Дене жүктемесі, оның футболдағы реттелуі және бақылануы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
Диплом жұмысы
Дене жүктемесі, оның футболдағы реттелуі және бақылануы
Орындаған
4 курс студенті Шакен С. Қ.
Ғылыми жетекшісі
б. ғ. к., доцент Маутенбаев А. Ә.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы,
доцент Гумарова Л. Ж.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
профессор Арещенко А. И.
(қолы, күні)
Алматы, 2010
Реферат
Бітіру жұмысы мазмұны 52 Беттік текстен тұрады. Оған 7 кесте, 12 диаграммалар, 5 сурет кірді. 32 әдибеттер қолданылды.
Жұмыста көп қолданалған түінді сөздер: футбол, дене күш жүктемесі, дене күш дайындығы, қан қысымы, систолалық қан қысымы, диастолалық қан қысымы, пульстық кан қысымы, өкпенің тіршілік сиымдылығы, тыныс алу жиілігі, жаттығудың қарқындылығы, аэробтық максималдық қарқындылық, лактат.
Жұмыстың өзектілігі - жас футболшылардың қан айналу және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштері анықталып, оларға сүйеніп спортшылардың дене күш жүктемелерінің реттелу әдістері және оны бақылауы жолдары зерттелінді.
Жұмыстың мақсаты - футболшылардың дене күш жүктемелерін реттелу әдістерін және оны бақылауын қадағалау үшін қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштерін зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мндеттер қойылды:
- Салыстырмалы тыныштық күінде қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштері анықталды
- Жүктемелер жасалынған соң осы ағзаның екі жүйенің көрсеткіштері аңықталды және қанша мерзімде футболшылар қалыптты жағдайға келетіні табу.
3. Тәжірибелерден алынған нәтижелеріне сүйене отырып футболшылардың дене күш жүктемелерін реттелу әдістерін және оны бақылауын қарастыру
Зерттеу объектісі ретінде - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері
Жұмыстың мақсаты: футболшылардың дене күш жүктемелерін реттелу әдістерін және оны бақылауын қадағалауішін қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштерін зерттеу
Зерттеу әдістер: Зерттелетің адамдардың организміндегі қан айналу жүйесінің көрссеткіштері, ал кейбір көрсеткіштері (артериалдық пульс) ойын кезінде де есептелінді. Екі топта адамдардың артериальдық пульсі, Коротков әдісі бойынша артериалдық қан қысымы (систолдық, диастолдық, пульстық, орташа), 1 минөттегі тыныс жиілігі, спирометрия әдісімен өкпенің тіршілік сиымдылығы анықталды.
Глоссарий
Аэробтық максималдық қарқындылық - ең жоғарғы деңгейде оттегін пайдлануқабілетін көрсетеді.
Анаэробтық қарсаң - бұл жүктеменің қарқындылығы, жүрек соғу жиілігінің немесе бұлшықеттердің жұмысы барысында оттегіні қолдануы, осы уақытта сүт қышқылының пайдаға асуымен жинақталу шапшандығы бірдей болуын айтады
Гемодинамика - қан тамырлар жиырылуындағы заңдықтарды зерттейді.
Диастолалық қан қысымы - диастола кезіндегі қан қысымының ең төменгі деңгейі.
Креатинфосфат - креатин және фосфат деген екі химиялық қоспадан тұрады, ыдыраған кезде көп мөлшердегі энергия, бұлшық еттің қысқару кезінде пайдалынады
Қан қысымы - жүрек жұмысының нәтижесінде артерия тамырларында қалыптасатың қан қысымы.
Лактат- органикалық ион сүт қышқылының ыдырауы кезінде шығады.
Өкпенің тіршілік сиымдылығы- терең дем алғаннан соңбар мүмкіндігінше өкпеден бөлініп шығарылатын ауаның мөлшері
Пульстық кан қысымы - систолалық және диастолалық қан қысымдарының айырмасы
Систолалық қан қысымы - систола кезінде байқалатын ең жоғары деңгейдегі қан қысымы
Тыныс алу жиілігі - 1 минөттегі тынысалу жиілігі
Футбол- командалық ойын түрі, ойын басты мақсаты қарсы қомандаға қарағанда көп гол соғу
Эхокардиография (ЭхоКГ) - жүрек камерасының қысымы мен көлемін ультрадыбыс арқылы зерттеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 8
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 8
1. 1 Дене күш дайындығындағы футболшылардың ұстанымы . . . 8
1. 2 Дене күшінің сапасының жаттығуларының әдістері . . . 10
1. 3 Дене күшінің жұмыс қабілетін тыныштық жағдайда бағалау . . . 14
1. 4 Дене күшінің сапасын арттырудағы жаттығудың барысын ұйымдастырудың ұстанымдары . . . 16
1. 5 Жүрек-тамыр жүйесімен оның мүмкіндігінің жағдайын бағалаудағы негізгі функционалдық-диагностикалық әдістер . . . 19
1. 6 Таулы аймақтарда өткізілетін жаттығулар . . . 20
2. МАТЕРИАЛ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 22
2. 1 Зерттеу объектісі . . . 22
2. 2 Зерттеу әдістері . . . 22
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 25
3. 1 Футболшылардың физиологиялық көрсеткіштері . . . . . . 25
3. 2 Жай адамдардың физиологиялық көрсеткіштері . . . 29
3. 3 Алынған нәтижелерді талдау . . . 34 .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41
ҚОСЫМШАЛАР . . . 43
ТҮЙІН . . . 52
Кіріспе
Футбол ойыны ежелден бүкіл қауым ойнайтын халық ойыны болғаннан кейін баршаға денсаулықтарының артуына және жақсаруына мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар футбол ойыны нағыз атлетикалық ойын. Футбол ойыны жылдамдықты, күшті, икемділікті, төзімділікті арттыруға үлкен әсер етеді. Ойын барысында футболшылар ауыртпашылығы жоғары жұмысты орындау арқылы функционалдық мүмкінділігінің арттыруына және мінез құлқының психологиялық ерекшелігін жақсартуына мүмкіндігі зор. Ойынның негізгі мақсаты - екі команданың арасында күрес арқылы жеңіске жету. Үшін пайдалана білу керек. [1]
Ойын, жаттығу сабақтары жыл бойы әртүрлі географиялық және ауа-райының өзгеруіне байланысты болғаннан кейін футболшылар ең алдымен төзімді болуына, әр жағдайға үйреншікті болуына, демек организмнің сыртқы күшке қарсылықты туғыза білуіне талап қойылады. Сонымен қатар ойынын спорттың басқа түрлерін жие пайдаланып отырады. Себебі футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы бар. [2]
Футбол деген - жеке бір әлем. Футболшылардың жеке функционалдық мүмкіндігі, коллективтегі серіктестерімен қарым-қатынасы, жеңіске жетудегі шешуші роль атқарады. [3]
Негізгі соңғы нәтижеге жету ол ойыншының жеке мүмкіндігі мен денсаулығына байланысты деп айтуымыз керек. Бұған қосымша футболшының командадағы басқа ойыншылармен қарым -қатынасында үлкен роль атқарады.
Футболшылардың биік нәтежеге жетуі үшін оның жұмыс қабілетін көтеретін параметрлер маңызды болып саналады.
Футболшылардың дене күш дайындығы негізгі фактор деп есептеледі. Оның командалық технико-тактикалық әрекеттеріне әсері бар.
Қаншама технико-тактикалық мүмкіндігі жоғары футболшы болса да, ол ешқашан жоғары нәтижеге жетпейді, оның командасы да жетпейді.
Біріншіден, себебі ойынның әрбір сәтінде ойыншылар бір уақытта белгілі бір мақсатта шешуі. Егер бір футболшының функционалдық мүмкіндігі нашар болса, онда ол ойын барысының шешуші сәтіне әсер ете алмайды. Мысалы, дене күші дайындығы нашар ойыншы өз қарсыласын қуып жете алмайды және доптан айырып қалады.
Екіншіден, ойында әрбір футболшы тез және нақты тактикалық жағдайды бағалау керек, нақты шешім қабылдауы қажет.
Үшіншіден, футбол атлетикалық ойынға айналып барады. Қазіргі футбол күрес, жекпе-жекке толы. Қарсыластан допты жеңіп алу, допқа таласта аяқта нық тұруы тек қана дене күш дайындығы жақсы футболшы жасай алады.
Төртіншіден, футбол ойыны 91-99 минут созылады, сонын ішінде доп ойында 56-64 минут болады. Сол кезде ойыншының ағзасы өте ауыр жұмыс атқарады, яғни ойын кезінде жоғарғы қозғалыс координациясын ұстау, жылдамдықты ұстау, қарсыласымен допқа талас кезінде жеңілмеу - осының барлығы тек қана төзімді ойыншы атқара алады.
Сондықтан жоғарғы төзімділік профессионалдық негізгі қасиеті.
Ойында футболист әр түрлі қозғалыстар жасау керек. Соққы, сырғанау, финттер - олар жақсы орындалады, егер ойыншының денесі иілгіш болса. Дененің иілгіштігі бұлшықеттердің созылмалылығы ойыншының жарақаттан сақтайды.
Осы қасиеттердің бәрі футболшылардың дене күш дайындығын құрайды. Сондықтан да бапкерлер жаттығу сабақтарын да, дене күш дайындығын көтеруге күш салады.
Әрбір ойыншының дене күш дайындығын білу үшін физиологиялық тест қолданылады. Тестте ойыншының жүктемеге дейін макс, мин қысымын, тыныс алу жиілігін өкпенің тіршілік алу сыйымдылығын өлшейді және жүктемеден кейін өлшейді. Содан кейін ойыншыға талдау жасап; ойыншы қандай дәрежеде дайындалғанын білеміз.
Әрбір ойыншының дене күш дайындығы қандай дәрежеде екенін білу үшін физиологиялық тесттер қолданылады. Әр спортт түрінің өзіндік физиологиялық тесті бар және оның екі түрі лабараториялық және ойын алаңындағы пайдаланады.
Сол себептен біз футболдағы дене жүктемесі және оны реттеу мен бақылау мәселесіне назар бөліп осы жұмысты орындадық.
Жұмыстың өзектілігі - жас футболшылардың қан айналу және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштері анықталып, оларға сүйеніп спортшылардың дене күш жүктемелерінің реттелу әдістері және оны бақылауы жолдары зерттелінді.
Жұмыстың мақсаты - футболшылардың дене күш жүктемелерін реттелу әдістерін және оны бақылауын қадағалауішін қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштерін зерттеу.
Осы мақсатқа жетуішін келесі міндеттер қойылды:
- Салыстырмалы тыныштық күінде қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштері анықталды.
- Жүктемелер жасалынған соң осы ағзаның екі жүйенің көрсеткіштері аңықталды және қанша мерзімде футболшылар қалыптты жағдайға келетіні табу.
- Тәжірибелерден алынған нәтижелеріне сүйене отырып футболшылардың дене күш жүктемелерін реттелу әдістерін және оны бақылауын қарастыру.
Жұмыстын жаңашылдығы. Зерттелу жас футболшыларға орта тау биіктігінде жүргізілінді, алынған зерттеулер олардың қан айналу және тыныс алу жүйелерінде бір қатар ерекшеліктерін айқындалды.
Практикалық маңызы. Тәжірибелерден алынған нәтижелерге негізделіп жас футболшылардың футболдағы дене күш жүктемелерінің реттелу әдістері және оны бақылаунда пайдалануға мүмкіншілік береді.
Бітіру жұмысы дәстүрлі жолмен жасалынған және жазылған. Жұмыс беткі парақ, реферат, глоссарий, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша бөлімдерден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Дене күш дайындығындағы футболшылардың ұстанымы
Дене күш дайындығы - ол өте ұзақ жұмыс барысы, оның мақсаты футболшылардың дене күш дайындық деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу және дайындық ойын талаптарына сай болуы керек. Мысалы ойын барысында футболшы 12 км жүгіретін болса, оның 2 км ең жоғарғы дережедегі жылдам жүгіру болу керек. Сонда төзімділік пен жылдамдық күшінің деңгейінің дамуының сапасы оған күн сайын осылай істеуге мүмкіндік береді.
Дене күш дайындығы кезінде міндеттер әртүрлі, олардың шешімі футболшылардың дайындығы мен жасына және дайындық кезеңіне байланысты.
Футболшылардың дене күшінің дайындығының жұмыс барысын 3 принципті топқа бөлеміз:
1) Дене күш дайындығының жалпы ұстанымы, барлық спорт түріне бірдей.
2) Спорт ойындағы (баскетбол, волейбол, гандбол)
3) Футболшылар үшін ерекше дене күш дайындығының ұстанымы
Егер осының бәрін біріктіріп қарасақ, онда ең негізгілері мыналар
1. Жалпы және арнайы дене күшінің дайындығының бірлігі.
2. Футболшылардың жарыстық ойындар мен жаттығу барысында күшінің сапасының көріну бірлігі.
3. Жарыстық ойындармен белгілі жаттығу барысында футболшылардың дене күш сапасының ең жоғарғы деңгейге бағытталуы.
4. Дене күш дайындығын тоқтатпау.
5. Жаттығу жүктемесінің әртүрлілігі.
6. Дене күш дайындығының барысында жекелеген орынды әдіспен амалдарды қолдану.
7. Дене күш дайындығындағы циклділік және сабақ түрінің жиынтығын циклдер қатарында пайдалану[4, 5]
Футбол талаптарына байланысты осы ұстанымдардың мазмұнын қарастырайық:
- Жалпы (ерекше емес) және арнайы дене күш дайындығының бірлігі.
Футболшыларды дайындау барысында жаттығуларды екі топқа бөледі; ерекше емес жаттығу (олар жүгіру, секіру және күш құрылғысында жаттығулар) және арнайы жаттығулар (технико-тактикалық)
Бірінші топтағы жаттығулар дене күшінің негізін дамытуға бағытталады. (жалпы төзімділік пен күш) ал екінші топтағы жаттығулар осы негізгі сапаларды, арнайы жаттығуға қайта айналдырады.
- Футболшылардың жаттығулар мен ойындар барысында дене күшінің сапасының көріну бірлігі.
Кәсіби футболшылардың бір жылдық цикл ішінде 45-65 ресми ойын өткізеді. Бұл ойындардың жүктемесінің дене күш дамуына әсер етуі өте маңызды және белгілі құрылымыда бар, осындай құрылымдар (структура) барлық жаттығу сабақтарында болу керек. Тек осы жағдайда ғана жаттықтырулармен жарыс ойындарының бірлігін қамтамасыз етуге болады.
- Белгілі бір жаттығуларда дене күш сапасының ең жоғарғы деңгейге бағытталуының пайда болуы.
Дене күш сапасының ең жоғарғы деңгейдегі ұстанымының байқалуы, жаттығу мен дене күш дайындылығының мақсатын анықтайды.
Ойыншы қанша дарынды болғанымен, ең жоғарғы спорттық дәрежеге жету үшін шаршамай, ерінбей, барын салып жаттығуы керек. Сонда ғана дене күш сапасы пайда болып, оның құрылымы ойын құрылымына сәйкес болады.
- Дене күшінің дайындыңдығының жұмыс барысын тоқтатпау
Бұл жұмыс барысы жаттығулардың бағытымен уақыты бірдей болып бір-бірімен өте тығыз байланыста болғанда ғана әсерлі болады, сондықтан футболда жаттығулар үзілмей жүргізілуі керек.
- Жаттығу жүктемесінің түрінің өзгеруі.
Футболда жүктемені өзгертіп отыру өте маңызды
А) көлемі жағынан бірдей жүктемені әрдайым қолдана беруге болмайды оған спортшы тез бейімделіп алады да, өзінің өсуін тоқтатады.
Б) Футболшыларды дайындаудың арнаулы жаттығулар ең негізгі болып саналады. Олардың бағыттары шамамен бірдей, олар аралас сипатта немесе аэробтық сипатта болады. ЖСЖ барлығында 130-160 мин болады. Үлкен көлемдегі жаттығулардың бірдей жұмысы дене күшінің жұмыс қабілетінің тұрақты болуына әкеледі, бірақ ол жоғарғы деңгейде болмайды.
В) Күнделікті жағдайда футболшының дене күшінің жағдайы құбылмалы өзгеріп тұрады, ол алдағы күні болған жүктемеден кейін, қайтадан өзіне келу жылдамдығына байланысты, осыны ескере отырып келесіжаттығударды ыңғайлы жоспарлау керек.
6. Футболшылардың дене күшінің дайындығындағы амалдар мен тәсілдердің орынды жекелендіру
Футболды жоспарлаған кезде мына екі факторды еске алу керек.
1) Ойыншының құрылымы әр футболшының дене күшінің әзірлігінің сипатын анықтауды талап етеді.
2) Әр футболшының дайындығының құрылымы. Ойынды жоспарлаған кезде ойын талаптарымен қатар, әр ойыншының жаттығуларынында құрылымын ескеру қажет.
7) Дене күш дайындығы барысындағы циклділік және оны сабақтың түрлерінде пайдалану.
Циклділік жаттығу сабақтарын белгілі бір уақытта қайталау кезінде көрінеді, ол сабақтар:микроцикл, мезоцикл және макроциклдер.
Футболдағы ең негізгі цикл-макроцикл (оны жарыс кезінде ойын аралық цикл депте атайды. ) . Ең негізгі нәтижелі цикл. Бірапталық ойын аралық циклі. Осы цикл арқылы жүктемені жақсы жоспарлап келесі ойынға әзірленуге және жаттығудың түрлі стратегиялық сұрақтарын шешуге болады.
Ұзақтығы жағынан бірдей циклдердің болуы оның мазмұнымен міндетіне қарай біріктіруге болады.
1. 2 Дене күшінің сапасының жаттығуларының әдістері
Дене күшінің дайындығын әбден жетілдірілген деңгейге жеткізу үшін, түрлі жарыстар мен жарыстар сабақтарын орындау керек. Әр жаттығудың өзіндік сипаты бар, осы жаттығулардың әсерлерін дұрыс пайдалана білу арқылы дене күшінің сапасын арттыру мақсатына жетуге болады.
Жарыстық ойындар бүкіл командаға бірдей футбол ережелері бойынша жүргізілетін болғандықтан шұғыл жаттығудың әсерлерін білуге болады. Бір маусым ішіндегі(кәсіби ойыншылар үшін (50-65ойын) ойындар санының көп кезінде дене күшіне жарыстық ойындардың жүктемесінің дәрежесі қандай екенін алдын ала болжауға болады.
Ал жаттығу сабақтарындағы жағдай басқаша, онда шұғыл жаттығу әсерінің көлемімен бағыты әртүрлі себептерге байланысты. Оның ішінде жаттығу сабақтарының жүргізілу әдісіне де байланысты.
Дене күшінің дайындығының екі әдісі бар:
- толассыз жүргізу
- бөліп-үзіліс пен жүргізу
Үздіксіз немесе толассыз әдіс арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізу
Үздіксіз жаттығудың сипаты мынадай, бапкер жаттығулардың ұзақтығымен қарқындылығын арттырып береді, ал оны футболшы үзіліспен орындайды. Мысалы бапкер 40-60 минутқа кросс жүгіруді немесе 8 ойыншыны 8ойыншыға 30-40минут қарсы ойнатуды жоспарлайды, оны футболшылар міндетті түрде үздіксіз орындайды, міне осылар шұғыл жаттығу әсерінің көлемі мен бағытын анықтайды. 45минуттық кросс жүгіру жүгіру жылдамдығы аэробтық қарсаңында салыстырмалы бір қалыпта орындалады. Жақсы дайындалған ойыншыларда ЖСЖ 150мин аспайды, қалған 43минутта таза аэробтық жұмыс жүреді:олар аэробтық энергетикалық механизмдерімен қамтамасыз етіледіде барлық уақытта жаттығулар меңгеріліп отырылады.
Ауыспалы қабілеттіліктің үздіксіз жаттығулары-футболшыларды жаттықтыруда ең кең тараған түрі. Біріншіден ойынның өзі - ол жаттығудың ең бір ауыспалы қабілетті түрі, ол ЖСЖ -деде жақсы көрінеді . Ойын жаттығуларында, егер ол бір рет және үзіліссіз орындалса, қарқынды актив фаза, қарқынсыз пассив фазамен алмасып отырады. Актив фаза ЖСЖ көрсеткіші 180-200 мин болады, анаэробтық механизмдердің белсенділігі көтеріледі.
Үздіксіз жаттығулардағы көп циклдар энергетика жүйесінің актив фаза жаттығуларында жылдам жетіліп ашылуына оң әсер етеді және пассив фазасы тез орнына келеді. Осындай жаттығулар ойын құрылымына сәйкес және олар футболшының қозғалыс сапасының артуына пайдалы
Үзіліспен орындалатын жаттығулар әдісі
Бұл әдістеде актив және пассив фазалары бар. Бірақ үздіксіз әдістен айырмашылығы, пассив фазада жаттығулар төменгі қарқынмен орындалады, пассив фазада - үзіліс әдісімен орындалатын әдіс - ол тыныштық әдісі, Жүктеме бұл жағдайда мына компоненттерге байланысты болады:
- актив фазасының ұзақтығы ұзақтығы
б) жаттығуларды орындаудың қарқындылығы
в) жаттығуларды қайталау саны
г) қайталау мен сериялы қайталау арасындағы демалыс арасының ұзақтығы
д) демалыс сипаты (жаттығулар арасындағы демалыс кезінде ештене істемей газонда отыруға болады)
Футбол жаттығуларының жүктемесі, жаттығудың күрделілігіне, ойын жаттығуларының міндетіне, оған қатысатын футболшылардың санына және ойын алаңының көлеміне байланысты болады.
Жедел жаттығу әсерінің көлемімен бағытын өзгерту үшін жүктеменің құрамын өзгертіп отыру қажет [6, 7]
Қайталау әдісін қолданғанда бапкер бұл жаттығуда не күтетінін анықтауы керек. Осыдан кейін ол қайталаудың ұзақтығын, оның қарқындылығын, қайталау санын және демалысты жоспарлайды. Бірақ жаттығуларды орындап болғаннан кейін белгілі болады. Әр футболшы үшін жедел жаттығу әсерінің маңызы әр түрлі екенін білеміз. Олар 3 факторға анализ жасау арқылы түсіндіріледі.
- Футболшы жаттығуды әр түрлі қарқында жүргізеді. Онда ЖСЖ ештеңе әсер етпейді.
- Футболшылардың дайындық деңгейі әртүрлі, дайындығы төмендерде ЖСЖ жоғары.
- Спортшылардың жүрек қан жүйесінің жұмысының ерекшеліктері, міне осы жағдай футболшының ЖСЖ көрсеткіштерінің әртүрлілігін көрсетеді.
Сонымен екі әдісті (үзіліспен үзіліссіз) жаттығуларда қолдану бірнеше факторларға байланысты. Оларды негізінен жаттығу барысында щешуге тура келеді.
Футболдың физиологиясы
Биологиялық критериялар жүктемесінің негізгі индикаторы болып табылады. Жарыстың ережесі бойынша ресми ойындарда футболшыға ешқандай ешқандай тіркегіш құралдарды қолдануға болмайды. Бірақ оны бақылау ойындарында істеуге болады. сондықтан мамандар ЖСЖ ойын үстінде тексереді. Бұған қосымша футболшыларды ойыннан шақырып алып қан тапсыртқызады, мұны олар ойынның актив және пассив фазасынан кейін істейді, қанды тексеруден өткізіп құрамында сүт қышқылының шоғырлануын біледі. [8, 9, 10, 11]
Осы жолмен бұлшық биопсиясын ойынға дейін, ойын кезінде және ойыннан кейін жүргізіп футболшының бұлшық етіндегі гликоген қорының өзгерісін анықтайды.
Бұл мәліметтерді ойынның жүктемесін анықтау үшін қолданады және жаттығу сабақтарында қолдану үшін жасайды. [12, 13, 14]
Ойындағы ЖСЖ
Ойын жүктемесінің жоғарғы көрсеткіші деп мамандар ЖСЖ атайды. ЖСЖ ойын кезіндегі көрсеткіштері мынадай факторларға байланысты:
- дене күші жұмыс қабілетінің деңгейіне байланысты, жоғары болған сайын ЖСЖ төмен болады.
- Ойын кезінде футболшының қозғалыс әрекетінің қабілеті биік болған сайын ЖСЖ төмен болады.
- активпен пассив фазаларының ұзақтығының арақатынасы. Егер актив фаза ұзақтығы жағынан пассивтен артық болса, онда ЖСЖ көрсеткіштеріде жоғары болады.
- Ойыншы амплуасы. Ортадағы қорғаушының ЖСЖ басқа ойыншыларға қарағанда төмен болады.
- Әр ойыншының жүрек тамыр қан айналымының жекелеген ерекшеліктері.
- Командамен топтардың өздерінің қалап алған әрекеттері. Мысалы: шабуылшы, қарсыласының айағында доптан айырылып қалып, артқа шегініп, кешігіп барып допты өз алаңына қарай алу үшін ұмтылған кезде, ЖСЖ бұл әрекеті кезінде жоғары болмайды. Ал егерде кейбір футболшылар доптан айырылып қалғаннан кейін, бірден қарқынды түрде доп үшін күреске араласып кетеді, ал басқалары қарсыласының шабуылын тоқтату үшін орын алмастырады, бұл кезде ЖСЖ жоғары болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz