Нарық жағдайында өнім сапасын басқарудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сапа туралы түсінік, ауыл шаруашылық өнім сапасын арттырудың маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Қазақстан Республикасындағы өнім сапасын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2 «ҚАНТ» АҚ.НЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫ

2.1 Кәсіпорынның жалпы технико.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ...23
2.2 Кәсіпорында өнім сапасы көрсеткіштерін бағалау ерекшеліктері ... ... ... ..33
2.3 Өнім сапасының экономикалық тиімділікке әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

3 ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Өнім өндіру технологиясын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.2 Шетелдік озық өнім өндіру тәжірибесін және сапа жүйесін ендіру ... ... ...50
3.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: «Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Дипломдық жұмыс обьектісі болып «Қант» АҚ-ы табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қант» АҚ-на жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады.
Екінші тарауда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Қант» АҚ-на жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Үшінші тарауда өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру жолдары келтірілген. Сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы: ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің сапасын көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады.
Зерттеудің методологиялық негіздеріне Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, сапаны басқару тақырыбында ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.// Казахстанская правда. – 1997, 11 октября.
2. Гражданский кодекс РК. Алматы, «Жеты Жарғы», 2000.
3. Налоговый кодекс.// Казахстанская правда. – 2001, 20 июня.
4. Закон РК «О недобросовестной конкуренции» // Вести парламента РК. 1998, №9-10.
5. Закон РК «О сертификации» // Казахстанская правда. 1999, 13 августа.
6. Закон РК «О стандартизации» // Казахстанская правда. 1999, 13 августа.
7. Закон РК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» // Казахстанская правда. 1998, 30 декабря.
8. Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам поддержки малого предпринимательсва» // Юридическая газета. 2000, 5 января.
9. Закон РК «О товарных знаках» // Казахстанская правда. 1999, 20 апреля.
10. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2005-2015 годы.
11. Послание Президента РК от 18.02.2005 г. // Казахстанская правда. 2005, 19 февраля.
12. Антонов Г.А. Основы стандартизации и управления качеством продукции. Части 1,2,3 – СПб УЭФ, 1999, 357 с.
13. Белобрагин В.Я. Современные проблемы теории управления эффективностью производства и качеством продукции в условиях становления рынка. – М.: Изд-во стандартов, 1999, 463с.
14. Богатырев А.А., Филопов Ю.Д. Стнадартизация статистических методов управления качеством. – М.: Изд-во стандартов, 2001, 258с.
15. Большой экономический словарь / Под ред. Д.Н. Азрилияна. – М.: фонд «Правовая культура», 2001, 857 с.

16. Версан В.Г. Интеграцтонное управление качеством, сертификация. Новые возможности и пути развития. – М.: Изд-во Академ.информация, 2001, 242с.
17. Демиденко Д.С. Управление затратами при формировании качества промышленной продукции. – Спб.: Изд-во СПБУЭФ. 2001, 368с.
18. Дуйсенова Г. Международный аспект конкурентоспособности национальной экономики. // Экономика Казахстана – 2004, №11-12.
19. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. – алматы: экономика, 1998, 368с.
20. Дюсембеков а. Без поддержки государства трудно добиться повышения конкурентоспособности товаров. // Панорама – 2005.1 сентября.
21. Единый Европейский рынок и новые тенденции в управлении качеством. Роль и задачи международных и европейских организации ИСО, МЭК, ИЛАК, ЕСИС, ЕОК, ЕФУК (Аналитический обзор)-М.: Изд-во ВНИИС, 2004 г.
22. Короткий Ю.Г. Товарная конкурентоспособность и ее количественное представление. // Маркетинг в России и за рубежом – 2005, №2.
23. Лапидус В.А. Зачем у нас занимаются качеством? // Стандарты и качество – 2004, №1.
24. Методика экономического анализа деятельности промышленного предприятия (объединения) - Под ред. Бужинского А.И., Шеремета А.Д. – М: Финансы и статистика. 2004, 151с.
25. Окрепилов М., Ежкин Л. Реструктуризация - путь повышения конкурентоспособности производства // Экономист – 2000, №10.
26. 2004-2005 жылдарға арналған «Оқжетпес» ЖШС-тің есепті мәліметтері.
27. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика. – М.: Изд-во стандартов, 2004, 191 с.
28. Сердалиев Т.С. Проблемы повышения конкурентоспособности в условиях транзитной экономики // Изв. Мин. Образования и науки РК // АН РК. Сер. Общество. Наук – 2004, №3.
29. Статистический ежегодник Казахстана. / Под ред. А.А. Смаилова – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2005.
30. Фейгенбаум А. Контроль качества продукции. – М.: Экономика, 2004, 357с.
31. Хироси танака. Годиться ли японский опыт для России и восточной Европы?// Деловая жизнь – 2004, №9.
32. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: Инфра – м, 2005, 587с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Сапа туралы түсінік, ауыл шаруашылық өнім сапасын арттырудың маңызы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .5

1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1.3 Қазақстан Республикасындағы өнім сапасын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2 ҚАНТ АҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫ

2.1 Кәсіпорынның жалпы технико-экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ...2 3
2.2 Кәсіпорында өнім сапасы көрсеткіштерін бағалау
ерекшеліктері ... ... ... ..33

2.3 Өнім сапасының экономикалық тиімділікке
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 39

3 ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Өнім өндіру технологиясын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

3.2 Шетелдік озық өнім өндіру тәжірибесін және сапа жүйесін
ендіру ... ... ...50
3.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері Қазақстан-2030 стратегиясында
көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана
бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін,
инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина
жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті
өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері
қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң
бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа
бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз
бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына
қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей
қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз
өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып
отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-
сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның
сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары
дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және
Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи
тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін
ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым.
Дипломдық жұмыс обьектісі болып Қант АҚ-ы табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін
анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− Қант АҚ-на жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін
өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді
зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері
қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін
заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі
сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына
кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады.
Екінші тарауда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру саласында ондаған
жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Қант АҚ-на жалпы сипаттама беріліп,
қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін
өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады.
Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік
көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Үшінші тарауда өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
келтірілген. Сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы:
ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің сапасын көтерудегі
кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз
болады.
Зерттеудің методологиялық негіздеріне Қазақстан Республикасының
Заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, сапаны басқару
тақырыбында ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және
мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Сапа туралы түсінік ауыл шаруашылық өнім сапасын арттырудың маңызы
мен мәні

XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы,
қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т.б. жоғары сапа ғасыры
болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның
сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің
сапасына тәуелді.
Сапа - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын
объектінің сипаттамаларының жиынтығы.
Сапа түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді
басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу
нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу
нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. Сапаң - бұл
өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің
сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің сұранысына икемделу,
кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде оны риза қылу табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мәселелерді тиімді шешу құралы болып
сериясы 9000 (ІSO 9000) стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін
ендіру табылады.
Бүгінгі таңда жердің барлық түкпірінен Қазақстанға көптеген және
әрдайым сапалы емес тауарлар ағылуда, бұл жағдайда тұтынушы құқығын қорғау
үшін бақылау және ақпарат қажет. Алматы стандарттау, метрология және
сертификаттау орталығының директоры Есбергенов Базарбай Сейілхановичтің
айтуы бойынша, сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың
негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін
анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші
өзінің өнімін жарнамалау кезінде оның сапасы жайында сөз қозғайды. Сапа әр
кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде өткір мәселе
болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импортталатын тауарлармен
бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға
кездеседі. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға
негізгі жол ашатын құрал бұл – сапа.
Өнім сапасы – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы, осы айнадан қолданылатын
техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады. Өнімнің
сапасы – маңызды экономикалық категория, сонымен қатар өнімнің өзіндік
құны, табыс, рентабельділік және т.б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен
тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде сондай-ақ
макро және микро деңгейде қарастыру керек.
Өнімнің сапасын көтеру:
- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;
- экспорт құрылымын жақсартуға;
- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының
жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа
өткізу нарықтары мен гүлдену. Ал, нарықтық қатнастар жағдайында, әрдайым
сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын
имиджінің қалыптасуына септеседі.
Жоғары деңгейлі имидж, бұл – танымалдылық және сенімділік, сатып
алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне,
жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының
қалыптасуына себеп болады.
Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық
нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көтеген шетелдік
фирмаларды көреміз. Олар: Adіdas, Nіke, PHІLІPS, SONY, Nokіa, Coca-Cola
және де басқа көптеген фирмалар.
Сонымен кәсіпорында сапа мәселесін шешу – оның сатып алушылар алдындағы
жоғары имиджі, сыртқы нарыққа шығу, өнімнің сапасын тұрақты қылу жоғары
деңгейде табыс табуға негіз болады. Сапаны біз келесі пирамида түрінде
1 – суреттен көре аламыз.

1 – сурет – Сапа пирамидасы

Пирамиданың ең жоғарысында TQM – барлығын қамтушы тоталды менеджмент
орналасқан. Ол өнім сапасына жету үшін барлық жұмыстардың жоғары сапасын
көрсетеді. Біріншіден, бұл өндірістің жоғары ұйымдастырушылық – техникалық
деңгейді, еңбек жағдайларын қаматамасыз ететін жұмыстар. Жұмыс сапасына
жоспарлау жүйесі, қабылданатын шешімдердің дұрыстылығы жатады. Өнім
өндірісімен тікелей байланысты жұмыс сапасы (технологиялық үрдістерді
бақылау, дер кезінде ахуалды табу) ерекше мәнге иен болады. Ал өнім спасы
тікелей жұмыс спасынан шығады. Мұнда жарамды өнімнің сапасы бағаланады,
тұтынушылардың талғамы ескеріледі және жарнамалар талданады.
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі
мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-
күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған
экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатнастарына байланысты, бәсекелестер саясатына
байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;
2. Өнім сапасы :
− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі;
3. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А.Фейгенбаум өзінің
Өнімнің сапасын бақылауң атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы
мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап
беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және
эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын
түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы,
басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық
мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те
атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде
анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып,
салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сйкес
көрсеткіштерімен салыстырылады.
Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық
мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің спецификасына
байланысты келесі әдістер қолданылады:
- Өлшеу әдісі – приборлар мен құралдардың көмегімен анықталады;
- Тіркеу әдісі – белгілі бір жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже)
немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен
қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген. Тіркеу әдісі
арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді
көрсеткіштерді анықтауға болады;
- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы
математикалық моделдерді пайдалануға негізделген;
- Органолептикалық әдіс – адамның сезім мүшелерімен: көру, есту, дәм сезу,
ұстап көру және т.б. сияқты қабылдауын талдауды қарастырады. Табылған
мәндердің туралығы мен растығы оны анықтаушы тұлғаның квалификация, анықтау
қабілеті, кәсіпқойлық деңгейіне байланысты;
- Социологиялық әдіс – барлық тұтынушылар желісі бойынша ақпарат жинап,
талдау жасау арқылы жүргізіледі. Өнімнің техникалық деңгейі және өнімнің
сапа деңгейін неғұрлым терең түсінік ретінде қарастырады;
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді.
Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар
мен заңдар жатады. Атап айтқанда: Сапаның бағдарламасы, жеңіл және ауыр
өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001—2003 жж, арналған
бағдарламасы, сертификаттау туралы, стандарттау туралы, мақсатты-отандық
өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды
бәсекеден қорғау болып табылатын демпингке қарсы шаралар туралы теріс
пиғылды бәсеке туралы, ішкі нарықты шет мемлекетпен субсидияланатын импорт
тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға
бағытталған субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы және Президентіміз
бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына
қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді
стратегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен
заңдар жатады.
Сапаның Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен
қызметтері келесідей :
− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық
қамтамасыз ету, жетілдіру;
− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;
− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП
жетістіктерін енгізу;
− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудан сапа
жүйесін сертификаттауға көшу;
− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;
− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.
Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент,
сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т.б. жатады.
Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген
талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80%-ы өнімді әлемдік нарықта сатып
ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік
қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :
− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес
келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен
қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.
Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын
жатқызамыз. Көмекші функциялар – электронды сағаттарда калькулятордың
болуы;
- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;
- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен
комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы,
автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т.б.
- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы
қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т.б.
Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа
компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын
шығаруы.
- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты
зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау,
тасымалдау және т.б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған
ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т.б.
- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс
жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция,
температура, ылғалдылық деңгейі және т.б.
- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі
ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен,
жөндеуге жарамдылығымен т.б.-мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі
жуғанда өз түсін сақтап қалуы.

1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің
маңызы

Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның
құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы
статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін Қазақстанның
барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. бұл топ
құрамына: Қазақстан мен, оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет
білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария,
Қытай және т.б.) кірді.
Министрліктердің жариялы құжаттарды дайындауы, келіссөздер жүргізуіне
және де басқа принципиальді негіздегі мәселелерді шешуі үшін ведомства
аралық комиссия құрылды. Комиссия негізінен кедендік-тарифтік саясат және
халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу секілді сауалдарды қарастырады.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сытрқы сауда режимі туралы
мемарандумын және басқа да құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын,
субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық
меншікті қорғау және т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы
уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы
талқыланған бес отырыс болып өтті.
Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.
БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:
- Қазақстан тауарларына БСҰ-на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі,
яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен
тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне
шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі
салымдардың болмауы;
- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы және транспорентті ішкі заң ортасын
құру;
- Шетел инвестицияларын, өңдеуші өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа
технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;
- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;
- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда саттық жоспары негізінде
ынталандыру және т.б;
Атап өтетін жәйт, позитивті эффект БСҰ-ға кіргеннен бастап емес, ал
келешекте байқалады.
БСҰ-на кірудің негативті факторлары:
- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен
көзқарастарының қолдау табуы;
- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;
- Тауар мен қызмет сату аясын реттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;
- Бәсекелестіктің күшеюі және экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары
жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және
жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.
Мемлекетіміздегі ауылшаруашылық секторының жете дамымағандығы
барлығымзға бірдей белгілі бола бермейді. Экономиканың көп секторы қалаға
немесе негізгі ақша айналым орталықтарына бағытталған. Еліміздегі
ауылшаруашылығында бәсекелестік орта жете дамымаған, шетелмен (ЕО, АҚШ және
т.б.) салыстырғанда мүлде дамымаған деп айтуға болды.
Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі
әкімдер алдына келесі 2006 – 2007 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер
жиынын қойды:
1. Ауыл жылдарында шаурашылықтар үшін аяғына тұрып, бекінуге
мүмкіндік берілді, ендігі кезекте Үкімет алдына орта мерзімде орындалатын,
басты мақсаты ауылшаруашылығындағы өңдеуші саланы дамыту болып табылатын
бағдарлама жасау бекітілді. Мұндағы басты назар қосылған құны жоғары
ауылшаруашылық өнімдерінде пайдаланылатын шикізатты терең өңдеу. Бұл үшін
осы саланы ынталандыруда кешенді түрде жүргізу қажет, мәселен салықтық
ынталандыру. Отандық және шетел инвесторларын тарту, бұдан басқа
өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, жанар-жағар маймен
жабдықтау керек. Осы жылы Үкіметпен агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралың заң қабылдап Парламентке
енгізу керектігі белгіленген.
2. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және өндіруде кластерлік
бағытты неғұрлым басымдырақ қолдану керек. Қазақстандағы перспективалы
дамып келе жатқан 7 саланың ауылшаруашылығымен тікелей байланыстылары
текстильдік және тамақ өнеркәсіптерінің мүмкіндіктерінің жоғарылығын
пайдалану.
3. Қазагромаркетинг және Мал өнімдері корпорациялары базасында
жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және ақпараттық-маркетингтік
қолдау желісі құрылған. Осы бағытта Үкіметпен және әкімдермен атқарылып
жатқан жұмыстарды күшейту.
4. Үкіметке ауылшаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға
өтуін жеделдетуге бағытталған нақты шаралар жоспарын құрып, бекітуді
тапсырамын.
5. Ауылшаруашылығындағы тасымалдау инфрақұрылымының
жетілменгендігінен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін
нарықтарға жеткізуде үлкен шығындар шегеді. Бұл өз кезегінде өнімнің
өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. БСҰ-кірумен байланысты бұл мәселе аса
өзекті қарқын алып бара жатыр. Сондықтан фермерлердің нарықтарға және
өңдеуші кәсіпорындарға өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Үкімет пен әкімдерге ауылшаруашылығын несиелеудің тиімді
әдістері мен нұсқаларын ойластыру керек, сонымен бірге ауыл шаруашылығына
қаржылық көмек көрсету қорында кәсіпорындардың қарыздарын қайта құрастыру
керек.
7. Ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейі өндірістің техникамен
жабдықталуына тәуелді. Тиісті ауыл шаруашылық құралмен жабдықталмауы оны
дамытуда кедергі болады. Ауыл шаруашылық техниканы жаңартудағы кешенді
шараларды жергілікті тауар өндірушілермен біріге отырып шешуді Үкіметке
тапсырамын. Бұл жерде отандық машина құрастыру мен ауыл шаруашылық
техниканың лизингін де естен шығармау керек.
8. Ауыл шаруашылық ғылымын дамытуға басымдық беру керек. Кәсіпорынның
тиімді жұмыс жасауы және өнімнің сапасын көтеруде, өндірушілердің ескі
технологиядан жаңа технологияға бейімделуі, қосымша аграрлық зерттеулерді
пайдалану мен даму деңгейіне тәуелді болады.
9. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында көптеген шаруашылық
субьектілері бар. Олардың көлеміне байланысты жаңа техника мен
технологияларды алып, оны пайдалану тиімсіз. Ал керісінше көлемді
құрылымдар техника мен технологоияларға қол жеткізіп қана қоймай оларды
тиімді пайдалана біледі. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келешекте тек
ірі және орта шаруашылық субьектілерінің басым болатынын атап айтқым
келеді. Сондықтан Үкімет назарына осы мәселені игеріп, зерттеп, шешуді
қоямын.
10. Ауылдар біздің қайталанбас тарихымыздың, салт-дәстүріміздің және
ұлттық мәдениетіміздің сақтаушысы екенін ұмытпағанымыз жөн. Біздің, қазақ
халқының мәдениетін, қайталанбастығын баршаға танытатын кез келді.
Сондықтан ауылдағы қоғамның инфрақұрылымын, әсіресе жалпылай-мәдени бағытта
дамытуға көңіл бөлінуі керек.
Президенттіміздің Үкімет пен әкімдер алдына қойған осы тапсырмалары
негізінде атқарылатын шаралар жүйесі әзірленуде. Ал келесі кезекте
Президентіміздің 2003-2015 жылдарға бағытталған индустриалды-инновациялық
дамудың стратегиялық бағдарламасына негізделген 2004-2006жж. Қазақстан
Республикасының ұлттық жүйелерін стандарттау мен сертификаттауң
бағдарламасына тоқтала өткенді жөн көрдік. Өйткені бұл бағдарлама еліміздің
БСҰ-на кіруімен тікелей байланысты және отандық өндірушілердің осы
стандарттарға сай тауар өндіруі, яғни сапалы тауар өндіруін қадағалайды.
Бағдарламаның мақсаты болып:
- Қазақстан Республикасының халықаралық тәжірибелерге көшуіне қолайлы
жағдай туғызатын, өз құрамына стандарттау, сәйкестікті бағалау, сапаны
басқару, аккредитациялауды жетілдіретін техникалық реттеу саласында
атқарылатын жұмыстар легіне көшу;
- Әлемдік нарықтарға шығуға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекеттік
бақылау және реттеу;
- Сонымен бірге БСҰ-на мүше болуға қолайлы жағдай жасау табылады.
Негізгі міндеттері болып:
- Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында бірегей
мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету;
- Техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу;
- Салалардағы стандарттау жұмыстарын жетілдіруге қолайлы жағдай жасау;
- Қазақстанның БСҰ-на мүше болуына қолайлы жағдай жасау;
- Әлемдік нарықтарда, республикада өткен өнімнің сәйкестігін бағалау
нәтижелерін мойындауына қолайлы жағдай жасау;
- Отандық өнімдердің сапасы мен бәсекелік қабілетін арттыру;
- Аумақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде біртұтас ақпараттық
аймақты біртіндеп құру;
- Мамандардың біліктілігін (квалификациясын) көтеру;
- Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
Бағдарламаны орындаушылар Қазақстан Республикасының индустрия және
сауда министрлігі, министрліктер мен ведомствалар. Қаржыландыру көзі болып
мемлекеттік бюджет табылады. Бағдарламаның орындалуына 3 жыл уақыт ішінде
590 556 мың теңге бөлінбек, яғни бүгінгі таңда барлық қаржының 413 085 мың
теңгесі іске жаратылды.
Бағдарлама толық орындалған күнде келесі жетістіктерге қол жеткізуге
болады. Атап айтқанда: - мемлекеттік және халықаралық стандарттар негізінде
бәсекелік қабілетін және тұтынушылық қасиеттерін арттыру;
- Стандарттарды халықаралық талаптарға теңестіру арқылы саудадағы
техникалық кедергілерден құтылу;
- Техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жұмыстарын
халықаралық тәжірибеге біртіндеп алмастыру;
- Салаларда стандарттау қызметтерін, жаңа техникалық, оның ішінде
халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру;
- Жергілікті, ұлттық және халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту;
- Біртұтас ақпараттық аймақ құру;
Қазіргі кезде елімізде номативті құжаттар қоры құрылған. Мемлекеттік
стандарттар қоры (МСҚ) нормативті құжат түрлерінің 39 мың түрін есепке
алады, оның ішінде стандарттау жөнінде мемлекеттік нормативтік құжаттар 3
700 ( 700-дей мемлекеттік стандарттар, 3000 астам техникалық көрсетілімдер,
шарттар мен ережелер), 20 000 мемлекетаралық стандарттар, 15 000-дай
шетелдік стандарттар, 4 000 халықаралық стандарттар. Алдағы кезеңде
еліміздегі МСҚ-ын кеңейту көзделіп отыр.
Стандарттау жұмыстарын жүргізумен байланысты экономиканың әр саласында
40 стандарттау комитеттері құрылған. Олардың қызметіне мемлекеттік
стандарттарды құрастыру мен халықаралық стандарттауға қатысу жатады.
Біздің республика қол жеткізген ашық экономика және реформалану
деңгейі Қазақстанға әлемдік шаруашылықтың экономикалық және технологиялық
процесстерге тиімді интеграциялануға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір
артықшылықтар әкеледі: ол Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану
үрдісінің күшеюі; ол БСҰ-на мүше елдермен сауда-саттықта не ғұрлым қолайлы
жағдайлар режиміне қол жеткізу; келетін инвестиция мөлшерінің өсуі; ол
Қазақстандық тауарлар мен қызметті экспорттауда әлемдік нарықтарға еркін
шығу мүмкіндігі; ол сауда заңдылықтарын әлемдік нормалар мен стандарттарға
сәйкестендіру.
Қазақстан республикасының Үкіметімен жүргізіліп отырған импорт
алмастыру бағдарламасы бүгінгі таңда тиімді болғанымен, көбіне-көп БСҰ-ның
талаптарына қайшы келіп отыр. Үкіметпен мұнай-газ, тау-кен металлургия
машина құрастыруды лоббирлеуде импорт алмастыру саясаты 2000 жылы 50, ал
2001 жылы 200 отандық кәсіпорындарды іске қосуға мүмкіндік беріп, ондаған
мың адамды жұмыспен қамтыды. Сонымен бірге БСҰ-ның талаптарына, импорт
алмастыруда жол берілмейтін мұнай өнімдері мен минералды тыңайтқыштардың
бағасын төмендету түріндегі қиылысқан субсидиялау да қайшы келеді.
БСҰ-на кіруде, Қазақстанда өндірілетін тауарлар мідетті түрде
халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Мысалға, дамыған мемлекеттер
сауда режимдерінің либерализациясына, олардың өндірген тауарлары мен
қызметтері жоғары бәсекелестікке қарсы тұра алған жағдайда ғана барады.
Біз өкінішке орай, бүгінгі таңда ол деңгейден алыстамыз. Қолда бардың
барлығын пайдалана отырып БСҰ-ның мүшелігіне қабылдануға немесе тек БСҰ-на
мүше болу үшін ғана оған кіруге болмайды. Мүше болуға жұмсалған қаржы-
қаражат, осы ұйымға қатысудан алынған табыспен жабылып отыруы қажет. БСҰ-на
мүше болу, отандық өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің
бәсекелестігі ішкі нарықта да сыртқы нарықта да аса маңызды мәселе болып
қалады.
БСҰ-на мүше болуда көптеген қатнастардан айтарлықтай шығын шегетініміз
анық, атап айтқанда: шетел тауарларының Қазақстан нарықтарына бірден лап
қойып, толтыруы ғана емес, сонымен бірге бұл лап қоюды реттеп отыратын
ұлттық шаралар жүйесін шектейді. БСҰ-на мүше болып, шек аралар ашылған соң,
осы күнге дейін орасан зор еңбек сіңіріп, әртүрлі қолайлы жағдайлар жасап,
дамытып келе жатқан отандық тауар өндірушілердің бірден тығырыққа
тірелетінін елестету қиынға соқпайды. Оның үстіне БСҰ-на мүше болуда,
сыртқы нарықтарға шығудың қолайлылығымен байланысты алынуы көзделіп отырған
тиімділік өзінің оң нәтижелерін тек алыс перспективада ғана көрсетеді.
Сондай-ақ, біз бәсекеқабілетті тауар өндіруімізбен қатар, БСҰ-ның күрделі
жүйесінде біздің құқықтарымызды қорғай алатын тимді механизм болған
жағдайда ғана оң нәтиже туралы сөз қозғауға болады. Отандық өндірушілер
тауарлар мен қызметтер аясында таныстырылуы немесе өзімен елдегі
жұмыссыздықтың жоғарылауы мен мемлекеттік бюджет табыстарының төмендеуін
ілестіретін, отандық нарықтарды бөтен өндірушілердің иемденуі, өзіндік
қызығушылықтарды білікті қорғау стратегиясына тәуелді. Кедендік кеңістіктің
либерализациясы жағдайында көптеген Қазақстандық өндірушілер басқа көршілес
елдер нарықтарындағы бәсекелестік түгілі ішкі нарықтағы ұстап отырған
позициясынан да айырылып қалуы әбден мүмкін. БСҰ-ға мүше көршілес
Қырғызстан нарығын мысалға алсақ: жергілікті моральдік және физикалық
тозған, кешегі күн технологиясымен өндірілген тауарлары шек араның
ашықтығынан ішкі нарыққа лап қойған тауарлармен бәсекелестікке түсе
алмағандығы бірден байқалады. Мәселен біздің Рахат КФ-ның өнімдеріне
Москвалық және отандық өнімдермен салыстырғанда сұраныс жоғары, себебі
тасымалдау шығындарының төмендігі, яғни бағаның да төмендігі мен өнім
сапасының жоғарылығында. Сонымен қатар елдің сатып алу қабілетінің өте
төмендігі байқалады. Халықтың кедейлігі бірден көзге түседі. Қырғызстандағы
бүгінгі жағдайлар – бұл ел басшылығының біліксіз саясатының зардабы, оның
ішінде БСҰ-на мүше болу мәселесі де бар. Сондықтан бізге көршілес елде орын
алған қолайсыз жағдай туралы біраз ойлану керек. Мәселен біздің өңдеуші
өнеркәсіпті алайық – сүт өңдеу кешені. Бүгінгі таңда отандық тауар
өндірушілерді жүктеу үшін шикі сүттің 80% Қырғызстаннан әкелінеді. Қазіргі
кезде отандық ауыл шаруашылық өндірушіні көтеруде бірқатар шаралар
атқарылуда. Біз өзіміздің сүт зауыттарының жұмысын отандық шикізатқа
бағыттап, қайта құрғымыз келсе, Қырғызстанмен шекараны жауып, кедендік
кедергілер қоюымызға болады. Ал егер БСҰ-ға кірсек, біз мұндай шараларды
жүзеге асыра алмаймыз, өйткені БСҰ-на кіру Қазақстаннан белгілі бір
міндеттемелерді қабылдауын талап етеді. Қазірдің өзінде БСҰ-на мүше болмай
тұрып, біздің бидай мен болаттың экспорттық арналарын қысып, тарылтып отыр.
Ал біз БСҰ-на кіргенде не болмақ?
Мысалы: кейінгі кездері АҚШ-ы Ауғаныстанға гуманитарлық көмек ретінде
деп көп мөлшерде бидай апарып жатыр. Ауғандықтар неге біздің бидайды
алмайды? Күні бүгін Қазақстан элеваторларында құны тоннасына 55 АҚШ
долл.құрайтын 3,5 млн.тонна бидай еш айналымсыз, бос жатыр. Біз алушы
табылса сол бидайды тіпті 50 доллардан болса да сатар едік. Міне осыдан
республикадағы бидайдың асыра өндіріліп жатқандығын көруге болады.
Сондықтан осы жылдың 10 сәуірінде болған жиналыста Президент айтқандай
кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып жалпылама
маркетингтік зерттеулерді есептеуң болып табылады. Басқа мысал: күн сайын
Өзбекстан шекарасы арқылы 1000 тонна ұн шығарылады. Ұн негізінен алып
сатарлар арқылы жүреді. Заң жүзінде біздің Өзбекстанмен ондай сауда-
саттыққа бара алмаймыз, өйткені ақшамызды қайтарып ала алмаймыз. Бұл бізге
қалыптасқан өткізу нарықтарын күшейтіп, Орталық-Азия аумағына интеграцияны
дамыту керек деген сөз. Әлемдік нарыққа интеграция оңай шешім бере
қоймайды. Дамыған елдерге мықты бәсекелестер керек емес, әлемдік нарықта
орын үшін күресіп сонымен бірге дамыған елдердің БСҰ-на кірген елдің
бәсекелес өнеркәсібін өз қолына алуын (мықтының әлсізді бағындыруын) да
бақылап отыру керек.
Қазақстанның шикізат ресурстарына (мұнай, газ және т.б.) және алғашқы
өңдеуден өткен өнімдеріне сұраныстың артуы қолайлы фактор болып табылады.
Бірақ Қазақстанға нарықтағы дайын өнім бағасымен салыстырмалы түрде
алғанда шикізатты сатудан түсетін түсім өте аз. Қазақстан мұнайды сатудан
жылына 7 млрд.доллар табыс алса, Ресей сүт өнімдерін сатудан жылына 9
млрд.доллар табыс алады. Осы орайда біз, алдымен бәсеке қабілетті өнім
өндіруді үйреніп, содан кейін ғана БСҰ-на мүше болу керек деген тұжырымға
қайта ораламыз. Көршілердің қателіктерін қайталамайық.
БСҰ-ы бәсекелік қабілеті өте жоғары тауарлар, әсіресе жоғары
технологиялар мен қызмет саласында, өндіретін дамыған елдер үшін тиімді
болуы мүмкін. Өкінішке орай Қазақстан әлі мұндай тауар өндірушілер сапына
кірмейді. Бізді өндірген өнімдерімізбен Батыста ешкім күтіп тұрған жоқ,
бізге Қазақстанның ішінде және ТМД-ы ауқымында қалыптасып қалған өткізу
нарықтарын сақтап, дамыта беріп, содан кейін ғана біртіндеп БСҰ-на кіруге
дайындалуымыз қажет. Көптеген жоғары дамыған елдер БСҰ-на кіруге бірнеше
ондаған жылдар бойы дайындалғаны тарихта бар. Қытайда бұл – 15 жыл уақыт
алса, ЕЭО мүшелеріне бірлескен экономикалық кеңістік құруға 35 жыл қажет
болды. Сондықтан біз БСҰ-на кіруге қаншалықты жақсы, талпыныспен
дайындалған сайын, әлемдік экономикада соншалықты жоғары орын иемдену
мүмкіндігі арта түседі. Ал қазір бізге бар ынта-жігерді жинап мыналарға
бағыттауымыз керек:
- Консалтингтік-маркеитнгтік орталықтар құруға;
- Экономиканың өнеркәсіптік секторын, ірі, кіші және орта бизнесті
технологиялық қайта құру, алдыңғы қатарлы технология негізінде жоғары
технологиялық өндірісті игеру;
- Өнімнің сапасын және бәсекеқабілеттілігін арттыру;
- Шикізатты өндіруден бастап, жоғары тауарлы дайын өнім өндірісіне дейінгі
аяқталған өндірістік циклді қалыптастыру;
- Өндірісті, инновацияны, менеджментті дамыту тұрғысынан тиімді
корпоративтік құрылымдар құру қажеттігі;
- Ақпараттық технологияларды кең көлемде ендіру, осының негізінде өзара
байланысқан қызмет пен тауарлар нарығын құру;
Болашақта еліміздің қолайлы жағдайда дамуында дайын, отандық, бәсеке
қабілетті өнім экспорты мөлшерін болмашы жоғарылатқан жағдайда біз БСҰ-ның
құрамына тек шикізат дайындаушы ретінде ғана емес, ал терезесі тең әріптес
ретінде кіруге мүмкіншілік алған болар едік.

3. Қазақстан Республикасындағы өнім сапасын басқару

Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі
мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға
мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына
және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы
анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің
бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты .үлкен мәселелер лүтіп
тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және
басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарртау
мен сертификатту бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік
тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы
бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдаер
мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік
құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда
министрлігі қадағалап отыр. Бұл министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті
рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкенстендіруі тиіс.
Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің,
ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол
еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. Қазақстан
Республикасының индустриялық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру
барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы
кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін
өзгертуді талап етеді. Осы іс - шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде
қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық
актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің
техникалық негізі – республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге
асырылады.Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет
қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары
бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және енгізу процесі
елеулі назар аударуға тұрады. Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда
бекітілген әлемдік тәжірибесі олардың тиімділігін растады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания
өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың таоаптарына
сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі
белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресінденгі маңызы
неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокқа шыққан біздің кәсіпорындар,
халықаралық танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде
сезініп отыр.
Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериямен
анықталған ИСО-9000 халықаралық станларт сериясының алғашқы редакциясы
1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге
шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне
еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін
сертификаттаудың негізін салды.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктернің бірі – сертикаттау болып
табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын,
қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын
қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Қазіргі
кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-
түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да
сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың
сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім
сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы
ішкі және халықаралық бәсекелестіккек лайық қамтамасыз етеді.
Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сертификаттау жүйесі бойынша міндеттіңі түрде сертификаттау (импорттық
өнімдерге де) бекітілген. Сертификаттау тәртібі ИСОМЭК нұсқауларының жалпы
принциптеріне сай болуы керек. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принциптерге жүргізіледі:
• өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
• сынақтың кәсіби түрде өтуі;
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау; сертификаттау туралы
ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік сертификаттың уақытының
біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
• сертификаттау жұмысында ИСОМЭК аймақтық ұйымдар халықаралық
құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, және т.б.
2 ҚАНТ АҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫ

2.1 Кәсіпорынның жалпы технико-экономикалық сипаттамасы

Қант АҚ-ы 1932 жылы салына бастады, ал өзінің қызметін 1937 жылы
бастаған. 1993 жылы 17 желтоқсанда Жамбыл қант зауыты мемлекеттік
кәсіпорны Қант акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Тіркеу Қазақстан
Республикасының Президентінің 1993 жылы 5 наурыздағы №1136 Мемлекеттік
кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам түріне қайта құру бойынша
ұйымдастырушылық шаралар туралы Жарлығымен және Жамбыл территориялық
мемлекеттік және жекешелендіру комитетінің 1993 жылы 29 қарашадағы №29
қаулысына сәйкес іске асырылды.
1996 жылы 8 қаңтарда Қант Ашық Акционерлік Қоғамы болып қайта
тіркелді. 2004 жылы 21 қазанда Қант Акционерлік Қоғамы болып қайта
тіркелді.
2003 жылы Қант ААҚ-ның акционерлерінің арасында бірқатар өзгерістер
орын алды, Сахарный центр ААҚ-ы акциялардың бір бөлігін ТЕРРА-Холдинг
ЖШС-не (19,5%-1 339 788 акциялар), START MANAGEMENT CONSULTING LTD
(Австрия) фирмасына (19,96%-1 371 490 акция) сатты. 2005 жылы 12 қырқүйекте
қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігімен жаңа
шығарылған акцияларды тіркеу жүргізілді. Акциялар 11 587 500 жай акцияларға
және 3 862 500 жеңілдетілген атаулы акцияларға бөлінген. Қазіргі уақытта
номиналды құны 100 теңге болатын 6 863 531 жай және 9829 жеңілдетілген
атаулы акциялар шығарылып төленген, олар жарғылық капиталда 6 878 633 500
тенгені құрайды.

1- кесте- Қант АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер Өлш. 2004ж 2005ж Ауытқу
бірлігі
(+;-) %
Өнімді өткізуден мың тг. 8797197 11724801 2927604 133
түскен табыс
Өнімнің өзіндік мың тг. 8252084 10948615 2696531 133
құны
Жалпы табыс мың тг. 545113 776186 231073 142
Кезең шығындары мың тг. 525932 594642 68710 113
Негізгі қызметтенмың тг. 19181 181544 162363 946
түскен табыс
Негізгі емес мың тг. 148615 -10994 -159609 6,85
қызметтен түскен
табыс
Салық салғанға мың тг. 167796 170550 2754 101
дейінгі табыс
Корпоративті -11172 7405 18577 166,3
салық салық
бойынша шығындар:мың тг.
ағымдағы
ұзартылған 6986 7405 419 106
-18158 – – –
Салық салғаннан мың тг. 178968 163145 -15823 91,1
кейінгі табыс
Таза табыс мың тг. 178 968 163 145 -15 823 91,1
Өткізілген тг. 0,99 0,98 -0,01 0,01
өнімнің 1тг.
кеткен шығыны
Жұмысшылар саны адам 1 336 1 354 18 101,3
Еңбекақы қоры мың тг. 494779,6 516193,9 21414,3 104,3
1 жұмысшының тг. 30862 31782 920 103
орташа еңбекақысы
Еңбек өнімділігі мың тг. 6584,7 8659,4 1881,8 131,5
Негізгі мың тг. 1045722 1092625,5 46903,5 104,5
құралдардың
орташа құны
Айналым мың тг. 2606677 4138130 1531453 158,7
құралдарының
орташа құны

Кестенің мәліметтері бойынша талданған мерзім ішінде Қант АҚ-ғы
өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінде біршама жетістікке жеткенін
көре аламыз.
Кәсіпорынның шағаратын өнімдеріне жылдан жылға сұраныс ұлғаюда.

Анықталған мәліметтерді салыстырсақ, кәсіпорынның өткізілген өнімнің
түскен табыс базалық жылы 8 797 197 мың теңгені құраған болатн болса,
есепті жылы 11 724 801 мың теңгені құрап отыр. Яғни, 2005 жылы 2 927 604
мың теңгеге немесе 133%-ға артты. Орын алғанөзгерістердің басты себебі
есепті жылы шығарылған өнімнің қөлемі артып, өнімге деген бағаның
жоғарылауы. Ал, бағаның жоғарылауына әсер еткен басты фактордың бірі
1 кестедегі Қант АҚ-ның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштеріндегі
өнімнің өзіндік құнының артуы болады. Кестеден көріп отырғандай өнімнің
өзіндік құны 2004 жылы 8 252 084 мың теңге болса, 2005 жылы 10 948 615
теңген құрады. өнімнің өзіндік құнының жоғарылауының басты себебі өнім
өндіруге қажетті шикізат пен материалдардың құнының өсуі. Өнімді өткізу
көлемі мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма — жалпы табыс
мөлшері өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты 2005 жылы 776 186 мың теңгеге
теңесіп, өткен жылғы көрсеткіштен 231 073 мың теңге немесе 142% жоғары
болды.
Өткізу шығындары, жалпы және әкімшілік шығындар және сыйақыларды
төлеу шығындарының өсуі байқалады. Осының салдарынан кезең шығындарының
өсуі 2004 жылы 525 932 мың теңгеден 2005 жылы 594 642 мың теңгеге жетті.
Екі жылдың айырмашылығы 68 710 мың теңгені құрап, пайыздық көрсеткіш 113%-
ды құрады.
Негізгі қызметтен түскен табыс өткен жылда 19181 мың теңге болса,
есепті жылы 181 544 мың теңгені құрады. Оның себебі табыстың шығындарға
қарағанда қарқынды өсуі.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы 148 615 мың теңгені
құраса, ал есепті жылы 10 994 мың теңге шығынға ұшырады, өсу қарқыны 6,85%-
ға дейін төмендеді.
Инвестициялық келісім бойынша кәсіпорынға корпаративті табыс
салығына жеңілдіктер берілген. Алдыңғы жылдағы ұзартылған табыс салығы
бойынша үнемдеулер 18158 мың теңге құраған, ал 2004 жылы салық
Өндірістің тиімділігін бейнелейтін таза табыс мөлшері есепті жылы
163 145 мың теңге құрап, өткен жылғы шамадан салықтық операцияларға
байланысты 15 823 мың теңгеге төмендеген.
2005 жылы Қант АҚ-да жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны 18
адамға, соның ішінде жұмысшылар саны 10 адамға артып, тиісінше 1354 және
1310 адамды құрады. Жұмыскерлердің санының артуы өндірісті жандандыру
барысында алынған құрал-жабдықтарды игеруге қажетті жұмыскерлер жұмысқа
тартылды.
Ендігі көрсеткіш еңбекақы қоры - бұл кәсіпорын жұмысшыларының
жалақысының жиынтығы. Бізде 2004 жылы еңбекақы қоры 494 779,6 мың тенге
болса, 2005 жылы ол 516 139,9 мың теңгеге жетті. Яғни ол 21414,3 мың
теңге. Мұның басты себебі кәсіпорын табысы өсті және кәсіпорын үздіксіз
жұмыс істейді.
Еңбек өнімділігі көрсеткіші де жоғарылағандығы байқалады. 2004 жылы
6584,7 мың теңге болды, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 1881,8 мың теңгеге артып
8659,4 мың теңгені құрады.
Жұмыскерлердің орташа жылдық еңбекақысы 2004 жылы 30862 теңге болған
болса, ал 2005 жылы 31782 теңгеге дейін көтерілді.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны өткен жылы 10 45 722 мың теңге
болса , есепті жылы 10 92 625,5 мың теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіштің
бұлай артуы инвестициялық көздердің қаржысынан өнім өндіруге қажетті құрал-
жабдықтарды сатып алуына байланысты болып отыр.

2-кесте- Қант АҚ-ның негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері.

№ Көрсеткіштер Өлшем 2004ж 2005ж Ауытқуы
рр бірлігі
(+;-) %
1 Өнімнің тг. 8,4 10,8 2,4 128,6
қорқайтарымдылығы
2 Өнімнің қор тг. 0,1 0,1 - -
сиымдылығы
3 Қормен қарулану мың тг. 782,7 807,0 24,3 103,1
4 Тозу деңгейі % 0,52 0,54 0,02 103,8
5 Жарамдылық деңгейі % 0,48 0,46 -0,02 95,8

Ендігі кезекте, кәсіпорынның жалпы экономикалық белсенділігін талдау
үшін, біз өндірісте қолданылатын негізгі құралдардың пайдалану деңгейіне
баға береміз.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуы өндірілетін өнімкөлемінің
өсуіне, жұмысшылардың өнімділік деңгейінің артуына, уақыт шығынын
төмендетуге, капитал салымдарының тезірек өтелуіне ықпал етеді.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жағдайын талдаудың негізгі мақсаты
болып: өндірістік негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беру,
олардың жылжу, жаңартылу, шығару, тозу жағдайларын талдау, қорқайтарым,
қорсиымдылық, қормен қарулану деңгейлерінің арту немесе кему динамикасын
білу саналады. Көп жағдайда, кәсіпорындағы негізіг құралдардың тиімділігін
бейнелейтін бұл көрсеткіштер дәл мәнді бере бермейді. Оның себебі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
ПКФ ҮРКЕР – КОСМЕТИКС МАРКЕТИНГПЕН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ақауларды жөндеуге шығындар
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Фирманың маркетинг жүйесін құрайтын элементтер
Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері
Агро маркетинг
Пәндер