Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК . ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... 5

1.1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жұмыссыздықтың формалары және оның экономикаға тигізетін әсері ... ... ... ... 10

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ... ... ..14

2.1. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. ҚР жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та олардың экономикасының негізгі бағытының бірі әлеуметтік салаға бағытталған болып келеді. Өйткені әлеуметтік сала сол елдегі халытың тұрмыс жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегі экономикалық активті халық пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен сипатталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рыноктың агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Осы еңбек рыноғында тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада қоғамда дамуына тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондыктан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Себебі, жұмыссыздық тікелей елдің экономикалық құрылымына, өнеркәсіп салаларына, жалақы деңгейіне, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты болады.
Менің бұл тақырыпты орындаудағы неғгізгі мақсатым мен міндеттерім келесідей болып табылады:
• Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнін ашу, шетелдік еңбек рыноғы үлгілерін талдау;
• Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмысбастылық пен жалақы деңгейін талдау;
• Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
• Жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күші ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
• Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың экономикаға тигізер әсерін қарастыру;
1. Жұмабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2003 – 171б.
2. Рынок труда. Учебник / под.ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А.Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.
3. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. – Макроэкономика. – Оқулық – Алматы.Экономика. – 2003. – 432 бет.
4. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича. Санк – Петербург – 2001г.
5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
6. Аубакиров Я.А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті.
7. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 446 б.
8. Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2003ж.
9. Берешов С. Регулирование заработной платы в республике Казахстан. – Алматы: ТОО «Баспа», 2004 г.
10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001ж, 30 қантар.
11. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2004 г. №13.
12. Ю.К.Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. – с.38-44.
13. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің бюллетені.
2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2005г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... 5

1.1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздықтың формалары және оның экономикаға тигізетін
әсері ... ... ... ... 10

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ... ... ..14

2.1. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. ҚР жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та
олардың экономикасының негізгі бағытының бірі әлеуметтік
салаға бағытталған болып келеді. Өйткені әлеуметтік сала сол
елдегі халытың тұрмыс жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін
және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын
көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық
экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене
түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің еңбек
рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегі экономикалық активті халық
пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының
нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың
бір-біріне әсер етуімен сипатталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті
адамдар рыноктың агенттері, олар еңбек рыногында өзара
қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен
ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы
бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек
төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Осы еңбек рыноғында тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада
қоғамда дамуына тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты
қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы
еңбекке қабілетті, бірақ қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады.
Сондыктан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететін бірден-бір
көрсеткіш. Себебі, жұмыссыздық тікелей елдің экономикалық құрылымына,
өнеркәсіп салаларына, жалақы деңгейіне, халықтың әлеуметтік жағдайына
байланысты болады.
Менің бұл тақырыпты орындаудағы неғгізгі мақсатым мен міндеттерім келесідей
болып табылады:
• Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнін ашу, шетелдік еңбек
рыноғы үлгілерін талдау;
• Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын
қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмысбастылық пен
жалақы деңгейін талдау;
• Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-
жақты талдау;
• Жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күші ұсынысы және
сұранысымен байланысын анықтау;
• Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың экономикаға тигізер
әсерін қарастыру;

• Жалақы, жұмысбастылық, кәсіподақтар мен жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерін шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
• Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, олардың өзіндік
ерекшелігін қарастыру;
• Еліміз тарапынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және
әлеуметтік саясаттың негізігі бағыттарын айқындау.

1. Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
1.1.Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық мәні

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік
экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен
кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып,
көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Ал қоғам үшін ол жоғары
салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның
әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады
және т.б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетін кемшіліктерді басып
кетуі шүбәлі болып келеді. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін
біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашан да болып тұрады.
Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальді қызметіне
қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ
жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері,
жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар
осы уакытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер
шиеленісе түсті. Өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек
қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына өзгешеліктер енді.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазіргі жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алатын және жұмыс іздеп
жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтықтың бір
бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп
білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табсы
әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай
ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны
(U) экономикадағы белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және
пайызбен көрсетіледі.
u =

Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс
және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдік жағдай орын алады деп
есептелінеді. Бірақ шын өмірде мұндай еңбек рыногының тепе - теңдігінің
орын алуы сирек кездеседі. Еңбек рыногының тепе-теңдігі дегеніміз
экономикадағы қызмет етіп отырған кәсіпорындар қанша жұмыс күшін қажет етсе
соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активті
халықтың саны сондай дегенді білдіреді.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан
артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі орын алады дегенді білдіреді. Егер де осы
табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейі Оукен заңы бойынша
3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесі орын алады.
Бұл жағдайды келесі еңбек рыногының тепе-теңдік графигінен көруге
болады.

Бұл суреттен көретініміз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынсы
қисығы Ns қиылысында Е нүктесі пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдікті сипаттайды. Осы тепе-теңдік нүктеге сәйкес WЕ
нақты жалақының және NE жұмысбастылық деңгейінің тепе-
теңдігі шығады. Егер жалақының W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда
рыноктық сәйкессіздік нәтижесінде ұсынылатын еңбек көлемі еңбекке
сұраныстан В-А мөлшерде өседі, осының нәтижесінде Nb- Nа мөлшерде
экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессіздігінен пайда болатын еңбек рыногының бөлінбес элементі. Жұмысшы
күші болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына
байланыс бірнеше категорияға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге
қабілетті адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлінуі
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында
жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Яғни, рыноктық емес құрылымда
қызмет ететіндерге мемлекеттік әскер, полиция, мемлекеттік аппарат және
т.б. институттар кіреді.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күні толық
емес түлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшіне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күші құрамына кірмейтіндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс істеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс істегісі келетін, бірақ әр түрлі себептермен жұмыс істеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кірмейтін
адамдарға жатады.
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесі көрсеткіштер
арқылы сипатталады:
• Институционалдық емес адамдар;
• Жұмыс істеушілердің саны;
• Жұмыссыздар саны;
• Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны. Осы көрсеткіштердің
арасында өзара келесідей байланыс бар:
• Жұмысшы күшінің саны ЧРС = Ч3+ЧБ;
• Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі Ч3 = Ч3ЧИН;
• Халықтың жұмыссыздық дәрежесі УБ = ЧБ (Ч3+ЧБ);
• Жұмыссыздықтың нормасы NБ = ЧБ (Ч3+ЧБ) * 100%;
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткіштердің дәрежесі
мен
динамикасы бірнеше факторларға тәуелді, оларға демографиялық, жастық және
жыныстық, этникалық, халықтың әлеуметтік құрамы, жекелеген аймақ пен
салалардағы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы
қолданатын көрсеткіштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы
мен мерзімінің ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының
көрсеткіші жұмысшы күшінің жұмыссызданған бөлігін сипаттайды.
Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзімінің көрсеткіші бар болған жұмыссыздықтың
орташа ұзақтығын сипаттайды.
Батыс экономистерінің көбісі рыноктық жағдайда жұыссыздытың
белгілі бір дәрежесін болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж. Кейне
амалсыз жұмыссыздықтың түсінігін жиынтық сұраныстың
бейімділігінің жеткіліксіз екендігінен болады деп есептейді. Оның
пікірінше, толық жұмыспен қамтылу тиімді сұраныстың қосымша кеңеюіне
байланысты жұмысшылардың санының өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиімді
сұраныстың әрі қарай өсімі тек таза инфляциялық өсім болады. Осындай кезде
амалсыз жұмыссыздық нолге тең.
Кейбір экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемділігінің
көрсеткіші деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі
туралы айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты
жақсы қолданылатындығына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалык
ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады, бұл
экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы
санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші.
Статистикалық деректерде әрбір адам үш түрлі санаттың біреуіне жатады.
Оларға: жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс
істейтін адам деп — үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс істейтіндер осы топқа кіреді. Егер де азамат жаңа жұмысқа кіруді
күтіп жұмыс істемесе және жұмыстан уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп
жүрсе, онда ол жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын адамдар
(студенттер және үй шаруашылығындағы әйелдер) жұмыс күші құрамына
кірмейді, іздемейді және жаңа жұмысқа кіруді күтпейді.
Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал
жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың
пайыз түрінде анықталуы.
Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активті халық деген
негізі ұғым қолданылады. Ол дегеніміз еңбек рыногында еңбек жасына келген
және еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдар саны.
Мысалы, елімізде 2000 жылдан бастап экономикалық активті халытың
саны күннен-күнге өсуде, оған себепші болып отырған
экономиканың тұрақтануы, өндіріс орындарының ашылуы, жалақының
жоғарлап, оның тұрақты болуы, халықтың білім және
мамандану деңгейінің өсуі, демографиялық өсуге бет алғанымыз және
т.б. жағдайлар себеп болып отыр.
Экономикалық активті халықтың өсу динамикасын келесі 2-ші суреттен
көруге болады.
Биылғы 2004 жылы экономикалық активті халық 7,9 млн. адамға жетті,
өткен жылмен салыстырғанда 13,4% өсті, солардың ішінде жұмыспен
қамтылғандары 7,2 млн. адам.
Суреттен көріп отырғанымыздай, елімізде соңғы жылдары жыл санап
өндірістің дамуымен және шаруашылық құрылымдарының саны өсуімен
экономикалық активті халық өсуде, ал оның есесіне елімізде жұмыссыздықтың
деңгейі жылдан - жылға кемуде.

Сондай – ақ экономикалық активті халықтардың жұмыспен қамтылу
дәрежесін келесі 3- ші суреттен көруге болады.

Сурет 3 – Жұмыспен қамтылған халық.

3- ші суреттен көріп отырғанымыздай еліміздің экономикасының өсуіне
байланысты, активті халықтар ішіндегі жұмыспен қамтылған халықтың саны
өсіп, жұмыссыздық деңгейінің азаюына себеп болуда.

1.2. Жұмыссыздық формалары және оның экономикаға тигізетін әсері

Ұлттық экономика дамуында, оның экономикалық құрылымы және елдегі
әлеуметтік, жалпы қоғамдық жағдайларға байланысты жұмыссыздықтың
бірнеше формалары болады. Олардың еңбек рыногындағы үлесіне байланысты
экономика дамуына тигізер әсерлері де әр түрлі болып келеді. Енді оларға
жеке-жеке тоқталып өтейік.
Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет
түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады.
Кейбіреулерің жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеу
үстінде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орнын жоғалтқандықтан уақытша
жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа-
райы жағдайы). Сонымен қатар еңбек рыногында жастар арасында алғаш рет
жұмыс іздеп жүргендер де уақытша жұмыссыздардың қатарына қосалады.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан
жұмысына қайтып орналасқанда олардың орнын басқа жұмыссыздар басып отырады.
Сондықтан, еңбек рыногында әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар
санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық түрі сақтала береді. Осы жұмыс
орнын іздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтіп отырған еңбекке қабілетті
адамдарды экономистер "уақытша жұмыссыздар" деп атайды. Уақытша
жұмыссыздар еңбек рыногына ұсынатын білімдері мен еңбек
қабілеттері бар деп есептелінеді. Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті
болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен
түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы
жұмысқа ауыстыру ынтасымен орын алады. Бұл әлеуметтік
тұрғыдан жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек
ресурстарының қоғамда ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді.
Яғни, бұл жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің
ұлғайтып, жұмыс орындарының көбеюімен байланысты. Жалпы еңбек рыногында
уақытша жұмыссыздықтың орта мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикада уақытша жұмыссыздықтан
ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші жұмыссыздық
формасына ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген
мағынада қолданылады. Уақыт өте келе өндірісте немесе қызмет
көрсету саласында технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады,
олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын
өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде қоғамда кейбір мамандықтарға деген
сұраныс азаяды немесе мүлдем жойылады. Басқа мамандықтарға,
соның ішінде жаңа мамандықтарға сұраныс көбейеді. Осы
жағдайда еңбек күші жұмыс орындарының құрылымындағы жаңа
өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық
пайда болады. Кейбір қызметкерлерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері
рынок сұранысына сәйкес келмейтіндігіне көздері жетеді; олардың
тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатына болған
өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар
жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған
соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" -
"жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес.
Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар,ал құрылымдық
жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек,
ал кейде тұрғылықты жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздыққа
қарағанда құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болғандықтан
олар экономикадағы еңбек рыногы жағдайы үшін қауіпті болып келеді.
Циклдік жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдыраумен және
сұраныстың жеткіліксіздігімен байланыстыруға болады. Яғни,
өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық
ауытқуларын құрайды. Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне
әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің
жұмыстан босауымен байланысты болады.
Экономикадағы жұмыссыздықтың бұл түрі алдынғы екі жұмыссыздық формасына
қарағанда экономиканың тиімді дамуына кері әсерін тигізеді.
Өйткені елде жұмыссыздықтың циклдік түрінің өсуіне байланысты халықтың
тұрмыс тіршілігі төмендейді, әлеуметтік сала нашарлайды, яғни бір сөзбен
айтқанда өндірістің құлдырауын көрсетеді. Бұған мысал ретінде Қазақстан
Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі 6-7 жылды айтсақ болады.
Яғни, елімізде өндірістің жаппай жабылуымен, экономиканың дағдарысқа
ұшырауымен бірге жұмыссыздық деңгейінің тым жоғары болуына әкелді. Сол
жылдары еліміздің ЖІӨ 40%-дан астам құлдырады. Инфляция орын алып
адамдардың еңбекке деген ынтасы кеміді.
Сондай-ақ нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда,
адамның еңбекке қабілеті және ықыласы болады, бірақ еңбек рыногында түрлі
жағдайларға байланысты ол жұмыс орнын таба алмайды. Екінші жағдайда әр
түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.
Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ және қысқа мерзімді болуы
мүмкін. Ұзақ мерзімді жұмыссыздыққа циклдік және құрылымдық, ал қысқа
мерзімді жұмыссыздыққа маусымдық және уақытша жұмыссыздық жатады.
Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс
көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады. Оларға: ауыл
шаруашылығы, құрылыс жатады. Бұларда жыл бойы еңбекке сұраныс бір деңгейде
болмайды. Жұмыссыздықтың маусымдық түрі жүмысшы мен жалдаушы жасасқан
келісім шарттар арқылы болжана алады.
Батыс экономистері әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен
қамту болғандағы жұмыссыздықты еңбек рыногындағы объективтік
диспропорияларды көрсететін құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Ал табиғи
жұмыссыздыққа уақытша (фрикциондык) және маусымдық жұмыссыздықты
жатқызады. Шынында да жұмыссыздық дәрежесінің оның табиғи
нормасынан артып кетуі экономикадағы кұрылымдық өзгерістермен байланысты,
оның циклмен даму ерекшеліктері салалардағы өндірістің құлдырауымен
байланысты болады.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Басқа сөзбен
айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік
жұмыссыздық нольге тең болған жағдайда ғана
орындалады.Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі" деп атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған
ішкі өнімнің нақты көлемі "экономиканың өндірістік әлуеті" деп
аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономиканың өндіре алатын
өнімінің нақты көлемі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша
жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек.
Құрылымдық жұмыссыздарға да оқу курстарынан өту үшін уақыт керек. Егер
жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса,
онда еңбек күші рыноктары сәйкес келмейді деген сөз, мұндай жағдайда
жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа
жағынан қарағанда жиынтық сұранысы артық болған жағдайда жұмыс күшінің
жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс іздеп
жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты
деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен болады.
Еңбек күші рыноктарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
Экономикадағы жаппай жұмыссыздықтың орын алуы әлеуметтік
- экономикалық мәселелердің ең ауыр жағдайы екені белгілі. Ол қоғам өмірі
мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формаларына нақты
қауіп тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық,
адам өлтіру, тонау, адамдарға сенімсіздік жиі қайталанады. Бұл
дегеніміз экономикалық құбылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуі
қоғамдық адамзаттық қатынастарға кері әсерін тигізеді дегенді білдіреді.
Сондықтан бүгінгі таңда әлем елдерінің барлығы қоғам үшін зиянды болып
табылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс бастылық. Жұмыссыздық. Филлипс қисығы. Оукен заңы
Жұмыссыздық мәселесі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Жұмыссыздық мәні, түсінігі және түрлері
Еңбек рыногы және оның элементi – жұмыссыздық
Институционалдық емес адамдар
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық туралы
Пәндер