Каспий теңізі табиғат ресурстарын игерудің саяси-географиялық және экологиялық-экономикалық мәселелері


ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Экономикалық және әлеуметтік география кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ИГЕРУДІҢ

САЯСИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Орындаған: 4-курс студенті

Б. Қ. Якупова

Ғылыми жетекшісі:

г. ғ. к., профессор С. Т. Темірбеков

Норма бақылаушы:

аға оқытушы О. Ж. Ғабдолла

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2007 жыл

Кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к., профессор А. Т. Темірбеков

Алматы, 2007

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . . 4

І. Каспий аумағындағы табиғат ресурстарын пайдаланудағы құқықтық мәселелердің саяси және экономикалық-географиялық негіздері . . . 5

ІІ. Каспий аймағындағы мұнай мен табиға газ кен орындарының жалпы географиялық сипаттамасы мен оларды шаруашылыққа игерудегі саяси-экономикалық мәселелер . . . 11

2. 1. Каспий аймағындағы отын-энергетика ресурстарын игерудегі бірлескен халықаралық трансұлттық жобалар . . . 11

2. 2. Бірлескен трансұлттық жобаларды іске асырудағы қиындықтар мен мәселелер . . . 13

2. 3. Каспий аймағындағы мұнай мен газ кен орындары мен ресурстарының экономикалық-географиялық сипаттамасы . . . 15

2. 4. Каспий аймағында отын-энергетика байлығын өндірудің мәселелері мен Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың қазіргі жағдайы . . . 20

2. 5. Каспий теңізінің Қазақстандық секторын (КТҚС) игеру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру . . . 23

ІІІ. Каспий теңізінің отын-энергетика ресурстарын тасымалдаудың бағыттары мен оларды іске асыру мәселелері . . . 31

3. 1. Каспий теңізіндегі бәсекелес кемежайлардың қарым-қатынастарының экономикалық факторлары мен ерекшеліктері . . . 35

3. 2. Қазақстан мұнайын Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты бойынша тасымалдау . . . 43

3. 3. Қазақстан - Қытай бағытының құрылыс жобасы . . . 44

3. 4. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының газды тасымалдау саласындағы қарым-қатынас келісімдері . . . 45

3. 5. Бургас-Александрополис мұнай құбыры желісінің құрылыс жобасы . . . 51

ІV. Индустриалды Қазақстан жағдайында жер қойнауларын пайдалануды реттеу туралы заңнаманы дамыту . . . 53

4. 1. Көмірсутегі шикізатын өндіру және пайдаланудың

экономикалық - экологиялық мәселелері . . . 59

V. Каспий аймағының экологиялық мәселелері және себептері . . . 66

5. 1. Қазақстанның минералды-шикізаттық кешеніндегі кластерлерді құру кезінде экологиялық факторларды ескеру . . . 78

5. 2. Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешу жолдары . . . 82

5. 3. Теңіз қайраңындағы теңіз операциялары және экологиялық талаптарды орындау . . . 84

VІ. Қазақстанның Ұлттық қоры . . . 89

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 92

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 93

КІРІСПЕ

Қазба байлықтары мол көптеген елдер осы байлықтарға зәру елдерге қарағанда экономикасының өркендеуімен немесе қандай да бір экономикалық жетістіктерімен мақтана алмайтыны мәлім. Дегенмен мұндай көзқарастың өзі экономиканың негізгі заңдарына қайшы келер еді. Себебі табиғи ресурстардың молшылығы экономика өрлеуінің негізі мен елдің келешекке үміт артар мүмкіншілігі ретінде қаралуға тиіс. Табиғи ресурстарға бай елдер осы байлықтан түсетін табысты қалай молайту керек, міне, осы жайтты білу үшін экономисттер мен сарапшылар көп уақыт кетірді.

Мұнайға бай Нигерия триллион долларға тең мұнай табысының 1/4-ін орынсыз төгіп шашып, бүгінгі күні қыруар қарызға батып отырса, Венесуэлла халқының 2/3-бөлігі кедейлік ғұмыр кешіп отыр. Мұнай-газ бен минералды ресурстарды иеленуге құлшынғандардың азаматтық соғысы көп елдерді күйретті.

Бұл жайтты былай түсіндіруге болады. Табиғи байлықтардан түскен табыс валютаның айырбас бағамын өсіріп, оның тұрақсыздығына әкеледі де, бұл өз кезегінде экономиканың мұнай өндіретін секторына жатпайтын саласын әлсіретіп, жергілікті өнім өндірушілердің бәсекелесу қабілетін төмендетіп, экспортқа шығуларына кедергі жасайды. Нақ сол кезде экономиканың мұнай секторы мол табыс алғанымен, жаңа жұмыс орындары ашылмайды, нәтижесінде пайда болған жұмыссыздық саяси және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкеліп соғады.

Дегенмен табиғи ресурстарға бай елдердегі ең маңызды мәселе - саяси мәселе. Қазба байлықтарды бақылауына алған үкімет билікті бөлуге құлшынбайды да, билік басына әділ сайлау арқылы келудің орнына, ерекше құқықты иеленуге тырысады.

Билік басындағылар саяси тұрғыдан қолдауға ие болу үшін аса қымбатты инвестициялық жобаларды енгізіп, үкіметпен жақсы қарым-қатынасы бар құрылымдармен келісім шарт жасаса отырып, жаңа жұмыс орындарын аша бастайды. Алайда мемлекеттік тұрғыдан берілетін жәрдем қаржы (субсидия) пайда келтірмейтін жобаларға жұмсалатындықтан, осы жобалар елдің экономикасын мұнай секторынан тәуелсіз ете алмайды. Үкіметтің қазба байлықтардан түсетін табысты бақылауға алуы үшін құлшынуы пайда түсірушілер мен осы пайдаға қолы жетпегендердің арасындағы талас-тартысқа әкеліп соғады.

Бұған жол бермеу үшін өкімет пен халық өз елінің табиғи байлықтарын бүкіл ұлттың игілігі деп ұғынулары керек. Бұл табиғи ресурстар - қазіргі үкімет пен бүгінгі ұрпақтың ғана еншісі емес, келешек ұрпақтың да еншісі. Осы байлықтардың болашақ ұрпақ есебінен жеке бастың мақсаты үшін жұмсау - бүкіл ұлттың мұрасын иемдену деген сөз.

І. Каспий аумағындағы табиғат ресурстарын пайдаланудағы құқықтық мәселелердің саяси және экономикалық-географиялық негіздері

Каспий теңізі және оның маңы географиялық - аумақтық тұрғыда солтүстігінде және шығысында Қазақстан мен Түркменстанның батысындағы, солтүстік-батысында Ресейдің, оңтүстік-батысында Әзірбайжанның, ал оңтүстігінде Иранның жер аумақтарын қамтиды. Осы мемлекеттердің әрқайсысы Каспий теңізінің табиғат ресурстарын игеру, пайдалану мәселесіне келгенде, оны тұйық су бассейні немесе көл ретінде қарастыруды ұсынғанымен, іс-жүзінде шешуге келгенде бесжақты келіссөздер барысында әртүрлі пікірлер, көзқарастар айтылып, құқықтық тұрғыда бір тұжырымға келе алмай жүр.

Халықаралық құқық өзінің теориялық және практикалық баптарында белгілі бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан көлді және/немесе теңізді сол мемлекеттің немесе сол бірнеше мемлекеттердің ішкі суы ретінде таниды (жіктейді) . Бірақ, бұл әрине осындай көлді және/немесе теңізді әлемдік, халықаралық су жолдары жүйесінің құрамдас бөлігі деп қарауға қарсылық білдірмейді. Көлдер мен ішкі теңіздерді осындай мақсаттарда пайдалану қазіргі кезде іс жүзінде қолда бар арнайы ережелермен іске асырылады. Аталмыш мәселеге байланысты бірнеше халықаралық-құқықтық құжаттарды мысал ретінде атап көрсетуге болады. Ең алдымен бұл Германия, Австрия, Швейцария мемлекеттеріне ортақ шекаралас орналасқан Боден көліне қатысты. Бұл көлді іс жүзінде Баден, Бавария, Вюртемберг князьдіктері мен герцогтіктерінің және Швейцарияның кантондары арасындағы ортақ көл ретінде пайдалануға 1867 жылы қол қойылған Бергенц келісімі осы күнге дейін құқықтық құжат ретінде жүреді. Екі елдің ортақ көлі ретінде Женева көлін құқықтық негізде пайдалану Швейцария мен Сардиния (Франция) арасында 1818 жылғы қол қайылған келісім бойынша іске асырылады. Ұлы көлдер (Жоғарғы, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио) АҚШ пен Канада арасындағы келісімнің қорытындысы болып табылады. Екі жақты құқықтық келісімдер негізінде кеме жүзу, әскери-теңіздік күштер және әскери кемелердің жүзіп өтуіне байланысты сұрақтар шешіліп, көлдер екі ел арасында бөлінген.

Каспийге халықаралық көл мәртебесін беруге ұмтылушылар ең алдымен Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер және Африкадағы Чад көлдері мысалдарына сілтемеленеді. Осы жағдайды іс жүзінде пайдалану қиындығының мәні - халықаралық құқықта халықаралық көл мәртебесін анықтайтын арнайы нормалардың болмауында. Қандай көлемдегі су қоймасын - көл немесе теңіз деп атау анықтамалары бар ешқандай халықаралық құқықтық құжат та жоқ. Ал бұл мәселеге географиялық тұрғыдан келетін болсақ, Каспий табиғи көл (су қоймасы), сондықтан оны «теңіз» деп тану құры әурелі болып саналады. Бірақ, географиялық карталарда оны «теңіз» деп жазуының негізгі себебі оның алып жатқан су айдынының (акваториясының) өте үлкендігіне байланысты.

Жалпы 1956 жылы қабылданған Халықаралық теңіз құқығын анықтайтын Басшылыққа сәйкес «Ішкі теңіз» түсінігіне сай табиғи айдындарының (теңіздердің) акваториясының топтамасының 3 (үш) түрі бар. Біріншіден, Дүниежүзілік мұхит кеңістігіне тіке шыға алмайтын және екі немесе бірнеше мемлекеттердің жер аумағымен қоршалған теңіз. Екіншіден, бір немесе бірнеше бұғаздар арқылы Дүниежүзілік мұхит кеңістігімен ұласып жатқан және бірнеше елдердің жер аумағымен қоршалған теңіз. Бұндай теңіздің құқықтық режимі қазірде бар - Қара және Балтық теңіздеріне қатысты халықаралық келісімдердің ережелерімен реттелінеді. Үшіншіден, өзінің саяси-географиялық сипаттамалары бойынша ішкі теңіздің екінші типтік түріне ұқсас бола тұра, бұл үшінші түр өзінің ешқандай халықаралық келісімдерде аталынып көрсетілмегендігімен ерекшеленеді. Бұл үшінші топтамаға Жапон және Охот теңіздері жатады. Ал Каспий теңізіне келетін болсақ, ол ішкі теңіздің 1-типтік түріне өте ұқсас болғанымен, осы типтік түрлердің ешқайсысы толығымен Каспийдің құқықтық таластар туғызып отырған жағдайларын шешіп бермейтіндігінде. Иран жағы осы жағын ескеріп, олар Каспийді континентальды жабық (тұйық) су қоймасы ретінде қарастырып, оның табиғат ресурстарын осы теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттердің ортақ байлығы, оны ортақ игеруге құқылы деп танып, аумақтық ынтымақтастық жөнінде Келісімге тұрып, бес мемлекетте бірдей тең құқықта кіретін Халықаралық ұйым құруды ұсынды. Бұл ұсыныс Каспий теңізінің табиғат ресурстарын ортақ пайдалануда болатын континентальды тұйық су қойма мәртебесін беру деген сөз. Бұндай мәртебе тек Иран жағына емес, сонымен қатар Ресей үшін өте тиімді болар еді. Себебі бұл екі мемлекеттің шекарасы өтетін жағалаудағы теңіз секторларында су астында көмірсутек ресурстары әзірге аз кездеседі (табылған) .

Жалпы ресейлік - ирандық позициямен, әрине, Әзірбайжан, Түркменстан және Қазақстан келіспеді. Басты себеп - осы үш мемлекеттерге бөлінетін секторларда көмірсутек ресурстарының молдығы және көптеп табылуына байланысты. Олар Каспийді ұлттық секторларға бөлу ұсынысын қолдайтынын білдірді.

Бірте-бірте Ресей сияқты Иран да өз позициясын жұмсартуға мәжбүр болды және ең соңында Каспийді ұлттық секторларға бөлуге келісім берді. Сонымен бірге алдын-ала теңіз ресурстарын бес мемлекет ортақ пайдалануда қалуына шарт қойды.

Қазақстан әуел бастан компромиссті позицияны ұстанды. Ол бойынша теңіз ерекшеліктері, ерекше экономикалық зона мен аумақтық теңіз режимінің кей элементтерін ескерген 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясын қабылдау керек, оның түбі мен су қойнауын ұлттық секторларға бөлу, суда ені 12 теңіз миліне дейін болатын аумақтық теңізді келіскен ені бар балық аулау зоналарын орнату керек. Қалған теңіз бөлігін ортақ пайдалану (эксплуатациялау) обьектісі ретінде ұсынылды.

Қазақстан өз позициясын тұрақтату мақсатында су қойнауын және су астындағы қайраңдарды пайдалану жөнінде құқықтық режимдердің алуандығына байланысты сұрақтарды шешуде халықаралық тәжірибені, ортақ сызық концепциясын пайдаланды. Астана көзқарасына сәйкес межелеу сызығының негізінде әрбір мемлекеттің келісушілігі бойынша модификациялана алатын «классикалық» орталық сызықты жүргізу ұстанымын негізгі талап деп ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан жағының пікірінше, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы ұзақ мерзімді, немесе көп жылдарға арналып жазылып қол қойылған концептуалды құжат, Конвенцияның болу керектігін тұжырымдады.

Кей авторлардың ойынша, Каспий мәртебесін анықтау және бекіту мәселелерінде шешім табуға көмектесетін халықаралық-құқықтық құжат бар. Бұл ашық, жартылай жабық және түгелдей жабық теңіз немесе су алабының анықтамасы бар 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы. Белгілі бір су алабының «теңіз» ретінде қарастырылуының негізін салушы принцип ретінде - оның Дүниежүзілік мұхитпен тікелей немесе басқа теңіздер арқылы, мысалы: Қара теңіз - Босфор және Дарданеллы бұғаздары арқылы немесе Азов теңізі - Дүниежүзілік мұхитқа алдымен Керчь бұғазы арқылы Қара теңізге, одан әрі Босфор мен Дарданеллы арқылы Эгей және Жерорта теңіздеріне және Гибралтар арқылы Атлант мұхитына шыға алуы арқылы анықталады.

Халықаралық құқықтың маңызды нормаларының біріне сәйкес: белгілі бір аймақта жаңа мемлекеттің пайда болу кезінде жалпы пайдалану кеңістігінің мәртебесі мен режимі бір немесе бірнеше қызығушылығы бар елдердің ерігі бойынша біржақты қайта қарауына түсе алмайды. Бұл принцип, әсіресе, мәртебесі өзгермейтін физико-географиялық нысаналарға (обьектілерге) негізделген теңіз кеңістігіне сәйкестенген. Каспий - тұйық су қойма болғандықтан, оған аумақтық сулар туралы Халықаралық теңіз құқығының, континенттік қайраң және ерекше экономикалық зона ережелерін қолдануға болмайды. Сәйкесінше, Каспийдің тұйық теңіз мәртебесі оның жағалауында орналасқан жеке бір мемлекеттің біржақты әрекетімен өзгертіле алмайды. Ол тек Каспийдің барлық жағалаулық мемлекеттерінің келісімімен және халықаралық құқық орнатылу тәртібімен ғана өзгертіледі. Бұл қарар 1996 жылдың қарашасындағы Ашхабад кездесуінде Каспий маңы мемлекеттерінің шетел істері министрлерінің кездесуінде қол қоюымен бекітілді, яғни олар Каспийдің құқықтық мәртебесіне қатысты (барлық жағалаулық мемлекеттерге қатысты) бір ауыздан мақұлданылмаған, қол қойылып бекітілмеген шешімдерді танымауды белгілеп айтты.

Іс жүзінде ашық теңіздерге тән континеттік қайраңда шаруашылықты жүргізудің ұлттық зонасы, теңіз түбін бөлу сияқты институттарды енгізу; аумақ шегінен тыс орналасқан мемлекеттердің компанияларын табиғат ресурстарды барлауға ұмтылдыру - Каспийде 1958 жылғы континенталды қайраң Конвенциясының ережелері мен ашық теңізге қатысты 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының сәйкес баптары таратылды деген сөз. Ресейлік зерттеуші К. Гаджиев жазғандай, біз бұл жерде бұл мәселенің заңдылығы жөнінде көп дауласып, пікірталасуымыз мүмкін, бірақ, Каспий Дүниежүзілік мұхит және ашық теңіздерге қатысты дәстүрлі түрде пайдаланылып келе жатқан Халықаралық теңіз құқығының нормаларына сәйкес, ережелерге, құқықтық нормаларға ұқсас бөлінгені факт ретінде қалмақ.

Өз жобаларын іске асыру мақсатында үшінші елдердің мұнай компанияларын шақыра отырып, Әзірбайжан өз зонасында көмірсутек кен орындарын игеруге басқа Каспий маңы мемлекеттерімен өз позицияларын үйлестірмей бастап кеткенге дейін Каспий мәртебесінің өзгерісі жайындағы барлық ой-пікірлер теориялық сипатта болады. Сәл кейінірек, көмірсутек ресурстарын игеру және барлау мақсатында өз жағалауларының теңіз түбі учаскелеріне халықаралық тендер жариялаған Қазақстан мен Түркменстан осы жолмен іске асыруда.

Барлық мемлекеттер үшін өзара тиімді және халықаралық құқық принциптері мен нормаларына сәйкес келетін Каспий теңізінің мәртебесін орнату тек қана оның ұлттық секторларға үзілді-кесілді бөлу негізінде ғана мүмкін екендігі қазіргі кезде іске асып отыр.

Біртұтас КСРО географиялық кеңістігі құлағаннан кейін орын алған геосаяси және геоэкономикалық бетбұрыстар жаңа аумақтық конфигурацияның құрылуына әкелді. Бұндай аумақтық бірлестіктердің негізін ең алдымен елдердің бір географиялық зонада, бірдей климаттық жағдайлары мен биоресурстары бар болатын және ортақ «ашық зоналарға» - Балтық, Қара, Каспий теңіздеріне шығу мүмкіндігі болатындай географиялық факторлар негізінде ортақ экономикалық бірлестік пен табиғи әлеуетті игеру мүмкіндігі және географиялық жақындылығын ескерсек, аталған аумақтағы елдер аумақтық ұйымдарды құрады: Қара теңіз экономикалық бірлестігі (ҚЭБ) - ол өзіне Қара теңіз, Закавказье мен Балқандардың 11 мемлекетін (Әзірбайжан, Албания, Армения, Болгария, Греция, Грузия, Молдавия, Ресей, Румыния, Түркия және Украина), Балтық теңізі мемлекеттерінің Кеңесі (1992 жылы құрылған) оған - Германия, Дания, Латвия, Литва, Норвегия, Польша, Ресей, Финляндия, Швеция, Эстония кіреді және Еуропалық Комиссия (ЕО-тың атқарушы органы), сондай-ақ Балтық теңізі мемлекеттерінің субрегионалды бірлестігінің ұйымы (БТМСБҰ) . Бұл ұйым Балтық теңізі елдерінің өкіметтік емес ұйымы, Ставангер (Норвегия) қаласында өткен конференцияда 1993 жылдың қазанында негізі қаланған. Ұйым жұмысында Балтық теңізі жағалауында орналасқан облыстар, жерлер, губерниялар және федералды мәні бар қалалардың өкілдері қатысады. Бүгінгі күні БТМСБҰ - да тұрақты құрамы жоқ және ол Балтық теңізінің елдері аумағына кіретін барлық 163 аумақтың қатынасуына ашық ұйым. /23/.

Аумақтық бірлестіктердің құрылуының қарқыны айтарлықтай дәрежеде бұрынғы КСРО-ң Орта Азиялық және Закавказьелік республикалардың аумағында да көрініс береді. Ол бүгінде егемендік алған елдер - Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан және оларға шекералас Түркия, Иран, Ауғанстан және Қытай.

Осы елдердің барлығы белгілі бір сипатта белгілі бір конфигурациясымен, тура немесе жанама болсын өзара мемлекетаралық және биресми қатынаста байланысқан. Біріншіден, олардың бәрі аумақтық экономикалық блоктарға немесе саяси бірлестіктерге кіреді. Екіншіден, осы елдердің кейбірі Орта Азиялық және Закавказ аумағындағы аймақтық көшбасшы рөліне дәмеленеді.

Бүгінгі күні барлық ескі географиялық атаулар, мысалы, «Закавказье», «Орталық Азия» жаңа мәнге ие болып отыр, себебі бұрынғы КСРО-ның геосаяси кеңістігінде жаңа еркін дербес зоналар, субаумақтар құрылды, өз кезегінде олардың әлемдік саясатта, әлемдік шаруашылық байланыста белгілі рөлі мен орны бар.

«Ортаазиялық», «закавказдық» аумақтар географиялық атауға қарағанда көп дәрежеде саяси анықтамалар. Мысалы, КСРО-ға кірген кезде Тәжікстан, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыз елдері өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін саясаткерлер, эксперт, саясатшылар оларды Орталық Азия аумағына жатқызатын болды.

«Аймақ» сөзіне әртүрлі түсініктеме, анықтама бар:

а) шаруашылық- экономикалық ортақтық (общность) ;

ә) географиялық-әкімшілік бірлік;

б) тарихи-мәдени облыс, т. б.

«Аймақ» сөзін бағалау белгілерінің әралуандығына қарамастан барлық анықтамалардың байланыстырушы түйіні ретінде мемлекет ұғымы тұрады. Бұрынғы КСРО-ның еуразиялық кеңістігінде жаңа елдердің құрылуы нәтижесінде ұғымдық саяси-географиялық аппаратта өзгерістер болды. Бүгінде Кавказ - Ресей үшін - Солтүстік Кавказ (Қара және Каспий теңіздеріне жақын жатқан немесе Грузия, Әзірбайжанмен шекаралас республикалар мен облыстардың аумағы) және Закавказье (Грузия, Әзірбайжан, Армения) .

Каспий теңізі қайраңында және оған іргелес зоналарда мұнайдың алып қорларының ашылуы, отын-энергетикалық ресурстарды игеру мен оларды әлемдік рынокқа жеткізу үшін маршруттарды және де Еуропа мен Азияны байланыстыра алатын траспорттық дәлізді құру бойынша әртүрлі жобалардың пайда болуы - жаңа субаймақтың - Каспий маңы анықтамасының пайда болуына әкелді. Әрі ресейлік, әрі англосаксондық политологияда жаңа географиялық ұйымдар пайда болды: Транскаспий аумағы, Каспий маңы немесе Каспий аумағы, Каспий теңізінің ауданы. Бұл ұғымдардың барлығы тікелей Каспий теңізіне шыға алатын елдерді қамтиды - Әзірбайжан, Түркменстан, Қазақстан, Ресей, Иран. Онымен бірге, бұл ұғымдарға мұнай және газ құбырларының маршруттарын салуға, басқа да траспорттық бағыттарының салынуына, жалпы аумақтағы жағдайға географиялық жағдайы мен саясаты әсер ете алатын мемлекеттер жатады. Олар - Түркия, Грузия, Қытай, Пәкістан, Ауғанстан сияқты елдер.

Каспий маңы аумағының ерешелігі - оның тек шикізаттық қана емес, сонымен бірге транзиттік аумақ мәртебесін иеленуде, сол арқылы Шығыс пен Батыс арасын біріктіріп қана қоймай («Ұлы Жібек жолын» қайта құру), сонымен бірге Солтүстік пен Оңтүстікті («Су жолы»: Санкт- Петербург - Мәскеу - Еділ бойымен Астраханьға дейін - одан әрі Каспий теңізі арқылы Иранға дейін) жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы себептерге байланысты Каспий маңы аумағын Транскаспийлік деп атауы бекер емес. /23/

Ірі батыс елдерінің осы аумаққа деген үлкен қызығушылығына қарамастан, осы күнге дейін келесідей экономикалық және саяси сұрақтарды шешуде іс-әрекеттер координациясы үшін осы елдерді біріктіретін арнайы халықаралық өкіметтік ұйым құрылмады:

  • Каспий теңізі мәртебесін анықтау, су бөлігі мен теңіз түбін аумақтық бөлу сұрағын шешу;
  • Каспий биоресурстарын қорғау бойынша шаралар кешенін іске асыру, құрастыру;
  • Әртүрлі тектегі мемлекетаралық конфликттерді заңдастыру, мысалы, Армения мен Әзірбайжанның Таулы Карабах бойынша дауы немесе Әзірбайжан мен Түркменстанның Каспий теңізіндегі «Осман» және «Хазар» кен орындарын иелік етуге қатысты даулы мәселесі, т. б.
  • Аумақтық қауіпсіздік қаупімен күрес шараларын іске асыру.
  • Мұнай мен газды айдау бағасына қатысты келісімді тарифтік саясатын, жаңа мұнай және газ құбырларының маршруттарын құру және ойластыру бойынша қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың, барлық қызығушылық танытқан елдердің іс-әрекеттерінің координациясы қажет.

Каспий теңізінің шикізат ресурстарын интенсивті игеру әрі қоғамның, әрі ғалымдар арасында аумақта қалыптасқан экологияға қатысты мәселелер және болашақта Каспий теңізі биоресурстарынан айрылып қалу мүмкіндіктері алаңдатады. Атмосфера, гидросфера және топырақ пен өсімдік жамылғысының мониторингі биологиялық апат белгілерін анықтап беруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий аймағының экологиялық мәселелері және себептері
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Каспий теңізі құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz