Өндіріске деген шығынның жалпы қосындысы мен қорлардың мазмұнын саралауда өнімге деген сұранысты толық және өз уақытында қанағаттандыру шарты бойынша азайтатын бағдарламаны тиімді қолдануды жетілдіруге ұсыныстар енгізу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ5

1. 1 Қорларды басқару есебінің негізгі ұғымдары мен анықтамалары5

1. 2 Қорларды басқарудың негізгі моделдері7

1. 2. 1 Детерминирленген модель7

1. 2. 2 Ықтималдылықты модель8

2 ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРҒА ШОЛУ9

2. 1 Уилсон моделінің қолданысы10

2. 2 Уилсон моделін қолдану мысалы13

2. 3 Жеңілдіктерді ескеретін модель14

2. 4 Партияның үнемді мөлшерін жоспарлау моделі17

2. 5 Тапшылықты жоспарлау моделі19

3 ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІНІҢ АЛГОРИТМІН ҚҰРУ20

3. 1 Жобаның ақпараттық моделі21

3. 2 Қорларды басқару моделі22

3. 3 Қорларды ұйымдастыру процесінің моделдеуші алгоритмі25

3. 4 Қорларды ұйымдастыру процестерін модельдеу мен ресурстарды үлестірудің тиімділігін бағалау, талдау әдістері арасындағы байланыс28

3. 4. 1 Имитациялық жүйенің құрылымы32

3. 4. 2 Ресурстарды үлестірудің тиімділігін бағалау мен талдау әдістері35

3. 4. 3 Қор жинау жұмысын ұйымдастыру процесстерін модельдеу41

4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ45

5 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ45

6 ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ БАҒАЛАНУЫ45

6. 1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері48

ҚОРЫТЫНДЫ52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ54

ҚОСЫМША55

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста қорларды ұйымдастыру процесстерін саралау бойынша зерттеулер жүргізілген. Жұмыста қорларды ұйымдастыру процесінің ақпараттық моделдерінің түрлері мен мысал есептері, осы саладағы негізгі моделдерді қараудағы есептеу тәжірибесінде кездесетін мәселелер анықталады және зерттеледі.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бұл проблеманың келелігі мен іс жүзіндегі маңыздылығы сонда, қорларды ұйымдастырупроцесі - негізінен өндірістегі шығынның жалпы қосындысы мен қорлардың мазмұны, өнімге деген сұранысты толық және өз уақытында қанағаттандыру шарты бойынша минимизациялау әрекеттерін қамтуы.

Қорларды басқару теориясының шығуын XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында пайда болған Ф. Эджуорт пен Ф. Харристың еңбектерімен байланыстыруға болады. Олардың еңбектерінде сақталатын өнімнің периодты түсуімен және тұрақты бiр қалыпты шығынмен қойма жүйесі үшін жабдықтау партиясының үнемді мөлшерін анықтаудың қарапайым ықшамдау моделі зерттелді. Қорларды құру қажеттілігінің алғышартарының пайда болуы:

  • біріншіден, қорлардың бар болуы тұтынушылардың талаптарын жылдам қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi;
  • екіншіден, жабдықтаушыға қорлардың бар болуы өнiмнiң бiр қалыпты өндiрiсi шарттарындағы сұраныстың тербелiсiн бейтарап қалдыруға мүмкiндiк бередi.

Қорларды құру, оларды сақтау, үлестіру және толықтыру шаруашылық жұмыстарының барлық түрлерiне тән. Сауда кәсiпорынындағы тауар қорларының көлемiн реттеу шығындарды қысқартуға, пайданы көбейтіп және айналымдағы ақшаны босатуға мүмкiндiк бередi. Қызметтер көлемдерінің және ассортименттiң тұрақты кеңейтілу шарттары, айналымдағы ақшалардың қажеттi көлемдерідiң өсуi, бәсекелестержағынан қысымдар, сұранысқа деген ұсыныстың асып кетуiнен клиенттердiң талаптарын тұрақты жоғарылату үнемi бағалы саясатты қайта қарауға алып келедi. Пайда болатын жағдайлардан келесi мәселелердiң пайда болуы мүмкiн:

  • берілген нормативтiк мәндерден нақты қоймалық қор көлемдерiнiң асып кетуi;
  • өтпейтін өнім қалдықтарының жиілену жағдайларының пайда болуы;
  • жабдықтаушылардың есеп шоттарын төлеу үшін қаржылық құралдардың жетіспеушілігі;
  • басшылықтың көзқарасы бойынша жоспарлау тиімділігінің жеткіліксіздігі;
  • сату және сатып алу процесін жоспарлаудың жеткіліксіз өзара байланысы;
  • бірқатар маңызды клиенттерді жоғалту ықтималдылығы және т. б.

Мұндай мәселелердiң жиынтығының мүмкін зардаптары негiзiнен - компанияның банкротка ұшырауы.

Айналым капиталының ең едәуiр бөлiгі өндiрiстiк қорлардың қолданылу күйі және тиiмдiлiгi - кәсiпорынның табысты қызметiнiң негiзгi шарттарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымның жаңа шарттарын анықтайды. Инфляция, төлемеулер және басқа кризистiк құбылыстар өндірістік қорларға қарағанда кәсіпорынның өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа көздерiн iздеуге, оларды қолдану тиiмдiлiгiнiң мәселесiн үйренуге мәжбүрлейді. Сондықтан, кәсiпорындар үшiн барлық мүмкiн құралдарды тиiмдi жұмсау әдiстерi болуы маңызды, солардың бірі - өндірістік қорлардың тиімді шамасын анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қорларды ұйымдастыру процесі - өндірістегі күрделі проблемалардың бірі болып саналады. Ол ежелден-ақ, ғалым, зерттеушілердің назарын аударып келеді. Қорларды ұйымдастыру теориясын және процестерін В. А. Кейлер, А. М. Гаджинский, В. П. Грузинов, В. Д. Грибов, Н. Ш. Кремер, В. А. Балашевич, А. М. Андронов, М. Эддоус, Р. Стэнсфилд, Д. Н. Шукаев, Т. Нейлор, Г. М. Черногородова тағы баска ғалымдар қарастырған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны - қорларды ұйымдастыру процесстері үшін қорлардың тиімді деңгейін табатын, барлық шығын түрін минимизациялайтын моделдерді қолданылу аясындағы мәселелер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнін - қорларды ұйымдастыру процесстері үшін өндірістегі шығындарды және қорлардың тиімді деңгейін табуды реттейтін нақты ақпараттық моделдер және әр түрлі теориялар құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты болып өндіріске деген шығынның жалпы қосындысы мен қорлардың мазмұнын саралауда өнімге деген сұранысты толық және өз уақытында қанағаттандыру шарты бойынша азайтатын бағдарламаны тиімді қолдануды жетілдіруге ұсыныстар енгізу. Аталған мақсатқа жетуде мына міндеттерді шешу қажет:

1. Қорларды ұйымдастыру процесстері кезінде тәжірибеде туындайтын мәселелерді ғылыми көзқарас тұрғысынан зерделеу және анықтау.

2. Қорларды ұйымдастыру процесстерін өзара ажыратуда ұқсастығын және айырмашылығын саралауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын анықтау.

3. Қорларды ұйымдастыру процесстеріне құрылатын моделдерді тиімділеу жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қорларды ұйымдастыру процесстерін саралау бойынша өндірістегі шығындарды азайтуды жетілдіруге арналған төмендегідей нақты кешенді ұсыныстар жасалған:

Дипломдық жұмыста қорларды ұйымдастыру процесін саралау барысында тәжірибеде кездесетін мәселелер имитациялық модельдеу көзқарасы тұрғысынан зерттелініп кеткен және анықталған.

Дипломдық жұмыста қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Қорларды ұйымдастыру процесінің ақпараттық моделін құруды саралау

барысында тәжірибеде туындайтын мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу үшін

осы саладағы ақпараттық модельдерді жинақтауды қажет етеді.

2. Жалпы нәтижесі ретінде, қорларды ұйымдастыру процесінің ақпараттық моделінің түрлері және шығындарды азайту немесе өнімнің тиімді қорын анықтау мақсатында осы тұрғыдағы ақпараттық моделдердің әсер ету жолдары қарастырылуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып қорларды ұйымдастыру процесінің ақпараттық моделін құруды саралауда өндірістігі шығынды азайтуды көздейтін мәселелерді қарастыратын имитациялық моделдеу әдісі құрылады.

Дипломдық жұмыста арнайы ғылыми әдістер, соның ішінде жалпы жүйелік-құрылымдық, әлеуметтік-экономикалық, математикалық-экономикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы 64 беттік: негізгі 6 бөлімнен (17 бөлімшеден), кестеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

1. 1 Қорларды басқару есебінің негізгі ұғымдары мен анықтамалары

Кез келген ұйымның қызметі үшін қандай да бір қор қажет. Егер олар болмаса, өтімнің кішкене бұзылғанынан барлық қызмет тоқтайды. Өте көп қорды сақтау экономикалық жағынан тиімсіз. Қорларды басқару есебі осы екі аймақтықтың аралығындағы балансты табуға арналған.

Есеп келесілерден тұрады: кезеңге N кесіндіден тұратын қандайда бір бұйым түрін шығару жоспарын құру керек. Әрбір осы кесінділер үшін шығарылытын өнімге сұраныстың нақты болжамы бар екендігі ұйғарылады. Әртүрлі кесінділер үшін сұраныс бірдей емес. t кесінді уақыты аралығында жасалынатын өнім осы кесінді аралығында сұранысты толық немесе бөлшектеп жабу үшін қолданылуы мүмкін. Өнім партиясының жасалынатын өлшемі өндірістің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Осыған байланысты қандай да бір кезеңде оның сұранысын осы кезең шеңберінде арттыратын және осы қалдықтарды келесі сұранысты қанағаттандыруға дейін сақтайтын өнім көлемін лайықты жасауға болады. Бірақ, қорларды сақтау шығындармен байланысты (қойма жайына төлеу, сақтандыру жарнасы және қорлардың мазмұны бойынша шығындар, т. б. ) .

Кәсіпорынның мақсаты - өндіріске деген шығынның жалпы қосындысы мен қорлардың мазмұны, өнімге деген сұранысты толық және өз уақытында қанағаттандыру шарты бойынша азаятын бағдарлама жасау.

Практикалық жағынан кез келген ұйымды үздіксіз және тиімді функционалдаумен қамтамасыз ету үшін қорларды құру қажет, мысалы, өндірістік процесте, саудада, медициналық қызмет көрсетуде және т. б. Мән-жайға байланысты қордың құрамында мыналар болады: дайын өнім, шикізат, жартылай фабрикаттар, станоктар, құралдар, транспорттық құралдар, қолма-қол ақша және т. б. Қажетті қорларды дұрыс есептемеу шағын залалға(тауар тапшылығынан табыс үлесін жоғалту) және апаттық салдарға(ұшақтағы жанармай қорын қате бағалау) әкелуі мүмкін.

Шамадан тыс қордың бар болуы және олардың жеткіліксіздігі экономика-лық залалға әкеледі. Егер кейбір компанияда тауар қоры бар болса, онда осы тауарларда заттанған капитал қатып қалады. Қолдануға болмайтын осы капитал компания үшін төленбеген пайыз немесе инвестициялаудың қолданылмайтын мүмкіндігі түрінде жоғалған құнды көрсетеді. Содан басқа қорлар, әсіресе сақталу мерзімі аз азық-түліктерді сақтау үшін арнайы жағдайларды құруды қажет етеді. Бұл үшін белгілі бір аумақты бөлу керек, арнайы адамдарды жалдау және қорларды сақтандыру қажет. Осының бәрі белгілі бір шығындарға алып келеді. Басқа жағынан қарағанда, қордың деңгейі аз болған сайын тапшылыққа ұрыну ықтималдығы жоғары болады, өндірістік процестердің тоқтауына, клиенттерді жоғалту салдарынан шығындарға әкелуі мүмкін және т. б. Содан басқа, қорлардың аз деңгейінде тауардың жаңа партияларын жиі қоюға тура келеді, бұл кезде тапсырысты жеткізу үлкен шығынға келтіреді.

Осы жерден қорлардың тиімді деңгейін табатын, барлық сипатталған шығын түрінің суммасын азайтатын математикалық модельдерді қолдану және оны жасаудың маңыздылығы шығады. 1. 1-суретте сұраныс типтері көрсетілген.

Математикалық күрделілік дәрежесінің өсуі

1. 1- сурет. Сұраныс типтері

Детерминирленген сұраныс ықтималданған сұранысқа қарағанда алдын-ала анық мәлім.

Статикалық сұраныс типі кезінде ресурсты қолдану қарқындылығы уақытқа байланысты өзгеріссіз қалады, ал динамикалық сұраныс типі қолдану қарқындылығы уақытқа байланысты өзгереді.

Стационарлы сұраныс типінде оның ықтималдылық тығыздық функциясы уақытқа байланысты өзгеріссіз, ал стационарлы емес сұраныс типінде ықтималдылық тығыздық функциясы уақыт бойынша өзгереді.

Қорларды толықтыру уақыты сыртқы тапсырысты жеткізу жағдайында лезде болуы мүмкін(сауда нүктесіне тауарды жеткізу) . Ресурс ұйымнын өзінде өндірілетін жағдайда, белгілі-бір мерзімде бірқалыпты қорды толықтыру болады(олар алдағы уақытта электронды аппаратураны жинастыру үшін қолданылатын кәсіпорындағы микросхема өндірісі) .

Тапсырысты жеткізу уақыты көбірек немесе аз мәлім анықталуы мүмкін, жеткізудің алыстығына байланысты, жеткізушінің сенімділігінің болуы және т. б. Факторлар тізбегі жеткізілудің кешігуіне әкелуі мүмкін.

Біз қорларды басқару есебін сипаттау үшін базалық түсінік енгіздік. Енді олардың негізінде математикалық модель құруға болады.

1. 2 Қорларды басқарудың негізгі моделдері

1. 2. 1 Детерминирленген модель

Әдетте, өндiрiсте де, кәсiпкерлiкте де өндiрiстiк процесстi үзiлiссiз қамтамасыз ету үшiн комплект жасайтын жүйелі заттық қорлардың мөлшерлерiн қолдауға қабылдаған. дәстүр бойынша қор шарасыз шығындар сияқты қаралады, оның өте төмен деңгейi өндiрiстiң бағалы тоқтауларына алып келеді, ал өте жоғары деңгей капиталдың «жансыздануына» алып келеді. Қорларды басқару есебі - аталған екі шеткі жағдайды теңестіретін қор деңгейін анықтайды.

Тұжырымды және қорларды басқару есебінiң шешiмін анықтайтын маңызды фактор болып сақталынатын қорға сұраныстың көлемі(уақыт бiрлiгiне) болуы мүмкін немесе детерминирленген(сенiмдi белгiлi), ықтималдылықты(ықтимал үлестiрiлумен сипатталған) болып табылады. Қорларды басқару есебінiң табиғаты бірнеше рет орналастырумен және нақты уақытта анықталған берілген өнім көлемінен алынған тапсырыспен анықталады. Бұл тараптан қарағанда, қорларды басқару стратегия келесi екi сұрақта жауап беруi керек.

  1. Сақталынатын қордың қандай көлеміне тапсырыс беру керек?
  2. Қашан тапсырыс беру керек?

Бiрiншi сұраққа жауапты үнемдi тапсырыс мөлшерін келесi шығын функциясын минимизациялау жолымен анықтайды.

( Қ о р л а р д ы б а с қ а р у ж ү й е с i н i ң ж и ы н т ы қ ш ы ғ ы н д а р ы ) = ( А л у ғ а к е т к е н ш ы ғ ы н д а р ) + ( Т а п с ы р ы с т ы р е с i м д е у г е к е т к е н ш ы ғ ы н д а р ) + \left( \begin{array}{r} Қорларды\ басқару \\ \ жүйесiнiң\ жиынтық \\ \ шығындары \end{array} \right) = \left( \begin{array}{r} Алуға\ кеткен \\ \ шығындар \end{array} \right) + \left( \begin{array}{r} Тапсырысты\ \\ ресiмдеуге\ кеткен \\ \ шығындар\ \end{array} \right) +

( Қ о р л а р д ы с а қ т а у ғ а к е т к е н ш ы ғ ы н д а р ) + ( Қ о р д ы ң д е ф и ц и т т е н ж о ғ а л т у л а р ы ) . \left( \begin{array}{r} Қорларды \\ \ сақтауға\ кеткен \\ \ шығындар \end{array} \right) + \left( \begin{array}{r} Қордың\ \\ дефициттен\ \\ жоғалтулары \end{array} \right) .

Осы барлық құндар ізделінетін қор деңгейінің және тапсырыстар арасындағы уақыт интервалының функциясы сияқты бейнелеуi керек.

  1. Алуға кеткен шығындарқұны алатын өнімнің бірлігімен анықталады(сақталынатын қордың) . Бұл құн тапсырыс көлеміне тәуелді және тұрақты немесе жеңілдікпен болуы мүмкін.
  2. Тапсырысты рәсімдеуге кеткен шығындарбасқа өндiрiстерге оларды (өнiм жасау үшiн) орналастырумен сабақтас тұрақты шығындарды көрсетеді. Бұл шығындар тапсырыстардың көлемінен тәуелдi болмайды.
  3. Қорларды сақтауға кеткен шығындарқоймадағы қордың болуына кететін шығындарды көрсетеді. Осы шығын түрі сақтау, тұтыну, күту құны, инвестицияланған капиталға пайыз ретінде қосылады.
  4. Қордың дефициттен жоғалтулары -бұл қажетті өнімнің мерзімді қор болмағандағы шығындары. Олар пайданың потенциалды жоғалтуларын, клиенттердің сенімін жоғалтуға қатысты субъективті құнын қосады.

Екiншi сұраққа жауап(қашан тапсырыс беру керек?) бiз жұмыс iстейтiн қорларды басқару жүйесiнiң түрiнен тәуелдi болады . Егер жүйе қор күйінің периодты бақылауын ескерсе( мысалы, әрбір апта немесе ай), онда жаңа тапсырыстың түсуi момент мерзiмінiң басымен дәл келедi.

1. 2. 2 Ықтималдылықты модель

Айқындық шарттарындағы қорларды басқаруды теорияның негiзi айтылады. Бұл жерде сұраныстың мәні кездейсоқ шама болып табылатын ықтималдықтың анықталған үлестірімі, қорларды басқарудың ықтималдылықты моделі қарастырылады. Қарастырылған модельдер үздiксiз және қосалқы қор деңгейінің периодты бақылауы бар моделдерде бөлшектенедi. Көп сатылы, бiр этапты үлгiлер де периодты бақылауы бар моделдерде бұл сыныпта болады.

2 ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРҒА ШОЛУ

Төменде қарастырылатын модельдер жорамалдардың қатарында негізделді. Олар іс жүзіндегі жағдайларда жиі бұзылады. Бұл қорларды басқару моделдерінің күрделенуіне алып келеді. Осындай модельдердің басты-басты өзге түрлерін атап өтейік.

1) Практикада қолданылатын қорларды басқарудың көптеген жүйелерінде жүздеген және тіпті мыңдаған өнім атаулары бар. Қарапайым мысал ретінде ірі универмаг немесе зауыт- дайындаушы бола алады. Мұндай жағдайларда жоғары жылдық сатылу құнына ие тауар түрлерін зерттеумен мақсатты түрде шектеледі. Бір емес бірнеше тауар түрінің қорларды басқару процесін моделдеу үшін көпөнімді деп аталатын қорларды басқару моделі жасалған.

2) Өнімнің бірнеше түрінің болуымен байланысты мәселелер қойма қуатының шектелуіне байланысты күрделенуі мүмкін. Сатушы сөресі немесе бос алаңдардың болуы құрылатын қорларды басқару моделіне әсер ететін, әрбір нақты дүкенді жоспарлау жағынан қатаң анықталған шектейтін фактор болып табылады.

3) Практикада негізінен сұраныс және жабдықтау уақыты детерминир-ленген емес, ықтимал шама болып табылады. Белгісіздік факторын формализациялау үшiн тиісті модельдерде нақты параметрлерді тарату заңы туралы тұспалдайды(нормаль үлестірім немесе Пуассон үлестірімі) . Осы жағдайда қорларды басқару бойынша қолданылатын шешім анықталған ықтималдықпен нақты нәтижелерге кепiлдiк бередi(мысалы, тапшылыққа жол бермеу) .

4) Қорларды басқару жүйесі бірден көп объектті қосуы ерекше күрделi жағдайлар болып табылады, мысалы, бiрнеше дүкендер және орталық әмбебап дүкен. Администрацияға орталық әмбебап дүкенде және майда дүкендерде қандай тауарларды сақтауға және сатуға болатыны туралы, әрбір тауар түрінің көлемі мен тапсырыс жиілігіне байланысты шешім қабылдауға тура келеді. Осындай жағдайларда аналитикалық емес, оқиғаларды дамытудың мүмкін үлгілерін ЭЕМ-нің көмегімен «орындайтын» имитациялық модельдер өте перспективалы болып табылады.

5) Қорларды басқару моделдерін құрастырулар мен қолданудың маңызды моментi болып тиiмдiлiктiң белгiсiн таңдау болып табылады. Бiз қорларды басқарудағы жалпы шығындарды минималдайтын моделдерді қарастырдық. Сайып келгенде, максимум пайда алу үшін, өзгеше шешімдерге алып келетін әр түрлi сауда кәсiпорындары бәрінен бұрын өз дүкендерінiң жұмысын ұйымдастырады.

Iс жүзiнде қорларды басқару моделіне тиісті ықпал жасайтын аталған жағдайлар жиi қиыстырылады.

Қорытынды . Қорларды басқару есебі үлкен практикалық мәнге ие. Бiз сізге сауатты және тиімді қорларды басқарумен байланысты мәселелерді шешуге көмектесетін негізгі моделдерді келтірдік.

Осы немесе өзге күрделілік дәрежесіне байланысты көптеген қорларды басқару моделдері бар. Қорларды басқарудың негізгі моделі ең қарапайымы болып табылады(Уилсон моделі, тапсырыс өлшемінің тіркелген жүйесі) . Бұл модель шындықтан біраз үзілген, бірақ пәннің, мәселенің, негізгі заңдылықтардың және қорларды басқару облысындағы әдістемелердің мәнін түсіну үшін пайдалы.

2. 1 Уилсон моделінің қолданысы

Уилсон моделін тұрғызу кезінде келесі параметрлер қолданылады:

  1. кірістер:
  1. ν - қорды тұтыну қарқындылығы, [тауар бірлігі/уақыт бірлігі] ;
  2. s - қор сақтауға кеткен шығындар, [ақша бірлігі/тауар бірлігі*уақыт бірлігі] ;
  3. K - тапсырысты іске асыруға кеткен шығындар, [ақша бірлігі] .
  1. шығыстар:
  1. Q - тапсырыс көлемі, [тауар бірлігі] ;
  2. τ - жабдықтау кезеңі
  3. L - уақыт бірлігінде қорларды басқаруға кеткен жалпы шығындар, [ақша бірлігі/уақыт бірлігі] .

Берілген модель келесі жорамалдармен сипатталатын қорларды басқару жағдайын моделдейді:

  1. тұтыну қарқындылығы априорлы мәлім және тұрақты шама, ν = const;
  2. тапсырысты жабдықтау уақыты мәлім және тұрақты шама;
  3. әрбір тапсырыс бір партия түрінде жабдықталады;
  4. К тапсырысын іске асыруға кеткен шығындар тапсырыс көлемінен тәуелсіз;
  5. қордың болмауы мүмкін емес жағдай.

Бұл модель келесі нақты жағдайларға тым жақын:

  1. негізгі тамақ өнімдерін тұтыну, мысалы, санаторияларда нанды, сүтті тұтыну (ол ауысым аралығында тұрақты болып қалады) ;
  2. ғимаратта жарықтандыру лампаларын қолдану;
  3. ірі фирмаларда канцелярялық тауарларды қолдану(қағаз, блакнот-тар, қарындыштар) ;
  4. өндірістік процесте сатылатын топтама бұйымдарды құрастыру үшін қолдану, мысалы, гайкалар мен болттар.

Қорлардың өзгеруінің барлық циклдары біркелкі болып келеді, қордағы өнімнің максималды саны Q тапсырыс көлемімен түйіседі. 2. 1. 1-суретте Уилсон моделіндегі қор деңгейі өзгеруінің циклдары графикалық түрде көрсетілген.

Қор деңгейі

Q

h h_{} h h_{} тапсырыс нүктесі

Тапсырысты алу

0 Уақыт

Жеткізу

уақыты

2. 1. 1-cурет. Уилсон моделіндегі қор деңгейі өзгеруінің циклдары

Қорларды басқару моделі оларды сақтаудың барлық кезеңінде қорларды басқару бойынша шығындарды азайтуы керек. Бұл периодтың ұзақтылығының маңызы жоқ, бұл бірқатар жоспарлы кезең болсын(жос. кез) . Онда жоспарлы кезеңде L қорларды басқарудың жалпы шығындары

L=жос. кез аралығында тапсырыстарды іске асыруға кеткен шығындар (L1) +жос. кез аралығында қорларды сақтауға кеткен шығындар (L2) [теңге. /жос. кез. ] (2. 1. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті басқару мәні
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Жобаның басқару кезеңдері
Нарық жағдайында кәсіпорынның бағалық саясатын қалыптастыру және басқару (“Raimbek Agro” ЖШС мысалында)
Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау
«Өндірісті ұйымдастру және басқару» пәнінен оқу құралы
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Есіл ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен болжау бойынша ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz