«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Абдралиева Жансая Бегмановна

«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне
бақылау және қадағалау»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 050509- Қаржы

Астана 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі

С. Е. Керімқұловпен

қорғауға жіберілді

«___» 2007ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Екінші деңгейлі банктер
қызметтеріне бақылау және қадағалау»

Мамандық: 050509- Қаржы

4 курс студенті: Абдралиева Ж. Б.

Ғылыми жетекші:

э. ғ. к., доцент Мергалиев Б. К.

Астана 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

Бірінші бөлім ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 10

  1. Екінші деңгейлі банк қызметін бақылаумен қадағалаудың теориялық негіздері . . . 10
  2. Ұлттық банктің комерциялық банктердің қызметің бақылауы. . 27
  3. Коммерциялық банктер қызметін қадағалаумен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі . . . 37

Екінші бөлім ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ІСІНІҢ БАРЫСЫН ТАЛДАУ . . . 45

  1. Қазақстан Республикасында 1993-2006 жылдар аралығындағы екінші деңгейлі банктерді бақылау жәнеқадағалау ісінің жалпы жағдайы сараптау . . . 45
  2. Екінші деңгейлі банктерді қадағалау менбақылау тәртібі . . . 51

Үшінші бөлім ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
МЕН ҚАДАҒАЛАУ ІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 58

  1. Ел экономикасына екінші деңгейлі банк қызметінқадағалау мен бақылаудың банк қызметіне әсері . . . 58
  2. Екінші деңгейлі банктерді қадағалаумен бақылау ісін жетілдіру жолдары . . . 61

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымша . . . 69

КІРІСПЕ

2006 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына Жолдауында : “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады.

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық"/1/, - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікді алумен дамудың жаңа сатысына ауысты. Әкімшілдік - әміршілдік жоспарлау кезеңінде барлық экономикалық шешімдер тиісті органдармен кабылданатын еді, барлық жағдайлар тұрақты болатын, бірақ бұл нақтылы механизім боламады.

Нарықтық катынастарға өтумен қатар капитализм экономикалық жүйені жетілдіру жолына өз үлесін қосты, себебі халықаралык тәжірибені және тағы босқа ұқсас жағдайларды қолдану үмкін болды. Соның ішінде банктік саласында ескеру қажет соңғы жылдардын ішінде Қазақстан Республикасының банк жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта күрылды, бұл оның елдегі банктік істі құру және жүргізудегі жаңаша дамуымен, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер үшін жаңа мақсаттар мен міндеттерді анықтаумен байланысты. Бұл жағдайларда республиканың салауатты, сенімді және бәсекелесуге қаблетті банктік секторын құру және қолдану және қолдану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тарапынан бакылаушы функцияларының бірі ретінде тиімді және мұқият қадағалау жүргізу кажет екендігі маңызды деп танылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізілетін банк қадағалау саясаты дамыған банктік жүйесі бар елдердің тәжірибесіне, баннк кадағалау қағидаларына, әлемнің 170- тен астам елдерін қосатын Базельдік Комитетінің ұсынатын ережелеріне негізделеді.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесінде Ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп, зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесін үйре отырып, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.

Банк жүйесін реформалау қажетілігі Қазақстаннның эволюциялык дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуінің қажеттігінен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың үзақ та, қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандык емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президенті Н. Назарбаев банк жүйесін реформалау нәтижесі бойынша: «Еліміздің банк жүйесі түбегейлі де сапалы өзгерістерге үшырады» деп мақтанышпен атап өткен болатын, [1] .

Қазақстанда банк жүйесін реформалау ісі ең алдымен коммерциялық банктерді құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес сонымен бірге бүкіл КСРО аумағындағы бірінші болып қүрылған банк, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Союз» кооперативтік банкі болатын. Банк операцияларын жүргізу қүқығын беретін лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бірақ, аталмыш банктің қызметі небәрі
7 жылға ғана созылып қызметіндегі айтулы елеулі кемшіліктері үшін 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргізу үшін берілген лицензиясы қайтарылып алынды. Казқстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегінде қүрылған екінші коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтік банкі жатады. Қазіргі кезде аталмыш банкі "ЦентрКредит" ААҚ болып, банк қызметі нарығында өз қызметін тиімді атқаруда.

1990 жылы «Қазақстан Республикасының банктер және банкі қызметі туралы» Заңы қабылданды. Бұл Занда Мемлекеттік болып қабылатын Ұлттық банктің негізгі міндеттерімен қатар экономикадағы ақша-несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерінің түрлері, коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықгалған болатын.

Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезендерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді.

Реформаның құкықгық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында "Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықгырулар енгізу туралы"; 1998 жылдың 28 сәуірінде "Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы"; 1997 жылдың
11 шілдесінде "Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы" бірқатар зандары қабылданды.

1995 жылы Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегі орта мерзімді бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен міндеті тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банкі ретінде атқарған қызметі барысында жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несие саясатының қүралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің түрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің түрактылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шет ел банктерінің, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі үзартылған несиелердің көлемі өсті. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдің жоғары деңгейімен бетпе-бет кездесіп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да біз бүгінгі таңдағы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан банк қызметін тарату әдістемелерін оқып біліп, осы алған білімді еліміздің банк жүйесінің практикасында қолданғанымыз абзал. Жұмысты жазу барысында қарастырылып отырған мәселелер, атап айтқанда: банкті тарату мен тарату ісін баскару мәселелері Қазақстанның банк жүйесінің дамуы мен калыптасуына байланысты сүрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.

Талдау мен зерттеу жүргізу барысында банк қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, одан "қорғану" үшін қажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін отандық бактер үшін банктерді бақылау саласындағы басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бұл проблема өзінің орынын басқа проблемаға береді - ол ел экономикасына екінші деңгейлі банктерді бақылау ісінің әсері, оны жылдам аяктау және тарату ісін жүргізу әдістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы. Сонымен, коммерциялық банктердің қызмет аясы кеңейген сайын, банк қызметін токтату тәуекелі де үлғая бермек. Бірақ, отандық коммерциялық банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық банк жүйесі үшін жаңа болып табылады, сондықтан да банктерді бақылау ісі бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банктерді бақылау және қадағалау ісінің саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын тандауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болды.

Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып банкті тарату ісі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі болып табылады.

Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерің анықтайды:

  • Банктерді бақылау және қадағалау ісіндегі теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың кұрылымын аныктау, банкті ерікті және еріксіз тарату түсіктерінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
  • Ел экономикасында банктерді тарату ісінің барысына талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
  • Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін тарату ісін жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.

Жұмыстың пәні және объектісі. Жүмысытң зерттеу пәні ретінде банкті бақылау құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметі болыптабылады.

Жұмыстың құрылымы. Жүмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.

Бірінші бөлім ЕКІНШІ ДЕНГЕЙЛІ БАНК ҚЫЗМЕТІН
БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Екінші деңгейлі банк қызметін бақылау мен
қадағалаудың теориялық негіздері

Екі денгейлі банк жағдайында Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі - банктік қызметтерді макроэкономикалық денгейде басқару процессін ұйымдастыру, еліміздегі банктердің және басқа да қаржы несие инстуттарының қызметін реттеу, банк және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық банк бактік қызметтерді бақылау және қадағалау кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады. Мұндай әдістердің қатарына:

- пруденциалдық және басқа да банктердің орындауы міндеті нормалар мен лимиттерді қою, реквизиттік талаптар, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың номалары;

- банктердің орындауы міндетті ережелермен басқа да нормативті актілерді шығару;

- банк қызметтерін тексеру;

-банк қаржылық жағдайын сақтандыру жөніндегі ұсыныстар беру;

-ұсыныстар беру;

-тарату жөнінде міндеттеме хатты алап ету, Ұлттық банктің бұйрық хатты және шектеу шараларын қолдану;

-банктерді ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.

Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банктің айналысағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады. Банктік қызметтерге әсер етудің жанама жолдары икемділік және тезірек болып келеді.

Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен қарым-катынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:

Ұлттық банк:

  • Банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай жасауға жәнешынайы банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;
  • Банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді;
  • Ақша- несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатындабанк қызметтерін қадағалайды;
  • Банктердің шүғьл қызметіне араласпайды;

Ұлттық банк тіндеттеріне лицензилау және лицензияны қайтарып алу, жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу, сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйекес банктерді қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк:

  • Банктің құрылтайшыларын, олардың бекіткен шектен асқанакциялар көлемін иемденуіне, иелік етуіне, басқаруынабақылау жасауға;
  • Банктің басқару орындарына кағдидаттардың іскерлікжарамдылыған анықтауға;
  • Банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соныңішінде орнына немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылыөзінің бақылау және қадағалау қызметтерін дұрыс жүзегеасыру үшін керекті ақпаратты алуға құзіретті.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларга сәйкес жүргізілетіп операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа иесиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі иесиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-иесиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылган ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар.

Банктер Ұлттық банктің шешімдерін орындамаған жағдайда, оларға айып-пұлдық шаралары қолданылуы мүмкін.

Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге, банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың флиалдарына да қолданылады.

Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу - бұл бөлімнің басты мақсаты.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеретегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды ) . Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Сыртық экономикалық банкі
Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Банктердің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz