Қысымы 50 мпа, сыртқы диаметрі 118-140 мм тізбектерді тығындауға арналған механикалық пакерді жобалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Пакерлерді ұңғымаларда орнату әдісіне, тығыздағыш элементті деформациялау тәсіліне, пакер қабылдайтын қысымның төмендеуіне, пакерді ұңғымаларға түсіру әдістеріне байланысты пакерлер конструкциясын келесі топтарға ажыратуға болады: Ұңғымаларда орнату әдісі бойынша пакерлер тіректері бар соймалы пакерлер және тіректері жоқ немесе «ілінбелі» деп аталатын соймалы пакерлер болып бөлінеді.
Тіректері бар соймалы пакерлердің ерекшелігі сол - пакер мен сойма арасындағы ұзындықта құбырлардан тұратын құйыршықты тіректер қажет етіледі. Осы түрдегі пакерлердің артықшылығына - конструкциясының қарапайымдылығы мен сенімділігі жатады, ал кемшілігіне - құйыршықты дайындауға қатысты қосымша құбырлардың қажет етілуі жатады. Әрі пакер астында құмды жинақтамалар түзілетін болса, құйыршық пакерлер ұңғымада тұрып қалуы мүмкін.
Тіректері жоқ соймалы пакерлердің ерекшелігі сол - олар ұңғымалардың тереңдігіне қарамастан және құйыршықсыз шегендеуіш саптың кез келген орындарында орнатыла береді. Осы пакерлер үшін құмды жинақтамалар да әсер етпейді.
Тығыздағыш элементтерді деформациялау және шегендеуіш сапты оқшаулау әдісі бойынша пакерлер механикалық және гидравликалық болып ажыратылады. Механикалық пакерлерге - тығыздағыш элементіне құбырдың салмағы әсер ететін кезде деформацияға ұшырайтын барлық пакерлер жатады. Осы пакерлердің артықшылығына - конструкциясының қараайымдылығы және жұмыс жасаудағы жоғарғы сенімділігі жатады, кемшідлігі - құбыр салмағымен оларды міндетті түрде жүктеп отыру қажет, ал мұны іске асыру үлкен емес тереңдіктерде мүмкінге соқпайды.
Гидравликалық пакерлерге - резеңкелі элементтері жоғарғы және төменгі бөлігінде қысымның түсуі есебінен деформацияланып, құбырды оқшаулайтын пакерлердің барлығы жатқызылады. Пакердің осы түрінің басты артықшылығы - 50 МПа және одан да жоғары қысым түсуін қабылдау қабілеттілігінің болуы. Осы пакерлердің кемшілігіне - салыстырмалы түрдегі конструкциясының күрделілігі жатады.
Ұңғымаларға түсіру әдісі бойынша пакерлерді - құбырлар арқылы ұңғымаға түсірілетін және тасталынатын пакерлер деп жіктейді. Бірінші топтағы пакерлер ұңғымаға құбырдың саптары арқылы түсіріледі. Екінші топтың пакерлері - тартальды арқанға бекітілген жүк штангісі арқылы ұңғымаға итере отырып тасталынады.
Пакерлердің қабылдап, сенімді оқшаулауды қамтамасыз ете алатын қысым түсіру мәндеріне байланысты олар екі түрге ажыратылады: 30 МПа
мәндеріне дейінгі қысымды қабылдайтын - яғни орташа қысымдағы пакерлер, және 30 МПа мәндерінен жоғарғы қысымды қабылдайиын - жоғарғы қысымдағы пакерлер.
Қандай да бір пакер түрін таңдау - оны қандай мақсатта қолдануына тікелей байланысты болады, мәселен, қаяртысты гидроүзу немесе ұңғымаларды эксплуатациялау және т. с. с. Сонымен бірге, ұңғыманың нақты жағдайына да - яғни қисықтығына, түсірілім тереңдігіне және күтілетін қысымға байланысты болмақ.
1 Техникалық бөлім
- Ұңғымаларда тізбектерді тығындауға арналған механикалық
пакерлер конструкцияларына шолу
Ұңғымаларда тізбектерді тығындауға арналған механикалық пакерлер
ұңғымаҰ мұнайгаз өндірісі саласында, мұнай мен газ ұңғыларын игеру мен эксплуатациялау кезінде қолданылуы мүмкін. Механикалық пакерлердің біркелкі, кезекпе-кезек және көлденең қысқа мен көлденең ұзын болатын сыртқы бетінде орналасқан қисық қуысты оқпаны бар. Оқпанға тірек тығыз байланысқан. Оның астында қысқыш тығыздауыш элемент пен конус бар. Конус оқпанға қатысты осьтік орын ауыстыра алатындай етіп орналастырылған. Оқпанның үстінде осьтік орын ауыстыра алатын қабілеті бар құрсау орналасады. Құрсауды айнала біртегіс шлипстар қойылған. Олар серіппе астында құрсауға қатысты радиалды бағытталған және екіиінді арқалық түрінде жасалған. Оқпанның астыңғы бөлігінде шеңбер орналасады. Ол құрсауға қатысты радиалды айнала алатындай етіліп жасалған, бірақ шеңбер құрсаумен осьтік бағытта берік байланысады. Шеңбердің ішкі жағында тікбұрышты профильмен жырашық (канавка) жасалған. Құрсаудың сыртқы бетінде, бөлек сектор түрінде буртиктар жасалады. Шеңбердің ішкі бөлігінде бір ось бойымен, пакердің осіне перпендикуляр, созу арқылы қондырылған екі диаметрлік қарама-қарсы бағытталған штифтар орналасқан. Буртиктің алдыңғы бұрышы 10 0 -қа тең.
Мұнайгаз өндіру саласына мұнай және газ ұңғыларын игеру мен эксплуатациялау кезінде, изоляциялау бойынша ұңғыларды желілеу процесінде аудандарды жұту сияқты әртүрлі технологиялық операцияларды жүргізу барысында, қысым үстінде шегендеуде, қабаттардың гидравликалық жарылысында және т. б. қолданылуы мүмкін.
Құрамында Г-тәрізді қисықты шток, қысқа және ұзын бөлігі бар, штокпен тығыз байланысқан корпус, штокта орнатылған тығыздауыш элемент пен конус, хвостовиктерімен плашкалар, штоктың Г-тәрізді қисығында орналасқан штифт, серіппе асты центратры, штокқа қатысты концентрлі орналасқан және онымен төменгі бүйір арқылы тығыз байланысқан баспалдақты төлке, плашкалардың хвостовиктері төменгі төлкеде ойып алынған цилиндрлік бөлікке ие және ол төлке мен шток арасына орналастырылған, сонымен қатар хвостовиктің ұзындығы оның цилиндрлік құрушысы бойынша Г-тәрізді қисықтың қысқа бөлігінен ұзын және Г-тәрізді қисықтың ұзын бөлігінен қысқа пакері танымал.
Танымал техникалық шешімнің кемшілігі құрылысының қиындығы, үлкен металкөлемділігі және көлбеу бағытталған құбырларда (сорапты-компрессорлы құбырлар) пакерді шешу кезінде құрылғыны босату нәтижесінде пайда болатын авариялар. (Пакерді шешу кезінде оны якорьдан түсіру керек, ол үшін құралдың солға қарай бұрылысы болады) .
Құрамында сыртқы бетінде біртегіс орналасқан кезекпе-кезек көлденең қысқа және көлденең ұзын аудандары бар шеңберлі қисық қуысты оқпан, оқпанмен берік байланысқан тірек, оның астында орналасқан оқпанға қатысты осьтік орын ауыстыра алатын мүмкіндігі бар тығыздауыш элемент пен конус, радиальды-осьтік орын ауыстыра алатын ішкі жағындағы дөңесі бар оқпанда орналасқан құрсау, оқпанның шеңберлі қисық қуысында орналасқан және құрсауды біркелкі айналған шлипстар, олар құрсауға қатысты радиалды бағытта серіппе астыландырылған (подпружиненные), сонымен қатар пакер конуста орнатылған жұдырықшалармен жабдықталған, көлденең жазықтық төңірегіндегі қисық қуыстың қысқа аудандарында бір бірінен арақашықтығы шлипстың енінен аз емес болып орналасқан.
Танымал техникалық шешімнің кемшілігі оның жұмысындағы сенімсіздікте. Пакерлеу кезінде осьтік орын ауыстыру арқылы оқпанның шлипстармен бірге өз осі бойынан айналуы болады. Пакердің жұмыстық қалыпта ұзақ тұруы нәтижесінде шлипстар әрқашан сыналанып қалып отырады. Бұрау кезінде олар олқылыққа ұшырайды. Осыдан пакер тізбекте сыналанып, авариялық ситуация туындайды. Одан басқа, шығыңқы жері бар құрсауға жүріс бергенде оның соңында сыналану қаупін тудыратын оқпанда ауытқуы пайда болады. Пакердің ұзақ жұмыс жасауы кезінде және оның дұрыс жиналмауы нәтижесінде оқпандағы белгілеп алушы тетік істен шығады. Оның радиалды бұралуы болып, пакердің жұмыстық қалыпқа түсуі кезінде шлипстар жұдырықшалардың астына түсіп қалады. Осыдан олар өздерінің жұмыстық қалыптарын сақтамайды. Қайта пакерлеу мүмкін емес болады. Оның үстіне жұдырықшаларды дайындау дәлдікті қажет етуімен, конустың радиалды жүрістен нақты белгілеуді талап етуімен қиынға түседі.
Казіргі кездегі қолданыстағы пакерлердің техникалық нәтижесі болып пакердің жұмыс істеу сенімділігінің құрсаудың ауытқуын алдын алуы, құрсау мен шлипстардың радиалды бұралу және соңғылардың сыналануының алдын алуы есебінен жоғарылауы саналады.
Механикалық пакер, құрамында сыртқы бетінде біртегіс орналасқан кезекпе-кезек көлденең қысқа және көлденең ұзын аудандары бар шеңберлі қисық қуысты оқпан, оқпанмен берік байланысқан тірек, оның астында орналасқан оқпанға қатысты осьтік орын ауыстыра алатын мүмкіндігі бар тығыздауыш элемент пен конус, оқпанда орналасқан осьтік орын ауыстыра алатын құрсау, құрсауда орнатылған, қисық қуыста орналасқан бағыттауыш штифт, құрсаудыды айнала біртегіс серіппе астында құрсауға қатысты радиалды бағытта шлипстар қойылған және олар екіиінді арқалық түрінде жасалған, өнертабысқа сәйкес құрсаудың астыңғы бөлігінде қосымша шеңбер орналасып, ол құрсауға қатысты радиалды айнала алатындай етіліп жасалған, бірақ шеңбер құрсаумен осьтік бағытта берік байланысады, шеңбердің ішкі жағында тікбұрышты профильмен жырашық (канавка) жасалған, ал құрсаудың сыртқы бетінде, бөлек сектор түрінде буртиктар жасалады, сонымен қатар шеңбердің ішкі бөлігінде бір ось бойымен, пакердің осіне перпендикуляр, қатты созу арқылы қондырылған диаметрлік қарама-қарсы бағытталған штифтар орналасқан, қисық қуыстың көлденең ұзын және көлденең қысқа бөліктері оқпанға қатысты екіжақты симметриялы жасалған, ал буртиктің алдыңғы бұрышы 10 0 -қа тең. 1. 1-суретте ПВМ ТУ 3666-037-70587573-09 механикалық пакері көрсетілген.
ПВМ механикалық пакері бұрғылау және де сорғы-компрессорлық құбырларының бағандарын тығыздау үшін пайдаланылады. Пайдалану шарттары ГОСТ 16350-80 сәйкес - бұл қолайлы климаттық аймақ. ГОСТ 15150-69 бойынша орналасу санаты - 5. Пакерді пайдалану кезіндегі жұмыс ортасының рұқсат етілген қышқылдығы - pH7.
1. 1-сурет. ПВМ ТУ 3666-037-70587573-09 механикалық пакерлері
Пакердің жұмысы келесід ей жүргізіледі: Құбырлар бағанымен ұңғымаға пакер түсіріледі. Ұңғыға қатысты түсіру барысында шеткі төменгі орында фиксатор шлипсұстағышты ұстап қалады. Сағат тілі бойынша бұру кезінде фиксатор бағанда саңылаудың ұзын кесігі бойынша жылжиды да, шлипсұстағышты босатады. Шлипстер бағанды түсіру кезінде серіппенің әсерімен ұңғыма қабырғасына жабысып, осы жағдайда ұсталынып тұрады, ал конус оларды отырғызғыш құбырда ұстап қалады. Құбыр бағандарының салмағынан шығатын күш тіреуіш арқылы манжеттерге өтеді, олар, өз кезегінде, ПВМ пакерін нығыздай отырып деформацияланады. Құбырлар бағанасын тарту кезінде манжеттер кейін өздерінің бастапқы нысандарына қайтып оралады, конус шлипстерді босатады, ал ПВМ пакері орнатылған жерінен алынады.
1. 2 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
Мұндай пакерлердің мақсаты - ұңғыманың соймалы аумағын оқшаулау (герметизация) және қабатты гидравликалық жару кезінде пакер астынғы бөлікте сұйықтықтың жоғарғы қысымын жасау кезіндегі ұңғы зақымдалуының алдын алу үшін пакер мен ұңғыманың басы арасында орналасқан шегендеуіш саптың ұңғысынан оны бөліп алу болып табылады.
ҚР және шетелдерде шегендеуіш сапты оқшаулау үшін әр алуан түрдегі пакерлер қолданылады, олар екі топқа жіктеледі: оның бірінші тобына - құйыршықты тіректер жағдайында соймалы пакерлерде орнатылған құбыр сабының салмағы есебінен тығыздағыш элементтерді деформациялау кезінде жүзеге асырылады.
Төменде тіректері бар соймалы пакерлердің бірнеше конструкциясының сипаттамалары келтіріледі. ПМ типіндегі штангісіз сорғы бойынша ОКБ пакері (1. 2- суретке сәйкес) көрсетілген.
1. 2-сурет. ПМ типіндегі штангісіз сорғы бойынша ОКБ пакері
Жоғарыда сипатталған тіректері бар пакерлерге қарағанда, тірексіз соймалы немесе шлипсілі типтегі пакерлер - құбырша кеңістігін оқшаулау үшін құйыршықты тіректі қажет етпейді. Шлипсілі пакерлер ұңғымалардың кез келген тереңдігінде орнатыла береді. Штангісіз сорғы ьойынша ОКБ- ның ПШ конструкциялы шлипсілі пакерлері көрсетілген.
Қосуға арналған бұрғылы құбырдың сол жақ бұрандасы, ал төменгісі - басқа штокты бекітетін сорғылы компрессорлы құбырдың бұрандасы болып табылады. Басқа тіректік сақина бекітілген. Сондай - ақ, штокқа өлшемдері бойынша бірдей резеңкелі тығыздағыш манжеттер, аралық сақина, әрі сақинаға бекітілген конус кидіріледі. Тіректік және аралық сақиналар, сонымен қатар, конустың сақиналары - дюралюминииден дайындалады. Штокқа құйыршық жалғанады. Ал құйыршықта үш шлипсіден тұратын, әрі бір біріне қатысты 120 o бұрышта орналасқан шлипсілі механизм, сондай-ақ, фонардың жоғарғы төлкесімен шлипсті жалғайтын үш жетек, әрі фонардың үш серіппесі және құлыпты муфта бекітіледі. Шлипстің ішкі беті - конустың бұрышына тең бұрышта орындалған. Шлипстердің сыртқы беті тісті көрініске ие. Фонардың жетегі мен серіппесі - жоғарғы төлкеге және құлыпты муфтаға жабыстырғыштардың көмегімен жапсырылады. Шлипсілі механизмді ең төменгі жағдайда ұстап тұру үшін ұңғымаға пакерді түсіру кезінде штокқа екі штифт қондырылады, олар құлыптық муфтаның сәйкесінше кесінділеріне енеді.
Пакер якормен бірге сорғылы компрессорлы немесе бұрғылы құбырлардың саптары арқылы ұңғымаға түсіріледі. Осындай жағдайда қандай да бір құбырларды таңдау - қаяртыстың гидрожару жүргізудің нақты шарттарына және ең алдымен сұйықтықтың максималды күтілетін шығындалуына байланысты болмақ. Берілген тереңдікке пакер жеткізілгеннен кейін, құбырлар саптарын 0. 3-0. 5 м көтереді. Фонар серіппесінің шегендеуіш сап қабырғасына қатысты үйкеліс күшінің нәтижесінде, фонар шлипспен бірге өз орнында қала береді де, ал пакердің құйыршығы көтеріле түседі. Фонардың қозғалмауының себебі - еркін күйдегі серіппелі фонардың диаметрі шегендеуіш саптың максималды ішкі диаметрінен үлкенірек болады.
Мәселен, ПШ пакері үшін шегендеуіш сабы кезіндегі фонар диаметрі 175мм, ал құбыр кезінде - оның өлшемі 230 мм тең.
Пакерлер салмағын төмендету және ұңғымалардағы жөндеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында Штангісіз сорғы ьойынша ОКБ - жеңіл бұрғылы материалдан пакерлерді жасауға қатысты конструкторлық және зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатты Д-16 маркасындағы дюралюминий қанағаттандырды.
Д-16 материалының жоғарғы механикалық беріктілігін анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізілді: сорғылы компрессорлы құбырда бұрандасы бар Д-16 (21/2 // ) дюралюминийден жасалған, әрі термиялық өңделген ауыстырғыш 85. 5 т жүктеме кезінде үзілуге қатысты сынақтан өткізілді, осындай жағдайларда ауыстырғыш денесінде немесе бұрандада зақымдану мен бұзылулар байқалмады. Ал дәл осы жағдайда (85. 5 т жүктеме, 2 1/2 // кезінде) қарапайым сорғылы компрессорлы құбырды жүктегенде, құбыр денесінде 75 кг/мм 2 тең келетін кернеулер пайда болды, бұл жайт «Е» маркасындағы болаттар үшін үзілуге қатысты уақытша кедергіге сәйкес келетіндігін аңғартады.
Материалдарға қатысты жан жақты зерттеулер жүргізілгеннен кейін 6 // шегендеуіш сапқа сәйкес келетін шлипсілі пакер дайындалды. Пакерді стендтік сынаудың нәтижесі - үлкен жүктемелер мен қысымдар кезінде осы таңдалған материалдың толық жарамдылығын анықтады. 6 // шегендеуіш сап бойынша дюралюминилік пакердің салмағы - қарапайым ПШ 64 типтегі пакерлер салмағынан 3есе төмен болады екен.
Штангісіз сорғы бойынша ОКБ жасаған, қабатты гидрожару арналған қысымы 30МПа дейінгі пакерлердің техникалық сипаттамасы 1 - кестеде берілген.
1. 1-кесте - Пакерлердің техникалық сипаттамасы
1. 3 Жоғары қысымды пакерлер
1. 3. 1 50 МПа қысымдағы пакерлер
Қабатты гидрожару тәжірибесінде-сұйықтықтың жоғарғы қысымда өтетін жағдайлары кездеседі. Бұл жайт-ұңғымалар қабылдағышының төменгі коэффициентерінен, жоғарғы тұтқылыққа ие сұйықтарды қолданумен немесе суды тартудың жоғарғы қарқындылығымен түсіндіріледі.
Гидрожару сұйықтардың қысымының жоғарлауы конструкторлық ұйымдар мен ғылыми зерттеу иеституттарының алдына - сорғылы агрегаттарды жасауға, эксплуатациялау талаптарына қатысты мәселелер қойылды.
Осы талаптардың нәтижесінде штангісіз сорғы бойынша арнайы конструкторлық бюросы 50МПа қысымға дейінгі қаяртысты гидрожару соймалы қондырғыларының жаңа бірнеше конструкциясын жасады.
Біз қарастыратын бірінші конструкция - бұл ПШ-50 (1. 3-суретке сәйкес) типіндегі шлипсілі пакер болып табылады. Пакер бұрандалары бар бастан тұрады: оның жоғарғы бөлігі - ЯПГ типіндегі якорлерді қосатын сол жақ бұрғылы құбырлармен бекітілген, ал төменгі бөлігінде - штокты қосуға арналған сорғылы компрессорлы құбырлар орналасады.
1. 3-сурет. ПШ-50 типіндегі шлипсілі пакер
Бастың сырқы бұрандасында - тірек сақиналары бекітіледі. Штокқа шекті манжеті бар - шектегіштер, тығыздағыш манжеттер, конус және шлипсілі фонадың өзектері орнатылған.
Тірек сақиналары - ұңғымадағы пакерлер тұрып қалған жағдайда бұрғылау жұмыстарын жүргізу мақсатында дюралюминий материалынан дайындалады. 30МПа қысымдағы шлипсілі пакерлерден осы аталған пакерлердің айырмашылығы, ПШ-50 ұйымдар менкер конструкциясына - шектегіш өзектер енгізіліп, фонар құрылымы өзгертілген. Шектегіш құрылғы - металдық шектегіштен және оған кидірілген резеңкелі манжеттерден тұрады. Бұл құрылғылар конструкцияға - гидрожару сұйықтығының қысымынан пайда болатын тығыздағыш манжеттің төменгі бөліктегі резеңкесінің шегендеуіш сап қабырғасы мен пакердің металдық бөлшектерінің арасындағы саңылауларында бітеліп қалуының алдын алу мақсатында ендірілген.
Сызулардан көрініп тұрғандай, шектегіштің жоғарғы ұшы сақиналық кеңістікте енгізілген күйде орналасқан. Шектегіштің шеттері мен пакер басының арасында саңылаулар боады. Гидрожару сұйықтықтың жоғарғы қысымы әсер ету кезінде тығыздағыш манжет қозғалады, соның нәтижесінде шектегіш манжеттер сығылып, саңылауларға бітеле түседі.
Шектелген манжеттің сығылған күйі шегендеуіш саптардың қабырғалары мен пакер бөлшектері арасындағы сақиналы саңылауларды бекітіп, тығыздағыш манжет резеңкесінің осы саңылауға бітелуіне жол бермейді.
50МПа қысымдағы пакерлердің тағы бір ерекшелігі - бұл фонар конструкциясының өзгеруі болып табылады.
ПШ типіндегі шлипсілі пакерлерді қолдану барысында - фонарлардың жазық серіппесінің сыну жағдайлары орын алған болатын, нәтижесінде қондырғыларды жер бетіне көтеру кезінде біршама қиындықтар туындайтын еді. Жаңа фонар конструкциясы бұл жабық типті болды, әрі қиындықтар туындауын жоққа шығарды. Осылайша пакердің өлшемдері де, салмағы да кішірейді.
1. 3. 2 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
Қабатты гидрожарудың жүзеге асыру кезінде сұйықтық қысымын одан ары жоғарлату - терең және аса терең ұңғымаларда, сонымен бірге қабылдағыштығы өте төмен ұңғымаларда орын алады. Осының нәтижесінде қысымы 50МПа мәндерінен жоғары кездегі соймалы қондырғыларжасауға әкеп соқты.
Осы талаптардың нәтижесінде штангісіз сорғы бойынша арнайы конструкторлық бюросы 70МПа қысымға дейінгі қабатты гидрожару соймалы қондырғыларының жаңа шлипсілі конструкциясын жасады.
Көбінесе мұндай типтегі пакерлер шлипсілі пакерлердің алдын жасалған констукциясын негізге ала отырып жасалды.
1. 4 Сорапты компрессорлы құбырлар тізбегін тығыздауға арналған ПВМ типіндегі пакерлер
Ұңғы түбінде жүргізілтін операциялар кезінде шегендеу тізбектерінің ішіндегі сорапты компрессорлық құбырлар тізбегін тығыздауға арналған.
Қолданылу аясы: мұнай, газ, газконденсатты ұңғыларды меңгеру мен эксплуатациялау, қабаттың гидравликалық жарылысы, отырғызылған тізбектің герметикалық еместігін табу, ағынды сораптармен жұмыс, жөндеу-изоляциялау жұмыстары, пакердің астынан және үстінен артық қысым тудыруды қажет ететін басқа да жөндеу-профилактикалық жұмыстар және технологиялық операциялар жүргізу.
1. 4-сурет. ПВМ-2-118-50 механикалық пакері
Механикалық пакер қисық қуысты 2 сыртқы бетінде біртегіс орналасқан, кезекпе кезек болып келетін, оқпанның 1 осіне қатысты екіжақты симметриялы, екі көлденең ұзын 4 және екі көлденең қысқа 3 бөліктерден тұрады. Астында тығыздауыш қысқыш элемент 6 пен конус 7 орналасқан тірек 5 оқпанмен 1 тығыз байланысқан. Конус 7 оқпанға 1 қатысты осьтік орын ауыстыра алатындай етіліп жасалған. Оқпанда 1 осьтік орын ауыстыра алатын құрсау 8 бар. Құрсаудың үстінде 8 оны айнала біртегіс шлипстар 9 орналасқан. Олар құрсауға 8 қатысты радиалды бағытта серіппемен 10 қысылған және ортаңғы бөлігінде тежегіштермен 11 ұсталынып тұрады. Шлипстардың 9 төменгі бөлігі кіруші бағыттауыш жұдырықшалары 12 түрінде жасалған. Шеңбер 13 алмалы-салмалы болып жасалынып құрсаудың 8 төменгі бөлігіне құрсауға қатысты радиалды айнала алатындай, бірақ онымен осьтік бағытта тығыз байланысқан болып орналасқан. Шеңбердің 13 ішкі бетінде тікбұрышты профильдің жырашығы 14 жасалған, ал құрсаудың 8 сыртқы бетінде бөлек сектор түрінде тікбұрышты профильдің буртиктары 15 жасалған. Буртиктар 15 жырашықтармен 14 жылжу жұбын құрайды және жырашықтың 14 шламнан тазаруында роль атқарады. Шеңбердің 13 ішкі бөлігінде бір ось бойымен, пакердің осіне перпендикуляр, созумен отырғызылған, екі диаметрлі қарама-қарсы бағытта штифтар 16 орналасқан.
Штифтардың 16 ұзын 4 учаскеден қысқаға 3 және керісінше ауысуына оқпанда еңкейтілген 17 және 18 учаскелер жасалған. Шеңбердің 13 төлкесінде кіруші бағыттауыш жұдырықшаларын 12 белгілеу үшін қуыс жасалған. Буртиктардың 15 алдыңғы бұрышы 10 o -қа тең.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz