Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

ӘОЖ 341:502 Қолжазба құқығында

ҚАБАНБАЕВА ГҮЛБАҚЫТ БОРИБЕКОВНА

Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау

Құқықтану саласында

PhD философия докторы академиялық дәрежесін алу үшін диссертация

Ғылыми жетекшілер

заң ғылымдарының докторы,

профессор Д. Л. Байдельдинов

заң ғылымдарының докторы,

профессор А. Е. Бойл

Қазақстан Республикасы

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар мен белгілер 3

Кіріспе 4

1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз
салдарынан халықаралық - құқықтық қорғау
мәселесін жалпы құқықтық талдау 12

1. 1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан
халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері 12

1. 2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан
халықаралық - құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері 32

1. 3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан
халықаралық - құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеудің
құқықтық сипаттамасы 48

2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан
халықаралық - құқықтық қорғаудың қағидалары және олардың
нормативтік мазмұны 61

2. 1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың обьектісін анықтау мәселесі 61

2. 2 Ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны
қорғау қағидасының мазмұны және оның ықтимал зиянды
салдарының алдын алу ережесін талдау 70

2. 3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қорғау саласындағы халықаралық әріптестіктің негізгі қырлары және осы саладағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасының маңызы 89

3 Ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған орта
мен ғарыштық кеңістіктің өзіне келтірілетін ластану мен
жағымсыз салдар үшін жауаптылық 91

3. 1 Қоршаған ортаны ластағаны үшін жауаптылық -
халықаралық - құқықтық негізгі мәселе 91

3. 2 Ғарыш обьектілерімен ғарыш кеңістігінің өзіне және қоршаған
ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін халықаралық
материалдық жауаптылық 97

3. 3 Ғарыштық қызметтен болатын ластану мен жағымсыз салдар
үшін халықаралық үкіметаралық ұйымдарға
тағайындалатын жауаптылықтың маңызды қырлары 104

Қорытынды 109

Қолданылған әдебиеттер тізімі 115

Қысқартулар мен белгілер

БҰҰ Біріккен ұлттар ұйымы

КСРО Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚР Қазақстан Республикасы

ЗҒҚ Зымыран ғарыштық қызмет

ЗТ ББ Зымыран тасығыштардың бөлінентін бөлшектері

ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

АҚШ Америка Құрама Штаттары

NASA АҚШ-тың Ғарыш кеңістігін зерттеу мен аэронавтика бойынша ұлттық басқармасы

ФҒА Федералдық ғарыш агенттігі

ҰҒА Ұлттық Ғарыш Агенттігі

ФҒБ Федералдық Ғарыш Бағдарламасы

РФ Ресей Федерациясы

ЗҒҚ ЭҚ Зымыран ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі

МЭС Мемлекеттік экологиялық сараптама

ЗҒТ Зымыран ғарыштық техника

ЖЖС Жердің жасанды серігі

ЕҒА Еуропалық ғарыш агенттігі

ҚР ЭК Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі

ИНМАРСАТ Теңіздік спутниктік байланыс бойынша халықаралық ұйым

ИНТЕЛСАТ Халықаралық байланыс ұйымы

АРАБСАТ Ғарыштық байланыс бойынша араб елдерінің Корпорациясы

ХҒС Халықаралық Ғарыш Станциясы

ЖҚЗ Жерді қашықтықтан зоналау

РФ СК Ресей Федерациясының Су Кодексі

SSN Ғарыштық Бақылау Жүйесі

ҚХР Қытай Халық Республикасы

МАГАТЭ Атомдық қуат бойынша халықаралық агенттігі

ЮНЕП БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша Бағдарламасы


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл ғылыми еңбекте қазіргі таңдағы халықаралық ғарыш құқығының және халықаралық экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі туралы құқықтық сұрақтар жан - жақты қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың мазмұны зерртелген. Бұл еңбекте қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың қағидалары, сонымен қатар ғарыштық қызмет барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін ластану мен жағымсыз салдар үшін жауаптылық мәселесі зерттелген.

Диссертация тақырыбының өзектілігі.

Ғарыштық қызмет - ғылым мен адамзат техникасындағы тарихи серпіліс ретінде 21 ғасырдың адамзатына, оның өмірінің барлық бағыттарына өте үлкен ықпал етуде. Адамзаттың ғылыми - техникалық дамуы мен қоршаған ортаны қорғауы арасындағы қақтығыс пен қарама-қайшылықтар күннен күнге өзекті мәселеге айналуы баршамызға аян. Егер де қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткен алғашқы уақыттағы ғылыми - техникалық төңкеріс біршама шектелген болса, онда ғарыш дәуіріндегі ғылыми - техникалық төңкерістің әсері шексіз бола бермек деген ойдамыз. Ғарышты игеру болашақта адамзат өмірін жақсартуға жағдай тудырады дегенмен де, сонымен қатар ол қазіргі адамзаттың өмір сүру ортасы жерге зиян келтіріп қана қоймай, онымен қоса жердің айналасындағы кеңістікке де қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен, ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны ластау мен жағымсыз салдардың туындауынан қорғау мәселесі Жердің және оны қоршаған атмосфераның ғарыш кеңістігіне де тарайды. Осыған орай, қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің аумағына ғарыш кеңістігі де кіреді, сәйкесінше Жерді, әуе кеңістігін және ғарыш кеңістігін қамтиды.

Сондықтан да, осы ғылыми еңбек адамзаттың тағдырына ықпалы бар, бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі - ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне арналған.

Диссертацияда қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығы, өз отанымыздың жерінде әлемдегі ең ірі космодромдардың бірі «Байқоңырдың» орналасуымен арта түседі. Себебі, «Байқоңыр» ғарыш кешенінінің қызмет етуінің экологиялық қауіпсіздігі туралы мәселе біздің еліміз үшін бүгінгі таңда шешімін табуы (оның ішінде, құқықтық шешімі) тиіс алдыңғы қатарлы сұрақтардың бірі. Біздің білуімізше, қазіргі күнде зымыран - ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы обьективті мәліметтер жоқ, әрине, Байқоңыр ғарыш кешенінің, оның маңындағы тұрғындарға және қоршаған ортаға өте үлкен әсері бар.

Қазіргі таңда Қазақстанда экологияға деген көзқарас үлкен маңызға ие, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының 31 - ші бабында былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». [1]

Еліміз тәуелсіздікке қолжеткізгеннен кейін, оның алдында бірқатар экологиялық мәселелер тұрды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлгені бекер емес болса керек. «Қазақстан 2030-шы жылға қарай таза ауасы мен мөлдір суы бар, таза және жасыл ел болуы міндетті. Өндірістік қалдықтар мен радиация ендігі кезекте біздің үйлеріміз бен бақшаларымызға өтпейтін болады. Біздің балаларымыз бен біздің балаларымыздың балалары қолайлы қоршаған орта жағдайында толыққанды өмір сүреді». [2] Еліміздің алдында тұрған экологиялық мәселелерді шешу үшін 26 халықаралық экологиялық конвенциялар ратификацияланды, олардың басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау. Өз мәселесін жалғыз болып шешу еш бір бақуатты мемлекеттердің де қолынан келмейтін іс екендігін түсінетін кез келді. Әлемдік қауымдастық белсенді түрде мамандандырылған ұйымдардың көмегіне жүгінуді, сонымен қатар әмбебап және аумақтық конвенцияларға қол қоя бастады.

Бүгінгі таңда, адамзаттың ғарыш айлағындағы қызметі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көңіл бөлуі кездейсоқ емес. Ғылыми-техникалық серпіліс адамзаттың ғарышты зерттеуі мен пайдалануының әрі шарты, әрі салдары болатын ғарыш өндірісі мен ғарыш қызметінің белсенді дамуын, адамның ғарыштық қызметі барысында табиғатқа әсер етуін күрт күшейтіп қана қоймай, ғарышты игеру кезіндегі ықпал етудің ауқымын айтарлықтай кеңейтті.

Жердегі табиғи ресурстарды интенсивті пайдалану, жер, әуе және жерден тыс ортаны ластау, шикізат пен энергияның жаңа қайнар көздеріне деген қажеттіліктің өсуі адамзатты үлкен тоқыраудың алдына әкеліп тіреді. Сондықтан да, адамзаттың ғарышты игеруі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау және жер мен одан тыс табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану міндеті жаһандық сипаттағы мәселеге айналып отыр, қазіргі халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі шешілуі тиіс негізгі міндет болып табылады.

Адамзаттың ғарыштық қызметі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі біртіндеп халықаралық қауымдастықтың көңілін аулап отыр, сонымен қатар ол халықаралық ғарыш құқығының ең маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Халықаралық қауымдастық ғарышты және қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық шараларды түрлі мемлекеттер арасындағы ең ауқымды және жан - жақты халықаралық әріптестікпен барабар етеді және сәйкестендіреді. Мемлекеттердің әріптестігі қазіргі халықаралық құқықтың және халықаралық ғарыш құқығының ең маңызды қағидаларының біріне айналуда, сонымен қатар ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты ең маңызды халықаралық шаралар - Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның арнайы ұйымдарының бастамасымен болатыны белгілі.

Халықаралық ғарыш құқығы - ғарыш пен қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды негізгі реттеуші құрал болып табылады. Ол мемлекеттердің ғарыштағы қызметі барысындағы, оларға тиесілі табиғат қорғау режимін анықтауда шешуші рөл атқарады. Ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғаудың қалыптасуы халықаралық ғарыш құқығының прогрессивті дамуының жалпы процессінің ағынымен қатар болып отыр.

Сондықтан да, осы саладағы халықаралық - құқықтық реттеу сөзсіз төменде келтірілгендей әмбебап халықаралық келісімдердің ықпалымен қалыптасуда:

  • 1963 жылғы «Әуеде, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы Мәскеу Шарты»;
  • 1967 жылғы «Ғарыш кеңістігін, Ай мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалану барысындағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт»;
  • 1972 жылғы «Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция»;
  • 1979 жылғы «Айда және басқа да аспан денелерінде мемлекеттердің қызметі туралы Келісім» және тағы басқалары.

Осы аталған барлық халықаралық - құқықтық актілер адамзаттың ғарышты игеруі, яғни ғарыштық қызметті жүзеге асыруы барысындағы маңызды табиғат қорғау ережелерін қамтиды, сонымен бірге жер, әуе және ғарыш кеңістігін сауықтыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластаудың алдын алуға, табиғи ресурстарды және тұтастай табиғи кешендерді қорғау мен ұтымды пайдалануға бағытталған көпжақты және екіжақты халықаралық шарттардың саны үнемі ұлғаюда.

Адамзаттың ғарышты игеру процессі барысындағы ғарыш пен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық-құқықтық реттеу жүйесінде қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ-ның рөлі ұлғаюда және ерекше болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы - әлемдік сипаты бар, ең өкілді халықаралық ұйым, кез-келген жаhандық сипаты бар мәселелерді шешу үшін, мемлекеттер әріптестігін ыңғайластыру үшін ең тиімді институционалдық негіз болып табылады, соның ішінде, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне де қатысты. Сонымен қатар, БҰҰ көпжақты келісім сөздерді жүргізудің дайын құралы, әрі өзара тиімді шешімге келудің құралы, ең бастысы жалпы халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығын кодификациялаудың және прогрессивті дамуының дайын құралы ретінде.

Ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды реттеуге байланысты жұмыс көлемінің ұлғаюына орай, ғарыш қызметіне байланысты жаңа халықаралық ұйымды құру қажет болып отыр.

Бұл ұйым халықаралық құқықтың субьектісі ретінде ғарыш және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеуде оператордың рөлін атқарады, кем дегенде БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі комитеті мен түрлі арнайы және жергілікті ұйымдардың орынына, мысалы, ақпараттық, кеңестік, бақылау сияқты бірқатар функцияларды атқарады, тіпті дауларды шешуші және реттеуші және арбитр ретінде қызмет ету функциясын және тағы да басқасын көздейді.

Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеуді теориялық зерттеу барысында ғарышты игеру кезіндегі ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін жауаптылықты зерттеу маңызды орын алады. Аталған зерттеудің мәні мен оның қорытындылары ғарыш құқығының жүйесін толықтырып қана қоймай, нақты құқықтық процедураларға құқықтық негіз беруінде. Зерттеу барысында төмендегідей сұрақтар міндетті түрде қарастырылады, ол жауапкершіліктің субьектілері, олардың ерекше сипаттары және тағы да басқа.

Көріп отырғанымыздай, ілгеріде аталғандардың барлығы ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық -құқықтық реттеу мәселесіне тұтастай арналған диссертациялық жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Диссертацияның мақсаты болып халықаралық ғарыш құқығындағы қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарын кешенді қарастыру, қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің теориялық жүйесін талдау танылады. Жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстанның ғарыштық қызмет туралы заңнамасына қоршаған ортаны қорғауға байланысты тиімді ережелердің көрініс табуын қамтамасыз ету. Бұндай талдаудың өзектілігі халықаралық қатынастарды реттеуде халықаралық ұйымдардың маңызының үнемі өсуінде, олардың халықаралық құқық нормаларының дамуы мен қалыптасуына және олардың қолданылуына айтарлықтай ықпал етуінде.

Осыларды ескере отырып, диссертант келесідей міндеттерді шешуге тырысты:

  • адамзаттың ғарыштық қызметі барысындағы қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің негіздері мен қазіргі жай-күйін зерттеу;
  • қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудің негізінде жатқан, жаңа арнайы қағидалар мен нормаларды анализдеу және қалыптасу барысын көрсету;
  • ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын, құқықтық жағдайын, құрылымын және құзіретін анықтау;
  • халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығының қоршаған ортаны қорғау саласындағы түрлі елдердегі ғалымдардың еңбектерін зерттеу және салыстыру;
  • Қазақстан Республикасында ғарыштық қызмет саласында нақты құқықтық ережелерді қабылдау қажеттігін негіздеу;
  • жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының ғарыштық қызмет саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш кешенінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды талдау;

Зерттеудің әдістемелік негізі мен зерттеу әдістері.

Автор талдау әдісін қолданады, себебі ол Қазақстан Республикасында шығарылатын ғарыштық қызмет саласындағы құқықтық актілердің ережелері мен халықаралық ғарыш құқығының келісімдерін зерттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл әдіс зерттелетін құқықтық құжаттардың кемшілікті тұстарын анықтау мен көрсетуге мүмкіндік береді. Синтездеу әдісі зерттеу барысында жасалған қорытындылар мен оның жалпы мақсат пен алға қойылған міндеттермен ара қатынасын логикалық жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Диссертацияда сонымен қатар, жүйелі түрде қарастыру қолданылған. Автор ғарыштық қызмет саласындағы отандық құқықтық нормаларды халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларымен байланыстыра отырып қарастырған, олардың құрылымын анықтаған. Сонымен қатар, зымыран - ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі бойынша халықаралық тәжірибе мен Байқоңыр ғарыш айлағының қызметінің экологиялық қауіпсіздігіне қатысты құжаттар салыстырмалы құқықтық тұрғыдан зерттелді.

Диссертация тақырыбын өңдеу барысында автор отандық, ресейлік және де батыстық халықаралық құқық доктриналарының және халықаралық ғарыш құқығы саласындағы ғалымдардың теориялық ережелері мен негізгі қорытындыларына арқа сүйеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі.

Диссертациямен жұмыс барысында халықаралық құқық доктринасының кеңестік және ресейлік өкілдерінің жалпытеориялық және арнайы еңбектері үлкен көмек көрсетті. Олар: Г. И. Тункин, Э. Г. Василевская, В. А. Василенко, В. С. Верещетина, Г. П, Жукова, А. И. Иойрыш, Б. М. Клименко, Ф. М. Кожевников, А. Л. Колодкин, Ю. М. Колосов, Е. А. Коровин, С. Б. Крылов, П. М. Курис, М. И. Лазарев, Д. Б. Левин, И. И. Лукашук, С. А. Малинин, А. П. Мовчан, С. В. Молодцов, Е. С. Молодцова, А. С. Пирадов, А. А. Рубанов, А. И. Рудев, Д. И. Фельдман, Л. Н. Шестаков, Е. А. Шибаева, В. Г. Эмина және басқалары.

Автор қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласының мамандары С. В. Виноградовтың, Р. К. Гусевтың, Р. В. Деканозованың, В. Г. Жураховтың, Н. С. Иванченконың, О. С. Колбасовтың, И. И. Котряловтың, В. В. Петровтың, В. И. Севастьяновтың, А. С. Тимошенконың, А. Д. Урсуланың, В. А. Чичвариннің, Ю. А. Школенконың және басқаларының еңбектерін қолданды.

Сонымен қатар, батыс елдерінің ғалымдары: l. Brownlie, G. Schwarzenberger, Nicholas L. Johnson, D. J. Kessler, B. G. Cour-Palais, P. Eichler, D. Rex, J. E. Fawcett, M. D. Forkosch, W. C. Jeaks, C. W. Jenks, A. E. Boyle және басқалары.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау зерттеулерінің басты мақсаты болып табылатын келесідей қазақстандақ ғалымдардың еңбектері: Абдраимов Б. Ж., Байдельдинов Д. Л., Еркинбаева Л. К., Баимбетов Н. С., Культелеев С. Т., Ерджанов Т. К., Сарсембаев М. А., Сулейменова С. Ж., және басқалары қолданылды.

Зерттеудің нормативтік негізі ретінде ғарыш құқығы саласындағы көптеген халықаралық келісімдер; адамзатты қоршаған ортаны қорғау бойынша Стокгольм конференциясы мен БҰҰ - ның көптеген халықаралық келісімдері зерттеудің нормативтік базасы ретінде қолданылды; БҰҰ - ның басты және қосымша органдарының құжаттары;

Ғылыми ойдың әр түрлі бағыттарда дамығанына қарамастан, отандық әдебиетте ғарыш айлағындағы қызметтен қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселесін осы күнге дейін арнайы, кешенді түрде зерттеген зерттеулер, еңбектер жоқ.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы төмендегідей :

Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу бойынша ең алғашқы кешенді зерттеу болып табылады.

Алғаш рет халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидалар және нормаларының жүйесі мен оның жүйе бөлшегі қоршаған ортаны қорғаудың өзара ара қатынасы нақты анықталып, талдау жүргізілген. Сонымен қатар, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау қағидасының анықтамасы берілген.

Алғаш рет ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға келтіретін жағымды және жағымсыз салдарының әсері құқықтық тұрғыдан зерттеліп қарастырылған. Осы жерде алғаш рет ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары ұғымына анықтама берілген. Бұл еңбектің басқа да зерттеулерден ерекшелігі, оның қоршаған ортаны қорғау мәселесінде тек философиялық көз қараспен шектелмейтіндігі.

Алғаш рет қоршаған ортаны ғарыш айлағындағы қызметтен қорғаудың қалыптасып жатқан және қазіргі қағидаларын жүйеге келтіруге талпыныс жасалған, олардың қалыптасу процесін көрсету және осы процесстегі БҰҰ органдарының резолюциялары мен шешімдерінің маңыздылығын көрсетіліп, аталған қағидалардың құқықтық мазмұны анықталған.

Алғаш рет «Байқоңыр» ғарыш кешенінің қызметінің экологиялық қауіпсіздігін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми қырынан зерттелген.

Алғаш рет халықаралық ғарыш құқығында халықаралық әдеттің осы құқық саласында өз қолдауын таппағандығы жөнінде тұжырым жасалды.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды қорғауға шығарады.

  1. Бүгінгі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мемлекеттердің ғарыштық қызметі барысында туындайтын қатынастарын реттейді. Осымен қатар, бүгінгі таңда халықаралық ғарыш құқығында мемлекеттердің ғарыштық қызметінің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғаудың арнайы қағидалары қалыптасқан. Дамудың қазіргі кезеңінде олардың қатарына келесілерді жатқызамыз: а) ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан адамзаттың өмір сүру кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидасы; ә) ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріндегі тәжірибелердің ықтимал зиянды салдарының алдын алу қағидасы; б) қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қорғау саласындағы халықаралық әріптестік қағидасы; в) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасы және т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
Экологиялық саясат туралы ақпарат
Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Ғаламдық мәселелер
Ғарыш объектісін орбитада сақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz