«АБДИ» компаниясының қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, қағидалары, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі ... ... ... ..14
1.3 «АБДИ» АҚ.ның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН «АБДИ» КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2.1 «АБДИ» компаниясының негізгі қаржы.экономикалық
көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2. «АБДИ» компаниясының қаржылық тұрақтылығын, өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
2.3 Кәсіпорын табыстылығы (рентабельділігі) мен іскерлік белсенділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің даму мәселелері ... ... ... ... ... ... 60
3.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі жағдайын жақсарту жолдары ... ...62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. [1, 4-5 б]
«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.» - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. [3, 6 б]
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен экономикалық жағдайын, кәсіпорын қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – «АБДИ» АҚ мысалында кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен экономикалық жағдайын, қаржысын талдау.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007 ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2008ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Назарбаев Н.Ә. Жолдауы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2009 ж. 18 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2008ж. 3-4б.
4. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходный экономике (на примере РК): Автореферат: 08.00.05─ Алматы, 2006.─ 22с.
5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы.─ Алматы: Экономика. 2005.─ 330б.
6. Жуйриков К.К: Финансы предприятий в условиях рынка.─ Алматы, 2006, 353 с.
7. Бараненко С.П., Шеметов В.В. Стратегическая устойчивость предприятия.─ М.: Центрполиграф, 2008.─ 575;
8. Дружинин А.И., Дунаев О.Н. Управление финансовой устойчивостью.─ Екатеренбург: ИПК УГТУ, 2009.─ с. 363;
9. Нестеров В.О., Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.─ М.: Финансы и статистика, 2009.─ с. 341;
10. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организациий.─ М.: ИНФРА-М, 2009.
11. Лупей Н.А. Методические рекомендации по учету финансовых результатов деятельности организаций: практическое пособие.─ СПб.: Книжник, 2007.─ с. 258;
12. Гиляровская Л.Т., Вехорева А.А. Анализ и оценка финансовой устойчивости коммерческого предприятия.─ СПб.: Питер, 2007 ─ 256 с.: ил.─ (Серия «Бухгалтеру и аудитору»)
13. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости и процедуры, связанные с банкротством.─ М.: Ось-89, 2009.─ с. 163;
14. Илясов Г. Оценка финансового состояния предприятия: Методология и методика// Экономист.─ 2008.─ №6.─ с. 49-55;
15. Гребенщикова Е.В. Альтернативный расчет запаса финансовой прочности предприятия// Финансы.─ 2007.─ №8.─ с. 69-70;
16. Козлова Е.П., Галинина Е.Н. Финансовый анализ и аудит.─ М.: Финансы и статистика, 2008.─ с. 285;
17. Ириков В.А., Ириков И.В. Технология финансо*экономического планирования на фирме.─ М.: Финансы и статистика, 2007.─ с. 249;
18. Гиляровская Л.Т. Экономический анализ: Учебник для вузов─ 2-ое изд., доп.─ М: ЮНИТИ-ДАНА, 2008.─ 615с
19. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности.─ М.: Финансы и статистика, 2007.─ с. 512;
20. Никольская Э.В., Лозинская В.Б. Финансовый анализ.─ М.: МГАП Мир книги, 2007.─ с. 316;
21. Чернышева Ю.Г., Гузей В.А. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности.─ Изд. 2-е.─ Ростов н/Д.: Феникс, 2009.─ 156 с.─ (Шпаргалки);
22. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.─ М.: Инфра-М, 1999.─ с. 512;
23. Лябушин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.─ М.: Финансы и кредит, 2000, с.375;
24. Федорова Г.В. Фианасовый анализ предприятия при угрозе банкротства. Учебное пособие.─ М.: Омега─ Л, 2007.─ 272 с.
25. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятий.─ М., ИНФРА─ М, 1998.─ 343 с.
26. Ионова А.Ф., Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: учебник.─ М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2007.─ 624с.
27. Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент: Полный курс. В2-х т./ Пер. С англ. под. ред. В.В. Ковалева. Спб.: Экономическая щкола, 2008г. Т. 2. 669с.
28. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер): 2005 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.─ Алматы: ЖШС «Баспа», 2005-368б.
29. Коволев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры.─ М.: финансы и статистика, 2009.─ 560с
30. Под. ред. Таль Г.К. Антикризисное управление: Учебное пособие: В 2 т. Т. 2.: экономические основы.─ М.: ИНФРА─ М, 2008.─ 1027с
31. «АБДИ» АҚ-ның 2007-2009 жылдардағы іс-қағаздары мен жылдық қорытынды есептері.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН
РӨЛІ
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі,
қағидалары, мақсаты мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі
... ... ... ..14
1.3 АБДИ АҚ-ның жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН АБДИ
КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
1. АБДИ компаниясының негізгі қаржы-экономикалық
көрсеткіштерін талдау

... ... ... ..32
2.2. АБДИ компаниясының қаржылық тұрақтылығын, өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін талдау және бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 5
2.3 Кәсіпорын табыстылығы (рентабельділігі) мен іскерлік белсенділігін
бағалау

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің даму мәселелері
... ... ... ... ... ... 60
3.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі жағдайын жақсарту жолдары ... ...62
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .76
КІРІСПЕ
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты
Қазақстан халқына Жолдауында: Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік
экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен
жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды
қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу
елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі
ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту деген. Осы орайда
кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын
тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз
байланыстылығына көз жеткізуге болады. [1, 4-5 б]
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын”
иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті
ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың
жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып
тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей
қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал
ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге
бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. - деп
айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007ж. Қазақстан
халқына арналған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында. [3, 6 б]
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен
экономикалық жағдайын, кәсіпорын қаржысын басқару механизмін жетілдіру
отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық
тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның
өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында
айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан
кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының
себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында
оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым
бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның
одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын
тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және
оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін
анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – АБДИ АҚ мысалында кәсіпорынның шаруашылық қызметі
мен экономикалық жағдайын, қаржысын талдау.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен экономикалық жағдайын
басқару.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері
құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық
мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның
қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Бұл жұмысты жазу барысында
Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В.
Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік
арқау ретінде көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның
бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі
нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары,
қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың
оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің
нәтижелері - кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметінде кәсіпорынды
басқаруға талдау жүргізу және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен
алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні,
әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің
тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде шаруашылық субьектілердің экономикалық қызметі мен
шаруашылық қызметін басқарудың теориялық негіздері келтірілген; кәсіпорын
қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері анықталған;
кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары келтірілегн;
кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызы ашылған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен
экономикалық потенциалын тиімді пайдалануға талдау жүргізуге арналған:
АБДИ АҚ -ның қаржылық тұрақтылығын талдау, капиталды қолдануын талдау,
өзін - өзі қаржыландыру деңгейін талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде кәсіпорынның шаруашылық
қызметі мен экономикалық жағдайын жақсарту механизмін жетілдіру бойынша
тәжірибелік ұсыныстар келтірілген.

1.1Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні,
объектісі, қағидалары, мақсаты мен міндеттері.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі және онда өтіп жатқан процестер
көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық
теорияның, макро- және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық
қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің,
экономикалық талдаудың және т.б. Экономика саласының немесе жеке бір
кәсіпорынның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы,
жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика
шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен
процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық
қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық
операцияларды, процестерді және сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының
қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау пәні экономикалық
құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру
экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға жэне соның негізінде
жеткен нәтижелерге дұрыс баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін
негіздеуге мүмкіндік береді. Себеп-салдар байланыстарды топтастыру,
жүйелендіру, моделдеу, шамалау басты әдістемелік мәселесі болып табылады.
[4, 22 б]
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау объектісі шаруашылық
қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік
кәсіпорында талдау объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны,
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық
нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау принциптері.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым
мен практикадан алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа
алу керек.
Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының
ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын
ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибенің
жетістіктерін, экономикалык зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы
тиіс;
Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық
тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және кәсіпорын экономикасындағы
себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді;
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау объективті, нақты, дәл
болуы тиіс, нақты шындықты көрсететін дұрыс, тексерілген ақпаратқа
негізделуі керек, ал оның тұжырымдары нақты талданған
есептеулерге негізделуі тиіс. Осы талаптардан есептеулерді
ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы аудитті, сондай-ақ талдау әдістемесін
оның есептеулерінің дәлдігі мен дұрыстығын арттыру
мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау жарамды болуы керек,
кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы жіберіп алған мүмкіндіктерді
уақтылы анықтай отырып, олар туралы кәсіпорын басшыларына
хабарлау керек, өндіріс барысы мен оның нәтижесіне белсенді
түрде әсер етуі тиіс. Осы принциптен талдау материалдарын
кәсіпорынды басқару үшін, нақты шараларды әзірлеу үшін, жоспардың
деректерін негіздеу, түзету және анықтау үшін нақты түрде пайдалану
қажеттігі туындайды. Басқаша жағдайда талдаудың мақсатына жетуі
екіталай;
Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру
керек. Бұл талаптан кәсіпорындағы талдау жұмысын жоспарлау,
оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны
жүргізуді бақылау қажеттігі туындайды;
Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам
және нақты жүргізе білуді, басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге
асыруды білдіреді;
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау принциптерінің бірі
- бұл талдау жүргізуге кәсіпорын қызметкерлерінің
көпшілігі катыса алатындығын пайымдайтын оның демократиялығы, бұл
алдыңғы қатарлы тәжірибені толығырақ анықтауға және барлық ішкі
шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді;
Талдау экономикалық құбылыстарды, процестерді, шаруашылық
ету нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс.
Басқаша айтканда, шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалай отырып
олардың мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық
саясат пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек; [5, 38 б]
Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе
әсерін тигізуі керек.
Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік,
жүйелілік, объективтілік, дәлдік, шындық, әрекеттілік,
оперативтілік, демократизм, тиімділік жэне т.б. болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г.В., 2003).
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға
беру;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы керсеткіштерін,
сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын
төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.
]6, 54 б]
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі жөне оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек жөне материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі көсіпорының өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегінде
қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [5, 48
б]
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің
құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі
ақша қтынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін
алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі,
бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың
талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық
шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды
бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару
жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың
қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі
жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір
бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың
төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық − пайдалы
қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім,
медицина, ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, крнцерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық,
салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың
негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына
және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын
қосалқы категорияға − жалпы қаржы категориясы сияқты оның функцияларын
орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің
мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. [6, 137-146 б]
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық
мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз)
негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс
процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар
мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының
ұдайыөндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты блып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша
қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы
сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорында өнім
өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде,
белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір
мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған
меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша
тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда
бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу − өндіру мен тұтыну арасындаңы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға
пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу
ретінде орталықтандырылған қорларға − мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс
қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік
мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын
экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық
жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің
ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы
ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарын да
жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарды бақылау
жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға
ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде
бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк
несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды: [7, 124 б]
- басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары
қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
- өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, силық қорын
жасауда, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге
жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды
(бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін
үлестік жарналарды) ортақтастырады;
- мемлекетпен − бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанды;
- банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерінің алу, оларды
қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
- сақтық органдармен − мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
- жоғары ұйымдармен − ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды,
капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
- құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ
кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес
құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмететуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы. Өндірістік капиталдар − бұл өндірістің серпінді элементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы
мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің
айқындаушы негізі болып табылады. [8,- 87 б]
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға – қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру – қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымен
байланыстырылады елеулі орын алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға
ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкер бола алады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды
сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану
процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық
өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының
мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Кесте 1 - Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Қызметтің
сфералары Материалдық Материалдық емес
бойынша (өндірістік емес)
Өндірістің
түрлері Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
бойынша
Коммерциялық
Қызметтің
сипаты
бойынша
Коммерциялық емес
Мемлекеттік меншік
Меншіктің
нысандары
бойынша
Жеке меншік
Қоғамдық ұйымдардың меншігі
Шетелдік субъектілердің меншігі
Аралас
мемлекеттік өндіріс
-
Коопе- тік
Шаруашылық Ратив- Қоғамдық емес
Серіктестіктер Тік ұйымдар сфера-
ның
ұйымда-
ры мен
меке-ме
лері
Ұйымдық-
құқықтық
түрлері
бойынша
шаруа-ш
ылық жедел
жүргізубасқару
құқы- құқы-
ғын- ғын-
дағы дағы
Толық
серіктестік
Басқаратын жүйе
Жоспарлау
Есеп және бақылау
Талдау
Басқару шешімдерін қабылдау
*Пайдаланылған әдебиет: Байбулова Д.Б. Управление финансовой
устойчивостью предприятий в переходный экономике (на примере РК):
Автореферат: 08.00.05─ Алматы, 2006.─ 22с.
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы
туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару
функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік
процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және
жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың
арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік
ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен
уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық
көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық
қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер,
пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т.б.
айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі.
Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді.
Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды
негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның
тиімділігін арттырады. [4,- 22 б]
Демек, экономикалық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және
оңтайлаңдыру үшін қажетті деректерді дайындау бойынша қызмет ретінде
қарастыруға болады.
Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті
жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең
талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны
бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды
дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық
қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын
мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз
ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың
орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі,
өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық
қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар
олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын
жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл
жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік
береді.
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды
негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше
нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі
және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп
отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің
үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың
өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде
түзетулер енгізіп отыруы керек.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды
талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға,
алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен
өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен
жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының
нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.
Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі
маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми
негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.
Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде
артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:
- шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына,
өндірістің ғылымды және капиталды көп қажет етуіне
байланысты өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;
- басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға
біртіндеп көшуден;
- меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру мен
экономикалық реформаның басқа да шараларына байланысты
шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.
Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және
ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-
әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық талдауларға
негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық
шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы
тиіс. Шаруашылық қызметті талдау рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және
басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар
етеді. Шаруашылық қызметті талдау байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы
нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді. [9, 108 б]
Кез-келген бизнес келесі үш басты сұрақтарды қоюмен оған жауап
іздеуден басталады:
Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік
беретін кәсіпорынның активтерінің тиімді құрамымен көлемі қандай болуы
қажет;
Қаржыландырудың көздерін қайдан табу қажет және олардың тиімді құрамы
қандай болуы қажет;
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығыгн қамтамасыз
ететін қаржылық қызметі ағымдағы басқаруды қалай ұйымдастыру қажет; [11, 67
б]
Кәсіпорындардың қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың
шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен
болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:
Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден
түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы
қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын
жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын
тартуды) ортақтастырады;
Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде,
мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен
ресурстарды қалыптастырады;
Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды
қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
Сақтаныру органдарымен мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде. [5, -40 б]
Бұл мәселелер кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің негізгі бірден-
бір жүйесі болып табылатын қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың жүйесі
ретінде қаржылық менеджменттің шегінде шешіледі (1-сурет).
Сурет 2. Кәсіпорынды басқару жүйесі
Ø
Пайдаланылған әдебиет: Баймухамбетова С.С. Финансовый менеджмент
Кәсіпорындардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы
табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi
сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән.
Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен,
көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына
әсер ету мүмкiндiгi;
Корпорациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып
табылады.
Шаруашылық субъектісін, сондай-ақ оның кадрлық құрамын басқару жүйесін
ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорынның көлемімен оның қызмет түріне
байланысты түрлі тәсілдермен құрылған. Ірі компания үшін бухгалтерия мен
қаржылық бөлім кіретін қаржы бойынша вице-президентпен (қаржылық
директормен) басқарылатын арнайы қызметтің бөлінуі тән болып келеді.
Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас
бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджердің жұмысында басты, ол оның фирманы
басқарудағы жоғары буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық
сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық
ақпаратты берумен байланыстылығы табылады. Фирма басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына
жауап береді.
Кез–келген ірілеу компания белгілі бір дәрежеде қаржылық рынокпен
байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда
болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер,
алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар
қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдануына әр
түрлі көз қарастар бар. Сонын ішінде: қаржылық құралдар қаржылық рынокта
саудасы жүзеге асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды
көздейтін контрактыны білдіреді. Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды,
облигация, фьючерстарды жатқызуға болады. [6,- 89 б]
Қаржылық менеджердің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш
топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық және
арнайы.
Корпорацияның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы
көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің
рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың
орындалуы. Корпорация қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің
материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша
айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай
талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі.
Сонымен қатар, корпорацияның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер
кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі
және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған
байланысты корпорацияның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің
басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет.
Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты
бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың
себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін
айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын
нығайту табылады. [17, -106 б]
Корпорация жағдайын дәл бағалау және арықарай шешім қабылдау үшін біз
жақсы немесе жаман деп айта алмаймыз, бізге тарихи сандық базаның болуы
қажет, қаржы нәтижелері туралы есеп пен баланс статьларының мәліметтерін
салыстыра отырып корпорацияның экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік
беретін коэффициенттер жүйесін анықтау қажет. Бұл коэффициенттерді талдау
жетекшіге корпорация ресурстары мен міндеттемелері қалай пайдаланылуда
екендігін түсінуге, басқару шешімдерінің бұрын қабылданған нәтижелері
ретіндегі болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға мүмкіндік береді.
Мұндай талдау тауарлардың үлкен запасын анықтауға жоғары шығынды бағалауға,
өлшемсіз несиелерді бағалауға, қарызды дәл уақытысында төлеу қабілетін,
корпорацияды тиімді басқарудың салыстырмалылығы мәселесіне жауап беруге
көмек береді.
Қаржы жағдайын байқауға қанша және қандай коэффициентерді немесе
көрсеткіштерді талдау қажет деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап өте
жеке және Корпорация көлемі мен қызмет түріне байланысты, сонымен бірге осы
мәселені қарастыру үшін корпорацияның аз ғана ақша бөле алатын қаржы және
уақытша шығындары болып табылады. Коэффициентерді талдау, егер ол артық
бөлікке бөлініп талданатын болса өзінің мәні мен дәлдігін жоғалтуы мүмкін
екендігін айтып өту қажет.
Коэффициентерді талдау тек корпорация басшысы үшін мүдделі емес.
Банкир немесе басқа мүмкін инвестор түрлі коэффициент және көрсеткіштерді
салыстыра келе несие бөлу туралы шешімді қабылдауда пайдалана алады. Бұл
корпорация қызметінің көрсеткіштерін зертте келе, потенциалды серіктес осы
немесе басқа кәсіпкермен іс жүргізу бола ма не болмайтындығы туралы
қорытынды жасайды, Егер кәсіпкер өз кәсәіпорнын сатқысы келсе, бірқатар
коэффициентердің көлемдері оған сатып алушы төлеуге дайын болатын бағаға
айтарлықтай әсер етуі мүмкін. [2,- 98 б]
Коэффициенттердің (көрсеткіштердің) төрт негізгі категорияларын
қарастырайық:
өтімділік
пайдалылық
қаржы міндеттемелерін пайдалану
ағымдық көрсеткіштер.
Қажеттілігіне қарай басқа да коэффициенттерді пайдалануға болады.
Өтімділік білдіреді: 1) – есеп счеттарды өз уақытында төлеу үшін ақша
құралдарының қажетті запастарын иелену және 2) – ақша құралдарына кенеттен
пайда болатын қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті.
Корпорацияның өтімділігінің бірінші және басты өлшемі жалпы
өтімділіктің коэффициенті немесе жабу коэффициенті болып табылады. Жабық
коэффициенті тез өтімді активтерін пайдалана отырып, қысқа мерземді
міндеттемелерді мерзімінде төлеуге корпорацияның қабілетін анықтайды. Бұл
коэффициент ағымдық активтердің ақша бірліктері ағымдық (қысқа мерзімді)
міндеттемелердің бір ақша бірлігіне қаншасы келетіндігін көрсетеді. Егер
арақатынас 1:1-ден аз болса, ағымдық активтерден міндеттемелердің асып
кетуін білдіреді. Бұл қаржы жоғары тәуекелділік туралы, сонымен бірге
өнімді өткізу қиындықтары туралы, сондай-ақ материалды-техникалық
жабдықтауды нашар ұйымдастырғандығы туралы куә бола алады. Бұл корпорация
активтері жеткіліксіз рационалды пайдаланғандығы туралы және корпорация
қызметі көбінесе кредиторларға байланыстылығы жөнінде алдынала ескерту
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. [14,- 50 б]
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем
қабілеттілікпен тығыз байланысты. Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың
сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның қаржылық
мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту,
кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни
меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары
есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен қаржылық тәуелсіз
болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті
мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-
қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1,
K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:
K³1 = Заемдық қаражаттар
Жалпы капитал
Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін
білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да
пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің
қорытындысы).
Қаржылық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем қабілеттілік,
нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің әрекеттеріне тәуелді
болмау. Сондықтан бағалаудың осы түрі, жақыннан қараған кезде, төлем
қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті өтімділікке ұқсатады
және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деп, менің
ойымша, қаржылық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін
қаржылық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік нүктесі - бұл
нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды қарызға алуға
тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес, керісінше тек
теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен айтқанда мүмкін
болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайынының маңызды сипаттамаларының бірі -
ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық
жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы
жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің
жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын
қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі
осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен
кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан
тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2003).
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш
негізгі көрсеткішті анықтайды:
Меншікті айналым капиталы. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды,
өткен кезеңмен салыстырғандағы оның ұлғаюы кәсіпорын қызметінің онан арғы
дамуын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен (5) анықталады [18, 275-
285 б]:
Со.к.= Ск - Да , (5)
мұндағы Со.к. – меншікті айналым капиталы;
Ск – меншікті капитал;
Да – ұзақмерзімді активтер.
ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе
перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақмерзімді
міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы (6) келесідей
анықталады:
Сок]д= Со.к. + До,
(6)
мұндағы, Сок]д- перманентті айналым капиталы;
До – ұзақмерзіміді міндеттемелер.
ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері келесі
формуламен (7) анықталады [18, б.275-285]:
ИО= Сок]д + Кк, (7)
мұндағы, ИО- ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері;
Кк – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі
баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік
коэффиценті болып табылады, ол формула (8) бойынша анықталады [19, 249-256
б]:
, (8)
мұндағы, Кн- тәуелсіздік коэффиценті;
Ск – меншікті капитал, мың теңге;
∑К – капиталдың жалпы соммасы, мың теңге.
Қалыптасқан қауіпті жағдайды тәуелсіздік коффицентіне кері көрсеткіш болып
табылатын тәуелділік коэффиценті де көрсетеді. Ол келесі формула (9)
бойынша қарастырылады [19, 249-256 б]:
немесе Кз = 1- Кн, (9)
мұндағы, Кз- тәуелділік коэффиценті;
Зк- қарыз капиталы.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффиценті
болып табылады, оның формуласы (10) [19, 249-256 б]:
(10)
мұндағы, Кф – қаржыландыру коэффиценті.
Коэффицент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы,
және қай бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді.
Оның мәні Кф ≥ 1 болуы қажет.
Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффиценті активтерге салынған
меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыз капиталы тартылғанын
сипаттайды, ол келесі формуламен (11) есептеледі [19, 249-256 б]:
(11)
Бұл көрсеткіштің қалыпты шегі Кз]с ≤ 1.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып
маневірлілік коэффиценті табылады. Коэффицент еркін маневр жасауға
мүмкіндік беретін кәсіпорын меншікті капиталының қай бөлігі мобильді түрде
екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі кәсіпорын меншікті
капиталының маңызды бөлігі қысқа уақыт аралығында қолма-қол ақша-
қаражаттарына айналу мүмкіндігі жоқ, аз өтімді болып табылатын иммобильді
сипаттағы құндылықтарға шоғырланғанын білдіреді.
Кез-келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың
мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі
мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды
қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі
ерекшеліктерімен анықталады.
Біріншіден, ресурстар (материалды, қаржылық, интеллектуалды,
ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.
Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және
қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше,
уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын
білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.
Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар:
нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі,
мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және
көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату
жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және
т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде
ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).
1.3 АБДИ АҚ-ның жалпы сипаттамасы
Компанияның құру тарихы.
Қазақстан Республикасында канцелярлық нарығында белгілі ойыншылар
болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде
келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушымен байланыс жоғалтқан кезде,
яғни КСРО құлағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның АБДИ
компаниясы құрылды. АБДИ компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп
дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті
ұлғайды. АБДИ сауда нүктелерінде үлкен сұраныс арқасында және ұсыныстың
жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту
қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету
сервисі де кеңейтіле түсті. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 АБДИ фирмалық
дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған
филиаладар мен дилерлер бар, және бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы
да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр. [31]
АБДИ Компаниң А.Қ. – ның стратегиялық бизнесі.
Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы Компанияның сапалы
және эффективті дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет комплексі,
жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың
сапасы көмектеседі. Жыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz