Өнімдер өндірісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1
«Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... ... 34
Нан пісіру.макарон өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... . 36
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... ... 50
Кондитерлік өндіріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..52
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... ... 84
Крахмал.сірне өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..86
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . .. 97
Қант өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 99
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... .. 107
Тамақ концентраттары өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 108
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... .. 110
Темекі.махорка және ферментациялық өндіріс ... ... ... ... ... ... ... .. .. 111
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... ... 134
Эфир майы өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 137
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... ... 138
Шай өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 139
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... .. 149
Парфюмерлік.косметика өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 151
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... .. 156
Май.тоңмай өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 157
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... .. 183
Ас тұзы өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 185
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . 199
Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 201
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . 203
Элеватор, ұн тарту.жарма және комбикорм өндірісі ... ... ... ... ... ... . 204
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . 225
Сауда және қоғамдық тамақтану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 226
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . 250
Консерві өндірісі» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 251
2004 жылы шығарылған БТБА.ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі ... ... . 260
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік сілтемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 261
Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы (БТБА) 51-шығарылымы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы
№ 130-ө бұйрығымен бекітілген БТБА 51 шығарылымы негізінде әзірленді.
Оны әзірлеу технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы: екі бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте көрсетілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 217 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы 30 маусымдағы

№ 225-ө бұйрығымен
бекітілген

Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің
бірыңғай тарифті-біліктілік
анықтамалығы

51-шығарылым

Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі;
Нан пісіру-макарон өндірісі; Кондитерлік өндіріс; Крахмал-сірне
өндірісі; Қант өндірісі;
Тамақ концентраттары өндірісі;
Темекі-махорка және ферментациялық өндіріс;
Эфир майы өндірісі; Шай өндірісі;
Парфюмерлік-косметика өндірісі; Май-тоңмай өндірісі; Ас тұзы
өндірісі; Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу; Элеватор, ұн тарту-
жарма және комбикорм өндірісі; Сауда және қоғамдық тамақтану;
Консерві өндірісі бөлімдері

Астана 2010

Кіріспе

Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы (БТБА) 51-шығарылымы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы
№ 130-ө бұйрығымен бекітілген БТБА 51 шығарылымы негізінде әзірленді.
Оны әзірлеу технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-
техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне,
жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы
нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ
еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің
күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын
талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы: екі бөлімнен тұрады.
Жұмыс сипаттамасы бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс
сипаттамасы қамтылады.
Білуге тиіс бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы
қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер
мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына
тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және
орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс
беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар
кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін
ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.
Жұмыс сипаттамасы бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы
ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды
жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық
құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.
Білуге тиіс бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық
талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы
қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын
пайдалану ережесін; орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында
еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның
алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік
сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен
жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды
орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы
жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен
разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген
жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте
көрсетілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар сегіз разрядты тарифтік кестеге
лайықталып әзірленді.

АЛКОГОЛЬДІ және алкогольсіз өнімдердің өндірісі

I. Шарап жасау өндірісі

§ 1. Коньяк өндірісінің аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе
спирт шикізатын айдау процесін жүргізуге қатысу. Қысымдағы ыдыстарды шарап
материалдарымен толтыру және қыздырғыштарға шарап материалдарын тиеу әрі
оны берілген температураға дейін қыздыру. Айдау аппараттарын шарап
материалдарымен немесе спирт шикізатымен өздігінен ағу жолымен немесе
сорғымен толтыру. Айдау аппараттарын босату және қалдықтарды қайта өңдеуге
тапсыру немесе канализацияға тастау. Коньяк спиртін бабын келтіруге қайта
айдау. Қызмет көрсететін жабдықта қосу, босату және ауа вентилін, айдау
аппараттарында бардянды штуцерлерді тиісті қалыпта орнату, жабдықты айдауға
әзірлеген кезде, айдау процесінде және жабдықты тоқтатқан кезде олардың
дұрыс қалпын қадағалау. Сынамаларды іріктеу.
Білуге тиіс: шарап материалдарын айдау технологиясының негіздері;
шарап материалдарының, коньяк спирттерінің, коньяктардың негізгі қасиеті;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі; коммуникацияның
орналасу схемасы.

§ 2. Коньяк өндірісінің аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті аппаратшының немесе шебердің
(технологтың) басшылығымен коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын
немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізуге қатысу. Қызмет көрсететін
жабдықтарды іске қосу және тоқтату. Айдау аппараттарын қыздыру үшін ирек
түтіктерге бу, дифлегматорлар мен тоңазытқыштарға су беру. Ирек
түтіктердегі су мен будың температурасын, айдау аппараттарын толуын және
ондағы сұйықтық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша
қадағалау. Бу, су, шарап және спирт коммуникациясының жай-күйін қадағалау.
Бу мен судың берілуін реттеу. қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы
ақаулықтарды жою.
Білуге тиіс: коньяк өндірісі технологиясының негіздері; шарап
материалдарын айдау технологиясы мен режимінің параметрлері; негізгі және
қосалқы жабдықтардың, коммуникациялардың құрылғысы; бақылау-өлшеу
аспаптарын пайдалану ережесі; өнім сапасына қойылатын талаптар.

§ 3. Коньяк өндірісінің аппаратшысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі және қыздыру тәсілдері әр түрлі
аппараттарда коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт
шикізатын айдау процесін жүргізу. Айдауларды іріктеу және оларды жекелеген
фракциялар бойынша қабылдағыштарға бағыттау. Бақылау-өлшеу
аппаратураларының көрсеткіші және органолептикалық: түсі, иісі, дәмі
бойынша бас, орта және артқы айдаулардың басталу және аяқталу сәтін
айқындау. Айдау процесін бақылау: спиртті айдау жылдамдығы, оның
температурасы, спирт фракциясы мен күштілігін дұрыс іріктеу. Вентильдің,
буды аппаратқа және суық суды дефлегматорларға беру көмегімен айдау
процесін жүргізудің жылдамдығын реттеу. Шикізат және дайын өнімдерді есепке
алу.
Білуге тиіс: коньяк өндірісінің технологиялық тәсімі; шарап
материалдарының, коньяк спирттерінің, коньяктардың биологиялық және
физикалық-химиялық қасиеті; спирттің күштілігі мен сапасына қарай
фракциялар бойынша айдауларды іріктеу әдістері; коньяк өндірісінің қызмет
көрсететін жабдықтарының конструктивтік ерекшеліктері, оны реттеу ережесі;
шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу ережесі.

§ 4. ШАМПАН ӨНДІРІСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңді резервуарлық әдіспен шарапты шампандау
процесін жүргізу. Көмір қышқылымен баспалау жолымен резервуарларды шарап
материалдарының және ликер қоспасымен толтыру. Ашытқыны беру. Резервуардағы
температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықтың берілуін, қант құрамын
қадағалау. Ашыту, ашытылу және тұндыру процесін бақылау және реттеу.
Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші мен зертханалық талдаулар нәтижелері
бойынша шампандау процесінің аяқталу сәтін айқындау. Шампанды сүзу және
құю. Қызмет көрсететін жабдықтардың дұрыстығын қадағалау, оның жұмысындағы
ақауларды жою. Шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу.
Білуге тиіс: шампанды кезеңді резервуарлық әдіспен өндіру
технологиясы; шараптың, ашытқының, қанттың, көмір қышқылының биологиялық
және физикалық-химиялық қасиеті; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникацияның
реттеуіш құрылғыларының құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; шикізат пен
дайын өнімнің есебін жүргізу ережесі.

§ 5. ШАМПАН ӨНДІРІСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз резервуарлық әдіспен шарапты шампандау
процесін жүргізу. Көмір қышқылымен баспалау жолымен батареяларды және бір
ыдысты резервуарларды шарап материалдарының және ликер қоспасымен толтыру,
ашытқыны беру. Батареядағы температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықтың
және ашытқының берілуін, қоспа ағындарының өтуін, қант құрамын қадағалау.
Қайта ашыту, салқындату және тұндыру процесін бақылау-өлшеу көрсеткіштері
және тіркейтін аспаптар және зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша
бақылау және реттеу. шампанды сүзу және құю. Қызмет көрсететін жабдықты
қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою.
Білуге тиіс: үздіксіз резервуарлық әдіспен шампан өндірісінің
технологиялық схемасы; негізгі және қосалқы, бақылау-өлшеу аспаптарының,
реттегіш құрылғылардың, коммуникациялардың конструктивтік ерекшеліктері.

§ 6. ДЕГОРЖЕР
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дегоржажа процесін жүргізу – бөтелкелеу әдісімен
шампан өндірісінде тығынға ауыстырылған және алдын ала мұздатылған
тұнбаларды лақтыру. Дегоржажаға дайындалған шараптың мөлдірлігін, тұнбаның
дұрыс мұздатылуын және оның бөтелке қабырғасында қалып қоймауын тексеру.
Тығынды алу, тұнбаны шығарып тастау. Шарапта бөгде иістердің болмауына
органолептикалық сынақ жүргізу. Ликер мөлшерлеуші машинаның қабылдағыш
құрылғыларына бөтелкелерді орнату. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: бөтелкелеу әдісімен шампан өндірудің негізгі
технологиясы; дегоржажа процесінің мәні мен мағынасы және оны жүргізу
ережесі; "Советское шампанское" шарабының стандарты; шараптардың,
ашытқылардың, көмір қышқылдарының биологиялық және физикалық қасиеті;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, дегоржажа бөлімшесі аспаптарының
құрылғысы мен пайдалану ережесі; есепке алу ережесі.

§ 7. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау
бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Технологиялық құюларды
жүргізу. Бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату және оларды толтыру.
Лагерлерді бөлшектеу. Бөшкелерді домалату. Ыдыстарда шарап материалдарының
қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан шарап материалдарын құйып алу
немесе оларды ыдыстарға құю. Шпунттар мен шпунт тесіктерін өңдеу. Күкіртті
ангидридтің жұмыс ерітіндісін даярлау және олармен төлелерге түтін салу.
Шпунттарды парафиндеу. Қап сияқты сүзгілерде шарап материалдарын сүзу.
Сорғылардың, аппараттардың және аспаптардың көмегімен бөшкелерді,
ыдыстарды, автомобиль әрі теміржол цистерналарын, контейнерлерді толтыру,
босату. Қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту. Технологиялық
ыдыстардың сыртын сүрту. Қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың
жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы ақауларды жою. Шикізат пен дайын
өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: шарап материалдарының, шараптар мен қосалқы
материалдардың негізгі қасиеті; технологиялық және көлікті ыдыстарды
толтыру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы; есепке алу
ережесі.

§ 8. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау
бойынша жекелеген күрделі операцияларды орындау. Центрифугаларда және
қаптардан басқа түрлі сүзгі жүйелерінде шарап материалдарын сүзу және
тазалау, құюға беру. Камераларда және резервуарларда жапсыру,
эгализациялау, ассамблдеу, купаждау, мадеризациялау. Жартылай тәтті,
көпіршіме және хош иісті шараптар дайындау. Хош иісті шараптар үшін
шөптерден, тамырлардан, дәмдерден спирт тұнбасы жасау. Түрлі тәсілдермен
қыздыратын аппараттарда қант шәрбатын; бентонитті – бумен қыздырылатын
аппараттарда және ыдыстарда; желімдейтін ерітінділерді: сары қанды тұз,
желатин, полиакриламид және т.б. дайындау. Вакуум-аппараттарында жеміс
ашытқысын дайындау және оны купажды ыдысқа салу, купажды түзету кезінде
спирт қосу. Бақылау-өлшеу көрсеткіштері, зертханалық талдаулар бойынша және
органолептикалық әдіспен процестерді бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін
жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу. Қызмет көрсететін
жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.
Білуге тиіс: шарап материалдарын өңдеу және жартылай тәтті, көпіргіш
және хош иісті шараптарды дайындау технологиясының негіздері; технологиялық
нұсқаулықтар және шарап өнімінің сапасына қойылатын талаптар; технологиялық
режимнің параметрлері және жекелеген операцияларда оны реттеу ережесі;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы; бақылау-өлшеу аспаптарының
міндеті мен пайдалану ережесі.

§ 9. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарап дайындау
бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау. Пастеризаторлар мен
салқындатқыштарда бір уақытта сүзе отырып, жылумен және суықпен өңдеу.
Салқын камераларда және резервуарларда шарапты бабына келтіру. Жылумен
қыздыру жүйесі бар аппараттарда шарап материалдарын мадеризациялау.
Аппараттарды сорғымен, өздігінен ағумен немесе көмір қышқылымен баспалау
жолымен шарап материалдарымен толтыру. Шарап материалдарын берілген
температураға дейін қыздыру және оны белгілі деңгейде ұстап тұру. Шарап
материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен немесе басқа да тәсілдермен
кезеңді араластыру. Шарап материалдарын баллондардан қысымды беру жолымен
оттегімен қанықтыру. Шарап материалдарын қыздыру және оларды оттегімен
қанықтыру процесін бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық талдау
көрсеткіштері бойынша және органолептикалық әдіспен бақылау және қадағалау.
Будың берілуін, шарап материалдарының температурасын, араластыруды және
оттегімен өңдеуді реттеу. Мадеризациялау процесінің аяқталу сәтін айқындау.
Кезеңдік әдіспен хересті дайындау, ыдыстарға шарап материалдарын толтыру;
херес пленкасын егу, оның өсуін қадағалау; ыдыстардан сынамаларды және
пленка астынан дайын херес материалдарын іріктеу. Қызмет көрсететін
жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу.
Білуге тиіс: шарап материалдары мен шараптардың негізгі биологиялық
және физикалық-химиялық қасиеттері; шарап материалдары мен шараптарды
термиялық өңдеудің технологиясы; шарап материалдарын мадеризациялау және
кезеңдік әдіспен хересті дайындау технологиясы; технологиялық жабдықтардың
жұмыс режимін реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың, реттейтін
құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 10. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық схемалар бойынша шарап
материалдарын өңдеудің және шарап дайындаудың технологиялық процесін
жүргізу. Купажды дайындау: купаждау, желімделетін ерітінділермен өңдеу,
араластыру, купажды түзеу. Шарап материалдарын өңдеу, херестеу, толассыз
ағында жартылай тәтті шараптар дайындау. Шарап материалдарын херестеу үшін
батареяларды, үздіксіз қызмет ететін аппараттарды қосу. Херес пленкасын
өсіру, оны шараптың бетіне жағу. Реттегіш құрылғылардың көмегімен ағынның
өту және дайын шараптың шығу жылдамдығын реттеу. Херестеу процесін
бақылау, оның аяқталу сәтін айқындау. Кезбе батареяларды, каскадты-ярусты
қондырғыларды және басқа да аппараттарды купаждалған қоспамен толтыру.
Купаждалған қоспаны және ашытқыны екінші рет ашыту үшін бірқалыпты беру.
Сүзу, термиялық өңдеу. Суықта бабына келтіру және шараптарды құюға беру.
Екінші рет ашыту процесін, ағынның өту, ашытқыны беру жылдамдығын,
термиялық өңдеу және сүзу процестерінің бақылау және реттеу. шарап
материалдарын купажерлерге, буталарға, темір бетонды, металды
резервуарларға және басқа да ыдыстарға сорғымен, өздігінен ағумен және
көмір қышқылымен баспалау жолымен беру. Желімделетін заттарды мөлшерлеу
және беру. Шарап материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен араластыру,
центрифугамен, сүзгімен тазалау. Ыдыстардың шарап материалдарымен
толтырылуын қадағалау. Жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, реттегіш
құрылғыларға, коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын қадағалау.
Білуге тиіс: толассыз ағында хересті, жартылай тәтті және басқа да
шараптарды дайындаудың технологиясы; шараптың даярлығын айқындау әдістері
мен тәсілдері; толассыз ағында шарап материалдарын өңдеу, херестеу және
жартылай тәтті шараптарды дайындау үшін қолданылатын жабдықтардың, реттегіш
құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері.

§ 11. Шарап шикізатын өңдеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті шарап шикізатын өңдеушінің
басшылығымен жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен езіндісін
алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау. Технологиялық
және тасымалдаушы жабдықтарды бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.
Білуге тиіс: шарап жасау өніміне арналған шикізат ретінде жүзім, жеміс
пен жидек сипаттамасы; шырындарды, жеміс ашытқысын, езінділер мен
сығындыларды алудың негізгі процесі; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс
істеу принципі, жуу және тазалау ережесі; коммуникациялардың орналасу
схемасы.

§ 12. Шарап шикізатын өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен
езіндісін алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау.
Шикізатты қайта өңдеуге тапсыру кезінде сұрыптау (инспекциялау). Шикізатты
уатқыш машиналарға және жуғыштарға беру. Қол престерінде жеміс ашытқысы мен
шырындарды сығу. Жүзім мен жеміс ашытқысын, жеміс-жидек шикізаттарын және
шырындарды құрамындағы қантты, қышқылды және басқа да құрамды
компоненттерді анықтау үшін іріктеу. Престерде қалқымаларды сығу,
өндірістік орындардан қалқымаларды, сығындыларды қолмен және тасымалдағыш
құралдардың көмегімен тасымалдау. Сығындыларды түсіру және оны одан әрі
қайта өңдеуге немесе жөнелтуге тапсыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды
бөлшектеу және құрастыру.
Білуге тиіс: жүзімнің, жемістің, жидектің негізгі қасиеттері; қызмет
көрсететін жабдықтарды және тасымалдағыш құралдардың құрылғысы және
пайдалану ережесі; сынамаларды іріктеу ережесі; қызмет көрсететін
жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру ережесі; жүзімнен және жеміс-жидек
шикізатынан жеміс ашытқысын, шырынын, езіндісін алудың негізгі
технологиясы.
§ 13. Шарап шикізатын өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Уатқыштарда, ағызғыштарда, қол престерден басқа
пресстің барлық жүйесінде жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеу жолымен
шырын, жеміс ашытқысы мен езіндіні алу процесін жүргізу (шикізатты уату,
жуу, қалқыманы алып тастау, шырынды бөліп алу, езіндіні престеу, жеміс
ашытқысын тұндыру үшін құйып алу, ашыту). Технологиялық жабдықтардың,
тасымалдағыш құралдардың, құрылғылардың жұмысын қадағалау және реттеу.
Шикізатты уатуға; езіндіні – ашытуға, тұнбаға, ағызғыштарға, престерге;
жеміс ашықтысын – тұндыруға немесе одан әрі өңдеуге беру. Езіндіні қыздыру,
сульфиттеу, ағында ферменттеу. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: қайта өңдеу технологиясы, жүзім және жеміс-жидек
шикізатының негізгі қасиеті; алу технологиясының мәні және шырынның, жеміс
ашытқысының, езіндінің, сығындылардың негізгі қасиеті; қызмет көрсететін
жабдықтың, тасымалдағыш құралдар мен коммуникациялардың құрылғысы; шикізат
пен езіндінің сығымдалған дәрежесін айқындау.

§ 14. Шарап шикізатын өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен автоматтық желілерде жүзім мен
жеміс-жидек шикізаттарын өңдеу жолымен шырынды, жеміс ашытқысын, езіндіні
алудың технологиялық процессін жүргізу: шикізатты жуу, уату, шырынын бөліп
алу, езіндіні престеу, өндірістік орындардан қалқымалар мен сығындыларды
алып тастау, шырын мен жеміс ашытқысын тұнбаларға құю, шикізатты өңдеу үшін
технологиялық желілерге бағыттау. Шарап шикізатын өндірудің технологиялық
режимінің сақталуын, оны шығындау нормаларының сақталуын және дайын өнімнің
шығуын, қызмет көрсететін жабдықтың тоқтаусыз жұмысын бақылау. Өнім
сапасының нашарлауына, шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын
өнімнің шығуының кемуіне, өндіріс желісінің төмендеуіне әкелетін себептерді
анықтау және жою.
Білуге тиіс: автоматты желілерде жүзім және жеміс-жидек шикізатын
өңдеудің технологиясы; автоматтық желілердің, бақылау-өлшеу аспаптарының,
басқару пультінің қызмет ету принциптері; өнім сапасының нашарлауына,
шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын өнімнің шығуының кемуіне
әкелетін себептер және оларды жою бойынша шаралар.

§ 15. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу,
коньяктарды дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау.
Технологиялық құюларды жүргізу. Сынамаларды іріктеу. Бөшкелерді лагерлерге
орнату және оларды толтыру. Ыдыстарда спирт пен коньяктардың қажетті
деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан спирт пен коньяктарды құйып алу немесе
оларды ыдыстарға құю. Технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарға
сорғылардың, аппараттардың, құрылғылардың көмегімен коньяк спиртін немесе
коньякты толтыру. Бөшкелерді парафиндеу. Спирттелген суларды, тазартылған
суды дайындау. Трафарет салу. Шөгінділерді төгу. Жабдықтар мен ыдыстарға
шлангтар мен шарап құбырларын қосу және сөндіру. Қабырғаларды, алаңдарды,
лагерлерді ағарту. Технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту. Бөшкелердің
кертіктері мен құрсауларын сырлау. Қызмет көрсететін жабдықтардың және
коммуникациялардың жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою.
Білуге тиіс: коньяк спиртінің, коньяктардың және қосалқы
материалдардың негізгі қасиеті; технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарды
толтыру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмыс
істеу принципі.

§ 16. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу,
коньяктарды дайындау бойынша жекелеген аса күрделі операцияларды орындау.
Коньяк спиртін эгализациялау, бөшкелерді коньяктармен толтыру және құюға
беру. Коньяктарды өңдеу: жапсыру, мөлшерлеу және жапсырылатын заттарды
беру, араластыру, сүзу, купаждаудан кейін бабына келтіру. Қазандықтарда
және түрлі тәсілмен қыздыратын аппараттарда колер мен қант шәрбатын
дайындау. Жапсырылатын ерітінділерді дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптары,
зертханалық талдаулар деректері бойынша және органолептикалық әдістің
көмегімен процестерді бақылау және реттеу. қызмет көрсететін жабдықтардың
жұмысын реттеу және оның жұмысындағы кінәраттарды жою. Шикізат пен дайын
өнімге есеп жүргізу.
Білуге тиіс: коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау
технологиясының негіздері; қажетті технологиялық нұсқаулықтар; дайын өнім
сапасына қойылатын талаптар; технологиялық режимнің параметрлері және
жекелеген операцияларда оны реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың,
бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың құрылғысы; есепке алу
ережесі.

§ 17. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу,
коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау.
Коньяк спиртін резервуарлық бабына келтіру үшін емен тойтармаларын өңдеу.
Тойтармаларды эмальды резервуарларға орналастыру. Емен тойтармаларда арнайы
өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру кезінде оттекті
режимді реттеу. Тойтармаларды жуу және термиялық өңдеу. Коньяктарды
бөшкелерге құю. Жабдықтарға қызмет көрсету және оның жұмысындағы ақауларды
жою. Коньяктарды дайындау процесін, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын
бақылау және реттеу.
Білуге тиіс: коньяк спиртінің, коньяктардың негізгі биологиялық және
физикалық-химиялық қасиеті; коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау
технологиясы; технологиялық режимдердің параметрлері және емен
тойтармаларда арнайы өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру
кезінде реттеу; емен тойтармаларын өңдеудің технологиялық негіздері; қызмет
көрсететін жабдықтардың, реттегіш құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының
құрылғысы.

§ 18. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу,
коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау.
Технологтың басшылығымен эаглизациялау және купаждау үшін коньяк спиртін
іріктеу әрі толық бабына келтіруге беру. Купажды дайындау, купаждау,
мөлшерлеу және компоненттер мен желімделетін заттарды купажға беру,
купажды араластыру. Емен тойтарманы таңдау және коньяк спиртін резервуарлық
бабына келтіру үшін оны өңдеуді ұйымдастыру. Технологиялық режимнің
орындалуын, шикізат пен материалдарды шығындау нормаларының сақталуын,
жұмыссыздың тоқтамауын және учаскедегі қызмет көрсететін жабдықты пайдалану
дұрыстығын бақылау. Шығындарға әкеп соғатын, өнім сапасының төмендеу
себептерін уақытында анықтау және жою.
Білуге тиіс: коньяк спиртін бабына келтіру, коньяктарды дайындау
технологиясы; емен тойтармасын таңдау және өңдеу технологиясының ережесі;
шикізат пен материалдарды шығындау нормасы; қызмет көрсететін жабдықтардың,
реттегіш құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік
ерекшеліктері; эгализацилау және купаждау үшін коньяк спиртін іріктеу
ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және
жою тәсілдері.

§ 19. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шарап жасаудағы қалдықтарды: сығындыларды,
бардтарды, винасаларды тасымалдау және олармен қоймаларды, тұндырмаларды
және түрлі жабдықтарды толтыру. Қоймалардағы сығындыларды таптау және
оларды тиісті материалдармен жабу.
Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды тасымалдау, сығындыларды
қоймаларға тиеу және оларды жабу ережесі; коммуникациялардың орналасу
схемасы.

§ 20. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті шарап жасаудағы қалдықтарды
өңдеушінің басшылығымен шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін,
спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді
алып тастау процесін жүргізу. Бейтараптандырғыштарды бардтар немесе
винасалармен толтыру. Қышқылдар мен сілтілер ерітіндісін дайындау. Қышқыл
шарап әгін жуу және кептіру, ашытқыларды қысу және кептіру. Айдау
аппараттарын тиеу және түсіру, қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру.
Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеу технологиясының
негіздері; спирт, ашытқы мен қышқыл шарап әгінің негізгі қасиеті; қызмет
көрсететін жабдықтардың, кептіргіштердің, сорғылардың, коммуникациялардың
жұмыс істеу принципі; қойылтылған қышқылдармен, ерітінділермен жұмыс істеу
ережесі және жабдықтарды олардан тазалау тәсілдері.

§ 21. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін,
спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді
алып тастау процесін жүргізу. Сорғылардың көмегімен, өздігінен ағу және
басқа да тәсілдермен шикізаттарды және аралық өнімдерді
бейтараптандырғыштарға, декантаторларға толтыру, қышқылдар мен сілтілерді
мөлшерлеу, олармен шикізат пен шарап жасау өнімдерін өңдеу. Спирт айдау.
Құрамында қант бар сығындыларды арнайы аппараттарда қантты, спиртті және
қышқыл шарап әгін алып тастап, оларды ашытпай қоймаларда өңдеу. Қызмет
көрсететін жабдықтардың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері
бойынша бақылау және реттеу. оны жұмысқа дайындау. Есеп жүргізу.
Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеудің технологиялық
процесі және олардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны алып тастау
әдістері; қалдықтардың және олардан өңделген өнімдердің физикалық-химиялық
қасиетінің негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың және коммуникацияның
құрылғысы және пайдалану ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын
пайдалану ережесі; шикізат пен дайын өнімді есепке алу ережесі.

§ 22. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды
өңдеушінің басшылығымен жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын
дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Жеміс ашытқысы
мен шырындарды мөлдірлегеннен кейін қоюын құйып алу, оларды ашыту және
тұндыру. Құюды жинақтағыштарға толтыру, сынамаларды іріктеу. Технологиялық
ыдыстардың сыртын сүрту. Қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту. Үй
жайға күкіртті ангидридті түтін салу.
Білуге тиіс: шикізат пен қосалқы материалдардың негізгі қасиеті;
сынамаларды іріктеу ережесі; коммуникациялардың орналасу схемасы; қызмет
көрсететін жабдықтың түрлері және оларды қолдану ережесі.

§ 23. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын
дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Жеміс ашытқысы
мен шырындарды жинақтағыштардан тұнбаларға, езінділерді езінді жинағыштан
ашыту резервуарларына құю. Ашыту ыдыстарын өңдеу үшін дезинфекциялау
құралдарын дайындау. Шарап материалдарды тұндырғаннан немесе ашытқаннан
және спирттегеннен кейін ашытқы шөгінділерін төгу (сорғымен сорып алу).
Ашытқы шөгінділерін топқа бөлу және өңдеу (тұндыру, сүзу, престеу), оларды
қайта өңдеуге беру. Бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату, кейін
оларға жеміс ашытқысын толтыру. Лагерлерді таратып бөлу, бөшкелерді
домалату, ыдыстарда қажетті деңгейді ұстап тұру үшін ыдыстарға шарап
материалдарын құю және ыдыстардан құйып алу. Шпунттарды және шпунт
тесіктерін өңдеу. Күкіртті ангидридтің ерітіндісін дайындау. Шпунттарды
парафиндеу. Ашытқылардың таза дақылдарын жинау және өңдеу бойынша жекелеген
операцияларды және жұмыстарды орындау. Технологиялық ыдыстарды
зарарсыздандыру. Сынамаларды іріктеу.
Білуге тиіс: жеміс ашытқысының, шырындардың, шараптардың,
ашытқылардың негізгі қасиеті; технологиялық ыдыстарды толтыру ережесі;
сынамаларды іріктеу, сіңдіргіш ортаны, ыдыстарды, сыйымдылықтарды
зарарсыздандыру ережесі; дезинфекциялау құралдарын дайындау ережесі; ашытқы
шөгінділерін өңдеу ережесі мен тәсілдері; ашытқының таза дақылдарын жинау
және өңдеу ережесі.

§ 24. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды
өңдеушінің немесе шебердің (технологтың) басшылығымен жеміс ашытқысын,
шырындар мен езінділерді ашыту процесін жүргізу: ыдыстарды дайындау, оларды
жеміс ашытқысымен, шырынмен немесе езіндімен толтыру, ашытқыны беру, шарап
материалдарын сульфиттау және спирттеу, оларды ашытқы тұнбалардан түсіру.
Езіндіде жеміс ашытқысын тұндыру немесе ашыту кезінде езіндінге күтім
жасау. Сірке суы өндірісінде – сірке суын ашыту процесін жүргізу. Жеміс
ашытқысы мен шырындарды мөлдірлету процесін жүргізу. Тұндыру ыдыстарын
жеміс ашытқысымен, шырынмен толтыру, күкіртті ангидридті және бентониттің
су суспензиясын беру, араластыру, мөлдірлігін қадағалау, мөлдірлегеннен
кейін ашытуға беру. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің
немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын
көбейту және ашытқыны дайындау бойынша операциялар мен жұмыстарды орындау.
Аппаратураларды, жабдықтарды, ыдыстарды, коммуникацияларды дайындау және
зарасыздандыру. Қоректік ортаны мөлдірлендіру (сүзу), тұндыру.
Зарасыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру, зарасыздандыру және
зарасыздандырғыш ыдыстарға құю. Ашытқыны зарасыздандырған ортаға беру.
Мөлшерлегіш құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны беруге көмектесу.
Қызмет көрсететін аппаратураларға, сорғыларға, сүзгілерге және
коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу. Ашық қазандықтарда
жеміс ашытқысын шоғырландыру (әбден пісіру). Қазандықтарды жеміс
ашытқысымен толтыру, қыздыру температурасын реттеу, пісіру процесін
қадағалау. Жеміс ашытқыларын пісіру шамасына қарай үлкен қазандықтардан
кіші қазандықтарға құю, жеміс ашытқыларын бейтараптандыру, дайын
концентратты ыдыстарға құйып алу. Бентонит суспензиясын даярлау.
Микробиологиялық бақылау үшін цехтер мен қоймаларда сынамаларда сынамаларды
іріктеу. Қызмет көрсететін аппаратураларға, коммуникацияларға, сорғыларға,
араластырғыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын
реттеу. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: шараппен немесе сірке суымен ашыту, ашытқының таза
дақылдарын шығару және көбейту процесінің негізгі технологиясы;
технологиялық режимдер және оларды орындау мен реттеудің негізгі ережесі;
қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникациялардың жұмыс істеу
принципі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; есепке
алу ережесі.

§ 25. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысын, шырындарды, езінділерді ашыту
процесін жүргізу. Ыдыстарды дайындау, оларға жеміс ашытқыларын, шырындарды
немесе езінділерді толтыру, мөлшерлеу және ашытқыны беру. Сульфиттау,
спирттеу. Езіндіні жылумен өңдеу және ферменттеу. Шарап материалдарын
ашытқы тұнбаларынан түсіріп алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері,
зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық әдістің
көмегімен ашыту процесін бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін сорғыларға,
сүзгілерге, араластырғыштарға, коммуникацияларға қызмет көрсету және
жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою. Ашытқының таза
дақылдарын генерациялау және өндірістік жағдайда ашытқыны дайындау.
Ашытқыны жинау, зарарсыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны
қоректік ортаға себу. Генерациялау процесін қадағалау. Мөлшерлегіш
құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру. Жеміс
ашытқысы мен буды вакуум-аппаратқа бер. Бақылау-өлшеу аспаптарының
көрсеткіштері бойынша температураны реттеу және ыдырату. Пісіру процесін
қадағалау және оның аяқталу сәтін айқындау. Дайын концентратты ыдысқа құю.
Жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою.
Білуге тиіс: шикізаттардың, материалдардың биологиялық және
физикалық-химиялық қасиеті;ашыту процесінің технологиясы, ашытқының таза
дақылдарын шығару және көбейту, вакуум-аппараттарда жеміс ашытқысын өндіру;
шарап материалдарын, ашытқы мен вакуумдалған жеміс ашытқыларын дайын
болғандығын айқындау тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтарды және
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 26. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Толассыз ағында ашыту процесін жүргізу. Кезбе
батареяларға, аппараттарға жеміс шырындарын тиеу, ашытқыны беру. Ашыту
материалдары ағынының жылдамдығын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының
көрсеткіштері, зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық
әдістің көмегімен алғашқы ашыту процесін бақылау және реттеу. Ашыту
процесінің басталу және аяқталу сәтін айқындау. Қызмет көрсететін жабдықтың
жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы кінәратты жою.
Білуге тиіс: толассыз ағында шараппен ашыту технологиясы;
технологиялық режимнің параметрлері және оны реттеу ережесі; талдау әдісі
және шарап материалдарын дайын болғандығын айқындау тәсілдері; толассыз
ағында жеміс ашытқысын өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың конструктивтік
ерекшеліктері; ашыту материалдары ағынының жылдамдығын реттеу тәсілдері;
ашыту процесінің басталуы мен аяқталуын айқындау тәсілдері.

§ 27. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпіргіш шараптар өндіруде бөтелкедегі құрамды
толық немесе ішінара салқындату немесе қатыру. Салқындату және қатыру
процесін, камерадағы, ванналардағы ауа мен тұздықтың температурасын,
бақылау-өлшеу аспаптары мен органолептикалық әдіс бойынша ванналардағы
тұздықтың деңгейін бақылау. Салқындату және мұздату процесінің аяқталу
сәтін айқындау. Тоңазытқыш камераларды, ванналарды тиеу және түсіру.
Көпіргіш шараптар құйылған бөтелкелерді беру және тасымалдау. Шарап
құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін тексеру үшін қатарластыру.
Бабына келгенін тексергеннен кейін өндіріске беру, бөтелкелерді қайта
қатарлау және шайқау. Ашытылған шарап құйылған бөтелкелерді пюпитрлерге
орналастыру және одан шығару. Қатарларды ажырату және қайта қатарлау.
Шарап құйылған бөтелкелерді операция аралық тасымалдау. Бабына келтіру
процесінде көпіргіш шарап құйылған бөтелкелерді жуу.
Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкедегі құрамды
салқындату және қатыру ережесі мен мақсаты; пюпитрлерді дезинфекциялау және
орналастыру ережесі; шарап құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін
бақылау үшін қатарлау ережесі.

§ 28. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті көпіргіш шараптарды дайындаушының
немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын
көбейту және ашытқыны дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау. Аппараттарды,
сыйымдылықтарды, ыдыстарды зарарсыздандыру. Қоректік ортаны мөлдірлеу
(сүзу, тұндыру). Зарарсыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру,
зарарсыздандыру және зарарсыздандырғыш ыдыстарға құю. Сорғының, өлшегіштің
көмегімен ашытқыны қоректік ортаға және өндіріске беру. Аппаратураларға,
сорғыларға, сүзгілер мен коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын
реттеу. Шарапты тұнбалардан ажыратуға арналған аппаратуралар мен
құрылғылардың көмегімен көпіргіш шараптарды бөтелкелерден бөтелкелерге
ауыстырып құю. Бос және толтырылған бөтелкелерді ауыстырып құюға
дайындау, қатарлардан бөтелкелерді ауыстыру. Толтырылған бөтелкелерді алдын
ала салқындату және бос бөтелкелерді көмірқышқылымен толтыру. Қызмет
көрсететін аппаратураның жұмысын реттеу. Шикізат пен дайын өнімге есеп
жүргізу.
Білуге тиіс: шараптың, ашытқының және қосымша қолданылатын
материалдардың негізгі қасиеті; ашытқының таза дақылдарын көбейтудің
негізгі технологиясы; технологиялық режимнің параметрлері және оны орындау
ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникацияның жұмыс
істеу принципі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;
есепке алу ережесі.

§ 29. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аппараттарда үздіксіз жұмыс істейтін батареяларда
ашытқылардың таза дақылдарын генерациялау процесін жүргізу. Ашытқыларды
жинау. Зарасыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны қоректік
ортаға себу. Генерациялау процесін қадағалау. Сорғылардың, мөлшерлегіш
құрылғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру. Қайта ашыту үшін
резервуарлық (немесе тираждық) қоспаны дайындау және өңдеу. Орталықтан
тепкіш сорғыларды қолдану, көмірқышқылымен таптау немесе басқа да
тәсілдермен қысымды аппараттарды шарап материалдарымен және ликермен
толтыру. Қоспаны сутекті жіберу жолымен, ашыту және басқа да тәсілдермен
қышқылсыздандыру-майсыздандыру. Қоспаны берілген температураға дейін
қыздыру, оны сол деңгейде ұстап тұру және кейін салқындату. Қоспаны
көмірқышқылымен таптау жолымен шампандауға беру. Көмірқышқылын шығару және
қысымды аппараттардан рессиверге компрессормен сорып алу. Жинағыштарға
қоспаның толуын және өңделген қоспаны қайта ашытуға берілуін қадағалау.
Судың, қоспаның температурасын, сутекті мөлшерлеуді бақылау. Қант шәрбатын,
тираждық және экспедициялық ликерді қазандықтарда, реакторларда,
араластырғыш ыдыстарда, ротациялық бөшкелерде және басқа да аппараттарда
дайындау. Сорғыларды, мөлшерлегіштерді, шнектер мен басқа да тиегіш
механизмдерді қолдана отырып, компоненттерді тиеу. Суды, буды, отынды беру.
Зертханалық талдаулардың нәтижелері және органолептикалықәдіс бойынша
процестерді бақылау. Дайын болған сәтті айқындау, сүзу, сынамаларды
іріктеу.
Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды бөтелкелеу және резервуарлық әдіспен
дайындау технологиясының негіздері; ашытқының таза дақылдарын генерациялау
технологиясы; шараптардың, ашытқылардың, қанттың, көмірқышқылының
биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; дайын өнімге қойылатын
сапасына қойылатын талаптар мен технологиялық нұсқаулықтар; қызмет
көрсететін жабдықтардың, құрылғылардың, коммуникациялардың, қолданылатын
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 30. РЕМЮЕР
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкелеу әдісімен
(ремюаж) тұнбаларды тығынға әкелу. Бөтелкелерде ашытылудың аяқталу сәтін
көзбен, органолептикалық айқындау. Бөтелкелердің пюпитерлерге дұрыс
салынуын қадағалау. Тұну сипатын және оны өңдеу әдістерін айқындау.
Пюпитердің ұяшықтарынан алмай, бөтелкенің ось бойынша оңға және солға
тербелтіп қозғалту жолымен бөтелкелердің тұнбаларын өңдеу, одан әрі
бөтелкелерді бастапқы күйден өзгеше орналастыру. Шикізат пен дайын өнімді
есепке алу.
Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды бөтелкелеу әдісімен өндіру
технологиясының негіздері; ремюаж процесінің мәні мен маңызы және оны
жүргізудің ережесі; шараптардың, ашытқылардың, көмірқышқылының биологиялық
және физикалық-химиялық қасиеті; пюпитерлердің құрылғысы және олардан
бөтелкелерді шығару; есепке алу ережесі.

II. СПИРТ және арақ-ликер өндірісі

§ 31. Спирт айДАУ және ректификаттау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық инструкцияға сәйкес кезеңді жұмыс
істейтін брагоректификаттау, ректификаттау аппараттарында және
аламбикаларда спиртті айдау, ректификаттау процесін жүргізу. Кезеңді жұмыс
істейтін айдау аппараттарын тиеу. Вентильдің көмегімен ашытқыны, спиртті,
буды, суды беруді реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша
айдау мен қысымның жылдамдығын қадағалау. Стандартты өнімдерді, жартылай
өнімді және қосымша өнімді іріктеу. Ашытқыш пен бардтағы спирттің
концентрациясын тексеру. Химиялық зертханалардың талдауы және спирт
өлшейтін аспаптардың көрсеткіштері бойынша шығарылатын өнімнің сапасын
және қадағалау. Алғашқы және соңғы фракцияның санын реттеу. Сынамаларды
алу, алынатын спирттің саны мен сапасын айқындау. Спирт өлшегіш аспаптар
бойынша өңделген спирттің санын бақылау, есептеуіштердің көрсеткіштерін
жүйелі түсіру. Айдауды аяқтағаннан кейін қондырғыларды түсіру және жуу.
Қызмет көрсететін жабдықтың жай-күйін қадағалау. Шикізат пен дайын өнімді
есепке алу.
Білуге тиіс: кезеңді жұмыс істейтін айдау аппараттарында спирт өндіру
технологиясы; айдау және ректификаттаудың, хошиісті спирт алудың
теоретикалы негіздері; спиртті, жартылай өнімді және қосымша өнімді іріктеу
әдісі, оны іріктеу ережесі; брагоректификаттау процесінде өнімнің шығу,
спиртті шығындау нормалары; қызмет көрсететін жабдықтардың,
коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аппаратуралары мен автоматика
құралдарының құрылғысы, міндеті мен ережесі; бу мен суды оңтайлы шығындау
амалдары; есепке алу ережесі.

32. Спирт айДАу және ректификаттау аппаратшысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық инструкцияға сәйкес үздіксіз қызмет
ететін брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау
процесін жүргізу. Вентильдің немесе автоматика құралдарының көмегімен
ашытқыштарды, спиртті, суды беруді реттеу. Брагоректификаттық
қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Спиртті айдау және
ректификаттау процесін қадағалау, оның технологиялық параметрлерін реттеу:
бақылау нүктелеріндегі температураны, қондырғы колонналарындағы қысымды,
қондырғының өнімділігін. Стандартты өнімнің, жартылай өнімнің және
қосымша өнімнің шығуын қадағалау. Спирт өлшейтін аспаптардың көрсеткіші мен
химиялық зертхана талдаулары бойынша бардтағы және лютерлі судағы
ректификатты спирттің концентрациясы мен сапасын, спирттің концентрациясын
тексеру.автоматика құралдарын қолдана отырып, спиртті айдау және
ректификаттаудың технологиялық процесінің барысын талдау негізінде реттеу.
Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және оларды
жою.
Білуге тиіс: үздіксіз қызмет ететін айдау аппараттарында спирт өндіру
технологиясы; түрлі жүйедегі үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық
қондырғылар мен автоматика құралдарының құрылғысы; жылу энергиясын шығындау
нормалары және оның үнемдеу тәсілдері.

33. Спирт айДАу және ректификаттау аппаратшысы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Регламентке сәйкес үздіксіз қызмет ететін
брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау процесін
жүргізу. Қондырғыға ашытқышты тиеу, қысқа уақытқа тоқтату, қысқа уақытқа
тоқтатқаннан кейін қондырғыны қосу, спиртті тарту, жуу, қондырғыны тазалау.
Аспаптардың көрсеткіші негізінде спиртті айдау және ректификаттаудың
технологиялық процесінің барысын түзеу. Бардта және лютерлі суда спирттің
шығындалуын айқындау. Жылы ағын бойынша колонналардың өзара байланысын,
сондай-ақ бірнеше параллельді жұмыс істейтін колонналар мен арнайы
мақсаттағы колонналардың жұмысын реттеу. Брагоректификаттық қондырғылардың
бу мен суды шығындау бойынша жұмысының едәуір үнемді режимін таңдау. Қызмет
көрсететін қондырғыны жөндеуге тапсыру және өндеуден алу.
Білуге тиіс: үздіксіз әрекет ететін ашыту ректификаттық қондырғылардың
технологиялық схемасы; ашыту ректификаттық қондырғылардың жылу энергиясы
бойынша анағұрлым жетілдірілген жаңа схемалары; вакуум қондырғылардың
жанама-тікелей ағу қондырғылардың, ашыту ректификациясы жүйесінде бас
фракциядан этил спиртін алу бойынша қондырғының, құрылысы және құрылымдық
ерекшеліктері және оларды пайдалану ерекшеліктері; құбырлардың орналасу
схемасы; тығын және реттеуші арматураның орналасуы және оны пайдалану
әдістері; жылу алмастырғыштардың бетін тазалау тәсілдері; қолданылатын
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы және жұмыс
қағидаттары; өндірістік процестерді автоматтандыру схемасы; қызмет
көрсетуші жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері және
технологиялық процесті қалыпқа келтіру.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.

§ 34. СПИРТТІ ДЕНАТУРАТТАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоспалаушы чандарда денатуратталған спиртті
дайындау. Қоспалаушы чанға шикі спирттің немесе этил спиртінің бас
фракциясының тиісті мөлшерін жинау, керосин, кетон майын, скипидар, бояу
ерітіндісін немесе басқа ингредиентті қосу. Қоспаны мұқият араластыру.
Судың тиісті мөлшерін қосу. Дайын денатуратталған спиртті сорғымен өлшем
ыдыстарына айдау.
Білуге тиіс: денатуратталған спиртті дайындау технологиясы; спиртті
денатураттау чандарының, сорғылардың, өлшем ыдыстарының құрылысы;
спиртомерлер мен термометрлердің мақсаты мен жұмыс қағидаттары; спирттің,
этил спиртінің бас фракциясының, ингредиенттердің физикалық-химиялық
қасиеттері.

§ 35. СІРНЕ СУСЛОСЫН ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сірне суслосын дайындау процесін жүргізу. Сірнені
қажетті концентрацияға дейін өсіру. Чанға сірне мен су жинау, механизмдерді
қосу, концентрациясы мен температурасын реттеу. Антисептиктер ерітіндісін
дайындау және оны сироп жасауға жіберу. Сірнені тұз немесе күкірт
қышқылымен ашыту, химикаттарды дозалау. Сірнені, сіңімді заттарды,
антисептиктерді жіберіп тұратын сорғыны басқару. Сірнелі суслоны дайындау
процесінің барысын бақылау және оны өлшеу құралдарының көмегімен реттеу.
Сірненің, сусло мен химикаттардың чаннан ағып кетуінің алдын алу. Сірнені
қажетті температураға дейін қыздыру, пастерлеу, салқындату. Талдауға
сынамаларды іріктеу. Дайындалған сірнелі суслоны ашытқы және ашыту
бөлімдеріне жіберу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды
жою.
Білуге тиіс: спирт өндірісі технологиясының негіздері; сірненің
суслосын дайындау технологиясы; сірненің қасиеттері; спирт өндірісінде
пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы негізгі
мәліметтер; антисептиктерді қолданудың тәсілдері мен қағидалары; қызмет
көрсетілетін қондырғының, өлшеу құралдары мен автоматиканың құрылысы және
пайдалану қағидалары; құбырлар мен тығын, реттеуші арматураның орналасу
схемасы және оны пайдалану әдістері; қышқыл тиген кезде алғашқы көмек
көрсету тәсілдері.

§ 36. МОРС ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеміс-жидек шикізатын қабылдау және қоспалауыш
чанға салу. Морс пен тұнбаны алғашқы және қайталап құю және ағызу. Өңделген
шикізатты тұндыру чандары мен бөшкелерден түсіру. Жеміс-жидек шикізатын
престе сығу және сығындысын булауға жіберу. Чандарды, бөшкелерді және басқа
жабдықтарды жуу. Морсты, тұнба мен шырынды сорғымен айдау. Морс, тұнба және
шырын өндірісі режимін бақылау.
Білуге тиіс: жеміс-жидек шикізатының сапасына қойылатын негізгі
талаптар; шикізаттың сапасына қарай морстың, шырын мен тұнбаның негізгі
сапалық көрсеткіштері туралы бастапқы мәліметтер; қызмет көрсетілетін
жабдықтардың жұмыс қағидаттары мен пайдалану ережесі; бастапқы және
қайталама құйманың құйылу мерзімі.

§ 37. СІҢІМДІ ЕРІТІНДІ ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұздардың, антисептик ерітінділердің, көпіршік
басушылардың сіңімді ерітінділерін дайындау (мочевина, фосфат тиамоний,
фосфор қышқылы және т.б.). Химикаттарды жіберу, жеткізу. Араластыру
механизмін іске қосу. Ерітіндіні жылыту, көпіршік басушыларды стерильдеу.
Ерітіндінің тығыздығын және басқа да көрсеткіштерін тексеру.
Білуге тиіс: тұздардың сіңімді ерітінділерін, химикаттарды,
суперфосфат сығындыны, антисептиктерді дайындау технологиясы; спирт
өндірісінде пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы
негізгі мәліметтер.

III. СЫРА ҚАЙНАТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬДІ ЕМЕС СУСЫНДАР ӨНДІРІСІ

§ 38. АШЫТҚЫ ЖАСАУ АППАРАТШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыра суслосын ашыту үшін ашытқы жасау процесін
жүргізу. Ашытқыны өңдеу, өсіру және чанда, науада, монжюда сақтау.
Тұқымдық және тауарлық ашытқыны ашыту чандарынан алу. Ашытқыны есепке алу
және генерациялар мен расалар бойынша бөлу. Ашытқыны ұсақ көзді тордан
сүзу арқылы механикалық қоқымнан, қышқылдату және сілтілендіру арқылы бөгде
микроағзалардан тазарту. Ашытқыны жуу және белсенді ашытуға дайындау.
Қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітінді дайындау. Жинақтауыштағы суды
ауыстыру, ашытқы жинақтауыштағы температураны бақылау және реттеу. Таза
күйіндегі ашытқыны қабылдау және оның өсу процесін бақылау. Ашытқы
жинақтарының, тоңазытқыштардың және ашытқы камераларының басқа да
жабдықтарының биологиялық тазалығын қамтамасыз ету. Тауарлық ашытқыны
ыдыстарға құю. Тауарлық ашытқыны сатуға жіберу және санын есептеу.
Білуге тиіс: тұқымдық ашытқыны өңдеу, оны сақтау технологиясы;
ашытқының сипаттамасы, расалардың айырмашылығы; практикалық тәсілдер,
ашытқыны алу техникасы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың және қолданылатын
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс және пайдалану қағидаты;
ашытқыны генерациялар мен расаларға бөлу қағидасы; суслоны ашыту үшін
ашытқыны ыдысқа салу нормалары; ашытқыны қышқылдату және сілтілендіру үшін
ерітіндіні дайындау ережесі және жұмсау нормалары; жабдықтар мен ашытқы
камерасының үй-жайларын санитарлық өңдеу қағидасы.

§ 39. КАПТАЖИСТ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Зауыттық минералды су жинақтау бассейніне қызмет
көрсету. Минералды судың бөліп құю желілеріне берілуін, бассейндегі судың
температурасы мен деңгейін, құбырлардағы қысымды реттеу. Сынамаларды
іріктеу, минералды судың сапасын органолептикалық әдіспен тексеру.
Минералды судың қалдығын бассейндерден шығару. Құбырлар желісіне су жіберіп
тұратын механизмдерге қызмет көрсету және олардың жұмысын бақылау.
Жабдықтар мен бассейндерді санитарлық өңдеуді жүргізу.
Білуге тиіс: минералды судың қасиеттері мен сапасын айқындау
тәсілдері; бассейндерді өңдеу және ұстаудың санитарлық қағидалары;
минералды суларды бөтелкелерге құю технологиясы; қызмет көрсетілетін
жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты және пайдалану қағидалары; құбырлардың
орналасу схемасы.

§ 40. СУ ӨҢДЕУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаты. Сыра өндірісіне арналған технологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру
Кондитер өндірісінің жаңа инновациялық технологиясы
Тамақ өнімдерін кептіру
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Нан өнімдерін өндіру технологиясы
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Сүт қышқылды өнімдер өндірісі технологиясы
Макарон өнімдері өндірісіне арналған шикізат
Толық атауы GLOBAL MASTER GROUP ГЛОБАЛ МАСТЕР ГРУПП ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ КОМПАНИЯ
Пәндер