Мұнай және газ өндіру компаниясы қызметінің техника-экономикалық көрсіткіштерін анықтау есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Каспий Қоғамдық Университеті
«Экономика және басқару кафедрасы»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Мұнай және газ өндіру компаниясы қызметінің техника-экономикалық көрсіткіштерін анықтау есебі »
Тексерген: Тайкулакова Г. С.
Орындаған: Э-05-01 студенті
Аткельтерова М. А
АЛМАТЫ 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . . 4
2 МҰНАЙГАЗ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 5
2. 1 Мұнайға баға құру және өндірілген өнім көлемі . . . 5
2. 2 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс (НӘТТ) және оларға салынатын
салық түрлері . . . 7
2. 3 Роялти сомасы . . . 11
2. 4 Басқа да іс-әрекеттен түскен табыс (БӘТТ) және оларға салынатын
салық түрлері . . . 11
2. 5 Жалпы жылдық жиынтық табыс (ЖЖЖТ) және оларға салынатын
салық түрлері . . . 13
2. 6 Тазартылған жалпы жылдық жиынтық табыс . . . 16
2. 7 Өндірістік шығындар . . . 17
2. 8 Күрделі қаржылар немесе Бастапқы инвестициялар . . . 20
2. 9 Қарыздалған және меншік қаражаттары . . . 20
2. 10 Салық салынатын табыс және Корпоративті табыс салығы . . . 21.
2. 11 Инвесторға төленетін пайыз сомасы және қарыздалған
қазіргі ақшаның болашақтағы құны . . . 22
2. 12 Мұнай компаниялардың акционерлеріне төленетін дивиденд
көлемі . . . 23
2. 13 Дивиденд және бағалы қағаздарға салынатын салық . . . 24
2. 14 Нетто табыс . . . 24
2. 15 Өткен жылда төленген жоғары пайдаға салық . . . 25
2. 16 Таза табыс . . . 25
2. 17 Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны (КОАҚТА) . . . 26
3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ
КРИТЕРИЙЛЕРІ . . . 28
3. 1 Таза ағымдағы құн (ТАҚ) . . . 28
3. 2 Пайданың ішкі нормасы (ПІН) . . . 31
3. 3 Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігі . . . 34
3. 4 Күрделі қаржылардың қайтып келу уақыт мерзімі . . . 34
3. 5 Залалсыздық нүкте . . . 35
4 ЖОҒАРЫ ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ . . . 36
5 ӨЗІНДІК ҚҰН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ . . . 37
6 ТАЗА ҚАЛДЫҚ ПАЙДА . . . 38
7 БРУТТО ЖӘНЕ НЕТТО ПАЙДА . . . 39
8 КУМУЛЯТИВТІ ТАБЫС . . . 41
9 ИНВЕСТЖОБАНЫҢ ҚОСЫМША БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯЛАР . . . 41
10 ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 48
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының дамуының алғышарты мұнай және газ саласының дамуы болып табылады. Шикізат қорларын, соның ішінде, мұнайды экспорттау Республика экономикасының өсуі қамтамасыздандырылады. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты, минералды-шикізат қорларының қайта қалыптаспайтындығынан және олар барлық ұрпақтың ұлттық байлығы болып табылатындығынан шығады. Сондықтан стратегиялық табиғи қорларын тиімді өңдеу мен пайдаланудың алдын-ала шаралар жиынтығы қабылдануда.
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Инвестиция - кең мағынада алғанда бұл әртүрлі формадағы қаржылық және материалдық құндылықтарға бос ақша қаражаттарын салу. Экономикадағы инвестициялау процесі ақша қаражаттарын оларды иемденушіден қажетсінетіндерге қайта бөлу формасында жүзеге асырылады.
Алдын-ала шаралар жиынтығына, әрине, ең алдымен, инвестжобаны құру, оның тиімділігін есептеу, тиімді болса, капитал тарту, оны тиісті орындарға шоғырландыру, одан пайда табу кіреді. Мұнай өндіруге кететін шығындары, компанияның өндірістік шығындары және оның табыстары анықталады.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу мақсаты - тиімділікті қамтамасыз ететін өндірілген өнімнің жылдық көлемін анықтау және де инвестициялық жобаның тиімділігін басты критерийлер бойынша анықтау, яғни, таза ағымдағы құн(ТАҚ), пайданың ішкі нормасы(ПІН), күрделі қаржының өтеу уақыт мерзімі, күрделі қаржының экономикалық тиімділігі(КҚЭТ), залалсыздық нүкте(ЗН), болашақта күтіліп отырылған ақша қаражаттарының таза ағыны және тағы басқа .
Негізгі зерттеу объектісі - мұнай өндіруші компанияның негізгі іс-әрекеті.
Зерттеу пәні - инвестициялық жобаға салынған ақша қаражаттары
Зерттеу құралы - инвестжобанының құрылуы, оны құру қаншалықты тиімді екендігіне көз жеткізу және оған күрделі салымдарды тарту.
Осы курстық жұмыстың мазмұны инвестицияға түсінік беру және шығындар шегерілімінен, мұнай өндіру компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау есебінен тұрады.
1 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Капиталдың бір нысаны - қарыз капиталы. Бұл белгілі бір мерзімге пайыз үстеме өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. Қарыз - жеке адамның, заңды ұйымның және мемлекеттің қайтарма негізден және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз болып бөлінеді.
Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін капитал құрайды. Заттық нысанда капитал өндіріс құралдары болса, заттай емес нысанда - инвестиция.
Инвестиция, латын тілінен аударғанда «салу» немесе «ұзақ мерзімді салу» дегенді білдіреді. Инвестициялар:
- Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Қаржы инвестициясы және нақты инвестиция түрлеріне бөлінеді.
- Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтарының барлық түрлері.
Қарыз капиталының көзі уақытша пайдаланбаған бос ақша қаражаты, соңғысы болса, кәсіпорын мен фирманың уақытша бос қаржыларымен халықтың ақшалай қаражатынан тұрады. Несие арқылы осылардың барлығы қарыз капиталына айналады. Қазіргі экономикада несиенің бірнеше түрі бар:
1. Коммерциялық ;
2. Банктық ;
3. Мемлекеттік ;
4. Мемлекетаралық.
Инвестициялық саясат - күрделі жұмсалымдарды экономикалық өрістері мен салаларында пайдалану бағытын айқындайтын халық шаруашылығы шешімінің жиынтығы. Қазіргі инвестиция саясатныі басты міндеттері - ресурстарды өндіруші, өңдеуші және тұтынушы салаларға күрделі қаржы жұмсалымы арасындағы ара салмақты көбейту; ҒТП-ті қамтамасыз ететін инестицияларды қайта бөлу; әлеуметтік даму тағы басқа жұмсалатын қаржының үлесін арттыру.
Халықаралық тәжірибеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін даярлауға мүмкіншілік береді.
Халықаралық тәжірибеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін даярлауға мүмкіншілік береді:
-Таза ағымдағы құн (ТАҚ) ;
- Пайданың ішкі нормасы (ПІН) ;
- Күрделі қаржылардың қайтып келу уақыт мерзімі (ҚУМ) ;
- Инвестициялардың экономикалық тиімділігі;
- Залалсыздық нүкте (ЗН) .
2 МҰНАЙГАЗ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мұнай-газ өнеркәсібі елді отын - энергетикалық кешенін ең ірі және маңызды секторының бірі болып табылады. Ол ірі ресурстардың база ретінде, тұтынылатын кенорындарда үлкен қуаттылықтарға, мұнайды тасымалдау мен өңдеуде, елде жене шетелде мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу желімдерінің біршама потенциалына ие.
Бұрын, шаруашылықтың жоспарлы-әкімшіліктік жүргізу жағдайында өнімге бағалар жоспарлы түрде бекітілсе, нарықтық экономика жағдайында бағалар негізінде сұраныс пен ұсыныстың арқасында, яғни құн заңы бойынша құрылады. Экономикалық тұлғалар (кәсіпкерлер, капитал иелері, үй шаруашылығы, фирмалар) үшін маңызды категория болып баға табылады.
Тауардың бағасы өндірушілер мен тұтынушылардың жеке мүдделерін айқындауға қызмет етеді. Нарықта басты рөлдерді сатушы мен сатып алушы ойнайды.
Тауар құнының ақшалай көрінісі - Баға болып табылады.
2. 1 Мұнайға баға құру және өндірілген өнім көлемі
Баға құрулуы- бағаның деңгейлерін, ара салмағын және құрылымын қалыптастастырып, өзгерту процесі.
Баға құру тетігінің арқасында нарықты экономикада пайда болған дефицитті жояды. / Өте жоғары бағалар сұранысты азайтады және оған сәйкес өнім өндіру көлемі қысқарады. Немесе керісінше, бағаны төмендетсе, сұраныс көбейеді, және оған сәйкес өнім көлемін жоғарылатады.
Баға = Өзіндік құн + пайда
Әр жылдың 1т мұнай бағасын табу үшін бастапқы жылдың бағасын бағаның өзгеру темпіне көбейтеміз. Нәтижесі 1-кестеде:
Кесте 1.
1
жыл
2
жыл
3
жыл
4
жыл
5
жыл
6
жыл
7
жыл
1 тонна мұнай бағасы арқылы 1 баррель мұнай бағасын анықтаймыз. Инвестжоба бойынша мұнай тығыздығы ρ=0, 792 г/см
Осыдан 1 тоннадағы литр санын анықтаймыз: 1 тоннада болатын 1000 литрді берілген мұнай тығыздығына, V=m/p формуласымен бөлеміз. V= 1000/0, 792=1262, 62 л/т тең. Бір тоннада баррель саны тоннадағы литр санын баррельдегі литр санына қатынасына тең.
Яғни: 1262, 626 /159=7, 941 бар. /т Ал 1 баррель мұнайдың бағасын табу үшін, 1-ші жылдағы 1 тонна мұнай бағасын бөлеміз 1 тоннадағы мұнайдың баррель санына .
1 баррель мұнай бағасы = 1 тонна мұнай бағасы / 1 тоннадағы баррель саны
Кесте 2.
Мұнайдың өндірілген өнім көлемі .
Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорынның табыс көздері - өндірілген өнімнің қажеттілігі болып табылады. Өндірілген өнім қоғамда қажетті болмаса, оған сұраныс төмен болған жағдайда кәсіпкерлер қаражат болмауы себептен өзінің міндеттемелерін төлеуден бас тартады және шығындалған ақшалай қаражаттарын өте алмаған жағдайда сәтсіздікке ұшырайды.
Келесі көрсеткіште мұнай өндіру көлемінің өзгеру темпі берілген. Бұл көрсеткіш арқылы мұнай өндіру көлемін табамыз. Мұнай өндіру көлемі жылдан жылға өзгеріп отырады.
Бұл жобада мұнай өндіру көлемі 1 жылға байланысты есептелінеді. Инвестжоба бойынша 1 жылдың мұнай өндіру көлемі белгілі, ол 3 млн. т. /жылға тең. 1 жылдың мұнай өндіру көлемін әр жылдың өндіру коэффициентіне көбейту арқылы 7 жылдың өндіру көлемін анықтаймыз.
Мұнай өндіру көлемі= Бастапқы ж-ң мұнай өндіру көлемі * Өзгеру темпі
Кесте 3.
2
жыл
3
жыл
4
жыл
5
жыл
6
жыл
7
жыл
Бастапқы
ж-ң мұнай өндіру көлемі млн. т.
2. 2 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс (НӘТТ) және оларға салынатын
салық түрлері
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар қызметінің аса маңызды экономикалық көрсеткіші, олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді.
НӘТТ - көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Ол бір тонна мұнайдың бағасы (Б) мен өндірілген өнімнің көлемінің (Q) көбейтіндісімен анықталады:
НӘТТ= Q(Өндірілген өнім көлемі) *Б ( 1 тонна мұнай бағасы)
Бұл табыс түрі келесідей жолмен анықталады:
Кесте 4
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс қосымша құн салығынсыз
(НӘТТ ҚҚС-сыз)
Негізгі іс-әрекеттен түскен табысты тапқаннан соң, енді соның құрамындағы қосылған құн салығын (ҚҚС-сіз) есептеу болып табылады. Негізгі іс-әрекеттен түскен табыстың қосылған құн салықсыз негізгі іс-әрекеттен түскен табыс пен қосылған құн салығының өтеу коэффициентіне көбейтіндісіне тең. Қосылған құнға салынатын салық - жанама салықтың бір түрі.
2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге байланысты қосылған құнға салынатын салық мөлшерлемесі 14 пайызға тең. Түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі сатыларында төлейді. Осы салық салынатын айналымға түсімнің бәрі емес, тек өндіру мен өткізудің осы буынында қосылатын құн ғана кіреді. Қосылған құн құрамына өтелім (амортизация), үстемелермен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде кредит үшін пайыз), сондай-ақ пайда кіреді. Ал, енді негізгі іс-әрекеттен түскен табыстың ҚҚС-сыз табатын болсақ төмендегідей түрде жүзеге асырылады:
НӘТТ ҚҚС-сыз=НӘТТ * ҚҚС өтеу коэффициенті
Яғни: НӘТТ ҚҚС-сыз=НӘТТ * 0, 86
Немесе:
НӘТТ ҚҚС-сыз=НӘТТ / 1, 16279
Инвестжобамызда НӘТТ-ні ҚҚС-сызды мына жолмен табамыз:
Кесте 5
Сурет 1. НӘТТ мен НӘТТ ҚҚС-сыздың көрсеткіштер графигі.
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс қосымша құн салығы сомасымен (НӘТТ ҚҚС ∑-сы)
Қосылған құнға салынған салық Қазақстан Республикасының салық кодексінде бекітілген 14 % (пайыз) мөлшерінде негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа салынады. Негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құнға салынған салық сомасы:
НӘТТ-қа салынған ҚҚС сомасы = НӘТТ - НӘТТ ҚҚС-сыз
Немесе:
НӘТТ-қа салынған ҚҚС сомасы = НӘТТ *0, 14
Кесте 6
НӘТТ
млн. долл.
Сурет 2. Техника, экономикалық көрсеткіштердің өзара байланыс графигі
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс ҚҚС-сыз, роялтисіз (НӘТТ ҚҚС-сыз, роялтисіз) келесідей жолмен анықталады. НӘТТ ҚҚС-сыз және роялти сомасы арасындағы айырмамен:
НӘТТ ҚҚС-сыз, роялтисіз = НӘТТ ҚҚС-сыз - роялти сомасы
Кесте 7
2. 3 Роялти сомасы
Роялти - ең негізгі салығы. Ол жер байлығын пайдалану құқығына салынатын тұрақты салық (өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты) . Роялти салығын әр-бір мұнай компанилар жылына бір рет және тек қана ақшалай түрде төленеді. Роялтиге салық салу обьектісі өндірілген өнім көлемі болып табылады. Роялти ставкасы өндірілген өнім көлемінеқарай диференциялды есептеледі. Роялти салық ставкасы- 1-6% дейін. Инвестжобада роялти сомасы 5 % -ға тең деп алынды.
Роялти сомасы = ЖЖЖТ * 0, 05 (пайыз ставкасы)
Кесте 8
ЖЖЖТ
млн. т
Роялти
пайыз ставкасы
2. 4 Басқа да іс-әрекеттен түскен табыс (БӘТТ) және оларға салынатын салық түрлері
Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларды және пайдаланбаған мүліктерді сатудан түскен табыс болып табылады. Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс тыс өткізу операциялардан түскен табыстан, өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызметтерден тұрады.
Ал, тыс өткізу операцияларынан түскен табыстың өзі бағалы қағаздардың дивидендтері, жалғаудан түскен төлемдері мен айыптар, өсімдер және тұрақсыздық айыппұлдар қосындысынан құралады. Кәсіпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстан бастапқы инвестициялар мен ағымдағы шығындарды шегеріп тастаған көрінісі болып табылады.
Тыс өткізу жылжымайтын жылжитын бағалы қа- операцияларынан = мүліктен жал- + мүліктен жал- + ғаздардан
түскен табыс герлік ақы герлік ақы дивиденд
несие, қарыз
және валюта-
+ лық операция- + айыппұлдар,
лардан түскен пениялар
табыс
Бұл инвестжобада басқа да іс-әрекеттерден түскен табысты, яғни БӘТТ-ні 2-ші, 4-ші, және 6-шы жылдары аламыз. БӘТТ-ні есептеу үшін негізгі іс-әрекеттен түскен табыстан, НӘТТ-дан 17% аламыз.
БӘТТ=НӘТТ*0, 17
Кесте 9
Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс ҚҚС ∑-сы (БӘТТ ҚҚС ∑-сы)
Басқа да іс-әрекеттен түскен табысқа салынған қосылған құн салынатын салық сомасы басқа да іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құн ставкасының көбейтіндісіне тең.
БӘТТ-қа салынған ҚҚС сомасы = БӘТТ * ҚҚС ставкасы (0, 14)
Кесте 10
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz