Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселелері бойынша кездесетін сұрақтар мен кемшіліктерді толықтыру және оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәжірибеде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 3
1 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі мен сипаттамасы . . 6
1. 1 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз
заңсыз иеленудің түсінігі . 6
1. 2 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз
заңсыз иеленгендігі үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың дамуы
кезеңдері 15
2 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иеленудегі қылмыс құрамының занды талдамасы . . . 23
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленудің объектісі мен заты 23
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленудің объективтік жағы 37
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленудің субъектісі 51
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленудің субъекгивтік жағы 59
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленудің дәрежелеуші белгілері 68
- Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша автомобильдінемесе әзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену 71
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыззаңсыз иеленуді бірнеше рет жасау 75
- Ұйымдасқан топ жасаған не ірі зиян келтірген әрекеттер 77
- Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданумен не дәл сондайкүш қолданумен қорқыту арқылы жасалған көлік құралын айдап кету 81
ҚОРЫТЫНДЫ . 88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 95
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185 - бабымен көзделген "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" атты қылмыстық жауаптылық белгілеу нормасына жан-жақты қылмыстық-құқықтық сипаттама беріліп, адамның осы қылмысты жасағандығы үшін жауаптылығын дұрыс шешуге бағытталған ғылыми және тәжірибелік мәселелер қарастырылған.
Сонымен қатар, аталған қылмыс құрамын дәрежелеудегі кездесетін бірқатар олқылықтар мен пікірталастар бойынша тиімді ұсыныстарды қолданудың қажет етілетіндігі дәлелденіп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында (1997-жылы) қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі қылмыстық құқықтың көптеген институттарын бірқатар өзгеріске ұшыратты. Қылмыстық әрекеттерді белгілейтін Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінде көзделген баптарының кейбір белгілері қылмыс құрамын құрауынан ажыратылды немесе жаңа қылмыс құрамдары белгілерімен толықтырылды.
Қазақстанда қылмыстық заңның өзгерістерге үшырауы ерекше мән-жайлар болып танылып, олардың арасында көлік құралдары жоғары қауіптілік көзі ретінде табылуы, оларды пайдалануда көлік құралдарымен байланысты болған қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы, сол сияқты, олармен байланысты автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеу бойынша арнайы зерттеу жүргізудің қажеттілігі айқындалады.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен "Адамдар өздерін қауіпсіздікте сезінуі тиіс" атты құқық қорғау органдарының республикалық кеңесінде сөйлеген сөзінде: "Біз конституциялық деңгейде Қазақстанда адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең басты құндылық болып табылады деп жарияладық. Сондықтан да заңға құлықты азаматтарды олардың құндылықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау - сіздердің басыңқы міндеттеріңіз. Мұны мен сіздерге ел Президенті ретінде, Конституцияның кепілі ретінде айтып отырмын"- деп атап өтті [1] .
Еліміздегі ішкі істер органдарының құқық қолдану қызметін жетілдіру мен ұйымдастыру қазіргі кезеңде ерекше орын алады. Осыған байланысты қылмыстық-құқық нормаларын, оның институттарын қолдану тиімділігін жетілдіру мен арттыру жолдарын теориялық тұрғыда жете зерттеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстылықпен күресуі немесе оны тойтаруына тиімді мүмкіндіктер жасайды.
Қазіргі кезеңде адамның өмір-тұрмысындағы тығыз байланыстың бірі -техниканы пайдалануы. Ғылым мен техниканың дамуындағы ең жарқын көріністерінің бірі болып бүгінгі тавда автомобиль немесе өзге де көлік құралдары танылады.
Міне, осы техникалық құралдармен байланысты болып отырған "автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" (айдап кету) сияқты әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылық белгіленгендігі біздерге мөлім.
Ал, тікелей автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкетумен байланысты болған қылмыстардың жалпы жасалу саны: 2004 жылы - 1334 (0, 82 %), 2005 жылы - 798 (0, 57%), 2006 жылы - 948 (0, 63 %), 2007 жылы 1165, (0, 76 %), 2008 жылы 1399 (1, 04 %), болып отыр [3] .
Біздің өміріміздегі автомобиль немесе өзге де көлік құралдары деңгейінің уақытқа сай қоғамдағы қарқынды өсуі жағдайындағы маңыздылығы, оған сөйкес оның тиісті түрде қолдану талаптарының көтерілуі автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудегі қолданылатын қылмыстық жауаптылықтың күрделі мәселелерін шешудің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығын тудырып отыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін қолдану барысында пайда болған белгілі бір шеңбердегі кемшіліктерді жою көздерін тапқанмен де, жаңа қылмыстық заң бірінші кезекте Қылмыстық кодекстің осы немесе басқа да нормаларын қолдануда пікірталастыққа әкеп соқтыратын бірқатар қарама-қайшылықтардан толық арыла қойған жоқ.
Демек, осы айтылғандарға байланысты жете тұрғыда зерттеуді қажет ететін мәселенің бірі - ҚР ҚК 185-бабында белгіленген "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі" (айдап кету) үшін қылмыстық жауаптылық болып отыр.
Аталған қылмыс түрімен күрес жүргізу, оның алдын алу немесе оған дұрыс қылмыстық жауаптылық белгілеу міндетті болып табылады. Ал, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарыы ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, қолданыста жоғары қауіптіліктің көзі ретінде таныла отырып, меншік пен көлік құралдарын занды (дұрыс) пайдалану ережелеріне қатер төндіре отырып қоғам мүдделеріне қол сұғатын заңсыз әрекет болып танылады.
Дипломдық жұмысты жазу мақсаты болып автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселелері бойынша кездесетін сұрақтар мен кемшіліктерді толықтыру және оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәжірибеде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыруымыз үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қояды:
1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеудегі заң атқарушылықтың дамуы кезеңдерін белгілеп көрсетіп, бұл қылмыстың түсінігін бере отырып, оған талдау жасау арқылы анықтама беру;
2. Аталған жауаптылықты көздеген қылмыс құрамына заңды
талдау жүргізіп, онымен ұқсас болып келетін басқа да қылмыс
түрлерінен өзара айырмашылықтарын даралап көрсету;
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлаумақсатынсыз заңсыз иеленудегі ауырлататын мән-жайларыбойынша, қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін қажетті болғанбелгілерін айқындап, олардың мазмұнын ашу;
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлаумақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылықтыбелгілеу нормасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу.
Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары:
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауалтылық туралы қылмыстық-құқықтық норманы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қорғауға мына төмендегідей тұжырымдар ұсынылады:
1. "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иелену" деп аталатын ҚР ҚК 185-бабының
атауы, "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-
таражға салу мақсатынсыз айдап әкету" деп өзгертілуі туралы
ұсыныс дайындалды.
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражғасалу мақсатынсыз айдап әкету - адамның өз бетімен бөтенніңавтомобилін немесе өзге де көлік құралын жеке басы пайдасыүшін, өз меншігіне айналдыру ниетінсіз қозғалысқа келтіруі немесебасып алуы деп танылады.
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралын айдап кетудіңзатына түсінік беріліп, қылмыс затының түрлерін кеңейтілген түрдеқарастыруды және оларға анықтама берілуі туралы ұсынысжасалды.
- Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын тіркеуге алу, сүйреу, итермелеу немесе басқа бір көлік құралына тиеп алу, айдапәкетудің тәсілдері деп танылуы нақты анықталмағандықтан, өздігінен қозғалысқа келтіруге жатпайтын, яғни істен шыққанавтомобиль немесе өзге де көлік құралдарын тіркеуге алу (сүйреу) немесе итермелеу айдап кетуді емес, керісінше ұрлықтың белгісінқұрауы тиіс деп танылуы туралы ұсыныс жасалынды.
- Қылмыс құрамы белгілерін талдау жасау негізінде, аталғанқылмыстың басқа да өзара ұқсас қылмыстардан , оларға қатысты қорытындылар мен ұсыныстаржасалды.
- ҚР ҚК 185-бабы, 2-ші бөлігі бойынша "қоймаға заңсызкірумен жасалынған" автомобильді немесе өзге де көлікқұралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену деп табылғандәрежелеуші белгісімен толықтырып, өзгеріс енгізу керектігі туралыұсыныс дайындалды.
1 АВТОМОБИЛЬДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуі (айдап кету) үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық-құқықтық норманың мазмұнына құқықтық сипаттама беру, аталған қылмыс құрамының түсінігі мен белгілерін, оның қол сұғушылық объектісін, ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырата білуімізге немесе дұрыс дәрежелуімізге зор мүмкіндік береді.
Автомобиль немесе өзге де көлік құралы, тез дамыған пайдалы қарым-қатынастың қажетті түрі ретіндегі еліміздегі көлік құралы жүйесінің бірі болып саналады. Осыған қатысты болған қылмыстардың барлығы да өз алдына көлік құралдарымен байланысты қылмыстардың жүйесін құрады. Ұзақ уақыт аралығында осы қылмыс құрамына қатысты, оның түсінігі мен белгілерін анықтауда заң ғалымдары тарапынан әр түрлі анықтамалар берілген болатын.
Алғаш рет көлік құралдарын айдап кету туралы норма Қазақ КСР 1960 жылғы 1-қаңтарда күшіне енген қылмыстық заңының 221 -бабында орын алып, онымен "автомашиналарды, мотоцикл немесе басқа қозғалыс құралдарын ез бетімен ұрлау мақсатынсыз мініп кетуі" туралы айтылды. Көлік құралдарын айдап кету жайлы сол кезеңде Қазақ КСР қылмыстық кодексіндегі "Көліктегі қылмыстар" атты ХІ-тарауынан табылды.
Осыған байланысты, көлік құралын айдап кетуді белгілеген қылмыс құрамы қазіргі кезенде белгіленгендей "бөтеннің меншігіне емес, керісінше көлік құралының қозғалысқа келтірілуі немесе қолданылуы аумағындағы қалыпты қызметі мен тәртібіне қол сұғылады" деп, көліктегі қылмыстардың қатарына жатқызылған болатын.
Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодексінде көлік құралдарына автомобильдердің барлық түрлері, тракторлар және өздігінен жүретін өзге машиналар, трамвайлар мен троллейбустар, сондай-ақ мотоциклдер және басқа механикалық транспорт құралдары жатады деп белгіленген [4] . Айдап кету, өз алдына жеке түсінік ретінде алғаш рет Ресей ҚК 212(1) бабында "Автомототранспорт құралдарын айдап кету", деп танылып, -"көлік құралдарын басып алу және оны мініп кетуі, яғни екі белсенді әрекет жасалуының қажет болуы"- деп түсіндірілді [5. Б. 2] .
Бұл мәселеге қатысты көлік құралын айдап кетуді белгілейтін норма, әрине өзгерместен осылай қала қойған жоқ, себебі, біздерге белгілі болғандай бұл айтылып отырған түсініктер, қылмыстық жауаптылыққа тарту мен жаза тағайындау барысындағы индивидуализация жене дифференциация қағидаларының сақталуында өз орнынан көріне алмады.
Көптеген жылдар арасында заңгерлер арасында көлік құралын айдап кету мен оның қол сұғатын объектісін нақты анықтау туралы әр түрлі түсініктер мен пікірталастары орын алды. Сол кезеңде нақты бір қалыптасқан көзқарастардың, яғни көлік құралдары болып қандай құралдар табыла алатындығы, сонымен қатар ең алдымен заңмен қорғалынатын қандай қарым-қатынастың бұзылатындығы туралы бір тектес пікірлер де болмады.
Мәселен, осы норма Ресей ҚК 212(1) бабы "Қоғамның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке және халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар" атты тарауында орын алды. Сонымен қатар заң атқарушы: "Көлік құралын айдап кету ең алдымен қоғамның қауіпсіздігіне, көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелеріне қол сұғады", - деп көрсетті. Кейбір авторлар мұнымен келісе отырып осы әрекеттің тікелей объектісі болып механикалық көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысы, ал қосымшасы ретінде социалистік немесе жеке меншік болып танылады деп санаған болатын [6. Б. 138-139] .
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жағдайларда көлік құралын айдап кетуде әр түрлі жол жүру ережелерінің бұзылуымен ұштасып, яғни оның нәтижесінде пайда болатын жол көлік оқиғасы, адамның қаза болуымен байланысты болып жатады. Ал, Қазақ КСР-нің заң атқарушылығымен бұл қылмыс құрамы "транспорттық қылмыстар" атты тарауында орын алуының себебі болып оның тікелей автомобиль немесе өзге де көлік құралдарымен жасалынған қылмыстармен байланысуы арқылы, яғни осындай қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардың болуымен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасы 1997 жылы 16-шілдедегі қабылдаған қылмыстық заңының (Қылмыстық кодекс) жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауымен байланысты аталған норманы қолданудағы ғылыми пікірталастық кейіннен өз жаңа жолын тапты. Негізгі сұрақтардың бірі болып, алғашқы кезекте қандай мүддеге қол сұғылатындығы немесе оның бұзылатындығын анықтау туралы мәселе болды.
"Көлік құралын айдап кетуде, ең алдымен адамның өз көлігін пайдалануына немесе иелік етуіне не осы мүдделерін жүзеге асыруы құқығына қол сұғылады және негізгі зиян меншік қатынастарына келтіріледі", - деген ұғымды бірқатар заңгерлердің кең шеңбері қолдап, оны нақтылай түсті. Сонымен қатар, көлікті айдап кеткен кінәлі адам меншік құқығы мен бөтеннің мүлкін заңсыз пайдаланғандығын сезінеді. Көлік құралына қатысты қылмысқа деген (ең алдымен құнды мүлік ретінде), яғни айдап кетудің негізгі объектісін анықтаудағы ғалым-заңгерлердің бага беруі өз алдына дұрыс болып танылды.
Сонымен, еліміздің қылмыстық заң шығарушылығы, автомобиль немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленумен байланысты қылмыстарды "меншікке қарсы қылмыстар" тобына жатқыза отырып, оған қатысты шешімді түрде нақты нүкте қойды. Сөйтіп, заң шығарушылық арқылы, осы аталған қылмыстық-құқықтық меншік қатынастары, көлік құралдарын иелік ету құқығы, меншік иесінің көлікті пайдалану мен өкімдік етуін қорғау мүдделері өз қажеттілігін тапты.
Қазақстанның қылмыстық құқығында мұндай қылмыстардың түрі ретінде табылған, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) Қазақстан Республикасы ҚК 185-бабымен белгіленді.
Айтылған қылмыстық заңды қабылдағанға дейін көлік құралдарын айдап кету көліктегі қылмыстар тобында өзгерместен қалып қойған болатын, бірақ бұл қол сұғушылық шын мәнінде езінің конструкциялық құрылысының талдалуынан бөтеннің меншігіне қарсы қылмыс болып табылады. Мысалы, көлік құралын айдап кетуде кінәлінің әрекетін қосымша баппен дәрежелеуді қажет деп табылмады, яғни меншік құқығына байланысты қатынастар жеткіліксіз түрде ескерілінді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің ез құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы танылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беруге, иелігінен шығаруға, пайдалану және оған билік ету жөніндегі оз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруте немесе оған басқа да әдістермен өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК 188-бабы 3-тармағы) .
Осыған байланысты меншік иелерінің занды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда, қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы 1997 жылы еліміздің конституциялық талаптарын орындай отырып барлық меншік нысандары мен кәсіпкерліктің тең қорғалуына басты назар аударып, адам меншігіне қарсы қол сұғатын қылмыстардың түрлерін нақтылай түсті. Қылмыстық заңмен, қол сұғушылық кезіндегі қылмыс затының бірі ретінде бөтеннің мүлкін тани отырып, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иеленуде, ең алдымен меншік құқығы бұзылатындығы анықталынды.
Мысалы, меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре отырып немесе зиян келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалынатын іс-әрекетті немесе әрекетсіздіктерді түсінеміз.
Қылмыстық құқық теориясында, мүлікті заңсыз иеленудің екі түріне қатысты яғни, біріншіден - бөтеннің қозғалысқа түспейтін мүлкін (заттары) ; екіншіден - бөтеннің қозғалысқа түсе алатын мүлкін заңсыз иелену орын алатындығын айтуымызға болады.
Өз бетімен бөтеннің қозғалысқа түспейтін мүлкін иеленіп алуға жер учаскесі, тұрғын үй т. б. жатады.
Өз бетімен бөтеннің қозғалысқа түсетін мүлкін иеленіп алудың тағы бірі болып, біз қарастырып отырған дәстүрлі түрде көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп алуы болып танылады.
Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормаларымен қорғалатын объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК-нің 188 бабының 2-тармағы) .
Меншік иесі, өзінің көлігін бөтен бір адамның айдап әкетуі салдарынан зиян шегеді, яғни көлік иесі белгілі бір уақыт аралығында өз көлігін пайдалану немесе билік ету мүмкіндігінен айырылады. Демек, бірінші кезекте көлік иесінің меншік құқығына қол сұғылса, екіншіден, ол міндетті болуы да емес, бірақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне зардап келтірілуі мүмкін. Сондықтан аталған қылмыс түрін меншікке қарсы бағытталған және оған сәйкес жазалау түрін айқындау дұрыс болып табылады [7. Б. 24] .
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып екіге бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстар, мүлікті алумен байланысты ұрлау деп аталатын қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға бөлуімізге болады. Осыған байланысты пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстардың біріне осы аталған қылмыс құрамы жатқызылады.
Мысалы, белгілі бір мөлшерде меншік иесінің көлігіне деген амортизациялық сипатта залал келтіріледі. Кейбір жағдайда зардап көлігін пайдалануымен байланысты болған, күтілген табысты алуына кедергі келтіруімен де сипатталынады. Сонымен қатар, көлікті уақытша пайдалануы үшін айдап кетуші адам, көбінесе оның бұзылуына немесе зардап келтірілуіне жол беретін ұқыпты немесе дұрыс пайдалануына назар аудармайды.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) сұрақтары күрделі сипатқа ие және қылмыстық құқық теориясында біртекті талданбаған. Бірқатар авторлар айдап кетуді өз еркімен көлік құралдарын басып алу және оны мініп жүру деп түсіндіреді [8. Б. 86] . Кейбір авторлар мысалы, мұндай әрекет өз еркімен көлік құралдарын басып алу және оны тұрған орнынан белгілі бір қашықтықта қозғалысқа келтіруі деп таниды [9. Б. 137] . Бұдан басқа да осы қылмыс құрамына қатысты айтылған анықтамалар да бар, олар: автокөлік құралдарын заңсыз иелену жене оны жүргізуі [10. Б. 250] ; көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамның көлік құралының кабинасына заңсыз енуі жене оны тұрған орнынан алып кетуі [11. Б. 265] ; өз еркімен көлік құралдарын заңсыз иеленуі (басып алуы) [12. Б. 444] .
Адамның көлік құралын өз бетімен және де заңсыз жасаған әрекетін біртектес "айдап әкету" деген түсінікпен қамти отырып, заң шығарушы дұрыс анықтама берген [13. Б. 31] ; себебі айдап кетудің өзі қылмыскердің өз мақсатын жүзеге асыру ниетімен байланысқан, яғни өз бетімен заңсыз түрде меншік иесінің ырқына қарсы түрде бағытталған әрекетін айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz