Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы

1. 1. Қаржы нарығының экономикалық мәнi және қызметтерi

1. 2. Қаржы нарығы туралы ұғым

1. 3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi

2. Қаржы нарығының құрылымы және олардың

атқаратын қызметтері

2. 1. Қаржы нарығының құрылымы

2. 2. Бағалы қағаздар нарығы және оның түрлері

2. 3. Валюта нарығы және валюталық қорлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етеді. Қазақстанда қаржы рыногі бұрың - соңды болған емес.

Қаржы рыногі - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайт сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық инсттуттарының, мемлекттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететіннарықтық қатынастардың жиынтығы.

Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

ҚР экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі-ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.

Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.

ҚР қатан түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.

Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәнің мен мазмұнынң түсініп, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Ал, қаржы нарығы - құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл акша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамда бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т. б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы.

1. Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы

1. 1. Қаржы нарығының экономикалық мәнi және қызметтерi

Қаржылық қатынастар кез-келген елдiң экономикасы дамуының негiзi болып табылады. Қаржылық ресурстардың айналымы мен қайта бөлiнуi, олардың өзiндiк айналым саласын құрайтын, қаржы нарығын көрсетедi. Нарық экономика жағдайында қаржы нарығы, елдiң толық нарықтық қатынастар жүйесiнiң құрама бөлiгiн құрайды. "Қаржы нарығы" түсiнiгi әртүрлi бағытта мазмұндалады және бұл әлемдегi қалыптасқан тәжiрбиемен және әрбiр мемлекет экономикасының даму ерекшелiктерiне байланысты.

Егерде, қаржы нарығына, кеңiрек түсiнiк беретiн болсақ, көп жағдайда бұл елдегi бiр қатар ақша, несие, валюта және сақтандыру, бағалы қағаздар нарығымен байланыстырылады.

В. Д. Мельников, К. К. Ильясовтың пiкiрi бойынша: "Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретiнде бағалы қағаздарды сату және қайта сату жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсiпорындардың фирмалардың банктердiң, жинақтаушы зейнет ақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттiң және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлудi және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн нарықтық қатынастардың жиынтығы. "

У. М. Искаков пiкiрi бойынша "Қаржы нарығы - ақшалай, депозиттiк, несиелiк, валюталық, қор, сақтандыру және зейнетақы нарығы қаржылық құралдарының ұйымдастырылған сауда жүйесiн көрсетедi. Бұл жерде негiзгi ролдi меншiк шелерiнен??? қарых алушыларға ақшалай қаражаттар ағымын бағыттаушы қаржылық құралдар атқарады және бұл жерде тауар болып төлем құралдары мен бағалы қағаздар саналады. Кез-келген нарық сияқты қаржы нарығы қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы тiкелей байланыстарды жасау үшiн арналған. "

Шаруашылықты жүргiзудiң қазiргi жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздiксiз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиiмдi пайдаланудың, ±лттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айырықша формасы болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрiнде iс-әрекет етедi. Қаржы нарығы экономиканың түрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында ақшаны қайта бөлудi барлық әр түрлi формада реттейтiн нарықтық қатынастардың бүкiл жиынтығын бiрiктiретiн жалпы ұғым болып табылады.

Сонымен, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу шеңберiнде делдалдар көмегiмен, несие берушiлер мен қарыз алушылар арасында капиталды қайта бөлу механизмдерiнiң жүйесi.

Қаржы нарығының негiзгi қызметтерi мыналар (1 сурет ) :

  • реттеушiлiк - осы қызмет көмегiмен, мемлекеттiк басқару органы тарапынан да, және де өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар тарапынан да нарықты реттеу жүзеге асырылады.
  • ақпараттық, бұл өз кезегiнде қаржы нарығының барлық қатысушыларының ақпаратты алуға теңдей және толық қамтамасыз еткенiн бiлдiредi.
  • бөлiнушiлiк - бұл қаржы нарығындағы құралдардың айналымы ақшалай қаражат ағымының бiр саладан, екiншi салаға бiр нарыққа қатысушыдан, екiншi қатысушыға, бiр айналым саласынан, екiншi айналым саласына бөлiнуiн қамтамасыз етiп, қаржылық ресурстардың бөлiгуне мүмкiндiк бередi.
  • Коммерциялық, бұл өз кезегiне қаржы нарығында жүзеге асырылатын операциялар, қалайда келiсiм-шартқа қатысушылардың бәрiне табыс әкеледi.
  • Баға құраушы - бұл өз кезегiнде еркiн бәкеке жағдайында қаржылық құралдардың нарықтағы бағасы сұраныс пен ұсыныстың әсерiнен қалыптасады.

Қаржы жүйесiнде жүзеге асырылатын әр түрлi инвестицияларда еркiн ақша ресурстарының қалыптасу процесi - тiкелей қаржы нарықтарының қызмет етумен және қаржылық институттардың қызметiмен байланысты. Егерде, қаржылық ресурстарды жинақтау және орналастыру процесiнде қаржылық институттардың негiзгi ролi меншiк иелерiнен қарызалушыларға қаражаттарды неғұрлым тиiмдi орналастыруды қамтамасыз етсе, ал қаржы нарығының мiндетiне қаржы ресурстарын сатып алушылар мен сатушылар арасында қаржылық активтер мен мiндеттемелердi сатуды ұйымдастыру кiредi. Мұндай нарықтарда сатып алушылар мен сатушылар болып, экономикалық субъектiлердiң үш тобы жатады:

  • Үй шаруашылықтары (жеке тұлғалар) ;
  • Меншiк түрiне қарамастан, барлық шаруашылық субъектiлерi;
  • Мемлекетiтк басқрау органдары.

Осылардың кез келгенi нақты кезең уақытында өз бюджеттерi теңестiрiлген жадайда тапшылық немесе артықшылық жағдайында болуы мүмкiн. Мемлекетте де, шаруашылық субъектiлерiнде де қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттiлiгi, немесе уақытша бос ақша қаражаттарын өздерiне пайдалы жағдайда орналастыру мүмкiндiктерi қалыптасуымен байланысты.

Өз тұрмысында, қаржы нарығы потенциалды сатушылар, сатыпалушылар және делдал-институттардың мүдделерiн тиiмдi есепке алу және жүзеге асыруға арналған.

Жалпы нарықты экономика өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдi формасы. Бұл көптеген әлем елдерiнiң даму тәжiрбиесiмен дәлелденген. Қазақстан үшiн шаруашылықты жүргiзудiң жаңа әдiстерi, өз кезегiнде еркiн нарыққа өтудi бiлдiрдi, бiрiншi кезекте бұл елдiң жан-жақты өсiмiн қамтамасыз ету үшiн қаржы нарығының потенциалды мүмкiндiктерiн қолдануды талап етедi. Осы мағынада ғылыми техникалық прогресс базасында, қоғамдық өндiрiстi ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формаларының дамуында олардың жеке инициатива мен бәсеке үшiн кеңiстiгiнде тиiмдi экономикалық өсiмдi және барлық қоғамның игiлiктi өмiр сүрудiң қажеттi деңгейiне жету үшiн барлық салаларды экономикалық ресурстармен қамтамасыз етуге жағдайы келедi.

Бiздiң көз қарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдiң барлық ақшалай ресурстарының жиынтығын көрсетедi және олар экономиканың әр түрлi субъектiлер тарапынан, осы ресурстардың сұранысы мен ұсынысының әсерiне тартылатын тұрақты қозғалыста болады. Бiр ақ ақшалай ресурстар және шаруашылық субъектiлерi - бұл қаржы нарығы емес. Бұл тiкелей ақша ресурстары арасындағы қатынастарда тiкелей қалыптасып көрiнедi. Яғни, қаржы нарығы бәрiнен бұрын уақытша бос бөлудi ақша капиталдарының және салымдардың қозғалысы мен қайта бөлудi және экономиканың әр түрлi субъектiлерi арасында келiсiм жасау жолымен болатын барлық ақшалай қатынастарды бiлiдредi.

Жоғарыда айтып өткен, тұжырымдарға сәйкес қаржы нарығының қызметi келесi факторларға байланысты:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлудегi мемлекеттiң ролiн максимальдi қысқарту;
  • Бәсекелестiктi дамыту және монополизмдi шектеу мақсатында барлық меншiк тұрлерiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң толық дербестiгi;
  • Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшiн елдiң орталық (ұлттық) банкiнiң қарыз қорларын қолдануды тоқтату, бұл мәселенi мемлекетiтк заемдар шығару, облигацияларды және басқада мiндеттемелердiң айналымы арқылы шешу қажет;
  • Шаруашылық субъектiлерi мен тұрғындардың ақшалай табыстарын тұрақты ұлғайту, бұлар бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн.

1. 2. Қаржы нарығы туралы ұғым

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын - соңды болған емес.

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктредің, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сақтық институттарынан, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және т. б. рыноктермен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т. б. рыноктермен) етене байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногі, сондай - ақ кредит рыногі түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногі экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногі ұғымы ақша, валюта кредит, капитал рыноктерін қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен күн категорияларына бара - бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша нарығы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма - қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногі.

Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу - сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп атайды. «Қор нарығы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты.

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстері тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктің қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.

Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы рыногінің жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады.

  1. реттелінген тауар рыногінің болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
  2. Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
  3. Кредит рыногінің жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокке орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндеттері резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногінде операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногінің жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекеттер рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдары орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарының қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануын тоқтату; республикалық, сондай - ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздары шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс - әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы рыногі бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылық құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногінің болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама - қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние - мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - кредит операциялар жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігінің қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысы ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналасын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпыэкономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

1. 3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi

ҚР бекiтiлген тәртiбiне қалай мемлекеттiк реттеу органдарының ұсынған қаржылық есебiне сәйкес қаржы нарығының құрлымын келесi сызбада көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1.

ҚР қаржы нарығының құрлымы.

Ендi осылардың әр қайсына қысқаша тоқталатын болсақ. Ақша нарығы. Қаржылардың негiзi болып, қалай айтсақ та ақша қаражаттары болады, сондықтанда, ақша нарығы ең бiрiншi маңыдылыққа ие. Өздерiнiң өмiр сүру барысында ақшалар әр түрлi формада операциялар нарығында жасалатын барлық айнамға қызмет етедi және кез-келген қаржы нарығының бастапқы нүктесi болып саналады.

Депозиттiк нарық. Тұрғындар табысы екi негiзгi бөлiктен тұрады: тұтыну және жинақтау. Уақытша бос ақшалай қаражаттар (жинақтар мен салымдар), банктермен және басқада несиелiк-қаржылық мекемелермен (тартылған қаражаттар) тартылады, осының негiзiнде әр түрлi салымдар жүзеге асырылады. Сонымен, ақшалар депозит есебiнде қалыптасады, оларды банктер қолданғаны үшiн, олардың иелерiне, соған сәйкес ақшалай сыйақы - пайыздар төлейдi.

Несие нарығы. Депозит сапасында банкке түскен қаражаттардың бiр бөлiгi, өзiнiң алдағы бөлiнiсiн несиелер сапасында алады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтап отырып, әр түрлi мақсат үшiн заңды және жеке тұлғаларға несие есебiнде бередi. Сонымен, ақшалар нарықта несиелер сапасында айналады, ал оны қолданғаны үшiн қарыз алушылар банкке соған сәйкес пайыздар төлейдi.

Валюталық нарық. Қазақстан нарығында ақшалай операциялардың бiр бөлiгi ұлттық валютада жасалады, ал қалған екiншi бөлiгi шетел валютасында жасалады, нақтылайтын болсақ қаржылық құралдардың айналымы, екi валюта түрiнде де болады. Ұлкен рольдi валюталарды айырбастау операциялары да ойнайды.

Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар, басқада қаржылық құралдар сияқты, қаржы нарығына толығымен позитивтi әсер етедi.

Бағалы қағаздар ақшалай ресурстарды қайта бөлудiң қозғалымды құралы болып саналады. Мысалы, депозит өзiнiң алдағы айналымын алады, егерде оған банк сертификаты рәсiмделген болса. Айналым қаражаттарын толтыру үшiн мiндеттi түрде несиелеуге жүгiпмеу қажет, себебi оны жаңа келiсiм шартты жасауда, оны басқа тұлғаға беруге болмайды. Облигацияны шығаруға келетiн болсақ жеткiлiктi, олар қарыздың мiндеттеме болып, нарықта еркiн айналады және өзiнiң иесiн өзгертуi мүмкiн. Қаржылық тәуекелдердi сақтандыру үшiн туынды бағалы қағаздар болады. Сонымен бағалы қағаздар, ақшала ресурстардың еркiн айта бөлiнуiне жағдай жасайды.

Сақтандыру және зейнетақы қызметтерiнiң нарығы. Бүгiнгi күнi бiздiң елдегi нарықта өз ызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi қаржылық делдалдар болып жинақтаушы зейнетақы қорларымен сақтандыру компаниялары болып саналады. Оларда жинақталатын қатынастар жиынтығы, олардың қаржыларға жататындығын дәлелдейдi. Сақтандыру тәуекелi батыс қаржы теориялары- кез-келген кәсiпорынның қаржылық стратегиясының негiзгi құраушысы бiр-ақ осы теорияны негiздеу келесi түрде болады: әрбiр субъектi өз тәуекелдерiн сақтандырады, бұл зиянға кеткен материалдық құралдар немесе осындай болуы ықтималдардың орнын толтыру көзi.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ипотекалық несиелеудің негізі туындап жатыр, яғни біздің елімізге сәйкес модельдің қалыптасуы мен даму процесі жүріп жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Бағалы қағаздар нарығы және оны қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Қаржы секторы
Ақша қаражаттар нарығы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қаржы нарығы туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz