Түркияның негізгі туризм салаларының дамыған өңірлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
2 ТҮРКИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТУРИЗМ
САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕРІ
2. 1 Туризм инфрақұрылымы
2. 2 Туризмнің дамыған түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.
Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдыт елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.
Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал таризы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici. » сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.
Түркия shop-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп ф қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен сатыкөшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.
2 ТҮРКИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТУРИЗМ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕРІ
2. 1 Туризм инфрақұрылымы
Түркияға келген туристер саны 2000 және 2008 жылдарды салыстырғанда 15, 6 пайызға өсті (сурет 2) . Түркияға келетін туристер негізінен немістер болып тыбалады - 23%, 19 пайызы орыстар және 9, 3 пайызы британдықтар.
Халықаралық туризм тек қана дем алысты өткізу түрі ғана емес, бұл сондай-ақ экономиканың дамып жатқан саласы болып табылады.
Сурет 2 - 2000-2008 жылдарды салыстырғандағы Еуропа мемлекеттеріне келген туристер [36]
Түркия туризм инфрақұрылымы жақсы дамыған. Негізгі әуе тасымалдаушылсы Turkish Airlines әуе компаниясы. Темір жол көлігі де жақсы дамыған. Түркияның барлық құрлықтағы темір жолдарының ұзындығы 10991 шақырым. Оның ішінде 2274 шықырымы электрленген жолдары. Жаңа жоғарғы жылдамдығы бар поезд Стамбул мен Анкара арасында жүреді. Жалпы пассажир сыйымдылығы 108330 адам, ал жүк вагондарының тоннажы 691634 тоннаны тасымалдай алады. Еуропа мен Түркия арасындағы темір жол қақпасы Стамбул қаласы болып табылады. Мұндағы басты темір жол вокзалы Сиркечиге Болгариядан, Югославиядан, Румыниядан, Венгриядан, Салоникиден (Греция) келеді. 2002 жылдан бері Стамбул мен Алеппо (Сирия) арасындағы темір жол байланысы қалпына келтірілді. Аптасына екі рет Тегеранға (Иран) пассажир поезді шығып тұрады. Сирия мен Иранға шығатын поездер қатаң түрде Стамбул вокзалы Хейдарпашадан шығады. Вокзал қаланың азиялық бөлігінде орналасқан. Автобус қатынасы да жақсы дамыған. Күніне 30 астам Стамбулға Софиядан, Бухаресттен, Будапешттен, Сараеводан және Батыс Еуропадан басқа да елдерінен автобустар келіп тұрады. Олардың бәре Болгария территориясы арқылы өтеді. Кеден Каптан-Андреево/Капикуле және түрік қаласы Эдирне арқылы өту қажет. Сондай-ақ Кишинев, Одесса және Ресейдің бірніші қаласымен автобус қатынасы бар. Соңғы жылдары шоп-турлары танымал бола бастағаннан кейін тұрақты түрде Батуми, Тбилиси, Баку (Трабзон арқылы) автобус қатынасы дамуда. Негізгі автотрассалары келесі: Белград - София - Пловдив - Свиленград - Эдирне - Стамбул; Черновцы - Бухарест - В. Тырново - Свиленград - Эдирне - Стамбул; Салоники - Кавала - Алуксадруополис - Стамбул; Владикавказ - Тбилиси - Батуми - Трабзон. Түркияның құрлықтағы авто шекаралық бекеттер көп орналасқан. Мысалы, Болгариямен шекаралық кеден бекеттер саны үш, Грекиямен екі, Грузиямен екі, Азербайжанмен бір, Иранмен төрт, Иракпен бір, Сириямен шекаралық кеден бекеттер саны бес. Су жолдарының ұзындығы шамамен 1200 шақырым. Су құбырларының ұзындығы: газ 3177 шақырым, май 3562 шақырым. Барлығы 526 су көлігі 4666895 GRT/7311504 DWT бар.
Сондай-ақ паром қатынастары да жақсы дамыған. Тұрақты түрде Новороссийсктен Стамбулға, Трабзонға және Самсонға, Сочиден Трабзонға, Украинада Одесса-Стамбул, Одесса - Элиндже, Севастополь-Стамбул, Евпатория - Стамбул, Скадвоск - Самсун бағыты бойынша паромдар шығып тұрады. Паром қатынасын жүзеге асыратын негізгі түрік Ukrferry атты компаниясы. Сондай-ақ Түркия мен Солтүстік Кипр (Аланья-Гирне, Ташуджу - Гирне, Мерсин - Марока) арасындағы паром қатынасы жақсы дамыған. Билеттің орташа құны 35 пен 45 АҚШ доллар арасында. Түрік жолдары жоғары сапасымен ерекшелінеді. Қозғалыс оң жақты. Жылдамдық шектеулері сағатына 50 шақырым, ал қала сыртында сағатына 90 шақырым. Түнде жүруге қауіпті, себебі, түріктер жиі шамсыз жүреді, және жол ортасында тоқтау қаупі бар. Сонымен қатар Рамадан айы кезіндежәне басқа да діни мерекелер кезінде қауіпсіздік сапасы төмендей бастайды. Автокөлікпен жүрген кезде құжаттарды өзінменен алып жүру қажет. Құрлықтағы авто жолдар ұзындығы 354421 шақырым. Грунт жолдарының ұзындығы 207017 шақырым [32] .
Түркияда интернет желісі жақсы дамыған. Интернет орташа деңгейдегі және жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсететін отельдердің бәрінде бар. Бір сағат құны шамамен 1-1, 5 АҚШ доллар. Ұялы байланыс та жақсы дамыған. Елдің ең ірі трансұлттық байланыс операторы Vodafone, одан кейінгі түрік операторы TelSim. Туристер үшін баланс толтыру карталарын пайдаланған ыңғайлы болады.
Түркияға виза бойынша кіру қажет. Виза шетел азаматтарымен мемлекетке кірер кезде алынады. Төқұжатқа жапстырылатын «марка» құны 10 АҚШ доллар, бұл - 58 түрік лирасы болады.
Ең күшті отельдер қатарына келесілер жатады:
Divan Hotel (Cumhuriyet Caddesi, 2) . Бұл Стамбул қаласындағы тұңғыщ элиталы отелі. Мұнда 180 номер, 10 апартамент, 7 конференц залы 400 адамды сыйғызады. казино, сауда орталығы, саунасы бар (сурет 3) .
Ramada Hotel (Odru Caddesi, 226) . Стабул қаласында орналасқан. Мұнда ең үздік қытай мейрамханасы орналасқан. Түркиядағы бес жұлдызды отельдердің бағасы шамамен тәулігіне 110-320 $, ал сьют номерлері 150-360 $.
Pera Palas Hotel (Mesrutiyet Caddesi, 2) отелі 1892 жылы «Шығыс экспресс» пассжирлері үшін арнайы салынды. Отел Алтын бұқаға қаратып салынған ескі отельдердің бірі. Мұнда кезінде Агата Кристи, Грета Гарбо, Кемаль Ататюрк, Валерии, Жискар д’ Эстен, Хулио Иглесиас тоқтаған.
Төрт жұлдызды отельдеродің бағасы шамамен қарапайым номер үшін 55-160 $, сьют 65-187$.
Pierre Loti Hotel *** - Стамбул қаласында орналасқан. Отель Айя Софии мешіті, Топ - Кана сарайы маңында орналасқан. Үш жұлдызды отельдерде қарапайым номер құны 40-75$, сьют 60-95$.
Түркия мейрамханалырың көбінде арақ ішуге тыйым салынған, және төлем ретінде Eurocard, Visa қабылдайды.
Сурет 3 - Стамбул қаласындағы Divan Hotel қонақ үйі [23]
2. 2 Түркияның туризмнің дамыған түрлері
Түркияда туризмнің кеңінен дамыған түрлері танымдық туризм, белсенді туризм, су туризмі.
Түркияның көрікті жерлерін көріп танысумен қатар, мұнда жағажайда дем алу үшін барлық жағдай бар. Бұл жерді жыл бойы келіп тамашалауға болады.
Түркия туризмнің жаңа ағымы - акваленд жақсы дамыған. Бұл су туризм түрлерінің кешені болып табылады. Жерорта теңізінде яхтамен сапар шегу, тау өзенімен каноэмен түсу, рафтинг жақсы дамыған туризм түрлері (сурет 3)
Сурет 4 - Түркиядағы серфинг - белсенді су туризм түрі [36]
Түркияның рекреациялық ресурстары көп. Осы алуан түрлілігімен бұл мемлекет өзіне туристерді тартады. Туристер әр түрлі мақсаттармен келеді: танымдық, емдік-сауықтыру, экскурсиялық, басқа да мақсаттар (шоппинг, іскерлік, т. б. ) .
Рафтинг- туризмнің кең тараған түрлерінің бірі. Бұл арнайы кемелермен өзен бойымен түсу. Әсіресе, бұл туризм түрі үшін қолайлы аймақтарының бірі «Кепрюлю каньон». Өзенмен 10 адамдық каноэмен немесе рафтпен түсуге болады. Бұл жанұяларымен немесе достарымен сапар шегетін туристер үшін ыңғайлы. Маршрут шамамен 14 шақырымға созылған. Маршрут бойында ежелгі бекіністер кездеседі. Жол бойында рим дәуірінде салынған көпір кездеседі. Бұл көпір еш бір шегесіз салынып, әлі күнге дейін қауіпсіз болып келеді.
Түркияда түрік моншалары бүкіл әлемге танымал. Түрік моншасының ерекшелігі - душтардың жоқ болуы және қалың түтінденуі. Тас бөлмесінде зал ортасында ірі домалақ мәрмәр тасы орналасқан. Тас ішінен жылынып отырады. Қабырғаларында суық және ыстық су ағатын бірнеше су құбыры орналасқан.
Түркияның курорттары көп. Стамбулдан күде Измирге, Даламан, Антальяға ұшақтар шығады.
Анталья әлемге танымал курорттардың бірі. Бірақ мұндағы сөз қаланың өзі туралы емес, қала маңы аудандар туралы айтылған. Осындай аудандардың бірі Белек. Белек бұл ұзын жолақт құмды жағажайлары бар орын. Сиде қаласы Антальядан 70 шақырым жерде орналасқан (сурет 4) . Бұл аймақ та өзінің құмды жағажайларымен белгілі. Антальядан 40 шақырым жерде Кемер курорты орналасқан.
Сурет 5 - Сиде жағажайы [35]
Қаланың шығысында 45 шақырым жерде Аспендос қаласы орналасқан. Мұнда 20 мың адамды сыйғызған антикалық театр қалдықтары орналасқан. Антальядан Перге қаласына жетуге болады.
Түркияда дамып келе жатқан түрлерінің бірі - футбол туризмі. Қысқы демалыс кезінде көптеген командалардың дайындық үшін келетін жерлернің бірі Анталья курорт аймағы. Футбол туризмінің басты жерлері болып саналатын антальяға дайындыққа былтыр 1300 команда келген болса биылғы саны 1000 команда болмақ. Себеп әлемдік қаржылық дағдарыс.
Әлбетте Анталья әлемдік футбол туризмі орталықтарының бірі болып қала бермек. Бірақ, биылғы табыстары өткен жылға қарағанда анағұрлым аз болайын деп тұр. Басты себептердің бірі қаржылық дағдарыс және Түркия футболындағы өзгерістер. Түркия Кубогы ойындары бұрын чемпионатпен қатар өткізілетін болса енді қысқы демалыста Антальяда өткізілетін болып шешілген екен. Соның салдарынан қонақүйлерде орын жетіспеушілігі болады, сондай-ақ дағдарысқа байланысты қонақүйлердің қысқы бағалары да көтерілген.
Түркияның жергілікті командалары да Антальяға келмей өз базаларында жаттығатын болып жатыр, Галатасарай және Фенербахче сияқты ірі командалар мұны қысқы демалыс үшін берілген уақыттың өте аз болуымен байланыстырады.
Антальяда жыл сайын өтетін әртүрлі футбо турнирлерінің саны да азаюда. Кейбір турнир демеушілері бірігіп 1 турнир өткізетін болады. Мысалы жыл сайын өтетін ірі турнир EFES CUP биыл өтпейді, олар қатысушы команда санын көбейтіп RADYOSPORT FM атында басқа турнирге демеушілік жасайтын болды.
Туризм мамандарының айтуы бойынша қаржылық дағдарысқа байланысты бұрын жылына 2-3 рет келетін Ресей және ТМД командалары биыл 1 ақ рет келетін болады. Антальяға баратын қазақстандық командалар саны да аз болатын сияқты. Біздің командалар енді дайындық лагерлері үшін көршілес Өзбекстан, Тәжікстандарды таңдай бастайтын шығар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әлемнің әр туристік аймағын талдау дүниежүзі бойынша туризм секторының даму тарихын, ағымдағы жағдайын және келешегін көрсетеді. Түркия халықаралық туризмнің белсенді қатысушысы ретінде осы сектордың дамуына жақсы әсерін тигізеді. Түркияда жүздеген мың адамдарды жұмыспен қамтамасыздандыратын және шаруашылықтың айтарлықтай барлық салаларымен әрекеттесетін үлкен көлемді материалдық базасы бар туризм индустриясы қалыптасқан және тұрақты даму үстінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz