Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Қаржы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі э. ғ. к., доцент
М. Ж. Арзаева
Диплом жұмысы
тақырыбы:
«Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру»
050509- «Қаржы» мамандығы бойынша
Орындаған Имангалиев Е. С.
Ғылыми жетекші Гайсин С. С.
э. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы Садыханова Д. А.
(аға оқытушы)
Алматы, 2012
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес жоғары Мектебі
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент Имангалиев Е. С.
«Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру»
жұмыс тақырыбы «23» желтоқсан 2011 ж. № бұйрығымен бекітілді.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі « 26 » сәуір 2012 жыл
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: «Жулдыз- Строй» «ЖШС -інің 2009, 2010 және 2011 жылдарға арналған консолидацияланған бухгалтерлік балансы бойынша қаржылық есебі, ҚР-дағы корпоративтік қаржы саласы бойынша экономист ғалымдардың еңбегі.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны
а) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
б) «Жулдыз- Строй» «ЖШС -інің қаржылық жағдайын талдау
в) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Диплом жұмысын дайындау
КЕСТЕСІ
Ғылыми
жетекшіге тапсыру мерзімі
Тапсырманың берілген күні 29. 12. 2011 ж
Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.
э. ғ. к., доцент
Жұмыс жетекшісі Гайсин С. С.
э. ғ. к., доцент
Тапсырманы орындауға алған студент Имангалиев Е. С.
МАЗМҰНЫ
1. 2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістер . . .
2. «ЖҰЛДЫЗ СТРОЙ» ЖШС АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН
ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктің даму қарқыны бойынша дамыған елдермен қатарлас келеді, алайда, отандық кіші және орта бизнес субъектілерінің жыл сайын 2-2, 5 мың бірлігі банкроттыққа ұшырап отыр, бұл шамамен барлық кәсіпорындар санының 1, 5 пайызын құрайды. Еуропамен салыстырғанда бұл әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар тіркелген, бірақ, қызметін бастай алмаған кәсіпкерліктер саны да жоғары (30 пайыз шамасында) .
Мұндай статистиканың себептерінің бірі кәсіпкерлердің бизнесті бастау алдында өз мүмкіндіктері мен нарықтық жағдайды дұрыс бағалап, тәуекелді ескермеуінде. Нақтырақ айтқанда, қаржылық менеджменттің дұрыс жүргізілмеуінде.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттілігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару үдерісінде қаржыны басқарудың ролінің артуына ықпал етті.
Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. [1]
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет [2]
Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы
Дипломдық жұмыс мақсаты - қарастырылған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.
Зерттеу объектісі - «Жұлдыз Строй» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалу процесі. Зерттеу пәні - кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде, ақша қаражаттары түсінігіне қатысты теориялық сұрақтар, кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының маңызы мен атқаратын қызметі, олардың бөліну механизмі, есептеу әдістері, ақша ағымын басқару және болжауға қатысты мәселелер қарастырылды.
Екінші бөлімде, нақты кәсіпорынның қаржы - шаруашылық жағдайын, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, ақша қаражаттарының айналымын бағалау, олардың қозғалысының негізгі көрсеткіштері талданды.
Үшінші бөлімде, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және оларды бөлу механизмін жақсарту жолдары мен оңтайландыру әдістері қарастырылған.
Дипломдық жұмыста ақша қаражаттарының қозғалысы, оларды басқару аясындағы отандық және шетел әдебиеттері мен әдістемелері, сондай-ақ кезең бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы есеп айырысулардың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүреді. Ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізіліуді қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүгізіліп отырады. Есеп айырысу операциясының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
● Ақшалар арқылы есеп айырысу оепрацияларын толық, уақытылы және дер кезінде есептеу ;
● Кәсіпорындардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
● Есеп айырысу, төлеу тәрітібін бақылау;
● Кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Ақшалар шоттарындағы тек ғана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Ақша бағаналары бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Ақша ағымдарын басқару қаржы менеджері қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған ақша қаражатының айналым уақытын есептеу, ақша ағымын талдау, оны болжау, ақша қаражатының тиімді деңгейін анықтау, бюджеттерді жасау және т. б. Джон Кейнстің пікірі бойынша ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің маңыздылығы үш себеппен анықгалады: ескішілдікке негізделген (ағымдағы операцияларды ақшамен қамтамасыз ету кажеттігі), сактау (болжанбаған төлемдерді өтеу қажеттілігі), алыпсатарлық (болжанбаған пайдалы жобаға қатысу мүмкіндігі) . Ақша қаражаттары айналымнан дерексізденген уақыт ағымын сипаттайтын қаржы циклы қаржы менеджментінің басты сипаттамасы болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау ағымдық, инвестициялық, қаржы қызметінің және т. б. нәтижесіндегі ақша ағымының сальдосын анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттары козғалысын талдауда схема колданылады. Тек қарапайым болуы үшін кейбір көрсеткіштер агрегатталуы мумкін. Өйткені көптеген көрсеткіштерді тура болжау өте қиын. Әдетте болжау жоспарлы кезеңдегі ақша қаражатының бюджетін жасауға негізделеді. Мұнда тек ағымның негізгі құрамдас бөліктері ғана ескеріледі: өткізу көлемі, қолма қол ақша түріндегі түсімнің үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың көлемі, ақша шығындарының көлемі және т. б. Болжау әдістемесіне жататындар: түсімдерді, шығыстарды болжау, таза акша ағымдарын есептеу, қысқа мерзімді қаржыландырудың жиынтық қажеттілігін анықтау.
Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер. [3]
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет[4] .
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы. [5]
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді [5] .
Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л. А. Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады [6]
Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі - ақша қаражаттарының таза қолданысы, ал пассив - таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.
Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады[7] .
Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.
Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда - кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.
Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы : түсім - берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады. [7]
Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару - қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.
Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты - кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. [8]
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
- тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
- пайда;
- ақша қаражаттарының ағымы.
Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:
- Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім - бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
- Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
- Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
- Ақша ағымдарының шығысы - ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
- Ақша қаражаттарының таза кірісі - ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді [8]
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі - коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
- банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
- кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.
Ақша ағымдары дегеніміз - бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі. [9]
Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.
Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
- ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
- қолма-қол ақша ағымын талдау;
- ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
- ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
- баланс өтімділігін реттеу;
- қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
- уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
- экономикалық өсуді жоспарлау.
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz