Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

Атаханова Гүлзағира Махатқызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

МОНОГРАФИЯ

Алматы 2010

УДК 343

ББК 67. 408

М 62

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің Ғылыми кеңесі және қылмстық құқық және криминология кафедрасының шешімімен ұсынылған.

Пікір жазғандар:

Қайыржанов Е. І. - заң ғылымының докторы, профессор

Орымбаев Р. О. - заң ғылымының кандидаты., профессор

Редакциялағандар: з. ғ. д., профессор Джансараева Р. Е.,

з. ғ. к., профессор Баймурзин Г. Ы.

Атаханова Гүлзағира Махатқызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Монография - Алматы, 2010 . -115 б

Бұл монографияда қылмыстық саясат және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, қылмыстық құрамы және оған жауаптылыққа толығымен талдау жасалған.

Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құқық теориясындағы және қылмыстық заңнамадағы талан-таражға салудың түсінігі және белгілері, мүлікті талан-таражға салуға жаза тағайындау мәселелері қарастырылған.

Бұл монография құқықтану мамандығы бойынша дәріс алатын студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.

@ Атаханова Г. М.,

@,

Алғы сөз

Қазіргі мезгілде экономика саласындағы құқық бұзушылықтар ерекше орын алуда. Әсіресе, бұл проблема көбінесе қылмыстық қастандықтар объектісіне айналатын меншік қатынастарының қатты шиеленісуінде.

Нарық дамыған сайын мүліктік қатынастар аясы да кеңейіп келе жатыр. Азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды жасаған кезде тауар айналымының пәні тек заттар ғана емес, мүліктік құқықтар да болып табылады. Табиғи ресурстар, жылжымайтын мүлік, зияткерлік қызмет нәтижелері, ақпарат экономикалық айналымға бара-бара қарқынды енуде. Сондықтан Қазақстанның нарықтық қатынастар мен ақпараттық кеңістігінің дамуы барысындағы криминалдық жағдайы өзгеріп жатыр. Материалдық құндылықтарға әсер етумен қатар, кінәлі адамдар мазмұны заттық емес әртүрлі қастандықтарды жасағаннан заңсыз пайда алуда.

Философия, информатика, саясаттану, әлеуметтану, экономика, құқықтану және басқа да ғылымдар саласындағы мамандар жаңа мыңжылдықтың басын негізгі рөлді ақпаратты алумен, таратумен және өңдеумен байланысты салалар атқаратын жаңа құрылымға ие ақпараттық кеңістікке көшу кезеңі ретінде сипаттайды. Бұл арада қоғамның жаңа - ақпараттық типі қалыптасады. Алайда әлеуметтік жүйе мен құқық осы жүйенің негізгі реттеушілерінің бірі ретінде ақпараттық кеңістіктің даму қарқындарынан едәуір артта қалып отыр. Сол себептен, ақпараттық игіліктердің қорғалу, оның ішінде қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғалу деңгейін арттыру қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың басты құқықтарының бірі меншігінде мүліктің болуы, оны иелену, пайдалану және билік ету деп айтылған. Мемлекет азаматтарға құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар, меншік қатынастары экономиканың қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз ететін іргелі негіздердің бірі.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау әдістерінің бірі олардың қылмыстық-құқықтық қорғалуы болып табылады.

Сот тәжірибесінің материалдары көрсеткендей, меншікке қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасында тіркелетін қылмыстардың басым көпшілігін құрайды. Пайдакүнемдік қылмыстылық көбейген қазіргі жағдайда меншіктің құқықтық қорғалуы ерекше мағынаға ие болып отыр. Меншікке қарсы шағын қылмыстар көп таралған, олар жиі жасалады және көптеген тұлғалардың мүдделеріне шек қояды. Сонымен қатар, сирек жасалғанымен де, адамдардың жеке басына ғана емес, сондай-ақ денсаулығына, дербес құқықтылығына, қоғамдық қауіпсіздікке қастандық келтіретін ең қауіпті қылмыстар қоғамға ең көп зиян келтіреді.

Социалистік меншік мемлекеттің экономикасының негізі ретінде қорғауға бағытталған Кеңестік қылмыстық заңнамасында меншік түріне қарай мүліктік қылмыстар үшін әр жақтары жауапкершілік белгіленгеннен бері көп уақыт өткен жоқ.

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің тең құқықтылығы және теңдей қорғалатындығы туралы айтылған [1, 6 б] . Конституция талабына лайық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қандай меншік түрлерінің теңдей қылмыстық-құқықтық қорғауға алынатынын және барлық меншік түрлеріне қол сұғушылық үшін теңдей қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.

Қазіргі кезеңде елімізде құқықтық саясатты жүзеге асырудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің № 949 2002 жылғы 20 қыркүйекте 2002 және 2010 жылдар аралығына арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы жұмыс істеп келгендігі белгілі. “2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды” [2] .

Құқықтық саясат ішінде қылмыстылықпен күресу саясатының маңызы зор, өйткені ол құқық бұзушылықтардың, әсіресе меншікке қарсы қылмыстылығымен күресу қызметімен тікелей байланысты. Қылмыстық саясатты жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстылығымен күресуді тиімді ұйымдастыру, оның ішіндегі бұзылған мүліктік құқықты қамтамасыз ету мәселелері қазіргі Қазақстанның ең маңызды деген стратегиялық бағытын құрайды. Өйткені, меншік бүгінгі таңдағы әлеуметтік дамуды анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және олардың құрамы

1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі

Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің тең түрде қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс - әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке, оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлатын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан кең мағынада алғанда бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен парапар. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926- жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады .

Меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қаупін тудырумен байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар құрайды.

Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез - келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез - құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмыстық іс бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: біріншіден , қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден , кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді.

Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ, қылмыстың тікелей объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасауымызға болады. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа азаматтардың заңмен қорғалынатын құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда ғана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық қорғаудың объектісі меншік қатынастары емес, басқа игіліктер - қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы қарастырылады.

Біз талдайын деп отырған қылмыс құрамдарында меншік қатынастары негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді, яғни, оларды жасау барысында өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты, қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың заты - Азаматтық кодексте көрсетілген меншік құқығының кез - келген объектісі бола алады. Осыған байланысты интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған. Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды деп есептейміз.

Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде - заттар, яғни, ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс құрамдарының көмегімен құрылған. Олардың объективтік жағы үш міндетті белгіден тұрады: іс - қимыл, нәтиже және іс - қимыл мен нәтиженің арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс құрамы ретінде берілген. Ал қорқытып алушылық формальдық құрам ретінде сипатталған. Яғни, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық іс - қимыл қарастырылған.

Меншікке қарсы қылмыстарда іс - қимыл көбінесе белсенді әрекет сипатында болады. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалына алады. Мүлікті абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әректсіздік болуы мүмкін. Қылмыстық нәтиже әруақытта да материалдық сипатта болады да, мүліктік зиян келтіруден көрінеді. Көп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне немесе өзге де адамдарға келтірілген тікелей нақты залал құрайды. Тек қана, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.

Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының міндетті белгісі - қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі тек біреуі ғана абайсыздық нысанындағы кінәмен жасалынады - ол бөтеннің мүлкін абайсыздықта жою немесе бүлдіру арқылы жасалған қылмыс, ал қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады. Осыған байланысты тек бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады да, қалғандары тек тікелей қасақаналықпен жасалынады.

Жалпы ережелерге сәйкес меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі - жалпы субъект болып табылады. Тек бір ғана қылмыста - бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап етуде ғана арнайы субъектісі болып табылады. Кейбір қылмыс құрамдарында арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. Мысалы: адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.

Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшеріне қатысты меншікке қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. Келесі қылмыстар үшін 16 жастан жауаптылық туындайды: алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, жерге заттай құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. Ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, ауырлататын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру үшін жауаптылық 14 жастан бастап туындайды.

Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.

Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан - таражға салу деп аталған қылмыстарға және талан - таражбен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан - таражға ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.

Талан - таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты қандай?

2. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құрамы қандай?

3. Талан-тараж дегенді қалай түсінесіз?

4. Меншікке қарсы қылмыстардың затын объектісінен ажырату критерийлері қандай?

5. Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік белгісін атаңыз?

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет.

2. Курс советского уголовного права. Особенная часть. /Под ред. А. А. Пионтковского. М., 1959г. 810стр.

3. А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 2000ж. 520бет.

4. Уголовное право. Особенная часть. /Под ред. И. Я. Козаченко. М., 1998г. 768стр.

1. 2 Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу

Мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұғымы жоғарғы дәрежедегі абстракциялық әлеуметтік-құқықтық ұғым болып табылады. Қазақстандық қылмыстық құқықтық теориясында «хищения» ұғымына әркім өз білгендерінше түсінік беруге тырысқан. Мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің нысандары туралы пікірталастардың сан алуандығы, авторлардың аталған мәселеге қатысты әртүрлі критерийлерді пайдалануымен түсіндіріледі. Мүліктің заңсыз айналымға түсу ұғымын талдау кезінде әртүрлі критерийлерді пайдалану, сондай -ақ қылмыстық істерді саралау барысында қателікке соқтырып, қарастырылып отырған мәселені түсінуді қиындатады.

Біздің қоғамымыздың әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірінде орын алған өзгерістер қылмыстық құқықтың бірқатар заңи ұғымдары мен институттарын қайта қарау қажеттілігін талап етті.

1997 ж. 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданды. Заң шығарушы алғаш рет Қылмыстық кодексте меншікке қарсы ұғымдарын бекітті. Яғни, аталған Қылмыстық кодексті қабылдау арқылы заң шығарушы меншікке қарсы қылмыстардың нысандарын анықтады. Дегенмен де, біздің ойымызша нысан туралы сұрақты дұрыс шешу үшін, бір айрықша белгіні қолданып, меншікке қарсы қылмыстарды нысанының барлық жиынынан тек соларға тән белгілерге ие топтарды бөліп шығару қажет.

Бұл ұғым қылмыстылықтың нысандарының мәнді белгілерін танудың нәтижесі.

Бұл жағдайлар қылмыстық-құқықтық нормаларда заңдық анықтамаға ие болған, жоғарғы абстракциядан төменірек әлеуметтік-құқықтық ұғымдарда бейнеленген, тек өздеріне ғана тән ерекшеліктермен сипатталынады.

Сәйкесінше, жоғарыдағы қылмыстар тобы жалпы сипаттағы ұғым ретінде, көптеген қылмыстық іс-әрекеттердің жекелеген көріну нысанын белгілеуде қызмет ететін, жалпылау дәрежесі төмен басқа да заңи ұғымдардың болуын пайымдайды. Сондықтан да, айтылған қылмыстар туралы сұрақты талдау оның нақты көріну нысандарын және сәйкес қылмыстық- құқықтық ұғымдарды зерттеуге міндеттейді.

Қылмыстық құқық теориясында айтылып отырған қылмыстар нысандары туралы сұрақ ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық әдебиеттерінде бұл ұғымға кейбір авторлар мүлікті алудың немесе заңсыз иеленудің, ұрлықтың ҚР ҚК 175-бабындағы ескертумен сәйкестендіріп түсіндіруге тырысқан. Мұның өзі мүлікті алудың немесе заңсыз иеленудің ұғымын ашып зерттеуді талап етеді.

ҚК 175-бабының ескертуіне сәйкес келтірілген анықтамадан бұл топтағы әрекеттер пайдакүнемдік мақсатпен, заңға қайшы, өтеусіз алу және оны кінәлі немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою (немесе ) айналдыру арқылы меншік иесіне зиян келтіру.

Осы белгілердің әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

Мүлікті алудың қасақана сипаты кез-келген бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің тек тікелей ниетпен ғана жасалуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл жағдайда кінәлі мүлікті заңсыз алып отырғанын түсінеді, онымен иеленушіге немесе мүліктің иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және мақсаты пайдакүнемдік болғандықтан сол зиянды келтіргісі келеді.

Пайдакүнемдік мақсат деп мүлікті заңсыз қайтарымсыз алуға мүдделі болуды айтады. Пайдакүнемдіктің өзі пайданы, олжаны білдіреді. Дальдің сөздігінде пайдакүнемдікке: «тегін табысқа, олжаға құмарлық; ақшаға, байлыққа ашкөздік, тойымсыздық, алыпсатарлыққа үйірлік; пайда, олжа, түсім» деген анықтама берілген.

Заң әдебиеттерінде пайдакүнемдік міндетті түрде мүліктік пайданы келтіруі тиіс емес деген пайымдаулар кездеседі. Пайдакүнемдік мақсат жымқырып отырған тұлғаға пайда әкелуі тиіс. Мұндай пайда мүліктік те, басқа да мүддеде болуы мүмкін. Осының негізінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің міндетті белгілерінен «пайдакүнемдікті» шегеріп тастау туралы ұсыныстар енгізіледі. Алайда бүгінде мұндай пайымдаулар қажетсіз болып қалды. Олар заңға сәйкес емес. ҚК-тің алтыншы тарауының 175 бабында аталған ескертпесінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді - бұл бөтен мүлікті пайдакүнемдік мақсатпен заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру деп анық айтылған.

Дәл осы тұста тағы бір сауал туындайды: пайдакүнемдік мақсат деген не? И. О. Грунтов көрсеткендей, сот тәжірибесінде мына жағдайлар бар болған жағдайда мақсат пайдакүнемдік болып табылады: тұлға материалдық пайда алуға ұмтылады; бұл мақсат алынған мүлік есебінен қанағаттандырылады; тұлға жымқырылған мүлікті өз пайдасына немесе айыптының материалдық тәуелділігі бар тұлғалардың пайдасына айналдыру. Осындай пікірлер қолданыстағы қылмыстық заңға қайшы келеді. Қылмыстық құқыққа сәйкес пайдакүнемдік ниет дегеніміз «бұл- жасалған қылмыстан өзі немесе жақын адамдары үшін мүліктік сипатта пайда алуға ұмтылыспен немесе өзін не жақын адамдарын материалдық шығындардан сақтап қалу ниетімен сипатталатын уәждер». Демек, заң мүдделері шеңберінде бөтен мүлікті алып отырған тұлға әрекет етуі мүмкін тұлғалар шеңберін шектейді деген сөз. Бұл шеңбер айыптының және оның жақын адамдарының материалдық мүдделерімен шектеледі.

Кінәлінің заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауы, ешқандай құқығы жоқ болса да бөтен иеліктен мүлік алуы құқыққа қайшылық деп аталады.

Қылмыстық құқық доктринасында бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге мүлікті өтеусіз алу, яғни оның құнын ақшамен немесе басқа жолмен тепе-тең қайтарусыз деп анықтама берілген. Алайда мағынасы күмәнсіз болғанымен де, өтеусіздік белгісі тегіс қамти алатын белгі болып табылмайтындығын баса айту керек, себебі іс жүзінде иеленушіге оның еркіне қайшы баға эквивалентін беру арқылы бөтен мүлікті иелену жағдайларын қарастырмайды. Сол себептен өтеусіздікпен қатар иеленушінің немесе мүліктің басқа да иеленушісінің субъективті құқығының бұзылу белгісін де ескеру қажет.

Мүлікті өз пайдасына немесе өзгенің пайдасына алу және айналдыру - белгілері өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. «Мүлікті алу» және «айналдыру» түсініктерінің ұғым ретінде бір-бірінен мазмұны жағынан айырмашылықтары бар. Олар кінәлінің қалыптасқан әлеуметтік байланысты - меншік қатынастарын бұза отырып, басқа тұлғаның мүліктік аясынан материалдық құндылықтарды заңсыз алатынын және бөтен мүлік иелігін бұзып немесе иелігіндегі мүлікті өз меншігіне айналдыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу
Абайсызда кісі өлтіру
Меншікке қарсы қылмыстар және талан-тараж
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан-тараждың нысандары
Кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселелері
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz