Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Реформа жүргізудің мәні және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
I.1. Реформа жүргізудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I.2. Реформаның мақсаты және процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8


II. Ұлттық : белесті жылдар бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1. Теңгенің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Теңгенің тарихы.Келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3. Тенгенің тұрақтылыға қол жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

III. Тенге және Ұлттық Банк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Болашақ қаржыгер, экономист ретінде курс жұмысымды еліміздегі 1993 жылғы ақша реформасына арнадым. Себебі бұл салада қызмет жасайтынымды көздеп‚ ел экономикасындағы күрделі өзгерістерді тереңірек‚ жан - жақты зерттеу керек деген ойдамын.
Жалпы реформа дегенді - өзгеріс‚ жаңалық енгізу деп түсінемін. Сол өзгерістердің бірі біздің тарихымызға 1993 жылы – ұлттық валютамызды енгізумен сипатталады. Бұл қадам – бастаулардың басы. Былай деп айту себебім‚ ұлттық валютаны енгізбейінше біз іс-жүзінде саяси-экономикалық дербестіктен алыс едік.
Ал 1993 жылдың 15 қарашасында айналысқа түскен теңгеміз Қазақстанның ақша жүйесі мен қаржы саласының бой көтеруіне‚ нығаюына негіз болды.
Курс жұмысын жазу барысында еліміздің қаржы – экономика саласында қызмет жасап жүрген азаматтарымыздың баспасөз беттеріне шыққан түсіндірмелері мен пікірлеріне сүйендім. Олар – Әнуәр Сәйденов‚ Григорий Марченко‚ Бейсенғали Таджияқов және т.б.
Осындай ақпарат көздерін пайдалана отырып ізденістерімнің нәтижелі болуына сеніп‚ алдыма төмендегідей басты мақсаттар қойдым:
- Реформа жүргізудің мәні мен қажеттілігін толық түсіну.
- Тенге: белесті жылдар бедеріне көз жіберту.
- Тенге және ұлттық банк туралы білу.
- Тенгенің келешегі және тұрақтылығын қамтамасыз ету іс – шараларын іздестіру.
Кез келгеніміз мән бере бермейтін бір жайт – тенгенің күрделі дизайны. Қазақстандық суретші-дизайнерлердің қайталанбас туындысы десем келісерсіз.
Ал алғашқы банкноталарымызды шығаруды Англияның - «Харрисон және оның ұлдары» фирмасына тапсырып‚ нәтижесінде Ұлыбританияның ханшайымы теңгені ең үздік экспортты тауар деп танып‚ «Алтын белгіні» сыйға тартты.
Мүмкін қазіргі таңда әлемдегі танымал коллекционерлердің жинағында теңге дизайны жағынан ғана жоғарғы сатыда тұрса‚ мен келешекте тенгенің «рөлін» басқа тұрғыдан көргім келер еді. Ол экономикасы дамыған‚ өркениетті‚ үлкен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның тұрақты валютасы.
Немесе доллар – «ағамыз» емес‚ «құрдасымыз» болса деген тілек - армандар ойландырады.
Сонымен‚ 1993 жылдың 15 қарашасы үлкен әрі маңызды дата. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған Үндеуінде былай дейді: «Осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа‚ шын мәніндегі өзгерістер кезеңі басталды. Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бірақ рет болады.
1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының азаматтарыны, барлық халықтарына үндеуі. 1993 жыл, қараша.
2. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер. Валюта қатынастары. /Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2000-328 бет.
3. «Ақша,Несие, Банктер» Ғ.С. Сейітқасымовтың редациялығымен – 2-басылым. Алматы: Экономика, 1999-432 бет.
4. Х. Ғабжалелов «Тенге», Алматы, 2003-209 бет.
5. «Егемен Қазақстан» 15 қараша 2005 жыл.
6. «Егемен Қазақстан» 16 қараша 2005 жыл.
7. «Ақиқат» - 10, 2003 жыл
8. «Ақиқат» - 6, 2001 жыл
9. «Түркістан» 2003-20 қараша.
10. «Түркістан» 2004-15 сәуір.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
УНИВЕРСИТЕТІ

Есеп және қаржы пәндері кафедрасы
2 курс студенті Омарова Айсұлу

АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР пәнінен

Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы

тақырыбы бойынша

КУРС ЖҰМЫСЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Реформа жүргізудің мәні және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
I.1. Реформа жүргізудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I.2. Реформаның мақсаты және процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

II. Ұлттық : белесті жылдар бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..10
2.1. Теңгенің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Теңгенің тарихы.Келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. Тенгенің тұрақтылыға қол жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

III. Тенге және Ұлттық Банк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Болашақ қаржыгер, экономист ретінде курс жұмысымды еліміздегі 1993 жылғы ақша реформасына арнадым. Себебі бұл салада қызмет жасайтынымды көздеп‚ ел экономикасындағы күрделі өзгерістерді тереңірек‚ жан - жақты зерттеу керек деген ойдамын.
Жалпы реформа дегенді - өзгеріс‚ жаңалық енгізу деп түсінемін. Сол өзгерістердің бірі біздің тарихымызға 1993 жылы – ұлттық валютамызды енгізумен сипатталады. Бұл қадам – бастаулардың басы. Былай деп айту себебім‚ ұлттық валютаны енгізбейінше біз іс-жүзінде саяси-экономикалық дербестіктен алыс едік.
Ал 1993 жылдың 15 қарашасында айналысқа түскен теңгеміз Қазақстанның ақша жүйесі мен қаржы саласының бой көтеруіне‚ нығаюына негіз болды.
Курс жұмысын жазу барысында еліміздің қаржы – экономика саласында қызмет жасап жүрген азаматтарымыздың баспасөз беттеріне шыққан түсіндірмелері мен пікірлеріне сүйендім. Олар – Әнуәр Сәйденов‚ Григорий Марченко‚ Бейсенғали Таджияқов және т.б.
Осындай ақпарат көздерін пайдалана отырып ізденістерімнің нәтижелі болуына сеніп‚ алдыма төмендегідей басты мақсаттар қойдым:
- Реформа жүргізудің мәні мен қажеттілігін толық түсіну.
- Тенге: белесті жылдар бедеріне көз жіберту.
- Тенге және ұлттық банк туралы білу.
- Тенгенің келешегі және тұрақтылығын қамтамасыз ету іс – шараларын іздестіру.
Кез келгеніміз мән бере бермейтін бір жайт – тенгенің күрделі дизайны. Қазақстандық суретші-дизайнерлердің қайталанбас туындысы десем келісерсіз.
Ал алғашқы банкноталарымызды шығаруды Англияның - Харрисон және оның ұлдары фирмасына тапсырып‚ нәтижесінде Ұлыбританияның ханшайымы теңгені ең үздік экспортты тауар деп танып‚ Алтын белгіні сыйға тартты.
Мүмкін қазіргі таңда әлемдегі танымал коллекционерлердің жинағында теңге дизайны жағынан ғана жоғарғы сатыда тұрса‚ мен келешекте тенгенің рөлін басқа тұрғыдан көргім келер еді. Ол экономикасы дамыған‚ өркениетті‚ үлкен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның тұрақты валютасы.
Немесе доллар – ағамыз емес‚ құрдасымыз болса деген тілек - армандар ойландырады.
Сонымен‚ 1993 жылдың 15 қарашасы үлкен әрі маңызды дата. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған Үндеуінде былай дейді: Осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа‚ шын мәніндегі өзгерістер кезеңі басталды. Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бірақ рет болады.

I. РЕФОРМА ЖҮРГІЗУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ.

1.1. Реформа жүргізудің қажеттілігі.

Саяси ыдырау 1990 жылы басталғаны белгілі. 1991 – егемендік шеруі басталған жыл еді. Одақтың ыдырауымен бұрынғы біртұтас экономикалық жүйе өз мүмкіндіктерінен айырылып, бар салада құлдырау орын алды. Ең бастысы, жаңа мемлекетердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға Кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені рубль аймағында тұры Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. [6;3]
Біреулер Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ұлттық валютаны енгізудің қажеті жоқ, өйткені бұл көп жылдар бойы республикалар арасында қалыптасқан экономикалық байланыстарды бұзады, сондай-ақ біртұтас сом аймағының игілігін пайдалану мумкіндігінен айырады деп санады. Енді біреулер ұлттық валютаны неғұрлым тезірек енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана еліміз көршіге жалтақтамай өзіндік экономикалық саясатын жуүгізе алады деп санады. Дауды уақыттың өзі шешіп берді. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді. Оның бірі – 1993 жылы маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі, 1993 жылы шілде-тамыз Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Соның нәтижесінде Кеңестік сом кәдеге жарамай қалды, Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі құлдырап, инфляция күн санап нашарлап кетті.
Жңас ом аймағына кіруге Ресей қойған талаптар Қазқстан үшін мейлінше қолайсыз болды, Қазақстанның негізгі экономикалық мүдделеріне қысым жасалды, ұлттық егемендікті белгілі мөлшерде шектеу талап етілді. Солардың ішінде. біріншіден, біздің алтын- валюта резервілерімізді Ресейдің басқаруына беру, екіншіден Қазақстанды Ресей сомымен қамтамасыз еткенде, ол ақша Ресей алдындағы біздің борыш болып есептеледі деген талаптар болды. Ресей сомын өз валютамыз ретінде пайдалану дербес ақша несие саясатын жүргізу мүмкіндігін қатты шектейтін еді және қолдағы бар ақшаға байланысты орын алған мәселелердің одан әрі шиеленісу қаупін төндірді. Осының бәрі біртұтас сом аймағын сақтаудан Қазақстан алатын пайданы мүмкін етпейтін еді. [6;3]
Қоғам қайраткері Ерік Асанбаев 1990 – шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттілігін төмендегідей сипаттайды:
Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және Мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, ағаш сом атауына ие болды.
Екіншіден, осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдаланатын шаруашылық мәмілелерден бойын аулақ сала бастады. Әр алуан тауарлар құнының шамасын өлшейтін негіз жоғалды, қарабайыр баспа-бас сауда-саттық тек ТМД елдерінің арасында ғана емес, солар мен шетелдік серіктестіктер арасында да дамыды.
Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды. Өз валютамыз болмағандықтан біз де әрине, мұны қаласақ та жасай алмадық. Бұл кәсіпорындардың жаппай тоқтатылуына, дәстүрлі серіктестіктер арасындағы қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеп соқты. Инфляция көрсеткіштері төрт мәнді бағадан асып түсті. Еліміз осы тығырықтан шығатын жол іздеді.
Төртіншіден, Ресей бізді ашықтан ашық рубльдік аймақтан шығара бастады, сөйтіп олар КСРО ыдырағаннан кейін тереңдеп кеткен экономикалық дағдарыстан оңайырақ шығамыз деп ойлады.
Бесіншіден, біздің банктер өзінің клиенттеріне және жалпылай құнсызданған рубльмен несиелерді бере бастады. Дәл осы кенеттен іскерлік операциялармен экономикадан хабары жоқ кісілер айналыса бастады. Керісінше, оның тетіктері мен шараларын біліп түсінетін шаруа адамдары банк қарыздарын қайтаратын қаражат көзіміз жоқ деп қаржылық ресурстарға сақтықпен қарады. Сөйтіп кейінгілер санын соғып қалды: қаржы көзі Ресей шығарған рубль ретіндегі осынау қайтарылмаған қаражат Қазақстанның Ресей алдындағы борышына жатқызылды. Яғни, былайша айтқанда, бұл несиелер мемлекет есебінен жабылды. [4;70]

I.2. Реформаның мақсаты және енгізу процесі.

Ұлттық валюта – тенгені енгізген алғашқы күннен бастап төмендегідей міндеттер алға қойылды:
қайта құру құрылымын тездету;
инфляцияны төмендету;
тұрақты экономикалық өсуге жету;
төлем балансының тепе теңдігін;
ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда Харрисон және ұлдары атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта — теңге енгізді.
1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта — сом және теңге айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұ лттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.

II ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА: БЕЛЕСТІ ЖЫЛДАР БЕДЕРІ.

2.1. Теңгенің даму кезеңдері.
Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға төмевдеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.
1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.
Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2,7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және накты жалақы индексінің 13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде күрылған үш дең-гейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл эко-номиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халық-аралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленді.
Сондықтан Ұлттық банк алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-ға кіруін ескере отырып, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойьшша жүмыс жүргізуде.
Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АКДІ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жүмыс істейді.
Елімізде дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард тенге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыс-тырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіл отыр.
Бұлардың бөрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі.

2.2 Тенгенің тарихы. Келешегі.
Жалпы тенгенің тарихы мен келешегі туралы Григорий Марченко былай дейді:
Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға жәңе өзара тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлтттық валюталарын енгізуге итермеледі.
Тарихи даму тұрғысынан экономикалықтұрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді; 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқанбағаныңырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп тұтыну, өнөркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.
1992-93 жылдарғы ақша жиынының бақыланбай ұлғаюы және банкілердің кәсіпорындарды теріс сыйақы мелшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік сомдарды лақтыра салу инфляция қарқынын үдете түсті. 1992-1993 жылдары еліміздегі инфля­ция деңгейі 2960,8 пайызды және тиісінше 2165,0 пайызды құрады, сейтіп экономи-када дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалар арасында шаруашылық байланыстарының үзілуі, кәсіпорындардың қаржылық ахуалының нашар-лауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының, халықтыңжинақ ақшаларының құнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуетін күрт қысқартты. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі бағаның қарқынына ілесе алмады. Соның нәтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа ұшырады. Осы үдерістер экономикадағы жиынтық сұраныстың күрт қысқаруына әкеп соқты, ақыр соңында шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992жылы 5,3%-ға, ал 1993 жылы - 952%-ға кеміді.
Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау мақсатында Президент пен республика Үкіыеті ұлттық валютаны енгізу туралы шешім қабылдады.
Ұлттық валютаны енгізу жөнінде алдын ала жүмыс босалқы нұсқа ретінде 1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны енгізу жөнінде бағдарлама жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді.. Алайда, тек рубль аймағы болмайтыны айқындалған кездеғана Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 3-қарашасындағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютаны енгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және оны енгізуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.
Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс-шараларды тым қысқа мерзімде жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету мен ақша-несиелік, салық-бюджеттікі әлеуметтік және сыртқы экономикалық салаларда шара-лар кешенін жүргізу қажет еді.
Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақайырбастаудың шынайы ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әралуан нұсқалары пысықталып жатты. Аралық немесе қосарлас валютаны, "купондарды" не оның қайсыбір алмастыр-ғыштарын енгізбей, тез арада толыққанды валютаны тікелей енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, ейткені уақытша ақша белгілерін енгізген елдер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.
Валюталықтүзімді үйымдастыру саласында күрделі мәселерді шешу күнтәртібінде түрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарынтүбірінен өзгерту шешілді, Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың міндеттерін айқын белгілеу керек еді. Сондай-ақ реттелетін құбылмалы айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды.
Ұлттық валютаны енгізу тұсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, қарама-қайшылық жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын-валюталық қорды құра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды олар ез банкнот фабрикамыздыңжоқтығынан қатаң қүпия түрде ең қысқа мерзімде Үлыбританияда басып шығарылды,
Ақша реформасының қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теле-дидарарқылы 1993 жылдың 12-қарашасында Қазақстан Республикасының азаматта-рына оның мақсаты мен қажеттігін түсіндіре мәлімдеме жасады. Теңге 1993 жылдың 15-қарашасынан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа енгізілді. Бірінші кезең-де қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруінежол берілді. Ал 1993жылдың 18-қарашасынанұлттық валю­та Қазақстан Республикасының аумағындажалғыз заңды-төлем құралы болып табылды. Банктер мен басқа да шаруашылық субъөктілерінің барлық активіері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.
Айналыстан 1961-1992 жж үлгідегі рубль купюралары 950,6 миллиард сомасында алынып тасталды. Айырбас нәтижелері еліміздің аумағындағы бар рубльдің мөлшөрі туралы болжамды расталды. Алдын ала есептеулер бойынша шамамен 1,3 триллион сомға дейін қолма-қол ақша жиналған. Ұлттық банк мекемелерінің резервтік қорындағы қолма-қол ақшасын ескөргенде жалпы сомасы 1,2 триллионды құрады.
Дер кезінде жүргізілген дайындық іс-шаралары айырбасты белгіленген мерзімде аяқтауғажәнеақша реформасының мақсаттарынажетуге мүмкіндік берді. Осы мүғдар-да әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақшажинаушығатүскенжүктің бірнеше все ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелерінің жүмысын айрықша атап эту керек,
Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік жәнө валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген түстан теңге құбылмалы.айырбас бағамыныңтүзімінде-қолданыла бастады.
Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы құрыл-ды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үші.н керек болды. Биржалық сауда-саттық алдымен аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.
1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД-қа қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны енгізу мерзімдерін, бұрынқол қойылған келісімдерді бұза жүргізілді. Бүған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің еркендеуі мен қаз түру мәселелері қосылды.
АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығандап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді, Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сұраныстың көлемі едәуір боп қалды. Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өсуін және оның экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сұраныстың артуына, демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардыңекілетті банктер арқылы қазақстандық Банкаралық Валю­та Биржасынадағы (ҚБВБ) тауарлардың, жұмыстардың, ісметтөрдің экспортынан түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура көлді. Бұл валютаның түсуін көбөйтті жәнеұлттық валюта бағамын белгілі біртүрақтандыруға келтірді.
1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде бетбұ-рыс кезең болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3 пайызды, ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9%-ды құрады.
Ұлттық валютаға деген өскелең сенім, сауда-саттық теңгерім сальдосының жақсартылуы, көшіп келушілер трансферттерінің кемуі, сондай-ақжаңатабыстыққаржы құралдарының іске қосылуы қолма-қол және қолма-қолсыз валютаға дүрлікпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта рыногында тұрақтануды алғашқы белгілері байқала бастадьі. Біртіндөп валюталықтүсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемітілді, срнан соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезеднде, бұл жеткілікті түрде өтімділі және көлемдері бойынша едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына қол жеткіздірді.
Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-на шабуылдармең шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттың қысқа мерзімдік өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшін жүргізілді. Жоғарытиімділігін көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты асқын инфляцияны ауыздықтауға мүмкіндік бөрді, Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық Банк рөттелетін өзінің валюталық саясатын жүргізуді -жалғастырды.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының бір мезгілдегі құлдырау кезінде инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттық Банк ноталары секілді қаржылық құралдарды өнгізу нәтижелері қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік жасады. Долларға қатысты атау­лы айырбас бағамыныңтөмендеуі 15,4%-ды құрады.
1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстак өзіне Халықаралық валюталық қор келісімдері Баптарының шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық шөктеулерді қолданбауға міндеттемеалды. Біздіңеліміз сондай-ақ төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша валюталық бағамдардың көбейтілуін іске асыр-мауға, импортқа шектеулерді енгізбеуге және күшейтпеуге міндеттемелер алды. Халықаралық ағымдық мәмілелөр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
1961 жылғы ақша реформасы
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Ақша реформасы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша реформасының маңыздылығы
Ақша туралы дәріс
Ақша және ақша реформасы
Ақша мәні және реформалары
Ақша мәні және ақшаның формасы
Пәндер