ҚР-да қаржыны басқару: негізгі қағидалары, қаржылық бақылау органдары және ағымдағы мәселелері


- Қазақстан Республикасында қаржыларды басқарудың өзіндік ерешеліктері
Мемлекеттің қаржысын басқару . Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар - Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында департаменттер маңызды орын алады.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер басқармалар орындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқарамасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есепқисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық жұмыскерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқаруоргандарының, мемлекеттік банктердің қаржылық-бухгалтерлік службалары тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тыйым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджеттік қаражаттарды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыра отырып, сыртқыэкономикалық қызметте, кедендік саясаты жүргізгенде кеден службасының органдары арқылы мемлекеттің қаржылық ресурстарының айтарлықтай үлесін құрайтын кеден баждары мен төлемдерін төлетуді ұйымдастырады.
Кеден органдарының құрылымы облыстық кеден басқармаларын, кедендерді, кеден бекеттерін кіріктіреді. Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары ұлттық шаруашылықтың барлық салалары мен қызметтер сферасының мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың бюджеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредиттік және валюталық ресурстарды пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру бойынша аса маңызды функцияларды Салық службасы орындайды. Салық службасының органдары уәкілетті мемлекеттік органнан - Салық комитетінен және органдарынан - облыстардың, қалалардың, аудандардың комитетінен тұрады.
Салық комитетінде салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Салық комитетінің аппараты мынадай басқармаларды кіріктіреді: салық салу әдіснамасы, салық аппеляциялары, ұйымдық қамтамасыз ету, ірі салық төлеушілердің әкімшілігі мен мониторингі, кірістерді талдау және ағымдағы болжау, салық төлеушілер монитрингі, халықаралық салық салу, ақпараттық технологиялар, ұйымдық-қаржылық қамтамасыз ету, заң және т. б. басқармалары.
Облыс, қала салық комитеттері: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; салықтық тіркеу; ақпараттық технологиялар; салықтық әкімшілік ету; есеп және талдау; салық аудиті; қосылған құн салығы; акциздер; өндірістік емес төлемдер; салықтық берешекпен жұмыс жөніндегі; ішкі жұмыс; қаржылық-шаруашылық қызмет басқармаларын; заң; салық шағымдары белімдерін кіріктіреді.
Аудан бойынша салық комитеті: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; заңи және жеке тұлғалар аудиті; есеп, жиынтық талдау және мониторинг; ақпараттық қамтамасыз ету; өндірістік емес төлемдер; өндіріп алу; жанама салықтар; заңи тұлғалардың, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салықтық есептемесін қабылдау және өңдеу; салықтық тіркеу; ұйымдық-кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімдерін кіріктіреді.
Жергілікті қаржы органдарының аппараты облыстық, қалалық, аудандық, қаржы департаменттері мен бөлімдерін, салық комитеттерін кіріктіреді. Қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымы әдеттегідей білім беруді, денсаулықты, әлеуметтік қорғауды, қаржы органдарын, өндірістік емес сфераны, бюджеттік қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау, кірістерді болжау, мемлекеттік сатып алуды үйлестіру, заң службасы, кадрлар және т. б. бөлімдерді кіріктіреді.
ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ҚР-ның әлеуметтік-эко-лық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеудің, ҚР-ның әлеуметтік-эко-лық дамуының стратегиялық және индикативтік жоспарларының, мемлекеттік қаржысын басқарудың орта мерзімге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерінің және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастырудың салааралық үйлесуін жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Экон. және бюдж. жоспарлау министр. аппаратының негізгі департаменттері: Салықтық саясат және болжамдар, Бюджеттік үдерістің әдіснамасы және функциялық талдау; бюджеттік саясат және жоспарлау; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау; Өңірлік саясат және және бюджетаралық қатынастар; Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар; Стратегиялық жоспарлау және талдау; Салалық саясат пен бағдарламалар; Әлеуметтік сфераны дамыту; Қорғанысты, құқық қорғау мен мемлекеттік органдарды дамыту т. б.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігіне сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкі белгілі бір түрде қатысады. Ұлттық Банк ақшалай-кредиттік саясатты жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржылық ресурстарды басқарғанда қаржылық қатынастарға тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюталық-қаржылық қатынастарға, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады.
Елімізде республикалық бюджеттін атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағида да айқындалған.
- Үй шаруашылығының қаржылары, олардың ерекшеліктеріҮй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады.
Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды.
Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.
Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады
Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.
Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз өнім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.
«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.
Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді.
Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т. Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г. Б. Поляктың " пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды: 1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі; 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі; 3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді: 1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т. б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады. 2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.
Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары - бұл отбасының қарамағындағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары нысаналы арналымы бар оқшауланған ақшалай қорлар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалады: - тұтыну қоры, осы ұжымның отбасының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған; - жинақ ақшалар (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) қоры, ол келешекте қымбат тұратын тауарларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының құрамы: 1) меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен табыс; 2) рынокта жұмылдырылған, кредит ұйымдарынан алған кредиттер, дивиденттер, пайыздар; 3) қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар - зейнетақылар, жәрдемақылар, бюджеттерден және бюджеттерден тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.
Қаржылық ресурстар үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады. Үй шар-ң бюджеті - бұл үй шар-ң ақшалай қорын жасау мен пайдалану нысаны. Ол үй шар-ғы мүшелерінің жиынтық табыстары мен олардың жеке қажеттіліктерін қамтамсыз ететін шығыстарын білдіреді. Бюджет шеңберінде мынадай оқшауланған ақшалай қорлар қалыптасады: 1) дара, отбасының жекелеген мүшелеріне арналатын және әр түрлі тауарлар сатып алуға, көңіл көтеруге, оқуға, медициналық қызмет алуға және т. б. пайдаланылатын қор; 2) ортақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға арналған бірлескен қор; 3) қорланым және қамтамасыз ету қоры, болашақ күрделі шығыстарға пайдаланылады.
Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады. Тұрақты - бұл адам болжамдарына сәйкес болашақта сақталатын табыс (еңбек қызметіне ақы төлеу) . Уақытша табыс деп - болашақта жоғалатын табыс (акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан түскен түсім) . Отбасы бюджетінің кірісін үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі анықтайды.
Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай ықпал жасайды: 1) салық жүйесі арқылы - үй шар-ы салықтар, алымдар, баждар төлейді және басқа міндетті аударымдар жасайды; 2) мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу арқылы; 3) берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер арқылы; 4) мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.
Үй шаруашылығының табыстары - өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі. Табыстардың сыныпталуы: 1) Табыс көзіне қарай- жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс, бағалы қағаздардан түсетін табыс; сақтық өтім; мүлікті уақытша пайдалануға бергені үшін жалдау ақы, мемлекеттің ақшалай қорларына төленетін төлемақы. 2) Түсімнің бір қалыптылығына қарай - тұрақты (еңбек ақы төлеу, жалдау ақысы), дүркін-дүркін (авторлық қаламақы, бағалы қағаздар бойынша табыстар) ; 3) кездейсоқ немесе бір жолғы (сыйлықтар, мүлікті өткізуден түсетін табыстар) . 3) Түсімнің сенімділігіне қарай - кепілденген (мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік қарыздар бойынша табыстар) ; шартты-кепілденген (еңбекке ақы төлеу) ; кепілденілмеген (қаламақылар, комиссиялық сыйақы) .
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары - адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Сыныпталуы: 1) Тұрақтылық дәрежесі бойынша: тұрақты шығыстар (тамаққа, киімге, көлікке), бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланылатын тауарларға) 2) қажеттік дәрежесі бойынша: бірінші кезектегі шығыстар (тамақ, киім) ; медицинаға; екінші кезектегі (білім алуға, сақтық жарналары) 3) пайдалану мақсаттары бойынша: тұтыну шығыстары, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу; шетел валютасын сатып алу; халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.
Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік трансферттер - зейнетақы, жәрдемақы, төлемақылар жатқызылады. Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан: 1-деңгей - мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (зейнетақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы т. б. ) 2 деңгей - әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылғанда, жүктілігіне, босануға, жаңа туған баланы асырап алу, бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін төлемақылар; 3 деңгей - жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру.
- Қазақстан республикасының 2010-2050 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру барысында қаржы жүйесін дамыту
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді.
Біз бүгін - өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.
Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті.
Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.
Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігіміндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.
Бұл - жаңа саяси бағыт.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- ТҮГЕЛ ҚАМТИТЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРАГМАТИЗМ
Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту.
Бұл нені білдіреді?
Бірінші. Экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау.
Екінші. Қазақстан толыққанды бизнес-серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру.
Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құру. Инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым.
Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру.
Жаңа кадр саясаты
Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз:
- Басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар.
Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет.
- Мұнымен бір мезгілде халықаралық еңбек бөлінісінен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, біздің жаңа бағытымыздың бірқатар міндеттерін іске асыру үшін аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы ең үздік шетел мамандарынтартуға және оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз.
Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл - біз үшінжаңа тәжірибе.
2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Бюджет саясаты - Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет. - Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс. - Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.
Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz