Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Жоспар
Кіріспе
І тарау
Қажым Жұмалиев . «Махамбеттану» ғылымының негізін салушы.
1.1 Академик Қажым Жұмалиевтің әдебиеттану ғылым саласындағы зерттеу еңбектері.
1.2 ХІХ ғасырдың І жартысындағы «Исатай.Махамбет» бастаған көтерілістің шығу себептері, сипаты, нәтижесі.
ІІ. тарау
2.1 Қажым Жұмалиевтің «ХVIII.XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінің мәні.
2.2 Ғалымның Махамбет Өтемісұлы жайлы монографиясындағы көтерген мәселелер.
2.3 Махамбет поэзиясының жанрлық, тақырыптық сипаты, көркемдік ерекшелігі.
Қорытынды.

Кіріспе.
Қажым Жұмалиевтің (шын аты — Қажымғали) өмірі де өз замандастарына ұқсас. 1907 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында шағын шаруалы отбасында туған ол ауыл мектебінде сауат ашып, ендігі оқуды Орынборда жалғастыруды армандайды. Сол кезеңдегі Қазақстанның астанасына бару, сонда оқу-білім іздеген жастың көбінің-ақ нысанасы болатын. Алайда Жұмалы үйінің шағын шаруашылығы баланың қаражатын көтере алмайды да, оны түсінген Қажым Жұмалиев әкесіне салмақ салмай, өз бетінше ізденіп оқу үшін үйінен қашып кетеді. Орынборда әрі пана таппай не оқуға түсе алмай жүрген баланы Сейітқали Меңдешев (сол кездегі Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы) ересектер мектебіне орналастырған. Қ.Жұмалиев бұл оқиғаны әрдайым жылылықпен еске алатын еді. Сейтақаң (ол кісіні солай атаған) бәйбішесі Разия-апайға ылғи хабарласып тұратын.
Қ.Жұмалиевтің бұдан кейін көрген мектебі — Шымкенттегі ауылшаруашылық техникумы. Мұнда оқуы да мамандық іздеу мақсатымен емес, білімін толықтыру үшін жасаған амалдың түрі тәрізді. Мамандық, кәсіп іздеуді ол содан кейін ғана, сауатын жетілдіріп, оңы мен солын танығаннан соң ойластырған. Сөйтіп, шығармашылық өнерге бет бұрған. Әдеби білімін Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында жетілдіреді.
Осы жылдары ол ақын есебінде танылып, көптеген өлеңдер мен «Егізбай мен Ерқожа» атты поэма жариялаған.
1932-1937 жылдар Қажым Жұмалиев Орал педагогтік институтында сабақ бере жүріп ақындық өнерін жалғастырады. «Шабуыл» (1933) атты өлеңдер кітабы мен «Қанды асу» (1934) атты поэмасы жарық көреді.
1937 жылдан Қажым Жұмалиев Алматыға ауысып өзі оқыған Абай атындағы педагогтік институтта жұмыс істей бастайды. 1938 жылдан бастап, қайтыс болғанға дейін (1968) отыз жыл бойы ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды. Ол бұл жылдары да әдеби шығармашылықтан қол үзген емес. 1938 жылы оның «Өмір жыры» атты өлеңдер жинағы, 1942 жылы «Айқас» атты повесі баспадан шықты. Соғыстан кейін «Біржан-Сара» операсының либреттасын, Әбу Сәрсенбаевпен бірігіп «Арбасу» атты пьеса жазды. 1957 жылы «Достық пен махаббат» атты поэма жазып, «Қырдағы күрес» деген атпен таңдамалы өлең-поэмаларын кітап етіп шығарды. Әдеби шығармашылық ісіне мезгіл-мезгіл оралып отыруын, адамның рухани таза жүруіне, жан сырын ақтаруға, нәзік сезім күйі арқылы сырласуға поэзияның құдіретті күші көмектесетінін айтып дәлелдейтін. Ол туысқан халықтар әдебиеттерінен бір сыпыра аудармалар жасауға да қатысты.
Қажым Жұмалиев өз зерттеулерінде Махамбет шығармашылығына байланысты кейбір ағат айтылған пікірлерге теориялық тұрғыдан дәлелді тұжырымдар келтіреді. Әдетте, ақын поэзиясын екі кезеңге бөліп, Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне дейінгі кезең және көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейінгі кезең деп қарастырады. Махамбеттің ақындығында, талантын да танытқан, ықпал еткен кезең – шаруалар көтерілісі. Бұл туралы Қ.Жұмалиев: «Кейбір әдебиетшілер идеясы жағынан да, стиль ерекшелігі жағынан да бұл екі кезеңде шығарылған өлеңдерді екі бөліп қарағылары келеді. Алғашқы кезеңді суреттейтін Махамбет өлеңдері оптимистік, прогрессивтік романтизмге жатады да, ал соңғы кезеңдегі өлеңдерінде пессимистік романтизм элементтері басым, сондықтан ол регрессивтік романтизмге жатуға тиісті деген пікірді ұсынады», - дей келіп: «Бірақ Исатай өліп, көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі кезеңдердегі Махамбет өлеңдерінен пессимистік сарын аңғарылады дейтін пікірге қосылуға болмайды. Бұл мүлде қате, теріс пікір», - ол өлеңдерінің өн бойында мұңлы, қайғылы сарын болғандықтан элегиялық өлеңдер қатарына жатқызады. [15.3б]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Атымов М. «Идея және композиция» Алматы, 1970 ж, 230 б.
2. Атымов М. «Қ.Жұмалиев: өмірі мен творчестволық қызметі» Алматы, 1987ж.
3. Әуезов М. «Әдебиет тарихы» Алматы, 1991ж.
4. Досмұхамедұлы Х. «Аламан» Алматы, 1991 ж.
5. Досмұхамедұлы Х. «Абай» 12 желтоқсан №5 2007ж. 14б.
6. Жұмалиев Қ. «XVIII-XIX ғасыр қазақ әдебиеті» Алматы, 1967 ж.
7. «Жас Алаш» №18 ақпан 2003ж. 4б.
8. «Жас Алаш» №65 31 мамыр 2003ж. 5б.
9. Жұмалиев Қ. «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» 1958ж.
10. Жұмалиев Қ. «Елеулі найза» Алматы, «Жазушы» 1979 ж, 188 б.
11. Жұмалиев Қ. «Жайсан жандар» Алматы, «Жазушы» 1969 ж.
12. Жұмалиев Қ. «Стиль - өнер ерекшелігі» Алматы, «Жазушы» 1966 ж.
13. Жұмалиев Қ. «Әдебиет теориясы» Алматы, 1992 ж.
14. Зайкенова Р. – «Жұлдыз» журналы. 1987 ж, №11-195 б.
15. Қирабаев С. – «Егемен Қазақстан» газеті. 1996 ж, 18-қазан.
16. Қазақстан тарихы ІІІ том, А, 2002 ж.
17. Қабдолов З. «Абай» №5 12 желтоқсан 2007ж. 3б.
18. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай» Алматы, 1989 ж.
19. Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Шымкент, «Нұрлы бейне» 2003ж. 107б.
20. «Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы туралы» («Қазақ әдебиеті», 1937ж. 35, 36, 37, 38, 41 нөмірлері),
21. «Махамбет поэзиясының тілі» («Қазақ әдебиет», 1938 ж. 23 фераль),
22. «Махамбет поэзиясы туралы» («Әдебиет майданы», 1938 ж. №4)
23. Өмірәлиев Қ. «XV-XVIІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» Алматы, 1967 ж. 149 б.
24. Социалистік Қазақстан, 1957 ж. 21-июль.
25. Сүйіншәлиев Х. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» Алматы, 1992 ж.
160 б.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қ.Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Жоспар
Кіріспе
І тарау
Қажым Жұмалиев - Махамбеттану ғылымының негізін салушы.
1.1 Академик Қажым Жұмалиевтің әдебиеттану ғылым саласындағы зерттеу
еңбектері.
1.2 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің
шығу себептері, сипаты, нәтижесі.
ІІ. тарау
1. Қажым Жұмалиевтің ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
еңбегінің мәні.
2. Ғалымның Махамбет Өтемісұлы жайлы монографиясындағы көтерген
мәселелер.
3. Махамбет поэзиясының жанрлық, тақырыптық сипаты, көркемдік
ерекшелігі.
Қорытынды.
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі, диплом жұмысының мақсат-міндеттері ... ... ... 3-
7

еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8-11

шығу себептері, сипаты, нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-
26
ІІ. тарау
2.1 Қажым Жұмалиевтің ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті еңбегінің
мәні.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27-30
2.2 Ғалымның Махамбет Өтемісұлы жайлы монографиясындағы көтерген

... ... .31-35
2.3 Махамбет поэзиясының жанрлық, тақырыптық сипаты, көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36-53 Қорытынды.

... ... ... ... . 54-57
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
58-59
Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеу барысында Қ.Жұмалиевтың Махамбеттану ғылымы саласындағы
тарих шындығын, дәуір тынысын, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, имандылық,
тәлім-тәрбие мәселелерін көрсету өзекті орын алады. Әдеби зерттеуде тарихи
тақырыпты игеру жайында ғылымның әдіс-тәсілі, машығын, ұстанар принципі
жайлы деректер келтірілді.
Зерттеуде халқымыздың салт-санасы, ауыз әдебиеті, көшпенділердің
әдет-ғұрпы, адамгершілік қасиеттері айқын көрініп, ойлы философиялық тарихы
сабақтастық принциптері қатар жүреді.
Тарих – жақсылық пен жамандықтың, жауыздық пен әділдіктің мәңгі
бітпес майданы. Мыңдаған жылдар тарих бізге ата-бабаларымыздың қуанышы мен
қайғыларынан хабардар етіп келеді. Олардың өмірлік тәжірибелері бізге
сабақ, әрі бізді сақтандыруға тиіс.
Біз таңдап алған диплом жұмысы тарихи тұлғалардың көркем әдебиеттегі
бейнесінің сомдалып жасалуына арналған.
Диплом жұмысының тақырыбы: Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ-әдебиетінде әлі күнге дейін
зерттеуді қажет ететін Махамбеттану ғылымының мәселелерін зерттеп,
толыққанды ашып көрсету. Сол арқылы ХVIII ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін ел басшылары мен батырларының орнын, мәртебесі мен ерлігін
таныту көркем әдебиетте Махамбет пен Исатай бейнесін Қ.Жұмалиев қандай
идеялық-эстетикалық мұратта әспеттеген, жалпы тарижи тұлғаның жеке
қасиеттерін салыстырмалы түрде көрсету.
Зерттеудегі міндеттер: Қ.Жұмалиев шығармашылығындағы Махамбет
образын, сондай-ақ батырдың образын зерттеу арқылы көтерілген тарихи әрі
адамгершілік мәселелердің негізін бүгінгі қоғамымыздағы ізгілендіру
мәселелермен тығыз бірлікте қарау;
Ғалымның философиялық, әлеуметтік, гуманистік, психологиялық әрі
көркемдік концепцияларын анықтау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу барысында талдау, жүйелеу,
жинақтау, салыстыру әдістерін қолдандық.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе мен екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаты мен міндеті, құрылымы мен
Махамбеттану мәселелерінен хабардар ететін мағлұматтар қарастырылады.
Негізгі бөлімінде Қ. Жұмалиевтың ХVIII- XIX ғасырдағы қазақ
әдебиеті еңбегінің мәні; ғалымның Махамбет Өтемісұлы жайлы
монографиясындағы көтерген мәселелер; Махамбет поэзиясының жанрлық,
тақырыптық сипаты, көркемдік ерекшелігі.
Кіріспе.
Қажым Жұмалиевтің (шын аты — Қажымғали) өмірі де өз замандастарына
ұқсас. 1907 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында шағын шаруалы
отбасында туған ол ауыл мектебінде сауат ашып, ендігі оқуды Орынборда
жалғастыруды армандайды. Сол кезеңдегі Қазақстанның астанасына бару, сонда
оқу-білім іздеген жастың көбінің-ақ нысанасы болатын. Алайда Жұмалы үйінің
шағын шаруашылығы баланың қаражатын көтере алмайды да, оны түсінген Қажым
Жұмалиев әкесіне салмақ салмай, өз бетінше ізденіп оқу үшін үйінен қашып
кетеді. Орынборда әрі пана таппай не оқуға түсе алмай жүрген баланы
Сейітқали Меңдешев (сол кездегі Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы)
ересектер мектебіне орналастырған. Қ.Жұмалиев бұл оқиғаны әрдайым
жылылықпен еске алатын еді. Сейтақаң (ол кісіні солай атаған) бәйбішесі
Разия-апайға ылғи хабарласып тұратын.
Қ.Жұмалиевтің бұдан кейін көрген мектебі — Шымкенттегі ауылшаруашылық
техникумы. Мұнда оқуы да мамандық іздеу мақсатымен емес, білімін толықтыру
үшін жасаған амалдың түрі тәрізді. Мамандық, кәсіп іздеуді ол содан кейін
ғана, сауатын жетілдіріп, оңы мен солын танығаннан соң ойластырған. Сөйтіп,
шығармашылық өнерге бет бұрған. Әдеби білімін Қазақтың Абай атындағы
педагогтік институтында жетілдіреді.
Осы жылдары ол ақын есебінде танылып, көптеген өлеңдер мен Егізбай
мен Ерқожа атты поэма жариялаған.
1932-1937 жылдар Қажым Жұмалиев Орал педагогтік институтында сабақ
бере жүріп ақындық өнерін жалғастырады. Шабуыл (1933) атты өлеңдер кітабы
мен Қанды асу (1934) атты поэмасы жарық көреді.
1937 жылдан Қажым Жұмалиев Алматыға ауысып өзі оқыған Абай атындағы
педагогтік институтта жұмыс істей бастайды. 1938 жылдан бастап, қайтыс
болғанға дейін (1968) отыз жыл бойы ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасын
басқарды. Ол бұл жылдары да әдеби шығармашылықтан қол үзген емес. 1938 жылы
оның Өмір жыры атты өлеңдер жинағы, 1942 жылы Айқас атты повесі
баспадан шықты. Соғыстан кейін Біржан-Сара операсының либреттасын, Әбу
Сәрсенбаевпен бірігіп Арбасу атты пьеса жазды. 1957 жылы Достық пен
махаббат атты поэма жазып, Қырдағы күрес деген атпен таңдамалы өлең-
поэмаларын кітап етіп шығарды. Әдеби шығармашылық ісіне мезгіл-мезгіл
оралып отыруын, адамның рухани таза жүруіне, жан сырын ақтаруға, нәзік
сезім күйі арқылы сырласуға поэзияның құдіретті күші көмектесетінін айтып
дәлелдейтін. Ол туысқан халықтар әдебиеттерінен бір сыпыра аудармалар
жасауға да қатысты.
Қажым Жұмалиев өз зерттеулерінде Махамбет шығармашылығына байланысты
кейбір ағат айтылған пікірлерге теориялық тұрғыдан дәлелді тұжырымдар
келтіреді. Әдетте, ақын поэзиясын екі кезеңге бөліп, Исатай Тайманұлы
бастаған шаруалар көтерілісіне дейінгі кезең және көтеріліс жеңіліске
ұшырағаннан кейінгі кезең деп қарастырады. Махамбеттің ақындығында,
талантын да танытқан, ықпал еткен кезең – шаруалар көтерілісі. Бұл туралы
Қ.Жұмалиев: Кейбір әдебиетшілер идеясы жағынан да, стиль ерекшелігі
жағынан да бұл екі кезеңде шығарылған өлеңдерді екі бөліп қарағылары
келеді. Алғашқы кезеңді суреттейтін Махамбет өлеңдері оптимистік,
прогрессивтік романтизмге жатады да, ал соңғы кезеңдегі өлеңдерінде
пессимистік романтизм элементтері басым, сондықтан ол регрессивтік
романтизмге жатуға тиісті деген пікірді ұсынады, - дей келіп: Бірақ
Исатай өліп, көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі кезеңдердегі Махамбет
өлеңдерінен пессимистік сарын аңғарылады дейтін пікірге қосылуға болмайды.
Бұл мүлде қате, теріс пікір, - ол өлеңдерінің өн бойында мұңлы, қайғылы
сарын болғандықтан элегиялық өлеңдер қатарына жатқызады. [15.3б]
Қажым Жұмалиев-Махамбеттану ғылымының негізін салушы.
1.1. Академик Қ.Жұмалиевтің әдебиеттану ғылым саласындағы зерттеу
еңбектері.
1946 жылдың маусымында ашылған Қазақстан Ғылым академиясын
ұйымдастырушылардың қатарында оның корреспондент-мүшесі болып сайланған
белгілі әдебиет зерттеуші Қажым Жұмалиев те бар еді. Ол соның алдында
ғана Ленинградтағы Шығыстану институтының докторантурасынан өтіп, филология
ғылымының докторы атағына диссертация қорғап қайтқан болатын. Республикада
Ғылым академиясын ашу мәселесі сөз бола бастаған кезде-ақ Қаныш Сәтбаев
Мәскеу, Ленинград қалаларындағы ғылыми мекемелермен сөйлесіп, бір топ ғылым
кандидаттарын докторантураға орналастыру мәселесін шешкен-ді. Солардың
бірі болып, Қажым Жұмалиев Қанекеңнің сенімін орындап, академияның ашылуына
ғылым докторы болып оралды, сөйтіп, тұңғыш Ұлттық академияның құрамына
кірді.
Қ.Жұмалиевтің әдебиетші, ғалым есебіндегі шығармашылық жолы XX ғасырдың
басынан-ақ оянуға беттеп, 20-30 жылдары рухани өсудің жолына түскен
халқымыздың өнер-білімге ұмтылысының айқын көрінісі сияқты. Қоғамдық саяси
өмірдің ауыртпашылықтарына қарамастан, бұл дәуір қазақтың рухани ой-
пікірінің дамуына кең жол ашты. Қазақ әдебиеті мен ғылымының, өнерінің
даңқын әлемге көтерген А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, К.Байсейітова, С.Қожамқұлов,
Қ.Жандарбеков, Қ.Сәтбаев, С.Аспандияров, Ө.Марғұлан, т.б. көптеген
таланттар — осы бір халықтық рухани жаңарудың түлектері. Халық бойындағы
ізденімпаздық дарын толқыны мезгіл-мезгіл жаңа ұрпақтың өкілдерін теңіздің
бетіне шығарып отырды. Қ.Жұмалиев үлкен ағаларына ілесе шыққан, олардың
жылы алақанын көрген екінші толқынның түлегі еді. [15.5б]
Әрі ақын әрі прозаик, әрі драматург ретінде де өзіндік өрнек қалдырған
ардақты ұстазымыздың қазақ совет әдебиетінің тарихы мен теориясын қалыпты
ізге салудағы сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Шағын мақаламызда біз тек оның
қазақ фольклорының үлкен бір саласы – эпостық жырларды зерттеуге қосқан
үлесі туралы ғана сөз етпекпіз.
Ғалым эпостық жырларды зерттеп қана қоймаған, оны жинап, насихаттауда
да едәуір үлес қосқан. 1939 жылы батырлар жырын жинақтап Халық поэмалары
деген атпен жариялатады. Осы кітапқа жазған алғы сөзінде қазақ әдебиетінің
халықтығы туралы мәселе көтеріп, оны маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан
дәлелдеуге күш салады. Қ.Жұмалиевтің Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері (1958) атты зерттеу еңбегі қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.
Ұзақ жылдар бойы өзінің қажырлы еңбегімен қазақ әдебиеті мен
әдебиеттану ғылымының өркендеуіне белсене атсалысқан қайраткерлердің
алдынғы сапында болған ғұлама ғалым, қажырлы қаламгер, ардақты азамат,
академик Қажым Жұмалиев есімі қазақ ауыз әдебиетін танытып білуде де
алғашқы қадам жасаушылардың қатарында аталары сөзсіз.
Қазақ әдебиеттану ғылымында Махамбет шығармашылығын барынша көп әрі
барынша терең зерттеген академик Қажым Жұмалиев болды,- деген көрнекті
ғалым Қ.Өмірәлиев сөзінде [XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі.
А.1976, 23.149-бет] нақтылы шындық бар екендігін ғалым еңбектерін
сараланғанда әйгілене түседі.
Халел Досмұхамедұлы сияқты көптеген көрнекті тұлғалардың есімі ауызға
алынбай еңбектері ескерілмей келгені әдебиет тарихынан белгілі. Халық
жауы деп жазықсыз жала жабылған аяулы азаматтардың атын атау ғана емес,
олардың зерттеген ғылымдағы объектісін одан әрі тереңдетіп зерттеудің өзі
Қажым Жұмалиев сияқты батыл да ер жүрек адамдардың ғана қолынан келетін
шаруа.
Арғы жағын айтпағанның өзінде 1937 жылғы қырғыннан кейінгі, 1950 жылғы
қуғын-сүргінді осы аралықтағы соғыс әлегі ғана кідірткен тәрізді. Өйткені
орнында бардан оңалып қаулап, қайта өскен қазақ оқымыстыларының арада он
жыл өтер-өтпестен жазықсыз жазалануы осы ойымызды айғақтайды. 1950 жылдары
ілгері басқан аяғы кейін кетіп, дұрысы бұрысқа айналып, қорлық көргендердің
жуан ортасында академик Қажым Жұмалиевте жүрген болатын. Қарымды
қаламгердің жер аударылып, сүргінде жүргендігін кейінгі әдебиетшілердің
біреуі білсе, біреуі білмес. Бірақ табиғатынан зерделі кісі бағытынан
тайып, жаны жасығанмен, әдебиет пен өнерге деген қызу құштарлығы оны өзінің
күнделікті машығынан айырған жоқ.
1937 жылы жалаң социологияның белең алып, дәуірлеп тұрған шағы болатын.
Белгілі бір қоғамда өмір сүрген өнер қайраткерлері тек өз ортасының ғана
жырын жырлап, мүддесін қорғайды деген сынаржақ қате қағиданы берік ұстанған
кейбір зерттеушілер Махамбет, Ыбырай, Абай мұраларын қазақ әдебиетінің
алтын қорына қосқысы келмеді. Тіпті данышпан Абай туралы пікір таласының
өзі 1953 жылға дейін созылды. Міне осындай ауыр жағдайда Қ.Жұмалиев
Махамбет шығармашылығы түбегейлі зерттеп, оның ардақты есімін, асыл мұрасын
азаматқа тән батылдықпен қорғап шықты.
Қазіргі Қазақ әдебиеті тіл тарихының үш томындағы (алты кітап)
қайсысында болмасын Қ.Жұмалиев араласпаған тарау кемде-кем. 1960 жылы
(жалпы редакциясын басқарған М.О.Әуезов) шыққан Қазақ халықының ауыз
әдебиеті тарихының (бірінші том, бірінші кітабы) Ер Тарғын тарауын, 1961
жылы шыққан XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті (екінші том, бірінші
кітап) тарихының жалпы редакциясын басқарған және XVIII ғасырдың соңы мен
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Бұқар жырау Қалқаманұлы,
Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы
тарауларын жазған, 1965 жылы шыққан ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
(екінші том, екінші кітап) тарихының редколлегия мүшесі және үшінші томының
екінші кітабындағы Тайыр Жароков туралы тарауды жазған да Қ.Жұмалиев.
Соңғы кезге дейін XVIII-XIX ғасыр әдебиеті жөнінде орта мектепке
арналған оқулықтар болғанмен, жоғары оқу орындары студенттері үшін оқулық
жасалынбаған болатын. Осы оқулықты байқаған Қ.Жұмалиев 1967 жылы тағы бір
жаңа оқу құралын жарыққа шығарды. Ол XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ
әдебиеті еді. Автор бұл кітабын бұрыннан өзі зерттеп жүрген бай
материалдарға сүйене отырып, жоғары мектеп программасына сәйкестендіріп
жазған. Ғалым мұнда да XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында өмір сүрген ақындар творчествосын тандап білуге кеткен
кемшіліктерге тоқтала келіп, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы
байланысты айрықша сөз етеді. Абайға дейінгі ақындарымыздың тіл
білмегендіктен де халықтың ауыз әдебиеті негізінде өсіп жетілгеннен,
кейбір ақындарымыздың шағатай-түрік, татар тілдерінде басылып шыққан
шығармаларға ғана еліктеп келгендігін айта келіп, жалпы қазақ әдебиетінің
ұшқан ұясы халықтың ауыз әдебиеті дейтін қорытынды жасайды. Сондай-ақ Бұхар
жырау өмірінен бастап Шәңгерей Бөкеев творчествосына дейін жан-жақты талдау
жасайды. Әдебиетімізде болған Бірыңғай ағым теориясын сынға ала отырып,
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында болған
әдебиеттегі екі түрлі бағытқа тоқталады. Оған сол кезде өмір сүрген ақындар
творчествосынан мысалдар келтіреді. Әсіресе, ғалымның Дулат Бабатайұлы,
Шәңгерей Бөкеев туралы зертеулері мәнді де саралы шыққан. Ғалым Дулат пен
Шәңгерей творчествосындағы қайшылықтардың шығу себептеріне тоқталады. Дулат
Бабатайұлының өз творчествосында ерлікті, елдікті жырлағаны мен жақсы
өмірді келешектен емес, кейіннен күткенін, өзі хандық дәуірден әлде қайда
кеш туса да хандықты көксегенін сынайды. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында өмір
сүрсе де қоғамда болып жатқан әлеуметтік істерге араласпай өзін дара
ұстаған жекешіл ақын Шәңгерей Бөкеев творчествосына жан-жақты талдау
жасайды. [2,103-105б]
1.2 ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Исатай-Махамбет бастаған
көтерілістің шығу себептері, сипаты, нәтижесі.
Жарқын талант, ер жүрек батыр, ісімен де, сөзімен де кейінгі ұрпақтарын
таң қалдырған Махамбет Өтемісұлы қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын
алады. Ол – езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын,
Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалысына бастан аяқ қатысқан, сол
қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі
қоғам қайраткері. Еліне, халқына шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида
еткен асыл ер, қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін туғызған қандай
жағдай еді, оған қандай тарихи-экономикалық және рухани қысымшылықтар себеп
болды деген сұрақтарға нақтылы зерттеулер жүргізіліп келеді. [6,86-87б]
Көтеріліс туралы тарихи еңбектер мен архив материалдарына қарағанда, ол
көтерілістің тууына екі түрлі жағдай себеп болғандығын айқындайды. Ең
алдымен, ол кезде ішкі Бөкей ордасын мекендеуші елдердің қонысы тарылды.
Бөкей ордасына қарайтын көптеген жерлерді князь Юсуповтар мен граф
Безбородоктар меншіктенді.
Астрахань қаласында оқып, феодалдық-дворяндық тәлім-тәрбие алып, хандық
тізгінді өз қолына алған Жәңгір хан, өзінің жерге қожалығын күшейтуге күш
салады. Өзін де, өзінің туыстары мен шашпауын көтерушілерді де жақсы
қоныспен қамтамассыз етіп, жалпы көпшілікті осы жағынан да өзінен тәуелді
етуді ойлайды. Өзі хан болғаннан кейін Бөкей ордасына қараған ең шұрайлы
жерлерді өзі алып және хан сарайы маңындағыларға үлестіре бастайды. Тарихи
мәліметтерге қарағанда, ішкі Бөкей ордасы қазақтарының пайдалануына жататын
6400 десятина жерден, 30-40 жылдар, Жәңгір ханның әмірі бойынша 4500
десятина ең жақсы жерлер ірі би-феодалдар мен сұлтандарға бөлініп беріледі.
Мысалы: хан өз меншігіне 400 мың десятина жер алып, Мүшеғали мен Шыңғали
Орманов сұлтандарға 700 мың десятина, Бабажанұлы Қарауылқожаға 340 мың
десятина, туысы Бөкейхан ұлына 400 десятина жер берген. [9, 297-298б]
Жерге қожалық пайда болып, халықтың бәріне ортақ жердің жеке адамдарға
берілуі – елдің қонысын тарылта түсті. Бұрынғыдай Бөкей ордасына қарайтын
жерлердің қатқылын жайлап, құмын қыстауларына еңбекші халықтың мүмкіншілігі
болмады. Алмалы мен Жаңақаланың аралығындағы Қамыс-Самор тәрізді, қатты
боран, қытымыр қыстарда паналайтын нарқамысты көлдер жеке меншіктілікке
айналып, жалап кетсе штраф төлейтін болды. Жасқұстан (хан ордасының тұрған
жерлерінен) бастап, Нарынның жалпақ құмына дейін, аты шулы құйқалы құмдарда
хан, не сұлтан феодалдардың меншігіне жатып, ондай жерлерді күзеу, қыстау
керек болса, ақы төлеп, соның ғана күзеуге не қыстауға мүмкін еді. Кейде
мұндай жерлерді күземей де, жаламай да, тек үстінен көшіп өту керек болса,
мал басынан от ауыз тұяқ ақы т.б. алым-салықтар алыну тәрізді халықты тым
сорақы, өрескел түрде тонаушылықтар шықты. Мұндай жөнсіз, бассыздықтарды
көре отырып, ханның оларға тыйым салуы былай тұрсын, сондай жүгенсіздікке
жол беруші қолдаушылардың бірі өзі болды.
Өткен замандарда жерді пайдалану мәселесі Жәңгір хан кезіндегіден,
анағұрлым кеңіс, анағұрлым еркін екендігін біле қалған, көре қалған, жалпы
халық көпшілігі, хан мен оның маңындағы жер иеленушілерге қатты наразы бола
бастады. Бұрынғы заманда кездесетін күшті рудың өздері жайлап жүрген
жерлеріне әлсіз руды қондырмайтын, не біреу қонып қойса, иық көрсетіп,
көшіріп жіберетін әдеттері, Жәңгір кезіндегі жер саясатынан анағұрлым жеңіл
сияқтанды. Ол кезде от ауызы, тұяқ ақы сықылды алым- салықтар атымен жоқ
болатын.
Бұл жағдайлар мал шаруашылығымен күн көретін елдерді қатты күйзелтті.
Жақсы жер, жайлы қоныс, хан, сұлтан, феодалдардың меншігіне айналып, жаз-
жайлау, күз-күзеуден айрылған халық көпшілігі еңбекшілердің шаруашылықтары
жыл сайын нашарлап, әлсірей берді.
Мұның үстіне ханның елден алатын алым салығы көбейді: қызыл киіз, тұяқ,
құшыр, пітір, хан соғымы, ханның қонақасысы деп әр алуан аттар мен халықтан
жиналатын салықтың түрлері 11-12-ге жетеді. Бөкей ордасының тарихы мен
экономикалық жағдайларын зерттеуші Харузинның айтуынша, ханның тек бір
жылғы соғымы – 4 мың жылқы немесе 24 мың қой есебіне алынған.
Бұл тәрізді халықты қанаушылар тек хан емес, сонымен қатар, оның
маңындағы сөзін сөйлеп, сойылын соғушы би-феодалдар мен бек-сұлтандар
болды.
Бөкей ордасына қарайтын 12 ру болса, сол 12 руды басқарып билеп
төстеп 12 би болатын. Алым-салық, тағы басқа да ханның ел басқару шаралары
сол өзінің таңдап қойған билері арқылы жүргізілді. Міне, осы алпауыт билер
елден хан салығын екі есе артық етіп, өз пайдаларына да қоса жинауды
дағдыға айналдырды. Бұлардың ханмен ым-жымы бір болды. Билер ханға арқа
сүйесе, хан патша үкіметіне арқа сүйейді. Сондықтан би-сұлтандар қара
халықтан қанша аламын, қалай жазалаймын десе еріктері өздерінде болды.
Халықтың зорлық-зомбылықтары ханға берілген арыздар дәйім аяқсыз қалып
отырды. Сөйтіп жақсы жерлердің бір қатарын орыстың үлкен помещиктерінің
иеленуі, көптеген шұрайлы қоныстарды хан, би-феодал, сұлтан-төре, қожа-
молдалардың өз меншіктеріне айналдыруы, алым-салықтардың түрлері көбейіп
оларды елден өндіріп алу әдістеріндегі тонаулар – жинала келіп, халықтың әл-
ауқатын жыл сайын, күн сайын күйзелте түсті.
Екінші жағынан, бұл кезде хан, би-феодалдар, бек-сұлтандардың халыққа
көрсеткен рухани қысымшылықтары бұрынғыдан да гөрі жүргенсіздікке айналды.
Хан да, би-феодалдар да сәл нәрсеге халықты жазалап, ат, шапан, айып алып,
дүре соғу шараларына шейін қолданатын болды. Бұл секілді шектен асқан
жауыздық, тонаушылық, ар-намысқа тиген рухани қысымшылықтар туралы ханға
берілген шағым- арыздар тексерілмеуі былай тұрсын, Қарауылқожа тәрізді
ханға жақын кейбір адамдардың үстінен берілген арыздарды тексеру үшін,
олардың өздеріне тапсырылатын. Өздерінің сұрқиялық қылмыстарын ашқан
арыздарды Қарауылқожа сықылдылардың қалай тергеп, арыз берушілерге қандай
шаралар қолданатыны өзінен өзі мәлім.
Міне, көтерілістің негізі – осы тәрізді екі түрлі қысымшылық: әрі
экономикалық, әрі рухани қысымшылықтар болды.
Көтеріліс негізінде, стихиялық түрде басталды. Жоғарғы айтылған
қоныстың тарылуы, сонымен байланысты шаруашылықтың әлсіреп, халық
көпшілігінің тұрмыс жағдайларының күйсізденуі, хан, сұлтан, би-феодалдардан
рухани қысымшылықтан көрушіліктің көбейе түсуі – халықтың ханға деген
наразылықтарын күн санап күшейте түсті де, алғашқы кездердегі жеке
қарсылықтардың біріге келіп, күш қосуларына тіреді.
Осындай екі түрлі ауыр жағдайдың нәтижесінде халық көтерілісі туды да
көтеріліс Исатай мен Махамбетті жарыққа шығарды.
Көтерілістің негізгі күші де - еңбекші шаруалар. Өйткені қоныстан,
жерден айрылушы да, үстем тап өкілдерінен жәбір көруші де, ең алдымен солар
еді.
Әрине көтеріліске қатысушылардың ішінде бірен-саран әлгі шаруалардың
да, кейбір ру басыларының да болғаны рас. Бірақ көтерілістің негізгі
нысанасы бұларға жат еді. Олардың бір қатары, өздерінің жеке мақсаттарын
ойлап көтеріліске қосылды: ханға қарсы толқыған халықтың тегеурінін, зор
қимылын өздері үшін пайдалануды көздеді. Ал, енді бір қатары көп қорқытады,
терең батыратын кебін киіп, хан бүйрегі бұра тұрсада көпшілік көтерілісіне
амалсыз еріп, ханмен іштей жалғасып, шынтуайтқа келгенде, хан жағына шығып
кетуді ойлаушылар еді.
Көпшіліктің наразылығын өз мақсатына пайдаланбақ болған ру басы
старшина Жүніс оқиғасын да оқығанда айтуға болады. Көтерілістің алғашқы
толқу кезеңдерінде, Исатай, Махамбетпен қатар ханға қарсы өзінше қол жинап,
ереуіл жасаған, халыққа бой көрсетушілердің бірі – Жүніс. Ол Исатай,
Махамбетпен одақтасуға уәде береді. Көп адамды қасына ертіп, ханға, жұрт
тілегін айтпақшы, орындамаса, шаппақшы да болады. Хан ордасына аттанады да.
Мұны естіген хан Жәңгір Жүністің өз тілектерін орындаймын, қолын тез
таратсын дейді.
Жүніс ханмен астыртын сөйлеседі де, өз құлқының әбден тойдырып алып,
қасына ерушілерді тез-ақ таратып жібереді. Мұны естіген Исатай, Махамбет
Жүніспен ат құйрығын мүлде кесіседі. Жүніске ерушілердің бірен-сараны
болмаса, көпшілігі Исатайларға келіп қосылады.
Осы Жүніс секілді шаруалар көтерілісін сатып кетушілердің бірі – Егіз
Құдайбергенов. Бұл да сөз жүзінде Исатай, Махамбетті жақтаушы, қолдаушы
болып көрінсе де, іс жүзінде жанға тілеулес, шын мәнінде тыңшылық жұмысын
атқарып отырады.
1837 жылы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс хан ордасын қамағанда
Астрахань мен Орынборға хабар жеткізіп, әскер сұраушының бірі де осы Егіз
деседі.
Бірақ бұлар тәрізді екі жүзді, ел сатқыштар жалпы көпшілік халық атына
кір келтіре алмайды. Еңбекші көпшіліктің жүрегі Исатай, Махамбеттер жағында
болды. Тарылса – демесіні, қысылса – сүйеніші де сол еңбекші халық
болғандығына көтеріліс тарихының бар кезеңі дәлел.
Көтерілісті, оның басшыларын сөз еткенде жеке тоқталуды қажет ететін
бір мәселе – Исатай, Махамбеттердің көтерілісіне қосылу жайлы кейбір
пікірлер.
Бұл көтеріліс және Махамбеттің өмірі, шығармалары туралы сөз
қозғағанда, кей зерттеушілер Исатайдың тарихи ролін жеңілдетіп немесе
Махамбетті Исатайдан бөліп алып қарағысы келеді. Ертерек кезде шыққан
әдебиеттерде Исатайдың ханға қарсы болуы 1835-36 жылдардан яғни осы жылдары
бір үлкен мәжілісте Исатай ханның шешіміне риза болмай, оның беделін
түсіретін ауыр-ауыр сөздер айтыпты – мыс, ханды сөктің деп хан
айналасындағы билер оған 60 атан айып салыпты –мыс міне, екеуінің араздасуы
осыдан басталыпты - мыс, - дейтін аңызға арқа сүйеушіліктер болды.
Әрине, бұл тарихи халықтың көтерілістің өзіне де, оның бастаушыларына
да, жеңіл қараушылық. Мұндай оқиғаның (Исатайға 60 атан айып салынуы) болуы
рас. Бірақ ол батырдың хан, сұлтандарға қарсы болуының бастамасы да,
негізгі себебі де емес, сонда ғана себептердің тек бір көрінісі.
Тарихи фактілерге қарағанда, Исатай осы оқиғадан бірнеше жыл бұрын хан,
сұлтандарға қарсылығы үшін екі рет ұсталып, түрмеге жатып шықты.
1815 жылы, Бөкей өлгеннен кейін, хандық тізгіні уақытша Сығайдың қолына
көшті. Осыдан екі жыл кейін, Өтеміс Құлманиязовты шауып алды деген айып
тағылып, Исатай сары ошақ крепостының түрмесіне түседі. Бірақ елдегі дос-
жарандары елден 20 мың сом қаржы жинап сол ақшаның күшімен Исатайды
түрмеден босатып алады.
1823 жылы сұлтан С.Нұрлыханов Исатайға Нысан Өтелиевтің өлімін танып,
оны кісі өлтіруші ретінде айыптап, Орынборға конвоймен айдатады. Бірақ
Орынборға жетпей-ақ жолдан қашып кетеді. Бұл екі оқиғаның екеуі де Жәңгір
хан болмас бұрын. Сондықтан жоғарғы айтылған 60 атан аңызы, ол 1824
жылдардан кейін. Өйткені Жәңгір хандық тізгінін 1824 жылы ғана өз қолына
алды. Демек, Исатайдың хан-сұлтандармен араздасуы тек бір мәселе жөнінде
ғана емес, ұзаққа созылған қайшылықтардың нәтижесі. Мұны Жәңгірдің 1837
жылғы желтоқсандағы Орынбор соғыс губернаторына жазған хаты да растайды.
Исатай еш уақытта жақсы құлықты адам болған жоқ деп жазады хан.
Исатайдың хан, сұлтандармен еш келісімге келе алмағандығын дәлелдейтін
тарихи және фольклор - әдебиет нұсқалары да аз емес.
Исатай мен Махамбетті өздеріне қаратып алу үшін хан және оның шашпау
көтерілушілері тек қана жазалау шарасын емес, әр түрлі айла-амал,
жалғандықпен бір келген алдау саясатында қолданып көрді.
Бір кездерде Жәңгір хан Исатайға және оның қол астындағы Беріш руына
жақсы жер жақсы қоныс беремін деп жариялаған. Бергенде. Бірақ Исатайда,
Махамбетте бұған алданып, халықты тастап кетпеді. Басы айдауға, малы
талауға түсіп жатқан еңбекші халықтың ауыр азаптарын өз көздерімен көріп
отырған ерлер қолдарынан келгенше халық қамы, ел мұңы үшін жұмыс істеуге
тырысты.
1826 жылы Жәңгір хан Каспий теңізі жағасындағы Құйғанарық, Қарақамыс
деген жерлердің шөбін пайдалануына, өзінің қыстаймын деген жерлерінен
қыстауына рұқсат етемін деп Исатайға кеңшілік жариялап, 1834 жылы:
Бұрылүй, Қаракүйлі, Өтепберген, Байбота, Шағалы, Қазантөнкерген, Ащыкүйлі,
Құрбаншалған, Қорғаншеген, Күнтоғай, Желқұм тағы басқа бірнеше жерлердің
жоспарын салып, Жәңгір:
Исатай Таймановтың жақсы жұмыстары үшін оның өзіне мына жоспарда
сызылған жерлерге қыстауына рұқсат етіп, осы жоспарды (планды) бекітемін,
мөр басып қол қоюшы Жәңгір хан; - деп жазды.
Әрине бұл Исатайдың жұмысты жақсы істегені үшін берілген силық емес,
батырдың өзін де, жолдастарын да, ептеп, жер-қоныс, дүние арқылы сатып алам
деу; оларды өз қолдарына қондыру, көпшіліктен бөлу; сөйтіп халықтың ханға,
би-сұлтандарға қарсылық, наразылықтарын бәсендету үшін қолданған саясат
қана еді. Шындығында Исатайды да, Махамбетті де, хан әулеті мен оның
шашбауын көтерілушілер еш уақытта да ұнатқан жоқ. Хан сөз жүзінде
көлгірсіседе өзі сүйеніп отырған Орынбор әкімдеріне жазған қағаздарының
бәрінде де олармен келісімге келмейтін жау екендігін жасырмайды, оларды
әрдайым қаралап, елден шыққан бұзық жаман адамдар етіп көрсетуге тырысады.
[9, 299-305б]
Исатай нағыз батыр. Орынсыз мақтаудың батыры емес, керек орында батыр.
Махамбеттің Байеке айтқан сөзіндей қазақ арасында ешуақытта ханға сөз
айтылған емес. Махамбет-Исатайдың жолдасы, шәкірті.
Исатай би ішінде көп сөйлемейтін сабырлы адам. Керек орында сөзге
шешен. Исатайдың сөзіне ешкім шыдай алмайды.
Ораза намазын тастамайтын Исатай тақуа адам. Заманындағы көптің көзінде
бұл да үлкен қасиет. Алдау, арбау, қулық-сұмдықты Исатай білмейді. Ісінің
бәрі әділдік, туралық, ханмен жауласып жүргенде Исатай Бөкейліктегі
беріштің Жақсымбет деген биінен ақыл сурай барады. Ханға қарсылығыңды қой,
орысқа әлің келмейді, босқа елді бүлдіресің, Жәңгір ханмен келістіріп, өз
басыңа түрлі дәреже алып беретін дегенде, Исатай тас-талқан болып ашуланып
көнбейді Берішке тиме, ауылың ғой, Жайыққа тиме, үйің ғой, жеңіле қалсаң,
бұлар қорғаның болар деп, Жақсымбет би өз руын қорғап сөз айтады.
Жақсымбеттің ақылын Исатай алмады. Мынау өз руын, мынау бөтен ру деп
бөлмелемеді. Бөкейліктегі соңғы соғыстардың бәрі Беріштің үстінде болды.
Орыстың әскері, Қарауылқожаның әскері Берішті көп талады.
Патша өкіметіне бұл көтеріліс көп тәжірибе берді:
1.Төрелер арқылы қазақты ұстап тұра алмайтындығына көзі жетті. Хан,
сұлтандардың қазақ арасында әбден қадірсіз болғанын, қазақтың төрелерге
енді бой ұсынбайтынын жақсы түсінді. Хан, сұлтандарды итеріп тастап,
жылдамырақ бұлардың орнын өзі басуға қам қыла бастады.
1844 жылы кіші жүз қазақтарын билеу туралы бірінші толық заң шықты.
Хан мен сұлтандардың қолында жарытып билік қалмады. Биліктің бәрі Орынбор
губернаторы мен пограничный комиссияға көшті. Бөкейліктегі хан, Орал,
Торғайдағы сұлтан-правительдер губернатордың чиновнигіне айналды. Бұлардың
жанындағы қорғауға қойылған әскердің саны бес жүз солдатқа жеткізілді. Ел
салдарлыққа (дистанцияға), ауылдарға (местілікке) бөлінді.
2.Қазақтың о заманғы әлеуметшілігінің бір түрі ру еді, рулықтан туған
батырлар, билер еді. Өкімет руды жоюға, батырларды, билерді жоюға қам
қылды. Ру сезімін бәсендету үшін қазақты руға бөлмеді, әуелі бөлімге,
сардарлыққа, местілікке бөлді. Кейінірек уезге, округке, болысқа бөлді.
Көтеріліске ұйытқы бола берген шекті, адай секілді бірталай ірі руларды
бірнеше облысқа, уезге, болысқа бөліп жіберді. Шен, шекпен, орын беріп
қазақтың ішінен өзіне сенімді адамдар шықты. Ру сезімін бәсеңдету үшін
қазақты руға бөлмеді, әуелі бөлімге, сардарлыққа, местілікке бөлді.
Кейінірек уезге, округке, болысқа бөлді. Көтеріліске ұйытқы бола берген
шекті, адай секілді бірталай ірі руларды бірнеше облысқа, уезге, болысқа
бөліп жіберді. Шен, шекпен, орын беріп қазақтың ішінен өзіне сенімді
адамдар шығара бастады. Қысылтаң заманда бұндай адамдардың өкіметке зор
пайдасы тиді. Сардар местный болыс, старшинаны ел сайлайтын, сұлтан –
правителді, ояз тағайындайтын қылып штат шығарды. Қазақтың билікке өш
сезімін қоздырып, елдің ішін қым-қиғаш талас қылды. Әр ауыл, әр болыс әкім
болу үшін өкіметтің адамына жүгінетін болды. Қазақтың ұлт сезімі, бірлік
сезімі бірден-бірге кеміп, бара-бара далада қалды. Бұрынғы билердің орнына
атқа мінерлер мінді, бұрынғы батырлардың орнына барымташы ұрылар пайда
болды.
3. Әбден езу үшін өкімет қазақтың шаруасы күйзелтіп құртуды ойланды.
Қазақтың жерін тартып ала бастады. Қазақтың арасына жемқор саудагерлерді
айдады. Жұт көбейді. Ел жарлы бола бастады. Экономика жағынан қазақ
нашарланды, орысқа қол бола бастады.
4. Жайық бойындағы қазақтың көтерілісіне сүйеу болып, жан беріп
отыратын Сыр менен Маңғыстаудың елдерін, шыныменен бағындыруға кірісті.
1839 жылы Перовский жандарал Сыр мен Хиуаны жаулауға аттанды. Қазақтың қақ
ортасына Жемнің басы мен Шошқакөл деген жерге екі қорған салды. Қаңтардың
21-і күні Орынбордан шыққан көп әскер қаңтардың 25-і күні қыстың
қаттылығынан өліп-талып Шошқакөлге әзер жетті. Суықтан, аштан үш-төрт
мыңдай кісіні қырып, есепсіз дүниені жойып, 1840 жылы жазына Перовский
Шошқакөлден Орынборға кері келді. Бірақ Сырға жете алмағанның өшін қазақтан
алды. Шошқакөлден қайтарында Баймағамбет төре мен Бижанов деген Орал орысын
бас қылып, көп әскер жіберіп, Жем бойындағы, Атырауды, Шыңдағы, Сомдағы,
Сағыздағы қазақтарды шаптырып алды. Сыр мен Хиуаны ала алмаса да, қазақты
бекем жүгендеуге өкімет бел байлады. Ел ішіне қорғандар салып, әскер қоюға
кірісті. 1830 жылы Маңғыстауға салған қорғанды қайта күшейтті. 1845 жылы
Ырғыз бен Торғайға екі қорған салды. 1848 жылы Қарабұтақ деген жерге қорған
салды. Билеттеп қазақ жерін қағазға түсіруге ел ішіне бірнеше рет әскерлі
комиссиялар жіберілді. Саудагерлердің, көршілес орыстардың, не болмаса
сұлтандардың шағымы бойынша өкіметке қылмысты саналған қазақтарды жазалау
үшін де ел ішіне әскер жиі шығатын болды.
Исатайдан соңғы он жылдың ішінде Жайық пен Сырдың арасын орыстың әскері
шар қылды. Ел ішіне орнаған, ел қыдырған өкімет әскері қазақтың арасындағы
қатынасты кемітіп, қазақтың бірлігін жоюға себеп болды. Әскерден сескеніп,
оза көшіп, кең жайыла алмай, жайлы қыстаулықты емін-еркін қоныстай алмай,
жазы-қысы үркумен болып, қазақтың малы жұтқа шалынғыш болды. [4, 77-78б]
Халықтың айтуына қарағанда, Махамбет арқалы күйші, композитор болған.
Қазіргі домбарашылар Махамбет күйлері деп орындап жүрген Өкініш, Қайран,
Нарын, Жұмыр, Қылыш, Жорық, Ақтабан, Тарлан, Шілтерлі терезе
т.б. көптеген күйлерге музыка зерттеушілері назар аударуы керек.
Махамбет сусындаған Қазақстанның батыс аймағындағы әдеби ортада айтулы
ақын, жыраулар көп болған.
Қазақстанның батыс өңіріндегі мұндай дәстүрлі әдеби орта болғандығын
С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов сияқты зерттеушілер, ол орта
ақындарының ең басты сипаты ерлік, батырлық жырларды жырлап тарату екенін
Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов сияқты ғалымдардың қай-қайсысы да айқын
байқап, құнарлы пікірлер айтқан. Демек, туа біткен талант, әлеуметтік
теңсіздікті сезіну, әдеби орта әсері сияқты жағдайлар көретеріліс
күндерінде Махамбеттің батыр жырау болуына жағдай жасаған. Әдетте, жырау
суырып-салма ақын, қара қылды қақ жарған әділ би аталы сөз айтар айтулы
шешен, заман, өмір, уақыт жағдайларына орай алдағына болжап, толғанар
көреген абыз, ел басына екі талай күн туған кезде ақыл берер ел ағасы, қол
бастар батыр, жұртты ерлікке үндеу соғыс жаршысы болса, Махамбетте осы
қасиеттердің бәрі бар. Себебі Махамбет жұртын жорыққа үндеген батыр жырау,
көтеріліс жаршысы, сарбаздарға да, көтеріліс басшысы Исатай батырға да
қажет сәттерде ақыл берер парасатты сөз иесі қолма-қол ақтарылар ақпа ақын.
Қ.Жұмалиев өз зерттеулерінде Махамбет шығармашылығына байланысты кейбір
ағат айтылған пікірлерге теориялық тұрғыдан дәлелді тұжырымдар келтіргенін
мақұлдау керек. Әдетте ақын шығармашылығын екі кезеңге бөліп, Исатай
Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне дейінгі кезең және көтеріліс
жеңіліске ұшырағаннан кейінгі кезең деп жүрдік. Ол орынды да болған болар.
Оған қоса Махамбет ақындығын да, талантын да танытқан, ықпал еткен шаруалар
көтерілісі. Ол болмағанда ақын танылмас еді деген ойға салатын пікірлер де
айтылып жүрді. Осы пікірлердің кейбірі туралы Қ.Жұмалиев: Кейбір
әдебиетшілер идеясы жағынан да, стиль ерекшелігі жағынан да бұл екі кезеңде
шығарылған өлеңдерді екі бөліп қарағылары келеді. Алғашқы кезеңді
суреттейтін Махамбет өлеңдері оптимистік, прогрессивтік романтизмге жатады
да, ал соңғы кезеңдегі өлеңдеріңде пессемистік романтизмге жатуға тиісті
деген пікірді ұсынады, - дей келіп: Бірақ Исатай өліп көтеріліс жеңіліс
тапқаннан кейінгі кезеңдердегі Махамбет өлеңдерінен пессемистік сарын
аңғарылады дейтін пікірге қосылуға болмайды. Бұл мүлде қате, теріс пікір,
- деп ол өлеңдерінің өң бойында мұңлы, қайғылы, сарын болғандықтан
элегиялық өлеңдер қатарына жатқызады.
Қ.Жұмалиевтің бұл пікірін тарата дәлелдей қолдаушылар болды. Сонымен
бірге Махамбет шығармаларын зерттеудегі қиындықтар туралы Қ.Жұмалиевтің:
Оның өлеңдерін хронологиялық ізбен зерттеуге бола бермейді. Бірен-саран
өлеңдері болмаса, көпшілігінің-ақ жылдарын белгілеу мүмкін емес [9,92-
93б], - деп үзілді-кесілді пікір айтуы сол уақыттың зерттеу тәсілінің
кедергі – қиындығынан болған сияқты көрінді бізге. Бұл қиындықты жеңуді
Қажекең сол кезеңде Б.Аманшин айтқан пікірді қуаттай отырып: Бұл пікір
дұрыс, бірақ қиын да, болса, келешек зерттеушілер осы бағытта
ізденушілеріне мұрындық боларлық ойландырарлық пікір,-[9,93б] деп ол
қиындықты шешуді кейінгі ұрпақ үлесіне қалдырады.
Қ.Жұмалиев Махамбет шығармаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде сол
кезеңде шешіле бермейтін, оған зерттеу тәсілдері мен тәжірибенің
жетілмегендігін зерделей келіп: Бізше Махамбеттің негізгі ерекшелігі –
оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң, құрғақ
үгітті емес, оның өлеңдерінде жалыңды саяси өткірлікпен терең ой, нәзік
сезім әрдайым ұштасып біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл
үшеуінің жігін ашып, бөліп қарауға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті
көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші әрі ардақты ақын етті. Ұзақ
жылдар бойы өзінің қажырлы еңбегімен қазақ әдебиеті мен әдебиеттану
ғылымының өркендеуіне белсене атсалысқан қайраткерлердің алдынғы сапында
болған ғұлама ғалым, қажырлы қаламгер, ардақты азамат, академик Қажым
Жұмалиев есімі халық ауыз әдебиетін танытып білуде де алғашқы қадам
жасаушылардың қатарында аталары сөзсіз [8,111б] деп ақын шеберлігінің
рухпен аяқтайды.
Жүрегі от-жалынға шарпылған күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі
мен шығармашылығы туралы дерек – мағлұматтар ерте бастан, өзінің көзі
тірісінде-ақ хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланған. Кезінде бір-бірімен
өте сенімді жақын, хан сарайының іс басқарушысы болып, кейін бітіспес жау,
ата дұшпан болған Махамбет туралы Жәңгір ханның өзі 1837 жылы 13-ші
желтоқсанда Орынбор губернаторына жолдаған хатында Махамбет көтерілістің
негізгі дем берушісі деген жазбаша мағлұмат берген екен. Ол, әрине,
Махамбетті дәріптеу үшін емес, қаралау үшін жазғаны белгілі. Қалай болғанда
да, бұл жалынды күрескерге хат жүзінде терілген алғашқы әділ де әрлі баға
болған еді.
Бұдан соң ақынның көзі тірісінде онымен кездесіп әңгімелескен Перовский
экспедициясының отряд жетекшісі, саяхатшы, әрі офицер жазушы Егор
Ковалевский өзінің 1943 жылы Санкт-Петербургтен шыққан: Странствователь по
сущям и морям атты кітабында жазылған. Онда Махамбеттің батылдығы мен
шешендігі туралы біршама мол дәріптеледі. Егор Ковалевский кезінде
Н.Г.Чернышевскиймен жақын таныс болып араласқан. Шоқан Уәлихановтың Санкт-
Петербургтың ғылыми, зиялы қауымымен таныс-біліс болуына да үлкен септігін
тигізген екен.
М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алғаш қалам
тартқандардың бірі М.Әуезов болған. Ол Махамбеттің 1925 жылы Ташкентте
Исатай-Махамбет деген жинақта жарияланған өмірі мен шығармалары туралы
алғашқы мағлұматтарға сүйене отырып, әдеби, ғылыми талдау, 1927 жылы шыққан
М.Әуезовтің Әдебиет тарихы атты еңбегінің зар заман ақындары атты
жетінші бөлімінде түсінік берген.
Әдебиет тарихында автор: Бұхар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар-заман
ақындарының басы-Махамбет,-деп, оның тек ақын ғана болып қалмай, Қан
майданда ірі қайрат көрсеткен атақты батыр болғандығын айтады.
Махамбеттің барлық өлеңдері өзінің бүкіл өмірін арнаған күреске,
отаршылдыққа, солардың қолшоқпары болған жергілікті билік иелеріне қарсы
қозғалыс, бұлқынысқа арналғандай.
Өнер өмірден туады. Қазақ әдебиетінің асыл қазынасы болып табылатын
дауылпаз ақын М.Өтемісұлының дауылды жырлары осынау өліспей-беріспей
тарихи тартыстан туған.
Тарихшылар Исатай-Махамбет бастаған азаттық күресті үш кезеңге бөліп
қарастырады:
Бірінші кезең-қарулы көтеріліске дайындық кезеңі (1833-1836 ж.ж.)
Екінші кезең-көтерілісшілердің ханға қарсы бас көтеруі мен жеңіліске
ұшырады (1837 жылдың басынан қарашаның ортасына дейінгі кезең)
Үшінші кезең-көтерілісшілердің Жайықтың сол жағына өткен кезінен бастап
көтерілістің біржола жеңіліске ұшырауы (1837 жылдың желтоқсанның ортасынан-
1838 жылдың шілдесі )
Махамбет поэзиясын осы принцпте қарасақ, оның көтерілістің үш
кезеңінен тыс төртінші негізгі кезеңді басынан кешкенін аңғарамыз. Ол кезең-
1838-1846 жылдар. [19, 21-22б]
Тарихтан белгілі 1836-1837 жылдары Исатай, Махамбет бастаған шаруалар
хан ордасына аттанады. Көтерілісшілер Жәңгір ханға заңсыз меншіктенген
жерлерді, зорлықты тартып алған малдарын қайырып беруді сұрайды.
Қарауылқожа, Балқылардың елге жасаған жәбірліктерін тексеруді, оларға шара
қолдануды талап етті. Егер халық қойған тілектерін орындамаса, хан
ордасының шабылатындығын мәлімдейді. Хан осы кезеңде талап-тілектерді
орындау үшін Исатайдан он күн мұрсат сұрап, екінші жағы Орынбор генерал-
губернаторына хат жолдап, әскери күш, көмек сұрайды. Мезгіл жағынан
есептегенде, көтерілісшілер 1837 жылы 15-20 қазан аралығында хан ордасынан
60-70 шақырым жердегі Теректі құм алқабына жеткен, 24 қазанда хан ордасынан
40 шақырымдай жерде болған. Ал 26-27 қазанда олар хан ордасынан 4-8 шақырым
жерге жетіп қос тіккен, қоршау екі аптаға созылған. Махамбеттің Исатай
атынан айтатын: Әй, Махамбет, жолдасым деп басталатын толғауында
көтерілістің осы бір тұсы тайға таңба басқандай бейнеленген...
Жазалаушы отряд қалай болғанда да көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет
бастаған негізгі шағын тобының көзін жоюды мақсат етті. Жайық бойындағы
шептер күшейтілді. Мұндай жағдайда, әрине, Жайықтан өту оңай емес-ті. Бұл
кезде ақын Шегініс деген өлеңінде:
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге келгенсін,
Талай жүрдік далада,
Әділ жаннан түңіліп, -
деп суреттейді.
Осында Махамбеттің Он екі күнде ой ойлап, Ақылды алпыс жаққа
шаптырып деуінде мән бар. Бұл 15-26 қарашаның аралығы яки он екі күн
бойына санасы санға бөлініп, қандай шешімге келуді 26 қарашада Қаныш
моласындағы кеңеске жиналып, сол жерден Жайықтан өтуге бекінгендерін
білдіретін түс еді. Ал Алты күндей алаулап дегеннің мәні – Қаныш
моласындағы бас қосудан кейін де көтерілісшілердің алдарына қойған нақты
шешімдері болғанымен, жағдайлары бұрынғысынан жақсармаған: торуыл, тінту
тіпті зарайған, тек алты күннен кейін, яғни 3 желтоқсаннан бастап жауға екі
күнгі жаңбырдан соң, кенет солтүстіктен ызғырық жел соғып, аяз қатайып,
адам мен ат баспанасыз далада қалып, бұлардың тағдырына өзгеріс енген.
Мұнан кейін Перовский Геккеге хан ордасындағы отрядты күшейтіп, жазалаушы
отрядпен кері оралуына рұқсат еткен. Бұл кезде Исатайлықтар осыған дейін
шекарадан өтуге әрекет жасамаған соң, енді олар күзеттің мықтылығынан
қорқып жолай алмайды деп, атаман Покотиловтың шекарасындағы шепті күшейтуге
жіберген отрядын да шекара әкімдері тартып жіберген. Сөйтіп, 1837 жылы 13
желтоқсанда 40 адамымен Исатай мен Махамбет Жаманқала бекінісі мен Бақсай
қамалының аралығынан кеп Жайықтан өтіп кетеді. Бірақ, Исатайлар Жайықтың
сол бетіне өткенімен, қуғын-сүргіннен айрылмайды. Сөйтіп, 1838 жылы 12
шілде күні Ақбұлақ шайқасында ер Исатай мерт болады. Өр рухты ақынның
мұраттас серігінен айрылуы орны толмас өкініш еді. Қасындағы қарулы
жасақтың көпшілігі тарап кетеді де, қасында тек аз ғана топ қалады. Осындай
қапалы күндерде Махамбет атақты Жалғыздық атты толғауын жазады.
Исатай батыр бастаған көтеріліс жеңіліп, ақын маңындағы топ селдіреп,
енді тар жол, тайғақ кешу кезеңі басталғанда, Махамбет отбасының қамын,
аман қалған бала-шағасының кейінгі тағдырын қатты ойлап толғанған.
Махамбеттің алған бетінен қайтып, бейбіт өмірге оралуға жан аңсары ауғаны
анық. Алайда заман ағымы, дәуір қайшылығы, әсіресе залымдығын ішіне бүккен
намыссыз, надан топқа деген ашу-ызасы, қайнаған кек, өзек өртеген өкініш –
барлығы жиылып келгенде, ақынның мұндай қадам жасауына мүмкіншілік
бермейді. Махамбет тағдырындағы осындай қиыншылықты кезеңдері мен азапты,
ауыр күндері оның шығармаларында көрініс тапқан. Мен Нарыннан кеткенмін,
Ұлы арман, Нарында, Уа, Нарын, Толғау, Адыра қалған Нарынның,
Жалған дүние, Мұнар күн, Қызғыш құс т.б. күрес рухына толы, жігерлі
өлеңдері оның айғағы. [19, 25-26 б]
2.1 Қ.Жұмалиевтің XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті еңбегінің мәні.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталатын әдебиетіміздің тарихын
бақылап қарасақ, оның да негізгі арнасы – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz