Ұйымдағы капиталдың қалыптасуы мен қозғалысы есебінің экономикалық маңызы мен мәнін қарастыру («УАТ» ЖШС-і мысалында )


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КАПИТАЛ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні 6

1. 2 Меншікті капиталға қатысты есеп саясатының ерекшелігі 13

1. 3 Меншікті капитал есебін ұйымдастырудың нормативтік базасы және шет елдік тәжірибесі 18

2 КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ 21

2. 1 Капиталдың қалыптасуының есебі 21

2. 2 Капиталдың өзгерістерінің есебі 32

2. 3 Капитал өзгерісі жөніндегі есептілікті құрастыру әдістемесі 36

3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 41

3. 1 «УАТ» ЖШС-і мысалында капиталды талдау әдістемесі 41

3. 2 Меншікті капитал есебін жетілдіру жолдары 50

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

ҚОСЫМШАЛАР 62

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы дамудың дербес жолын таңдап, бүгінгі туындап отырған экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастыруда. Осыған орай, Елбасымыздың «Дағдарыстан - Дамуға» аталатын халқымызға жолдауында әр ел өз бетімен жол табуға тырыспай, әлемдік деңгейде шешім табу қажет екендігін атап айтты. Еліміз үшін жедел түрде жан-жақты жаңғырта жаңарту мен үдемелі бәсекелестік жағдайында жаһандық экономикаға кіруге бағытталған саясат ұсталынуда.

Бүгінгі күні өз еліміздегі және әлемдік деңгейдегі қалыптасқан күрделі экономикалық қатынастар жағдайында шаруашылық қызметін тоқтатпай дағдарыстан шығар жол тауып, көшке ілесу барлық ұйымдар үшін басты мәселе. Осындай жағдайда кез-келген ұйымның өзінің меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылуы, сырттан тартылатын қаражат көзіне аса көп иек артау мәселелерінің маңызы арта түсуде. Дербес ұйымның қаржылық жағдайын сипаттап, қаржылық тұрақтылығын анықтайтын маңызды көрсеткіш оның капиталының құрамындағы меншікті капитал үлесінің мөлшері болып отыр. Меншікті капитал мөлшерінің талаптарға сәйкес мөлшерде қалыптасуы мен қатысушылармен уақыттылы есеп айырысу операциялары заңнамалық тұрғыда және қатаң тәртіппен ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі арқылы қадағаланып отыр.

Еліміздегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесінің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) мен Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына (ҰҚЕС) сәйкес ұйымдастырылуы шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жаңа талаптар ұсынуда.

Шаруашылық тетіктердегі өзгерістер мен нарықтық институттардың нақты жасалып отырған іс шараларымен байланысты бухгалтерлік есептегі өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын арттыруға, ХҚЕС-тың қолдану мүмкіншіліктерін дамытуға, сондай-ақ қаржылық тәртіптің күшейюіне әсер етуі мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты. ХҚЕС-тің кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бүгінгі күні Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарттарын тәжірибеде пайдалану бекітілді. ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі өзгерістер енгізілуде, оны шағын ұйымдардың уақыттылы қадағалап отыруы және қолданысқа енгізуі мүмкін емес болғандықтан, ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жария мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды деп табылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруі келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1. Шаруашылық қожалығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен жеңілдетілген декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша жеңілдетілген тиісті қаржылық есеп беру стандарты (ҰҚЕС №1) ;

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдыңғы санатқа кірмеген коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (жария мүдделі компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген мемлекеттік кәсіпорындар үшін оңайлатылған ұлттық қаржылық есеп беру стандартын (ҰҚЕС №2) қолдануға болады.

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсысыларыда болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - бүгінгі таңдағы Ел басының Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында бәсеке қабілетті 50 елдің қатарына кіруді міндеттеуіне сәйкес, қаржылық жағдайы тұрақты, әрі төлем қабілеттілігі жоғары заңды тұлғалардың шаруашылық қызметті оңтайлы ұйымдастыруымен анықталып отыр. Осы орайда дұрыс, жоғары технологиясы дамыған бүгінгі күннің талабына сай ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп жүргізіп отырған, оның ішінде басым мөлшерде меншікті капиталмен қамтамасыз етіліп отырған ұйым еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосатыны айқын.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - ұйымдағы капиталдың қалыптасуы мен қозғалысы есебінің экономикалық маңызы мен мәнін қарастыру. Осы мақсатта төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы қажет:

  • меншікті капиталдың экономикалық мәні мен мағынасы, оның құрамы;
  • есеп саясатында меншікті капитал есебінің қарастырылуы;
  • меншікті капиталдың қалыптасуы есебін ұйымдастырудың нормативтік негіздеріне шолу жасау;
  • меншікті капиталдың есебінің ұйымдастырылуын нақты ұйым мысалында қарастыру;
  • меншікті капиталдың бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Диплом жұмысын жазу барысында өндірістік-іс тәжірибе базасы болып табылатын «УАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нақты мәліметтері қолданылды.

Меншікті капитал есебінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын заңнамалық актілер, нұсқаулар мен ережелерден басқа шет елдік және отандық авторлардың жазған монографиялары, оқу құралдары мен оқулықтары, баспасөз материалдары, интернет сайттары қолданылды.

Дипломдық жұмысымның жалпы көлемі 61 беттен тұрады, онда 21 кестелік мәліметтер, 2 сурет келтірілген және диплом жұмысына 2 түрлі есептілік мәліметтерінен тұратын қосымша беттер тіркелген.

1 МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Меншікті каптиталдың экономикалық мәні

Ұйым меншігіндегі экономикалық ресурстардың бар болуы оның қаржылық жағдайын сипаттайды. Ұйым алғаш құрылған кездегі экономикалық ресурстары оның қатысушыларының жарнасы ретінде салынған капитал сомасына тең болады: Экономикалық ресурстар = капитал. Ұйым қызметін жүзеге асыру барысында оған сырттан да капитал тарту қажет болады. Осы кезде экономикалық ресурстар активтер деп аталып, бастапқы теңдеу активтер = капитал + міндеттемелер түрінде жазылады.

Осы теңдеуге сәйкес капитал деп меншік иеленушісінің барлық міндеттемелерін төлегеннен кейін қалатын активтерінің сомасын атаймыз, яғни капитал таза активтерге тең болады. Басқаша түрде меншікті капиталды меншік иеленушілердің иелігінде қалған қалдық үлесі деп айтсақ болады.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заң актісі бойынша капиталға келесідей анықтама берілген: Капитал - жеке кәсіпкердің немесе ұйымның міндеттемелерін шегеріп тастағандағы активтердегі үлесі. [2]

Капиталдың қалыптасуының екі көзі бар: меншікті және сырттан тартылған. Оны 1-ші суреттен көруге болады.

Сурет 1. Ұйым капиталын қалыптастырудың көздері

Ал енді ұйымның меншікті капиталының құрамын 2-ші суреттен көруге болады.

Сурет 2. Меншікті капиталдың құрамы

Меншікті капиталдың басты элементі жарияланған капитал. Жарияланған капитал деп ұйымның алғаш құрылған кездегі қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың, меншік иеленушілердің үлестерінің жиынтығын көрсетеді. Жарияланған капиталдың қалыптасу тәртібі мен артқаратын қызметтері ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына тікелей байланысты.

Жарияланған капитал келесідей маңызды қызметтерді атқарады: [14]

  1. Ол ұйым қызметінің мүліктік негізін құрайды, яғни бастапқы капитал болып табылады;
  2. Жарияланған капиталдың қалыптасуы арқылы әрбір қатысушының, акционердің ұйымдағы үлесін анықтауға болады, сол арқылы олардың жалпы жиналыстағы иеленетін дауыстарының саны мен табыстарының мөлшерін білуге болады;
  3. Жарияланған капитал үшінші жақтар алдындағы міндеттемелердің орындалатындығын кепілдендіреді, сол себепті заңнамалық тұрғыда жарияланған капиталдың ең төменгі мөлшері бекітіледі.

Әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдарда жарияланған капитал әртүрлі қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 34 «Заңды тұлғалар түрлері мен нысандары» бабына сәйкес заңды тұлғалар мақсаттарына сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып құрылады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив түрінде құрылуы мүмкін. [3]

Жарияланған капиталдың үш негізгі қызметтері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарда толық көлемде жүзеге асырылады. Толық және коммандиттік серіктестіктерде жарияланған капитал тек бір түрлі қызмет атқарады - олардың қызметінің мүліктік негізін құрайды. Мұндағы жарияланған капитал серіктестікті басқарудағы әр қатысушының үлесін анықтамайды, себебі оның әрбір қатысушысының салған жарнасының мөлшеріне тәуелсіз тек бір дауысқа ғана ие болады. Жарияланған капитал мөлшері қандай болғанына қарамастан кредиторлардың алдындағы міндеттемелер қатысушылардың мүліктері есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Кооперативтердің басты ерекшелігі олардың иелігіндегі бөлінбейтін мүліктің бар болуы. Ол кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары есебінен қалыптасады. Мүліктік жарналар бастапқы капитал ретінде қалыптасып, ұйымды құру мен қызметін ұйымдастыруға жұмсалған шығындарды жабу мақсатында пайдаланылады. Кооператив мүшесі салған әрбір пай пайыз есебінде анықталады және оның ұйым мүлкіндегі үлесін көрсетеді. Кооперативтегі істерді басқару «1 пай - 1 дауыс» қағидасына сәйкес ұйымдастырылады. Ал алынған пайданы бөліп-тарату олардың тек үлестерінің мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге олардың еңбекке қатысу сипаты мен дәрежесіне тәуелді болады. Кооперативтің жағылық қорының мөлшері мен қалыптасу тәртібі оның Жарғысы арқылы анықталады. Осылайша, кооперативтердегі жарияланған капитал мүліктік және кепілдік қызметтерін атқарады.

Мемлекеттік ұйымның жарияланған капиталы кәсіпкерлік қызмет атқару мақсатында республикалық немесе жергілікті өкімет органының ұйғарымымен бекітілген мүліктің құны ретінде анықталады. Ол жарналарға сәйкес бөлініп-таратылмайтын мүлік, яғни еңбек ұжымының да, немесе жекелеген жұмысшылардың да оны бөліп алу құқығы жоқ. Мемлекеттік ұйымдарда жарияланған капитал екі қызметті атқарады: мүліктік және кепілдемелік.

Жарияланған каиталдың қалыптасу тәртібі заңнамалық актілер мен құрылтайшылық құжаттармен реттеледі. Жарияланған капитал - барлық шығарылған акциялардың номиналдық құны. Акция - бұл акционерлік қоғаммен шығаратын және қоғамды басқаруға қатысуға, қоғамның мүлкінің тәркілеген жағдайда бөлігін және ол үшін дивидент алуға құқықты куәландыратын бағалы қағаз.

Акциялар жай және артықшылығы бар акциялар болып екіге бөлінеді:

  • жай акциялар - акция ұстаушыға алынған табыстың көлеміне байланысты дивиденд әкелетін, және акционерлік жиналыста дауыс беру құқығын беретін құнды қағаздар.
  • артықшылығы бар акциялар - акция ұстаушыға қызметтің нәтижесіне (пайда немес зиян) тәуелсіз, тұрақты пайыз түрінде дививденд әкелетін құнды қағаздар. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың акционерлік жиналыста дауыс беру құқығы жоқ.

Акцияның номиналды құны - жарияланған капиталдың құрылуына қатысатын, акционерлік қоғамның құрушы құжаттарында анықталған, құрушылармен (жалғыз құрушымен) төленетін акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы - бұл бағалы қағаздардың алғашқы нарығында акцияларды орналастыру кезінде анықталатын акцияның бағасы.

Акцияларды мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның құрылымдарының құрушы орналастырылатын қоғамның жарияланған акциясының саны түрі мен орналастыру бағасы сонымен қатар құрушылармен төленетін жарияланған капиталдың мөлшері құрылтай құжаттарындада (жоғарыда құрушы келісім-шартында) көрсетіледі.

Ұйым жарияланған акцияларды шығаруды тіркеу үшін құжаттарды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап бір айдың ішінде немесе жарияланған акциялардың санын көбейту туралы акционерлердің жалпы жиналысының қабылдаған шешімінің мерзімінен бастап беруі қажет.

Акционерлік қоғам өзінің акцияларының олардың шығарылуын мемлекеттік тіркелгеннен кейін аукциондар арқылы орналастыруға құқылы. Қоғамның директорлар кеңесімен бекітілген орналастыру бавғасы бойынша сатуға болады, осы кезде акцияны орналастыру бағасы акцияны алатын барлық тұлғаларға бірдей болуы қажет.

Құрушылармен төленетін жарияланған капиталдың мүшелері қоғамның жарияланған капиталының минималды мүшелерінің аз болмауы қажет және заңды тұлға ретінде қоғамның мемлекеттік тіркелу мерзімінен бастап отыз күн ішінде құрушылармен толық төленуі керек.

Қоғамның жарияланған капиталының көбеюі жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес акцияларды шығару мен орналастыру арқылы акционерлердің жалпы жиналысы немесе соттың шешімі бойынша рұқсат етіледі.

Орналастыратын акциялардың төлеміне ақшалар, мүліктік құқықтар (соның ішінде интеллектуалды меншік объектісінің құқығы және заңнамалық актілерімен қарастырған басқа жағдай басқа да мүлік. Акциялардағы құнын ақшамен төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Бұдан басқа мүлікпен төлеу заңнамаға сәйкес берілген лицезияның негізінде әрекет ететін бағаланып анықталатын баға бойынша жүзеге асырылады. Егер орналастыратын акцияның төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау бұл меншікті пайдаланудың барлық мерзіміндегі пайдаланылғаны дейін төлемнің мөлшерімен жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін мүлікті қоғамның жалпы акционерлер жиналасының келісімінсіз тәркілеуге тыйым салынады. Қоғамға өзі жариялаған акцияларды бағалы қоғамның алғашқы марапаттауларында орналастыру кезінде алуға тиым салынады.

Сонымен, жарияланған капитал - бұл құрылтай құжаттарында тіркелген меншікті капиталының бастапқы сомасы, ол негізгінен шығаруға жарияланған барлық акциялардың жиынтық құнынан құралады, құрушылар мен олардың номиналды құнын бойынша сатылады немесе құрушылардың (қатысушылардың) қайта құрылған ұйымның жарияланған қызметін қамтамасыз ету үшін ақша-қаражаты немесе басқа мүліктер салымдары болып табылады.

Жарияланған капиталының нақты тағайындалуы, атқаратын функциялары мен құрылу тәртібі ең бастысы ұйымның құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына тәуелді және Азаматтық Кодекспен, акционерлік қоғам туралы, шектеулі жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен, заңды күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің шаруашылық серіктестіктер туралы жарғысымен реттеледі.

Төленбеген капитал - жарияланған капиталды толтыру үшін құрылтайшылармен есеп айырысулар.

Қосымша төленген капитал - акцияларды атаулы құндарынан артық сомаға сатқанда қалыптасатын капитал.

Қосымша төленбеген капитал - активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде қалыптасатын капитал. Активтерді қайта бағалаудың екі түрі болады:

1 - асыра бағалау- активтердің құнының артуы.

2 - төмен бағалау- активтердің құнының азаюы.

Резервтік капитал - негізгі құралдарды күрделі жөндеу, қызметті кеңейту, дивидендтерді төлеу және біржолғы жәрдемақыларды төлеу мақсатында таза табыстың есебінен құрылатын капитал.

Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) - есепті жылдың соңында шаруашылық жүргізуші субьектілердің табыстар мен шығыстарын салыстыра отырып анықталатын, есепті жылдағы қызметтің нәтижесі. Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) - барлық есепті жылдардың бөлінбеген табыстарының (жабылмаған зияны) қалдық құндарының жиынтығы. Жарияланған капиталдың есебіндегі бастапқы құжаттарға акционерлердің реестрі, құрылтайшылық құжаттар және құнды қағаздар жатады. Шығарылған жарияланған капитал тіркелген мерзімге дейін 50 пайыздық мөлшерде төленіп қойылуы керек.

Ұйымдық - құқықтық нысандағы шаруашылықтық әр түрлі ішкі жіктеулеріне қарай жарияланған капиталына төменгі мөлшеріне қарай орналасуын мына кестеден көруге болады. [19]

Кесте 1. Ұйымдық- құқықтық нысандағы шаруашылықтың жарияланған капиталының төменгі мөлшерінің орындалу тәртібі*

Заңды тұлғаларының ұйымдық құқықтық нысаны

Қатысушылар

акционерлері құрылтайшылары

Қатысушы,

құрылтайшыларының жоғары саны

Жарияланған капиталдың мөлшері, еселенген АЕК
Ескерту
Заңды тұлғаларының ұйымдық құқықтық нысаны: Толық серіктестік
Қатысушыларакционерлері құрылтайшылары: Тек қана азаматтар (екіден кем емес)
Қатысушы,құрылтайшыларының жоғары саны:
Жарияланған капиталдың мөлшері, еселенген АЕК: 25
Ескерту:
Заңды тұлғаларының ұйымдық құқықтық нысаны: Коммандиттік серіктестік
Қатысушыларакционерлері құрылтайшылары: Толық серіктестік және азаматтар
Қатысушы,құрылтайшыларының жоғары саны:
Жарияланған капиталдың мөлшері, еселенген АЕК: 50
Ескерту: Қатысушыүлесі 50% жоғары
Заңды тұлғаларының ұйымдық құқықтық нысаны:

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

(ЖШС)

Қатысушыларакционерлері құрылтайшылары: Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары)
Қатысушы,құрылтайшыларының жоғары саны: 100
Жарияланған капиталдың мөлшері, еселенген АЕК: 100
Ескерту:

1-ші кестенің жалғасы

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС)
Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары)
50
100
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС): Ашық акционерлік қоғам (ААҚ)
Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары): Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары)
50:
100: 5
:
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС): Ашық халық қоғамы (АХҚ)
Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары): Азамат және заңды тұлға (500 акционерден жоғары)
50:
100:
: Активтінің мөлшері 200 000 АЕК төмен емес
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС): Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ)
Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары): Азамат және заңды тұлға
50: 100
100: 100
:
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС): Өндірістік кооператив
Азамат және заңды тұлға (бір және одан жоғары): Бірден жоғары жеке тұлғалар, (екіден кем емес)
50:
100:
: Жарияланған капиталдың мөлшері жарғысында белгіленеді

*Дерек көзі: Сейдахметова Ф. С. Современный бухгалтерский учет. Алматы, 2000-143 бет.

Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің капиталдарының қалыптастырылуы арасындағы ұқсастықтар немесе кемшіліктерін төмендегі кестені құра отырып қарастырамыз.

Кесте 2. Акционерлік қоғам мен серіктестік арасындағы салыстырмалы көрсеткіштері*

Акционерлік қоғам
Жауапкершілігі шектеулі серіктсетік
Ерекшеліктері
: Жарияланған капиталдың жарияланым мөлшері
Акционерлік қоғам: 5 есептік айлық көрсеткіші
Жауапкершілігі шектеулі серіктсетік: 100 есептік айлық көрсеткіші
Ерекшеліктері: Жарияланған капиталдың жарияланым мөлшері АҚ қарағанда ЖШС-тікі біршама төмен болғандықтан оңай құруға ыңғайлы.
: Жарияланған капиталдың жариаланған мөлшерін төлеу
Акционерлік қоғам: Мемлекеттік тіркеуден өткен соң 30 күннің ішінде төлеуі тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктсетік: Мемлекеттік тіркеуге құжат өткізген күні толық төленуі тиіс.
Ерекшеліктері: Жарияланған капиталдың құрылымының мерзіміне қарай АҚ-ның 30 күнге ұзартылуы капиталдың көлемінің жоғарлығында
: Жарияланған капиталдың құрылымы
Акционерлік қоғам: Ақша, бағалы қағаздар, заттық құқығы және интелектуалды меншік
Жауапкершілігі шектеулі серіктсетік: Ақша, бағалы қағаздар, заттық құқығы және интелектуалды меншік, жерді пайдалану құқығы
Ерекшеліктері: Жарияланған капиталдың құрылымының талаптары екеуінде ұқсас
: Қатысушы
Акционерлік қоғам: шектелмеген
Жауапкершілігі шектеулі серіктсетік: шектелмеген
Ерекшеліктері:

2-ші кестенің жалғасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы қаржылық жәнe салықтық eсeптіліктің экономикалық мәні мeн маңызы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Инфляция жағдайындағы меншікті капитал
Меншікті капиталының есебі
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
«УАТ» ЖШС сабын комбинатының экономикалық қызметі және еңбек өнімділігін талдау
Баланстың активі мен пассиві
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz