Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау


Мазмұны
- Алматы аймақтық қаржы орталығының жобаларымен мен бағдарламалары . . .
- Алматы қаласы қаржы орталығының экономика -әлеуметтік әсері және тәжірибесі . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: 2010 жыл ХХІ ғасырдың тарихына дағдарыс жылы болып қана енбейді. Ағымдағы жылдың басты оқиғасы - әлемдік қаржы реформасы туралы жаһандық пікірталастың өрістеуі. Осы жылғы ақпандағы Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форум, Лондондағы G20 сәуір саммиті, Екатеринборда өткен БРИК пен ШЫҰ-ның маусым саммиті, Италияда өтіп жатқан G20 саммиті, G20 қыркүйек саммиті, 2010 жылдың басында Бразилияда өтетін БРИК саммиті - бұлар жаһандық әлем құрылысының реформаларына даярлық кезеңдері. 1944 жылдан бері тап бүгінгідей әлемдік институттар мен қаржы институттарын реформалау бойынша мемлекеттердің мұндай ауқымды бірлескен жұмысы болған емес.
«Дағдарыстан кейінгі әлемнің қаржылық құрылымы: шешімдер тиімділігі» зерттеуі халықаралық ұжымдық сараптаманы тереңдете экономикалық зерттеумен ұштастырған бірегей тәжірибе болып табылады. Жаһандық сараптамалық сауалдамаға әлемнің 51 елінен 223 сарапшы: экономистер мен қаржы талдаушылары, компаниялар иелері мен топ-менеджерлері; экономикалық және саяси тақырыптарға қалам тартатын журналистер; гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласындағы ғалымдар; саясаткерлер мен дамыған және дамушы елдердің шенеуніктері қатысты. G20 саммитінің 60 жұмыс құжаттарына талдау жасау негізінде «Үлкен жиырмалықтың» шешімдеріне баға берілді, болашақ саммиттің күн тәртібі бойынша ұсыныстар айтылды.
Әлемдік дағдарыстың негізінде дамыған және дамушы әлем арасындағы капиталды бөлудегі теңсіздіктер жатыр. 1999 жылдан бастап 142 дамушы елдің жалпы ұлттық жинақтары бұл елдерге тартылған инвестициялар көлемінен асып түсе бастады, және де жинақтар мен инвестициялар арасындағы алшақтық барған сайын бұрынғыдан да ұлғая түсуде. Осыған сәйкес бұл елдердің ағымдағы шоттарында баланс профициті пайда болып, өсе түсуде. Бұл соңғы онжылдық бойы дамыған елдер дамушы елдердің жинақтарын өз пайдасына қарай қайта бөледі деген сөз.
Капиталдың жаһандық ағыны конфигурациясын өзінің табиғи арнасына бұруға тырысу (теориялық постулаттар мен экономикалық мақсаттарға сәйкес) дамыған елдердің әл-ауқаты деңгейінің құлдырауына әкеп соғады - «алтын миллиард» деп аталатын бұл әрекеттерді саяси көзқарас жағынан алып қарағанда практикалық жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі конфигурациялардың сақталуы қарама-қайшылықтардың одан әрі қордалануына соқтырады, бүкіләлемдік экономикалық дамудың белгіленген факторларының іргесін шайқалтады, айналып келгенде, бұл қарама-қарсылық өте өткір дағдарысты түрде шешіледі. Мұның бәрі таяудағы 10-15 жылда айқын байқалған өркениеттік дағдарыстың басталуы болмай қоймайтын жағдайға жеткізеді, сондықтан да қордаланған қарама-қайшылықтарды шешудің өзара жарамды формаларын іздестіру адамзаттың басымдықты міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Өркениеттік дағдарыстың қалыптасқан жағдайында әділеттілік ұстанымы тиімділік ұстанымына тең дәрежеде. Әділеттілік ұстанымына сәйкес келмейтін кез келген шешім жүзеге аспайды, сондықтан да тиімсіз.
Тепе-теңдіктің бұзылуы үш басты факторда жатыр: олар - әлемдік резервтік валюта ретіндегі доллардың монополиясы, елдердің инвестициялық тартымдылығын бағалаудағы рейтингі агенттіктерінің монополиясы, жаһандық деңгейдегі саяси шешімдерде дамушы елдер өкілдігінің жеткіліксіз болуы. Әлемдік пікірсайыста бұлар күн тәртібіндегі басты мәселелер болуы тиіс.
Сарапшылық қоғамдастықтың көңіл-күйі саяси және іскерлік элита тарапынан ХХ ғасырда құрылған халықаралық қаржы институттарына (Халықаралық валюта қоры, Халықаралық банк және т. б. ) сенім дағдарысын дәлелдейді. Бұл жағдайда бастама үкіметтердің тікелей бастамаларына, сондай-ақ жаңа тұрпатты халықаралық ұйымдарға (Қаржылық тұрақтылық кеңесі) көшеді.
Зерттеулер сарапшылар ең алдымен әлемдік валюта жүйесінің эволюциялық өзгерістерін күтуде екенін көрсетеді. Неғұрлым кең тараған ұстаным мынадай. Алғашқы қысқа мерзімдік кезеңде бізді АҚШ долларының жетекші рөлі күтеді. Бұдан кейін ортамерзімдік кезеңде - аймақтық валюталар бірте-бірте күшейеді және еуро, юань және басқалар базасында резервтік валюталар қоржыны жасалады. Алыс келешекте - қандай да бір ұлттық валютаға байластырылмаған жаңа тұрпатты бірыңғай әлемдік резервтік валюта жасалады. Мұндай перспективалар Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің және Оңтүстік Кореяның жаңа тұрпатты әлемдік валюта жасау туралы бастамаларында көрініс тапқан.
Сонымен қатар Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания, және Германия сияқты дәстүрлі экономикалық және қаржы көшбасшыларымен, сондай-ақ барлық БРИК елдерімен қатар үкіметтері, премьер-министрлері және ұлттық банктері бүгінде неғұрлым тиімді нәтижелі жұмыс істеп жатқан зерттеуге қатысушы елдер тізіміне кірді. Бұдан басқа, Қазақстанды әлемдік зияткерлік элита Ресейден басқа бұрынғы кеңестік кеңістік елдері арасындағы болашақта бірден-бір аймақтық қаржы орталығы рөліне үміткер ел ретінде аталды.
Жаһандық пікірталаста елдің жаңа мәртебесін қамтамасыз ететін факторлардың арасында сарапшылар Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея қолдап отырған Президент Н. Назарбаевтың жаһандық бастамаларын, 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы саясатының табыстарын, Қазақстанның Халықаралық валюта қорының қаржылай көмегінен тәуелсіздігін, ХХІ ғасырдағы геосаяси доктрина ретіндегі республиканың сыртқы саясатының көпвекторлылығын бөліп көрсетуде. Нақ осы Қазақстан «Батыс - мұсылман әлемі», «Ежелгі өнеркәсіпті елдер - Дамушы әлем» диалогын ұйымдастырушы болуға қабілетті.
Зерттеу объектісі: Алматы қаласы
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы.
Бұл жағдайда үлкен рөл Қазақстанның үлесіне тимек. Ол Ресеймен бірге БРИК алаңы арқылы жаңа жаһандық бастамаларды ғана емес, ШЫҰ, А20, сондай-ақ басқа да блоктар мен коалициялар арқылы өз идеяларын да алға жылжытуға қабілетті. Сондықтан да бүгінде Қазақстан Ресейге қарағанда жаһандық күн тәртібіне жақсырақ орайласа алады.
Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемнің «жаңа кейіпкерінің» бірі ғана емес. Ол әзірге G8 және G20 ауқымындағы жаһандық пікірсайыстар саммиттерінде мүдделері бәсең естіліп жүрген жаңа өнеркәсіпті елдердің көшбасшысы бола алады.
Зерттеудің ғылыми-методикалық негізі пәнаралық және жүйелік тәсілдермен көрсетіледі. Пәнаралық тәсілді қолдануымыздың көрінісі болып тарих, саяси ғылым, әскери ғылым, экономика, конституциялық құқық, этникалық психология ғылымдарына көңіл бөлуіміз саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау.
Белгіленген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
1. Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығына жалпы теориялық негіздерін көрсету
2. Алматы қаржы орталығының іскерлік деңгейін талдау
3. Алматы қаласының қаржы орталығының жергілікті басқару органдармен қарым -қатынасы анықтау
4. Алматы қаржы орталығының проблемасын жергілікті басқару мен қарым-қатынасын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығына автормен жалпы сипаттама берілген.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды. Тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi [2] .
Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және тағы басқа аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық [3] .
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
• экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
• осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
• қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
• шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б [4] .
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи -климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету) ; артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтандыру процессі өндірістік, әлеуметтік, ресурстық және саяси факторлар жүйелерінің әсерімен қалыптасады. Төменде соның біразын қарастырып өтейік.
- Аймақты қалыптастыру факторы ретінде өндірістік қатынастар ең алдымен, ауданның өндірістік күштерін ұйымдастыру нысандары мен деңгейіне және оның шаруашылықтық мамандануына әсер етеді.
- Аймақты қалыптастырудың маңызды элементінің бірі территориялық еңбек бөлінісі. Оның екі жағы бар: шаруашылықтың мамандануы және мамандандырылған территориялар арасындағы экономикалық байланыстың даму деңгейі.
- Аймақты қалыптастыру факторларының тағы бірі ретінде еңбек ресурстарының орналасуын атап өтуге де болады. Себебі, табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар нақты территорияның шаруашылықтық мамандануының бағытын және өндірістік күштердің даму деңгейін анықтайды.
- Аймақты қалыптастыру процесіне ұлттық фактор, елдің дамуының белгілі бір сатысына тән әлеуметтік - саяси жағдайлар, сонымен қатар, территориялардың көлікпен қамтамасыз етілуі, елдің және оның әрбір бөліктерінің геосаяси жағдайы жатқызылады [5] .
Қоғамның дамуындағы аймақты қалыптастырушы факторларға талдау жасаудың нәтижесі, олардың тарихи сатыға байланысты өзгеретінін көрсетеді. Аймақтардың қалыптасуына адам еңбегінің заттануы елеулі әсер етеді. Аймақты қалыптастыру мәселелерін шешу барысында объект ретінде көбінесе «өндірістік күштер» қарастырылады. Яғни, аймақтарды қалыптастыру процесі оны жүргізудің негізгі тәсілдерінің мәнін сақтап отырғанда ғана, динамикалық сипатқа ие болады.
Қазақстан экономикасын аймақтандыру процесін қайта қалыптастырудың маңызды екені сөзсіз. Оның негізінде фундаменталды фактор, соның ішінде экономикалық әлуеттің деңгейі, аймақтық экономиканың өсуге, нарық өзгерістерін қабылдауға қабілеттілігі және шын мәніндегі көрінісі мен бейімделуі жатыр. Келесі 1-кестеден біз Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық әлуеті бойынша айырмашылықтарын көре аламыз.
Аймақтар су ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша ажыратылады (Қызылорда (максимум) мен Маңғыстау (минимум) облыстарының арасындағы айырмашылық 64 есе) .
Кесте 1 Қазақстан аймақтарын экономикалық әлует деңгейі бойынша топтастыру [6]
(баллмен есептегенде)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz