Шардара суқоймасындағы көксерке (Sander lucioperca) және ақмарқа (Aspius aspius) балықтардың қоректенуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Шардара суқоймасындағы көксерке ( Sander lucioperca ) және ақмарқа ( Aspius aspius ) балықтардың қоректенуі
Жұмысты орындаған
4 курс студенті Шаметов А. Қ.
Ғылыми жетекшісі
б. ғ. к. профессор Дәуітбаева К. Ә.
(күні, қолы)
Норма бақылаушы Сапаргалиева Н. С.
(күні, қолы)
Қорғауға жіберілді профессор
кафедра меңгерушісі Нуртазин С. Т.
( күні, қолы )
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1. 1 Көксерке балығының систематикасы 5
1. 1. 2 Көксерке балығының сипаттамасы мен биологиясы 5
1. 2 Ақмарқа балығының систематикасы 6
1. 2. 1 Ақмарқа балығының сипаттамасы мен биологиясы 6
1. 3. Балықтардың қоректік қарым - қатынасына шолу 7
2. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР 9
2. 1 Балықтардың қоректенуін зерттеу әдісімен танысу 9
2. 2 Далалық жағдайда материал жинау және өңдеу 10
2. 3 Балықтардың қоректенуі туралы материалдарды өңдеу әдісі 11
2. 4 Материалдарды лабораториялық жағдайда өңдеу 12
2. 5 Жыртқыш балықтардың ас қорыту жүйесінің құрылысы 15
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ 20
3. 1 Көксерке және ақмарқа балықтарының қоректену спектрі 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 31 беттен, 5 кестеден, 8 суреттен тұрады және 27 әдебиеттер тізімі берілген.
Бітіру жұмысында көксерке және ақмарқа балықтарының қоректік құрамын анықтау, сандық көрсеткіштері: қоректік компоненттердің кездесу жиілігін, компоненттердің санын, түр санын, өлшем санын зерттеу туралы жазылған.
Кілттік сөздер: бентофаг, планктофаг, популяция, ихтиофауна, фауна, миграция, гидрология, гидробиология, ихтиология.
Бітіру жұмысының мақсаты: жыртқыш балықтардың ( Sander lucioperca - көксерке және Aspius aspius - ақмарқа) қоректену ерекшеліктерін зерттеу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
1. Балықтардың қоректік компоненттерінің құрамын анықтау.
2. Қорек компоненттерінің сандық көрсеткіштерін анықтау:
А) Кездесу жиілігін.
Б) Компоненттердің санын.
В) Компоненттердің түр санын.
Г) Өлшемдік салмағын.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақыттағы балық шаруашылығының алдында тұрған мәселесі ішкі суқоймаларының балық өнімділігін арттыру болып табылады. Оларды ұтымды пайдалану үшін суқойманың ресурстарын, қоректік қорын кәсіптік балықтардың пайдаланылуын зерттеу, қоректік организмдердің тығыздығының балықтардың қоректену қарқындылығына әсерін анықтау қажет [1] . Балықтардың қоректенуін білу олардың популяциясын зерттеген кезде, жерсіндіру жұмыстары кезінде, осы балықтардың саны мен өсу темпінің ауытқу себептерін талдау кезінде, гонадаларының сапасын, дамуын зерттегенде, миграцияларының себептерін, бағыттарын кәсіптік балық аулауға пайдаланған кезде қолданады. Балықтардың қоректену ерекшеліктерін білу - қоректік тізбектің соңғы тобы - суқоймалардағы биоөнімділік процесстерін, сондай - ақ қоректік ресурстарды арттыру және оларды ұтымды пайдалану мақсатымен бірге басқаруға мүмкіндік береді [1] . Су қоймаларындағы кәсіптік балықтардың қоректенуін зерттеу ерекше маңызды мәнге ие. Қазақстанда 164 су қойма құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісің бірі - Сырдария өзенінде орналасқан Шардара су қоймасы. Шардара су қоймасының ихтиофаунасы Сырдария өзенінің ортаңғы ағысында тіршілік ететін абориген балық түрлерінен және балық өнімділігін арттыру мақсатында жерсіндірген, сондай - ақ кездейсоқ жерсінген балықтардан құралады. Қазіргі таңда балықтың 26 түрі кездеседі. Кәсіптік түрге жататындар: сазан, арал тортасы, ақ амур, ақмарқа, шығыс тыран, ақкөз - балық, қылыш балық, шемей, бозша мөңке, жайын, жыланбасбалық, көксерке, ақ және шұбар дөңмаңдай. Ал кәсіптік емес түрге: гамбузия, кекіре, қырлықұрсақ, амур бұзаубасбалығы, үшерінділер, медака, элеотрис, жалғантеңге - балық, талма - балық жатады. 3 түрлі балық Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген. Олар: арал және түркістан қаязы, арал албырты [2] . Осы мәселелердің өзектілігін ескеріп, бітіру жұмысының мақсаты Шардара су қоймасындағы көксерке және ақмарқа балықтардың қоректену ерекшелігін, қоректік қарым - қатынастарын зерттеу. Бітіру жұмысының міндеттері:
1. Балықтардың қоректік компоненттерінің құрамын анықтау.
2. Қорек компоненттерінің сандық көрсеткіштерін анықтау: А) Кездесу жиілігін. Б) Компоненттердің санын.
В) Компоненттердің түр санын.
Г) Өлшемдік салмағын.
3. Қоректік қарым - қатынастарын анықтау.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Көксерке балығының систематикасы
Тип: Chordata - Хордалылар Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар Класс үсті: Pisces - Балықтар Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар Отряд: Perciformes - Алабұғатәрізділер Отряд тармағы: Percoidei - Алабұғатектестер Тұқымдас: Percidae - Алабұғалар Туыс: Sander - Көксеркелер Түр: Sander lucioperca - Көксерке [3]
1 . 1. 2 Көксерке балығының сипаттамасы мен биологиясы
Денесін ктеноидты қабыршақ жапқан. Арқа қанаттарының арасы алшақ. Құрсақ қанаттарының арасы алшақ. Жақтары өткір тістермен қаруланған. Екі беті (желбезек қақпақшасының алдыңғы сүйегі) жалаңаш. Денесі сұр - жасыл түсті, денесінің екі бүйірінде қара жолақтары бар.
Көксерке Балтық, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің су алабтарында тіршілік етеді. Ірі балық, ұзындығы 120 см және салмағы 12 кг жетеді. Сырдария өзенінде кең таралған. Батпақтанған суқоймаларда кездеспейді, судағы оттегінің мөлшеріне өте сезімтал, судың ластануына шыдамсыз және тұщы судың басқа балықтарынан ерте өледі. Көксеркенің тұқымдылығы 200 мыңнан 1000 мың уылдырыққа дейін ауытқып отырады. Жартылай өткінші балық. Өзенге, сондай - ақ суқойманың суы таяз жерлеріне уылдырығын шашады. Жынысқа 3 - 4 жасында жетіледі. Ұзындығы мен салмағы артқанда тұқымдылығы артады. Көксерке - өте бағалы кәсіптік балық. Негізінен кәсіптік маңызы жоқ балықтармен қоректенеді. Сарыуыз қапшығын сорып болғаннан соң шабақтары бір ай зоопланктонмен қоректенеді, бірақ енді екінші айдан бастап басқа балықтардың шабақтарымен қоректенуге көшеді. Ең қарқынды жазда және күзде қоректенеді. Әдетте қыста қоректенуін жалғастырыды, бірақ жазбен салыстырғанда әлсіз. Уылдырық шашу кезінде қоректенуін тоқтатады. Моногамды балықтар, көбейетіннен бұрын аталықтары ұя жасайды. Бұл кезде олар өте ашушаң болады, яғни өздерінің территорияларын қорғайды. Уылдырықтарын ерте көктемде су температурасы 10 - 12ºС болған кезде шашады. Аталығы мен аналығы ұрпағына қамқорлық жасайды.
Көксерке балығы тоған және көл - тауарлы балық шаруашылықтарының негізгі обектісі болып табылады. Оларды қоректендіру үшін майда, кәсіптік маңызы жоқ балықтарды пайдаланады [4, 5] .
1. 2 Ақмарқа балығының систематикасы
Тип: Chordata - Хордалылар Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар Класс үсті: Pisces - Балықтар Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер Тұқымдас: - Тұқылар Туыс: Aspius - Ақмарқалар Түрше: Aspius aspius - Ақмарқа [3] .
1. 2. 1 Ақмарқа балығының сипаттамасы мен биологиясы
Денесі ұзарған, аузы үлкен, жұтқыншақ тістері ұстағыш екіқатарлы Желбезек өсінділері сирек және қысқа. Денесін майда қабыршақ тығыз жауып тұрады. Құрсақ қанаттарының қабыршақпен жабылған қырлы өсіндісі бар. Бүйірі әдетте күміс түстес, арқасы көкшіл - сұр. Жұп қанаттары, аналь қанаты және құйрық қанатының астыңғы қалақшасы қызғылт.
Ақмарқа Балтық, Каспий, Арал және Қара теңіздерінің су алабтарында тіршілік етеді. Ірі балық, ұзындығы 80 см жетеді. Жартылай өткінші балық. Жынысқа әдетте 3 - 4 жасында жетіледі. Аналықтары аталықтарына қарағанда кеш жынысқа жетіледі. Уылдырығын өзендерге шашады. Уылдырық шашуы әдетте сәуірдің басында және мамырда өтеді. Ақмарқаның дернәсілдері бастапқыда зоопланктонмен және нектобентоспен қоректенеді. Шабақтары екінші және үшінші айдан бастап басқа балықтардың шабақтарымен қоректене бастайды. Ересектері ірі шаянтәрізділермен және балықтармен қоректенеді. Өзендерге шыққан уақытта қоректенбейді. Өзендердің шұңқырларында қыстайды. Кәсіптік маңызы өте зор [6] .
1. 3 Балықтардың қоректік қарым-қатынасына шолу
Шорыгин А. А. 1952 жылғы монографиясында «Питания и пищевые взаимоотношения рыб северного Каспия» атты монографиясында бентоспен қоректенетін балықтардың қоректенуін зерттеді. [7] .
Кублицкас А. К. балықтардың қоректенуі бойынша материалдарды жинау және өңдеу әдістемесін зерттеді [8] .
Дернәсілдің қоректенуіне қарағанда ересек балықтардың қоректенуі жақсы зерттелген, әсіресе теңіз дернәсілдерінің қоректенуі. Бұл еңбектерді орыс ихтиологтары Казанов В. И., Казанова И. И. жасады [9] . Крыжанов С. Г., Дислер Н. Н., Смирнов Е. Н. және т. б. зерттеушілер балықтың дернәсілінің қоректенуін зерттеу жұмыстарын жасады [10] .
Дәуітбаева К. Ә. «Питание плотвы Капчагайского водохранилища» атты еңбегінде торта балығының қорегінің тізімін жазды. Торта балығының қоректенуі туралы материал 1976 - 1979 жылдары Қапшағай суқоймасынан жиналған. Автордың мәліметтері бойынша балық қорегінде ең көп макрофиттер, балдырлар, дафниялар кездесті .
Торта балығының қоректенуі Қапшағай су қоймасында зерттелді. Тортаның қоректенуі туралы материал 1976 - 1979 жылдары жиналған; 379 экз. Қоректенуді зерттеуге ұзындығы 12, 0 - 28, 0 см болатын және 2+ - 6+ (79, 3 %) және 7+, 8+ (20, 2 %) жастағы балықтар қарастырылды. Қорегінде 42 компонет кездесті, олар зоопланктоннан 14 түр, бүйіріменжүшушілер, моллюскалар, насекомдар, омыртқасыздардың жұмыртқалары, макрофиттер, балдырлар, мизидалар көп кездесті [11] .
Лыскова В. Н. «Питание и пищевые взаимоотношение рыб, акклиматизированных в озере Гусиное» деген еңбегінде балықтардың қоректік қарым-қатынастарын зерттеді. Осы еңбегінде ұқсас қоректік организмдермен қоректенетін екі балықтың арасындағы қорекке бәсекелестікті анықтау әдістемесін жасады [12] .
Пирожников Л. П. балықтың ішегінің ішіндегі астың қорытылу мезгілін белгілеп, яғни компоненттердің, қорек шыққан уақытқа дейін бақылап, астың қорытылу уақытын белгіледі, осылай асты қорыту уақытын анықтаған [13] .
Жыныстық жетілген ақмарқаның қоректенуі туралы зерттеулер аз, Қапшағай су қоймасындағы ақмарқаның қоректенуі туралы мәліметтер жоқ деп айтуға болады, тек А. С Малиновская және тағы басқалар материалдарды Қапшағай су қоймасының әр жерінен 1976 - 1973 жылдары жинады. Ақмарқаның 325 экз. қарастырылды, ұзындығы 24, 6 - 47, 5 см, жасы 4+ - 7+. Жыныстық жетілген ақмарқаның қорегін зерттеп, олардан 57 компонент анықтады: Rotatогіа, Diaphanosoma sр, Dарһnіа longispina, Аlоnа sр, дафнияның жұмыртқалары, Сlаdосега, Neutradiaptomus incongruens және балықтардан торта, көксерке, сазан т. б. . Ақмарқаның қорегінен көбінесе мизидалар мен көксеркенің шабағы көп кездескен [14] .
Көксеркенің қоректенуі туралы материалдар 1976-1979 жылдары Қапшағай су қоймасында жиналды. Жыныстық жетілген көксеркенің қорегінің 1976 - 1979 жылдардағы құрамын (18 компонент) анықтады, олар: бұтақмұртты және ескекаяқты шаяндар, мизидалардың 3 түрі, инеліктің
дернәсілдері, сонымен қатар ақмарқа, торта, тыран, көксерке, амур шабағы, мөңке. Жиі кездескендері мизидалар (әсіресе M. intermedia ) мен өзінің шабағы. 1976 жылы көксеркенің қорегінің негізін өзінің шабағы құрады, ал қалған балықтар аз мөлшерде кездесіп отырды, нәтижесінде каннибализм күшті байқалды [15, 16] . Р. Х. Мамилова «Динамика питания леща Капчагайского водохранилища (1976 - 1979 гг) » атты еңбегінде Қапшағай суқоймасындағы табан балығының қоректенуін зерттеді. Жыныстық жетілмеген табан балығынан 40 қоректік компонент анықталған: олигохеттер, бұтақмұрттылар және ескекаяқты шаяндар, мизидалар, бүйіріменжүзушілер, кенелер, балық, микрофиттер, детрит және минералды заттар. Әртүрлі насекомдар оның ішінде хирономидтер, бұтақмұртты шаяндар және мизидалар. Қоректі қабылдау индексі төмен, салыстырғанда 1978 жылдың тамызында жоғары болды [17] .
Жыныстық жетілген табан мен тыранның қоректік компоненті 87-ге жетеді, жыл сайын 43-тен 56 аралығында өзгерістер болып отырады. Тыранның ішегінде ең көп кездескен компонеттер : D. longispina, Сусlopoidae, Муsidа іntermedia және хирономид дернәсілі, Сhironomus sp. және тағы Сһ. behningi, ал 1978 жылы Р. ехgг. nubeculatum, Р. ехgг. convietum және тағы басқалары жиі кездесті. Жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген балықтардың қоректері әртүрлі, өзгерген болады [18] . .
Фортунатова К. Р. және тағы басқа ғалымдар балықтың қоректенуіне нақты түсініктеме беру үшін тәуліктік қоректік рационына сүйенген дұрыс деп санайды. Неміс ғалымдары жыртқыш балықтардың қоректенуін зерттеп, жыртқыш балықтардың ас қорыту жүйесінде асты тез қорытатын көп ферменттердің болатындығын анықтады. Қыста жайын балығы кездеспейді деп те айтуға болады. Амур жайыны қыста қоректенбейді [19] .
Ыстықкөлдегі көксеркенің қоректенуі бойынша материалдар 1962 - 1963 жылдары жиналды. Осы мақсатпен 402 асқазан зерттелді, оның 342 бос болып шықты. Көксерке негізінен майда кәсіптік және кәсіптік маңызы жоқ балықтармен қоректенген. Бұл суқоймадағы көксеркенің ұзындығы 14-18 см жеткенде балықтармен қоректене бастайды. Шабақтары негізінен омыртқасыздармен және балдырлармен қоректенген, ал балықтар қосымша қорегі ретінде болған. Өсуімен байланысты көксерке ірі балықтарды жұтады. Көлдің барлық зерттелген аймақтарында көксерке балығының қорегінің құрамы бірдей болған (осман, маринка, сазан, тұқы, үкішабақ және т. б. ) [20] .
Т. Т. Трошина, К. Ә. Дәуітбаеваның (1978, шілде) зерттеулері бойынша, Қапшағай су қоймасының әр түрлі аймақтарынан жиналған ұзындығы 40-53 мм ақмарқаның шабағының (111 дана) қорегінен 59 алуантүрлі организмдерді анықтаған, олардың: 24 - зоопланктон организмдері, қалғандары бентос өкілдері: мизидалар, бүйіріменжүзушілер және нематодтар, жер беті және су қоңыздары, инеліктер, біркүндіктер, көктемдіктер [21] .
Лишев М. Н. жыртқыш балықтардың қоректік организмдерінің өлшемдік салмақтарын берген. Алдымен асқорыту жолындағы қоректің түрлік құрамын анықтайды. Жыртқыш балықтардың қорегіндегі әртүрлі балық түрлерінің өлшемдік салмақтарын анықтау үшін олардың тірі салмақтарын санап шығады, сосын оны жыртқыш балықтың салмағының пайызына есептейді. Амур бассейнінің жыртқыш балықтарының қоректенуін зерттеген кезде осы әдісті М. Н. Лишен осы балықтардың қоректік құрамын анықтағанда пайдаланған [22] .
2 МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕР
Зерттеуге материалы ретінде 2009 жылы мамыр - маусым айларында Шардара су қоймасынан жазғы өндірістік практикасынан әкелінген балықтардан әдістеме бойынша 14 дана көксерке және 12 дана ақмарқа балықтары алынды.
Далалық жағдайда суқоймадан балықтарды активті ау құралымен (құрма жылым) аулады. Жиналған материалдардың биологиялық көрсеткіштері жалпы қабылдаған әдістемемен жүргізілді ( Q, q, L, l ) [23] . Балық аулаған орыннан әдістеме бойынша гидробиологиялық проба алынды. Балықтардың ас қорыту жолдары лабораторияға әкелінді. Лабораторияда балықтардың ас қорыту жолындағы қорек құрамы бинокулярмен анықталды. Қорек компоненттерінің түрлік құрамы анықтауыштардың көмегімен қаралды [3, 24, 25] . Лебедевтің 5 баллдық шкаласы бойынша ішектің толысу және қоректің қорытылу дәрежесі анықталды [26] .
Жыртқыш балықтардың қорегіндегі әртүрлі балық түрлерінің өлшемдік салмақтарын анықтау үшін олардың тірі салмақтарын санап шығуға тиіс, сосын оны жыртқыш балықтың салмағының пайызына есептейді. Қоректік түрдің өлшемдік салмағы осы салмақтардың қосындысын асқорыту жолында анықталған барлық организмдердің салмақтарының жалпы қосындысына бөлу арқылы анықтайды [22] .
Көксерке және ақмарқа балықтарының қоректік қарым - қатынастарын анықтау Шардара су қоймасындағы осы балықтардың арасындағы бәсекелестіктің бар - жоқтығын көрсетеді. Ең алдымен осы екі балықтың қорек компоненттеріндегі ұқсас организмдердің тізімін жазамыз. Сосын осы организмдердің өлшемдік салмақтарын салыстырып, ең төмен көрсеткіштерді бір - біріне қосады [12] .
2. 1 Балықтардың қоректенуін зерттеу әдісімен танысу
Балықтардың қоректенуін зерттеу әдістемесі төрт бөлімнен тұрады: материалды жинау, балықтардың ас қорыту жолын өңдеу, алынған мәліметтерді сандық өңдеу, сандық мәліметтерді әдебиеттермен салыстыру және сурет түрінде көрсету.
Қоректену бойынша материалдарды жинаудың және өңдеудің екі әдісі бар: жеке жинау және ас қорыту жолын жеке өңдеу әдісі, яғни әрбір балықты жеке қарастырады, және де топтық жинау және өңдеу әдісі, яғни балық топтарынан ішектерді жинайды және оларды бірге өңдейді [1] .
Желтенкова М. В 1955 жылғы баяндамасында балықтардың қоректенуі бойынша материалдарды өңдеу әдістеріне баға берді, әсіресе жыртқыш балықтарға. Балықтардың қоректенуін зерттеу қағидалары:
1. Белгілі балықты нақты бір суқоймада зерттеу үшін, нәтижесіндегі алынатын пайдасын, мақсатын анықтап алу қажет.
2. Балықтардың қоректенуін зерттеу, балықтар популяциясын зерттеумен, яғни балықтардың өсу қарқындылығын, жыныстық жетілуін, көбею қабілетін, бөлінуін, санын және тағы басқа дәл сол су қойманың гидрологиялық режимін және қоректік базасын зерттеумен қосарласып жүргізілуі керек.
3. Бір балық түрінің қоректенуін жекелеп қана зерттемей, қоректік базасы бір ихтиофаунаның басқа да түрлерімен салыстыра отырып зерттеу керек.
4. Далалық жағдайда зерттеу тәжірибелік зерттеулермен міндетті түрде толықтырылуы қажет.
5. Табиғи жағдайда қоректенуді зерттеудің ең ұтымды әдісі, ішектегі заттың өлшемдік анализі, қоректік компоненттердің және тағы басқа заттардың салыстырмалы салмағын зерттеу болып табылады.
Қоректік компоненттердің, балық қорегінің сапасын және қоректену қарқындылығын жалпы жеке индекстер негізінде зерттегенде, қоректің колориялығын және игерілетіндігін, су температурасын ескеру керек [27] .
Бұл қағидалар А. А. Шорыгиннің монографиясында көрсетілген және де қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан жоқ.
Әдістемеде бір-бірімен тығыз байланысқан және қоректену мәселесімен байланысты 4 ұғым бар:
1. Су қойманың қоректік ресурстары - автохтонды және аллохтонды өсімдік тектес және жануар тектес организмдердің жиынтығы, олардың ыдырау өнімдері.
2. Су қойманың қоректік базасы- бұл қоректік организмдердің және олардың детритінің саны. Ол белгілі бір уақытта ихтиофаунаның түрлік және жастық топтарымен қорек ретінде қолданылады, және де биотикалық, абиотикалық қатынастар жағдайында өмір сүреді.
Қоректік база - балықтармен қолданылатын қоректік ресурстардың бір бөлігі.
3. Су қойманың қоректілігі - қоректік базаның балықпен тұтынылатын бір бөлігі.
4. Су қойма балықтарының қорекпен қамтамасыз етілуі- бұл қоректің саны [1] .
2. 2 Далалық жағдайда материал жинау және өңдеу
Балықтардың қоректенуі бойынша материал жинау экспедициялық кемелерде және жағалаулық орындарда жүргізіледі. Материалды белсенді ау құралымен аулау керек: трал, құрма жылым, тор және т. б. . Белсенді ау құралымен ауланған материалдар балықтың аулау кезінде нақты қандай қорекпен қоректенгенін көрсетеді. Балықтардың қоректенуін зерттеуге арналған сынамалар зерттеу мақсатына байланысты 10-100 данадан тұрады. Дене ұзындығы 20 см дейінгі балықтарды түгелдей фиксирлейді. Ал дене ұзындықтары 20 см үлкен балықтардың тек қана ас қорыту жолдарын фиксирлейді. Ол үшін балықтарға биологиялық анализ (салмағын (Q, q), дене ұзындығын (L, l), жынысын және жыныс өнімдерінің жетілу кезеңін, қоңдылығын, майлылығын, жасын, өсу қарқындылығын анықтайды) жасайды. Осы мәліметтерді ихтиологиялық журналға енгізеді. Зерттейтін белгілі орындарды сызбалық карточка жасап, оларды оған белгілеп қою керек, үлкен ауқымда, қай ауылдың қасында екенін, балық пен планктонның тұрақты жиналған орнын, өзендердің қай жерде құйылатынын және тереңдігі мен көлемін жазу керек. Осы аумақтағы кәсіптерді тағы басқа мінездемелерді белгілеу керек, мына тұжырымдар ұйғарылуы керек: балықтардың келу және кету уақыты, кәсіптің көлемі немесе кеңділігі, қандай ау құралдары қолданылатыны туралы мінездемесі (көлем құрылымы) . Әртүрлі балықтардың ішінен бір ау құралымен бір уақытта ауланған балық пробасынан таңдаусыз 25 экз. мөлшерде балық алынады. Материалда әр түрлі жастағылардың саны көп болған кезде (әр түрлі жастағылар) пробаны көп мөлшерде саны 20 экз. болатын әр түрлі көлемді балықтардан алынады. Бір қалыпты жұмыстарды әр түрлі ау құралдарымен жүргізгендіктен пробаларды әрбір ау құралынан алады [8] .
Ауланған балықтарды бортқа көтере салып, балықтарға ихтиологтар түрлік анализ жасау үшін проба (5 - 10 дана) алады, әртүрлі балықтар көлемді ауланған кезде, ең ірі, орташа және майда балықтары таңдалынып, әрқайсысынан 15 - 20 данадан алынады. Егер аз балық ауланған кезде алынған балықтың бәрін анализге қолданады, тіпті жалғыз данасында. Егер визуалды анализде ас қорыту жолдарындағы қоректің құрамы бір - бірінен аса айрықшаланбаса, онда 15 - 20 дана пробаны 10 данаға дейін азайтуға болады [8] .
Майда балықтардың (килька, шпрот, майшабақтардың шабағы және тағы басқа) қоректенуін зерттеу үшін балықты түгелдей формалинмен фиксациялайды. Ал ірі балықтардың (майшабақтардың әртүрлі түрлері, ақсақа тәрізділердің, дөңмаңдайдың әртүрлі түрлері және тағы басқа) ас қорыту жүйесі түгел бөлек алынып кеңірдегіне (ауыз қуысына жақынырақ) дейін қорек ішегінен түспеуі үшін кеседі, әр балықты немесе ішек-қарын бөлек номермен дәкеге төрт бұрышты етіп салынады [8] .
2. 3 Балықтардың қоректенуі бойынша материалдарды өңдеу әдісі
Ас қорыту жолындағы қоректің құрамын сапалық және сандық өңдеу тек лабораторияда жүргізілуі тиіс. Экспедицияда немесе бақыланатын арнайы орындарда аз ғана ас қорыту жолдары өңделуі тиіс, ол негізгі берілген ауданда немесе берілген орындарда белгілі бір көрсеткіштерге бағыт алуы үшін керек. Бұл әсіресе балықты іздеу үшін қажет, ішек қарынның ішіндегі қоректің құрамы балықтың қандай тереңдікте мекендейтінін және қоректенуін көрсетеді [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz