Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи-қылмыстық маңызы . . . ………6

1. 1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихы . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық . . . 15

2 Мал ұрлығы құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 28

2. 1 Объективтік белгілері . . . 28

2. 2 Субъективтік белгілері . . . 39

2. 3 Сараланған белгілері . . . 49

2. 4 Құрамды басқа ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату . . . 59

2. 5 Мал ұрлығы үшін жаза тағайындау мәселелері . . . 65

Қорытынды . . . 70

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 74

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс қылмыстық құқық теориясындағы өзекті мәселелердің бірі - мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларына арналған. Зерттеу жұмысында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи-қылмыстық маңызы, меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көрінісі, сонын ішінде талан-таражға салудың түсінігі мен белгілері, аталған қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы сонымен қатар мал ұрлығының криминологиялық себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеуге әрекет жасалған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он үш жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахынасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституцияның 1 бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" делінген [1, 4 б] .

Бірақ "бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет" [2, 35 б] . Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі әл аухатынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты аландатады. "Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр" деп, Елбасы бекерге айтпаған [3, 1 б] .

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және элеуметтік тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т. б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық.

Республика бойынша тіркелген жалпы қылмыстылықтың деңгейімен салыстырғанда мал ұрлығы қылмысы онша орасан зор емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады. Оның үстіне мал ұрлығының тіркелуі, ұрлықтың басқа түріне қарағанда биік түр. Оған себеп, біздің ұлтымыздың тамырын терең жайған өмір сүру салт-дәстүрі, атап айтқанда, мал бағып күн көру дағдысы.

Ұрлық қылмысы қылмыстық құқық теориясында көп зерттелген тақырыптардың бірі, бірақ мал ұрлығына қатысты, оның ұғымы, белгілері, түрлері, оның ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, мал ұрлығы қылмысының ауырлататын және аса ауырлататын белгілері, аталмыш құрамның криминологиялық мәселелері арнайы жан-жақты зерттеу объектісі бұрын-соңды болмаған. Осыған байланысты зерттеліп отырған тақырып теориялық және практикалық жағынан өте өзекті болып табылады. Аталған мәселені сот тергеу тәжірибесінің негізінде зерттеп, ғылыми-ой елегінен өткізу қажеттілігі ешбір күмән тудырмайды.

Зерттеліп отырған проблема Қазақстанның қылмыстық құқық теориясында көптен бері түбегейлі шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе. Осы даулы мәселеге арналған жекелеген мақалалардан басқа Қазақстан Республикасында аталып отырған қылмыс құрамының табиғатын терең, әрі ғылыми тұрғыда зерттеген іргелі еңбектер жоқ. Осыған орай осы проблеманың құқықтық табиғатын, тарихи, әлеуметтік қырларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігі айтпаса да түсінікті.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыс алдына мынадай мақсаттар қойылды:

- мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін зандардың даму тарихын зерттеу;

- мал ұрлығы үшін жауапкершілік мәселесінің ғылыми теориялық және тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеу;

- мал ұрлығы құрамының жаңа мәтінін құрастырып, оның қылмыстық-құқықтық белгілеріне талдау жасау;

  • мал ұрлығы үшін жаза тағайындауға байланысты ұсыныстарға талдау жүргізу;
  • мал ұрлығы үшін жауаптылық белгілейтін зандарды жетілдіруге ұсыныстар енгізу;

- мал ұрлығы қылмысын алдын - алуға байланысты ұсыныстар жасау.

Зерттеу нәтижесінде мынандай нақтылы тұжырымдар ұсынылады.

- Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихын зерттеп, халқымыздың тұрмыстық ерекшелігін ескере отырып және соңғы уақытта сот-тергеу тәжірибесінде мал ұрлаудың кең етек алуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ұрлық құрамынан бөлек "175-1 бап Мал ұрлау" деп аталатын жаңа қылмыс құрамын енгізу.

- Мал ұрлау құрамының жаңа мәтінін ұсыну. Мал ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, қылмыс құрамының құрылысын белгілеу. Мал ұрлаудың негізгі, ауырлатылған және аса ауырлатылған құрамдары үшін жауаптылықты анықтау.

- Мал ұрлығы құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жүргізу және оларды жүйелі түрде негіздеу.

  • Қылмыс заты - мал ұрлау құрамының қажетті белгісі болып табылатынын негіздеу.
  • Мал ұрлаудың басқа ұқсас құрамдардан ажырататын белгілерін жеке жеке бөліп көрсету.

Мал ұрлығының сараланған белгілеріне байланысты қылмыстық жазаны ауырлататын ұсыныстар енгізу.

- Мал ұрлығы қылмысына жол беретін себептердің жүйесіне және оның жасалу жолдарына қарсы, осы қылмыстың алдын алу шараларын ұсыну.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТАРИХИ-ҚЫЛМЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ

1. 1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихы

Қай қоғамда болмасын мал ұрлау ерте заманнан келе жатқан қылмыстардың бірі. Қылмыскерлер мал ұрлағаны үшін ауыр жазаға тартылса да, бұл қылмыс түрі тоқтатылар емес. Тарих беттеріне жүгінсек, мәселен біздің заманымызға дейінгі XVII ғасырда Вавилон патшасы Хаммурапидің зандарында мал ұрлағаны үшін мынандай жауаптылық көрсетілген: "Егер қылмыскер өгіз ұрласа, не қой ұрласа, не есекті ұрласа, не шошқаны . . . егер ол мал құдайдікі болса, не орданікі болса 30 есе көлемде өндірілу керек, ал, егер қылмыскердің төлейтін мүмкіндігі болмаса ол өлтіріледі" [4, 12 6] .

Көне феодалдық қоғамда қолданылған біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда "Салическая правда" зандарында мынандай тараулар бар: "Шошқа ұрлау туралы", "Мүйізді мал ұрлау" және "Жылқы ұрлау туралы" және т. б.

Ал біздің байырғы қазақ халқының тарихына үңілетін болсақ, қазақ халқы көбіне мал, соның ішінде ірі қара мал шаруашылығымен айналысқан. Малына қарап бай, кедейлігін анықтау бүгінде сақталған. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген. Осыған орай мал ұрлау кең етек алған қылмыстың бірі болған, соның ішінде, құны жағынан басқа малдан асып түсетін жылқыны ұрлау көп таралған қылмыстардың бірі болып есептелген.

А. И. Гуров жазғандай: "Ерте заманнан бастап Орта Азия
халықтарында, сол сияқты басқа да халықтарда жылқы ұрлау кең
тараған еді. Жылқы ұрлаушыларды "отырғыштылар" /скамеечники/
деп атаған. Бұлар ұрылардың ішіндегі ең мықтылары болды, әрі
олардың ғасырларға созылған қылмыстық дәстүрлері, әдейі өздеріне
ғана белгілі жаргондары, губерния аралық қылмыстық байланыстары,
ұрланған малды жасыруға қалыптасқан айла-тәсілдері болған.
Тәжірибелі жылқы ұрлаушылар "кәсіби" шеберліктерін мұра қылып қалдырып отырған. Жылқы ұрлау ұйымдасқан қылмыстың түрі болған және арнаулы кәсіби қарақшы топтардан тұрған. Кейде мұндай топтар бірнеше жүздеген адамды қамтыған, сондықтан, бұл қылмысты ұйымдасқан қылмыс санатына жатқызуға болады" [5, 72-73, 78-79 б] .

Тарихқа жүгінсек, жылқы ұрлаумен қазақ халқында кәсіби ұрылар айналысқан және олардың бұл қылмыстарын бүркемелеуші сол кездегі байлар болған. Ауқатты адамдар, байлар, ауыл старшиналары мен атқамінерлер әдетте осы қылмысты ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған.

Бұл қылмыстың түрі Кеңес үкіметі тұсында да жойылмаған. Мысалы, қазақ жерінде 1934 жылы Ортау селосында 10 адамнан тұратын қылмыстық топтың ішінде ауылдық Кеңестің төрағасы, орынбасары мен хатшысы және партия ұйымының хатшысы мен колхоз басқармасы болған. Олар жылқы ұрлаушы ұрыларға қару-жарақ пен колхоздың аттарын беріп ұрлықтан түскен жылқыны өзара бөлісіп, көпшілік жағдайда етті Қаракөл қаласының базарына сатқан [6, 515 б] .

Орта Азияның көшпелі және жартылай отырықшы мал өсіруші халықтары арасында барымта кең орын алған [7, 200 б] . "Барымта, -деп жазады Ш. Уәлиханов, - ашықтан-ашық күндіз жасалған, не мұқтаждықтан күш жұмсау арқылы жасырын ұрлық түрінде жасалған" [6, 600 б] . Ашықтан-ашық істелген барымта үстінде малынан айырылған жақ күш көрсетіп баққан, барымта кезінде төбелес те, тіпті, кісі өлімі де болып тұрған. Әдетте барымтаға қарулы топ қатысып, олардың тарапынан күш жұмсау, кейде өрт қою, мүлікті алып кету де, не оны құрту да орын алған. Барымта кезінде, көбінесе көп малды иемденіп кету жиі болып тұрған. Барымтаның себептері әртүрлі болған: әдет-ғұрыпты бұзу, адамның ар-намысына тиу, оны жәбірлеу, малды айдап кету, кек алу, қызғаныш т. с. с. Әлбетте, қарсы жақтан да мұндай қылықтарға қарсы әрекеттер де болып тұрған. Көп жағдайда барымта екі рулы ел арасында қарулы қақтығыстармен қабаттаса жүрген және оның біраз зардаптары да болған. Мұндай кезде ру басылары жанжалдасушы жақтардың уәкілдерін жинап, олардың дауларын шешкен. Қуып кеткен малдың орнына басқа мал қайтарылып берілген, ал өлген адам үшін, кінәліні қарсы жаққа беретін болған. Жазалаушының туыстары мен руластары өш алуды, не жазаны жеңілдету үшін құн төлеген. Сонда рулар арасындағы араздық пен жанжал ата дәстүрлері негізінде өз шешімін тауып отырған.

Қарулы қақтығыстар көрші халықтар арасында да орын алып отырған. Онда да барымтаның дауы мүлікті өртеу, кісі өлімі, не кепілдікке адам алып кетулермен көрініп отырған. Мысалы, 1770 жылы Абылай сұлтан қырғыздарға мал қуып кеткендерін желеу қылып, шабуыл жасаған. Абылайдың немересі, белгілі қазақ ағартушысы Шоқан Уәлиханов XIX ғасырда қырғыздар тарихын зерттеп, қырық мындай киіз үйлі Солты руынан /«Жаилское побоище»/ Жайыл қырғынынан кейін тек қана қырықтай отбасы қалғанын жазады [6, 332 б] . Г. А. Мукамбаеваның пайымдауынша, "барымта, бір жағынан, қоғамдағы көпшілікке танымал зиян, не уәдені орындамау, не міндетінен жалтарудан шеккен шығынның орнын толтыру үшін жасалған іс, екінші жағынан бұл басқа адамның құқығын белгілі бір мақсатпен бұзу" деп атап көрсетеді [8, 174 б] .

Т. М. Күлтелеевтің айтуынша, "барымтамен бай, әрі «құрметті» адамдар айналысқан және ол үшін әдейі дайындалган жігіттерді ұстаған, ал жарлылар болса мұқтаждықтан барымтаны қостаған және оны қарақшылық қастандық әрекет ретінде есептемеген"[7, 253 б] . К. Нурбеков: "Қылмыс жасауға қатысқандар ғана қылмыстық жауапқа тартылған, ал оны ұйымдастырушы бай, ауқатты адамдар жазасыз қалып отырған, олардың кейбіреулері қарақшылық үшін ашықтан-ашық адамдар ұстаған . . . деп жазады. Мысалы, Қырғызстанның 20-жылдардағы көрнекті қайраткері, Жетісуда "Қосшы" одағын ұйымдастырушы әрі басқарушы болған, 1918 жылдан коммунист, партияның XII съезінің шешуші дауысты делегаты, Түрік ЦИК пен Кироблисполкомның Президиум мүшесі Р. Құдайқұлов 1927 жылы "Үр-Токмақ" ісімен сотталған. Жас кезінде Пахотин деген шаруаның жылқыларын ұрлағаны үшін өз руынан аластатылған. 1916 жылы көтеріліс кезінде көтерілісшілердің бір тобын басқарған. Жеңілістен кейін Қытайға қашқан, онда да барымтамен айналысқан. Гали Өзбеков деген байдың 70 жылқысын қуып кеткен. Қытайдан келіп Ферғананның белгілі барымташы манабы Авасхан Егембердиевтің барымташыларының бір тобын басқарған" [9, 80 б] .

Осы сияқты мысалдар ел арасында көп тараған. А. И. Гуровтың айтуынша: "Мал ұрлау /қуып кету/ ерлік пен қайтпастықтың белгісі. Мал ұрлау ру ішінде ерліктің, өз туыстарына қарасудың белгісі деп түсінілген, сондықтан да оны айыптамаған" [5, 80-89 б] . Әдетте барымташылар билер мен ауқатты адамдардан материалдық көтермелеулерге ие болып, сый-қүрметке бөленген. Зерттеуші Т. К. Күлтелеевтің тұжырымы бойынша, барымта рулық өмір салтының туындысы. Себебі, ол кезде қоғамдық пікір әлеуметтік биліктің нышанындай еді. Сондықтан да ол дау-жанжалды шешуде қылмыстық іс деп қаралмай, екі жақтың занды мүдделерін бітістіріп отырған [7, 45 б] .

Барымта XX ғасырдың 30 жылдарында Кеңес үкіметінің нығаюына байланысты жойыла бастады. Ал, оны әбден жоюда сол кездегі милиция органдарының ролі өте зор болды. Жетісу облгорревкомының 1922 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен жалпы қылмыстылықты, оның ішінде жылқы ұрлауды ауыздықтау мақсатында милиция деген орган құрылған. Жергілікті әкімшілік бөлімдері милицияны атпен қамтамасыз етуге міндетті болған. Құқық қорғау органдарының батыл қимылдары өз нәтижесін берді. Жылқы ұрлау елеулі азайды. Бірақ, жылқы ұрлауды үзілді-кесілді тоқтату әлі мүмкін емес болды.

Мысалы, 1926 жылы шілдеде Сусамырда қырғыздар қазақтардың мың басқа тарта жылқысын қуып кеткен. Бұл оқиғаны милицияның араласуымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары арасында әдейі құрылған жанжал комиссиясы тергеп шешкен.

Сол кездегі милицияның табандылықпен жүргізген мақсатты істері арқасында, әрі халықтың қолдауымен жылқы, басқа да мал ұрлау біркелкі бәсендей бастады.

Қазақ жерінде қазан төңкерісіне дейін қылмыстық құқық нормаларын анықтаған біраз құжаттар болған.

Мысалы, олар:

1. 1867 және 1886 жылдардағы Түркістан өлкесін басқару туралы
ереже.

2. 1891 жылғы Дала /Степные/ облыстарын басқару туралы ереже.

Сол кезде билер соты да қызмет атқарған, оларды ресми ешкім сайламаған, әрі бекітпеген. Әдетте билер сол кездегі өте ауқатты адамдардың бауырлары, не олардың өзге туыстарынан болған. Барлық сотқа түскен мәселелерді олар ежелгі әдет-ғұрып бойынша, не мұсылмандық жолмен шариғатпен шешкен және ешқандай қағазға түскен үкім болмаған. Өлке Ресей құрамына кіргеннен кейін үкімдер қағазға түсірілген құжаттар түріне көшкен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пара беруді анықтаудың әдістемелері
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Мамандықтың пәндер каталогы
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Құқықтың дамуы және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz