Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚОРШАҒАН ОРТА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

1. 1 Қалдық түсінігі, пайда болу көздері, қайта өңдеу және жою

тәсілдері

1. 2 Органикалық қалдықтарды биологиялық ыдырату әдістері

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2. 1 Қалдықтарды басқару жүйесінің қазіргі жағдайы

2. 2 Қалдықтарды азайту және жою жағдайларын талдау

2. 3 Уытты емес қалдықтар

2. 4 Өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу әдістері.

2. 5 Медициналық қалдықтардың ағымдық жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Дамушы елдердегі пайда болған қалдықтардың жыл сайынғы көлемі бір адамға жылына 15 млн тн деп, ал экономикасы шикізат базасына негізделген елдерде бұл сан 100 тоннаға көтеріледі. Ал біздің Қазақстанда пайда болатын қалдықтар жылына 60 тоннаны құрайды. Қазіргі кездің өзінде республикада 20 миллиард тонна қалдықтар жинақталған, оның ішінде 250 миллион тоннасы радиоактивті қалдықтар.

Өндіру мен тұтыну қалдықтарының жинақталуы елдің экологиялық қауіпсіздігіне зиян әкелетін негізгі факторлардың бірі.

Күн сайын әрбір үйде қалдықтың бірнеше түрлері пайда болады - ескі газет, сынған шыны, бос консерві банкілері, сынған тұрмыстық заттар және т. б. Мұның барлығын адам баласы үйінділерге тастай отырып, табиғаттың қайталанбас заңдылығы, өмірдің негізін қалаушы - «табиғаттағы зат айналымы» үрдісін бұзады. Жоғарыда аталған барлық материалдарға ортақ термин, яғни үйден, ұйымнан, кеңседен шығаратын қоқырсықтарды ғылыми тілде - «қатты тұрмыстық қалдықтар» немесе «қатты мунициальды қалдықтар (Municipal solid waste) » деп атайды.

Дайын өнімге орташа есеппен өңделген табиғи ресурстардың 6-10 пайызы сәйкес келеді, ал қалғандары өндірістің аралық стадияларында пайда болатын қалдықтарға айналады (өндірістік қалдықтар) . Соңғы тұтынылған өнімнің өзі қалдыққа айналады (тұтыну қалдығы) . Сондықтан да өндіру кезінде де, тұтыну барысында да қалдықтар түзіліп отырады.

Табиғатты пайдалану экономикасы көзқарасы тұрғысынан алып қарасақ, барлық қалдықтарды екі бағытта қарастыруға болады:

Біріншіден, бұл қалдықтар - толық пайдаланылмаған шикізат (мысалы, өндіруші кәсіпорынның қалдық төгетін жерлерінде кен көзіне қарағанда пайдалы қасиеті мол заттар кездессе, үйінділерде қағаз, пластмасса, ағаш, металдың үлкен бөлігі тасталынады.

Екіншіден, қалдықтар зиянды және қауіпті заттарымен қоршаған табиғи ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.

Адам баласы өзінің күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғат байлықтарын үздіксіз пайдалануы табиғат қорының таусылуына, адамға, табиғатқа теріс ықпал ететін зиянды, қауіпті заттардың пайда болуына алып келді. Әртүрлі өндірістік, өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу үшін өндіріліп жатқан бұйымдардың нәтижесінде пайда болған зиянды, қауіпті қалдықтар тек қоршаған ортаға ғана емес, тірі ағзаларда әртүрлі қауіпті аурулардың пайда болуына, жер бетінде өлім-жітімнің көбеюіне де өзіндік әсер етті.

Жер бетіне тасталынып жатқан қалдықтар санының жылдан-жылға артуы қоғамға да үлкен қауіп тудырды. Сондықтан болар, қазіргі таңда қалдықтар мәселесі жергілікті деңгейде ғана емес, ғаламдық деңгейде қарастырылуды қажет етеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру технологиясы мен әдістерін таңдауда қала тазалығының санитарлық жүйесіне ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық факторларды ескеру қажет.

Қазақстан Республикасы аумағындағы жалпы экономикалық жағдайлар осы саланы қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, тариф құрылымы жүйесінің жетілдірілмеуіне, басқару саласын түбегейлі өзгертуге мүмкіндіктердің жоқтығына алып келді. Санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың өзіндік құнын жасанды тұрғыдан төмендету кәсіпорын аумағында, контейнерлер алаңында қалдықтардың жинақталуына, тіркелмеген үйінділердің пайда болуына алып келді.

Күрделі экологиялық жағдайлардан шығудың ұтымды бағыты, қалдықтар мәселесін шешудің негізгі жолы - мемлекет аумағында қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру және басқарудың кешенді жүйесін ендіру. Қалдықтарды басқару жүйесі жергілікті орыннан бастау алып, республикалық деңгейде басқарылып отырылады. Қалдықтарды басқару жүйесі қоғамның, елдің тұрақты дамуына, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосады. Сол себепті, осы саланы ұйымдастыру жұмысында қалдықтардың пайда болу түрлері, әсері және т. б. ерекшеліктерді ескерілуі керек. Міне, осындай ерекшеліктер дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына септігін тигізді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың алдына келесідей міндеттер қойылды:

  • Қалдық түсінігі, түрлері, қайта өңдеу тәсілдерін қарастыру;
  • Қалдықтарды залалсыздандыру жолдары мен органикалық заттардың биологиялық дағдарысына сипаттама беру;
  • Қазақстан Республикасындағы және Алматы қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесін талдау;
  • Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде қалдық түсінігі, түрлері мен пайда болу көздері, оны жою мен залалсыздандыру, органикалық заттардың биологиялық дағдарысына, қалдықтарды басқару жүйесіне сипаттама берілді.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы қалдықтар жүйесі және оларды басқару құрылымына сипаттама берілді.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдары көрсетілді.

1. ҚОРШАҒАН ОРТА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

  1. Қалдық түсінігі, пайда болу көздері, қайта өңдеу және жою тәсілдері

Адамзат өз өмірін жақсарту мақсатында және табиғатқа тәуелді болмауы үшін, барлық уақытта материалдық өндірістің қарқынын арттыруға ұмтылып келеді. Дегенмен де, табиғаттан алынған және тиімсіз пайдаланылған ресурстардың басым бөлігі қайтадан табиғатқа, адам өміріне қауіп тудыратын қалдық, зиян түрінде қайтарылады. Пайдалы қоғамдық өнім үлесі 2 %-дан артпайды, ал қалғаны қалдықтар. Бір адамның өмірлік деңгейін қамтамасыз ету үшін, жер қойнауынан жыл сайын 20 тонна шикізат алынады, ал қалдықтар саны: АҚШ - 0, 6; Англияда - 0, 4; Францияда - 0, 6; Ресейде - 0, 32 тонна қалдықтарды құрайды. Төмендегі 1-суретте Жердегі антропогенді зат айналымы бейнеленген. Планета үстіндегі заттың жалпы массасы жылына 24 трлн тоннаға жетеді.

  1. - сызба - Бағытталған ғаламдық антропогенді материалдық баланс

Оның ішінде 120 млрд тонна пайдалы қазба материалдары мен биомассалардың әлемдік экономикада 6 млрд т (7, 5 %) өндіріс үрдісінде материалдық өнімге айналады. 80 %-ға жуығы әлемдік шаруашылықтың барлық салаларында резервтер мен негізгі, айналмалы материалдық қорлар құрамына кіреді және пайдаланылады. Осы жағдайда өндіруге және тұтынуға тартылған 120 млрд тн заттың 94 %-ы қоршаған ортаға қалдық түрінде қайта қайтарылады [1] .

Адамның жеке тұтынуы жылына 1, 5 млрд тоннаны құрайды. Осы массаның басым бөлігі тамақ өнімдерінің нетто-тұтынуына кіреді - қалдықтың бұл бөлігі адамзат дамуымен қатар жүріп отырады. Тамақ өнімдерінің аз ғана бөлігі өндірістік циклді азайтады, яғни тамақ өнімдерін дайындауға қосымша энергия шығынын қажет етпейді. Су қоймалары мен жер бетіне 3, 9 млрд т сұйық және 0, 7 млрд т қатты тұрмыстық қалдықтар түседі (1-сурет) .

Тәулігіне бір адамға есептегенде нетто-тұтыну орташа есеппен 40 г құрғақ тамақты, 1, 9 л ауыз суды, 400 л оттегі және 380 г өнеркәсіптік заттар мен бұйымдарды құрайды. Су, тамақ және оттегі саны климаттық, ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты физиологиялық шектеулікті бірнеше есе арттырады [2] .

Экожүйені қалыптастырудағы маңызды принцип - мәңгі күн энергиясы арқылы ластанбаған ортада өмір сүру. Ал адам баласы өзінің кез-келген қажеттілігін қанағаттандыру үшін күн энергиясының өзіне қажетті бөлігін ғана пайдалануы мүмкін. Пайдалы қазбаны жағу арқылы алынған энергияға қарағанда, Күн энергиясы экологиялық таза энергия болып табылады. Күн энергиясы шектеусіз және жеткілікті. Күн энергиясының түсуі саяси жағдайларға, экономикалық қиыншылықтарға тәуелді емес, бірақ оны жинақтап алу үшін арнайы техникалық құралдарды жасау керек. Дегенмен адам басқа жолмен дамып келеді: олар энергияны пайдалы көмірсуларды (мұнай, газ, көмір) жағу арқылы алады. Бұл үрдіс қалдық түзілу саны бойынша қоршаған ортаны ластайтын негізгі көздердің ішінде алдыңғы орында: яғни, көмір мен мұнай күлінде ортаны ластайтын барлық металдар байқалған. Тас көмір күлінің бір тоннасында орташа есеппен 200 г қорғасын, 400 г уран, 500 г германий, 700 г никель және т. б. бар. Мұнай күлінде ванадий, молибден, никельдің құрамы көп. Отын күлінде уран, кобальт, мыс, никель, мырыш, қорғасын бар. Жыл сайынғы 2, 4 млрд тн тас және 0, 9 млрд тн қоңыр көмірді жағу барысында оның күлінен биосфераға қалдық түрінде 280 мың тн мышьяк пен 220 мың тн уран түседі. Қазіргі уақытта жер жүзінде 162 млрд тн көмір мен 64 млрд тн мұнай барланып, жағылған, осының нәтижесінде қоршаған ортаға бірнеше миллиондаған тонна металдар түсіп, экожүйе нысандарының химиялық құрамын өзгертті.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аварияға қарсы тұрақтылығы мен экологиялық, теникалық қауіпсіздігі олардың өндіру көлемін қысқартқанына қарамастан, авария деңгейі, созылмалы аурулар, техногенді авариялар, дағдарыстар артуда.

Ғылыми-техникалық жетістік заманында адамзат баласының қоршаған ортаға шектеусіз ықпал ету мүмкіндігі туады, ал қалдықсыз технологияны пайдаланбау биосферадағы зат пен энергия айналымын, тірі материяның құрылымы мен қызметін, даму үрдістерін бұзады. Мұндай мәселелер жүйесімен экология ғылымы айналысады. Экология - табиғатпен тірі ағазалардың қарым-қатынастарын, популяция мен биоценоздың қалыптасуын, құрылымын, дамуын, көбеюін зерттейтін ғылым.

Қоршаған ортаның материалдық құрамының өзгеру критерийі негізінде келесі параметрлер қолданылады:

  • ластаушы өнімдерді өндіру көлемі және қоршаған ортада оны қолдану саласы қоршаған ортаның өзгеру мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда қолдану сипаты маңызды мәнге ие: яғни, ол жабық немесе ашық күйде қолданылады.
  • Зияндардың қоршаған ортаға таралуы - мұнда негізгі табиғи үрдістер қолданылады және өнімнің физико-химиялық қасиетін анықтайды.
  • Өндіріс өнімдерінің тұрақтылығы және оның көбею қабілеттілігі;
  • Зиянды затттарға айналуы;
  • Оның экотоксикологиялық қасиеті.

Адам өмір сүруінінң көп жылдық тәжірибесі бойынша, ормандарды кесу орманның, өсімдік қауымдастығының жойылуына алып келеді. Еңбек өнімділігінің артуы, яғни қуатты техника бірнеше күн ішінде бірнеше гектар орман алқабын жойып жібереді. Тұрғын пункт айналысындағы орман өсімдіктері алоэ, сарымсақ, пиязға қарағанда зиянды микробтарды жедел түрде жоятын қуатты фильтр болып табылады.

Қала санының, қала халқының артуы, «урбанизация» деп аталады. Урбанизация табиғи ортаны сандық және сапалық жағынан өзгертеді.

Өнеркәсіптік революция урбанизацияны жеделдету үрдісі болып табылады. Урбандалған аймақ құрлықтың 1 пайызын алады, бірақ 80 пайыздан артық жалпы ішкі өнімді өндіреді. Осы жағдайда ол 80 пайыздан жоғары зияндарды атмосфера мен гидросфераға жібереді [3] .

Адам және өндіріс өмірі табиғи өмірге қарағанда қалдықты технологияға негізделген. Адам бар жерде қалдық үнемі пайда болып отырады. Қалдық - бұл оның иесінің өз еркі бойынша құтылуға тырысатын барлық заттар мен үрдістер. Қалдық түрлеріне байланысты келесідей түсініктер берілген. Тұрмыстық қалдықтар - адамның өмірлік қабілеттілігін арттыру үшін тұрғын пункттерінде пайда болатын қауіпті және қауіпсіз қалдықтар.

Биологиялық қалдықтар - медицина және ветеринарлық жедел практика, медико-биологиялық сараптама нәтижесінде пайда болатын биологиялық органдар және сонымен қатар, биотехнологиялық өнеркәсіп қалдықтары.

Қауіпсіз қалдықтар - қауіпті қалдыққа жатпайтын қалдықтар.

Өндіру қалдықтары - өнім болып табылмайтын және қызметтерді орындау, энергия, өнім өндіру жағдайында пайда болатын химиялық қосындылардың, жартылай фабрикаттардың, материалдар, шикізат қалдықтары.

Тұтыну қалдықтары - алғашқы тұтыну қасиетін жойған тауар, бұйым, материал мен заттардың қалдықтары.

Ауылшаруашылық қалдықтары - минералдық тыңайтқыштар, құстар мен жануарлардың қалдықтары.

Технологиялық минералдық құраушылар - жер өндіру мен өндірістің басқа салаларының, металлургиялық, байытушылық, тау-кен қалдықтары болып табылатын пайдалы компоненттерден тұратын қосындылар мен сұйықтықтар, тау массалары мен минералдық қоспалардың жинақталуы.

Қалдық өндірушілер - қалдықтардың түзілуіне әсер ететін қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Қалдықты жою жинау, сорттау, тасымалдау, қайта өңдеу, қоймаға көму және қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады.

Қалдықты жою мәселесі өте ерте кезден басталған. Яғни қалдықтардың пайда болуы ірі өнеркәсіптік қалалармен тікелей байланысты.

Ең алғашқы рет Кнос қаласында қатты қалдықтар үлкен үңгірлерге тасталынып, біраз уақыт өткеннен кейін үсті топырақпен көміліп отырған. Дегенмен де, римдіктерде қалдықтарды жоюдың бірыңғай ұйымдастырылған жүйесі болмады, сондықтан да қалдықтар үй маңында, көшеде, қала маңында үйіліп жата берді. Бұл тәжірибе түрінде 19 ғасырға дейін қалыптасқан болатын.

Германияның бірнеше ортағасырлық мемлекеттерінде қалдықтан келетін қауіптен құтылу үшін ауылшаруашылық өнімдерін қалаға алып келгендер өздерімен бірге қалдықтарын қайта алып кетіп отырған.

Жер бетінде халық тығыздығының артуына және қала аумағының шегінде жерлердің жетіспеушілігіне байланысты қалдықтарды көшелерде жинау әдісі қалыптасты. Соған сәйкес күл-қоқысты жою жүйесі де бірашма өзгеріске ұшырады. Үй қалдығынан бастап, барлық қалдықтар көше арқылы су каналына түсіп отырды. Әрбір үйде жылқы, қой, шошқа тағы басқа жануарлардың көбеюіне байланысты қалдықтар тау-тау болып үйілді. 1387 жылы күл-қоқыстың орнын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Күл-қоқыс тастайтын үйінділер қала шетінде және Темза өзенінің жағалауларында құрылды. Арнайы күл-қоқыс тасымалдайтын күн белгіленді, яғни белгілі бір күні күл-қоқысты есік алдына шығарып, оны арнайы күл-қоқыс тастайтын машиналарға салып жібереді.

Қалдықтарды жоюдың басқа бір әдісі ретінде - ортағасырдағы Лондонда қалдықтар Темза өзеніне ағызылып отырды. 1388 жылы өзен, бұлақ, каналдарды ластауға тиым салынатын арнайы Заң қабылданды.

1926 жылы 41 кірпіш зауыты Лондонда құрылыс кірпіштерін алу үшін қалдықты жаға отырып, оның күлін пайдаланды.

6 ғасырдың басында Лондонда орнатылған қалдықты жинау және жою Ережелері арада 500 жыл өтсе де өз мәнін әлі де жоя қоймады.

Қазіргі таңда планетаның бір тұрғынына орташа есеппен жылына 1 тн күл-қоқыс келеді, яғни бұған миллиондаған тозған және істен шыққан автомобиль мен оның бөліктерін қоспағанда.

Қала қалдықтарының іріп-шіруі нәтижесінде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластайды. Жаңбырлы су нәтижесінде шіріген қалдықтардан пайда болған улы заттар ашық су қоймалары мен жер асты суларына түсіп, ластайды [4] .

Қалада пайда болған қалдықтарды тастау барысында атмосфералық ауа бұзылады. Жаңбырлы су тасталынған қалдықтардағы улы заттарды шайып, ашық су қоймалары мен жер асты суларына түсіреді. Қалдықты жоюдың кең тараған үш тәсілі бар: арнайы жабдықталған қойма жасау, қалдықты компостау, қалдық өңдейтін зауыттарда қайта өңдеу. (1-кесте) .

Қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін аса қауіпті қалдықтарға 600-ге жуық заттар мен қоспалар енеді. Оларға жататындар:

  1. Өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндірудегі қалдықтардағы пестицидтер;
  2. Радионуклидтерді пайдаланатын кәсіпорындардағы пайда болатын радиоактивті қалдықтар; сынап және оның қосындылары, сынапты теромометр
  3. Жылу электростанциялары мен металлургиялық өндірістегі қалдық құрамындағы зиянды металдар;
  4. Мұнай өңдейтін және лак-бояу өнеркәсібіндегі қалдықтарда кездесетін қорғасын;
  5. Электрмен қамтамасыз етудің элементтері;
  6. Пайдаланылмаған медикаменттер, өсімдіктерді қорғау барысындағы химиялық құралдардың қалдықтары, бояу, лак, қоррозия қарсы құралдар, клей, косметика.

1-кесте - Қалдықты жою тәсілдерінің салыстырмалы сипаттамасы

Қалдықты жою тәсілдері
1тн қалдықты жою құны, долл
Қалдық массасын төмендету деңгейі пайызбен
Қалдықты қайта пайдалану мүмкіндігі
Қалдықты жою тәсілдері: Арнайы қалдық жабдықтары
1тн қалдықты жою құны, долл: 35
Қалдық массасын төмендету деңгейі пайызбен: 30
Қалдықты қайта пайдалану мүмкіндігі: Жоқ
Қалдықты жою тәсілдері: Қалдықты компостау
1тн қалдықты жою құны, долл: 70-ке дейін
Қалдық массасын төмендету деңгейі пайызбен: 50
Қалдықты қайта пайдалану мүмкіндігі: Тыңайтқыш ретінде
Қалдықты жою тәсілдері: Қалдықты қайта өңдеу
1тн қалдықты жою құны, долл: 70-ке дейін
Қалдық массасын төмендету деңгейі пайызбен: 90
Қалдықты қайта пайдалану мүмкіндігі: Энергия алу үшін
Қалдықты жою тәсілдері: Ескерту:[1] .

Арнайы қалдықтардың үлкен бөлігінің алдын-алу шараларын қатаң қолдана отырып, оларды жер үстінде сақтауға тура келеді (яғни су өтпейтін қабат 3 м болуы керек, ол кезде барлық грунтты сулар мен ағын сулар тұрақты бақыланып отырады) .

Төмендегі кестеде (2-кесте) берілген мәліметтер 1 млн аса тұрғыны бар ірі қала орталықтарындағы ресурстарды тұтыну мен қалдықтардың шығарылуы жайында қатынасты болжауға мүмкіндік береді.

Қалдықтар тұрмыстық және пайдалы қазбаларды өндіру барысында тұрмыстық және өнеркәсіптік болып екіге бөлінеді. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар сұйық, қатты және газ тәріздес болып кездеседі (труба арқылы ауаға шығарылған газ қалдық болып есептелінбейді, бірақ өндіріс эмиссиясы деп аталады) . Дегенмен, атмосферадағы газ эмиссиясын төмендету үшін, оны қатты немесе сұйық қалдыққа айналдыратын әртүрлі физико-химиялық процесстер пайдаланылады.

Қазіргі уақытта Жерден 100 млрд тоннаға дейін кендер, құрылыс материалдары, отын (4 млрд т мұнай мен газ, 2 млрд т көмір) алынады, 92 млн т-ға дейін минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн т улы химикаттар сіңіріледі. Атмосфераға 200 млн т көмір оксиді, 53 млн т азот оксиді, 50 млн т көмірсутегі, 146 млн т күкірт, 250 млн т шаң тозаң шығарылады. Ал су қоймаларына жыл сайын 32 млрд м 3 тазаланбаған су, ал әлемдік мұхиттарға 10 млн т -ға дейін мұнай тасталынады. Жыл сайын 7 млн га жер жарамсыз болып табылады.

  1. - кесте - Қазіргі ірі қалаларда ресурстарды тұтыну мен қалдықтардың шығарылуы
Ресурстарды тұтыну
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар
Ресурстарды тұтыну: Атауы
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: Саны, млн, т
Атауы
Саны, млн т
Ресурстарды тұтыну: Су
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 625
Ақаба су
500
Ресурстарды тұтыну: Тағам
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 2
Қатты қалдықтар
2
Ресурстарды тұтыну: Көмір
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 4

Газ зияны

(SO 2, NO 2, CO 2, көмірсулар)

0, 8
Ресурстарды тұтыну: Мұнай
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 2, 8
Ресурстарды тұтыну: Газ
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 2, 7
Ресурстарды тұтыну: Отын
Қоршаған ортаға тасталынған қалдықтар: 1
Ресурстарды тұтыну: Ескерту:[1] .

Қатты тұрмыстық қалдықтар құрамы бойынша әр алуан: тамақ қалдықтары, қағаз, метал сынықтары, резина, шыны, ағаш кесінділері, мата, синтетикалық заттар. Ауыл шаруашылығының қауіпті қалдықтары: эпидемия кезінде өлген малдар, улы химикаттардың қалдықтары т. с с. қоршаған ортаның ластануына үлкен септігін тигізеді.

Түсті, сирек және қара металдарды өңдеу кезінде құрамы мен қасиеті әртүрлі қалдықтар түзіледі. Пестицидтерді өндіру кезінде ағзада тез жинақталатын және суда жақсы еритін тұрақты термодинамикалық қалдықтар да пайда болады. Сұйық қалдықтардың ішінде кең тарағаны мұнай қалдықтары.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру барысында құрамында токсинді химиялық элементтер мен қоспалары бар қалдықтар қалаға ұқсас үлкен массаларды түзіп, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан гидродинамикалық және геохимиялық жағдайларды бұзады.

Көптеген технологиялық үрдістердің соңғы өнімін адамзат баласы дұрыс пайдаланбайды (негізгі өнімнің 90 пайызы қалдық түрінде тасталынады) . Осныың нәтижесінде қоршаған ортада инертті немесе зиянды заттар жинақталады.

Ғаламдық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің екі негізгі бөлігін көрсетуге болады:

  1. Қоғамның өмір сүруіне қажетті табиғи ресурстардың таусылуынан қорғау (пайдалы өсімдіктер мен жануарлар биомассасының қажетті бөлігін үздіксіз алып отыруды қамтамасыз ету мәселелері) . Мәселен табиғатты ұтымды әрі үнемді пайдалану арқылы немесе қажетті табиғи ресурстарды көбейту мен қайта қалпына келтіру, табиғаттың өзінің өндіргіш күштерін дамыту арқылы шешуге болады (белсенді табиғат қорғау әдісі) .
  2. Адамның демалуын, эстетикасын, денсаулығын, материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, алғашқы қалпындағы сапасын сақтау.

Қоғам үшін қажетті табиғи ресурстарды келесідей топтауға болады:

  1. Өндірістік іс-әрекеттерге арналған шикізат ресурстары;
  2. Тұрмыстық және транспорттық қажеттіліктерді өндіруге қажетті энергетикалық ресурстар;
  3. Тамақ ресурстары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтардың басқарылуы
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Кәсіпорындарды экологиялық бағалауға кіріспе
Экологиялық проблемаларды экономикалық жолмен шешу тәсілдері
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Алматы облысының экологиялық проблемаларын, тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz