«Қаржылық жағдайы» категориясын талдау объектісі ретінде теориялық зерттеу; қаржылық жағдайын талдау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар. «Kazakhstan Trading Company» ЖШС мысалында
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні, оны талдаудың мақсаты мен міндеттері ... ... .8
1.2 Қаржылық жағдайын талдаудағы есептіліктің мақсаты және оның ақпараттық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН «KAZAKHSTAN TRADING COMPANY» ЖШС .НІҢ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ ... ... ..27
2.1 «Kazakhstan Trading Company» ЖШС.нің капитал құрылымы және оны бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 «Kazakhstan Trading Company» ЖШС.нің ақшалай қозғалыстарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.3 «Kazakhstan Trading Company» ЖШС.нің ақша ағымдары ретіндегі кәсіпорынның табыс көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... 58
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы қаржылық жоспарлауды оңтайландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары менеджмент, бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік жүйені жойды. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті.
Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың атқаратын рөлі өте зор.
Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу ұйымның қаржы жағдайын жақсартады.
Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы 234-111 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат береді, яғни қаржылық есеп беру негізінде ұйымның қаржылық жағдайына талдау жүргізіледі.
Нарық жағдайында ұйымның өміршеңдігінің кепілі мен жай- күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрстетді.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді паидалану қажет, резертер ашып өндірістің пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті техналогиялар енгізу, өндіріс басқаруының эканомикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралда жағдайы және прайдаланылу денгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорының жеткілікті енбек рерурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын енбек өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы. – Алматы, 2007ж.
2. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 30 қараша 2000 жыл // www.zakon.kz. 2010.
3. «Банкроттық туралы» №67-1 ҚР-ның Заңы 21.01.97 жыл// www.zakon.kz. 2010
4. Мейірбеков А.Қ., Кәсіпорын экономикасы: – Алматы, 2003.
5. Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
6. Асқарова Ж.А. Бизнесті бағалау: Оқу құралы. – Алматы, 2006.
7. Шуванова В.И., Абдиманов Н.А. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және кәсіпорынның есептік саясатын қалыптастыру: Оқу құралы. –Алматы, 2001.
8. Мельников В.Д. Основы Финансов: Учебник. Алматы: ТОО «Издательство LEM», – 2005.
9. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары.-Алматы: Раритет, 2003
10. Ермекбаева Б.Ж., Купешова Б.К. Корпоративные финансы: Учебное пособие. – Алматы, 2007
11. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия // Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2003г
12. Сатмурзаев А.А. Бухгалтерский учет на современном предприятии // Экономика. Алматы, 2005.
13. Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. – М. Юнити, 2002 г.
14. Жуйриков К.К.,Раимов С.Р. Корпоративные финансы // Алматинская академия экономики и статистики, – 2004г.
15. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходной экономике (на примере Республики Казахстан). Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2003 г.
16. Шевченко О.А. Место бюджета движения денежных средств в системе управления организацией // Финансовый менеджмент – 2005г. — № 4. — с. 36 – 40.
17. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Финансы и статистика // М. – 2000.
18. Рубинштейн Т.Б. Планирование и расчеты денежных средств фирм и компаний. М. 2004. — с. 305–308.
19. Бертонеш М., Найт Р. Управление денежными потоками: Питер, 2004.
Овсийчук М.Ф. Управление денежными средствами предприятия: М. Аудитор, 2002г.
20. Стоянова Е.Е. Финансовый менеджмент. Учебно - практическое руководство. – М.: Перспектива, 2003г.
21. Поршнева А.Г. Управление организацией: – М. ИНФРА-М., 2004 .
22. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. М.: Издательство “Перспектива”, 2003.
23. Павлова Л.Н., Финансы предприятий: М.: Издательское объединение «ЮНИТИ», – 1998г.
24. Насырова М.Р., Токсанбай С.Р., Кулпыбаев С.К., Гуляева С.П. “Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник” – “Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық” – Алматы: Экономика, 2003ж.
25. Сергалиев М. Русско-казахский словарь.Орысша-қазақша сөздік. “Сөздік- Словарь”– Алматы, 2000.
26. Kazakhstan Trading Company» ЖШС–нің қаржылық есептілігі 2007- 2009ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Қаржылық жағдайдың мәні, оны талдаудың мақсаты мен міндеттері ... ... .8
1.2 Қаржылық жағдайын талдаудағы есептіліктің мақсаты және оның
ақпараттық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .18
2. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН KAZAKHSTAN TRADING COMPANY ЖШС –НІҢ
МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ ... ... ..27
2.1 Kazakhstan Trading Company ЖШС–нің капитал құрылымы және оны
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Kazakhstan Trading Company ЖШС–нің ақшалай қозғалыстарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.3 Kazakhstan Trading Company ЖШС–нің ақша ағымдары ретіндегі
кәсіпорынның табыс көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..58
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...58
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы қаржылық жоспарлауды
оңтайландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .73
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының
экономикалық өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі, бизнес пен
кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне
байланысты және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары менеджмент,
бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік жүйені жойды. Бухгалтерлік
есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың
негізін қалайтындығына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және
ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті.
Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және
қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді және
оңтайлы шешім қабылдау қызметінде ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың
атқаратын рөлі өте зор.
Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып,
салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу ұйымның қаржы
жағдайын жақсартады.
Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы 234-111
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заңына сәйкес
қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен
қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат береді, яғни қаржылық есеп
беру негізінде ұйымның қаржылық жағдайына талдау жүргізіледі.
Нарық жағдайында ұйымның өміршеңдігінің кепілі мен жай- күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрстетді.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін
ресурстарды тиімді паидалану қажет, резертер ашып өндірістің
пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті
техналогиялар енгізу, өндіріс басқаруының эканомикалық әдістерін жетілдіру,
техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралда жағдайы және
прайдаланылу денгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен
қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорының жеткілікті енбек
рерурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын енбек
өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс
тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - ұйымның қаржылық жағдайын
бағалау, объективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік,
әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау
қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның
іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Бүгінде іскерлік сәттілікке
қол жеткізу отандық кәсіпкерлерге, әсіресе қаржы менеджерлеріне ғылымның
жаңа салаларында қарастырылатын қаржыны басқарудың жолдарын және барлық
негізгі қағидаларының негізін білмеуінсіз мүмкін емес. Оларға алдымен қаржы
менеджменті, бухгалтерлік есеп, аудит және қаржылық талдауды кіргізуге
болады.
Зерттеу пәні: ұйымдардың қаржылық жағдайын және бизнестің тиімділігін
талдаудағы теориялық және әдістемелік проблемаларды зерттеу болып табылады.
Зерттеу объектісі: Kazakhstan Trading Company ЖШС.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қаржылық жағдайы категорисын талдау
объектісі ретінде теориялық зерттеу; қаржылық жағдайын талдау
көрсеткіштерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып
табылады. Осы мақсаттарға орай жұмыста келесі міндеттер шешіледі:
- қаржылық жағдайы мазмұнының мәнін ашу;
- қаржылық жағдайы және бизнес тиімділігіне әсер ететін факторларды
зерттеу;
- Kazakhstan Trading Company ЖШС-не шаруашылық қызметіне қысқаша
талдау жасау;
- талдау әдістерін анықтау және қаржылық жағдайын, сонымен қатар
тиімділікті бағалау көрсеткіштерін негіздеу;
- қаржылық есептілік нысандарының қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
базасы ретінде, оның құрамына шолу жасау.
Зерттеу үдерісінде келесі нәтижелер алынды:
- ұйымдардың қаржылық жағдайы мазмұны экономикалық талдау объектісі
ретінде негізделді;
- ұйымның қаржылық жағдайы туралы объективті ақпарат қалыптастыру
үшін қаржылық тұрақтылықты талдаудың кешенді әдістемесі әзірленді.
Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасының заң актілері,
ұйымның қаржылық жағдайын талдау туралы отандық және шетелдік оқу
кітаптары, басылымдары, Kazakhstan Trading Company ЖШС есептік
мәліметтері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттерден тұрады.
1. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні, оны талдаудың мақсаты мен міндеттері
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бүл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет
"Кәсіпорынынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны
қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын керсетеді".
В.М.Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы".
Профессор И.Т.Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни
төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану;
валюталық өзін-өзі өтеу" — деп жазады.
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы
бойынша, сенімділік кәсіпорын жүмысының үздіксіздігін және оның төлеу
қабілеттілігін көрсетеді[4].
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы [4.26 б].
Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым
табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын
көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін
жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан ары дамуы
үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін,
осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет .
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру түрлеріне жоғарыда айтылғандай мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) кіріс пен шығыс есебі;
3) ақша қозғалысы туралы есеп
4) меншікті капиталдағы өзгерісі есебі
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.
Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге
әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған
міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға
өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат
ретінде қарастырылады[7].
Нарықтық қатынастары жағдайында ұйымның қаржылық жағадайын талдаудың
рөлі жоғары. Бұл ұйымның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың
меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа
контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінң нәтижелері
үшін толық жауапкершілкте болуымен байланысты.
Ұйымның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және басқа
қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және
оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа
шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу
қабілеттілгі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады .
Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді,
сондықтан да, серіктестермен іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімды және төлем қабіліттілігі жоғары
ұйымдармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы ұйымның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі
тек осындай ұйым ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы
төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай ұйымның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы қуатын анықтайды. Ұйымның қаржылық жағдайының
объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол ұйымның
даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге
мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен
ұйымның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы
қызметін атқарады.
Ұйым осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс
басқарды деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының нарық
талаптарына сай болуы және де ұйымның дамуына байланысты қажеттіліктерге
жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың
жетіспеушілігі ұйымның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына
қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы
артық қорлармен және резервтермен ұйым шығындарын көбейтуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін .
Қазіргі жағдайда жұмыс істеуші ұйымдардың қаржылық жағдайын талдаудың
басты міндеттері келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы
міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- ұйым активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланс өтімділігін, ұйымның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- ұйымның табыстылығын бағалау;
- ұйымның қаржылық жағадайының тұрақтылығынын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау және т.б. [5].
Қаржылық жағдайды талдау ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және осы ол үш сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік
және қаржылық қызметті құрайды. Ұйымның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы ара-қатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ ұйымның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ұйым қызметінің қаржылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Ұйымның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы
оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына,
өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге
және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу ұйымның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындылықтары ұйым шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде ұйымның төлеу
қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, яғни өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, ұйым өнімді өткізу көлемін сақтай
отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділік деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден
тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының
қажеттілгіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең
алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы
айтылған көрсеткіштің көлемі ұйымның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте
отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Ұйымның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және ұйымның қаржылық жағадайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген
кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі
және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін
болатын тәуекелдіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп
атайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді [7].
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздернің көлемі мен құралымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділгін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады. Ағылшын ғалымдары шығарған Бухгалтерлік іске кіріспе
деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге
кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын
пассивтердің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік
қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр
бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер
сомасына тең болуы тиіс. [7].
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында
қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты,
өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай пассивтер
принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің
жеделдігі азынан көбіне қарай.
1) Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
2) Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квотаны
сипаттайды.
3) Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті
база жоқ.
4) Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ.
5) Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің
жиынтығы болып табылады.
6) Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану
принципі жүргізіледі.
7) Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. [7].
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс
көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының
көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс
сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан тұратын кіріс пен шығыс есебін қолдану
керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және
қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі
ұйымның қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына
қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық
болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау
үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық
көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет
нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты
нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян
туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Дәл осы үлгі
американдық және жаңазеландиялық компаниялардың жылдық есебінде бірінші
болып келтіріледі.
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату ұйымның жұмысының
нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді.
Осылайша кәсіпорынның кіріс пен шығыс есебі қаржылық есептің қалған
екі элементі туралы- яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.
Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал
шығындар- активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің
көбеюін көрсетеді.
Ақша қозғалысы есебінде кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша
қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары
көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын
жабу үшін негізгі қызметтен алынған қаражаттары жеткілікті ме, соны
көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті
кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін
бағалауға мүмкіндік береді [6].
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау № 4 Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралың есеп нысаны деректері және бухгалтерлік есеп
(синтетикалық есеп-шоттар бойынша айналымдар) бойынша жүргізіледі.
Банктегі есеп айырысу шотында жатқан ақша қалдықтарының көбеюі
немесе азаюы ақша ағымының теңгерімсіздік (несбалансированность) деңгейімен
белгіленеді, яғни ақшаның келуі (приток) және кетуімен (отток). Сонымен
қатар қаржылық ресурстар ағымдарының кіруі мен шығуына жоспарлау мен
бақылауды күшейту керек. Кәсіпорын үшін ең бастысы меншікті айналым
қаражаттарының көлемін оңтайлы қалыптастыру болып табылады.
Ақшаның келуінің ақшаның кетуінен асып кетуі еркін ақшаның қалдығын
көбейтеді және керісінше кетудің келуден асып кетуі ақшаның жетіспеуіне
және несие алу қажеттілігін ұлғайтады. 1-суретте ішке қарай бағытталған
жебелер (стрелки) ақша қаражаттарының келуін, сыртқа қарай — кетуін
көрсетеді.
Жаңа акцияларды шығару Негізгі қорлар Қаржылық салымдар
Жаңа заемдық капитал Жалақы төлеу
Дебиторлық берешекті Банктік несие мен займдарды
өтеу өтеу
Қолма-қол есептессуге Несиелік берешекті өтеу
сату
Мүлікті сату Дивидендтерді төлеу
Қолма-қол Салықтар
төлемдер
Сурет1. Ақша ағымдары құрамы
*Дерек көзі: Жуйриков К.К.,Раимов С.Р. Корпоративные финансы Алматинская
академия экономики и статистики, – 2004 ж.
Ақша ағымдары жоспарланады, ол үшін 1 жылды айларға бөле отырып, ал
жедел басқару үшін тоқсандарға және бес күндерге бөліп, кірістер мен
шығыстар жоспарлары құрылады. Егер біршама уақыт бойы ақша қаражаттарының
оң қалдықтары болжамалса, онда оларды алдын ала тиімді пайдалану жолдарын
қарастыру керек. Кейбір кезде қалдығы ақшаның жетіспеушілігі пайда болуы
мүмкін. Онда заемдық қаражаттарды тарту көздерін жоспарлау керек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларға:
- пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша- тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес [8].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды анықтау оның
қалыптасуының экономикалық жағдайын зерделеуді жорамалдайды. Кәсіпорынның
шаруашылық қызметіне сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен пайданың
абсолюттік мөлшері және салыстырмалы деңгейі елеулі өзгеріске ұшырайды.
Сыртқы факторларға инфляцияны, тауарлардың баға белгілеуі, несиелеуі,
импортқа шығарылуы, кәсіпорынға салық салынуы, жұмыскерлердің еңбекақылары
облысында заңдық және нормативтік құжаттардың өзгерісін енгізуге болады.
Тұрғын халықтың тауарларға және қызметке деген сұраныс құрылымын
мемлекеттің табыс туралы саясатына байланысты өзгеруі мүмкін. Тұрғын
халықтың нақты табыстарын индексациялауды ұстап тұру (ең төменгі жалақы
мөлшері, зейнетақы, стипендия және т.б.) инфляцияның өсуіне байланысты
сатып алуға жарамдылығы қабілеттілігінің қысқаруына, ал ол болса, тауардың
сатылу көлемінің төмендеуіне әкеледі.
Кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайы пайданың қалыптасуына әсер етеді.
Мысалға, жұмыскерлер санының жоғарлауына (немесе қысқаруына) байланысты
еңбекақы төлеу және әлеуметтік қажетілік шығындары көбейеді (азаяды), ал ол
өз кезегінде жалпы пайданың, соған сәйкес таза пайданың өсуіне әсер етуі
мүмкін, бірақ тауар айналымы қатынасы бойынша есептелген рентабелділік
деңгейі сол деңгейде қалуы мүмкін немесе аздап қана өзгеруі мүмкін.
Тауарларды сатудан түскен пайданы қалыптастыруға да жалпы табысқа
және айналым шығындарына әсер ететін факторлар кіреді. Өзара бір-біріне
әсер ететін негізгі факторлар болып: тауар сату көлемі, сатылатын тауардың
бөлшектеу бағасы, айналым шығындары, айналым қаражаттарының құрамы мен
айналымдылығы, жұмыскерлердің қор қарулануы, кәсіпорынның салық
сыйымдылығы, жұмыскерлердің саны табылады. Өзара әсер ететін факторлардың
жүйесіне жалпы пайданы есептеуде дәстүр бойынша кірмейтін, бірақ шындығында
экономикалық пайданы құрайтын элементтерді енгізуге болады. Бұл кәсіпорында
айналым шығындарында есепке алынбаған, бірақ кәсіпорынның құзырында қалатын
пайдаға енгізілетін шығындар тобы. Экономикалық пайданың мөлшерін
төмендететін негізгі факторлардың бірі - кәсіпорыннан салық заңдылықтарын
бұзғаны үшін ұстап қалатын қаражаттар болып табылады.
Бір-біріне әсер ететін факторлардың пайда көлеміне әсер ету деңгейін
анықтау үшін шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігін кешенді талдау
әдісін пайдалануға болады. Мұнда өзара әсер ететін факторлардың жиынтығына
ресурстарды, шығындарды және соңғы нәтижелерді сипаттайтын көрсеткіштер
енгізіледі. Алғашында әрбір фактор мен пайданың арасындағы тәуелділік
деңгейі анықталынады, ал содан кейін олардың кешенді әсері бағаланады.
Кешенді талдау әдісін қолданғанда, кез келген өзара факторлардың
мәнінің өсуі басқа фактордың өсуіне әкелуі керек.
Кәсіпорынның дамуы келесі қажетті жағдайларда мүмкін болады.
Тп Тт Ти Тф Тр
(1)
Мұнда:
Тп - пайданың өсу қарқыны;
Тт – тауар айналымының өсу қарқыны;
Ти – айналым шығындарының өсу қарқыны;
Тф – жұмыскерлердің қор қарулануының өсу қарқыны;
Тр – жұмыскерлер санының өсу қарқыны.
Кез келген көрсеткіштің өсу қарқыны коэффициенті бұлардың реттік
қатынастар жолдарымен есептелінеді. Кәсіпорының қарқынды дамуы тауар
айналымы және пайданың өсуімен ғана қоймай, сонымен бірге жұмыскерлердің
еңбек өнімділігінің жоғарлауымен, капиталдың көбеюімен сипатталады. [8]
Факторлық талдаудың нәтижесі кәсіпорынның ары қарай рационалды дамуы
жолын таңдауға бағытталған басқару шешімдерін дайындаудың және қабылдаудың
экономикалық негізі ретінде қызмет етеді. Жалпы және таза пайданың барлық
шығындарға қатысты, кәсіпорынның жалпы табысы қаншалықты шығындарды
жабатынын, яғни шығындарды жүзеге асыру тиімділігін анықтауға болады.
Тауарды сұраныстың төмендеуіне байланысты сату кезінде пайда болатын
қиыншылықтар тауарларды сатудан түскен табысты, ал ол болса, жалпы пайданың
төмендеуіне әкелуі мүмкін. Рынокта сұраныс пен ұсыныстың қатынасының
реттеушісі баға болып табылады. Тауарлардың төмен бағасында сұраныс көлемі
көп болады, ал жоғары болса, төмен болады, яғни осы тауарларды ауыстырушы
бар екені белгілі. Сатудың көлемін көбейткен сайын пайданың нормасы өседі,
одан кейін оның өсуі ақырындайды, ал соңында ол тауарлардың топтарына
байланысты тұрақтанады немесе төмендейді.
Кәсіпорынның салық салу объектісі болып пайдадан басқа жұмыскерлердің
еңбекақысы, шығындары табылады, сондықтан пайда мен жұмыскерлердің саны
өзара бір-біріне әсер ететін факторлар. Жұмыскерлердің саны көп болған
сайын, еңбекақыға кеткен шығындар көбейеді және соған сәйкес нақты еңбекақы
қорынан есептелінетін, яғни кәсіпорынның төлейтін салығы артады, ал ол
соңында қаржы шығындарының өсуіне және пайданың төмендеуіне әкеледі.
Негізгі қызметтен түскен пайдаға факторлардың әсерін есептеу әдістемесі
келесі қадамдарды құрайды:
1. Сатудан түскен түсім факторының әсерін есептеу. Бұл фактордың әсерін
есептеуді екі бөлікке бөлу керек. Ұйымның түсімі сатылатын өнімнің саны мен
бағасын көбейтумен есептелінетіндіктен, басында сатудың бағасының пайдаға
әсерін, содан кейін сатылған өнімнің физикалық жиыны өзгерісінің пайдаға
әсерін есептеу керек. Факторлық талдауды жүргізген кезде инфляцияның әсерін
есепке алу қажет.
1.1 Баға факторының әсерін есептеу
1.2 Сатылған өнім саны факторының әсерін есептеу
2. Сатылған өнімнің өзіндік құны факторының әсерін есептеу. Мұны талдауда
тиянақты болу керек, өйткені шығындар пайдаға қатысы бойынша кері әсер етуі
мүмкін.
3. Коммерциялық шығындар факторының әсерін есептеу
4. Басқару шығындары факторының әсерін есептеу
Қалған көрсеткіштер – басқа да операциялық және сатудан тыс қызмет
факторлары және төтенше факторлар – шаруашылық сферасы факторлары ретінде
кәсіпорынның қаржылық жағдайына соншалықты елеулі әсер етпейді.[9, 28б]
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалынып алуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуелділік те өседі- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есеп
айырыса ала ма?, жоқ па?- деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Сонымен қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін
мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар
сұранысының үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының динамикасы;
- ұйымдарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады [10, 3-5б].

ақпараттық маңызы
Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше
түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық
құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.
Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі
экономикалық құбылыстар мен процестерді
зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді
зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы шаруашылық
қызметті талдау (ШҚТ) деген атау алған.
Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін
тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің
пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық
және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап
айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың
айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында
болды.
Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі
ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен
туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады:
шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару
шешімдерін қабылдау[6,15б].
Басқарылатын жүйе
Ресурстар (жабдықтау, өндірістік өткізу, Өнімдер мен
инвестициялық, қызметтер
маркетингтік және басқа да қызметтер)
Басқаратын жүйе
Жоспарлау
Есеп және бақылау
Талдау
Басқару шешімдерін қабылдау
Сурет 2. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны
Дерек көзі: Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью
предприятий в переходной экономике (на примере Республики
Казахстан). -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2003.
Жоспарлаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің
және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны
анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің
қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету
жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы
туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару
функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік
процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және
жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың
арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік
ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен
уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық
көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық
қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер,
пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т.б.
айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі.
Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді.
Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды
негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның
тиімділігін арттырады.
Демек, экономикалық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және
оңтайлаңдыру үшін қажетті деректерді дайындау бойынша қызмет ретінде
қарастыруға болады.
Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті
жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең
талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны
бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды
дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық
қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын
мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз
ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың
орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі,
өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық
қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар
олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын
жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл
жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік
береді.
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды
негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше
нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі
және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп
отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің
үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың
өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде
түзетулер енгізіп отыруы керек.
Қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, оның
қызметінің нәтижесі және ақша ағыны туралы экономикалық шешім қабылдауға
қажетті ақпараттарды пайдаланушыларға беруден тұрады. Сондай-ақ олар ақша
қаражаттарының қозғалысын (атап айтқанда, ақша қаражаттарының түсу
мерзімдері мен ықтималдылығын) көруге мүмкіндік береді. Бұдан өзге,
қаржылық есептілік компания басшылығының сеніп тапсырылған ресурстарды
басқару нәтижесін де көрсетеді. Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну
жауапкершілігі компания басшылығына беріледі.
Жоғарыда аталған мақсаттарды қанағаттандыру үшін қаржылық есептілік
компанияның активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы, табыстар мен
шығыстары туралы және оның ақшалай ағындары туралы ақпараттармен қамтамасыз
етеді. Халықаралық стандарттарда қаржылық есептілікті қалыптастырудың
тұжырымдамалық негіздері есептілікті дайындау және құрастыру принциптерінде
келтіріледі және олар екі топқа бөлінеді :
1) қаржылық есептілік басты принциптері;
2) қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары.
Осы принциптерді қысқаша сипаттап өтейік. Бірінші топқа есептеу
принципі және қызметтің үздіксіздік принципі жатады [11].
Қаржылық есептілік есептеу принципіне сәйкес құрастырылатыны
белгілі. Есептеу принципі операциялардың нәтижелерін танумен, сонымен бірге
компания қызметі нәтижелері болып табылмайтын, бірақ төлеу уақытына
тәуелсіз олардың істелінген фактілері бойынша қаржылық жағдайына әсер
ететін оқиғалармен қаматамасыз етіледі. Операциялар мен оқиғалар
бухгалтерлік есепте көрсетіледі және кезеңдік қаржылық есептілікке
енгізіледі. Есептеу принципі бойынша құрастырылған қаржылық есептілік
пайдаланушыларды төленетін және алынатын ақшаға байланысты өткен кезеңдегі
операциялармен ғана емес, сонымен бірге болашақта төленуге тиісті
міндеттемелер, болашақта ақша түрінде алынатын ресурстар жайлы
ақпараттандырады. Сонымен, қаржылық есептілік пайдаланушыларды экономикалық
шешімдер қабылдау кезінде төтенше маңызды өткен операциялар мен оқиғалар
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Қаржылық есептілік әдетте компания қызмет істеп тұрған кезде және
көрінер болашақта қызмет істеуі жағдайында құрастырылады. Сондықтан,
компанияның жойылуы болмайды және қажет етпейді немесе өзінің қызмет ауқымы
елеулі қысқармайтыны болжамданады. Егер мұндай көздеу немесе қажеттілік
болса, онда қаржылық есептілік басқаша негізде құрастырылуы керек және
қолданылатын негіз ашылып көрсетілуі қажет.
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептілікке сапалық сипаттамалар пайдалы
ақпарат алу мақсатында ұсынылады. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық
сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық
болып табылады.
Қаржылық есептіліктегі ұсынылған ақпарат пайдаланушыларға түсінікті
болуы керек. Ол үшін пайдаланушылар шаруашылық және экономикалық қызмет,
бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімдері болуы керек және ақпаратты
қалауы бойынша зерделеу қажет екендігі болжамданады.
Бірақ қаржылық есептілікте көрсетілуі тиіс қиын сұрақтар туралы
ақпарат олардың маңыздылығына байланысты экономикалық шешімдер қабылдау
үшін белгілі бір пайдаланушылардың түсінбейтіндігінен күрделі болғандығынан
ғана алып тасталынбауы керек.
Ақпараттың пайдалылығын қамтамасыз ету үшін, ол шешім қабылдайтын
пайдаланушыларға орынды болу керек. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық
шешімдеріне әсер ете алып, оларға өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды
бағалауға көмектесетін болса, бұрынғы бағалауларын түзетсе немесе растаса,
орынды болып табылады.
Ақпараттың болжамды және растаушы функциялары өзара байланысты.
Мысалы, қолда бар активтердің қазіргі деңгейі мен құрылымы туралы ақпарат
пайдаланушылар үшін компанияның қабілеттілігін болжауда қолайлы
мүмкіндіктерін қолдануды және қолайсыз жағдайларын дұрыс сезінуде бағалы
болып табылады. Бұл ақпарат өткен болжамдар үшін растаушы рөл атқарады,
мысалы, компанияның құрылымындағы мүмкін болатын өзгерістерге қатысты
немесе жоспарланған операциялар нәтижелері.
Өткен кезеңдердегі қаржылық жағдай және қызмет нәтижелері туралы
ақпарат болашақтағы қаржылық жағдай және қызмет нәтижелерін болжауда,
сонымен бірге пайдаланушыларды тікелей қызықтыратын басқа да аспектілер
үшін жиі қолданылады.Оларға мыналар жатады: дивидендтер мен жалақыны төлеу,
бағалы қағаздар бағасының өзгеруі, компанияның өзінің міндеттемелерін
уақытында орындауы. Ақпарат бағдарлаушы құндылық болуы үшін анық
көрсетілген болжам нысанында болмау керек.
Ақпараттың пайдалылығына жету үшін, сенімді болуы керек. Ақпаратта
елеулі қателер мен бұрмалаулар болмаса және пайдаланушылар оған әділ
ұсынылған деп сенетін болса, сенімді болып табылады.
Ақпарат орынды, бірақ өзінің сипаты немесе ұсынылуы бойынша сенімсіз
болуы мүмкін, және онда оны тану бағытынан адасуы мүмкін екенін атап
көрсету қажет. Мысалы, егер сотта қарастырылған залалды өтеу туралы даудың
негізділігі және мөлшері өз пайдасына шешілсе, онда компания үшін баланста
даудың барлық сомасын тану мүмкін мақсат та емес, бірақ осы дауға
байланысты сомалар мен жағдайларды ашып көрсету орынды болады.
Сенімділікті қамтамасыз ету үшін ақпарат операциялар мен басқа да
оқиғаларды дұрыс көрсетуі керек. Мысалы, баланс, тану критериясына жауап
беретін, компанияның есеп беру кезеңіне нәтижесінде активтер, міндеттемелер
және меншікті капиталға айналған операциялар мен басқа да оқиғаларды шынайы
көрсетуі керек.
Операциялар мен басқа да оқиғаларды дұрыс көрсету үшін оладың тек қана
заңдық нысанда емес, сонымен бірге олардың мәніне және экономикалық
шындығына сәйкес есепке алынуы және ұсынылуы қажет. Операциялар мен басқа
да оқиғалардың мәні олардың заңдық немесе белгіленген нысанынан үнемі шыға
бермейді. Мысалы, бір компанияның активін басқа біреуге сату кезінде,
құжаттарда меншікті заңды түрде берудің құқығы қарастырылса, сонымен бірге,
сатушыға осы активке, экономикалық пайданы пайдалану құқығын
кепілдендіретін келісім болуы мүмкін. Мұндай жағдайда активті сату туралы
ақпарат жасалған мәмілені дұрыс көрсетпейді.
Сенімділікті қаматамасыз ету үшін қаржылық есептілікте көрсетілген
ақпарат бейтарап болуы қажет. Қаржылық есептілік, егер жоспарланған
нәтижеге жету мақсатында ақпаратты жеке сұрыптаумен немесе ұсынумен шешім
қабылдауға немесе пікір қалыптастыруға әсер етсе, бейтарап болмайды.
Бұдан басқа, белгісіздік жағдайында талап етілетін, есептеулер үшін
пікір қалыптастыру кезінде белгілі бір деңгейде сақтық жасау қажет. Мұнда
активтер немесе табыстар асырылмауы, ал міндеттемелер мен шығындар-
төмендетілмеуі керек. Бұл жағдайдың сақталуы активтер немесе табыстарды
саналы түрде төмендетуге немесе міндеттемелер мен шығындарды жоғарлатуға
жол бермейді. Бұл жағдайда қаржылық есептілік бейтарап болмайды және сол
себепті сенімділік сапасын жоғалтады.
Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржылық есептіліктегі ақпарат
маңыздылығымен және оны алу үшін шығындарды қоса алғанда толық болуы қажет.
Ақпаратты жіберіп алу есеп берулерді жалған немесе қате бағдарланған
ұсынуға әкелуі мүмкін, сонымен бірге орындылығы жағынан қарағанда сенімсіз
және істелінбеген болып табылады.
Ақпаратты жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есептілік негізінде
қабылданып, пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ете алатындай
болса, маңызды болып есептелінеді. Маңыздылық ақпаратты жіберіп алудың
немесе бұрмалаудың нақты жағдайында бағаланған объектінің немесе қатенің
мөлшеріне байланысты, яғни санау шекарасын немесе нүктесін көрсетеді және
пайдалы болу үшін ақпараттың негізгі сапалық сипаттамасы болып табылмайды
[12].
Компания басшылығына ақпаратты өз уақытында сенімділігімен қоса
ұсынуды баланстандыру қажет, өйткені ол уақыт ағымына орай орындылығын
жоғалтуы мүмкін. Операциялардың барлық аспектілерін анықтағанға дейін
ақпаратты уақытында ұсыну оның сенімділігін төмендетуі мүмкін. Екінші
жағынан, пайдаланушыларға сенімді ақпарат уақытында ұсынылмаса, аз ғана
пайда әкелуі мүмкін, өйткені олар шешімді ертерек қабылдауға мәжбүр болады.
Орындылық пен сенімділік арасында тепе-теңдікке жету үшін
пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауы кезінде қажеттілігін
қанағаттандыруды барлығынан бұрын шешу керек.
Ақпараттан алынған тиімділік оны алуға кеткен шығындардан артуы керек.
Тиімділік пен шығындарды бағалау елеулі деңгейде байымдау мәселесі болып
табылады. Сонымен бірге шығындарды әрқашан пайда алатын пайдаланушылар
шығармауы мүмкін. Бұдан басқа, пайданы ақпаратты дайындап қойған
пайдаланушылар ғана қолданбайды.
Тәжірибеде қаржылық есептіліктің негізгі бағытын орындау үшін сапалы
сипаттамаларының арасында тепе-теңдік жиі сақталуы керек. Қаржылық
есептілікті құрастыратындар әр түрлі жағдайларда кәсіптік пікірдің
көмегімен салыстырмалы түрде сипаттамалардың маңыздылығын анықтайды.
Пайдаланушыларда компанияның қаржылық есептілігін әр түрлі уақыт
кезеңінде оның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелері беталысын анықтау
үшін, сонымен бірге әр түрлі компаниялардың есептілігіне салыстыру
мүмкіншілігі болу керек.
Салыстырмалылық - пайдаланушыларға экономикалық құбылыстардың екі
немесе одан да көп қатарлары арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табуға
мүмкіндік беретін ақпараттардың қасиеті.[9, 64б]
Сонымен, ұқсас операциялар және басқа да оқиғалардан туындаған
қаржылық нәтижелерді бағалау және көрсету барлық компанияларда және олардың
өмір сүру уақытында, сонымен қатар әр түрлі компаниялар үшін бірыңғай
әдістеме бойынша жүзеге асырылуы керек. Есептік ақпараттарда қолданылатын
салыстырмалылық қаржылық есеп берулердің әр түрлі есептік кезеңіне кіретін
бір тектес баптарының сандық мәндерін салыстыру кезінде жүзеге асырылуы
керек.
Сапалық сипаттама ретінде салыстырмалылықтың маңызды шарты
пайдаланушылар компаниялар, сонымен бірге басқа компаниялармен кезеңнен
кезеңге қолданатын ұқсас операциялар және басқа оқиғалар үшін есеп саясаты
нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды анықтай алуы керек.
Қаржылық есептіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз ету ең жарайтын
есеп саясатын қолдану үшін кедергі болмауы керек. Егер компанияның
қолданатын есеп саясаты орындылық және сенімділік сияқты сапалық
сипаттамаларды қамтамасыз ете алмаса және оған жарамды, сонымен бірге
сенімді балама бар болатын болса, онда компания үшін мұндай есеп саясатын
қолдануды жалғастыру орынсыз.
Пайдаланушылар компанияның уақыт ағымына орай қаржылық жағдайын,
қызмет нәтижелерін салыстыруды қажет ететіндіктен, қаржылық есептілікте
алдыңғы жылдардағы сәйкесінше ақпарат көрсетілгені маңызды.
Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есептіліктің
элементтеріне жатқызылады.
1) активтер - бұл өткен кезеңдердегі оқиғалардың нәтижесінде ұйыммен
бақыланатын, болашақта экономикалық пайда әкеледі деп күтілетін ресурстар;
2) міндеттемелер - бұл компанияның өткен кезеңдердегі оқиғалардан
туындаған, оны реттеу экономикалық пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz