамен бекіту және бүктеу.
- жоғарғы бөлігін тігу
- бұрыштық тігу
- тек бүктемелеу
жұмыстың режимі операциялық панелдегі қарапайым кнопканы басу арқылы
өзгереді. Бұл наладка уақытын минимумға түсіреді.

6 – кесте. Бүктемелеу машинасының техникалық сипаттамасы
Парақ форматы макс. 350 х 500 мм
мин. 120 х 180 мм
Дайын түрдегі формат макс. 250 х 350 мм
Тігу қалыңдығы макс. 4 мм ( тек қыры үшін)
Бүгілім және тігу қалыңдығы 2 мм 24 парақ 60 гр
макс.
Скобалардың ара қашықтығы 73-160 мм
Провалка стандарт №25 ( 0,52 мм)
Өнімділігі макс. 3200 брошюрасағ
Питание бірфазалы 200 В 5060 Гц
бірфазалы 220 В 5060 Гц
бірфазалы 230 В 5060 Гц
Электроэнергия қажеттілігі 450 Вт 50 Гц 440 Вт 60 Гц
Жылулық қуаты 1,170 кДж ( 280 ккал)
Қозғалтқыш 200 Вт х1, 100Вт х1, 60Вт х1, 15Вт х1
Салмағы 490

VAC -100 жинақтау машинасы

Сол жақты және оң жақты выкладка VAC -100 жүйелі башня әр түрлі
бөлікте болуы мүмкін. Сол жақты парақты выкладка қою 3 башнялы система
түрінде бөлінуі мүмкін:
3 башня- выклад солға
3 башня – выклад оңға
2 башня –солға, 1- оңға
1 башня -солға , 2 - оңға
Оператор блоктарды сол жаққа жинақтай алады, егер оң жақтағы стапельдік
столда жинақтау жүріп жатса, оң жаққа берілуді парақтарды керісінше
номермен реттеп жинақтауда қолданған ыңғайлы, себебі парақтар тасымалдауда
аударылады.
Ыңғайлы басқару пульті және дистанциялық пульт .
VАС – 100 сенсерлік басқару понелімен қамтамасызданған қолдануда өте
ыңғайлы. Экрандағы графикалық ақпараттар операторға өндірістік рпоцессті
оңай басқаруға мүмкіндік береді және арнайы білім мен оқуды қажет етпейді.
Барлық қателер мен ақаулар экранда көрсетіледі, сол арқылы қатені тез
анықтап, жөндеуге болады.
Көптеген датчиктер жоғары дәлдікпен кез келгенқатені көрсетеді .
Оператор үшін ең басты функциялар дистанциялық басқару пультінде
жинақталған. Дистанциялық басқару пульті операторға машинаны жүктемелеу
кезінде көмектеседі.
Сенімді пневматиқалық ротрлы беру жүйесі. Жаңа пневматиқалық
жүйесі роторлы әр түрлі қағазды (тығыздықтағы) – жұқалығы 52 г∕м²,-ден
208 г∕м² картонға дейін беру мүмкіндігін береді. Опционное қосымша
басқару құрылғысы үрлеу 230 г∕м² дейінгі қағазды жинақтай алады. (қағаз
жағдайы мен сапасына байланысты )
Беріліс кезіндегі қатені жоғары дәлдікпен тексеретін жүйе.
Жіберілген парақ , екі парақтың жіберілуі парақтың мыжылуы әр лотоктағы
оптикалық датчик көмегімен қадағаланады; қатені байқаған блокты жинақтау
бірден тоқталады.
Әрбір беріліс кезінде жіберілген қате экранға шығарады. Оператор
қатенің түрін және орналасқан жерін біліп отырады. Датчиктің сезімтал 4
деңгейі әртүрлі типтегі қағазбен нәтижелі жұмыс істеу мумкіндігін береді.
Берілген тапсырыстың сақталуы. Есте 9-ға дейінгі жиі қолданылатын
тапсырыстар сақталу мүмкіндігі бар. Мысалыға, машина есінде
жинақтаудың жылдамдығы, қолданылатын программа түрі, қолданылатын
лоток саны және датчиктің сезімталдығын бағыттау.

7 –кесте. Жинақтау машинасының техникалық сипаттамасы
Лоток саны 60
Парақты беру Пневматикалық беру құрылғысы
Парақтың форматы Ш х Д Макс. 350 х 500 мм
Мин. 120 х 148 мм
Қағаз тығыздығы 52 – 208 гм
Лоток стопасының биіктігі 55мм
Парақтардың наложениесі 4 деңгейде
Жинақтаудың интервалы Автоматикалық басқарылатын интервал
Өнімділігі Макс. 4000 комплект сағатына
Қабылдағыш құрылғысы, және оның А -5, А-4, А -3 100мм
сиымдылығы CCR-DX
Жинақтау программасы Екі циклды, мұқабаны екеулеп беру

Қуатты , толқын Бірфазалы 200В, 5060 Гц
Бірфазалы 220230240 В, 50 Гц
Элетроэнергия 200В , 5060 Гц
59,4 А
220В , 50 Гц
62,4 А
240 В , 50 Гц
63,0 А
Жылулық қуаты 8,100кДж
Қозғалтқыштар 1,2 кВт х 6

Басылымды жіппен тігу

Кітапшалаудың және брошюралық блоктарға жинақтайтын дәптерлерді
бір-біріне біріктіріп келесі технологиялық өңдеуге жібереді.
Дәптерлерді бекіту операцияларының еңбексиымдылығы басқа технологиялық
операциялардың еңбексиымдылығы басқа технологиялық операциялардың
еңбексиымдылығынан әлдеқайда жоғары болады. Дәптерді блокқа бекітудің
екі негізгі әдісі бар:
1. Жіппен және сыммен тігу
2. Тікпей желіммен бекіту
Блоктарды жіппен тігудің бірнеше әдісі бар. Сыммен тігу сияқты
жіппен тігу дәптерлер түбінің фальцы бойынша, түптік алаңы бойынша
тігілуі мүмкін. Дәптерлерді фальц бойынша бекіту- дәптерлік және
блоктық болуы мүмкін.
1 әдіс подборкамен жинақталған блоктарды бекітуде, 2-ші әдіс
вкладкамен жинақталған блоктарды бекітуде қолданады.
Түптік алаңы бойынша тігу, сыммен втачку тігу әдісі сияқты,
яғни бұл әдісте тігіс блоктың қалыңдығы бойынша орындалады.
Дәптерлік әдісте кітап блогының әрбір дәптері түптік фальц арқылы
тігіліп, ал келесі дәптерлерді сол жіптермен тура сол сияқты
тігіледі.
Блоктық әдісте блокты құрайтын барлық парақтар бір мезетте тігіледі.
Жіппен дәптерлік тігу брошюралық және түптік (стежок) әдіспен тігілуі
мүмкін. Брошюралық тігу деп бекітетін материал ретінде жіптер , ал түптік
тігуде бекітетін материал жіп пен марля қолданылады. Брошюралық және
түптік тігу қарапайым және ауыспалы болып бөлінеді.

8 – кесте. Жіппен тігу машинасының техникалық сипаттамасы
Жылдамдығы мин. Макс. 140 дәптер
Формат мм. Макс. 325 х 400
Двойник Мин. 100 х 150
220 х 425
Тігіс ұзындығы, мм 20
Привод кВ 1,1
Тігіс саны, макс 10

“Зиглох” ағынды желісінде жұмыс істеу

Дайын блоктар транспортерға түбін алдыға қаратып беріледі. Блок
транспортермен престеу машинасына барады. Түбімен қысылып форзац жабыстыру
аппаратына өтеді. Машина форзац жүктелінетін екі магазиннен тұрады. Желім
желім ваннасына келеді, онда блоктың түбінің шетіне диск арқылы желім
жағылады. Форзац магазиннен қысқыш арқылы алынады. Бірінші алдыңғы форзац,
сосын артқы форзац желімденеді. Келесі операция- блок түбін желімдеу. Желім
ваннасында біреуі резиналы, екіншісі щетка тәрізді екі білік болады. Желім
блок түбіне резиналы білік арқылы жағылады. Желім жағылғаннан кейін блок
түбі ісінеді және деформацияланады. Блок түбін өз қалпына келтіру үшін
түбін қысу қажет, ол плит арқылы іске асады. Машинада екі плит бар, біреуі
жылжымалы. Қысудан кейін марля желімдеу жүргізіледі. Марля рулоннан
беріледі. Желім желім ваннасынан үш білік арқылы марляға жағылады. Марля
блокпен алты білік арқылы біріктіріледі. Марля дискілі пышақпен кесіледі.
Бұдан кейін тез арада ылғал жою керек. Бұл үшін кептіру камералары
қолданылады. Кесуден бұрын блокты престеу керек. Престеу жоғарғы және
төменгі плиттан тұратын престеу машиналарында жүргізіледі. Келесі операция
блокты үш жағынан кесу. Блокты кесу үш пышақты кесу машинасында
орындалады. Кесуді блок қалыңдығына байланысты приверткамен немесе бір-
бірлеп кесуге болады. Блок алдыңғы столға қойылады, блокты жылжытпай
ұстайтын ұстағыш түсіріледі. Пышақ алдымен жоғарғы және төменгі жағын
кеседі, сосын

Форзац желімдеу машина VAM

Форзацжелімдеу машинасы ағынды желіде форзацты бекіту операциясын
атқарады, сол себептен нәтижесінде уақыт және заттар шығынын азайтады. VAM
конструкциясы машинаның бөлек бөлшектеріне жету мүмкіндігін береді,
нәтижесінде жалпы технологиялық процесті басқаруға болады.
Ерекше айырмашылығы.
- бөлек машина ретінде қолдануға және ағынды желіде де қолдануға
болады;
- Екі форзац кеткен жағдайда автоматты түрде тоқтау;
- Жылдамдықты толқынды басқару;
- Жеңіл және оңай конструкция;
- Дисплейде қатені көрсету;
- Оңай және тез басқа форматқа ауыстыру.

9 – кесте. Форзац желімдеу машинаның техникалық сипаттамасы
Механикалық жылдамдығы макс. 70 такт мин дейін
Форматы макс. 420 х 320х70мм
мин. 120х90х3 мм
Өлшемі 4300х1350х1630 мм
Қуаттылығы 5кBт,220380B, 50Гц.
Салмағы 1450 кг
Макс. өнімділігі 70мин

Окантовканы желімдеу машинасы

Окантовканы желімдеу BF-6000 машинасы арнайы термо және
полиуретандық желіммен жұмыс істеу үшін жасалған. Кептіргіштер секциясы мен
екінші желімжаққыш аппаратының болмауымен конструкция жеңіл болып келеді.
Желім түріне байланысты аппаратты өзгертуге болады. Ауыстыру аз уақытты
алады, желімжаққыш аппаратты орнатпай тұрып жұмысқа қыздыра беруге болатын
мүмкіндік бар.
Бұл машинаны брошюралық- түптеу ағынды желісінде қолдануға болады.
Ерекше артықшылықтары.
- Тігілген кітап блоктарын және желіммен бекітілген блоктарды өңдеу;
- Жеке машина ретінде немесе үлкен өндірістік ағынды желінің
құрамында қолдануға болады;
- Желімнің окантовкалық лентаның барлық ауданына жағылуы сапалы
желімдену мүмкіндігін береді;
- Кітап блогының қалыңдығын өлшеу құрылғысы өндірісте жарамсыздықтың
болмауын қадағалайды және машина жұмысының сенімділігін жоғарылатады;
- Орталық пультпен басқаруға болады.

10–кесте. Окантовканы желімдеу машинасының техникалық сипаттамасы
Жұмыс жылдамдығы: (пішінге байланысты)
макс. 100 циклмин.
3-28 мсек регулируется
Форматы: макс. 510х320х70 мм
мин. 100х90х3 мм
Қажетті қуат: шамамен 12(20) кBт, 220380 В,
50Гц
Оның ішінде терможелім 7кВт
Пневможүйе: жұмыс қысымы 6 бар, 800 нлмин.
Салмағы: шамамен 1900
(2200)кг.
Өнімділігі 70 мин

RL -310 корешокты желімдеу машинасы

Бұл аппаратты ағынды желі құрамында қолдануға болады.
Басқарылатын RL -310 ленталық транспартер көмегімен кітап блоктарымен
агрегаттауға, барлық форматпен және блоктағы бүгілім бойымен қысып
престеуге, форзацқыстырғыш машинасымен байланыстыруға болады. Шығысына
KS суыту секциясын орнатуға қысып престегіш машинасынан кейін
блокты 3- жағынан кесетін машина орналасады.

11 – кесте. Корешокты желімдеу машинасының техникалық сипаттамасы
Форматы макс. 510 х 320 х 70 мм
мин. 100 х 90 х 3 мм
Қуаттылығы 220380 В, 50 Гц, 18,5 кВт
Салмағы 2500 кг
Өнімділігі 70мин

Жоғарғы толқынды кептіргіш HF

Генератор кептіргіштің үстінде орналасқан. Жоғарғытолқынды
кептіргіш окантовканы желімдеу машинасынан кейін жоғарысапалы
кептіргіш қойылады. Шығарылатын қуат 7,5 кВт аспауы керек. Кептіру
өнімділігі, яғни шығаратын ылғалдылықтың шығыны 12 кг сағ жоғары
болмайды. Кітап блоктары бір-бірінен кейін ленталық тасмалдаумен
орындалады, жоғарғытолқынды кептіргіш 2,5 м ұзындықта болады. Бұдан
бөлек блоктар қосымша ленталар қырынанда жүргізіледі. Жоғарғы
толқынды кептіргіш процесінде тек желімнің үстіңгі қабаты ғана
емес, ішкі қабатында да су молекулалары буланады. Сондықтан бетінде
пленка пайда болмай, желім ішінен бекітіледі. Орнатылған вентелятор
генераторлы лампаны суытады. Бұл кездегі қыздырылған ауа тоннель
ішіндегі ылғалды жұтып белгілі жолдармен сыртқа шығарады. Жұмсалатын
ток энергиясы кептіру процесінде жұмсалу қажет. Кітапта жылу қалмас
үшін пардың ізі болмас үшін берілетін энергияны бүкіл тоннельге жіберу
керек. Парды шығару құрылғысы қажет емес.

12 – кесте. Жоғарғы толқынды кептіргіштің техникалық сипаттамасы
Механикалық жылдамдық 28 ммин
Формат макс. 510 х 320 х 70 мм
мин. 100 х 90 х 3 мм
Салмағы 500 кг

Суыту және кептіру аймағы TF

Ол жоғары сапамен ерекшеленеді. Жоғары технологиялығы
бірқалыпты суыту және кептіруді қамтамасыз етеді. Бұл жерде SIGLOCH
фирмасының конструкциялық принципі қолданылады, кітаптар тігінен
корешок жағымен тұрып қозғалады. Бұл принцип - жоғарғы нәтижелерді
алу кепілдігін береді. Кептіру және суыту аумағында инфрақызыл
жылытқышты қосымша блокты қыздыру үшін орнатуға болады.
Ерекшелейтін айырмашылығы.
- барлық форматтағы кітаптар блоктарын және брошюраларын өңдеу
мүмкіндігі;
- бір және екі жолақшаның болуы;
- блоктарды қосымша қыздыру мүмкіндігінің болуы;
- тасмалдаудың ыңғайлылығы;
- тегіс бірқалыпты кептіру кепілдігі конструкция оңайлығы, әр
детальға оңай жету мүмкіндігі.

13 – кесте. Суыту және кептіру аймағының техникалық сипаттамасы
Суыту және кептіру аумағы макс. 510х320х70мм
мин. 100 х 90 х 3 мм
Тасмалдау жылдамдығы біржолды: макс. 30 ммин
дейін
екіжолды: 15ммин дейін
Қыздыру сексиясы үш қыздырғыш элементтерімен
Қажетті қуат 2,25 кВт
Ұзындығы қажеттілік бойынша

NH кітап блоктарын қысатын пресс

NH прессі және оның екіжолды DNH пресс версиясы – функциясы
әмбебапты : олар кітаптарды желімдеуге дейін және кейін орналасуы мүмкін
немесе бөлек агрегаттар ретінде көптеген функцияларда қолданылады.
Ағындағы өңделген кітап блоктары, желімдеуден бастап бүгілімді қысуға
дейінгі операцияда блок корешок жағымен тұрып қозғалады.

14 – Кесте. Блокты қысатын престің техникалық сипаттамасы
Жылдамдығы макс. 2400 блоксағ
Форматы макс. 510х32мм
100 х 90 мм
мин.
Қысу күші 6 бар кезінде макс. 12 т дейін
Сығылған ауаның шығыны 450 нлмин
Блок қалыңдығы 70 мммин 3мм
Қуат 0,3 кВт, 50 Гц, 220380 В
Салмағы 400 кг

Ляссе қоятын машина LEN

Sigloch фирмасының ляссе қоятын машинасы үздіксіз қозғалу
жүйесіне байланысты лентаны аккуратно кигізеді. Қалыңдығы 3-тен 70 мм-
ге дейінгі кітап блоктарын сонымен қатар алтындалған обрез кесілген
блокқа да қойылады. Машинаны басқа форматқа ауыстыру тез және оңай
орындалады. Машинадан ағынды желіден бұл аппаратты ені қиындықсыз
алып тастауға болады.

15 – кесте. Ляссе қоятын машинаның техникалық сипаттамасы
Макс. Жылдамдығы 60 цикл мин дейін
Уақыт жылдамдығы 16,5 ммин
Формат макс. 350 х 240 х 70 мм
100 х 100 х 3
Мин
Ені 3 тен 8 ге дейін
Қуаттылығы 1 кВт, 220380 В, 50 Гц
Салмағы 500кг

Корешокты қосымша доғалдату машинасы NF 2

Бұл машинада жоғарысапалы кепілдігі. Жұмыс істеу принципі,
кітаппен бірге қозғалатын ременьдер әрбір экземплярды өте жақсы
өңдейді. Доңғаланған корешок кітапты өңдеу нәтижесінде тегіс болып
қалады. Бұл аппараттың мақсаты сол доңғалақты орнына келтіру.
Машинадан шығарда кез келген фоматтағы кітап өте әдемі дөңгеленіп
шығады.

16– кесте. Корешокты доғалдату машинасының техникалық сипаттамасы
Жылдамдық 2,0-28 ммин
Форматы макс. 510 х 320 х 70 мм
мин. 100 х 100 х 18 мм
Қуаттылығы 0,5кВт. 220380 В, 50Гц
Салмағы 265 кг

Қолмен басқарып алтынды жалату прессі

Тиснение – деп бейнені фольга және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы Францияның кітап басу ісінің ерекшеліктері
Қазақстан баспасөзі
Еліміздегі алғашқы баспалардың пайда болуы
Қазақстандағы аймақтық басылымдар
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Германияның баспа саласы
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Ұлттық баспа
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Кітап – халық тәрбиешісі
Пәндер