Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
КІРІСПЕ. 9
1. Электронды оқулық 10
1.1. Электронды оқулық түсінігі және түрлері. 10
1.2. ЭО құру технологиясы мен құрылымы. 17
1.3. Бітіру жұмысына қойылған мәселелер. 22
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәні бойынша электронды оқулық. 23
2.1. Теориялық бөлім. 23
2.2. Тәжірбиелік жұмыс бөлімі 25
3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ . Borland Delphi ортасында ЭО жасау. 26
3.1. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәні бойынша өңделген электронды оқулықтың ерекшеліктері 34
3.2. Бағдарламалық қамтамасыздандыруға инструкция. 35
3.3. Электронды оқулықтың навигациялық жүйесі 35
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ. 42
4.1. Электронды оқулық қолданудың тиімділігі. 42
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРШАУ. 47
5.1. Компьютердің адамға әсері. 48
5.2. Электр қауiпсiздiгi 54
5.3. Өрт сөндіру қауіпсіздігі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57

Жалпы білім саласын жетілдіру стратегиясы алдына қойған, оның сапасын жоғарылату сұрағы, жалпы білім саласына жаңа тұтастық әдістемені өндіру және жүзеге асыруды, икемділігін қаматамасыз ететін, пайдаланушыға бағдарлау қажеттілігін жорамалдайды. Қазіргі әлем ақпараттық қоғамға көшуімен сипатталғандықтан, білім саласын жетілдірудің ең басты мақсаты қоғамның көп бөлігінің таным мен байланыстың жаңа технологиясын игеру болып саналады. [1].
Тақырыптың маңыздылығы. Білім алуды автоматтандырумен байланысты сұрақтар ерекше қызығушылықты туғызып отыр, өйткені техникалық құрылғыларды пайдаланбайтын қол әдісі өзінің мүмкіндіктерін көптен жойған. Оқытуды автоматтандыруға қол жеткізудің формасы компьютерді қолдану. Компьютерді көбірек пайдалану автоматтандыруға мүмкіндік береді, яғни сол арқылы мұғалімнің әдістемелік нұсқауларды дайындау кезіндегі қиын жұмысын жеңілдетеді.
Жаңалығы. Сонымен қатар әртүрлі электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың автоматтандырылған жүйеде қолдану, көптеген артықшылыққа ие. Біріншіден, құру процесінің автоматтандыру, сонымен қатар мәліметтерді кез келген қажетті формада сақтау мүмкіндігі. Екіншіден, бұл шексіз ақпарат көлемімен жұмыс.
Тәжірбиелік мәні. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты ақпарат көзі болып әртүрлі бағдарламалық өнімдер: электронды оқулықтар, оқытушы бағдарламалар, компьютерлік демонстрациялар, презентациялар, оқу-әдістемелік комплекстер және т.б. Бұл жұмыстың басты мақсаты Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәніне Электронды оқулық жасау.
Бірінші бөлімде электронды оқулық түсінігіне анықтамалар, оның жасалу жолдары, түрлері, қызметі қарастырылды. Сонымен қатар электронды оқулық жасау технологиясы мен қандай құрылымы болатынына сипаттама берілді. Бітіру жұмысына қойылған мәселелер тізімі берілді.
Екінші бөлім Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәніне шолу жасау. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәнінің Мақсаты – ол Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясының негізгі түсініктерін оқу, кездейсоқ әсерлер болған және болмаған жағдайдағы сызықты, дискретті автоматты басқару жүйелерін синтездеу және талдау әдістерін оқу және меңгеру болып табылады[1]. Пәннің әр тарауында қандай мәселелер қарастырылатына сипаттама берілді. Есептер жинағының ролі мен оның қажеттілігі. Есептер жинағында қай тақырыпқа байланысты есептер қарастырылғаны айтылады[2].

1) В.М.Колесов – Электронный учебник на основе метода гипертекстового сворачивания информации,
2) А.Бекбаев, Д.Сулеев, Б.Хисаров– Сызықты және бейсызықты жүйелер, автоматты басқару жүйесі. . Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. – 328 б.
3) О.В. Зимина – Печатные и электронные учебные издания в современном высшем образовании: Теория, методика, практика. М.: Изд-во МЭИ, 2003,
4) А.Бекбаев, Д.Сулеев, Б.Хисаров – Сызықты автоматты басқару жүйелері теориясының есептер жинағы. Алматы: ҚазККА баспаханасы, 2007. –212 б.
4) Кузнецов А.А. Сергеева Т.А. Компьютерная программа и дидактика // Информатика и образование. - 1996. - N 2.
5) Сопряжение датчиков и устройств ввода данных с компьютерами IBM РС / Под редакцией У. Томпкинса, Дж. Уэбстера. - М.: Мир, 1992.
6) П.Радов – Электронный учебник обзор подходов создания.
7) Российские электронные издания: Каталог.—Вып. 4: Новые поступления в гос. Депозитарий / Авторы–составители: Вигурский К.В., Глушкова О.Л., Негадова В.И. (под общ. ред. Антопольского А.Б.) — М.: НТЦ “Информрегистр”, 2000.
8) С.Ю. Агафонова, Д.В. Смолин – методологические оновы оценки качства электронных учебников европейских иностарнных стран.
9) Международное стандартное библиографическое описание для электронных ресурсов — ISBD (ER)
10) Агеев В.Н. Электронная книга: Новое средство соц. коммуникации. М.: 1997
11) Гречихин А.А., Древс Ю.Г. Вузовская учебная книга: Типология, стандартизация, компьютеризация. М.: Логос, 2000.
12) Мильчин А.Э. Издательский словарь–справочник. М.: Юристъ, 1998. [10] Субботин М.М. Новая информационная технология: Создание и обработка гипертекстов. М., 1992
13) С.А. Христочевский. Электронные мультимедийные учебники и
энциклопедии. Информатика и образование, 2000, 2, стр. 70-77.
14) Л.Х. Зайнутдинова. Создание и применение электронных учебников. Астрахань, ООО "ЦНТЭП", 1999, с. 364.
15) А.А. Гречихин, Ю.Г. Древс. Вузовская учебная книга. Типология, стандартизация, компьютеризация: Учеб.-метод. Пособие в помощь авт. и ред. М.: Логос. Московский государственный университет печати, 2000, с.255.
16)
17) Основы современных компьютерных технологий. Ред. Хомченко А.Д.
18) 11. Бойс Д. Осваиваем Windows 95. Русская версия. 1997.
19) 12. Шкаев А.В. Руководство по работе на персональном компьютере. Спра-вочник. М.: Радио и связь, 1994 г.
20) 13. Савельев А.Я., Сазонов Б.А., Лукьянов Б.А. Персональный компьютер для всех. Хранение и обработка информации. Т.1 М.: Высшая школа, 1991.
21) 14. Брябрин В.М. Программное обеспечение персональных ЭВМ. М.: Наука, 1990.
22) 15. Мартин, Метьюз. Excel для Windows 95/97. М.: АВЕ. - 1996.
23) 16. Экономическая информатика. – СПб.: Питер, 1997. – 592 с.
24) 17. Могилев А.В. и др. Информатика. – М., 1999. – 816 с.
25) 18. Комягин В.Б., Коцюбинский А.О. Excel 7.0 в примерах. М.: Нолидж, 1996.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
АҢДАТПА
Бұл бітіру жұмысында сызықты автоматты басқару жүйесі пәніне
элекрондық оқулық құрастыру қарастырылған.
Электронды оқулық түсінігіне анықтамалар, оның жасалу жолдары, түрлері,
қызметі қарастырылды. Сонымен қатар электронды оқулық жасау технологиясы
мен қандай құрылымы болатынына сипаттама берілді. Бітіру жұмысына қойылған
мәселелер тізімі берілді. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәніне
шолу жасау. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәнінің мақсаты – ол
Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы ның негізгі түсініктерін оқу,
кездейсоқ әсерлер болған және болмаған жағдайдағы сызықты, дискретті
автоматты басқару жүйелерін синтездеу және талдау әдістерін оқу және
меңгеру болып табылады. Электронды оқулықты Borland Delphi ортасында жасау.
Жасалған бағдарламалық өнімнің навигациялық жүйесі және қызметі берілген.
Бітіру жұмысының соңғы бөлімінде өміртіршілік мәселелерінің қауіпсіздігі
және еңбек шарттарына сараптама келтірілген.
АННОТАЦИЯ
В данном выпускном работе создать автоматизированный электронный
учебник по предмету линейных систем автоматического управления.
Его деятельность, виды, способы их созданию и справки электронных
учебников. Также рассмотривовалась описание структура и технология создание
электроного учебника. Дано было список для окончание работы. Было описание
по предмету Теория Линейных Систем Автоматического Управления. Цель
дисциплины Теория Линейных Систем Автоматического Управления – основные
понятие Теория Линейных Систем Автоматического Управления, изучение и
усвоивать способы синтез системы управление автоматического дискретизации,
а также случайные и не случайные системы было или нет. Подготовить в среде
Borland Delphi электронного учебника. Дано услуга и система навигации
продукта подготовление. Последний раздел выпускной работы содержит вопросы
безопасности жизнедеятельности, где приведен анализ условий труда.
ANNOTATION
In this exhaust to work to create the automated electronic textbook
on the article of the linear systems of automatic control.
His activity, kinds, methods to their creation and certificates of
electronic textbooks. Also description structure and technology creation of
электроного textbook. Дано was list for completion of work. There was
description on an object Theory of Linear Systems of Automatic Control. Aim
of discipline of Theory of Linear Systems of Automatic Control - basic
concept of Theory of Linear Systems of Automatic Control, study and methods
synthesis of the system management automatic to discretisation, and also
casual and not casual systems it was or no. To prepare in the environment
of Borland Delphi electronic textbook. It is Given service and system of
navigation of product preparation. The final chapter of final work contains
the questions of safety of vital functions, where an analysis over of terms
of labour is brought.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 9
1. Электронды оқулық 10
1.1. Электронды оқулық түсінігі және түрлері. 10
1.2. ЭО құру технологиясы мен құрылымы. 17
1.3. Бітіру жұмысына қойылған мәселелер. 22
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы 23
пәні бойынша электронды оқулық.
2.1. Теориялық бөлім. 23
2.2. Тәжірбиелік жұмыс бөлімі 25
3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ . Borland Delphi ортасында ЭО жасау. 26
3.1. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәні бойынша 34
өңделген электронды оқулықтың ерекшеліктері
3.2. Бағдарламалық қамтамасыздандыруға инструкция. 35
3.3. Электронды оқулықтың навигациялық жүйесі 35
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ. 42
4.1. Электронды оқулық қолданудың тиімділігі. 42
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРШАУ. 47
5.1. Компьютердің адамға әсері. 48
5.2. Электр қауiпсiздiгi 54
5.3. Өрт сөндіру қауіпсіздігі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
КІРІСПЕ
Жалпы білім саласын жетілдіру стратегиясы алдына қойған, оның сапасын
жоғарылату сұрағы, жалпы білім саласына жаңа тұтастық әдістемені өндіру
және жүзеге асыруды, икемділігін қаматамасыз ететін, пайдаланушыға
бағдарлау қажеттілігін жорамалдайды. Қазіргі әлем ақпараттық қоғамға
көшуімен сипатталғандықтан, білім саласын жетілдірудің ең басты мақсаты
қоғамның көп бөлігінің таным мен байланыстың жаңа технологиясын игеру болып
саналады. [1].
Тақырыптың маңыздылығы. Білім алуды автоматтандырумен байланысты
сұрақтар ерекше қызығушылықты туғызып отыр, өйткені техникалық құрылғыларды
пайдаланбайтын қол әдісі өзінің мүмкіндіктерін көптен жойған. Оқытуды
автоматтандыруға қол жеткізудің формасы компьютерді қолдану. Компьютерді
көбірек пайдалану автоматтандыруға мүмкіндік береді, яғни сол арқылы
мұғалімнің әдістемелік нұсқауларды дайындау кезіндегі қиын жұмысын
жеңілдетеді.
Жаңалығы. Сонымен қатар әртүрлі электронды оқулықтардың, әдістемелік
нұсқаулардың автоматтандырылған жүйеде қолдану, көптеген артықшылыққа ие.
Біріншіден, құру процесінің автоматтандыру, сонымен қатар мәліметтерді кез
келген қажетті формада сақтау мүмкіндігі. Екіншіден, бұл шексіз ақпарат
көлемімен жұмыс.
Тәжірбиелік мәні. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты ақпарат
көзі болып әртүрлі бағдарламалық өнімдер: электронды оқулықтар, оқытушы
бағдарламалар, компьютерлік демонстрациялар, презентациялар, оқу-
әдістемелік комплекстер және т.б. Бұл жұмыстың басты мақсаты Сызықты
Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәніне Электронды оқулық жасау.
Бірінші бөлімде электронды оқулық түсінігіне анықтамалар, оның жасалу
жолдары, түрлері, қызметі қарастырылды. Сонымен қатар электронды оқулық
жасау технологиясы мен қандай құрылымы болатынына сипаттама берілді. Бітіру
жұмысына қойылған мәселелер тізімі берілді.
Екінші бөлім Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәніне шолу
жасау. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәнінің Мақсаты – ол
Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясының негізгі түсініктерін оқу,

меңгеру болып табылады[1]. Пәннің әр тарауында қандай мәселелер
қарастырылатына сипаттама берілді. Есептер жинағының ролі мен оның
қажеттілігі. Есептер жинағында қай тақырыпқа байланысты есептер
қарастырылғаны айтылады[2].
Үшінші бөлім Электронды оқулықты Borland Delphi ортасында жасау.
Зерттеудің тапсырмасы және мақсаты. Жасалған Электронды оқулықтың
құрылымы, қызметі, пайдалану мақсаты көрсетілген. Электронды оқулықтың
дәстүрлі оқулықтан айырмашылығы мен ерекшеліктері сипатталған.Төртінші
бөлімде жасалған бағдарламалық өнімнің навигациялық жүйесі және қызметі
берілген. Сонымен қатар бағдарлама коды қосымшалар бөлімінде көрсетілген.
1. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
1. Электронды оқулық түсінігі және түрлері.
Электронды оқулық – өз бетімен оқуға арналған қазіргі заманның оқытушы,
бағдарламалық өнімі.
Электронды оқулық (ЭО) – ең басты баспа өнімін толықтыратындай жаңа
ақпарат беретін, жеке және жекелендірілген білім алуға негізделген,
шектеулі түрде алған білімді және оқушы қабілеттілігін тексеретін
компьютерлік, педагогикалық бағдарламалық құрылғы.
ЭО – оқу процесінің дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен толықтығын
қамтамасыз ететін, теориялық материал ұсынатын, жаттығу қызметін және білім
деңгейін бақылауды қамтамасыз ететін, сонымен қатар ақпаратты іздеу
мүмкіндігін, компьютерді визуализациядан математикалық, имитационды
модельдеу және сервисті функциялармен қамтамасыз ететін комплексті жүйеге
негізделген білім беретін бағдарламалық жүйе[3].
Жоғарыда аталған тұжырымдардан электронды оқулық ретінде өте кең
спектрлі электронды документтерді қарастыруға болады. Оның ішінде тексттік
документтер, күрделі интерактивті орталар, өйткені компьютерлі жүйені Word
документтерін оқығанда, сонымен қатар құрылымы жоғарырақ электронды
материалдарды зерттегенде пайдаланған қажет. Кез-келген қиындық
деңгейіндегі электрондық документтерде тесттердің, визуалдаудың және т.с.с.
болуы мүмкін.
ЭО өзінің дамуында қазіргі таңдағы мәдениеттің феномені ретінде
аяғына дейін қалыптаспағандықтан, оның анықтамасына құрамын, функцияларын,
жасау механизмдерін нақты айтудың қажеті жоқ. Ол ең бастысы оқулық екенін
ұмытпаған жөн. Қазіргі заман сөздік энциклопедиясында оқулыққа мынадай
тұжырымдама береді, оқулық – бұл оқитындар немесе студенттерге арналған
белгілі білім саласында жүйелі түрде материал беретін оқу әдебиетінің
негізгі және жүргізуші саласы. Берілген анықтаманы оқу материалының жаңа
материалды тасушы ретінде бірге қарастырғанда, электронды оқулықтың
формальді анықтамасы шығады, сонымен электронды оқулық – бұл жүйелі түрде
оқу материалы бар белгілі бір облыстың білімі, жасалуы, таратылуы және
қазіргі заманғы ақпараттық технология көмегімен пайдалану мүмкіндігі бар
ресурс.
Әдетте электронды оқулық үйретуші, бақылаушы, модельдеуші және оқу
дисциплинасының негізгі ғылыми мазмұны бар, магниті тасымалдаушыға
орналасатын басқа да бағдарламалардан тұратын комплект болып табылады. ЭО
әдеттегі оқулықты толықтырады және мынадай жағдайда эффектірек болады:
- тез кері байланысты қамтамасыз етеді;
- қажет ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді(соның ішінде контексттік
іздеу), бұл әдеттегі оқулықта қиынырақ;
- гипертекстті түсініктемелерге көп жолыққаннан, уақытты біразға
экономдайды;
- қысқа текст арқылы – көрсетеді, айтады, моделдейді және т.б. (осы
жерде мультимедиа технологиясының артықшылығы мен мүмкіндіктері
көрінеді). Тез, бірақ нақты индивидке сәйкес темпте белгілі тарауға
байланысты алған білімін тексереді.
Электронды оқулықтың кемшілігіне ақпаратты алу түрінде дисплейдың
физиологиясы жатады. Ақпаратты экраннан қабылдау кітапқа қарағанда
ыңғайлығы және эффективтілігі төменірек, сонымен қатар кітаппен
салыстырғанда бағасының қымбатырақ болуы.
Компьютерді әдеттегі оқулықтың текстінің көшірмесі мен түсті
әшекейленуін монитор арқылы көру, алынған өнімді электронды оқулық деп
санауға құқық бермейді. Бұл тек әдеттегі оқулықтың экранда қиынырақ
оқылатын, электронды формасы болып саналады. Сондықтан компьютер көмегімен
пайдаланатындықтан кез келген өнімді электронды оқулық деп айтуға болмайды.
Мұндай өнімді информатика құрылғылары арқылы жаңғырту немесе пайдалану
қажет, бірақ жеткіліксіз шарт болып табылады.
Электронды оқулық түсінігіне бірнеше басқа мағына енгізу орынды.
Сонымен электронды оқулық, тек қана информатика құрылғылары көмегімен іске
асатын, бекітілген оқу бағдарламасына немесе бағдарламаға сәйкес, ұсынылған
курсқа автордың құрастырылған және эдеттегі оқулыққа қарағанда принципиалды
жаңа сипаты бар білім сипатындағы өнім. Мұндайға әдетте мультимедиалық
қасиеттерін, виртуалды ақиқаттығын, интерактивтілігінің жоғарға деңгейін,
оқушының жеке қасиетіне бағытталғандығын және т.б. жатқызуға болады.
Электронды оқулықты жасаушылар негізінен бағадарламалаушылар коллективі
болып табылады.
Типологиясы.
Электронды оқулықтың жасалуының нақты жолдарының болмауы ЭО-тың
көптүрлілігін тудырды. Олардың классификациясын жүргізуге болады.
Электронды оқулықтың жалпы анықтамасының құрамына дистанционды үйрету
жүйесінде көрсетілген электронды курстар, оқулықтар, оқу-әдістемелік
комплекстер, оқу метериалдары кіреді. Авторлардың алдына қойған
мақсаттарына, жасаушының мүмкіндігіне байланысты ЭО әртүрлі сападан тұруы
мүмкін. Әдебиеттерде электронды оқулықтардың, оқу әдістемелерінің немесе
оқу-әдістемелік комплекстердің классификациясы әртүрлі негіздемеге:
интерактивтілігіне, қол жеткізілуіне, жасалған жүйесіне байланысты
бөлінген. Қазіргі таңда ең басты принципиалды критерилары қол жеткізулік
және материалдың құрылымдылығы.
Қол жеткізу жағынан барлық электронды оқулықты:
- Онлайнды(online), яғни онымен тек интернет арқылы жұмыс істеуге
болады.
- Офлайнды(offline), яғни онымен автономды түрде кез келген
компьютерде немесе басқа БК типіндегі электронды құрылғыда
жұмыс істеуге болады.
Онлайнды ЭО – интернет желісінде немесе кішігірім корпоративті жүйе
ішінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. ЭО-ты желіде орнату жасаушыға
(оқытушыға) оперативті түрде өзгеріс енгізуге, қателерді жөндеуге мүмкіндік
береді, ол негізгі артықшылығы болып табылады. Тағы бір артықшылығы оқытушы
мен оқушының арасындағы сұқпатты ұйымдастыру мүмкіндігі.
Офлайнды ЭО кез келген персоналды компьютерде жұмыс істеуге
болады(кейде белгілі бағдарламаны орнату қажет). Офлайнды ЭО-дың негізгі
форматтары - pdf, html, flash, nb(Mathmatica форматының жүйесі), әртүрлі
презентациялар (PowerPoint форматы және оның аналогтары), тексттік
документтер және әртүрлі мультимедиа приложениялары. Офлайнды ЭО-ты кез
келген жерде қолда бар құрылғылар көмегімен жасауға болады.
Материалды жеткізу формасына байланысты барлық ЭО-ты төрт типке бөлуге
болады. Ол ЭО-тың ең қарапайым тексттік документ типінен қазіргі заманғы
электронды курсқа дейінгі эволюциясының пирамидасын құруға мүмкіндік
береді (1-сурет).
Тексттік документ қарапайым электронды оқулық болып табылады. Ол
қағаз түріндегі материалдың электронды(сканерленген), сонымен қатар өзіндік
шығарған өнім болуы мүмкін. Бірақ MS Word-та терілген текстті форматтаусыз
және қарапайым қалыптамаусыз ЭО деп атауға болмайды. Өткені қағаз жүзіндегі
оқулық – ол ең бірінші оқулық: қалыпқа келтірілген, гост және белгілі
стандартқа сәйкес форматталған текст, сондықтан көркемдеу кезінде аналогты
талаптар(бірақ госстандарт әлі жоқ) электронды шығарылымдарға да қолданылуы
қажет.
Терілген текст – бұл тек дайындық, кейбір стандартты ұстанып, оны
көркемдеу қажет.
Электронды оқулықтың Тексттік документ типі - ол базалық тип, оқу
барысында оны тек қосымша материал ретінде қолдануға болады, бірақ мұндай
ЭО-ты кез келген оқытушы жоғарғы деңгейдегі ЭО үшін(жеке, сонымен қатар
специалист көмегімен) негіз ретінде дайындай алады.
Электронды кітап типіндегі электронды оқулық – бұл құрамында
қарапайым навигациялық элементтері: гиперссылкалар, құрамдалған, мазмұны
бар тексттік документ. Осы тип ең көп тараған, дәл осы типті әдебиеттерде
ЭО деп атайды. Электронды кітаптар html, pdf форматында өте жиі кездеседі.
Мультимедиялық ЭО құрылымы күрделі болып келеді. Ол өзінің жеке
қабықшасына, сызықсыз құрылымына, видео және аудиоматериалдарына ие бола
алады. Оқушы деңгейіне сәйкес адаптирлейтін интерактивті элементтер болуы
мүмкін. Бұл тип оқу процесінің интенсивтілігін жоғарылату үшін қазіргі
заманғы технологияның барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Бірақ, мұндай ЭО жасау айтарлықтай ресурстарды талап етеді.
Электронды курс типіндегі электронды оқулық әдетте дистанционды білім
алу жүйесімен бірге жасалады. Алдыңғы типтерден бұл типтің ерекшелігі
қосымша: ойындық, анықтамалық, сауықтырулық модульдерге ие болуы мүмкін.
Топтағы байланыс үшін әртүрлі оқушы мен оқытушы арасында форумдардың болуы.
Электронды курс бүкіл оқу барысында білімді тексеру жүйесіне міндетті
түрде ие болады, және кейде артық ақпараттар мысалы, анықтамалық немесе
сауықтырулық сипатындағы.
1.1-сурет. Материалды ұсыну деңгейіне бойынша ЭО типологиясы
Өзіндік оқу кезіндегі ақпараттың ұсынылуы мен қабылдануы. Адамның
электронды оқулықпен қарым-қатынасында негізгі рольді иньерфейс ойнайды.
Сонымен қатар Interface – бір жүйенің басқа жүйемен сөйлесу құрылғысы.
Біздің жағдайда бұл адам мен электронды оқулық арасында сұқпаттасу
құрылғысы.
Орналасу жағдайы, көлемі, түсі, динамикалық сценарий міндетті түрде
ақпараттың қабылдануына әсер етеді және оны ЭО құру барысында қажетті
мақсатқа жету үшін қолдану қажет.
Дисплей экранындағы ақпарат – өзіндегі зат, құрамында белгілі бір
базалық факты бар. ЭО-ты оқитын адамның тәжірибесінің, интеллектінің,
жасының әртүрлілігі, алған білімнің автордың ойынан өзгеше екеніне алып
келеді. Бір ақпарат әр адамға әртүрлі беріледі, сондықтан әртүрлі адамға
бірдей түсінікті болатындай етіп жасау қажет.
ЭО-та текст кейбір білім фрагменттерінің негізгі тасымалдаушысы болып
табылады. Бұл танушы қимылдың тек бастапқы пункті емес. Бұл қимыл жол табу
керек, соңғы мазмұнмен де текст байланысты.
Адам қабылдайтын ақпараттың негізгі пайызы көрумен қабылданады.
Визуалданған материал кезектік сөздікке(тексттік) қарағанда тезірек және
эффективтірек қабылданады және қорытылады. Өйткені образды түрде
көрсетілгендіктен, ттолық және бірден қабылданады. Белгілі механизмдерді
еске ала отырып, оқу материалының қабылдану процесін интенсивтілеуге
болады. Олар назардың кеңістіктің белгілі орнына аударылуына жауап береді.
Бұл – стимулды-жүргізуші және мақсатты бағытталған механизмдер.
Мақсатты бағытталған назары қабылдауды регламентирлейтін
(инструкцийлар, интерфейсті басқаратын элементтер) ережелерге бағынышты.
Стимулды-жүргізуші механизм кезекті қабылдау(түспен ерекшелеу,
иллюстрациялау және басқа да ерекшелейтін элементтер) процесінде назарды
басқаруға негізделген.
Сонымен қатар келесі ережелер жұмыс істейді: бірлік стимулдар назарды
реттеуді басқарады және күтпеген көру стимулы назарды жаулайды.
Периферилық сыбыр сөз(подсказка) (мысалы, толық әріп пайда болу керек жерде
сызықша болса) автоматты түрде назарды аударады, ал ортаңғы сыбыр сөз
(мысалы, сыбыр сөзге келтіретін бағыттауыш) саналы түрде назардың
аударылуын талап етеді. Белгілі мөлшерден кейін оқушының аса жүктелуіне
әкелетін ЭО-гы ақпараттың, тексттік көрсетілуіне толықтауыш болатын, мен
сияқты жаса методикалық тәсілдің жүзеге асырылуы үшін, назарды аударатын
механизмдерді пайдалану қажет.
Электронды оқулық көмегімен білім алу – ол әрқашан өзіндік оқу процесі,
тіпті ол сырттан оқытушы көмегімен болып жатса да. Өзіндік оқу түсінігі
ретінде сырттан корректирлеуі жоқ деп түсінеміз. Сондықтан электронды
оқулықтар білім алу процесімен басқару үшін өзіндік оқуға арналу қажет.
Өзіндік оқудың қандай негізгі принциптары бар?
1.2-сурет. ЭО-та өзіндік оқу принциптерін жүзеге асыру схемасы
Кез келген оқулықтың шешетін педагогикалық мәселелердің бірі болашақта
алатын білімге негіз бола алтындай білімді ұйымдастыру. Электронды
оқулықтың ерекшелігі болып қоғамның ақпараттық қоймасын емес, жеке адамның
негізіне, қалыптасуына және дамуына әсер етеді.
Электронды оқулықта ең бастысы оңың мазмұны, өйткені ол тематикалық
құрылымдық ақпарат арқылы беріледі және қабылданады, бұл оның бірінші
дидактикалық принципі болып саналады. Ол материалды бөлек оқу элементінде
немесе оқу бірлігінде назарды ұстап тұрып қадам қадаммен оқуға мүмкіндік
береді. Бұл үшін әр модульде оқу мақсатының тұжырымдамасы болу қажет.
Материалды оқу барысында қойылған мақсаттар белгілі жаңа білімнің,
қабілеттіліктің және әдістерді қабыл алуына гарантия беретінді білдіреді.
Модульде берілген материал басқа ақпараттық көз іздемейтіндей, оқуға
қойылған мақсатқа жететіндей, яғни өзіне жеткілікті болу қажет. Әр оқу
бірлігі мен оқу элементінің мазмұны білу активтілігіне стимулдау қажет,
материалды ары қарай оқуға құштарлығы болатындай етіп.
Әр модуль оқушыға өзінің қимылының бағасын және жеткізген
нәтижелеріне баға беру қажет. Оқушы мен оқу материалының арасындағы
байланыс интерактивті түрде болады, ол өзіндік оқуды жоғарғы деңгейде ұстап
тұруға мүмкіндік береді.
Ол үшін оқу материалы оқушымен диалогқа бағытталған болу керек. Бұл
оқушының формулданған сұраққа жауап бергенде, суретте кескінделген процесс
параметрінің өзгеру мүмкіндігі, ары қарай процесті немесе оның
сипаттамаларын қарауға болатын және т.б. элементтер арқылы іске асады.
Оқу материалын басқару мүмкіндігі көп болған сайын, оқушы диалогта
активтірек қатысады, сонымен интерактивтілік өседі. Оқушының білімінің
тұрақтылығына әкелетін кері байланыс та осылай жүзеге асады.
Өзіндік оқу терең түрде жекелендірілген және уақыттық шектеуге
келмейтін процесс. Оқушы білім алу процесімен өзі басқарады, оқылған
материалдың деңгейін бағалай, тек өзіне ыңғайлы басқару параметрлерін
таңдай және өзіндік оқуды аяқтауға қажет уақытты пайдаланады.
Оқулықтың электронды варианты бақылау құрылғыларына да ие, өйткені
білімді бақылау оқу процесінің негізгі мәселелеріне жатады. Оқу жүйесінде
көптен бері білімді бақылау ереже бойынша ауызша түрде жүргізілді.
Қазіргі замандағы этапта тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады.
Бірақ көбісі бұл позициямен келіспейді, өйткені тест материалды анализдеуге
мен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Дистанционды оқу жүйесінде жаңа
технологияларды қолдану мәселені жаңалай сапалы түрде шешуге мұрша береді.
Сонымен жаңа ақпараттық технолгияны қолдану, оқудың эффективтілігін
жоғарылататын, сонымен қатар оқушының өзіндік жұмысында баға жетпес құрал
болып табылады.
Белгілі болғандай, нақты пән саласын активті түрде қабылдап алу үшін,
тек теория бөлімін зерттеп қоймай, есептерді шешу арқылы практикалық
дағдысын ұйымдастыру қажет. Ол үшін зерттеліп жатқан процес пен жағдайдың
математикалық моделін құрастырып, шешімдер алгоритмдерін проектілеуді және
оны бағдарлама жүзінде іске асыруды үйрену керек.
Осы мақсатқа жету үшін электронды оқулық құрамына модельдік
бағдарламалар сериясы, графикалық көріністердің құрылымы мен алгоритмдердің
жұмысын қамтамасыз ету үшін және бұл тек оларды түсіну деңгейін жоғарылатып
қана қоймай, студенттің интуициясы мен бейнелі түрде ойлау қабілеттілігін
дамуына көмек етеді.
Электронды оқулықтың баспа өнімдерімен салыстырғанда артықшылығымен
кемшіліктеріне тоқталып кетейік. Электронды оқулықтың айтарлықтай екі
кемшілігі бар:
- Онымен жұмыс істеу үшін қосымша арнайы құрылғының қажеттілігі, ең
бірінші – компьютер сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандырумен және
сапалы монитормен, ал кейде компакт-дисктер үшін дисководтар немесе
желілік карталар немесе модемдер локальды немесе глобальды желі үшін.
- Үйренбеушілік, дәстүрлі еместікақпараттың электронды формада болуы
және монитормен жұмыс істегенде шаршау;
Электронды қулықтың артықшылығы әлде қайда көбірек:
- Оқушының индивидуалды сұраныстарына қолданушы интерфейстің
адаптирленуі мен оптималдануы. Оқулықтың құрылымын текстті немесе
гипертекстті ретінде, сонымен қатар фреймді құрылымдық оқулық, олардың
өлшемі мен толтырылуы өзгеруі мүмкін.
- Оқу барысында қосымша мүмкіндіктерді (мультимедиялық шығарылымдарда)
пайдалану мүмкіндігі, оқу материалын тез қабылдауға және есте сақтауға
мүмкіндік береді. Әсіресе, текстке анимационды модельдерді енгізу.
Егер лектор текстіне дыьыстық әсер қосса, эффекті жоғарырақ болады.
- Электронды оқулық маңайында қарапайым және қолайлы навигациялық
механизмдер құру мүмкіндігі. Баспа өнімдерінде мұндай мүмкіндіктер
екеу: мазмұны мен колонтитулы. Бірақ практикалық түрде жүзеге асыру
үшін оқулық беттерін беттеу қажет. Ал электронды оқулықта
гиперсілтемелер және фреймдік құрылым немесе көрініс картасы, беттерді
беттемей-ақ қажет тарауға тез көшіп кетуге және тез қайта оралуға
мүмкіндік бар. Сонымен қатар осы материал тараулар беттерін есте
сақтау қажет емес.
- Дамыған іздеу механизмі электронды оқулық шекарасындағы және одан
бөлек жерде. Гиперсілтемелер арқылы шығарылымының текст бойымен,
суреттерді қарастыруға, басқа шығарылымдарға жолығуға, тіпті оқулық
авторына түсінбеген мәселе бойынша, хат жазуға болады. Желілік оқу
құрылымында басқа студенттермен оқу материал жайлы өз жұмыс орнында
отырып сұқбаттасуға болады.
- Студент білімін бақылауды автоматты түрде жасау.
- Электронды оқулықтың ең маңызды артықшылығы студент пен оқулық
элементтерінің арасында интерактивті әсер ету мүмкіндігі.
Электронды оқулықтарды енгізілген жэағдайда библиотеканың функциясы да
өзгереді . Бұл жағдайда оның ролін электронды оқулық залы , коапьютермен
жабдықталған, локальді желіге қосылған, мәліметтер қорымен байланысқан.
Электронды оқулық құрар алдында мыналарды еске алған жөн:
- Дизайн мен оформление оқушыны оқу процесінен бұзьау қажет.
- Электронды оқулық шрифті ты кішкентай немесе тыпм үлкен болмау керек,
өткені ол да бала көңілін аударады.
- Қараңғы фонда жарық текст болмау керек. Одан көзі шаршауы және
назардың жоғалуы.
- Оқулықтағы анимация есептерді шешу жолдарын әдемірек көрсету керек.
- Оқулықта дыбысты пайдаланғанда оның сапасы материалдың қабылдануына
әсер етеді, сонымен қатар эстетикалық мазмұнына.
- Электронды оқулық максималды түрде баспа шығарылымынан өзгеше,
дыбыстық және эмоционалдық жазулар, есте сақтауға ыңғайлы болған
дұрыс.
1.2.Элекронды оқулық құру технологиясы мен құрылымы.
Әр бір өңделетін өнімнің технологиясы болады, яғни белгілі қағидалар
мен мақсаттарына сай құру әдісі.
Құрылымның дұрыс құрылуы өнім сапасына үлкен әсерін тигізеді.
Электронды оқулық құру технологиясы..
Электронды оқулықты құру құрылғыларын комплексті критерийларына сәйкес
соның ішінде қызметі және орындайтын функциялары, техникалық
қамтамасыздандыру талаптарына, қолдану ерекшелігі сияқты көрсеткіштеріне
байланысты бірнеше топқа бөлуге болады. Көрсетілген критерийлерге сәйкес
келесідей классификация мүмкін:
- Дәстүрлі бағдарламалық тілдер;
- Жалпы қызметке негізделген инструменталды құрылғылар;
- Мультимедиа құрылғылары;
- Гипертексттік және гипермедиа құрылғылары;
Ары қарай техникалық база ретінде көп тараған IBM сәйкес компьютерлері
айтылады.
Дәстүрлі бағдарламалық тілдер
Тікелей бағдарламалау құралдарымен құрылған электронды оқулықтың
сипаттамалық көрсеткіштері:
- жүзеге асыру стилінің әртүрлілігі(түстік палитра, интерфейс,
электронды оқулық құрылым, материалды көрсету әдістері және
т.б.);
- модификация мен бірге жүру қиындығы;
- жұмыс және уақыттың көп шығындалуы;
- аппаратты шектеулердің болмауы, яғни сәйкес техникалық базаға
ЭО құру мүмкіндігі.
Жалпы қызметке негізделген инструменталды құрылғылар
Жалпы қызметке негізделген инструменталды құрылғылар арқылы
квалифицирленген бағдарламалаушы болмаса да электронды оқулық жасау
мүмкіндігі бар. ЭО осы технологиямен проектілеу кезінде келесідей
мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
- ЭО құрылымын формалау;
- Текстті енгізу, өңдеу және форматтау(тексттік редактор);
- Статикалық көркемдік бөлігін дайындау(графикалық редактор);
- Динамикалық көркемдік бөлігін дайындау(дыбыстық және
анимациялық фрагменттер);
Орындаушы модульдерді қосу, басқа жасау құрылғыларын пайдалану арқылы
жүзеге асырылған және т.б.
Жалпы қызметке негізделген инструменталды құрылғылар мақтанышына
келесілерді жатқызуға болады:
- Электронды оқулықты бағдарламашы болмаса да жасау мүмкіндігі;
- ЭО жасау мерзімі мен жұмысының өте қысқа болуы;
- Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыздандыруға талаптың өте
жоғары болмауы;
Сонымен қатар бірнеше кемшіліктері бар:
- Байланысқан интерфейстің болмауы;
- Мультимедиа мен гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда
мүмкіншілігінің төмен болуы;
- Дистанционды білім алу бағдарламаларын құру мүмкіндігінің
болмауы;
Олардың құрамына Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис, Интегратор және
т.б. жатады.
Мультимедиа құрылғылары
Эксперттер жаңа технологияның пайда болмай тұрып, көптеген
эксперименттер жүргізіп, материалды қабылдау мен біраз уақыттан кейін
қалпына келтіру мүмкіндігінің арасында байланымты шығарды.Егер метериал
дыбыстық болса, онда адам материалдың 1\4 бөлігін есте сақтап қалады. Егер
ақпарат визуалды түрде берілсе, онда 1\3, ал материалды беру әдісі аралас
болса, онда жартыға дейін жоғарылайтын. Адам білім алу барысында адам
активті түрде қатысса, онда ақпараттың 75% есте қалады.Сонымен мультимедиа
дегеніміз бірнеше ақпаратты беру әдістерінің бірігуі – текст, қозғалмайтын
көріністер(суреттер және фотографиялар), қазғалатын
көріністер(мультипликация және видео) және дыбыс(цифрлы және MIDI)
интерактивті өнімде. Аудиоақпарат құрамына сөйлеу, музыка, дыбыстық
эффекттер кіреді. Бұл жерде ең маңызды сұрақ болып тасушының ақпараттық
көлемі саналады. Аудио мен салыстырғанда видеоақпарат көбірек элементтерді
пайдаланады. Ең бірінші мұнда кіретін статикалық видеоқатар, оны екі топқа
бөлсе болады: графика(салынған көріністер) және фото. Бірінші топқа
графикалық режимдағы әртүрлі суреттер, интерьерлер, беттер, символдар
жатады. Екінші топқа фотографиялармен сканерден өткізілген көріністер
кіреді.Мультимедиа өнімдерінің басқа ақпараттық ресурстардан бірден-бір
ерекшелігі үлкен ақпараттық көлемі болуы. Гипертексттік және гипермедиа
құрылғылары Гипертекст – бұл тексттік материалдың сызықсыз берілуі,
құрамында белгіленген сөздер бар, белгілі тексттік фрагментке байланысы
бар. Осылай қолданушы беттерді жай кезек-кезекпен беттемей, ол сызықты
суреттемеден сілтеме бойынша бөліне алады, яғни ақпаратты беру процесімен
өзі басқарып отырады. Гипермедиа жүйесінде фрагмент ретінде көріністер, ал
ақпарат текст, графика, видеофрагмент, дыбыстан тұруы мүмкін.
Гипертекстті технологияны пайдалану оқулықтың құрылымдылығы, қолдануда
ыңғайлылы сияқты талаптарын қанағаттандырады. Қажет жағдайда оқулықты кез-
келген серверде орнатуға және оңай өңддеуге болады. Бірақ оларға тән сәтсіз
дизайн, компоновка, құрылым және т.б.
Қазіргі таңда көптеген гипертекстті форматтар(HTML, DHTML, PHP және
т.б.) бар.
Құрылғыны таңдау критерийлары.
Құрылғыны таңдау кезінде оларды бағалау қажет:
- Белгілі конфигурацияның аппараттық құрылғысы;
- Сертифицирленген бағдарламалық жүйе;
- Қажет деңгейдегі специалисттер.
Сонымен қатар жасалып жатқан электронды оқулықтың қызметін ескеру
керек. Жаңа мәліметтермен толықтыру қажеттілігі, жадының көлемінің шектелуі
және т.б.
Мультимедиа мен гипермедиа құрылғылары технологиясының қарқынды даму
арқасында көптеген персоналды компьютерлерге орнату арзан болып келеді.
Сонымен қатар аппараттық құрылғылардың қуаттылығы мен тез жұмыс жасауы
жоғарыда айтылған құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Электронды оқулық құрылымы.
Қажетті құрылымдық элементтер. Электронды оқулықтың негізгі құрылымдық
элементі – модульдік құрылымды гипертекст.
Гипертекст – бұл мәліметтермен басқару әдісі, мұнда мәліметтер,
түйіндер желісі түрінде ұйымдастырылған және өзара байланыстармен
біріктірілген. Түйіндер тексттік документтер, графикалық суреттер,
видеофильмдар, аудиожазбалар және т.с.с. түрінде болуы мүмкін[4].
Гипертекстте навигация байланысы гиперсілтемелер арқылы, яғни тышқанды
шерту арқылы көрсетілген жерге тез көшу мүмкіндігімен жүзеге асады.
Қолданушы оқулықтың құрылымдық навигациясын оңай түсіну керек. Ал навигация
тек оқулық құрылымын ғана есепке алмай, сонымен қатар оның әр бетімен жұмыс
жасауға ыңғайлы жасайды.
Навигацияның негізгі принциптерінің бірі – кез келген жерден қажетті
жерге тез көшу[15]. Ол мазмұнға қол жеткізу арқылы жүзеге асады (немесе
әрқашан экранда бар болады, немесе бір басылым арқылы оған көшу).
Іздеу жүйесінің бағасын асыра бағалап жіберу мүмкін емес, өйткені ол
көптеген функцияларды орындай алады: іздеу, навигация, жүйелеу, оқулық
туралы ақпаратты мазмұнды түрде көрсетеді.
Ақпаратты жеткізудің әртүрлі жүйелері үшін индивидуалды алға, артқа
батырмалары және басқа да басқарушы элементтер, навигацияның қажеттілігі
болып табылады. Сондықтан әлі ЭО-ты ұйымдастырудың дидактикалық принципін
жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер беретін көптеген құрылымдық элементерді
ерекшелеуге болады. Бұл элементтер технология дамуына байланысты өзгеріп,
мүмкіншілігі кеңейе береді.
Бүгінгі күнгі көрсетілген қарапайым мүмкіндіктермен шектелуге тура
келеді.
Навигация панелі(құрылдар): электронды оқулықтың интерфейс элементі,
курстың құрамындағы кезектегі орнын көрсетіп тұратын және бөлімдер арасында
тез ауыса алатын.
Мазмұны: жайылған құрылым, ол бір темадан басқа темаға ауысуға мүмкіндік
береді
Бірге жүру(сопровождение) элементтері. Мысалы, глосарий, іздеу, Help,
әртүрлі анықтамалық материалдар, бағыттауыштар, библиографиялық
негіздемелер тізімі, білімнің алдын-ала қажетті мәліметі, инструкциялар
және т.с.с.
Электронды білім шығарылымдарының құрылымын құру негізі ішіне кіретін
компоненттердің ерекшеленуі және олардың арасындағы өзара байланысты
орнату.
Электронды білім шығарылымдары біртұтас оқытушы және интерактивті
бағдарламалық жүйе болып қарастырылады.
Осыған байланысты электронды оқулық құрылымын әртүрлі көзқарас жағынан
зерттеген орынды: оқу материалының мазмұныны бағасы, жүзеге асыру позициясы
жағынан да дидактикалық және методикалық функциялардың көрінісі.
Құрылым философиялық категория сияқты мазмұнның болуының формасы.
Оқулықтың құрылымын зерттеу үшін оның белгілі компоненттерін мүшелеу және
оған бүтіннің метақұрылымының қажетті элементі, органикалық бөлігі ретінде
қарау қажет[5]. Білім беру жүйесі осындай метақұрылым ьолып табылады.
Электронды оқулық жағдайында оның білім алу құрылғысының ядро ретіндегі
ролі сақталып қана қоймай, компьютердің есептеуіш және байланыстық
мүмкіндігін пайдалана, жаттығулар мен есептер жинағының, өзіндік жұмысқа
нұсқаудың, анықтамалық әдебиеттердің, экспериментальды жабдықтарды,
приборлар, тіпті натуралды объектілерге ұқсату орнын баса алады, сонымен
қатар электронды оқулық білім алу процесін басқаруға оқушының өзіне
мүмкіндік береді.
Бұл электронды оқулықты дәстүрлі оқу құрылғыларын орнын басып қоймай,
оның мүмкіндіктерін кеңейтетін көпфункционалды жүйе етеді. Оқулықтың
жүйесінің құрылымдық бөліктерінің маңызды бөлігі болып оқу материалының
тексттері, тексттен бөлек компоненттері және көрсетуді басқару
компоненттері саналады.
Дәсьүрлі түрде Текст – оқулықтың негізгі қаңқасы болып табылады,
оның мазмұнын ашатын, оқу материалының аргументациясы мен кезектелген және
максималды толық баяндалуын қамтамасыз етеді; текст – білім саласының
негізімен мазмұнының көлемін анықтайтын негізгі ақпарат тасымалдаушысы.
Тексттік компонент негізгі, қосымша және түсініктемелік тесттер болып
бөлінеді.
Тексттен бөлек компоненттер текстке қызмет етуге, оның қабылдануын
ұйымдастыруға, түсінуді жеңілдетуге, оқудың мотивациясына мүмкіндік
туғызуға арналған. Қабылдануды ұйымдастыру аппараты – бұл сұрақтар мен
тапсырмалар, оларға жауап, сонымен қатар жүйелендірілген және
жалпыландырылған таблицалар. Көркемдік материал суреттер, схемалар,
карталар, фотографиялар және т.с.с. түрінде беріледі.
Оқу материалын көрсетуді басқару компоненттері құрамында тұспал
аппараттары, құрамында мазмұны, тақырыптамасы , параграфтары, атаулы және
заттық көрсеткіштері бар, және қажет ақпаратты тез табу мүмкіндігін
қамтамасыз ету қажет.
Жоғарыда айтылғандардан электронды оқулық құрылымында оқу материалының
мазмұнының жүзеге асуының формасы ретінде дәстүрлі оқулық кітаптарының
құрылымынан тексттен өзге компоненттерінің күшейтілген ролімен айтарлықтай
айырмашылығы болу қажет, сонымен қатар оқу ақпараттарының көрсетілуі
прцедурасын басқаратын арнайы жүйенің пайда болуы.
Ақпараттық дисциплина үйрету спецификасы түсіну жүйесі оларды бір
жүйеге жинақтайтын иерархиялық құрылымды құрастырады деп болжайды. Белгілі
түсініктер мен онымен байланысты көріністерді кескіндеу электронды
параграф оқытушы бағлдарламалық модулін пайдаланғанда жүзеге асады.
Электронды оқулықтың құрамындағы электронды параграфтардың өзара байланысы
білім облысындағы түсініктер арасындағы логикалық байланысқа сәйкес болу
қажет.
Электронды оқұ құралы анықтамасына сәйкес баспа нұсқасына дидактикалық
сапасын жоғалтпай түспейді. Осыдан, ол міндетті түрде бірнеше, мысалы
динамикалық, бағдарламаны басқаратын компоненттерден тұру қажет. Көп
жағдайда электронды оқулықты жасаушы авторлар тек спецификалық
интерфейстерді сипаттаумен шектеледі. Төменге құлайтын иерархиялық менюдың
болуы электронды оқулық құрылғысының дидактикалық сапасын көрсетпейді, ол
тек оқу материалының мазмұнының иерархиясын, яғни электронды оқулықтың
сыртқы, визуалданған құрылымын білдіреді.
Қолданушы интерфейс әдеттегі оқулықтың ориентирленген аппаратының
аналогы болып табылады. Электронды оқулықтың ішкі құрылымы ЭЕМ-ге арналған
бағдарлама сияқты қиын болып келеді. Бұл жағдайда гипертексттік
байланысының типі бойынша жеке элементтер арасындағы байланыс орнатылуы
мүмкін[6]. Олар біле тұра сызықсыз құрылымды тапсырады.
Электронды оқу шығарылымында есеп жүйесі ерекше мәнге ие.
Анықтамалардың өзінің нақтылығына байланысты құрылымы бірнеше деңгейден
тұруы мүмкін.
- оқылған әр түсініктемені нақтылайтын есептер
- бір деңгейдегі дисциплина ішіндегі түсініктемелерді логикалық
байланыстыратын есептер(бірдеңгейлі байланыстар)
- әртүрлі деңгейдегі дисциплина ішіндегі түсініктемелерді
логикалық байланыстыратын есептер (деңгей аралық байланыстар)
Айтылған әр есептер бірнеше мысалдан тұратын білімнің қабылдану деңгейін
этапты түрде жоғарылататын комплексті мысалдардан тұруы мүкін:
- оқу материалының жаңа элеменеттеріне бастапқы мәлімет беретін
танысу-білімі мысалдары,
- көшірме білім құруды қамтамасыз ететін типтік мысалдар,
- Оқушыға белгілі білімді өзіндік өңдеуді талап ететін және
эвристик білімін құрастыратын мысалдар.
Төртінші деңгей өнімді шығармашылық қызметке сәйкес болғандықтан,
жүзеге асу қарапайымдылығына байланысты тізімге кірмейді.
Электронды шығарылымдарға инструменталды жүйені пайдалану өте орынды.
Кейбір жағдайда бұл жүйе электронды шығарылымның эффективтілігін
төмендетеді, бірақ бағдарламалау тілдерін жасау кезде пайдалану өнімнің
эффективтілігін жоғарылатады. Бірақ бұл өнімді жасау бағасы қиындайды және
жоғарылайды.
Компьютерлі оқу бағдарламасын жасауға арналған белгілі инструментальды
құрылғылар (жүйелер) тізімі жеткілікті жоғары. Бұл құрылғылардың ең басты
артықшылығы қолданушыдан бағдарламалау тілдерін білу міндетін талап
етпейді[7]. Олардың қатарына “Learning space”, “Гипер-метод” және т.б.
жатқызуға болады. Бұл құрылғыларды пайдалану өте орынды.
Жүйе интерфейсі Windows операционды жүйесінің браузерінің стандартты
интерфейсіне сәйкес келеді.
Егер электронды оқу шығарылымын келесі схема бойынша тестілегенде:
1) енгізілген барлық жауап дұрыс,
2) енгізілген барлық жауап дұрыс емес,
3) енгізілген жауаптар дұрыс және бұрыс,
жұмыс барысында мүмкін болатын қателерді және оқушының білім деңгейін
бағалауының корректілігін анықтап көрсетеді.
1.3.Қойылған мәселелер:
- Электронды оқулық құру технологиясын таңдау
- Оқулықты жасау ортасы
- Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы бойынша ЭО құрамын
жасау
- Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы бойынша электронды
оқулықты Borland Delphi ортасында HTML гипертекстті тілінің
көмегімен құру
- Экономикалық бөлім
- ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРШАУ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. СЫЗЫҚТЫ АВТОМАТТЫ РЕТТЕУ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ
(САРЖТ) ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ.
2.1. Теориялық бөлім
Автоматты басқару және реттеу теориясы — автоматты реттеу жүйесін
талдау, синтездеу тәсілдерін және құру принциптерін зерттейтін ғылым.
Автоматты реттеу теориясында шешілетін автоматты реттеу жүйесінің
объект параметрлерін тұрақтандыру мәселесі, автоматты басқару теориясының
жалпы мәселесінің дербес түрі болып саналады[2].
Ал біздің жұмысымызда осы автоматты басқару және реттеу теориясының
бірінші бөлімі Сызықты авттоматты реттеу жүйесінің теориясын қарастырамыз.
Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәнін оқытудың мақсаты – ол
АБЖ-ның негізгі түсініктерін оқу, кездейсоқ әсерлер болған және болмаған
жағдайдағы сызықты, дискретті автоматты басқару жүйелерін синтездеу және
талдау әдістерін оқу және меңгеру болып табылады.
Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді білу қажет: жоғарғы математика,
физика, электротехниканың теориялық негіздері, информатика, механика,
инженерлік және комьютерлік графика.
Пәннің мазмұнына тоқталсақ, пән бірнеше тараудан тұрады. Кіріспе
бөлімінде автоматты басқарудың техникасының және теориясының даму және
қалыптасуының қысқаша тарихи очеркі көрсетілген.
Бірінші тарау – Автоматты реттеу жүйесінің жалпы принциптері,
математикалык аппараттар деп аталады[2]. Бұл тарауда негізгі түсініктемелер
мен анықтамалар берілген.
Автоматты реттеу жүйесінің функционалдық және алгоритмдік құрылымы
сипатталады. Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет
атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика
элементтері не құралдары деп атайды. Элементтерді жүйеде атқаратын
қызметіне қарай салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы,
түрлендіруші және атқарушы деп ажыратады.
Автоматты басқару жүйесін жіктеу жүйенің тағайындалуы мен
конструкциясын сипаттайтын және басқа да принциптер мен белгілер бойынша
жүргізілген.
Автоматты реттеу теориясында пайдаланылатын математикалық аппараттар –
Комплекстік жазықтық, комплекстік айнымалылар функциясы, Тейлор және
Маклорен қатарлары, Лаплас және Фурье түрлендірулері.
Екінші тарау – Автоматты реттеу жүйесінің статикасы мен динамикасы.
Автоматты басқару жүйелерінің, олардың жеке буындарының және қосылыстарының
қасиеттері олардың сипаттамаларымен айқындалады. Сипаттамалар статикалық
және динамикалық болып келеді.
Реттеу статизмі және статикалық сипаттамаларды корректирлеу, автоматты
реттеу жүйесінің қозғалыс теңдеуі және оны сызықтауға түсініктемелер
берілген.
Автоматты реттеу теориясында қолданылатын әсерлер мен сигналдарды
типтік түрге келтіру қарастырылатын жүйелерді зерттеуді және математикалық
тұрғыда талдауды едәуір жеңілдетеді.
Үшінші тарау – Автоматты реттеу жүйесінің[2] динамикалық
сипаттамаларына тоқталады. Басқарудың автоматты жүйесіндегі буынның беріліс
функциясы деп, нөлдік бастапқы шарттардағы шығыстық пен кірістік шамалардың
арасындағы Лаплас бойынша өрнектелген кескіндерінің қатынасын айтады.
Осымен қатар типтік қосылыстарға сипаттама берілген. Құрылымдық схемаларды
пара-пар түрлендіру. Буынның не жүйенің уақыттық сипаттамасы деп кіріске
қайсыбір типтік (тектес) ықпал әсер еткендегі уақыт ағынындағы шығыстық
шаманың өзгерісін айтады. Жиіліктік сипаттамалар, жүйесінің дәлдігі
көрсетілген.
Төртінші тарау – Реттеу жүйесінің типтік буындары және олардың
сипаттамалары. Буындарды: инерциясыз, бірінші ретті апериодты, екінші ретті
апериодтық, тербелмелі, дифференциалдаушы, интегралдаушы, кешігу буындарға
жіктеу.
Бесінші тарау – автоматты реттеу жүйесінің орнықтылығын талдау. Жүйенің
орнықтылығы деп оның тепе-теңдік күйінен ауытқуына себеп болған әсерді алып
тастағаннан кейін, бастапқы орнықтылық қалпына оралу кабілеттілігін айтады.
Ляпунов бойынша орнықтылықты зерттеудің жалпы әдісі, Раус–Гурвиц, Михайлов,
Найквист, Логарифмдік жиіліктік сипаттамалары бойынша орнықтылық
критерийлары берілген. Орнықтылық қоры туралы түсініктемелер бар.
Алтыншы тарау – реттеу сапасын бағалау. Реттеу сапасының негізгі
көрсеткіштері. Автоматты реттеу жүйесiнің қозғалыс орнықтылығы оның
негізгi, бiрақ жеткiлiктi емес қасиетi болып табылады. Асыра реттеу, реттеу
мерзiмi, қалыптасқан статикалық ауытқу. Реттеу сапасының жанама бағалары.
Жанама бағалар деп өтпелі процестің жеке ерекшеліктерін сипаттайтын кейбір
шамаларды айтады. Реттеу сапасының интегралдық көрсеткіштері. Реттеу
сапасын жиіліктік әдіспен бағалау. Бұл әдіс Фурье түрлендіруіне және тұйық
АРЖ өтпелі процесі мен комплексті жиіліктік сипаттама арасындағы бірмәнді
байланыстың болуына негізделген. Тұйық жүйенің нақты жиіліктік сипаттамасын
ажыратылған жүйенің амплитуда-фазалық сипаттама арқылы графикалық әдіспен
салуға болады.
Жетінші тарау – сызықты автоматты реттеу жүйесінің синтезі. Жүйенің
синтезі деп автоматты реттеудің белгілі сапа көрсеткіштері бойынша оның
құрылымдық схемасын, элементтері арасындағы байланыстарды анықтауды айтады.
Автоматты реттеуiштер мен реттелу объектiсi қосылып автоматты реттеу
жүйесін құрайды. Автоматты реттеуiштер деп реттелетiн шаманы берiлген
деңгейде белгiлi бiр дәлдiкпен ұстап отыратын құрылғылар жиынтығын айтады.
Уақыт бiрлiгiндегi байланыс сипаты бойынша реттеуiштер дискреттi және
үзiлiссiз болады. Реттеу заңы бойынша реттеуiштер пропорционалдық (П),
интегралдық (И), пропорционалдық-интегралдық (ПИ), пропорционалдық-
дифференциалдық (ПД), пропорционалдық-интегралдық-диффере нциалдық (ПИД)
болып ажыратылады. Реттеу заңына туындыны және интегралды енгізу. Жүйенің
қалаулы логарифмдік жиіліктік сипаттамасын алу. Коррекциялау құрылғыларының
синтезі. Инварианттық теориясынан қысқаша түсініктер берілген.
2.2.Тәжірбиелік бөлім
Сызықты автоматты реттеу жүйелері теориясының есептер жинағы – Сызықты
Автоматты Басқару Жүйесі Теориясының барлық бөлімдерін қамтитын есептерден
тұрады. Бұл есептерде автоматты жүйелерді құру және талдау мәселелерінің
негізгі кезеңдері қарастырылған[4]:
1) тағайындалуына қарай автоматты жүйе принципиалды схемасын құру және
құрылымдық схема негізінде буындардың немесе бүкіл жүйенің дифференциалдық
теңдеулерін салу;
2) жүйенің статикалық есептеу және статикалық қателіктің жарамды
шартынан жүйенің параметрлерін таңдау;
3) Автоматты жүйенің орнықтылығын зерттеу және оның екпін қисығын
тұрғызу.
Есептер жинағында әрбір тақырыпқа деген қысқаша теориялық түсініктеме,
типтік есептер және оларды шығару мысалдары берілген. Сонымен қатар
студенттердің өз бетімен шығаруы үшін типтік есептер берілген, өзін-өзі
тексеру үшін есептердің жауабы да беріледі. Есептер жинағы алдындағы
теориялық материалға негізделіп жасалған.
3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ. BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА HTML ТІЛІ
КӨМЕГІМЕН ЭО ӨҢДЕУ.
Жоғарыда көрсетілген технологияларды қарастыра отырып, мүмкіндігі мен
артықшылығына қарай:
- Дәстүрлі бағдарламалық тілдер;
- Гипертексттік және гипермедиа құрылғылар;
технологиялары таңдалды.
Ал қазіргі таңдағы дәстүрлі бағдарламалық тілдерді анализдей келе,
Borland Delphi ортасы мен HTML тілі таңдалды.
Осы кестеден көріп отырғанымыздай Delphi тілінің мүмкіндіктері жоғары.
Delphi тілінің тез өңдеу идеологиясының негізінде визуалды жобалау
технологиясы және оқиғалы нысанды-бағытталғын бағдарламалау, оның мағынасы
өңдеу ортасы өзіне көп жұмысты алып, бағдарламалаушыға диалогты терезелер
мен оқиғаны өңдеу функциясын құру конструкциясын құруды қалдырады. Delphi
тілі бір терезелі қарапайым бағдарламалардан күрделі мәліметтер қорын
басқаруды реттеу бағдарламаларын құруға болады.
3.1.-кесте. Бағдарламалау тілдерінің салыстырмалы кестесі
Компоненттері диспетчерлік пунктарды және т.б. қызықты бағдарламалық
құрылғыларды құруға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықта ең бастысы оның мазмұны, ал ол тематикалық
құрылымдық ақпарат арқылы беріледі және электронды оқулықтың алғашқы
дидактикалық принципі болып табылады. Тематикалық құрылым оқу материалын
қадам-қадаммен оқуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр модуль белгілі
материалдар оқу мақсатына сай тұжырымдалған болу керек.
3.2-сурет. Сызықты Автоматты Басқару Жүйесі Теориясы пәні бойынша
электронды оқулықтың құрылымдық сұлбасы.
Құрылымдық схемада көріп отырғандай электронды оқулық үш бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім лекционды материалдар, екіншісі – есептер бөлімі, ал
үшінші бөлім – глосарий(3.2-сурет).
Мұқаба бетінде оқулық аты және осы пән тақырыбтарының сипаттамалық
графиктері кескінделген. Арнайы батарма арқылы ішіндегі материалды оқып
қарастыруға, білім алуға мүмкіндік бар.
Дәстүрлі оқулық сияқты электронды оқулықтар да кейбір стандарттарға
сәйкес болу қажет. Ең бастысы кез келген оқулықта мұқаба міндетті түрде
болады. Бұл міндет электронды оқулыққа да тиісті. Сонымен Сызықты Автоматты
Басқару Жүйесі Теориясы пәні бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz