Бюджеттік процесс: оның кезеңдері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Диплом жұмысы
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Орындаушы Г. Батырханова
4 курс, Ф06К2 тобы
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы, PhD докторыГ. Қ. Жанибекова
Норма бақылаушы Д. А. Садыханова
Аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі, э. ғ. қ, доцент
Қорғауға жіберілді М. Ж. Арзаева
Алматы, 2010
Реферат
Қазіргі таңдағы кез келген қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыру мен дамуында алдыңғы және шешуші рөлді билікпен қабылданған экономикалық саясат шегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу атқарады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін едәуір маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бастапқы звеносы мемлекеттік бюджет болып табылатын қоғамның қаржылық жүйесі болып табылады. Мемлекеттің дәл осы қаржылық жүйесі арқылы орталықтандырылған ақша қорларын қалыптасады және ақшалай қорлардың қайта орталықтандырылған қорының қалыптасуына әсер ете отырып, мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларын орындауға мүмкіндікпен қамтамасыз етеді.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджеттік процесі мен оның кезеңдеріне толықтай талдау жасап, оның республикалық және жергілікті бюджет деңгейіндегі қазіргі таңдағы жағдайын ашып көрсету және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу обьектісі- Қ. Р мемлекеттік бюджет жүйесі болып табылады.
Бюджеттік жүйе-мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен байланысты.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы “бюджет” терминіне, оның экономикалық категория ретінде және экономиканы басқару құралы тұрғысынан теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің кезеңдері жеке-жеке қарастырылып, оның республикалық бюджет және жергілікті бюджет бойынша жүзеге асырылуына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде бюджет жүйесінің шетелдік тәжірибесі келтірілді. Соның негізінде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін дамыту бойынша негізгі ұсыныстар жасалды.
Зерттеу пәні- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылымы, жүйесі және оны бағалау, жоспарлау, бөлу және дамыту мәселелері.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Батырханова Гульзада Иманәліқызы 4 курс студентіне
“Қазақстан Ресупбликасының бюджеттік процесі және оның кезеңдері”
жұмыс тақырыбы
«___» № бұйрығымен бекітілді
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі «___»
Жұмыстың бастапқы мәліметтері:
- Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі. 05. 02. 2009.
- Өтебаев Б. С., Мемлекеттік бюджет. - Алматы:Экономика, 2006
- “Арыс қаласы әкімдігінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты” Арыс қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «23» маусымдағы № 1098 қаулысымен бекітілген.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Бюджет және бюджет жүйесінің теориялық негіздемелері;
б) Бюджеттік процесс және оның республикалық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылуы;
в) Еліміздегі бюджеттік процесін жетілдіру мақсатында іске асырылу қажет негізгі бағыттары;
Диплом жұмысын дайындау
ГРАФИГІ
Тапсырманың берілген күні
Кафедра меңгерушісі М. Ж. Арзаева
э. ғ. қ, доцент
Жұмыс жетекшісі Г. Қ. Жанибекова
аға оқытушы, PhD докторы
Тапсырманы орындауға алған студент Г. И. Батырханова
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1. 1 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы
ретінде экономикалық мәні . . . 8
- 1. 2 Бюджет жүйесі қаржы жүйесінің маңызды бөлігі ретінде . . . 14
- Қазақстан Республикасының бюджет процесі2. 1 Бюджет процесінің кезеңдері . . . 212. 2 Республикалық бюджет бойынша бюджет процесінің жүзегеасырылуын талдау . . . 292. 3 Жергілікті бюджет процесін жүзеге асыру (Арыс қалалықҚазынашылық басқармасы мәліметтері негізінде) . . . 49
- Бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3. 1 Бюджет жүйесі бойынша шетелдік тәжірибесі . . . 66
3. 2 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдіру
арқылы бюджет процесін жетілдіру жолдары . . . 72
Қорытынды . . . 76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78
Кіріспе
Кез-келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің орталық буыны оның бюджет жүйесі болып табылады. Бұл бітіру жұмысымның өзектілігі: мемлекеттің негізгі қаржылық құжаты болып табылатын Мемлекеттік бюджеттің жобасын құру, қарау және бекіту, атқару, атқарылуына бақылау және атқарылу жайында есеп беру кезеңдерінен тұратын бюджеттік процесті талдау. Ағымдағы бюджет бөлімдерін талдау негізінде заңдық-құқықтық аспектілерін анықтап, қажетті теориялық практикалық ұсыныстар енгізу.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі және т. б .
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптық, теориялық-әдістемелік негізі қаланып, мақсаты мен міндеттері айқындалған.
Бірінші бөлімде бюджет түсінігі, түрлері және бюджеттік жүйенің экономикалық мазмұны, оның даму тарихы жан-жақты қарастырылған. Сонымен бірге бюджеттік үдерісті басқару, жоспарлау және оның қызметі мәселелері нақты зерттелген.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік процесіне заңдық-құқықтық қамтамасыз етілуі аясында әр кезеңіне тоқтала отырып, оның мәні көрсетілген. Бұл процесс 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Ресспубликасының фискалдық саясаты негізінде республикалық және жергілікті бюджет негізінде сарапталып, оны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасалған.
Бюджеттің басты мәселелері: мемлекеттік қаражаттарды икемді әрі тиімді пайдалануға, жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үш жылдық бюджеттің арқасында мемлекет бұрынғыға қарағанда теңгерімдірек экономикалық және әлеуметтік саясат жүргізе алады, мұның өзі елдің экономикалық дами түсуі мен Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсара түсуіне мүмкіндік береді.
Бюджеттің тағы бір артықшылығы, ол мемлекеттік органдардың бюджеттің ағымдағы жылғы міндеттемелерін бекітуіне және тіркетуіне жағдай жасайды. Ол әсіресе технологиялық жағынан дайындалу мерзімі бір жылдан асатын және қызмет көрсету мерзімі бір жыл шеңберінен шығып кететін тауарлар сатып алуға негізделген инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысты. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың келесі бір ерекшелігі - ол ұзақ мерзімді міндеттемелер қабылдау мүмкіндігі, жыл сайын шарттарды қайта жасау мен тендерлер өткізу қажеттігі жойылатындықтан, оның өзі бюджет қаражатының игерілу деңгейіне оң әсер ететін болады.
Дегенмен, осы бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіреді. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді: «Бюджет жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады».
Өз зерттеулерінде В. Н. Радионова бюджет жүйесін «Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы» - деп атап көрсетеді. А. Худяков заңды тұрғыдан бюджет жүйесін - берілген мемлекет аумағында қызмет ететін, әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады.
Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осыған келіп саяды. Атап айтсақ, А. Б. Зейнелгабдиннің ғылыми зерттеулерінде қарастырылып отырған түсінікке келесідей анықтама беріледі: «Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді. Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесінің қондырмасы бюджет түрлерін басқарудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің құрылуын, қарастырылуын, бекітілуін жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады». [6]
Экономикалық сонымен қатар қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып,
В. Д. Мельников өз еңбектерінде «Бюджет жүйесі - бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы» деп қарастырады. [7]
Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулерді саралау негізінде келесідей тұжырым жасауға болады «Кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымның сәйкес түріне негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады».
Сонымен, бюджеттің санқырлы маңызын ескере отырып және осы саладағы белгілі ғалымдардың зерттеулерін тұжырымдай отырып, өз тарапымыздан аталмыш ұғымға келесідей анықтама береміз: «Бюджет жүйесі мемлекеттегі биліктің түрлі деңгейлері бойынша өздерінің негізгі функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған қатынастардың жиынтығы».
Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның негізінде елдің мемлекеттік құрылымы жатыр.
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні1. 1 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде экономикалық мәні
Бюджет-ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа денгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізгі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым -қатынас, заңнамалық белсендіруі заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмасада мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізгі бар өндірістік қарым - қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. [1]
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мыса-
лы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар ; бюджет - ол заңнамалық құжат ; бюджет ол - комуникация құралы ; бюджет ол - бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен фискадық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштері мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол, өз алдында жеке бір экономикалық категория ;
- ол, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол, экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы) ;
- ол, мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ;
- ол, барлық бюджеттік қарым - қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттік бюджет қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып, іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар
(білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылықты бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым - қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекетің ақша қаражаттарының орталықтан-
дырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады. [3]
Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды заттық және құндық(ақшалай) . Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражаттарда бөлудің пропорцияларын анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (Ұлттық қаржы, бюджет, несие және т. б. ) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономикасының салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі-бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті-экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын-ала анықталғанын айрықша айту қажет.
Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланысты жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өнді-
ріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды. [1]
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам - жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам - жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады.
Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz