Автомобильдік және автобустық турлар туралы жалпы мәлімет



1 АВТОМОБИЛЬДІК ЖӘНЕ АВТОБУСТЫҚ ТУРЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Көлік туризмінің дамуы және жіктелуі
1.3 Автомобильдік және автобустық турлардың тарихы
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Көлік - адамдар мен жүктердің орын ауысуын қамтамасыз етуге арналған қатынас жолдарындағы техникалық құрылыс пен салулар, көліктік
құралдар мен қатынас жолдарының жиынтығы. Көліктік құралдарға автомобильдер, трубопроводтар, мекемелер, ұшқыш аппараттары, жылжымалы теміржол құрамдары және т.б жатады. Қатынас жолдары деп - су жолдарын, аспалы жол канаттарын жүретін әуе трассаларын айтамыз. Қатынас жолдары және көліктік құралдар мен техникалық салулардың жиынтығы көліктік коммуникацияны құрайды.
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық - шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы - қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай - ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп - қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс - салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қамында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте – бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерге де көлік ретінде пайдаланылады.
1 Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов.- М.,
2004.редакцией А. Смаилова/ Агенство Республики Казахстан по статистике.- Алматы.
2 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.
3 Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник 2003.
4 Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері., Алматы.,2004, 68б.
5 Авчинкин Д.В. Международные перевозки.- Минск, 1999.
6 Гуляев В.Г. Организация туристских перевозок.- М., 2001.
7 Шутов И.И. Пассажирские перевозки.- М., 1999.
8 Гуляев В.Г. Туристские перевозки.- М., 1998
9 Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
10 Kk.wikipedia.org
11 Htt/massaget.kz/auto/e-ee/14
12 http://www.calend.ru/event/2291/© Calend.ru

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
1 АВТОМОБИЛЬДІК ЖӘНЕ АВТОБУСТЫҚ ТУРЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Көлік туризмінің дамуы және жіктелуі

Көлік - адамдар мен жүктердің орын ауысуын қамтамасыз етуге арналған қатынас жолдарындағы техникалық құрылыс пен салулар, көліктік
құралдар мен қатынас жолдарының жиынтығы. Көліктік құралдарға автомобильдер, трубопроводтар, мекемелер, ұшқыш аппараттары, жылжымалы теміржол құрамдары және т.б жатады. Қатынас жолдары деп - су жолдарын, аспалы жол канаттарын жүретін әуе трассаларын айтамыз. Қатынас жолдары және көліктік құралдар мен техникалық салулардың жиынтығы көліктік коммуникацияны құрайды.
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық - шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы - қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай - ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп - қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс - салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қамында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте – бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерге де көлік ретінде пайдаланылады.
Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.
Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, туристтік индустрияның маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте - бірте іс - әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды.
Томас Кук Египетке, Палестинаға, АҚШ - қа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания – барлық континенттегі туристік іс — әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір Томас Кук компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.
Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.
19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және авиа көлігінің пайдасына кеміді.
Темір жол әуе көлігіне қарағанда баяу жүретін болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.
Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.
Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия және Европаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.
Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия - круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.
Круиздік туризм ежелгі заманнан пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді [1].
Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.
Қазақстанда көлік туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.
Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.
Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды - караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.
Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көп күндік саяхатына сай комфортты болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны, жүк орналастыру орны болу керек.
Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.
Автотуризм деп - жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та боинг-747). Қазіргі туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады [1].
Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы көлік түрінің басқа көлік түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).
Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы. Жеке шетел фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар: белгілі мерзімге ұшақты жалға алу; белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.
Англиядан Францияға жасалған ұйымдастырылған турлар 1815 ж. болғаны белгілі. 1829 жылы кезінде саяхатшыларға арналған әлемдегі бірінші жолкөрсеткіш шыққан. Оны К.Бедекер атты неміс шығарған. Бұл жолкөрсеткіш әлі күнге дейін Еуропада өз бетімен саяхаттайтын туристер арасында кең қолданыс алған.
Көлік құралдарының дамуы сөзсіз туристік қозғалыс пен оның кеңістікте өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Туризм тарихында бұндай төңкеріс ат арбалардың орнына техникалық көлік құралдарының (теміржол мен су кемелері) пайда болуынан болды. Келесі кезең автомобиль мен самолеттердің пайда болуына байланысты болды. Жаңа көлік құралдары кең халыққа саяхаттар жасауға мүмкіндік берді. Ал теміржолдың пайда болуы, ең алдымен, туристік станциялар мен емделу орындардың географиясын өзгертті. Яғни көптеген жаңа орындарға теміржолдың тартылуы арқасында олардың желісі айтарлықтай кеңейді.
Автомобиль қатынасының дамуы жол желілерінің кеңеюіне түбегейлі әсер етті. Барлық жерлерде ол жөндеулерге және кеңейтулерге келді. Сонымен бірге, автострадалар деп аталатын тек автомобиль көліктерге арналған арнайы жолдардың құрылысына да кірісті. Алғашқы автострадалардың бірі 1923 жылы. солтүстік Италияда салынды, ал оның дамуы 30-шы жылдың екінші жартысына келді. Бұл кезеңде туристік тасымалдарда айтарлықтай рөлді авиация алды, бірақ тұрақты авиациялар көптеген елдерде 20-шы және 30-шы жылдары төңкерістерде пайда болды. Континент аралық байланыста туристік мақсаттардағы әуе қатынастары тек 1939 жылы маусымында ғана пайда болды. Ол Pan American Airways компаниясы Еуропаға Америка туристер тобын әкелген кезде пайда болды деп айтады.
ХІХ ғ. ІІ жартысы барлық дәрежедегі өкілдер үшін жаппай туризмнің дамуымен сипатталды. Фултонның пароходты (1807 ж.) Стефонсонның паровозды (1814 ж.) ойлап табуы, почта байланысы мен жолкөрсеткіш жетілуі саяхаттарды арзандатуға және жеделдетуге, ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік берді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат – арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ [2].
Көліктік саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Көліктік саяхаттар – бұл түрлі көлік құралдарды қолданумен құрастырған маршруттар бойынша жолдамасы (ваучер) бар ұйымдастырылған туристтер топтарының саяхаттары. Олар түрлі негізгі белгілері бойынша классификациялайды:
маршруттағы жылжу әдісіне;
қолданатын транспорт түрлеріне;
маршрут трассасының құрылысына;
маусымдық және т.б.
Ең көп белгілеріне автобустық, әуелік және теміржолдық саяхаттары жатады. (көліктік саяхаттардың жалпы көлемінен 80% жуық)
Өзінің саяхатын жоспарлауда турист сапар нысанасына жету жылдамдығы, саяхат ыңғайлығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі және оның салмағы, жолда тоқтау мүмкіндігі, тамақтану жағдайы, шу деңгейі, вибрация, ұйықтау және демалыс үшін жағдай, сапар кезінде кең көрінісі, қолайсыз экономикалық факторлардың болуы және әрине – қауіпсіздік секілді факторларды ескеру қажет.
Қазақстан Республикасының территориясы 2,7 млн шаршы шақырым және ол солтүстіктен оңтүстікке 1650 км, ал шығыстан батысқа қарай 3000 км астам созылып жатыр. Сондықтан да, елімізде көліктік коммуникацияның
дамуы өте маңызды жұмыс болып табылады [2].

Кесте 1
Қазақстандағы 2006 – 2013 жж. қатынас жолдарының ұзындығы [3]

Қатынас жолдарының түрі

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Барлығы

122,2

124,0

124,4

125,0

126,0

126,6

128,1

129,7

Теміржол

14,5

14,6

14,6

14,6

14,6

15,1

15,1

15,1

Автомобильді

85,9

88,0

88,4

89,0

90,0

90,1

91,6

93,2

Троллейбустық

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

Трамвайлық

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

Кеме

4,4

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

Трубопроводтық

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

Бұл 1-ші кестеден біз 2006 – 2013 жылдар аралығында Қазақстандағы
автомобиль жолдарының ұзындығынан басқа, қатынас жолдарының жалпы
пайдалану ұзындығы өзгерген жоқ екендігін көреміз. Туристердің теңіз және
өзен көліктеріне деген сұранысына қарамастан ондай инфрақұрылым мүлдем дамымаған.
Кесте 2
Жалпы қолданыстағы қатынас жолдарының ұзындығы (жылдың соңына, км. есептелген) [3]

Қатынас жолдарының

түрлері

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Жалпы қолданыстағы

темір жолдар

14648

14648

15081

15021

15082

15082

Жалпы қолданыстағы

автомобиль жолдары

88388

88992

90018

90846

91564

93140

Соның ішіндегі

қатты бетімен

82980

83634

84112

84112

84112

84112

Ішкі су кеме жолдары

4032

4032

4032

4032

4032

4032

Бұл 2-ші кестеден біз қатынас жолдарының түрлеріне жалпы тоқталдық. Яғни жалпы қолданыстағы қатынас жолдарының жыл сайығы дамуымен сипатталады.
Жалпы қолданыстағы көлік:
Жер бетіндегі;
Судағы;
Әуедегі;
Өнеркәсіптегі көлік:
Жер бетіндегі;
Судағы;
Әуедегі;
Жеке қолданыстағы көлік:
Жер бетіндегі;
Судағы;
Әуедегі;
Қазақстанның көліктік системасында темір жол көлігі маңызды роль
атқарады. Тұтынушылар арасында теміржол көліктері, оның пассажирлері
және жүктерді тасымалдауда арзан тарифті болғандықтан көп сұраныста
болып келеді. Елімізде өтетін 14311,5 шақырым темір жол бағыттарының 877,6 шақырымы басқа мемлекеттердікі. Сонымен қатар, басқа елдерде Қазақстан темір жолдарының 336,3 шақырымы жатыр.
Қазіргі таңда Каспий теңіз жағалауын өтіп Ресейге, одан әрі Еуропаға
апаратын темір жол бағытын салу жоспарлануда. Ол бойынша екі проект
32 қарастырылуда: Ералиево- Түркменбаши (443 шақырым) және Өзен-Қазанджик (560 шақырым). Мемлекеттің көліктік стратегиясы бойынша автомобиль жолдарына көп мән берілуде. 2007 жылы Ақтау- Атырау автомобиль жолы құрылысы басталды. Бұл республикалық маңызы бар автомобиль трассасы Маңғыстау облысына өте маңызды. Оны пайдалану барысында, жолға кететін уақыт 12 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқарады.
Батыс Европа мен Батыс Қытайды байланыстыратын жаңа автотрассасы- дүниежүзілік деңгейдегі автобан. Мұндай жол қазіргі кезде ТМД жерінде кездеспейді. Оның ұзындығы 8445 шақырым. Ол Санкт- Петербург, Мәскеу, Қазан, Оренбург, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз,Алматы және Хоргостан өтеді. Қазақстанда өтетін 2787 шақырым жолының 814 шақырымы Арал маңынан өтеді. Проект бойынша, барлығымызғы танысты Самара - Шымкент жолы замандас халықаралық магистральға айналады. Бүкіл трасса бойынша АЗС- тер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету пунктері ашылады. Қауіп төндіретін барлық түсулер мен өрлеулер жоғалады.
Қазақстан “Еуропаға терезе” ашуда, яғни мәселе Қара теңізге “Евразия” атты жаңа кеме жүретін канал құрылысының салынуы. Мұндай сенсациялық жаңалықты ел басы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт- Петербургте өткен ТМД елдерінің басшылары қатысқан формалды емес саммитте айтқан. Бұл проект тек қана Қазақстан мен Ресейге ғана емес, көрші елдерге де артықшылық болады.
Көлік туризмнің жіктелуі:
Қозғалыс әдісі мен көлік құралдарын қолдану бойынша 3 топқа бөлінеді:
1)көліксіз (белсенді)
2)моторсыз көлікті пайдалану
3)моторлы көлікті пайдалану (пассивті)
1 Көліксіз (белсенді) түрлеріне:
жаяу;
таулы;
шаңғы;
альпинизм;
суда жүзу;
су астында;
спелеотуризм;
жүгіру;
конькимен жүгіру;
тау шаңғысы;
2 Моторсыз көлікті пайдалану түрлеріне
велосипед;
салт атпен;
желкенді ескекті;
жегу туризмі;
3 моторлы көлікті пайдалану түрлеріне:
авиациялық;
автобустық;
автомобильді;
теміржолдық:
теңіздік;
өзендік;
су моторлы;
мотоциклді;
буерді [4].

1.2 Автомобильдік және автобустық турлар түсінігі

Автокөлік сөзі (гректің autos – өзі және латынның mobilisқозғалатын сөздерінен) өздігінен қозғалатын деген мағынаны береді.
Автотуризм – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен басқа мемлекеттерге немесе өзге жерлерге саяхаттауы. Олардың негізгі қозғалыстың құралы автобус, жеке көлік немесе жалдама ретінде алынған автокөлік болуы мүмкін. Яғни жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Автокөліктік саяхаттау туризмнің бір түрі болып табылады.
Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда автокөлік маңызды рөл атқарады. Автокөліктік транспортты көпшілік қолданысындағы транспорт деп атауға болады. Өйткені ол барлық жерде қолданылады: трансферлер мен экскурсиядан, автобустар мен маршрут ішілік тасымалдаудан бастап автокөліктерді жеке қолданысы үшін жалға алуына дейін жалғасады. Автобустар мен автокөліктер жергілікті және аймақ ішілік мәндегі транспорт.
Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекшелігі болып олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылардың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.
Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашықтыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, жалға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Жалға алынған немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша елді мекендерге саяхаттауға ыңғайлы [5].
Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрілігі, мобильдігі, қолайлығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктер, кең шолу, есіктен-есікке қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады. Ұзақ маршруттарда авто саяхаттар комфорттылық деңгейінің төменділігімен сипатталады. Осының өзінде жай ғана 8 мемлекетке дейін барып аралап қайтуға болады (Еуропаға саяхаттағанда), ал әрбір саяхаттаған қалада сан алуан экскурсиялар жүргізіледі, олардың әрқайсысы турдың бағасына қосылып есептеліп кетеді. Сонымен қатар туристер үшін ыңғайлы болатын мерзімге қызықты жерлерге маршруттарды ұйымдастырудың сирек кездесетін мүмкіндігі пайда болады, себебі автобустық саяхаттар мобильді және транспорттық коммуникациялар мен кестелерге ешқандай қатысы жоқ.
Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылығының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы, комфорттылық деңгейінің төмен болуы.
Автокөліктерді жалға алып жеке саяхаттау. Автокөліктерді жалға алу – туристердің арасында айтарлықтай кең танымал және өте көп сұранысқа ие қызмет көрсетудің түрі, әсіресе стационарлы және курортты турларды. Кез келген туристтік немесе курорттық орталықтарда көптеген үлкенінен бастап ең кішісіне дейінгі автокөліктерді жалға беру конторалары жұмыс жасайды. Әлемдегі автокөліктерді жалға беру бойынша ең алдыңғы фирма HERTZ болып табылады. Оған бәсекелестік таныта алатын, 2008 жылдарда Institutional Investor ағылшын журналында автокөліктерді жалға беру бойынша ең мықты фирма деп аталған AVIS фирмасы болып табылады [5].
Автокөліктерді жалға алудың шарттары қарапайым. Туристтен тек қана жасы 21-ден кем болмауы және 70-тен аспауы талап етіледі (Ұлыбританияның бірқатар фирмаларында cәйкестік 25 және 75 жас аралығы). Жалға беру компаниясында жұмыс жасаушыға паспортты және жүргізуші куәлігін ұсыну керек (халықаралық). Келісім-шартқа отырған кезден бастап – ақ куәлік 2 жыл мерзімнен кем уақытқа дейін жарамды болу керек (Ұлыбританияда – 1 жыл, ал 25 жастан кіші жүргізушілер үшін талап етілетін стаж 1 жылға артады) [6].

Кесте 3
Туристік автобустарды классификациялау [автормен құрастырылған]

Туристік автобустарды классификациялау

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орын саны б-ша

Жанармай түрі бойынша

Қабаттық бойынша

Категория бойынша

Комфорт атрибуттары

 

 

 

 

 

Өте үлкен
сыйымдылық

Карбюраторлы

1 қабатты

Категорияға кірмейді

жұмсақ кресло

 

 

 

 

Үлкен
сыйымдылық

Дизелді

1,5 қабатты

2 жұлдызды

 

Кең көрініс

 

 

 

 

Орта сыйымдылық

Сжиженный

2 қабатты

3 жұлдызды

 

кондиционер

 

 

 

 

Микро автобустар

Сығылған

Арнайы

4 жұлдызды

 

жылу

 

 

Электроавтобустар

5 жұлдызды

 

бар, миниасхана

 

Гиробустар

 

туалет, гардероб

Тікелей радиобайланыс

теледидар, видео
 

 

3-ші кестеден көріп отыраныздай автобустың да өзінің классификациясы болады:
орындарының санына қарай;
жанармай түрі бойынша;
қабаттылығы бойынша;
категория бойынша;
комфорт атрибуттары.
Сонымен қатар туристік автобустардың орындардың санына қарай: 1) өте үлкен сыйымдылық, автобустардың сыйымдылығы да әртүрлі болып келеді: 170 орыннан жоғары (ең үлкен сыйымдылық); 2) үлкен сыйымдылық; 3) орта сыйымдылық; 4) кіші сыйымдылық; 5) микроавтобустарда 5-12 адамға дейін.
Жанармай түрі бойынша: отынның қолданатын түрі: бензин, солярка, сығылған газ. Сонымен қатар электр және маховиктік механикалық энергиясы, күн қолданылады.
Этаждылығы бойынша автобустар: бір, бір жарым, екі, үш этажды және арнайы болып бөлінеді. Лифтермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалу функциялары нашар адамдарды, туристерді және күрделі құрал-жабдықтарды бар спортшыларға арналған.
Автобус категориясы комфорттылық деңгейі мен көрсетілетін қызметтерімен анықталады. Категориясы жоқ автобустар өзінің орындықтарының қаттылығымен, шуларды шектейтін жоғарғы деңгейімен, т.б. сипатталады.
2*- жұлдызды автобус категориясында- жұмсақ орындар, тоңазытқыш, жылыту жүйесі, перделер, радио орталығы, микрофон бар.
3*- жұлдызды автобуста. Жұмсақ биік орындар, тоңазытқыш, радио орталық, көлеңке түсірген жалюзи, әр туристке арналған жарық пен вентиляция, дәретхана.
4*- жұлдызды автобуста: душ, мини-бар, гардероб, теледидар, радио, арнайы жарық, вентиляция, кондиционер, артқа қарай жылжитын орындар, дәретхана.
Ең жоғарғы категория: 5*- жұлдызды. Осындай автобуста орындықтар екі қатарда орналасқан, аралары жақсы ашылады, теле-видео аппаратура, шағын асхана, т.б. бар.
Саяхаттарға арналған ең комфортты автобустар: Мерседес, Тойота, Вольво, Неоплан, Ман, Сетра жатады. Осындай көлік түрінде бірнеше мыңдаған шақырым жүріп өтуге болады.
Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмұнымен және саяхат кезінде қызмет көрсету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы экскурсиялық бағдарлама, 2 - 3* жұлдызды отельде орналасу, түнде жүру кіреді.
Стандартты турларға: бір түңгі жүру, орналасу 3 - 5* жұлдызды отельде, жақсы экскурсиялық бағдарлама, саяхаттайтын ірі пунктерде бос уақыт берілуі кіреді.
Эксклюзивті турлар: фирмалық турлардың негізінде құрылады. Бірақ осында клиенттің жеке сұраулары көңілге алынады.
Автосаяхаттың түрлеріне келсек, жеңіл автомобильдермен саяхат жасау. Осындай саяхаттар маршрут картасын құрумен басталады, содан кейін жүрудің уақытын есептеу, демалу және елді мекендерде жүру уақыты т.б. есептеледі. Содан кейін мотельдер, қонақ үйлермен, олардың қасындағы тұрақтарды жалға алу шартына сәйкес келісімдер жасалады. Осындай маршруттардың ерекшелігі болып ТЖО-мен келісімдер жасау. Осындай келісімдер бірнеше болу керек.
Осы қызмет түрлерін серіктестер арқылы алуға болады. Ірі елді мекендерде тоқтаулардың уақыты көп болу керек. Көрікті жерлермен танысу жолдама бағасына кіреді. 20 - 25 адамнан құрылған топқа қызмет көрсетудің бірінші күнінде қала бойынша шолу экскурсиясы ұсынылады. Осы экскурсияның мақсаты автосаяхаттаушыларға демалу мен ориентир жасауға көмектесу және келесі күндері олардың қалада өздері жүруге көмектеседі. Осындай саяхат түрі бізде аз таралған, бірақ олардың болашағы бар, оның себебі жеке көлік саны күннен күнге өсуде. Саяхат барысында туристер жақындайды және оларды авто тематикаға арналған жалпы қызығушылығына үйрену жүргізіледі. Осындай саяхат түрін ұйымдастыру кезінде үнемі маманданған автомобилистпен кеңес жүргізу керек.
Бірқатар мемлекеттерде клиентке қызмет көрсету кредиттік картасы болған жағдайда ғана көрсетіледі, көп жағдайда көп мемлекеттерде қызмет көрсету ақшалай да жүргізіле береді, мысалға АҚШ-ты атап өтуге болады, бірақ көп мөлшерде кепілдік беру керек.
Одан кейін ең үлкен сұранысқа ие автобуспен саяхаттау түрі. Автобуспен саяхаттаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жағымды жақтары атап өтсек:
Біріншіден, бір ғана саяхаттың өзінде бірнеше мемлекетті, астаналарын және қалаларын аралап шығуға мүмкіндіктің болуы. Екіншіден, автобустық турлар басқа турлармен салыстырғанда айтарлықтай арзан тұрады. Бұл соның ішінде авиабилеттерге үнемдеуден келіп шығады. Үшіншіден, автобустық турлардың дауласпастан келісетін тағы бір артықшылығы, бұл – есіктен есікке дейін жеткізіп салу, яғни: саяхатшылар өте аз жаяу жүреді: автобус экскурсияға да, сауда орталықтарына да алып барады және қонақ үйдің дәл есігінің алдынан алып кетеді деген сөз. Ұшақта ұшудан қорқатындар үшін таптырмастай транспорт болып табылады.
Автобустық туризмнің де кемшілік жақтары бар: автобустық экскурсиялық туризм теміржолдықпен салыстырғанда екі есе, ал авиациялықпен салыстырғанда төрт есе қауіпті болып есептеледі. Жолда күтілмеген оқиғаларға тап болуы мүмкін. Мысалы, автобус бұзылып қалуы мүмкін. Кейде ұйымдастырушылық дәлсіздіктер де болып тұрады. Мысалы, қонақ үйде орындардың жетіспей қалуы дегендей. Автобуспен саяхаттау топ болып саяхаттау үшін ыңғайлы. Мұндай саяхаттау түрі Европа мемлекеттерінде өте танымал және әлем бойынша туристер көліктің осы түрін саяхаттау кезінде кеңінен қолданылады[6].
Автокөліктік туризмнің ең бір танымал түрі Караванинг және Сафари саяхаты болған және солай болып қалады. Көптеген туристтік компаниялар ерекше қызмет ретінде Африка және Біріккен Араб Әмірліктеріне және т.б. мемлекеттер бойынша машинада саяхат жасауды ұсынады. Өйткені бұл жерлерде Сафари жақсы дамыған. Осындай қызмет үшін ең тиімді машина жол таңдамайтын көлік болып табылады. Саяхат жасаудың осындай түрі үшін жол таңдамайтын көлікке мысал ретінде аса бапшыл емес және шыдамды Defender машинасы бола алады, яғни жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Автобустардың классификациясы
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау
Жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған жол белгілерімен сілтемелері
Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру
Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладры
Туризм географиясының және рекреациялық географияның теориялық - әдістемелік аспектілері
Қазақстан туризмінің дамуындағы көліктің маңызы
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Пәндер