Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 145 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОК 070: 81' 351 (574) Қолжазба құқығында

МАЙЛЫҚҰТОВА МӘРИЯ ЖҰМАҚОЖАҚЫЗЫ

Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері

10. 01. 10 - журналистика

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Қ. Ө. Сақ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . .:

КІРІСПЕ . . .

3: 3
КІРІСПЕ. . .:

1 АЛАШ ПУБЛИЦИСТЕРІНІҢ ӘЛІПБИ ТУРАЛЫ ПІКІРТАЛАСЫ

3:
КІРІСПЕ. . .:

1. 1 Араб таңбалары туралы баспасөз материалдары: мазмұн мен пішін үйлесімділігі . . .

3: 13
КІРІСПЕ. . .:

1. 2 Латын қарпіне көшуге байланысты жарық көрген басылымдар мен жарияланымдар ерекшелігі . . .

3: 44
КІРІСПЕ. . .:

2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ КӨТЕРІЛУІ

3:
КІРІСПЕ. . .:

2. 1 Латын жазуын қолдайтын публицистердің шығармашылық ізденістері .

3: 81
КІРІСПЕ. . .:

2. 2 Басқа қаріпті жақтаушылар пікірлерінің мерзімді басылымдарда берілуі . . .

3: 111
КІРІСПЕ. . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3: 140
КІРІСПЕ. . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3: 146
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылым - білімнің есігін ашатын кілті іспеттес жазу - сызудың рухани өміріміздегі маңызы зор. Өз дәуірінің өзекті мәселелерін дер кезінде көтеріп отыратын қазақ баспасөзінің назарынан әліпби мәселесі тыс қалған емес. Тарих беттеріне үңілсек жазу, әліпби мәселесі ауық - ауық пікірталас тудырып отырған күрделі мәселенің бірі болып саналды. Қазақ даласына ислам дінімен бірге енген араб жазуы он ғасырдан астам қолданыс тапты. Қазақ жерін отарлап алған Ресей патшалығы түркі халықтарын рухани біріктіріп отырған араб жазуының орнына орыс жазуын енгізуді көздеді. Миссионер ғалымдар араб таңбаларының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі олқылықтарын көлденең тартып кириллицаға көшіруге әрекеттенді. XІX ғасыр басындағы қазақ оқығандары сан ғасырлар бойы пайдаланып келген араб таңбаларының кемшіліктерін жоюға тырысты. Олар өз ойларын “Түркістан уәлаяты”, “Дала уәлаяты”, “Айқап”, “Қазақ” сынды басылымдарда ортаға салды. Ғылыми жұмыста кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезеңдегі баспасөздегі әліпби мәселесінің көрінісіне сипаттама беріліп, тың жарияланымдар мен шығармашылығы әлі зерттелмеген қаламгерлердің мақалалары талданады және мұрағат деректерімен айғақталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де әліпби мәселесі күн тәртібінен түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. Ал, КСРО құрамына енген түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялыларының арасында қызу пікірталас туындады. 1923-1929 жылдары қазақ баспасөзі арабшылдар мен латыншылдар пікірталасына кеңінен орын берді. “Еңбекшіқазақ”, “Ақ жол”, “Сары арқа”, “Жаңа мектеп”, “Жаршы” сынды басылымдарда А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, Е. Омарұлы, Н. Төреқұлұлы, Ә. Байділдаұлы секілді арыстарымыздың аталған мәселеге қатысты жарияланымдары жарық көрді. Жұмыстан осы арыстарымыздың кириллица жазуымен әлі еш жерде жарық көрмеген тың мақалалармен таныса аласыздар. Қазақ зиялыларының көпшілігінің қарсылығына қарамастан қазақ елі 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті ІV сессиясының қаулысымен латын қарпіне көшірілді. Жаңа әліпті мерзімді басылымдар арқылы насихаттау бағытында Орталық Жаңа Әліпби Комитеті 1929 жылы “Жаршы” журналын шығарды. Жұмыста Ш. Тоқжігітұлы, Т. Шонанұлы, О. Исаұлы секілді қаламгерлердің жарияланымдарына, “Жаршы” журналының мән-маңызы мен бағыт бағдарына ғылыми сипаттама берілді. 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында “Төте оқу” газеті жарық көрді. Аталған басылым 1939 жылдың наурыз айынан 1941 жылдың сәуіріне дейін “Сауатты болуға көмекші” деген атпен шығып келді. 1941 жылы “Жаңа жазу” деп өзгертілді. Әлі қазақ баспасөзінің тарихына енбеген бұл басылым архив қойнауынан алынып алғаш рет ғылыми айналымға түсіп отыр.

Жұмыста 1937 жылы кеңес үкіметінің елімізді кириллицаға көшіруінің саяси астары мұрағат деректерімен ашылып, сараптама жасалынады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі әліпби мәселесінің қайта көтерілуінің саяси-рухани маңызы зерттеліп, баспасөздегі көрінісіне баға беріледі.

Тақырыптың өзектілігі. Тарих беттеріне үңілсек, қай кезде де саяси оқиғалар тұсында “дәуір үні”, “өмір айнасы” - публицистика алдыңғы шепке шығып, жолбасшылық роль атқара білген. Сан алуан қоғамдық өзгерістер мен саяси сілкіністер дәуірінде, яғни өткен ғасыр басында дүниеге келген түрлі басылымдар арқылы айшықты үнін аңғартқан сөз серкелері бұған дәлел бола алады. Публицистикаға қазақ тілінде ең бірінші анықтама берген А. Байтұрсынов: “Көсемсөз күнделікті мәселе жайын сөйлейтін сөз болғандықтан күндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады. Көсемсөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсемсөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам болуға керек” [1, 224 б. ], - дейді.

Жалпы публицистика дәуір үні, өмір айнасы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы алып күш екені белгілі. Баспасөз теориясында публицистика өмірді зерттеудің, қоғамдағы болмыс-құбылысты бағалап білудің шығармашылық түрі болып табылады. Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Е. П. Прохоровтың пікірінше: “Публицистика шығармашылықтың түрі ретінде бүкіл адамзат тарихымен бірге жасасып келеді (алғашқы қауымдық құрылыстағы ойлау мен дыбыстау әдісінің тұтастығы - синкретизмнен бастау алады) ” [2, 229 б. ] .

ХХ ғасыр басындағы публицистеріміз журналистиканың, баспасөздің қоғамдағы ролі мен мән-маңызын терең сезінген. Қарымды қаламгер М. Дулатов “Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, яки қай жұрт өнерлі боса, оның сөзсіз баспасөзі күшті болатыны айдай анық” [3], - деп баспасөз қадірін дәріптеген. Бүгінгі күнде де қоғамдық сананың қозғаушы күші, төртінші билік тізгінін ұстаушы БАҚ өз маңызын жойған жоқ. Тәуелсіз еліміздің келелі мәселелерін көтеріп, оны шешуде белсенділік танытып, халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаушылық ардақты да абыройлы борышын мүлтіксіз атқаруда десек артық айтқандық болмас. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегінде: “Саяси демократия тәуелсіз БАҚ-сыз ақылға сыйымсыз болар еді. Сонымен бірге, олардың объективсіздік пен теріс пиғылдарының бүлдіруші әрі тұрақсыздандырушы күшін сезінуі әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Нақ сондықтан оларға бағдар ұстана отырып, мемлекеттік өкімет құралдары қоғамдық пікірді зерттейді және өзінің іс-қимылын соған сәйкес түзетіп отырады”, - деген болатын [4, 12 б. ] .

Қашанда өз заманының өзекті проблемаларын көтере білген қазақ баспасөзінің бетінен әліпби мәселесі, ол жайындағы қызу пікірталастар ауық-ауық көрініс беріп отырды. Өйткені, жазу, әліпби әрбір халықтың рухани және мәдени өсуімен қатар даму деңгейін көрсететін аса зор әлеуметтік мәні бар құбылыстың бірінен саналады. Оның кешегісі мен бүгінгісінің қоғамымыздың даму заңдылықтарымен бірге өзгеріске ұшыраған өзіндік тарихы бар. Түркі халықтарының әліпбиі отарлаушы елдердің жойқын күшімен сан түрлі өзгеріске ұшырап, тағдыр тәлкегін бастан кешірді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазу алмастыру мәселесі тағы күн тәртібіне қойылып, осыған қатысты әр түрлі пікірлер баспасөз бетінде көрініс берді.

1993-жылы 30-желтоқсанда белгілі филолог Әбдуәли Қайдар “Ана тілі” басылымындағы “Кемел елге, кемел әліпби керек” [5] - деген, Елбасына арналған ашық хатында латын таңбаларына көшуді ұсынған болатын. Осы ұсыныстан кейін әліпби ауыстыру мәселесіне қатысты баспасөзімізде төрт түрлі пікірдегі жарияланымдар орын алды:

Біріншісі: латын таңбаларына көшуді ұсынушылар; екіншісі, кириллица таңбасында қалуды жөн көретіндер пікірі; үшіншісі, Ахмет Байтұрсынұлы түзген төте жазуға ауысуды дұрыс санайтындар; төртіншісі, көне түркі жазуына көшуді қолдайтындар.

Он жылға жуық уақыт баспасөз бетінде көрініс тапқан пікірталас, ондағы проблемалық, публицистикалық мақалаларды сұрыптап, жанрлық, стильдік мазмұндық сипатына қарай ғылыми сараптама жасау зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі.

Латын таңбаларына көшуге байланысты пікірталас ХХ ғасыр басындағы баспасөзімізде де орын алған болатын. Қазақ арасына ислам дінімен бірге енген араб графикасын, өзге түркі халықтары сияқты, біз де өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін ресми қолданып келдік. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы қазақ даласын саяси-экономикалық жағынан толық игерумен қатар, сахара елінің мәдени-рухани, этникалық ерекшеліктерін жоюды көздеді. Бұл бағдарлама жоспарлы түрде жүзеге асты. Орыс миссионерлері кириллица негізінде қазақша тегін оқулықтар мен діни әдебиеттерді тарата бастады. Олар қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі араб таңбаларының олқы тұстарын көлденең тартып, кириллицаға көшіруге тырысып бақты.

Патша үкіметінің миссионерлік саясатының шешуші буыны болып саналатын тәсілі араб жазуының орнына біртіндеп орыс жазу таңбасын енгізу екенін сол дәуірдің алдыңғы қатарлы өкілдері терең сезініп, оған табанды түрде қарсы күресті.

1913 жылы “Қазақ” газетінде басылған А. Байтұрсынұлының “Бастауыш мектеп” [6] деген мақаласында: “ . . . қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс қарпімен оқысын дейді. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі - өз діні, тілі, жазуы сақталуы”, - деп қазақтың дініне, тіліне, жазуына төніп келе жатқан қатерді ескертеді.

Қазан төңкерісінің жеңісінен қазақ зиялыларының көпшілігі үлкен үміт күтті. Кеңес үкіметінің араб жазуын латын таңбаларына алмастыруы араб қарпін кириллицаға ауыстыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатын жалғастырудың жасырын тәсілдерінің бірі екенін екінің бірі біле бермейді.

Алдын-ала дайындықсыз бірден орыс жазуына көшіріп жіберу, миссионерлік патша үкіметінің саясатынан хабардар зиялы қауымның наразылығын тудыратыны белгілі. Сондықтан белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін, латын таңбаларына көшіргендері онсыз да сансыраған халықты рухани тоқырауға ұшыратты.

Латын жазуына көшуге түркі халықтарының ішінде әсіресе, Қазақстанда қарсылық қатты болды. Өйткені, А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары бұл саясаттың түпкі саяси идеологиялық мақсатын жақсы білетін. Латын жазуын алу уақытша көзбояушылық шара екендігін, бәрі бір түптің түбінде орыстандырудың кілті - орыс алфавитіне түсіретінін олар жақсы білді.

Араб жазуын А. Байтұрсынұлы реформалағаннан кейін бүкіл түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынды. Өйткені, латыншаға қарсыларға айып тағылып, заң қорғау орындары араласты.

Отарлаушы ел жергілікті халықтың тілін, дінін, жазуын жоятыны, өз мәдениеті мен жазуын күштеп енгізетіні тарихтан мәлім. Бұл саяси шараның астарын әдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметов былай түсіндіреді: “Бұлай болудың мән-мағынасы отарланған халықтарды ұзақ уақыт уыстан шығармай ұстаудың кілті - қара күште емес, олардың санасын жаулау арқылы рухани құлдықта ұстау үшін, олардың азаматтық сезімімен ұлттық санасының оянуына жол бермейтін сенімді кедергі қоюды көздеуінде жатыр. Осы себепті ұрпақтан-ұрпаққа ауысып дәстүрлі жалғастық таба берер халықтық тарихи жадын үзудің, оны келмеске жіберудің шешуші буыны - сол халықтың ғасырлар бойы пайдаланып келген жазу таңбаларын жойып жіберуден басталады” [7, 123 б. ] .

Әр халықтың салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес туындап, бабалар мұрасын келер ұрпаққа жеткізер рухани мұралардың алтын діңгегі іспеттес әліпбидің қоғамдық құндылығы зор.

1920-1929 жылдар аралығындағы баспасөз бетінде көрініс тапқан пікірталас осы еңбекке дейін еш жерде зерттеліп, бағасын алмапты. 8-9 жылға созылған пікірталастың саяси-идеологиялық мәнін ашу мен баспасөздегі көрінісіне ғылыми баға беру біздің еншімізге тиіп отыр.

Әліпби мәселесі және оның тарихи кезеңдерде ауысуына байланысты пікірталастың мерзімді басылымдарда көрініс табуының саяси-идеологиялық маңызы зор. Бүгінгі таңда әліпбиге таңдау жасау мәселесі әлі шешілген жоқ. Саяси-әлеуметтік және идеологиялық жағынан қай әріп қазаққа тиімді екенін зерттеуді өмірдің өзі талап етіп отыр.

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі .

ХХ ғасыр басында және аяғында қазақ баспасөзінің бетінде көрініс берген әліпби мәселесі төңірегіндегі пікірталас осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда толыққанды зерттелмеген.

Әліпби мәселесі қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзінің беттерінде де көрініс берді. Қазақ халқына ислам дінімен бірге енген араб таңбалары сол қалпында қазақ тілінің дыбыстың жүйесіне сәйкес келмеді. Бұл құбылыс сауат ашу, баспахана істеріне кедергі келтірді. Осы мәселені көтерген Р. Дүйсенбаев, Д. Сұлтанғазин секілді қаламгерлердің «Түркістан уәлаятының газетің, «Дала уәлаятының газетің басылымдарында проблемалық мақалалары жарық көрді.

Араб таңбаларының негізінде қазақ әліпбиін түзуде реформатор ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі сол тұстағы қазақ жұрты үшін үлкен прогрессивті құбылыс болды. Ол түзген әліпби бірнеше мәрте жарық көріп, сауат ашу ісін едәуір жеңілдетті.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін одақ құрамындағы түркі халықтарын латын таңбаларына көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялылары мерзімді баспасөз бетінде сегіз жылға жуық пікірталасты. Аталған пікірталаста пікір білдірген бірқатар зиялы қауым ұстанымдары 1927 жылы Қызылордада жарық көрген “Әліпби айтысы” жинағына енгізілген. Сондай-ақ, Нәзір Төреқұловтың “Жаңа әліппе неге керек?” (Москва, 1924 ж), Әбдірахман Байділдаұлының “Жаңа әліппе туралы” (Қызылорда, 1928 ж), “Алдымыздағы мақсаттарымыз” (Қызылорда, 1926 ж) атты еңбектерінде сол тұстағы қазақ үшін қай әліпби тиімді деген мәселелерге тоқталған.

Әліпби туралы пікірталас жайында Кеңес дәуірінде жүйелі зерттеу жүргізу мүмкін емес еді. Дегенмен ішінәра еңбектер кездеседі. Профессор Т. Қожакеев «Жыл құстарың атты еңбегінде ХХ ғасыр басындағы қаламгерлер шығармашылығына баға берген тұсынды Нәзір Төреқұлов пен Молдағали Жолдыбаевтың әліпби мәселесі төңірегіндегі пікірталасы жайлы айта кетеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін М. Мырзахметұлы, С. Садырбайұлы, Б. Нұржекеұлы, Б. Алдамжар, С. Шүкірұлы, А. Мектеп сынды жазушы-ғалымдар әліпби ауысуының саяси-идеологиялық астарын, рухани-мәдени зардаптарын жекелеген ғылыми мақалаларында қарастырған.

Ал, жалпы тіл ғылымы түрғысынан зерттелген Р. Сыздық, Т. Кәкішев, М. Сапархан, А. Тасымов, Ж. Түймебаев, Ж. Бапыш, С. Бейісбай сынды ғалымдардың ғылыми еңбектері бар.

Әліпби мәселесінің қазақ баспасөзіндегі көрінісі тұңғыш зерттеліп отыр. Қазақ баспасөзінің бетіндегі жарияланымдардың мазмұндық, жанрлық, формалық, тіл-стильдік сипатына, қаламгерлер шеберлігіне алғаш ғылыми баға берілді. Әліпби ауысқан тұста жаңа әліпбиді насихаттау бағытында жарық көрген басылымдар да алғаш рет ғылыми айналымға енгізілмекші.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы.

Бұл әліпби ауыстырудың саяси-идеологиялық маңызы мен тарихи кезеңдерінің баспасөздегі көрінісіне, онадағы жарияланымдардың мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда баға беруде арнайы қарастарылған тұңғыш еңбек болып табылады.

- 1920-1929 жылдардағы мерзімді басылымдарда көрініс тапқан қазақ зиялыларының пікірталасы алғаш рет зерттеліп, баға беріліп, ғылыми айналымға еніп отыр.

- ХХ-ғасыр басындағы публицистеріміздің “Сарыарқа”, “Ақ жол”, “Еңбекші қазақ” газеттерінде бүгінгі жазуымызбен еш жерде жарық көрмей архив қойнауында қалып қойған, бұрын белгісіз болып келген мақалалары жүйелі жинастырылып, алғаш талданады;

- Кеңес үкіметінің қаріп ауыстыру саясатына табанды түрде қарсы шыққан А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ә. Бөкейханұлы сынды арыстарымыздың құнды пікірлері мен орынды дәлелдеріне сараптама жасалды. Олардың мақалаларындағы саяси астар негізі, өзіндік көзқарастары, проблемалық мәселелерді шешу жолындағы ой тұжырымдары сұрыпталады;

- 1930 жылдары латын таңбаларына көшкеннен кейінгі халықтың рухани жағдайы және сол кездегі көзі ашық оқыған азаматтардың халықты сауаттандыруға сіңірген еңбектерінің ескерілмей, ұмытылып қалған тұстары ашылып, баға беріледі. Яғни, халық жаппай сауатсыз хәлге енгенде, аз мерзім ішінде жарық көрген әліпби, оқу құралдары анықталып, мән-маңызы айқындалады;

- 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында “Төте оқу” газеті жарық көргені, ал 1939 жылдың наурыз айынан 1941 жылдың сәуіріне дейін “Сауатты болуға көмекші” деген атпен шығып, 1941 жылы “Жаңа жазу” деп өзгертілгені архив материалдары негізінде алғаш зерттеліп, ондағы публицистер жарияланымдары таратыла талданды. 8 жылдық тарихы бар газетті қазақ баспасөзінің тарихына енгізу туралы тұңғыш ғылыми тұжырым жасалынды;

- 1937 жылы кеңес үкіметінің қазақ елін кириллицаға көшіруінің саяси астары мұрағат деректерімен ашылып, сарапталады;

- 1993 жылы әліпби мәселесінің қайта көтерілуінің саяси-рухани себептері ашылады. Әліпби айтысының баспасөздегі көрінісіне баға беріледі. Ондағы мақалалардың жанрлық, стильдік ерекшеліктері талданады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Қазақ баспасөзіндегі әліпби мәселесі туралы жарияланымдардағы мұрағат материалдары негізінде объективті түрде талдау жасап, олардың семантикалық, жанрлық, тілдік, стилдік ерекшеліктерін ашу, осы тақырыпта қалам тербеген публицистердің шығармашылық шеберліктерін айшықтау ғылыми зерттеуіміздің мақсаты болып табылады. Ол мынадай міндеттерді алдымызға тартты:

- қазақ баспасөзінде әр кезеңде ауық-ауық көрініс берген әліпби мәселесі туралы пікірталасқа, ондағы жарияланымдардың мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан баға беру;

- қазақ публицистерінің әліпби тақырыбын жазу ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасау. Публицистикалық мақалалардың жанрлық, композициялық - құрылымдық, стильдік түр-тұрпатын анықтау;

- Әліпбидің рухани-мұралық маңызы мен саяси-идеологиялық мәнін ашу;

- ХХ ғасыр басында қаріп ауыстыру мәселесіне қатысты пікірлерін баспасөзде жиі жариялаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Қошке Кемеңгеров, Елдес Омаров сынды қаламгерлер мақалаларындағы саяси астар негізіне, ой-тұжырымдарына сараптама жасау. Олардың қаламгерлік шеберліктерінің қайталанбас айшықты тұстарына анықтап, айқындау;

- Бүгінгі баспасөзіміздегі әліпби мәселесінің көтерілу деңгейіне баға беру. Журналистеріміздің тақырыпты ашу, талдау, көркем жазу қарым-қарқындарын бағалап, тұжырым жасау. Орынды-орынсыз пікірлердің дұрыс-бұрыстығын айыру, ғылыми дәйектеме беру;

- Әліпби мәселесі көтерілуінің тарихи кезеңдерін анықтап, саяси-астарын аша отырып, баспасөз мақалаларын жүйелеу.

Диссертацияның теориялық және әдіснамалық негізі.

Ғылыми жұмысты жазу барысында қазақ журналистикасының тарихы, теориясы мен тәжірибесі хақында елеулі еңбектер жазған ғалымдар А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Е. Омаров сынды Алаш публицистерінің әліпби мәселесі туралы келелі проблемалық мақалаларын негізге алдық. Латын таңбасына көшіруге байланысты пікірталас материалдары 1927 жылы Қызылдордада “Әліпби айтысы”деген тақырыппен жарық көрді. Сондай-ақ, Н. Төреқұловтың “Жаңа әліппе неге керек”(Москва, 1924 жыл), Ә. Байділдиннің “Алдымыздағы мақсаттарымыз” (Қызылорда, 1926 ж), “Жаңа әліппе туралы” (Қызылорда, 1928 ж) атты ғылыми еңбектері пайдаланылды.

Зерттеліп отырған тақырыптың дәйектілігін арттыру үшін қазақ журналистикасының теориясы мен тәжірибесі және тарихы жайында еңбектер жазған көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Б. Кенжебаев, Х. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Ыдырысов, Т. Қожакеев, Ш. Елеукенов, М. Барманқұлов, Н. Омашев, С. Қозыбаев т. б. сондай-ақ, журналистиканың, оның ішінде публицистиканың сан қырлы мәселелеріне қатысты пікірлер айтқан М. Е. Кольцов, Е. П. Прохоров, В. М. Горохов, В. В. Ученова, Е. Н. Журбина т. с. с. орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерін де негізге алдық.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы.

Әліпби ауыстыру мәселесінің көтерілуі мен оған қатысты пікірталастың баспасөзде орын алуының саяси-идеологиялық себептері мол. Оның пробле-маларын әлденеше қырынан зерттеуге болады. Әліпби мәселесіне үн қатып пікір білдірген публицистеріміз қаламгерлік шеберліктің озық үлгісін көрсете білген. Олардың әрқайсысының қазақ журналистикасында өзіндік орны бар.

Сталиндік сыңаржақ саясаттың құрбаны болған арыстарымыздың пікірлерін, ғылыми дәлелдерін, болжамдарын, болашақта әліпби таңдау сәтінде ескеріп, тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға болады.

Зерттеудің негізгі түйіндері, ондағы мақалалар қазақ баспасөзінің тарихы, баспасөз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Полемика және оның теориялық сипаты
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Өтпелі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы газет полемикасының басты тақырыптары мен көтерген мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz