Моңғолстан



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Моңғолдардың шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Моңғолдардың тарихи этнотегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.МОҢҒОЛ елінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Моңғол елінің шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Моңғол империясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Моңғолдың құпия шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. Моңғолияның мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1.Моңғолиядағы қазақ әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2.Моңғол тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.3. Монғолиядағы қазақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе.
МОҢҒОЛТАНУ- тарих ғылымының Моңғолия мен Ішкі Моңғолиядағы жергілікті халықтарға байланысты мәселелерін зерттейтін саласы. 13- ғасырдың бас кезінде Шыңғыс хан басқарған моңғол мемлекетінің тарихи сахнаға шығып, аз уақытта орасан зор империяға айналуы Моңғолияның мәселесін сол кездің өзінде-ақ зерттей бастауға әкелді. Қытай , Еуропа, араб, түркі зерттеушілері моңғолдар, олардың атақты билеушісі Шыңғыс хан жөніндегі мәселелерге көңіл бөле бастады. Бірқатар еңбектер Шыңғыс хан жорықтарының ізі суымай жатып ақ жарық көрді. Мұндай зерттеулердің қатарына А.Жуайни, Мэн Хун, Марко Поло, Рашид әд-Дин, Плано Карпини және Вильгельм Рубруктардың еңбектерін жатқызуға болады. Орта ғасырлардың соңына қарай Еуропада Моңғол тақырыбына арналған шығармалар қатары толыға түсті. Ресейде Моңғол 19-ғасырдың орта кезінен бастап дами бастады. Моңғол мәселелері жөнінде Н.Я.Бичурин, П.Кафаров, С.Козин, Г.Е.Грумм-Грижимайло, В.Я.Владимирцов, Т.Н.Потанин, А.М.Позднеев, С.Е.Малов тәрізді ғалымдар қалам тартты. Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, П.К.Козлов, С.В.Киселевтар бастаған экспедиторлар моңғол жеріндегі түркілердің ежелгі астанасы – Қарақорымды ашып, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге Ноян жотасындағы археологиялық қазбалардың негізінде көне түркілік өркениеттің ізін тапты. Даниялық ғалым Вильгельм Томсеннің 1893 жылы Орхон-Енисей көне түркі жазуының сырын ашуы Моңғол мәселесін жаңа биіктерге шығарды. 20-ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Моңғол ісіне АҚШ, Жапония, Германия ғалымдары да ат салыса бастады. 20-ғасырдың ортасынан бастап Моңғол мәселесі тарих ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айналды. 1959 жылы 1-8 қыркүйекте Улан-Батор қаласында моңғолтанушылардың халықтар бірінші құрылтайына әлемнің 15 елінен 40 ғалым қатысты. Құрылтайға қатысушы ғалымдар халықаралық моңғол зеттеу одағын құрды. Қазіргі кезде Моңғол ғылымының аса көрнекті өкілдері қатарына В.Хаиссиг (Германия), Мураками Малансугу, Х.Линобу, М.Шимада және Умесао (бәрі де Жапониядан) , Ч.Бауден ( Англия), В.М.Солнцев, А.Деревянко (Ресей) Цай Мэбио (Қытай), Д.Кара (Венгрия), П.Аолто (Финляндия), т.б. жатады. Моңғолиямен соңғы жылдары қазақ ғалымдары да айналыса бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Елубай Оңдасын. «Байөлке жерім-2005ж.-20 –мамыр,1-2б.
2. Ғабитов, Тұрсын Хафизұлы, Өмірбекова, Маргарита Шаяқынқызы. Мәдениеттану негіздері: оқулық.-Алматы: Зият, 2003-240б.
3. Жұманбаева, Л.Қ. Ежелгі шығыс тарихы: Әдістемелік нұсқаулар.-Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2003.
4. Жолдасбеков М,Сартқожаұлы, Қаржаубай. Алтын арқаулы асыл мұра: //Егемен Қазақстан. -2005.-28мамыр. -4б.
5. Жұмағұлұлы, Арыстан. 1932жылғы аштықтан бері 73 жыл өтті:[Халық тағдыры] //Астана. -2005. №2.54-55б.
6. Зардыхан, Қиянат. Қазақтың абыройын асқақтатқан Дәуітбай: [Монғолиядағы қазақтары]//Қазақ елі.-2005.-20сәуір.-8б.
7. Кәмішұлы, Биқұмар, Биқұмарұлы,Өмірбек. Тектес халықтар.[Ғылыми зерттеулер мен деректемелер]//Қазақстан тарихы. -2006.-№5.-17-18б.
8. Кәмешұлы, Аманкелді. Монғолиядағы қазақтадың дәстүрлі шаруашылығы: Тарих ғылым. Д-ры ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты мамандығы бойыншаэтнография, этнология және антропология. –Алматы, 1998. -50б.
9. Құрманбайұлы, Ү. Ұлтыңды сүйсең, ұяңды қорға! //Қазақ елі.- қыркүйек. –б. 3.
10. Мешелқызы, Нұрсәуле. Абақ керейдің Монғолияға қоныстануы: тарих. //Қазақ тарихы. -2003. №2. -36-39б.
11. «Моңғол құпия шежіресі» [М.Сұланияұлының тәржімалауымен 1998 жылы Баян Өлгийде жарық көрді.] Алматы. «Улан – Баторда». - 2002 ж. қазақ тілінде.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Моңғолстан

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
1. Моңғолдардың шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Моңғолдардың тарихи
этнотегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.МОҢҒОЛ елінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

2. Моңғол елінің
шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Моңғол
империясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Моңғолдың құпия
шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Моңғолияның
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
3.1.Моңғолиядағы қазақ
әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Моңғол
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3.3. Монғолиядағы
қазақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе.
МОҢҒОЛТАНУ- тарих ғылымының Моңғолия мен Ішкі Моңғолиядағы жергілікті
халықтарға байланысты мәселелерін зерттейтін саласы. 13- ғасырдың бас
кезінде Шыңғыс хан басқарған моңғол мемлекетінің тарихи сахнаға шығып, аз
уақытта орасан зор империяға айналуы Моңғолияның мәселесін сол кездің
өзінде-ақ зерттей бастауға әкелді. Қытай , Еуропа, араб, түркі
зерттеушілері моңғолдар, олардың атақты билеушісі Шыңғыс хан жөніндегі
мәселелерге көңіл бөле бастады. Бірқатар еңбектер Шыңғыс хан жорықтарының
ізі суымай жатып ақ жарық көрді. Мұндай зерттеулердің қатарына А.Жуайни,
Мэн Хун, Марко Поло, Рашид әд-Дин, Плано Карпини және Вильгельм
Рубруктардың еңбектерін жатқызуға болады. Орта ғасырлардың соңына қарай
Еуропада Моңғол тақырыбына арналған шығармалар қатары толыға түсті. Ресейде
Моңғол 19-ғасырдың орта кезінен бастап дами бастады. Моңғол мәселелері
жөнінде Н.Я.Бичурин, П.Кафаров, С.Козин, Г.Е.Грумм-Грижимайло,
В.Я.Владимирцов, Т.Н.Потанин, А.М.Позднеев, С.Е.Малов тәрізді ғалымдар
қалам тартты. Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, П.К.Козлов, С.В.Киселевтар бастаған
экспедиторлар моңғол жеріндегі түркілердің ежелгі астанасы – Қарақорымды
ашып, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге Ноян жотасындағы
археологиялық қазбалардың негізінде көне түркілік өркениеттің ізін тапты.
Даниялық ғалым Вильгельм Томсеннің 1893 жылы Орхон-Енисей көне түркі
жазуының сырын ашуы Моңғол мәселесін жаңа биіктерге шығарды. 20-ғасырдың
алғашқы ширегінен бастап Моңғол ісіне АҚШ, Жапония, Германия ғалымдары да
ат салыса бастады. 20-ғасырдың ортасынан бастап Моңғол мәселесі тарих
ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айналды. 1959 жылы 1-8 қыркүйекте
Улан-Батор қаласында моңғолтанушылардың халықтар бірінші құрылтайына
әлемнің 15 елінен 40 ғалым қатысты. Құрылтайға қатысушы ғалымдар
халықаралық моңғол зеттеу одағын құрды. Қазіргі кезде Моңғол ғылымының аса
көрнекті өкілдері қатарына В.Хаиссиг (Германия), Мураками Малансугу,
Х.Линобу, М.Шимада және Умесао (бәрі де Жапониядан) , Ч.Бауден ( Англия),
В.М.Солнцев, А.Деревянко (Ресей) Цай Мэбио (Қытай), Д.Кара (Венгрия),
П.Аолто (Финляндия), т.б. жатады. Моңғолиямен соңғы жылдары қазақ
ғалымдары да айналыса бастады.

1.1.Моңғолдардың тарихи этнотегі.
Моңғолдардың тарихи этнотенгі жайлы оншақты пікір кездеседі.осы
пікірлерге тоқталып көрсек
1. Моңғолдарды қытайдың Ся әулетінің билеушісі Люй Гуй Зе тұсында
жәбір көріп батысқа қуылған Хунь-Юйдан немесе Қытай әулетінен тарады
делінетін болжам. Бұл пікірді Ся, Тан, Чин әулеті тарихының кейбір авторы
қолдайды.
2.Моңғолдарды Хун ұрпақтары деп қарайтын бағыт. Жапония тарихшысы
Сирратори және Моңғол тарихшысы А.Амар осы бағытты құптайды.
3.Моңғолдарды Оғыз-Түркі ұрпағы деп танитын болжам. Оны Рашид –ад-дин,
Әбілғазыдан бастап негізінен Парсы және Түрік тілді ғалымдар тобы қолдап
отыр.
4. моңғолдарды Шивэйлерден тарататындар. Бұл тарихта кәзірге дейін
біршама етек алған бағыт. Аталған бағытты көптеген Моңғол тарихшылары,
Қытай тарихшысы То Жи және басқалар қолдайды.
5. Саган-Сэцэннің Эрдэийн товч, Лувсанданзанның Алтын товч, Шар
тууж қатарлы моңғол жазбаларында моңғолдарды Үндінің Усан сандалт хан
әулеті немесе Моугаль тобынан тарататын болжам.
6.Моңғолдар Эргэнэ-қоннан тарап Сэлэнгэ арқылы Орхон өзені бойына
келіп қоныстанған көшпенділердің бір саласы деп қарайтын Г.Е.Грумм-
Грижимайло бастаған ғалымдардың пікірі.
7. Моңғолдарды Тоба-татарларынан сабақтап тарататын бағыт. Бұл Мин-
Ши (Мин әулеті тарихы) авторларынан бастау алады.
8.Тан Ши (Тан әулеті тарихының) Шивэйлер шежіресінде моңғолдарды
Киданның (Қара Қытайлар) бір саласы деп көрсеткен. Моңғол және шығыс
славяндық кейбір ғалымдар осы пікірді қолдайды.
9. Ерте-ақ айтылғанымен, ғалымдардың назарына ілікпей келе жатқан соны
болжамның бірі моңғолдарды Динлин (Ди) ұрпақтары деп қарайтын бағыт. Бұл
пікірді кезінде Иакинф Бичурин қолдаған. Соңғы жылдары аталмыш бағытты
қолдаушылардың белгілі өкілдерінің бірі ҚХР тарихшысы Сүрбадрах болып отыр.
10. Моңғолдарды Цухоу немесе Сог (Сақ)-тан тарата-тындар да
кездеседі. Міне , әзірше моңғолдардың ата-тегі төңірегінде айтылып келген
ғылымға бейімдеу негізгі болжам осылар.
Монғолдардың тегі жайлы Вэй әулеті тарихында былай деп жазады.
Дунхудан тараған Жоужуандардың бір атасы Юйцзюлюй деп аталады. Өткен
уақытта император Шэнь-Юан билігінің соңғы кезеңінде Вэй әулетінің атты
жендеттері шашы тура қас қабағынан басталатын бір құлды қолға түсірді. Ол
ата-тегі былай тұрсын өз атын білмейтіндіктен, билеушісі оны Мугулюй деп
атайды. Мугулюйдың мағнасы Юйцюлюймен бірдей қырыққан бас деген мағына
береді екен. Кейін оның ұрпақтары Юйцюлюлер немесе Мугулюйлар атанып кетті.
Мугулюйлер ер жетіп ат жалын тартып мінгесін, құлақтан босанып атқа
қонады. Әкесі Мугулюй өлгесін ер жүректілігімен аты шыққан оның ұлы
Цзюлухуэй алғаш ел билеп елін Жоужуан деп атап Вэй әулетінің билігіне
өтеді Мүндай аңыз-әңғімелер моңғол ұлтының тағдыры таразыға түскен Чин
әулеті тұсында біршама етек алып Моңғолдар қытайдың бір саласы-мыс
делінетін идеология деңгейіне көтеріледі. Бірақ қытай деректемелерінде
Монғол тегі қытайдан деп кесіп айтатын нақты дерек жоқ. Бұл жайды БЖС
дейінгі II-Iғасырда өмір сүрген қытай тарихшысы Сыма Цзянь мойындаған.
Қытайдың шығысындағы көшпенділер Мейлі ол Хундар болсын, мейлі Түрік,
Тонгус болсын қытай тегінен емес екендігінің бұлжытпайтын айғағы қытай
әулетінің шығысындағы көшпенділердің үздіксіз шабуылынан қорғану үшін, ұлы
ақ қамалды тұрғызуы. Ақ қамал шын мәнінде қытай әулеті және оның
батысындағы көшпенділерлің этникалық шекарасы іспетті болды.
Қытайдың ұлы Цин әулетінің ханы Цинь Шихуан ақ қамалды қайта
реттегенсін, БЖС бұрынғы 213-214 жылдары Вэй әулетінің әскери қолбасшысы
Мэн Хун Юй ұрпағы атындырған Хундарды Ордастан қуып шығады, бірақ Хун
тәңірі құты он жыл өткесін Ордасты қайтарып алған еді. Әрине бұл Қытай және
Хун аралық тайталастың бастамас ғана болатын. Тайталасыз ұзаққа созылды
және Дунху атанған көшпенділер нәсілжағынан Хань әулетіне жат екендігінің
куәсі болып тарихта қалды.
Бірақ қытайлар тарихтың қай кезеңі болмасын, әмір Шыңғысты тудырған
моңғолдардың өздеріне іш тартумен келеді. Мұндай іш тартудың және бір
көрінісі қытай жазбаларында моңғолдарды Тангус-шүршіт тобына жатқызып
көрсетуі болып табылады. Бұл қағида шүршіт-қытайлар моңғолдарды өзіне
бағындырған Чин әулеті тұсында тіптен етек алды. Бірақ Шүршіт-Қытайлар
жазбаларында Шүршіт-Моңғол бір нәсілден еді деп кесіп айта қоярлықтай
тартымды қисын дерек кездеспейді. Бұл тұста алға тартатын негізігі қисын
екі тайпаның жағрапиялық орналасуы мен тіл, мәдениет және типтік ұқсастығы.
Иә, екі тайпаның арасында мұндай кейбір ұқсастытардың бары рас. Бірақ бұл
ұқсастық екі қауымның қандастығынан ба? Жоқ әлде бүгіндер ғылымда белгілі
болғанындай екі тайпа жиырма ғасырдан астам уақыт қанаттас тұрып, сегіз
ғасыр бойы түріктердің билігінде, сегіз ғасыр бойы Қытай билігінде бірге
болғандығынан ба? Жоқ әлде моңғолдар екі ғасыр бойы Шүршіттерді, Шүршіттер
төрт ғасыр бойы моңғолдарды билеген тарихы және соңғы төрт ғасыр бойы бір
дінге бас ұрғандығынан ба? Әрине, бұл турасында сөз жоқ, екінші қисынның
салмақ тасы басым сияқты. Бірақ мұнда аталған жақындықтар екі әулеттің
қандастығының дәлелі бола алмайды. Шүршіттер орталық Азияның сонау
шығысын мекен еткен шөшен нәсілінен де, моңғолдар әуелі Шібіге орманын,
соңынан моңғол Ханғай жоталарынан бастау алатын үш өзен бойын мкекен еткен
ежелгі тайпалардың бірі. Міне, сондықтан аталмыш екі этносты жақын көрсетіп
тұрған сиқырлы күш екі тайпаның нәсілдік бірлігі дегеннен гөрі тарихи
тағдыр ұштастығы десек, сәл сенімдірек бола ма деп ойлаймын.
Кидан және моңғол ара жақындығы делінетін пікір де жоғары да айтылған
қисындарға саяды. Әсіресе орыс-славян жазбаларында Моңғол тілді Кидандар
делінетін тағылым көп айтылады.Бірақ шынайы тарихқа үңілсек, кидандар
ертеде қытай таңба жазуының негізінде жасалған Ихбичигі- ұлы жазу,
Багабичиг- кіші жазу жасаған және ол жазуларды Шүршіт, Моңғолдар
пайдаланғаны туралы болмаса, тура Кидандар моңғолша сөйлегені жайлы ешбір
мәлімет кездеспейді. Кидандар моңғол қыр көдесінде екі ғасырға жуық уақыт
билік құрғанның өзінде оның әлеуметтік рухани өмірі көрші қытай әулетінің
ықпалында болды.
Моңғолдар Кидан билігінде тұрған кездің өзінде моңғолдар кидандарды
кидан емес , қытай+д хыятад деп атаған. Мұнда хытай моңғолдардың
кидан тобына берген атауы да д әрпі моңғолша көптік жалғауы сөйтіп
моңғолдар хыятад (қытайлар) ұғымын жат мағынасында қолданады.
Тарихқа үңілсек, ертедегі Кидандар моңғолдарды өзіне етене жақын
санамаған. Цидани чицизи деп аталатын Кидан әулеті тарихи белгілеуінде
Артымызда Моңғол ұлысы тұр. Олар бізбен тыныш көрші деп жазған.
Тарихшы Сүрбатрахтың пайымдауынша, Кидандар юуй Вэй әулетінен тараған
Тобаларға жақын тайпа.
Он алтыншы ғасырдың соңынан моңғолдар будда дініне бас ұрған кезеңнен
бастап қарапайым өмірде моңғолдардың шығысқа бүйрегі бұрылып тұратыны
болғаны рас. Бірақ моңғолдың тарих ғылымы біз Қытай, Шүршіт немесе Кидан
ұрпағы едік деп әлі күнге дейін мойындаған емес, өйткені олай деуге
тұрарлық сындарлы дерек көзі жоқ.
Моңғолдарды Татарлар деп қарайтын пікірді де осы топтамаға
жатқызып қарау дұрыс сияқты. Өйткені моңғолдарды Татар деп қарау қытайдың
Мин әулеті шежіресінен бастау алады.
Татар атауы тарихта алғаш Күлтегін ескерткішіндегі Орхон-Енисей
жазуы арқылы белгілі болды. Монголын нигуча точиян жазбасында Татарлар
туралы арнайы бөлімдер бар және онда моңғолдар өздерін тартамыз дегені
былай тұрсын татарлады өзінің ата жауы санайды. Олай болса , татар кім?
Моңғолдар кімдер еді? Моңғолдар қалайша татар атанды деген заңды сауал
туындайды.
Татарлар ертеде Байкөлдің шығысын мекен еткен , ал шибэгээ ит тұмсығы
өтпейтін орманды алқап деген мағына беретін тунгус сөзі. Сибирия ұғымының
тегі осы Sivige -ден болуы мүмкін.
Сібір Тобалары алғаш Саяннан Хянган жотасына қоныс аударып , ондағы
Динлиндермен әуелі одақтасып, соңынан жауласып екі тарамға бөлінеді де,
бірі Байкөлге, енді бір бөлімі кәзіргі Шығыс моңғол даласы Хөлөн нуур,
Аргун өзенінің бойына келіп қоныс тебеді.
Байкөлге келген тобы Тан әулеті тарихында Ағаш атты түріктер (
Ағаш арбалы деген мағынадағы) деп аталатын жергілікті Түрік тобымен
қауымдасып түрік тіл мәдениетін қабылдайды. Хөлөн нуур, Аргун бойына келген
бөлімі ондағы Тунгус бөлімімен қауымдасып, тунгус моңғол тіл мәдениетіне
бейімделеді.
Ал тарихшы Сүрбадрахтың жазғанына қарағанда бұрынғы Газар уул,
қазіргі Эдзин гол Далан хар уулға ауып келді делінетін татарлар, олар
жоғарыда сөз болып отырған татарлар емес Ақ татар атанған Онгудтар
(уақтар) болуы мүмкін.
11-13 ғасырларда Хамаг моңғол әулетінің ата жауына айналып, Шыңғыс
хан арба теңестіріп көпшілігінің басын алған татарлар осы Хөлөн нуур,
Аргун татарлары, болса керек.
Сөйтіп Қытайлар шығысындағы көшпенділерді сұс бейнесіне қарап бірде
Дилер, бірде Дунхуларі Хун-ю-лар, Сун-ю-лар десе, бірде мекен
жеріне орай Ухуаньдар, Сяньбилер, Усуньдар, кейде қаһар қажырлығына
орай Тюкюттер деп түрлі түрлі атап келді.
Мин әулеті тұсында қытайдың шығысы Хөлөн, Аргун бойында жауынгер
Топалар пайда болды.Олар Ляо және Журчшень арасын жалғап тұрды және
көшпенділер арасында ықпалды болды. Қытайлар бұл тайпаны Топа, Зө-фө,
Тата деп түрлі-түрлі атап жүріп ақыры Моңғол қыр көдесін мекен еткен
барлық тайпаларды Тата немесе Татар атандырып жібереді. Мин әулеті
тарихында моңғолдарды алғаш рет Моңғол татарлары деп жазады.
13-ғасырдың басында Шыңғысхан батысқа лап қойғанда, дүбір иелерінің
этно атауы батыс жұрты арасын Татар-моңғол деген лақап атымен жетеді де
Татар-Моңғол шапқыншылығы атанып тарихта қалады. Міне , Татар , Моңғол
ара байланысының бір сыры осындай. Бірақ ол моңғолдар татардан шықты
деген сөз емес, екеуі мүлде бөлек этно топтан тараған қауымдар. Татарлар
ежелгі түріктердің бір саласы.
Соңғы жылдары моңғолдарды Динлин (Ди) әулетінен тарататын болжам пайда
болды. Бұл бағытты қолдушылардың қатарында Тибеттік Рун Сян , жапония
ғалымы Ширатори Хиракичи, ұлты Моңғол Қытайлық тарихшы Сүрбадрах бар.
Осыдан бірнеше жыл бұрын тибет ғалымы Рун Сян Моңғолдардың шығу тегін
төтелеп іздестіру жолдары атты еңбек жазып, онда моңғол әулетін ақ
Дилиндерден тараған деген болжам жасайды. Жапония тарихшысы Ширатрои
Хиракичи Моңғол ұлтының шығу тегі жайлы зерттеулер атты еңбегінде
моңғолдарды Хунюнмен тектестіру арқылы олардың Түркілік нышанына сілтеме
жасайды. Моңғолдардың түрік тегі жайлы сілтемелерді Араб тарихшыларының
арасынан да кездестіруге болады. Ибн Халдун Шыңғысханның он бір атасын
тарата келіп, Бұл татарлар (Моңғолдар) түркі халықтары тобынан еді деп
жазады. Хундардың тегі Дилиндер мен етене жақын екенін айтпағанда, Рун
Сянның болжамы ғылымдағы бірден-бір соны бағыт деуге болар еді. Бірақ Рун
Сянның басылым көрмеген қолжазбасында Дилиндер жайлы толық мәлімет
берілмеген. Бұл бағытты қолдаушылардың бірі қытайлық тарихшы Сүрбадрах. Ол
қытай тілінде Монгол үндэстний язгуур үүсэл Моңғол ұлтының шығу тегі
атты көлемді еңбек жазып 1988 жылы Бээжинде (Пекин) бастырды. Аталмыш еңбек
сол жылдың өзінде моңғол тілінде жарық көреді. Сүрбадрахтың пайымдауынша ,
Моңғолдар динлин ішіндегі ақ дилердің ұрпағы деп таниды.

1.2.МОҢҒОЛ елінің тарихы

Моңғолдар, моңғол тілдес халықтар;алтай тіл шоғырының моңғол тілінде
сөйлейтін (Моңғолиядағы халха, ойраттар мен Қытайдағы боань, дунсянь, даур,
барга, монгор, моңғолдар мен Ауғанстандағы моғолдар, Ресейдегі буряттар мен
қалмақтар) халықтар тобыың жалпы атауы. Моңғолдардың жалпы саны 7
миллионнан астам. (2000 ж). Олардың басым көпшілігі Қытайдағы Ішкі
Моңғолияда (5млн) Моңғолияда (2 млн-нан аса) өмір сүреді.

Моңғолдар
үлен моңғолоид нәсілінің орта азиялық түріне жатады. Моңғолдың көпшілігі
будда дінінің ламаизм тармағын ұстанады. Протомоңғолдық этностардың
қатарына ежелгі Қытай деректерінде келтірілетін түркі және тұңғыс-маньчжур
тайпаларымен араласқан дун-ху, сяньби, хи және шивэй кіреді. Моңғол
этнонимі 7-10 ғасырлардағы Қытай шежірелерінде мэн-гу, мэн-ва, мэн-гу-ли
түрінде кездеседі. Моңғол этнонимінің пайда болуы жөнінде ғылымда
бірнеше болжамдар бар.13-ғасырда қазірі Моңғолия мен Қытайдың солтүстік
шығысын мекендеген тайпалардың бір бөлігі Шыңғыс ханның басшылығымен
көршілес тайпа одақтар мен мемлекеттік құрылымдарды (қидандарды,
ұйғырларды, қыпшақ-тарды, таңғұттарды, меркіттерді, наймандарды т.б.)
бағындырып, біртұтас мемлекет құрды. 13-ғасырдың жартысында Шыңғыс хан
империясы бөлінгенде көпшілік М.Юань империясы тарап, М.Юань Қытайдан
қуылды. 15-ғасырда моңғол тілдес халықтар батыс және шығыс топқа бөлініп
кетті. Моңғолдың шығыс тобы 16-ғасырда солтүстік және оңтүстік болып
бөлінді. Солтүстік Моңғол 16-ғасырдан бастап Халха деп атала бастады
(қазір олардың ұрпақтары Моңғол Республикасы халқының 90 %-ын құрайды.
Моңғолдардың қазіргі әдеби тілінің негізі халха тілі болып табы-лады.
Оңтүстік Моңғолия Қытайдың құрамында қалып қойды. Қазі Қытай Халық
Республикасындағы ішкі Моңғолияда тұрады.Батыс Моңғолияда ойраттар 17-
ғасырда Жоңғар хандығын құрды, олар-дың ұрпақтары Моңғолиядағы, Қытайдағы
моңғол мен қалмақтар-дың құрамына енді. Барлық моңғолдардың материалдық
және рухани мәдениеті ұқсас. Дәтүрлі кәсіптері көшпелі мал шаруа-ылығы
(жылқы, сиыр, қой, ешкі, қодас, түйе өсіру). Егіншілік қосалқы рөл
атқарады. Ішкі Моңғолияда арпа, бидай,, жүгері, тары, зығыр өсіреді.
Қосымша кәсібі –аңшылық. Негізгі баспанасы – киіз үй. Ер адамдар мен әйел
адамдардың дәстүрлі киімдері-қапсырма шапан. Мерекелік киімдер жібек
матадан тігіліп,жеңсіз кеудешемен толығады. Бас киімдер пішіні мен жасалған
матери-лдары бойынша әр түрлі әлеуметтік топтарда бір-бірінен ерекшеленеді.
Аяқ киімдері -қалың табанды етік (гутул). Дәстүрлі тағамдары – ет
(негізінен қой еті, сиыр мен жылқы етін сирек жейді), әр түрлі сүт өнімдері
(ірімшік, май, сүт, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулатидың негізгі еңбегі “Тарихи-и-Рашиди”
Орта ғасырдағы исламның педагогикалық ойлары
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы
Әмір Темірдің өмірі
Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-Рашиди” атты еңбегі
Қазақстанның саяси жүйесі институттарының тарихи-эволюциялық тарихы
Көне Отырар жайлы
Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстандағы туристік өнім
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Пәндер