Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздеріБюджет жүйесінің экономикалық мәні мен ұйымдастыру

қағидаттары

1. 2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі бюджет жүйесін ұйымдастыру жағдайы

2. 1 Дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасының бюджет саясатын талдау және бағалау

2. 2 Бюджет жүйесінің түрлі деңгейлерінде бюджетті атқаруды ұйымдастыру және реттеу

2. 3 Алматы қаласының бюджетін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Курстық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Мемлекет бюджет жүйесін өзінің экономикалық өсуін ынталандыруға, инвестициялық белсенділікті реттеуге, ұлттық экономиканың басымдық сегменттерін қаржымен қолдау жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру кезінде экономикалық механизм ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелілігін арттырып, мемлекеттің экономикада өз қызметтерін тиімді атқаруына негіз болады және Қазақстан экономикасының дамуына кедергі келтіретін теріс тенденцияларды жеңуге қажетті жағдай жасайды.

Тақырыптың өзектілігі әлемде болып жатқан инновациялық даму мен қаржылық жаһандану кезеңінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бюджет жүйесінің қазіргі тетіктерін реттеу көмегімен оны жетілдіру жолдарын анықтау болып есептеледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экономикадағы бюджеттік тетіктерді реттеу мәселесі Қазақстанның және шетелдің қаржы ғылымында ортақ мәселе. Классикалық мектеп өкілдері А. Смит, У. Петти, Ж. Б. Сей, Дж. С. Милль өз еңбектерін мемлекеттің экономика салаларын қаржылық реттеу мәселесін зерттеуге арнады.

Сонымен қатар, бюджет мәселесін зерттеуге Дж. М. Кейнс, Р. Харрод, Э. Хансен, Дж. Хикс, Ф. Перру, Н. Калдор және тағы басқа ғалымдар өз үлестерін қосты, олардың идеясы бойынша экономиканы реттеу үшін бюджетті белсенді пайдалану керек. Әлеуметтік сала мәселелері неоклассикалық теория шеңберінде де толығымен бөлшекті түрде зерттелген. Олар салықтардың мөлшерлерін төмендетуді, бюджеттік тапшылықты жою мен жекешелендіруді экономикалық өсуді ынталандырудың құйралы ретінде пайдалануды қарастырған.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен ұйымдастыру қағидаттары

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейге жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді /1/.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері өзекті мәселелер қатарына жатып, ғылыми зерттеудің пәні болып табылады. Нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесінің болуы елдің экономикалық дамуын және саяси тұрақтылықты ұстап тұрудың маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманда мемлекет экономиканың өмірін енжар бақылаушы емес, керісінше елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатысып, қажет болған кезде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды да жүргізеді.

Тиімді қаржы-экономикалық саясат - қазіргі кезеңдегі қоғам өміріне қажетті жағдай. Мемлекет қызметін тиімді атқармаса, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуы мүмкін емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық мәселелеріне қайта оралып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да оны өзекті етеді /2/.

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған, үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуін куәландырады. Шаруашылық тәжірибе көрсеткендей, компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудағы уақыт кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша түсінуді қажет етті.

Экономикада мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жаһаңдану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті мемлекеттің сапасы жайлы мәселе туындайды.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған аяларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабына сәйкес бюджетке келесідей түсінік беріледі: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған ақша-қаражаттар қоры, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендірілуі - заң болып табылады /1/.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық қызметтерін орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік несиелер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттің белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі қызметтер атқару тән:

  • ұлттық табысты қайта бөлу;
  • әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
  • экономиканы реттеу мен ынталандыру;
  • ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

Мемлекеттік бюджеттік бөлу және бақылау қызметтері бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді /3/.

Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан, оның қызметтері де объективті. Бюджет қызметтерін бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адами іс-әрекет үрдісінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып және нақты түрде бюджеттік қатынастарды экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну үшін тиімді ұйымдастырылған бюджет жүйесінің мәні өте зор.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үдерісі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, аумақтық құрылысы мен бөлінісіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан Республикасы - федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет /4/.

  1. 1. 2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы нарық жағдайына бейімделіп, аяғына нық тұру үшін өзінің экономикалық, қаржылық, саяси және заң жүйелеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Бұл еліміздің үлкен саяси күш-жігерін көрсетеді. Тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың әр сатысында Қазақстан Республикасы өз алдына келесі ең басты мақсат қойды - сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мен халықтың қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыратын ашық, айқын, тиімді және тұрақты бюджет жүйесін құру. Соңғы макроэкономикалық көрсеткіштер мен орындалған мақсаттардың нәтижесі соңғы он жылда Қазақстан өз дамуында ілгерілей түскенін және бұл бюджет жүйесінің тиімді ұйымдастырылуымен тікелей байланысты екенін көрсетті /7/.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері бюджеттік жүйе көптеген өзгерістерге ұшырады, бірқатар реформалау кезеңдерінен өтті. /8/

Бірінші кезең (1992-1995жж. ) әлеуметтік салаға бағдарланған нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Осымен бірге, мемлекет көптеген объективті жағдайлардың пайда болуы салдарынан бюджет саласындағы ағымдағы мәселелерге көңіл бөлуге мәжбүр болды, ал бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өзгерістерге жүйелі түрде араласуға кедергі болды. Бұл кезеңде жаңа бюджеттік жүйе мен мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерінің құқықтық негіздері қалыптаса бастады. Осымен байланысты арнайы институттар пайда болды: Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау Комитеті және қазынашылық Комитеттері құрылды. Жаңа комитеттердің әлсіз мүмкіндіктері мен заң актілерінің толық болмауы бюджеттік үдерістің айқындылығын және қаржылық тәртіптің нығаюын тежеді. Бұл әсіресе бюджеттік құралдарды пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігіне кері әсерін тигізді. 1995 жылы жаңа Конституцияның қабылдануы бюджеттік жүйедегі реформалауды тездетті. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қызметтері мен өкілеттіктері айқындалды, екі деңгейлі бюджеттік жүйенің қызмет етуінің құқықтық базасы құрылды.

Екінші кезең (1996-1999жж. ) экономикалық өсумен басталды және бұл белсенді экономикалық саясат жүргізуге бастама болды. Осы кезеңде Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауатты өмір салты, сондай-ақ кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес қазақстандық қоғамның стратегиялық дамуының негізі болып қаланды. Сонымен қатар, бюджеттік жүйе мен мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерін жетілдіру мәселелері көтерілді.

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын арнайы орган Есеп комитеті құрылды. Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін жүзеге асырды. Бюджеттен тыс қорлар қызметтерін тоқтатты. Түрлі бюджет деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіктердің кеңеюі Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңын қабылдауға үлесін қосты. Бұл бюджеттің түрлі деңгейлері мен олардың арасында пайда болатын қатынастардың мәртебесін бекітті.

Осы кезеңде, 1998 жылы зейнетақы реформасы басталды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті.

Сонымен қатар, бұл кезеңнің ең маңызды шараларының бірі 1997 жылы қабылданған «Қазақстан 2030» Стратегиясы болып табылады. Аталған Стратегия Қазақстан Республикасы азаматтарының ұзақ мерзімде дамуының басымдықтарын айқындады. Реформалаудың бұл кезеңі Қазақстанның макроэкономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті, сонымен қатар институционалдық және нормативтік құқықтық база нығайды.

Үшінші кезең (2000 жылдан бастап) әлеуметтік саясаттың басымдықтарымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде мемлекеттің өркениетті дамуына қажетті көптеген стратегиялар мен заңдар қабылданды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызмет ету Бағдарламасы, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес Бағдарламасы, еңбек туралы заң, әлеуметтік әріптестік туралы заң, жұмыспен қамту туралы заң, мемлекеттік мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы заң, ҚР Салық кодексі, ҚР Бюджет кодексі, жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары.

Осыған байланысты Үкімет реформалардың әлеуметтік салаға бағытталуын күшейтті және жұмыссыздықпен күрес, кедейлікті төмендету шараларын жүзеге асыру қызметтерін жандандырды. Адам әлуетінің дамуы мен өмір сүру деңгейін тұрақтандыру мақсатында еңбек әлуетін жандандыруға, халық табыстарының деңгейін көтеруге тиісті қолайлы жағдайлар жасау арқылы және халыққа медициналық көмек көрсету, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы, кедейлікпен күресудегі әлеуметтік бағдарламалардың атаулы сипаты мен экономикалық сауықтыру шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделді.

Бюджеттік жүйені дамыту мен бюджеттің шығыстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру шаралары жалғасуда. Қазіргі таңда тек әлеуметтік маңызы зор жобаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қолжетімді құралдарын тиімді әрі рационалды түрде пайдаланылуы мақсатында экономикалық және құқықтық алғышарттардың маңызы жоғарылады. Сол себепті, бюджеттік үдеріске тікелей қатысушылар бюджет қаражаттары мен мемлекеттік мүліктің заңды және оңтайлы қолданылуы қоғам дамуына, еліміздің өркениетті өсіп-өркендеуіне пайдасы жоғары болатынын түсіну қажет /9/.

Бюджеттік үдерісті ұйымдастыру барысында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарау мен бекіту, бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік үдерістің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік үдеріс өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік үдерістің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.

Қазақстан Республикасының бюджеттік үдерісі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады, Бюджеттік кодекс және басқа да бюджеттік үдеріске қатысты заңнамалы-нормативтік актілермен реттеледі. Жалпы бюджеттік үдерісті ұйымдастыру келесі қағидаттарға негізделеді:

  • тұтастық - бюджет үдерісі маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік және статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
  • дербестік - бюджеттік үдеріске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркімен ұйымдастырады және бұл әрекет кірістердің қайнар көздерінің болуы мен оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықтық қамтамасыз етуіне;
  • теңгерушілік - бюджет үдерісі маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына.

Жоғарыда аталған қағидалардың талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс-әрекет салалары араларындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етеді. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет - ол мемлекеттің барлық қаржы саясатының басты негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтерін құру.

Бюджеттік кодекс бойынша бюджеттің қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнайы жыл сайынғы Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген маңызды жағдай - бюджеттік үдерістің ұйымдастырылуын қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің қызметтерін реттеуді айқындау қажеттігі анықталады. Бұл қызметтер келесі түрде анықталады: мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының өзара әрекеттесуінде; әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде; салықтық-бюджеттік құралдарды жетілдіруде; бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда; бюджеттердің кірістері мен шығыстарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда; республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда; жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде; мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасының бюджет саясатын талдау және бағалау

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар арқылы өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді /18/.

Осы тұжырымның шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың аясын кеңейту және осыған байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі. Аз шығындармен көбірек сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалаудағы нарықтық тәсілдің негізіне жатады. Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен мәселелерді шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.

Жаңа мемлекеттік басқару мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін орталықсыздандыруды, сондай-ақ мемлекеттік емес институттардың әлеуетін кеңінен пайдалануды алдын ала болжайды.

Шығындарды азайту және шығыстарға бақылау жасау мақсатында корпоративтік басқаруда өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу.

Жаңа мемлекеттік басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі әлементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге басты назар аударылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Қаржы, ақша айналымы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Салықтық бақылауды ұйымдастыру
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Қаржы механизмінің жүйесі
Қаржылық бақылаудың функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz