Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық экономикасы


Қазақстан Республикасы
“Тұран” университеті
Кафедра:"Жалпы теориялық
экономикалық пәндер"
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылық экономикасы»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Қазақстанның ауыл шаруашылығының мәні,
құрылымы мен қызметі
1. 1 Ауыл шаруашылығының экономикалық мәні . . . 5
1. 2 Аграрлық реформа және шаруашылық реформа жүргізудің
нарықтық механизімінің қалыптасуы . . . 7
II. Қазақстанның ауыл шаруашылығының қазіргі
жағдайы және дамуы
2. 1 Ауыл шаруашылығындағы кооперация жүйесін
мемлекеттік реттеу . . . 11
2. 2 Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару
жүйесін жетілдіру . . . 16
III. Қазақстанның ауыл шаруашылығын өркендету мәселе-
лері және қайшылықтарды шешу жолдары
3. 1 Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды
шешу жолдарын . . . 21
3. 2 Аграрлық секторды дамытудың кейбір факторлары . . . 23
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Бүгінгі нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығының жағдайы көпшілік кауымды ойлаңдыруда. Ауыл шаруашылығы экономикасын реформалаудың елеулі нәтижелері болғанымен, айтарлықтай жетістіктер байқалмады. Агросектордың қазіргі әлеуметтік - экономикалык жағдайы барлық аграршы ғалымдарды толғандыруда. Жаппай жекешелендіру, реформалардан кейінгі АӨК-нің экономикалық жағынан тиімді жұмыс жасауы, агробизнестің нық калыптасуы, агросектордағы сервистік кызметтің жетілдірілуі мәселелерінің жан-жақты құрастырылуы кезек күттірмейтін жұмыстар болыл табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік кұны калай анықталуда? Әлбетте, өнімнің өзіндік құнының неғұрлым төмен болғаны оның баға белгілеу процесінде соғұрлым тұрақтылығына жағдай тудырады. Ауыл шаруашылығында өнім аларда жұмсалынатын күнделікті шығындар көп жағдайларда кәсіпорындарды калыпты жағдайға келтіруді көздеген күрделі шығындармен катар орын алады, бірақ ол түбінде әлгі екі түрлі шығынның да тиімділігін кемітеді. Және бір ерекшелігі, ауыл шаруашылығының жұмыскерлері басқа жұмыскерлердің еңбек өнімділігіне тікелей әсер етпестен, өздерінің еңбегін арттыруына және төмендетуіне де болады, өйткені мұнда өндіріс салаларына тән қатаң технологиялык байланыс жоқ. Сонымен қатар өнеркәсіпке қарағанда ауьл шаруашылығында өнімнің құны өндірістің орта жағдайында жұмсалатын орташа шығынмен белгіленбейді, кұнарлығы жағынан, орналасуы жағынан, жер участогына қосымша жұмсалған еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының өнімділігі жағынан нашар участоктарға жұмсалған кажетті еңбекпен белгіленеді.
Өнім, яғни таурдың өндірілуі тауар - ақша қатынастарынын калыптасуына негіз болады. Себебі, шаруашылықтар сатуға немесе өндіріс қажеті үшін жұмсауға болатын тауар өндіреді. Осыған байланысты К. Маркс "Қосымша құн теориясы" еңбегінде: "Егіншілік рынокка өндірген дәрежеде тауар өндіреді, заттарды өзінің тұтынуы үшін емес, сату үшін өндіреді, міне, сол дәрежеде егіншілік өзінің шығындарын есептейді және олардың әрбір бабын белгілі бір затты өзінен езі (яғни өзінің өндірісінде) сатып ала ма немесе үшінші адамнан сатып ала ма, оған байланыссыз тауар деп қарайды. Өнім тауарға айналған кезде. әрине, өндіріс элементтері де тауарға айналады, өйткені бұл элементтер де нақ сондай өнімдер ғой. Демек, бидай, пішен, мал, әртүрлі тұкым, тағы сондайлар тауар ретінде сатылатын болғандықтан . . . , - олар да өндіріске тауар ретінде енеді . . . ", - деп ауыл шаруашылығындағы өнім өндірісінің тауар өндірісі қасиеттеріне ұқсас екендігіне түсініктеме келтірген.
Өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіндік (спецификациялык) ерекшелігі сұраныс заңдылығында ғана емес, сонымен қатар ұсыным зандылығыңда да көрініс табады. Нарықтық экономика жағдайында сұраныс келеміне әсер еткендей ұсынымға да негізінен баға әсер етеді. Ұсынымның классикалык заңы: бағаның көтерілуі ұсыным көлемінің көбеюіне, керісінше жағдайы темендеуіне әкеліп соқтыратынын керсетеді.
Ауылшаруашылық саласындағы ұсыныс заңының қызметінде басқа сфераларда байқалмайтын ерекшеліктер көрінеді. Бұл саладағы өндіріс циклінің ұзақтығы, малдар мен өсімдіктердің биологиялык параметрлерге тәуелділігі деген секілді табиғи ерекшеліктер, бағаның өзгеруіне сұраныс заңымен салыстырғанда, ұсынымның өзгеруі белсенді болмайды деген
тұжырымға келтіреді. Басқа салаларға қарағанда ауьл шаруашылығы өнімдерін нарықка ұсыну бейімділігі салыстырмалы түрде
төмен. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы және оның табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігі де ұсыныстың белсенді болмауына әсер етеді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде бейімділіктің осы дәрежесінде ерекшеленетін "уакытша интервалдар" түсінігін келтіруге болады. Бұған қыскаша тоқтала кетсек, уакытша интервалдардың ұзақтығы ауыл шаруашылығында ұсыныстың бейімділігін аныктайтын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мұндағы қысқа мерзімді кезеңде ұсыныстың бейімділігі дайындалып қойылған өнім қорының болуымен анықталса, орташа мерзімде ұсыным бейімділігі біршама жоғары (өндірістік циклдің мүмкіндіктері шегінде) болатындығын байқаймыз. Ал ұзак мерзімді кезеңде ауьл шарушылығы өнімінің ұсыным бейімділігі өте жоғары болады. Бұл ұсыным заңы нарықта өндірушілердің тауарларын тұтынушылардың сатып алу мүмкіндігін сипаттайды деген тұжырымды негіздей түседі.
Ауыл шаруашылығының осы қарастырылған негізгі экономика заңдары ыңғайында жүргізілуі оның болашағына үмітпен көз жүгірттіреді. Себебі, бұл заңдар ағымына қажет саланы тиімді ұйымдастыра білу керек.
I. Қазақстанның ауыл шаруашылығының мәні, құрылымы
мен қызметі
1. 1Ауыл шаруашылығының зкономикалык мәні
Ауыл шаруашылығында тұрақты экономикалық дамудың басты алғы шарты жерді тиімді пайдалану. Біздің елімізде бұл іс ақсап тұр.
Республикада 272, 5 миллион гектар жер бар, оның 226, 6 миллион гектары ауыл шаруашылығы жері, бұл бүкіл Батыс Еуропаның барлық жерінің 60 пайызы.
Біздің мемлекетте жерге байланысты мемлекет те, қоғам да жете көңіл бөлмей келе жатқан өте үлкен проблема бар, ол - жердің орасан зор көлемде азғындауға ұшырауы. Біз жеріміздің көптігімен мақтанамыз. Бірақ 2 'млн. гектар жер Семей полигонында радиоактивті қалдықтармен бүлініп жарамсыз, тіпті, аса қауыпті жағдайда. 4, 8 млн. гектар жер Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу, сынау алаңында. Осы секілді түкке жарамсыз жер көлемі республика бойынша 66, 45 млн. гектар, оның ішінде зиянды жер - 15, 5 млн. гектардай. Соңғы отыз жылда ауыл шаруашылығы жерінің 90 млн. гектары азғындауға ұшырап, жарамсызданған. Суармалы жер бізде өте аз, 1990 жылы 2, 37 млн. гектар еді, сол жердің 1994 жылдың 1 қаңтарына 1, 9 млн. гектары қалды, қалғаны жарамсызданды. 1999 жылдың 1 қаңтарында жердің 1, 4 млн. гектары ғана жарамды болса, ал 2001 жылы оның тек қана 900 мың гектары ғана егілді, қалғаны жарамсыз. Сонда он жылға жетпейтін уақытта 1 млн. гектар суармалы жерден айрылдық. Бір кездері 35 млн. гектарға жуық жерге дәнді дақыл септік, өткен жылы 11 млн. гектарға ғана себілді. Қалған жердің құнары азайды, ғалымдардың дәлелдеуінше бізде соңғы он жыл ішінде 1 млрд. тонна гумус желге ұшты. Еліміздегі барлық жердің үштен екісі үлкенді-кішілі азғындауға ұшыраған.
Жерді тиімді пайдалану үшін, ең алдымен, ғылыми негізде дәлелденген жерді күтіпбаптаудың шарттары орындалуы керек. Егер ауыл шаруашылығына арналған жер суармалы өңірде орналасқан болса, онда мелиорация мен ирригация, ауыспалы егіс жүйесі сақталуы тиіс. Бүгінде
біздің суармалы жерлеріміздің пайдаланылуы қалай? Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты жүргізілген кезде, суармалы жер өте ұсақ жер үлестеріне бөлінді. Мысалы, халық жиі тұратын, еткен еңбегінің қайтарымы басқа өңірлермен салыстырмалы түрде алғанда мол Оңтүстік Қазақстан облысында жердің аудандық орташа көрсеткіші 0, 5 гектар мен 1 гектар аралығында. Сонда бір отбасында жер үлесі белгіленген 3-6 жан бар десек, әр үйге орта есеппен 1, 5-6 гектар шамасында жер үлесі тиген. Ірі шаруа (фермер) қожалықтары құрылған жағдайлар да бар, бірақ олар арнаулы жер қорына бөлінген жерден алған жекеленген адамдар ғана, әр ауданда олардың саны жүзден аспайды. Сонымен, азғантай ғана үлестік жерге ие болып қалған шаруалардың үлес салмағы 95 пайыз десек, бүгінде жермен тірлік жасап отбасын бағудан басқа амалы қалмағандықтан олардың әрбірі өз үлесін жеке-жеке бөліп алып, шамасы келгенінше жүмыс атқарып жатыр. Бүндай жағдайда мелиорация, ирригация мен ауыспалы егіс жөнінде сөз қозғаудың өзі күлкілі.
Екіншіден, біржарым екі гектар, тіпті отыз гектар жерді ұзақ мерзімге пайдалану құқығымен алған шаруа өзіне техника сатып алуы қиын, себебі ол техника ондай шаруалардың ондаған, тіпті жүздегендері біріккенде ғана өзін-өзі ақтайды, жыл бойында толыққанды жұмыс атқарады.
Үшіншіден, шаруа жыл соңында өндірген өнімін сатудан түскен азғана қаржысын ұқыпты пайдаланбайды, аз күнде түгісіп алады. Сөйтеді де жаңа егіс жылының барлық ісін болашақ өнім есебінен дайындаушы мекемелерден фьючерстік жолмен қарызға алады. Жыл жақсы қорытындыланып, өнім болған жылы қарыздан құтылып, азын-аулақ табыс табады, ал жыл қолайлы болмағанда, немесе өндірілген өнімнің бағасы арзандағанда шаруа бір жыл босқа жұмыс істегеніне қоса, қарызға да белшесінен батады.
Жағдай далалық жерлердегі ауыл шаруашылығы кәсіпшілерінде де осылай. Оларда бір отбасына шаққанда гектар көлемі суармалы жердегіден отыз -қырық есе көп болғанымен шығын азырақ, бірақ табыс та көлемді емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің осы жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай жер қатынастарын реттеудің алдағы кезеңінде ауыл шаруашылығы жерін біртіндеп жеке меншікке беру қарастырылмақ. Бұл істі жеделдетілген науқанға айналдыруға болмайды, алдымен негізгі стратегиясын жоспарлап алып бастаған дұрыс. Мәселен, тұрақты пайдалануға беру тәжірибесін жалғастыра беруді жеке меншікке берумен қатар жүргізген жөн. Жеке меншікке берерде алдымен шаруа қожалықтарына берілген жер, яғни отбасылық принципімен құрылған жеке тұлғаларға бекітілген жер, арнайы жер қорындағы жер, жекешелендіру нәтижесінде үлес ретінде беріліп, пайдаланылмай жатқан жер, кепілге қойылып, алған несиесін қайтара алмаған иелерге бекітілген жер және үлес иелері өз еркімен бас тартқан жер жеке меншікке берілгені дұрыс.
Ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке беру ісін жеделдете жүргізудің жарамайтынына тағы бір себеп, бізде жер кадастры ісі көптен бері тоқтап қалған. Мәселен, Арал теңізінің әсері тиген аймақтарда жер кадастры 1979 жылдан бері жүргізілмепті. Сол кезде балл бонитеті 25 болып тұрған жердің бүгіндегі балл бонитеті 9-дан аспауы мүмкін. Сондықтан жер жағдайын жете зерттеп, соған лайық баға шығарып, содан соң аз көлемде бастап сатылым жүргізілмесе, жерді жеке меншікке беру пайда орнына зиян әкелері сөзсіз.
Тағы бір жағдай, алдыңғы қатарлы елдердің ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке берудегі жерге баға қою тәсілін бағамдасақ, жердің бағасы жи-ырма жылға шаққандағы бағамен тең. Ал, біздегі Арқа еңіріндегі жерлер бар болғаны 230 долларға 49 жылға ұзақ мерзімге берілген. Егер бұл баға қалар болса, жер сатып алған адам үш төрт жылда жердің құнын ақтап, мәңгілік меншікке ие бола кетеді. Болашақ ұрпақ тағдырын ойлаған ел жерін бұлай арзан бағаламас болар.
1. 2 Аграрлық реформа және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизімінің қалыптасуы
Әміршіл-әкімшіл экономикадан кұрған кезеңдерінде барлық эконарықтык катынастарға көшуді жүзеге микалык реформалар табысқа жете асырған алғашкы жылдардың коры- алмағандығын көрсетті, Реформалардъң тартысы - әкімшілік жүйенің билік жүргізілуі ауыл шаруашылык өнімдерін өндіру көлемінің қысқаруымен қатар жүрді. 1991 және 1997 жылдар аралығында жалпы ішкі өнім көлеміндегі аграрлык сектордын үлес салмағы 2 есеге төмендеді. Ауыл шаруашылык өнімдері өндірісінің жағдайы шикізат пен тамақ өнімдерінің барлық түрлері көлемінің қыскаруымен сипатталады. Ең бірінші кезекте, бұл бидайға катысты, оньңмөлшері 1990-97 жылдар аралығында 1986-90 жылдармен са-лыстырғанда 51%-ке, қант қызылшасы-83, жүн-63, жүмыртқа-70, күнбағыс-45%-ке қысқарды. Соңғы бірнеше онжылдыктың ішінде бірінші рет 1996-1997 жылдары 1986-1990 жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда республикадағы егін және мал шаруашылығы өндірісінің құлдырауы 40%-ке дейін жеткен
Бұған қоса аграрлык дағдарыстын шиеленісуіне өндіріс кұралдары, мен ауыл шаруашылык өнімдеріне баға алшақтығыньң артуы, салааралық байланыстардың бұзылуы, инвестиция көлемінін едәуір қысқаруы, ауыл шаруашылығындағы территориялық және салалық ерекшеліктерді ескер-меген жекешелендірудің жоспарсыз, дайындықсыз өткізілуі, баскару жүйесінің бұзылуы сиякты макро-экономикалык саясат факторлары әсер етті. Бұдан баска, өндіріс нәтижесі әр түрлі биологиялык процестер мен тұракты өзгермелі табиғат жағдайларымен, яғни тірі табиғатпен тығыз байланысты, ешқандай нормалау мен сырттан реттеуге көнбейтін аграрлық енбектің спецификасы тағы бар. Жер, енбек және баска да материалдык ресурстардың молшылығына карамастан олардың денгейі мен сапасы еліміздін азык-түлік мәселесін шешуге мүмкіндік бермеді. Басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерінің күшеюіне байланысты калыптаскан келеңсіз жағдайдан шығу үшін ауылдағы экономикалык қатынастарды түбірімен өзгерту жөніндегі шаралардын жүйесі ретінде аграрлык реформа қажет болды. Ауылдағы жаңа өндірістік қатынастарды кұрудын негізі - өндіріс құралдарына меншік қатынастарын түбірімен жаңарту болып табылады. Мақсаты -шаруаның өндіріс кұралдары мен ол өндірген өнімнен шеттетілуінен, әкімшілік жүйенің шектеусіз билігін жою, шаруашылық жүргізу формаларын еркін, санаты және ерікті түрде тандауға жағдай жасап, көп укладты экономиканы калыптастыру болып табылады.
Нарықтық экономика ен алдымен еркін кәсіпкерлік. Мұндағы ең басты тұлға-меншік иесі, қожайын. Осы меншік иесін калыптастыруды жүзеге асыру мақсатында елімізде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процестері жүргізілді. Соның нәтижесінде шаруашылык серіктестік, өндірістік кооператив, акционерлік коғамдар, шаруа қожалыктары сияқты шаруашылык жүргізудің жаңа ұйымдык- құқықтық формалары калыптасты. Кәзіргі кезде 83856 ауыл шаруашылық құрылымдарының ішінде 63-мемле-кеттік кәсіпорын, 2290-өндірістік кооператив, 2375-шаруашылык серіктестік, 79130-шаруа қожалықтары бар.
Нарыктың негізгі функциясы шығынды азайтып, тұтыну тауарларының сапасын арттыру мен ғылыми-техникалык прогресті жеделдету. Нарық категориясъның әлеуметтік - экономикалык мәні белгілі бір уақытта жетіс орында өндірілген өнімдердің айырбасы жүретін орта, тауарлы шаруашылық элементі ретінде коғамдык енбек бөлінісі мен тауарлы өндірістің ыкпалында болады. Нарыктың аймағы коғамдык еңбектің мамандану деңгейімен тығыз байланысты. Ол коғамдық енбек бөлінісін, онын мамандануы мен кооперациясын, өндірістің даму деңгейін сипаттайтындығын, осыған байланысты өндіргіш күштер денгейін көрсететіндігін атап айтады.
АӨК-ді бюджеттік каржыландыру аркылы мақсатты бағдарламалар, лизингтік және залогтық операцияларды жүзеге асыруға болады. Дамыған елдерде мемлекеттік субсидия аграрлык сектордьң табысында едәуір үлесті құрайды. Мысалы, АҚШ-та-30%, Канадада-45, Швецияда-59, Норвегияда-77, Швейцарияда-80%.
Қазакстан экономикасының аграрлық секторында шаруашылык жүргізудің жаңа формалары, сұраныстың шектеулілігі, өзара есеп айырысулардың әр түрлі тетіктері бәсекелі ортаны құру және баска да баға қалыптастырудың факторларына теріс әсер етіп, сала бойынша орташа өсу қарқынының едәуір төмендеуіне алып келді. 1997 жылы егін шаруашылығы өнімдерінін сату бағасы 6, 7%-ке төмендеп. ал мал шаруашылығы өнімдері 20%-ке артты.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің алдында тұрған мәселелердің бірі - несие алу. Бұл салаға салынған капитал тез қайтарым бермейді. Бұған коса ауыл шаруашылық кәсіпорындарынын алған несиелерін қайтаруға қаржы тапшылығынан мүмкіндіктері болмай отыр. Бұл жағдай екінші денгейдегі банк мекемелерін шаруашылыкка несие беруге ынталан-дырмайды. Мүндайда аграрлык несие кооперативтерін кұру манызды болып табылады. Оның банктік несие құрылымдарынан айырмашылығы коммерциялык ұйым емес, несие-қаржылық кызмет көрсету және материалдык жағдайды көтеру болып табылады. Несие кооперативтері мүшелердің қаржы құралдарын жұмылдыру негізінде құрылады және тек кооператив мүшесі ғана несиені пайдалана алады.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдаудың лизингтік бағдарламасы қолға алынуда. Бұл үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан бюджет каржылары есебінен қалыптасатын лизингтік қор құрылды. Лизинг - бүл негізгі өндіріс құралдарының арендасы. АҚШ-та лизингтік фирмалар фермерлерге өздерінің қондырғыларын бір сағат пайдаланғаны үшін машина қуатының 1 ат күшіне 12 проценттен ала отырып, қысқа мерзімді арендаға береді. Аренда келісімінде жөндеу мен техникалық қызмет көрсету құны келісіледі. Егер, аренда мерзімінің аяқталуына карай жұмыстың бүл түріне кеткен шығындар қарастырылған шамадан төмен болатын болса, фермерлерге үнемделген каржының жартысы қайтарылады. Лизингтен басқа рингтерді пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері бар: оның мәні мынада: бір-бірімен көрші орналасқан шаруашылықтар қолда бар техниканың әр түрлі түрлерін біріктіріп, кажетті техниканы пайдаланады. Бұл жағдайда техниканы сатып алу қажеттігі болмайды. Техниканы пайдаланудың мұндай формасы Германияда кең тараған.
Шетелдік фермерлердің өз меншікті техникалары мен ауыл шаруашылық кондырғылары бар. Өйткені, олардың шаруашылықтарының жер көлемі осы техникалардың тиімді, рентабельді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Бірақ қаржы тапшылығы техниканың кейбір түрлерін сатып алуға мүмкіндік бермейді. Мүндай техника бірнеше фермерлермен кооператив шеңберінде бірігіп пайдаланыла алады. Ірі шаруашылыктардың жер көлемі техниканың көптеген түрлерін толық куатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Ал, жанұялық немесе кішігірім шаруашылықтарға келетін болсақ, кооператив олардың техникалық қызметтерін ұсына алады. Техниканы бірігіп пайдалану кооперативтері қазіргі кезде ТМД елдерінде үлкен қолдауға ие болып отыр.
Ауыл шаруашылығының ресурстық потенциалының тиімділігін жоғарылатуда жерді пайдалануға ерекше мән беріледі. Жерге меншік мәселесі нарыктық қатынастар кезінде негізгі және түпкілікті шешімін таппаған күрделі мәселе. Табиғатпен жаратылған өндірістің ерекше кұралы ретінде жер адам еңбегінің өнімі емес, демек, құны жоқ, басқаша айтқанда жер тауар ретінде көріне алмайды. Сатып алу-сату нысаны жерді иемденушінің косымша капитал салымы есебінен өсетін онын экономикалық құнарлылығы болып табылады. Қазақстан республикасында жер мемлекет меншігінде, тек қана әрбір азаматтың мұрагерлікке қалдырылатын тұрғын үй, косалқы шаруашылык мақсатында жерді пайдалану мен иемдену құқы танылады. Сондыктан да, меншік пен шаруашылық етудің әр түрлі формаларынын дамуымен байланысты мемлекеттік деңгейде жер рентасына ерекше көңіл бөлінеді.
Ауыл шаруашылық нарық жағдайында мемлекеттің жер пайдалануды реттеудегі ролі тауар өндірушілерден жақсы табиғи экономикалық жағ-дайлармен байланысты косымша табыстарды алудан тұрады. Осыған байланысты жер салығы, арендалык төлем және жер бағасы қосылатын жерді акылы пайдалануды калыптастырумен байланысты мәселелер ерекше өзекті болып табылады. Қазіргі кезде жер корымен байланысты жағдай келесі көрсеткіштермен сипатталады: егістік 26, 6 млн гектар - бұл барлық жер ресурстарының 9, 8%-і, шабындық -5 млн гектар (1, 8%) және 67, 8% жайы-лымдық жердің үлесіне тиесілі. Алдын ала мелиорация жүргізуді қажет етпейтін егін шаруашылығы үшін жарамды жер көлемі 39 млн гектар құрайды. Бұдан баска шөл және жартылай шөлейтті жерлерде суару үшін жарамды 22 млн гектарға жуық тұзды егістік жерлердін қатыстырылуы мүмкін.
Табысты шаруа қожалыктарын табыс сомасы бойынша топтау 1998 жылы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: олардың 70 %-нін табыс көлемі небәрі 1000-5 теңгені құраған (осындай диапазонды шығын сомасы шаруашылыктардың 60%-не тиесілі), 16% шаруашылыктың пайда сомасы 51000-1 теңгені күраса (осындай шамада шығын шаруашы-лыктар-22%), ал 101000-2 теңге аралышндағы пайда сомасын шаруа-шылыктардын 8%-і (осындай шығын сомасын шаруашылыктардын 11%-і кураған) құрап, тек қана 6% - 201000 және одан жоғары (5% сәйкесінше) пайда сомасын құраған
Шаруашылыктардын қаржылық жағдайы олардың жер үлестерінен бас тартуына әсер ететіндігі ешкімді таң қалдырмас. 1997 жылы 2331 шаруа қожалығы өз жұмысын тоқтатқан. Егер 1991 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда олардың саны 10 есе өссе, 1995 жылы 14%-ке қысқарған. Сөйтіп 1998 жылы қысқарған шаруашылыктардың саны 7075 бірлікке дейін жетті. Осыған қарамастан шаруа қожалыктарының саны жылдан- жылға артып келеді. Әлемдік тәжірибеде негізгі ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер фермерлер болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz