Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
- Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері.
1. 1 Кәсіпорын қаржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 8
1. 2 Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері . . . 15
2. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» акционерлік қоғамының мысалында»)
2. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы . . . 24
2. 2 «Қазпочта» акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау . . . 38
2. 3 Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау . . . 47
3. «Қазпочта» акционерлік қоғамының қаржысын басқаруды жетілдіру жолдары . . . 54
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің экономикасында басыңқы орынды түрлі саладағы өнеркәсіп кәсіпорындары алады. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының дамуына көп мән берілетіндігіне қарамастан, өндіруші өнеркәсібінің салалары Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.
Елде экономика саласындағы жинақталған ғылыми-техникалық әлеуеттің құнды элементтерін жоғалту қаупі өсті. Өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау мен инвестициялық белсенділіктің қысқаруы, төлем жүргізу дағдарысы мен бағалардың инфляциялық өсуі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы ауыр халге ұшырады. 90-жылдардың аяғына қарай экономика саласының жақсаруымен Қазақстанның өнеркәсіп өсуінің үлесі өсе бастады, әсіресе бұл соңғы жылдары байқалды.
Осы бағыт Президенттің халыққа жолдауында, яғни ел экономикасының өнеркәсіп саясатына арналған 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегиясынан көрінді. Қаржының құрылу процесі мен қаржыландыру көздерінің мәселесі нақтылы микро деңгейде елеулі маңыздылыққа ие болды.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттігіне жету үшін қаржы ресурстары болуы қажет және оларды құрудың жетілдірілген тәсілдерін қолдана отырып, жүйелі түрде көбейту қажет.
Сыртқы қаржылық ресурстарды тарту үшін әлеуетті табысты және инвесторларға тиімді кәсіпорындардың дамуы аса қажетті болып табылады. Сондай-ақ бұл жердегі тұрақты дамудың шарттарының бірі меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктігі және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудағы қаржы рыногының құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландырудың түрлі жолдары бар, бірақ солармен қатар ішкі қаржыландыруды да жетілдіру қажет. Акционерлік қоғамға айналған және мемлекеттік емес нысанға негізделген көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары қаржы қаражаттарының қажеттілігін ұғынуда. Инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруынан, яғни қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен мәжбүрлі тоқырау пайда болады. Осыған сәйкеc Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржысын құру мен оларды онтайлы басқару мәселесі өте күрделі.
Қаржы қызметінің басты мақсаты - кәсіпорынның және өндірістің тиімді дамуы және максималды табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін, қаржыларды қалай басқару керектігін, капитал құрамы мен білім беру көздері құрылымының қандай болу керектігін, қарыз және меншікті қаражаттардың қанша бөлігін алатынын жақсы білу керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының қаржысының құрылуын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру және мұңдағы оңтайлы жолдарды анықтау.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты, зерттелетін кәсіпорынның ақша қаражатын басқару тиімділігіне анализ жасау. Компанияның ақша қаражатын басқаруды жетілдіру бойынша кеңес беру және оларды жүзеге асыру. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету келесі міндетті мәселелерді шешуді қарастырады:
- шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызмет етуінде қаржының мазмұны мен ролін зерттеу;
- оңтайлы жолдарды қолдана отырып, кәсіпорындардың қаржылық әлеуетін көтерудегі негізігі қаржылық құралдардың маңыздылығын түсіндіру;
- қазіргі кездегі «Қазпочта» АҚ-ң мысалында ақша қаражатына талдау жүргізу.
- кәсіпорын қаржысын құруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.
- кәсіпорындарының қаржы ресурстарына талдау жүргізу.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржысын басқарудың теориялық негізі берілген және бұл басқарудың принциптері бөлініп көрсетіледі. Екінші бөлімінде зерттеліп отырған «Казпочта» кәсіпорнына мінездеме беріледі, дипломдық жұмыстың тақырыбымен байланысты кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері көрсетіліп, есеп айырысулар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптасады және үшінші бөлімде басқару бойынша берілетін кеңестер дәлелденді. Қорытынды бөлімінде «Қазпочта» АҚ-ның қаржысын басқарудың жетілдіру жолдарына ұсыныстар берілді. .
Ақша қозғалысына аудит және талдау жүргізу әдістерін зерделеу және ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Осы мақсатты ескере отырып дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- қаржылық есептіліктің аудитті жүзеге асырудағы және қаржылық жағдайды талдаудағы ақпараттық базасы ретіндегі мәнін ашу;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің қаржылық есептілік құрамындағы орнын негіздеу;
- нақты кәсіпорын мәліметтерінің негізінде, ақша қаражаттары қозғалысына аудит жүргізу тәртібін ашып-көрсету;
- ақша қаражаттары қозғалысына талдау жүргізу әдістерін зерттеу;
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талдау әдістерін меңгеру және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін дайындау.
Зерттеу пәні. Компанияның ақша қаражаттарын басқару үдерісі жатады.
Зерттеу объектісіне « Қазпочта» Акционерлік қоғам ақша қаражаттарына талдау жасау.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамға арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, қоғам қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, «Қазпочта» акционерлік қоғамның есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ қоғамның активі мен пассивін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - компанияның ақша қаражаттарының қазіргі кезде мекеменің өзбетінділігінің, экономикалық және заңды жауапкершілігінің, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мағынасының кенеттен артуымен, кәсіпорынның қаржысын рационалды басқару рөлінің артуымен байланысты анықталады
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудит пен талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, арнайы әдебиеттер, зерттеліп отырған мәселе бойынша шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломның құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, және 10 кесте, 4 суреттен тұрады.
1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпорын каржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады, мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде калыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 %-і салық түсімдері есебінен күралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері: бөліп-тарату, бақылау.
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек, ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан түрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда кұрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар: бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері, қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі рыноктық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т. б. ) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері: қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік, өзін-өзі қаржыландыру және басқару, жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік, қол жеткен нәтижелерді еселей түсу, қаржы резервтерін жасау, қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау, кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау. Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды калыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде кұру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және. ) жөнінде;
- кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бүзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын (үлес) енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу. ) ;
- өнімді түгынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін
енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде "тікелей" және "көлденең" өзара байланыста болуы [8] .
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі - бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы: қаржы әдістері, қаржы тетіктері, құқықтық қамтамасыз ету, нормативті қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады: бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі; екінші рыноктық қатынастар бойынша.
Қаржы әдістеріне бұдан басқа: шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау, материалдық ынталандыру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.
Рыноктық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау деген сөз.
Қаржы тетігі бұл - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу.
Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардьң объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі - бүл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет- профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаньң беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржыньң тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қагидаттар қойылған: басқарудағы демократизм, қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме, басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі, басқарудың ғылымилығы, орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;, басқарудағы жауапкершілік, шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша корлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатынын білдіреді. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі [9] .
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының - реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда рыноктық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған рыноктық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомостваларда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау - қаржылық немесе қаржыльқ-бухгалтерлік басқармалар жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық кұндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен сыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдылығын азайтуды және жоюды, ішкішаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомоствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы-өткізім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.
Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Төменгі буындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік(интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акцияның, вексельдің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады. Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар - олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда - акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. . Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вицепрезиденті (басқарушының орынбасарын) ; ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынысындағы жеке қызметшілер - шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (2-суретті қараңыз), әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.
Қаржы бөлімінің тұрпаттық құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы(қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары) ; банк және кассалық операциялар бюросы, есеп айырысу бюросы (сатып алушылармен есеп айырысу, тапсырыс берушілермен есеп айырысу топтары) . Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады.
Ірі кәсіпорындарда қаржы қызметін экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент(әсіресе, акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы бағынуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz