Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

  1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны . . . 8Бюджет жүйесінің теориялық негіздері . . . 8Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқарудағы бюджет саясаты . . . 13Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруды ұйымдастыру . . . 18
  2. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды талдау . . . 29

2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің 2007-2009 жылдардағы кірістері мен шығыстарының атқарылуын талдау . . . 29

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттерінің атқарылуын талдау . . . 41
  2. Жамбыл облысы Сарысу ауданының жергілікті бюджетінің 2007-2009жж атқарылуы . . . 52

3. Қазақстанда бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру . . . 58

Қорытынды . . . 66

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары қаржы саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.

Бюджет саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, бюджетті басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.

Бюджет саясатының бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне, шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты болады. Экономиканың дағдарысты жағдайы, бір жағынан, өндірістің құлдырауының тоқтатылуына және өндірісті ынталандыруға, қаржы ресурстарын экономиканың белгілі бір салаларына тиімді жұмсау мақсатында оларды жұмылдыруға, ал, басқа жағынан, әлеуметтік бағдарламаларды тежеуге, қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды қысқартурға бағытталған бюджет саясатын алдын ала анықтайды. Тиісінші, экономика басқа жай-күйге ауысқанда бюджет саясатының бағыттары да өзгеріп отырады.

Тандап алынған бюджет саясатының дұрыстығы, сөзсіз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның «алтын ережесін» сақтауға - болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде экономикалық жағдайды объективті бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткені дамудың жалпы үрдісі бюджет жүйесі арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейін қолдауға, денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттің басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып табылады.

Мемлекеттің бюджет саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес бюджетті басқару болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде бюджет жүйесінің өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселесін қарастыру.

Қойылған мақсатқа сай зерттеуді орындау барысында келесідей мәселелер туындайды:

  • Бюджет жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • бюджет механизмі бюджет саясатын ұйымдастыру арқылы қаржылық реттеу әдістерінің жиынтығы ретінде қарастыру;
  • бюджет жүйесінің негізгі көрсеткіштерін деректі мәліметтеріне сүйене отырып талдау;
  • Қазақстанның экономикасын бюджет саясатын жүргізуге арналған шараларды қарастыру.

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны, атап айтқанда, бюджет жүйесінің теориялық негіздері, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқарудағы бюджет саясаты мен бюджет жүйесін басқаруды ұйымдастыру негіздері қарастырылған.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды талдау барысында бюджет жүйесінің 2007-2009 жылдардағы кірістері мен шығыстарының атқарылуын талдау мен қатар өндірістік тәжірибе өткен Жамбыл облысы Сарысу ауданының жергілікті бюджетінің атқарылуы қарастырылды.

Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылған

Осы жұмысты жазудың іргетасы іспеттес болып, Қазақстан Республикасының нормативтік заңнамалық актілері мен қазақстандық ғалымдардың еңбектері, ресейлік оқу құралдары, әлемдік интернет торабынан алынған мәліметтер мен өзге де мақалалар зерттеудің арқауы болды. Осы дипломдық жұмыста ғылыми-теориялық материалдардың, белгілі экономист ғалымдардың пікірлерінің, сондай-ақ әрекет етуші нормативтік құжаттардың негізінде Сарысу ауданының бюджетінің кірістері мен шығыстарының атқарылуын талдауға әрекеттер жасалған.

  1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқарудың экономикалық мәні мен мазмұныБюджет жүйесінің теориялық негіздері

Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. [1, 14б] Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. [2, 339б]

Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы. [1, 14б]

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппараттың ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекеленген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастарымен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.

Бюджет құрылысының дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізді түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріспен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералық бюджет, немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері) ;

Жергілікті бюджеттер.

Унитарлық бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерді екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (Республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегі дей әлеуметтік - экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші роль орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасында жиынтығында мелекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай деңгейдегі бюджеттер жұмыс істейді: Республикалық бюджет; Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті (Сурет -1) .

Сурет 1 - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. - Алматы: 2007. - 345 бет [2, 345б]

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, Республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет, ол тек талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттік және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі Республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет бұл салықтық және орталық мемлекеттің органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебіне қалыптастырылатын және облыстық деңгей мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамассыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Мемлекеттік бюджет пен республикалық бюджет ұғымдарымен ұқсастық бойынша облыс бюджеті мен облыстық бюджетті де ажырата білген жөн: облыс бюджеті - бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімімен бекітіледі. р

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы уақытында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаты шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Үкіметтің ұлттық банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі. бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар. [1, 15б]

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi: [1, 22б]

1) бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;

2) толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлектетік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;

5) дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;

6) нәтижелілік принципi - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;

7) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиiстi өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуі;

8) сабақтастық принципi - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

9) негiздiлiк принципi - бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау;

10) уақтылылық принципi - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

11) кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

12) тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;

13) жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.

Сонымен, Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т. б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқарудағы бюджет саясаты

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамында бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Кез-келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мұдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады. [2, 59б]

Қаржы көптен-көп жалпы экономикалық категория ретінде абстракцияның аз дәрежесі болатын жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесі мен салық саясатын, бюджет саясатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің саясатын, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетін салық, бюджет, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік кредит, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық, сақтық механизмдерін бөлуге болады. [3, 55б]

Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары қаржы саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.

Қаржы саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.

Бюджет саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін бюджет қаражаттарын пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, бюджетті басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.

Бюджет саясатының бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне, шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты болады. Экономиканың дағдарысты жағдайы, бір жағынан, өндірістің құлдырауының тоқтатылуына және өндірісті ынталандыруға, қаржы ресурстарын экономиканың белгілі бір салаларына тиімді жұмсау мақсатында оларды жұмылдыруға, ал, басқа жағынан, әлеуметтік бағдарламаларды тежеуге, қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды қысқартурға бағытталған қаржы саясатын алдын ала анықтайды. Тиісінші, экономика басқа жай-күйге ауысқанда қаржы саясатының бағыттары да өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі мен Республикалық бюджет туралы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары бюджет саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің қаржы саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Тандап алынған қаржы саясатының дұрыстығы, сөзсіз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның «алтын ережесін» сақтауға - болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде экономикалық жағдайды объективті бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткені дамудың жалпы үрдісі қаржы жүйесі арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейін қолдауға, денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттің басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып табылады.

Қаржы саясатын жасау үдерісінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Тап сондықтан қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

Қаржы көптен-көп жалпы экономикалық категория ретінде абстракцияның аз дәрежесі болатын жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесі мен салық саясатын, бюджет саясатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің саясатын, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетін салық, бюджет, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік кредит, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық, сақтық механизмдерін бөлуге болады.

Материалистік диалектика жүйесінде де түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады. Ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады.

Мемлекеттік қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасын кіріктіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Жергілікті өзін - өзі басқарудың модельдері
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыру
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Бюджеттің білімге арналған шығындарының тиімділігін талдау
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz